Философия ғылымдар негізі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ КАФЕДРАСЫ

FIL 2102 «ФИЛОСОФИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР

Құрастырған: философия ғылымдарының докторы, профессор НҰРЫШЕВА Г. Ж.

Пән бойынша ОӘК Философия және саясаттану факультетінің

Ғылыми кеңесінде БЕКІТІЛГЕН. №12 Хаттама, 26. 06. 2020

Философия кафедрасының 16. 06. 2020 мәжілісінде қарастырылып,

ұсынылған.

Хаттама №41, 16. 06. 2020.

Факультеттің әдістемелік бюросы ұсынған.

Хаттама №11, 18. 06. 2020

Алматы, 2020

№1тақырып. Философияның пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі (1-2 апталар, 2 сағат)

  1. Философиялық білімнің негізгі сипаттары
  2. Философияның қызметтері
  3. Философияның адам және қоғам өмірінде атқаратын рөлі

Философия ғылымының мәнін және мақсатын анықтау үшін философия туралы философия тарихында айтылған анықтамаларды қарастырып көрейік, себебі, Карл Ясперстің сөзімен айтсақ, “философиялық пайымдау дегеніміз философия тарихына үңілу”.

Антика дүниесінің данышпандары философия туралы былайша пайымдаған екен:

Сократ : “Философия − ойлау арқылы ақиқатқа, білімге жету”.

Геродот : “Философия − білімді, ақылдылықты сүю”.

Аристотель : “Философия − ғылымдар негізі”.

Орта ғасырдың діни ойшылдары:

Аврелий Августин : “Философия − ақылдылыққа құштарлық”.

Томас Аквинат: “Философия − барлық ақиқаттың негізі болатын ақиқат (Құдай) туралы ілім”.

Француз философы МишельМонтень: “Философияның қайғылы, іш пыстыратын нәрселерге еш қатысы жоқ. Даналықтың ерекше бір белгісі − ақылдың көмегімен өмірді қуанышты сипатта ғана қабылдау, ол жан жарасын жеңілдетеді, ауруды жеңуге көмектеседі”.

Жаңа Дәуір ойшылы Томас Гоббстың пікірінше, “Философия адамның ақыл-ойы, ол жаратушы тәңірдің барлық істерін зерттеуші, осы істердің ретін, себептерін, салдарын анықтауға көмектеседі”. Рене Декарт: “Философия − даналық, адам танып-біле алатын заттар туралы егжей-тегжейлі, жан-жақты білім”.

Неміс философы И. Г. Фихтенің пайымдауынша , “Ғылыми даму барысында оның шеңберінен шығып кеткенімен, философия адамның ақыл-ойымен тығыз байланысты”.

Осы анықтамаларға сүйеніп, философиялық білім және оның негізгі белгілері туралы тұжырымдар жасасақ:

  1. Философияданалықпен, ақыл-ойменбайланысты. Философия

терминінің өзі грек тілінен аударғанда phileo − сүйемін, sophia − даналық дегенді, басқаша айтсақ, даналыққа құштарлық дегенді білдіреді.

  1. Философияның басы −таңдану. Сократ “Менің білетінім − мен

ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді” дегендей, таңданған адам заттың, құбылыстың себебіне тереңдеп үңіледі, философиялық пайымдау жасауға ұмтылады.

  1. Философиялық білімгееркіндік, тәуелсіздіктән. Адам

философиялық білім жинауға өз еркімен ұмтылады. Тәуелділік философияны көркейтпейді. Грек философиясының еркін, кең түрде дамып, философиялық ойлаудың керемет үлгілеріне қол жеткізгені, керісінше, идеологияға негізделіп, еркін ойлауға тиым салынған кеңестік заман философиясының мазмұны бұл пікіріміздің жақсы мысалы.

  1. Философияақылды ойлау . Бұл −

байыпты, ғылыми, толерантты, еркін, творчестволық ойлау.

  1. Философия жауабын табу қиын, тез арада шешу мүмкін емес,

күрделі мәселелерді зерттеумен айналысады. Мысалы, адам өмірінің мәні мәселесі, табиғат, қоғам, және адамның арақатынасы мәселесі мәңгілік мәселелер болып саналады.

Философияның анықтамасы:

Философия − бар болып отырғанды (сущее) тұтас, элементтері бірі-бірімен тығыз байланысты түрде қарастыратын, оның даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Осы бар болып отырғанның арасындағы басты элемент − Адам, сондықтан ол философияның ең басты зерттеу объектісі. Қазақ халқының көрнекті жазушы-философы М. Әуезов өзінің “Философия жайынан” еңбегінде айтқандай: “Философия . . . − кең ақыл, терең қиял шығарған, адамның жанын тәрбиелейді, жүрегін ағартып, адамшылығын арттырып, ақтылыққа сүйрейді. Философия:

  1. адамның қайдан жаралғанын шешпек;
  2. адамның жанын, ішкі халін тексермек;
  3. адамның дүниеге келген мақсатын тексермек.

Философия адамшылық жолындағы қараңғы қалтарыстарда қолға ұстаған шамшырақ”.

Бұл ойларды неміс философы И. Канттың сөздерімен толықтыруға болады: “

  1. Мен не біле аламын?
  2. Мен не істеуім керек?
  3. Мен не нәрсеге үміттене аламын?
  1. Адам дегеніміз не?

Бірінші сұраққа метафизика жауап береді, екіншісіне - мораль , үшіншісіне − дін , төртіншісіне − антропология . Бірақ осының бәрін антропологияда жинақтауға болады, себебі алдыңғы үш сұрақ соңғыға кіреді . . . Адамға аса қажет білім болса, ол мен оқытып отырған, адамға дүниеден өз орнын табуға көмектесетін ғылым және одан адам болу үшін не істеуді үйренуге болады”.

Философияның қызметтері:

  1. көзқарастық −философиялық көзқарас көзқарастың жоғарғы деңгейі болып табылады. Көзқарас − адамның өзі, қоғам, дүние туралы өзіндік ой-пікірлерінің күрделі құрылымнан тұратын жиынтығы. Оның құрамдас бөліктері ретінде білімді, ақыл-ойды, сезімдерді, үміт-ұмтылыстарды, наным-сенімдерді, құндылықтарды, күдік-күмәндарды және тағы басқаларды атауға болады. Көзқарастың мифологиялық, діни түрлері белгілі, олардың да адам өміріндегі маңызы ерекше. Бірақ философия ғана жан-жақты, ғылыми, терең, толыққанды көзқарасты қалыптастырады.
  2. рационалды жүйелеу− философия адам тәжірибесін теориялық деңгейде тұжырымдайды, ғылыми емес, қарапайым бақылаулардың және ғылыми танымның нәтижелерін философиялық деңгейде қорытып-сараптайды, дұрыс-бұрысын айырып, белгілі бір жүйеге келтіреді.
  3. сыни− философиялық ұғымдар мен категорияларды, заңдарды игеру, философия тарихымен, оны жасаушы философиялық тұлғалармен танысу, олардың ілімдерін зерттеу адамға өз өміріне, қызметіне, қоғамдағы орнына тереңірек үңілуге, сыни тұрғыдан талдауға үйретеді. Философия ғылымының көмегімен адам өз өмірін қайта құруға талпынады деуге болады. Ол жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның тыныс-тіршілігін сыни сараптан өткізеді, адам мен қоғамның ақиқатқа жету жолындағы қателіктерін жоюға ықпал етеді.
  4. болжам жасау− философия жеке адамның да, бүкіл қоғамның да болашағын болжауға септігін тигізеді, жаңа көзқарас-идеялардың негізін салады. Әрине, болашақты түгелдей жоспарлау мүмкін емес. Бірақ философияның көмегімен адам өзінің басты мақсаты − саналы тіршілік етуші адам атына сай өмір сүру сатыларын, өмірлік мақсаттарын, қысқа өмірде қажет болатын негізгі ұстанымдарын жалпы түрде болса да анықтап алады.
  5. гуманистік− философия адамды дүниедегі ең басты құндылық деп таниды. Философия ғылымының көмегімен адам өзін ардақтауды, өзімен бірге өмір сүріп отырған басқа адамдарды бағалауды, өзінің бойында адамшылық қасиеттерді тәрбиелеп-дамытуды үйренеді.
  6. практикалық −неміс философыГегель философияны өмір көшінен үнемі кеш қалып жүреді деп сынаса да, қазіргі философияның, онымен айналысатын философ мамандардың негізгі мақсат-міндеті оның практикалық сипатын зерттеу болуы деп ойлаймыз. Жан-жағынан адам, өмір, қоғам, дүние, табиғат туралы түсініксіз сұрақтар қаумалап, өмірден, қоғамнан өз орнын таба алмай қиналған қазіргі заман адамына құрғақ теориялар мен шым-шытырық абстракциялардан пайда шамалы, оған өзінің кім екенін, дүниеге келгендегі мақсатын түсіндіріп беретін, алдынан күнбе-күн тосып отырған қиыншылықтарды жеңуге көмектесетін, бір сөзбен айтсақ, практикалық сипаты бар философия қажет. Бірақ, бұл пікірден философия күйбең тіршіліктің пендешілік қажеттіліктерін түсіндіруді қанағат тұтып қоюмен шектелуі қажет деген тұжырым туындамауы керек, керісінше, ол әрбір адамды терең толғаныс-ойларға жетелеп, өткінші нәрселерден мәңгілік, мызғымас құндылықтарға бойлауға шақыруы тиіс.

Философияның адам мен қоғам өміріндегі орны аса зор:

  1. философия жеке адамның, әсіресе, жоғары оқу орнында білім

алушы маманның Тұлға ретінде қалыптасуына маңызды ықпал етеді.

  1. Философия адамға өмірлік бағыт-бағдар береді.
  2. Философия дұрыс, ақылды ойлай білуге, өзі туралы тереңірек

ойлануға әсерін тигізеді.

Швейцария философы Ю. Бохенский философияның қоғамдағы, адам өміріндегі рөлі туралы айта келіп, ұғымдар әлемінде өзімен-өзі өмір сүруші, адамдардың көбі үшін түсініксіз жан ретінде қабылданатын қарапайым философтың оны қоршаған басқа адамдардың, жалпы қоғамның санасына күшті әсер ететіндігін ескертеді, философ өз ойымен әуелі бір адаммен, сонан соң екінші, үшінші адаммен, бірте-бірте бүкіл қоғаммен бөлісіп, философиялық ой көпшілікке түсінікті болған жағдайда бүкіл адамзаттың бейнесін өзгерте алады деген болатын.

Жоғары білім беру саласында дайындалған маманның кәсіптік деңгейімен бірге адамгершіліктік-рухани және әлеуметтік келбетінің де биік болуы қазіргі кезеңде ерекше өзекті. Осы тұрғыдан алғанда университет қабырғасында білім алушы жастардың қарапайым индивид-пенде емес, өзіне, қоғамға, өмірлік үрдістерге деген терең көзқарасқа ие тұлға болып қалыптасуына айқындаушы әсер ететін философия ғылымы мен оны жастарға жоғары оқу орындарында оқытатын философ мамандарға қойылып отырған талаптардың маңызы арта түсіп отыр.

Ойымызды қорыта келсек, философия ғылымы адамға өзі өмір сүріп отырған орта табиғат пен қоғамның даму заңдылықтары туралы, өзінің осы жүйеде алатын орны, өмірі, өмірлік мақсат-міндеттері туралы жан-жақты теориялық білім беретін, адамның көзқарасын қалыптастыратын, сонымен қатар практикалық сипатқа ие, қазіргі заман адамына аса қажетті ғылым болып табылады.

№2тақырып. Болмыс. Онтология және метафизика (3-апта, 1 сағат)

  1. Болмыс категориясы. Болмыстың түрлері
  2. Материя категориясы. Қозғалыс. Кеңістік және уақыт

Болмыскатегориясы−. , болмыс− бар болыпотырғанның, − бар болу, категория. “космос”, “дүние”, “табиғат” ұғымдарынатауғаболады, бірақ “болмыс” , мазмұныжағынантерең. Болмысқақарсы категория − “болмысемес” (небытие) немесе “болмау” ( “бейболмыс” ұғымы да қолданылып жүр) .

. , бар болу деп, ал . -уақыттықсипатқаие, қайталанбайтын, индивидуалдызаттардың, үрдіс-процестердің, әрекеттердің, . Идеалдыболмысмәңгі, уақытқатәуелсіз, өзгермейді. Құндылықтар, идеялар, . .

, : , ; адамболмысы; әлеуметтікболмыс; руханиболмыс; материалдықзаттар мен олардыңтүсінік, ұғым, теория .

, орта . Қоршаған орта . Біріншітабиғат - , . , процестеріжәнекүйлері. Табиғаткеңістік пен уақытташексіз, , объективті, реалды. , , оны қабылдайтын−адам.

Екіншітабиғат− мен , олтабиғи материал мен мен . Біріншітабиғат пен екіншітабиғатбір-, соныменқатар, . Екіншітабиғаткөптүрлі, оләлеуметтік-тарихиболмыс, адамболмысынажақындау, .

Адам - табиғаттыңбөлшегі, да болмау, пайда болу, қалыптасу, . Бұл фактор , . Жеке адамныңболмысы тек , олоныңруханиболмысын, ішкіжандүниесін де қамтиды. Тәнінғанаемес, , оны жетілдіру де . Адам .

, оларбір-. синергетика (synerqeia - ынтымақтастық, бірлесеәрекетету) -.

Болмыстыжан- онтология зерттейді.

Болмыс, оны құрайтынзаттар, құбылыстар, , -, дуализм, . Дүниеніңөзгермейтін, , категория субстанция депаталады.

Плюрализм −дүниеніңкөптүрлілігін, бұлтүрлердіңбір-. Дуализм −дүниеніңекі, бар дейді, ал монизм . Монизм монизм болыпбөлінеді. . Мысалы, Платон , ал Гегель . Ортағасырлық христиан да басым көпшілігі осы , . Материалистік . Милет мектебініңойшылдарын, Ренессанс ғалымдарН. Кузанский мен Дж. Бруноны, марксизм .

, материалдықнегізі бар .

Антика философтары материя (лат. materia−зат, материал) , . Мысалы, Демокрит , −. Гераклит .

Дүниенің атомистік , кеңістіктеөмірсүретін, мызғымайтын, бар . Бірақ 19-ғасырдың соңы мен 20-ғасырдың , атапайтқанда, электронныңашылуы, , энергия ретіндеқарастырылуы, рентген сәулелерінің, . Ғалымдар материя жоғалды, энергия ғанақалды, яғни субстанция . мен қасиеттеріарқылығана, яғни, . . Осы . И. Ленинболды. Өзінің “Материализм және эмпириокритицизм” -жақтыанықтамасынберді, және, біздіңойымызша, бұланықтама (қазірбізВ. И. бас ) өзініңмаңызын осы күнгедейінжойғанжоқ. : “ Материя , көшірілетін, суреткетүсірілетін, категория». БұланықтаманыВ. И. Ленин: « . . . материя . . . », «материя » дептолықтыратүседі (В. И. Ленин. ., 18-т., 131, 149, 283 бб. )

Осы : материя - жалғыз субстанция, өзініңсебебі, , оныңқасиеттері−қозғалыс, кеңістік, уақыт, жүйелілік, өзін-өзіұйымдастыружәне сана () .

қозғалыс, материясызқозғалыс, қозғалыссыз материя жоқ. Болу . Қозғалыстыкез-, , ішкі, ажырамасқасиеті, олобъективті, мәңгілікжәнеабсолютті. Соныменқатар, қозғалыссалыстырмалы, , . , шексіз, да сансызкөп. ҚозғалысформаларыныңФ. Энгельс 19-ғасырда , кеңейетүсті, . , физикалық, химиялық, : « - , магнит тоғыретіндетербелісі, , органикалықөмір - , олардыңбойында - -дүниедегіәрбіржеке атом әрбір осы сәттеболыпотырады» (К. Маркс, Ф. Энгельс. Шығармалары, 20-т., 561 б. ) . Ф. мен (жіктемесін) жасайды:

механика - ;

физика - (, жарық, электр, магнит ) ;

химия - атомдардыңқосылуы мен ажырауынзерттейді;

биология - - өміртуралығылым.

Материя түрлері мен Энгельс . Прогрессивті даму атомнанбасладаы. - тірі белок пайдаболады. Оғанқозғалыстыңерекше, жоғарытүрі - өміртән. - . Қоғамдықөмірдің материя - қоғамдықадамныңсаналы, .

Кеңістікжәнеуақыт . Кеңістік− материя болмысыныңобъективті, жалпы, заңдыформасы, , өзараорналасқандығын, .

Реалдыкеңістік - , . Олүшөлшемді, кез--координаталар (ұзындық, ен, биіктік) арқылысипатталады. , −уақытқосылады. Уақыт−, , материя болмысыныңобъективті, жалпыжәнезаңдыформасы.

Уақытбірөлшемді, бірбағытты, қайтаоралмайды, ылғи да .

№3тақырып. Сана. Сана және тіл (4-апта, 1 сағат)

  1. Сананың генезисі туралы түсініктер
  2. Сана және бейсана
  3. Сана және өзіндік сана

Сана мәселесі философиядағы басты және күрделі, түсіндіруге қиын мәселелердің бірі, себебі сананы көру, өлшеу, сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, бірақ сана адамның жануарлар дүниесінен ерекшелігін көрсететін факторлардың бірі, сана арқылы адам мен оны қоршаған ортаның арасындағы байланыс жүзеге асырылатыны күмәнсіз. Сондықтан да философия тарихында “сана”, “жан”, “бейсаналық” ұғымдарының төңірегінде үнемі пікірталастар жүріп отырды және олар қазір де жалғасуда.

Сананы түсінудегі әртүрлі көзқарастарды біріктіріп, екі үлкен топқа бөлуге болады:

  1. материалистік− сананы материяның дамуында пайда болатын табиғи қасиеті деп түсіну;
  2. идеалистік− сананы материяға жат, одан алғашқы, жаратылыстан тыс пайда болатын рухани субстанция деп ұғыну.

Жаратылыстану ғылымдарының дамуының нақты жетістіктері сананың мәні, генезисі туралы сауалдарға жауап берді деп айтуға болады. Түйіндеп айтсақ, сана туралы ғылыми көзқарас мынадай: сана ерекше түрде ұйымдасқан материяға − адам миына ғана тән қасиет. Оның дәлелі ретінде адамның миы зақымданғанда оның ойлау, психикалық қызметі бұзылатынын айтсақ жеткілікті.

Сананың табиғаты қоғамдық, яғни ол тарихи эволюция нәтижесінде қоғамда қалыптасты және сананың дамуы қоғамдық ортада ғана мүмкін болмақ. Сананың қалыптасуының алғышарты ретінде еңбекті атауға болады. Еңбектің арқасында адам өзінің күнделікті өмір сүруіне және табиғаттың дүлей күштерінен қорғануға қажетті нәрселерді жасады, табиғат заттарының жаңа қасиеттерін ашты, ой-өрісін кеңейтті, еңбек құралдарын бірте-бірте жетілдіре түсті. Еңбектің дамуы қоғамда өмір сүріп отырған адамдарды жақындатты, олардың бір-біріне бірдеңе айту қажеттілігі туды, араласу құралы ретінде тіл пайда болды. Еңбек пен тіл адамның миын, сезім органдарын дамытты, есту, көру, сезу, қабілетін күшейтті, санасын қалыптастырды. Абстракциялауға, тұжырым жасауға құштарлық еңбек пен тілге қайта әсер етті, оларды дамытуға жаңа күш берді.

Сана, сонымен қатар, бейнелеудің жоғарғы формасы. Бейнелеу барлық материяға тән қасиет. Объективті өмір сүретін заттар, құбылыстар, процесстер бір-біріне үнемі әсер етіп отырады және белгілі бір дәрежеде өзгерістерге ұшырайды. әрбір зат, құбылыс өзі әсер еткен нәрседе өзінің “ізін”, бейнесін қалдырады. Бейнелеудің сатылары:

  1. қарапайым бейнелеу−бейнелеудің бұл түрінде субъект объектінің белсенділігін туғызбайды (мысалы, заттың судың немесе айнаның бетінде бейнеленуі) .
  2. информациялық бейнелеу− бейнеленуші бейнелеушінің бойында белсенді әрекет, өзгерістер жасайды. Мұндай бейнелеу тірі табиғатта да, қоғамда да кездеседі. Мысалы, дәріс оқушы ұстаздың студенттің санасында жаңа ойлар оятуы, қарапайым бір клеткалы жануарлар мен өсімдіктердің тітіркенуі.
  3. әлеуметтік бейнелеу− қоғамдық болмыстың жеке және қоғамдық санада, ой-пікір, көзқарас, идея, теорияларда бейнеленуі.

Бейнелеудің ең жоғарғы формасы деңгейіне көтерілгенге дейін сана материяның төменгі формаларының эволюциясының сатыларынан өтті. Олар:

  1. тітіркену− өсімдіктердің ыстық-суыққа, тәулік уақытына, басқа сыртқы әсерлерге реакциясы.
  2. сезімталдық−жануарлар дүниесіне тән. Организм өзіне биологиялық жағынан алғанда қажетті емес, сонымен бірге биологиялық тұрғыдан бейтарап, бірақ онымен қосыла отырып, информациялық маңызы бар нәрсеге реакция бере алады, яғни түйсік туғызады. Мұндай бейнелеу тірі организмнің ішкі жұмысын, информацияны қорыту жұмысын күрделендіріп, нерв жүйесінің негізін қалайды. Мысалы, аңдар өз жауларын көргенде организмінің барлық мүмкіндіктерін жинақтап, шабуылға немесе қорғануға дайындалады. Бірақ жануарлар ой қорытуға қабілетсіз.
  3. психикалық бейнелеу−нерв жүйесімен тығыз байланысты. Субъект пен объектінің бір-біріне әсері негізінде психикалық образ (бейне) қалыптасады, ол нерв клеткаларында сақталып, керек уақытында қажетке асады.
  4. адам санасы−бейнелеудің ең жоғарғы түрі.

Өзіндік сана − адамның өзін саналы тіршілік етуші ретінде түсіне білуі, өзіне деген сыни көзқарасы, өз мүмкіндіктерін бағалай білуі. Өзіндік сана рефлексия феноменімен тығыз байланысты. Рефлексия − тұлғаның өзі туралы ойлануы, ішкі рухани дүниесінің тылсым қатпарларына үңілуі. Адам рефлексиясыз өзінің жанында не болып жатқанын түсіне алмайды. Рефлексия деңгейі әртүрлі болуы мүмкін. Рефлексиясы жоғары, өзін танып-білуге, өзіне сыни көзқарас қалыптастыра білген адам міндетті түрде өзгереді.

Сана және өзіндік сана туралы айтқанда саналылық аспектісін міндетті түрде қарастыру қажет. Саналылық − адамның өз қылықтарының қоғамдық салдарларын, қоғам алдындағы парызын түсінуі. Саналылық тұлғаның іс-әрекеттерінің адамгершіліктік-психологиялық сипаттамасы болып табылады, адамның өзінің мүмкіндіктері мен мақсаттарын көре білу қабілетіне негізделеді және ол жаны сау тұлғаның қасиеті.

Бейсаналылық (бессознательное) − адам түйсінбейтін психикалық құбылыстардың жиынтығы. Оларға биологиялық түрде тұқым қуалау арқылы берілетін инстинктілер, автоматты түрде жасалатын іс-қимылдар стереотиптері, сезімдік және интеллектуалдық интуиция, түс көрулер, гипнотикалық күйлер және т. б жатады.

Тақырыпты қорытындыласақ, онтология − философияның күрделі де маңызды салаларының бірі. Болмыс, материя, қозғалыс, сана мәселелері философияның классикалық мәселелері болып саналады. Оларды зерттеу көне заманнан бастап, қазіргі күнге дейін жалғасып келеді және бұл бағыттағы ізденістердің өзектілігі зор деуге болады.

№4тақырып. Таным. Таным және шығармашылық (5-апта, 1 сағат)

1. Таным - шындықты бейнелеу формасы

2. Ақиқат ұғымы. Ақиқаттың критерийлері

3. Агностицизм, скептицизм. Рационалдық және иррационалдық

Таным − адамдардың білімге жетуге бағытталған белсенді қызметі.

Таным мүмкін бе? Философтардың басым көпшілігі адамның дүниені танып-білу қабілетіне сенеді (гносеологиялық оптимизм) . Танымды жоққа шығарушы бағыт агностицизм (грекше - agnostos- танылмайтын) нақты таным мүмкін емес, адам материалдық жүйелердің, табиғат пен қоғам заңдарының нақты мәнін танып-біле алмайды деп есептейді. Осыған ұқсас бағыт скептицизм дереалды шындықты танып-білу мүмкіндігі күмәнді деген пікірді ұстанады. Мысалы, грек ойшылы Пиррон « заттарды сезім арқылы да, ақыл-ой арқылы да ақырына дейін танып-біле алмаймыз» десе, оның отандасы Тимон « мен заттың тәтті екенін сеземін, бірақ шынында да тәтті ме - оны айта алмаймын» деп пайымдайды. Жалпы алғанда, скептицизм - философияға қажет элемент, себебі күмәндану, сын, терістеу догматизмге, абсолютизацияға қарсы және скептицизм адамды тереңдікке жетелейді. (Қазіргі заман адамына, әсіресе жастарға өмірдің заттары, құбылыстары, өзін қоршаған адамдар туралы күмәндана жүрген артық етпейді - Г. Н. ) .

Танымның негізгі екі түрі бар. Олар - қарапайым стихиялық

эмпирикалық және ғылыми таным. Осы екеуінің арасында әсіресе қазіргі заманда кең өріс алып отырған ғылымнан тыс, парағылымдық (пара − грекше para қасында, жанында, маңында) таным бар екенін де ескерте кетеміз. Ол ғылыми терминдерді қолданады, бірақ ғылымдардың басым көпшілігі олардың ғылымға қатысы жоқ деп есептейді (астрология, алхимия, магия, бақсылық, спиритизм және т. б. ) . Парағылымдық таным түрлері қоғам дағдарысы кезеңдерінде кең өріс алады. Еліміз үшін өтпелі кезең болған 90-жылдары бұл құбылысты біздің қоғам да басынан кешкені есімізде.

Таным процесінде негізгі рөлді сезімдік және рационалдық таным атқарады. Сезімдік таным дегеніміз дүниені, оны құрайтын заттар мен құбылыстарды сезім мүшелері арқылы танып-білу . Сезімдік танымның үш формасы бар: сезіну, қабылдау, елестету. Сезіну− қарапайым сезімдік бейнелер, материалдық заттардың жекелеген қасиеттерінің, сапаларының, жақтарының (мысалы, түсінің, иісінің, түрінің, жұмсақтығының немесе қаттылығының) адам санасында бейнеленуі. Қабылдау сезінулердің негізінде қалыптасады және қасиеттердің жиынтығы заттың тұтас бейнесін жеткізеді. Елестету− сезімдік танымның күрделі формасы, себебі елестетуде сезіну мен қабылдаудың бұрынғы нәтижелері сақталып, санада заттың бейнесі қалыптасады . Елестету процесінде есте сақтау мен қиялдау үлкен рөл атқарады.

Рационалдық танымның жоғарғы сатысы − абстрактылық ойлау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия - адамзаттың рухани табысы
Ғылым түсінігі
Философияның негізгі даму кезеңдері мен бағыттары
Философия - дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі
Философия, оның пәнi және қоғамдағы ролi
«Философия көзқарас ретінде»
Ғылым жетістіктерің философиялық тұрғыда тұжырымдау
Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік ғылымдар
Адам және қоғам өміріндегі философиялық мәселелердің өзектілігі
Адамзат қоғамын рухани дамытудағы философияның рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz