СОТ АКТІЛЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ ӨНДІРІСІ


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
.
Азаматтық істі қарауды кейінге қалдыру:
құқықтық негіздері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы 050301 - «Құқықтану»
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Азаматтық-құқықтық
пәндер кафедрасының меңгерушісі
.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Азаматтық істі қарауды кейінге қалдыру:
құқықтық негіздері»
Мамандығы 050301 - «Құқықтану»
Орындаған
Ғылыми жетекшісі
АҚП каф. оқытушысы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1 БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТТА ІС ЖҮРГІЗУ . . . 6
1. 1 Азаматтық істі қозғау және талап қою мен іс жүргізу . . . 6
1. 2 Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу - азаматтық іс жүргізудің сатысы. 10
1. 3 Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу бойынша іс жүргізу әрекеттері . . . 13
2 АЗАМАТТЫҚ ІСТІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 17
2. 1 Сотта іс қарау сатысының мәні және құрылымы . . 17
2. 2 Сотта іс қарау бөлімдері . . . 23
2. 3 Азаматтық іс бойынша іс жүргізуді кейінге қалдыру, тоқтата тұру … . . . 35
2. 4 Іс бойынша іс жүргізуді сот шешімін қабылдамай аяқтауы 39
3 тарау СОТ АКТІЛЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ ӨНДІРІСІ 44
3. 1 Заң күшіне енбеген сот актілеріне апелляциялық шағым беру, наразылық келтіру тәртібі мен мерзімі . 44
3. 2 Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау ……. . 49
3. 3 Занды күшіне енген сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарау …. 54
3. 4 Қадағалау тәртібімен іс жүргізудегі сот өкілеттігі . . . 57
Қорытынды 61
Әдебиеттер тізімі . . 63
КІРІСПЕ
Жалпы азаматтық іс жүргізу құқығы өте кең әрі көлемді ұғым, оны осы дипломдық жұмысымызда аталғандай сан қилы жағынан қарастырамыз.
Республикада азаматтық, төрелік, қылмыстық және басқа да істерді қарайтын, соттардан тыс ешқандай орган жоқ. Азаматтық және шаруашылық істерді сотқа дейін әзірлеу, жүргізу сот төрелігін жүзеге асыру болып табылмайды. Сондықтан Республиканың Конституциясында сот төрелігін жүргізетін органдардың арасында алдын ала тергеу жүргізетін органдар және прокуратура аталмайды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс 3 тараудан тұрады. 1 тарауында бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу, азаматтық істі қозғау және талап қою мен іс жүргізу, азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу - азаматтық іс жүргізудің сатысы, азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу бойынша іс жүргізу әрекеттері қарастырылды. 2 тарауында азаматтық іс бойынша іс жүргізуді кейінге қалдыру, сотта іс қарау сатысының мәні және құрылымы, сотта іс қарау бөлімдері, азаматтық іс бойынша іс жүргізуді кейінге қалдыру, тоқтата тұру, іс бойынша іс жүргізуді сот шешімін қабылдамай аяқтауы туралы ой қозғалды. 3 тарауда сот актілерін қайта қарау өндірісі, заң күшіне енбеген сот актілеріне апелляциялық шағым беру, наразылық келтіру тәртібі мен мерзімі, апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау, занды күшіне енген сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарау, қадағалау тәртібімен іс жүргізудегі сот өкілеттігін қарастырдық.
Зерттеу тақырыбының мақсаты, өзектілігі. Дипломдық жұмыстың мақсаты белгілі бір жүйелігін қалыптастыратын азаматтық іс жүргізу құқығының негіздерін зерттеу болып табылады. Біздің жұмыста төмендегідей мәселелер мен проблемалар зерттелу тақырыбының өзектілігін құрайды, азаматтық іс жүргізу құқығы қазіргі кезеңде барлық салаларда өзінің қолдану аясын белгілейді. Оны біз маңызы жағынан жоғары орындарға қойып қарастырғанымыз жөн. Қуанышқа орай тәуелсіздік алғалы, азаматтық іс жүргізу құқығы саласында айтарлықтай жетістіктер көп, оны өзіміздің бауырлас ТМД елдерімен салыстыра отырып айқын түсінеміз.
Істі қарауды кейінге қалдыру - іс қарауды және мәні бойынша оны жаңа сот отырысында шешуді сотпен тағайындаған белгілі уақыт пен орында бастап өткізу. Іс талқылау кедергілерін жою қажеттілігімен байланысты іс қарау кейінге қалдырылады. Сондықтан кейінге қалдыру дегеніміз - әр түрлі себептерге байланысты осы сот отырысында істі қарауға мүмкіндіксіздіктің іс жүргізу салдары.
Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына, сот приставына қарсылық білдірілсе (өздігінен бас тартса) істі қарауды кейінге қалдыру мүмкін, егер сот отырысында аталған тұлғаларды шамалы үзіліс ішінде басқасымен ауыстыра алмаса. Істі осы сот отырысында қарау мүмкін емес деп тапқан жағдайда, әр түрлі мән-жайлар істі қарауды кейінге қалдыру негіздері ретінде танылуы мүмкін. Осы мән-жайлар қатарына мыналарды жатқызуға болады: процеске қатысушылардың біреуінің келмеуі; қарсы талап қою; қосымша дәлелдемелер ұсыну немесе талап ету; іске қатыстыруға басқа адамдарды тарту қажеттігі; өзге де әлдеқандай іс жүргізу әрекеттерін жасау қажеттігі салдарынан істі осы сот отырысында қарау мүмкін емес болса.
Істі қарауды кейінге қалдыру кезінде азаматтық істің жүруі тоқтатылмайды, сондықтан істі қарауды кейінге қалдыру іс жүргізу мерзімдерінің ағымы тоқталмайды. Істі сотта қарауға сапасыз әзірлеу салдарынан кейде істі қарауды кейінге қалдырады. Істі қарауды кейінге қалдыру жөнінде төрағалық етуші ұйғарым шығарады. Мұнда: кейінге қалдыру себептері; қандай іс-әрекеттер және кіммен жасалуы тиіс (мысалы, қандай дәлелдемелерді, кім және қандай мерзімде ұсынуы тиіс) ; жаңа сот отырысын өткізу уақыты мен орны көрсетіледі.
Іс кейінге қалдырылған кезде істің жаңа сот отырысында шешілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін уақыт ескеріле отырып, жаңа сот отырысының күні белгіленеді, бұл жөнінде келген адамдарға қол қойдырылып хабарланады. Келмеген және процеске қатысуға жаңадан тартылған адамдарға жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы шақыру қағазы (хабар) жіберіледі (ҚР АІЖК-і 189-бабының 2-бөлігі) [1] .
Істі қарауды кейінге қалдыруды сот отырысында жарияланатын үзіліс түрлерінен ажырата білу қажет. Істі қарауды кейінге қалдырудан үзілістің айырмашылығы, ол істі мәні бойынша қарап шешу үзілген жерінен бастап жалғасады. Егер сот отырысына тараптар қатысып отырса, істі қарау кейінге қалдырылған кезде сот келген куәлардан жауап алуға құқылы (ҚР АІЖК-нің 190-бабы) [1] . Бірақ сот отырысына тараптар қатысып отырса, сот келген куәлардан жауап алуға міндетті емес. Бұл куәларды жаңа сот отырысына екінші рет шақыруға қажет болған жағдайларда ғана жол беріледі, мысалы, досымша айғақтар алу, дәлелдемелер арасындағы қайшылықты анықтау. Жауап берген куәларды екінші рет жауап алу үшін шақыру туралы сот ұйғарым шығарады.
Зерттеудің нормативтік негізін - Қазақстан Республикасының Конституциясы, азаматтық заңдар, еңбек, отбасы қатынастары аясындағы заң актілері, сондай-ақ Президент Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен нормативтік-құқықтық актілері құрайды.
Пайдаланылған әдеби деректер. Азаматтық сот ісін жүргізу жөнінде ғылыми зерттеулермен айналысқан ғалымдар аз емес. Олардың қатарына еңбектерімен көпшілікке белгілі ғалымдар М. Г. Авдюков, З. Х. Баймолдина, А. Т. Боннер, Р. Е. Гукасян, М. А. Гурвич, П. Ф. Елисейкин, С. З. Зиманов, В. М. Семенов, А. К. Сулейменов және т. б. ғалымдардың еңбектері пайдаланылды.
Осымен кіріспе бөлімді тәмамдап, азаматтық іс жүргізу құқығын жүйелі, әрі дұрыс анықтап, басқа құқықтық салалар жүйесіндегі орны туралы айтамыз. Келесі кезекте азаматтық істі қозғау және талап қою мен іс жүргізу ұғымын айқындауға тура келеді.
1 БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТТА ІС ЖҮРГІЗУ
1. 1 Азаматтық істі қозғау және талап қою мен іс жүргізу
Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады.
Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтық және шаруашылық істер жөніндегі шешімдермен кінәлі тарапты (талап қоюшыны немесе жауапкерді) тиісті тәртіпке шақырады, оларды міндеттері мен жауапкершілігін орындауға, оның ішінде жауапкердің есеп шотынан талап қоюшының пайдасына ақшалай қаражат өндіртуге немесе мүліктерін өндіруге мәжбүрлейді.
Қазақстан Республикасы Конституциясы 13-бабының 2-тармағына сәйкес әркім өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқылы.
Алайда, іс жүзінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылық және оларды шектеу әлі де орын алады. Бұл жағдайда жеке, мүліктік, отбасы, еңбек және өзге де құқықтары мен заңды мүдделерді қорғаудың ең тиімді тәсілі - азаматтардың сотқа жүгінуі.
Сотта азаматтық іс:
- өзінің құқығын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін өтініш жасаған адамның арызы бойынша;
- прокурордың арызы бойынша;
- заң бойынша басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіне алатын болған жағдайда мемлекеттік басқару, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, кәсіподақтың, мекемелердің, ұйымдардың және азаматтардың мәлімдеуі бойынша қозғалады (ҚР АІЖК-нің 8, 56, 57-баптары) .
Азаматтық іс қозғау - процестің бірінші және өте маңызды сатысы. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 152-бабына сәйкес азаматтық іс бойынша арызды қабылдау туралы мәселені судья жеке дара шешеді. Арыз сотқа түскеннен бастап бес күннің ішінде судья істі қозғау жөнінде ұйғарым шығарады. Мүдделі адамның құқығын соттың қорғауы іске асырылатыны немесе бұдан бас тартылатыны соттың бұл мәселені дұрыс шешуіне байланысты болады [2] .
Азаматтық істі қозғаудың алдында мүдделі адам талап арыз, шағым (арыз) береді. Талап арыздың берілуімен талап қою бойынша іс жүргізу қозғалады. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу және ерекше іс жүргізу - арыз, шағым берумен қозғалады.
Талап қою бойынша іс жүргізу азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй және басқа да құқықтық қатынастарынан туындайтын субъективтік құқық немесе заңмен қорғалатын мүдде туралы дауларды қарау мен шешу жөніндегі соттың азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қызметі.
Сотта азаматтық істердің көпшілігі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 150-бабында аталған талаптар сақтала отырып, жазбаша түрде талап қойылған, яғни азаматтық іс туралы қажет мәліметтер бар талап арыз беру арқылы қозғалады. Егер талап арызды өкіл берсе, оған заңда белгіленген тәртіппен рәсімделген сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын өзге құжат қоса табыс етілуі қажет [3] .
Талап арызға талап қоюшы қол қойып, сотқа жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай көшірмелерімен қоса беріледі. Судья істің қиындығы мен сипатына қарай талап қоюшының талап арызға қоса тіркелетін құжаттардың көшірмелерін табыс етуге міндеттеуі мүмкін (ҚР АІЖК-і 151-бабының; 4 тармақшасы) . Талап арыз бен қоса құжаттардың көшірмесі жауапкерге табыс етіледі, мұның өзі оның істі сотта қарауға дайындалуына мүмкіндік береді. Сотқа берілетін талап арызға баж төленуге тиіс (ҚР АІЖК-нің 101-бабы, "Мемлекеттік баж туралы" заңының нормасына сәйкес) [1] .
Азаматтық істі қозғай отырып, бес күннің ішінде судья ұйғарым шығарады да, сонымен бірге істі өзінің жүргізуіне қабылдайды және сол кезден бастап нақты іс бойынша процесс пайда болады. Азаматтың іс қозғау сатысында судья ұйғарым шығару ретінде келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
1 - талап арызды (арыз, шағым) қабылдау және өз қарауына алу;
2 - талап арызды (арыз, шағым) қабылдаудан бас тарту;
3 - талап арызды (арыз, шағым) қайтару;
4 - талап арызды қозғалыссыз қалдыру.
Азаматтық іс бойынша талап арызды (арыз, шағым) қабылдау және өз қарауына алу мәселесін судья жеке-дара шешеді. Талап арызды қабылдау туралы судья ұйғарым шығарады. Сот ұйғарымды қабылдағаннан кейін азаматтың іс процестің келесі сатысына өтеді.
Кейде азаматтық іс қозғау сатысында арыз азаматтың сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпайтыны анықталса, сондай-ақ тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған соттың заңды күшіне енген шешімі немесе талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына байланысты іс бойынша сот ісін жүргізуді тоқтату туралы немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту туралы сот ұйғарымы болса судья талап арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйгарым шығарады.
Арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым ол сотқа түскен кезден бастап бес күн мерзімде шығарылуы және арыз берушіге арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге табыс етілуге немесе жіберілуге тиіс. Арызды қабылдаудан бас тарту өтініш берушінің сол жауапкерге сол нысана және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуге заң бойынша болмайды. Арызды қабылдаудан бас тарту туралы судьяның шығарған ұйғарымына іске қатысушылармен жеке шағым берілуі, ал прокурормен жеке наразылық келтірілуі мүмкін.
Сонымен қатар азаматтық іс қозғау сатысында судья талап арызды қайтаруға құқылы. Талап арызды қайтару туралы судья мынадай ұйғарым шығарады, егер:
- талап қоюшы істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін алдын ала шешу заңдармен белгіленген тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаса;
- іс осы соттың қарауына жатпаса;
- арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;
- арызға оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойса;
- осы немесе басқа бір соттың іс жүргізуінде сол тараптар арасында, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша дау жөнінде іс бар болса;
- коммуналдық мүлікті басқаруға құқылы орган жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның осы затты қабылдаған күнінен бастап бір жыл өткенге дейін жылжымайтын затқа коммуналдық меншікті тану туралы өтінішпен сотқа жүгінсе;
- бұл туралы талап қоюшы мәлімдесе.
Талап арызды қайтару туралы ұйғарым ол сотқа түскен күннен бастап бес күн мерзімде шығарылуға және арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен арыз берушіге тапсырылуға және жіберілуге тиіс, сонымен қатар осы сот ұйғарымына жеке шағым және жеке наразылық берілуі мүмкін.
Егер талап қоюшы жол берілген бұзушылықты жоятын болса, арызды қайтару талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуге кедергі болмайды. Азаматтық іс қозғау сатысында судья талап арыз ҚР АІЖК-нің 150-бабының талаптарына және 151-бабының 1) - 3) тармақшаларына сәйкес келмеген жағдайда арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады. Бұл ұйғарымда талап қоюшымен талап арызында келтірілген кемшіліктер көрсетіледі және оларды түзетуге мерзім береді [4] . Талап қоюшы судьяның нұсқауына сәйкес және ол белгілеген мерзімде ұйғарымда аталған талаптарды орындаса, талап арыз оны сотқа алғашқы тапсырылған күні берілген болып есептеледі және судья азаматтың іс қозғау туралы ұйғарымын шығарып іс келесі сатыда қаралуына мүмкіндік етеді. Егер кемшіліктер белгіленген мерзімде түзетілмесе арыз берілмеген болып есептеледі және судьяның ұйғарымымен оған қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге талап қоюшыға қайтарылады, бірақ талап қоюшы арызды қайтару туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым, наразылық беруі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 249-бабына сәйкес сот арызды қараусыз қалдыруы мүмкін, егер:
- талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген дауды алдын ала сотқа дейін шешудің міндетті тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жоғалмаса (мысалы, "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 232-235-баптары. (2002 жылғы 17 қаңтар № 284 - II) ;
- арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;
- арызға қол қойған және оны берген адамның арызға қол қоюға және оны беруге өкілеттігі жоқ болса;
- осы немесе басқа соттың іс жүргізуінде осы тараптар арасындағы, сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша бұрын қозғалған іс бар болса;
- тараптар арасында бұл дауды заңға сәйкес аралық соттың шешіміне беру туралы келісім жасалса және жауапкерден істі мәні бойынша ңарау басталғанға дейін дауды сотта шешуге қарсылық білдірілсе;
- өздерінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген тараптар екінші шақыру бойынша сотқа келмесе;
- өзінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген талап қоюшы екінші шақыру бойынша сотқа келмесе, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап етпесе;
- өзінің мүддесіне сай іс қозғалған адам мәлімделген талапты қолдамаса;
- талап арызды қайтарып алу туралы өтініш берілсе, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап етпесе;
- көрсетушіге арналған күші жойылған бағалы қағаздар және ордерлі бағалы қағаздар бойынша құқықты қалпына келтіру туралы істер жөніндегі өтініш жарияланымнан бастап үш ай мерзім аяқталғанға дейін берілсе.
Аталған мән-жайлар жойылғаннан кейін мүдделі адам жалпы тәртіп бойынша сотқа тағы да арыз беруге құқылы.
Арызды қараусыз қалдыру туралы сот ұйғарым шығарады, бірақ іске қатысушы адамдар оған жеке шағым беруі немесе прокурор наразылық келтіруі мүмкін. Талап арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі. Арызда:
1) арыз берілетін соттың атауы;
2) талап қоюшының атауы, оның тұрғылықты жері, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер немесе, егер талап қоюшы ұйым болса, оның тұрған жері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі мен банктік реквизиттері, сондай-ақ, егер арызды оның өкілі берсе, өкілдің атауы мен мекен-жайы;
3) жауапкердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері және, егер талапкерге белгілі болса, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені, жұмыс орны туралы мәліметтер мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі (eгep сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілген болса) немесе, егер жауапкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жері не, егер талапкерге бірыңғай Мемлекеттік тіркелімнен мәліметтер белгілі болса, салық төлеушінің тіркеу нөмірі мен банк реквизиттері;
4) талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні;
5) талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, және бұл мән-жайларды растайын дәлелдемелер;
6) егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы;
7) арызға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
Арызда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі, сондай-ақ талапкердің өтініші баяндалуы мүмкін [5] .
Прокурор мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделер үшін беретін өтінімде мемлекеттік немесе қоғамдық мүдденің неден тұратынын, қандай құқықтың бұзылғанын негіздеу, сондай-ақ заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерге сілтеме болуға тиіс. Прокурор азаматтардың мүдделері үшін өтініш жасаған жағдайда талап арызда азаматтың өзінің талап қоюы мүмкін еместігінің себептерін негіздеу болуға тиіс; арызға, әрекетке қабілетсіз адамның мүдделері үшін арыз беретін жағдайларды қоспағанда, азаматтың сотқа талап қоюмен жүгінуге келісімін растайын құжат қоса тіркелуге тиіс.
Арызға талап қоюшы немесе талап арызға қол қоюға және оны көрсетуге өкілеттігі болған жағдайда оның өкілі қол қояды.
Талап арызға қоса тіркелетін құжаттар:
1) жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшірмесі;
2) мемлекеттік баж төлеуді растайын құжат;
3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат;
4) талапкер өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар, егер көшірмелер оларда болмаса, жауапкерлер мен үшінші тұлғалар үшін бұл құжаттардың көшірмелері;
5) оны дауға салған жағдайда нормативтік құқықтық актінің мәтіні;
6) талапкердің мерзімді кейінге қалдыру, ұзарту, сот шығындарын төлеуден босату немесе олардың мөлшерін азайту туралы, талап қоюды қамтамасыз ету, дәлелдемелерді талап ету туралы өтінімі және, егер олар талап арызда жазылмаған болса, басқалар да қоса тіркеледі [6] .
Судья талап арыз түскен күннен бастап бес күн мерзімде оны сот ісін жүргізу үшін қабылдау туралы мәселені шешуге құқылы. Талап арызды қабылдай отырып, судья азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz