Апелляциялық саты сотының қаулылары мен ұйғарымдарына шағымдар, наразылық білдіру құқығы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
.
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша
сот қаулыларына кассациялық шағым жасауға құқық
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы 050301 - «Құқықтану»
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Азаматтық-құқықтық
пәндер кафедрасының меңгерушісі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша
сот қаулыларына кассациялық шағым жасауға құқық»
Мамандығы 050301 - «Құқықтану»
Орындаған .
Ғылыми жетекшісі
АҚП каф. оқытушысы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1 СОТ АКТІЛЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ . . . 8
- Апелляциялық саты сотының қаулылары мен ұйғарымдарына шағымдар, наразылық білдіру құқығы . . . 8
- Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша iстердi қарау . . . 13
- Апелляцияның сот өндірісіндегі алар орны . . . 20
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША СОТ ҚАУЛЫЛАРЫНА КАССАЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМ ЖАСАУ . . . 24
- Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына кассациялық шағымдану және наразылық беру құқығы . . . 24
- Кассациялық іс жүргізудің мәні мен мағынасы . . . 28
- Кассациялық сатыдағы сотта iс жүргiзу . . . 32
3 ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН СОТ АКТІЛЕРІН ҚАДАҒАЛАУ ТӘРТІБІМЕН ІС ЖҮРГІЗУ . . . 36
- Сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарау . . . 36
- Қадағалау тәртібімен іс жүргізудегі сот өкілеттігі . . . 39
- Сот қаулыларын жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізу . . . 45
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 52
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 57
ҚОСЫМША . . . 60
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеудің негізгі мақсаты мен пәніне сай келеді. Аталмыш жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Ғылыми ізденуге негізделген дипломдық жұмыс 61 бетті қамтиды.
Еліміздегі сот жүйесін әлемдік стандартқа сәйкестендіру бағытында біршама игі шаралар жүзеге асуда. Соңғы өзгерістер бойынша сот әділдігіне жылдам қол жеткізетін, ықшамдалған үш буынды сот жүйесі бар. Сот сатыларының бұлайша қысқартылуы сотқа жүгінушілердің ахуалын жақсарта түседі. Мұндағы басты бағыт - апелляцияның рөлін күшейту. Өйткені, дамыған өзге елдерде бұл институтқа айрықша мән беріледі.
Еліміздегі кең ауқымды жүргізілген сот реформасына сай апелляциялық өндірісті күшейту идеясы өз дәрежесінде жүзеге аспақшы. Алдымен елімізде апелляциялық институттың пайда болу тарихына тоқтала кетейік. 1999 жылы 13 шілдеде жаңадан енгізілген Азаматтық іс жүргізу кодексінде сот актілеріне наразылық келтіруге және апелляциялық шағым беруге арналған екі тарау (40, 41) енгізілген еді. Жаңадан пайда болған бұл айрықша ерекшелік АІЖК-нің 40-шы тарауында тек қана кассациялық емес, сондай-ақ апелляциялық тәртіптегі заң күшіне енбеген сот актілеріне шағым беру мүмкіндігін алғаш рет қарастырды. Ал АІЖК-нің 41-ші тарауы істі апелляциялық шағым және наразылық бойынша қарау тәртібіне арналды.
Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексі [1] (бұдан әрі - ҚР АІЖК) екінші саты сотында іс жүргізудің екі: апелляциялық та, кассациялық та тәртіпте заңды күшіне енбеген сот актілерін қайта қарау мүмкіндігін қарастырады. Себебі ҚР АІЖК-ге 2009 жылдың 10 желтоқсанындағы № 227 ҚР Заңымен [2] екінші саты сотында іс жүргізудің бірі болып табылатын кассациялық саты сотында іс жүргізу қайта енгізілді. «Қайта енгізілді» деуіміздің себебі ҚР АІЖК 1999 жылдың 13 шілдесінде [3] қабылданғанында аталған саты болатын, бірақ екі жылдан кейін одан 2001 жылдың 11 шілдедегі № 238-II ҚР Заңымен [4] алынып тасталды.
«Кассация» терминіне Заң сөздігінде келесідей анықтама берілген: Кассация (жою, күшін жою деген мағынаны білдіретін латын тіліндегі «саssatio» сөзінен шыққан) - жоғары тұрған сотқа заңды күшіне енбеген сот шешімдерін шағымдау; жоғары тұрған соттың істе бар және қосымша ұсынылған материалдар бойынша заңды күшіне енбеген сот шешімдерінің заңдылығы мен негізділігін тексеруі [5; 134] .
Біз кассациялық іс жүргізу - бұл заңды күшіне енбеген апелляциялық саты сотының қаулылары мен ұйғарымдарының заңдылығы мен негізділігін тексеру жөніндегі екінші саты сотының қызметін және осы саты соты мен іске қатысушы тұлғалар арасындағы іс жүргізушілік құқықтық қатынасты реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығынан құралған азаматтық іс жүргізудің дербес сатысы деп түсінеміз.
Қазір қайта енгізіліп отырған кассациялық саты сотында іс жүргізуде бұрынғы нормалармен (ҚР АІЖК-нің 1999 жылғы 13 шілдеде қабылданғанында болған) салыстырғанда елеулі айырмашылықтар бар. Солардың бірі жаңа өзгерістерге сәйкес бұрынғы іс жүргізу ережелерінде болған кассациялық саты сотының құзыретінен бірінші саты соттарының заңды күшіне енбеген шешімдері мен ұйғарымдарын тексеру алынып тасталып, енді кассациялық саты соты тек қана апелляциялық саты сотының қаулылары мен ұйғарымдарының заңдылығы мен негізділігін тексеруге құзыретті. Демек, кассациялық шағымдаудың немесе наразылық келтірудің объектісі апелляциялық саты сотының заңды күшіне енбеген қаулылары мен ұйғарымдары болып табылады. Ал шағым беру, наразылық келтіру - кассациялық саты сотында іс жүргізуді қозғау негізі.
Бұрын кассациялық саты соттары облыстық және оған теңестірілген соттар, ҚР Жоғарғы соты болса, қазіргі өзгерістер бойынша тек қана облыстық және оған теңестірілген соттар болып табылады. Кассациялық шағымдар мен наразылықтар бұрынғы ережелер бойынша шешімді шығарған сот арқылы емес, енді тікелей кассациялық саты соты - облыстық және оған теңестірілген сотқа іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелермен, мемлекеттік бажсыз беріледі. ҚР АІЖК-нің 2001 жылдың 11 шілдедегі № 238-ІІ ҚР Заңымен алынып тасталған 380-бабының 1-бөлігіне сәйкес кассациялық саты соты шешім немесе ұйғарым шығарған болса, енді ҚР АІЖК-нің 383-22-бабының 1-бөлігінде бекітілгендей кассациялық сатының сот актілері қаулы нысанында ғана шығарылады және егер бұрын кассациялық саты сотының актілеріне шағымдануға, наразылық келтіруге жол берілмеген болса (ҚР АІЖК-нің күшін жойған 381-бабына сәйкес), қазіргі өзгерістерде бұл ережелер жоқ, тек актілерінің шығарылған кезден бастап заңды күшіне енетіндігі өзгеріссіз қалды.
Бұл кассациялық саты сотының қаулыларына қадағалау тәртібімен өтініш беруге, наразылық келтіруге болатындығын білдіреді. Бұл - оң өзгерістердің бірі, себебі сот актілеріне шағымдану бостандығы қағидасына сәйкес келеді.
Өзгеріссіз қалған ережелердің бірі - кассациялық саты сотында бұрын да, қазір де шағым, наразылық дәлелдері шегінде істе бар материалдар бойынша сот актілерінің заңдылығы мен негізділігі тексерілетіндігі. Бұл кассациялық саты соты істі мәні бойынша қайтадан қарап шешуге өкілетті екендігін аңғартады және азаматтық сот ісін жүргізуде диспозитивтілік және айтысушылық (ҚР АІЖК-де осылай деп берілген, дұрысы, жарыспалылық) қағидаларының қолданылуына байланысты [6; 83] .
Кассациялық шағым немесе наразылықты беру (келтіру) мерзіміне келер болсақ, бұрынғыдай бұл мерзім - соттың актісі түпкілікті нысанда шығарылғаннан кейін 15 күн ішінде деп белгіленген. Алайда, ҚР АІЖК-нің 383-4-бабының 1-бөлігінің бірінші сөйлемінде «Кассациялық шағым немесе наразылық сот апелляциялық қаулыны және ұйғарымды түпкілікті нысанда шығарғаннан кейін он бес күн ішінде берілуі мүмкін» деп беріліп, әрі қарай екінші сөйлемінде «Мерзім апелляциялық сатының сот актілерінің көшірмелері берілген күннен бастап есептеледі» деген норма берілген. Біздің пікірімізше, аталған баптың 1-бөлігіндегі бірінші, екінші сөйлемдер өзара бір-біріне қарама-қайшы. Бұл жерде түсініксіздіктен мынадай сұрақ туындайды - шағымдану, наразылық келтіру үшін 15 күн апелляциялық саты соты актілерін түпкілікті нысанда шығарған сәттен бастап па, әлде олардың көшірмесін ұсынған күннен бастап есептеледі ме?
Бұл жерде түпкілікті нысандағы апелляциялық саты сотының актілері деп нені түсінуге болады?
ҚР АІЖК қысқартылған және дәлелді шешімдерді ғана қарастырады. Дәлелді шешімге қатысты ҚР АІЖК-нің орыс тілдегі мәтініндегі 220-бабының 2-бөлігінде «мотивированное решение» деп келтірілгенімен, қазақ тіліндегі мәтінінде «шешім» деп қана беріліп, шешімнің екінші түрінің атауы берілмеген. Бұл ҚР АІЖК-нің қазақ тілді мәтініндегі кеткен кемшіліктердің бірін көрсетеді. ҚР АІЖК-нің 359-бабының 1-бөлігіне сәйкес апелляциялық саты сотының актілеріне қаулы, ұйғарым жатады. Осы баптың 2-бөлігіне сәйкес апелляциялық саты сотының дәлелді актісі оны қабылдаған күннен бастап 5 күн ішінде шығарылуы тиіс. Осы жерде «Апелляциялық саты сотының дәлелді актісіне дәлелді шешімнің құрылымын белгілейтін ҚР АІЖК-нің 220-бабының 2-бөлігінің нормасын қолдануға бола ма?» деген сұрақ туындайды. Біздің пікірімзше, қолдануға болмайды, себебі ҚР АІЖК-нің 220-бабының 2-бөлігінде белгіленген норма ҚР АІЖК-нің 217-бабының 1-бөлігіне сәйкес істі мәні бойынша шешетін бірінші саты сотының шешіміне ғана қатысты. Жоғарыда келтірілгендей сұрақтар және екіұшты ойлар туындамас үшін болашақта ҚР АІЖК апелляциялық саты сотының қаулылары мен ұйғарымдарының түпкілікті нысанының мазмұнын ашатын арнайы норма енгізу қажет деп есептейміз.
Зерттеудің нормативтік негізін - Қазақстан Республикасының Конституциясы, азаматтық заңдар, еңбек, отбасы қатынастары аясындағы заң актілері, сондай-ақ Президент Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен нормативтік-құқықтық актілері құрайды.
Сот актілерін қайта қарау бойынша іс жүргізу жөнінде ғылыми зерттеулермен айналысқан ғалымдар аз емес. Олардың қатарына еңбектерімен көпшілікке белгілі ғалымдар М. Г. Авдюков, З. Х. Баймолдина, А. Т. Боннер, Р. Е. Гукасян, М. А. Гурвич, П. Ф. Елисейкин, С. З. Зиманов, В. М. Семенов, А. К. Сулейменов және т. б. жатқызуға болады.
Белгілі отандық ғалым-процессуалист З. Х. Баймолдина процесстің сатысы ретінде кассациялық іс жүргізуді дербес (түпкілікті) мақсатқа қол жеткізуге бағытталған іс жүргізушілік іс-әрекеттердің белгілі бір шеңберін біріктіретін сот ісін жүргізудің бөлігі (кезеңі) ретінде анықтайды [6; 284] .
Бұрын кассациялық қайта қарауда сот істің фактілі мән-жайларын анықтауға және жаңа дәлелдемелерді зерттеуге құқылы емес болса, жаңа өзгерістер бойынша кассациялық саты соты мәлімделген талап шегінде дәлелді себептемен бірінші және апелляциялық саты сотына ұсынылмаған жаңа дәлелдемелерді зерттеуге құқылы.
Демек, кассациялық саты сотының міндеті апелляциялық саты соттарының қызметінде заңдылықты қамтамасыз ету, нәтижесінде, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.
1 СОТ АКТІЛЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ
1. 1 Апелляциялық саты сотының қаулылары мен ұйғарымдарына шағымдар, наразылық білдіру құқығы
Апелляциялық саты сотының қаулылары мен ұйғарымдарына шағымдар, наразылық білдіруге тараптар және басқа да іске қатысушы тұлғалар құқылы.
Кассациялық шағымды іске қатыспаған тұлғаларда құқылы, егер олардың қатысты құқықтары мен міндеттері бойынша сот қаулы немесе ұйғарым шығарса. Апелляциялық саты сотының қаулылары мен ұйғарымдарына наразылықты мемлекеттік айыптаушы ретінде апелляциялық тәртіпте істі қарауға қатысқан прокурор бере алады. Бас Прокурор және оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар істі қарауға қатысқан-қатыспағанына қарамастан апелляциялық саты сотының қаулылары мен ұйғарымдарына наразылық енгізуге құқылы.
Осы тарауда көзделген ережелерге сәйкес заңды күшіне енбеген, Қазаңстан Республикасының Жоғарғы Сотының шешімдерінен басқа, бірінші сатыдағы сот шешімдеріне апелляциялық тәртіппен шағым мен наразылық жасалуы мүмкін.
Апелляциялық сатыдагы сот - заңды күшіне енбеген, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының шешімдерінен басқа, бірінші сатыдағы сот шешімдеріне апелляциялық шағым мен наразылықты қарайтын екінші сатыдағы (жоғары тұрған) сот. Апелляциялық сатыдағы сотта істер бірінші сатыдағы сотта істер қарау ережесі бойынша АІЖК-нің ерекшеліктерімен қаралады.
Апелляция - бірқатар мемлекеттерде сот қаулысына шағымданудың бір нысаны, тараптардың шағымдары бойынша және шағымда көзделген талап шегінде істі мәні бойынша қарайтын екінші сатыдағы сот.
Бұл ұғымның екі мағынасы бар: істі қараған төменгі сот қаулысын ңайта қарату мақсатында жоғары тұрған (апелляциялық) сотқа жүгіну; жоғары тұрған сотқа шағым, онда қате немесе әділетсіз төменгі тұрған сот қаулысын өзгерту немесе күшін жою туралы дәлелді өтініш.
Сот шешіміне жазбаша нысанда апелляциялық шағым мен наразылық берілуі мумкін [9; 34] .
Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығы іске қатысушы тараптар мен басқа да тұлғаларға тиесілі. Сот шешіміне апелляциялық наразылық келтіру құқығы істі қарауға қатысушы прокурорға тиесілі. Жалпы ереже бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары өздерінің құзыреті шегінде істі қарауға қатысуына қарамастан, сот шешіміне наразылық келтіруге құқылы.
ҚР АІЖК-сі 332-бабының 4-бөлігіне сәйкес іске қатысуға тартылмаған, бірақ сот құқықтары мен міндеттері жөнінде шешім қабылдаған тұлғалар да (мысалы, үшінші тұлғалар) апелляциялың шағым беруге құқылы.
Апелляциялың шағымдар, наразылықтар шешім, қаулы шығарған сот арқылы іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелермен қоса беріледі. Егер судья қажет етсе апелляциялық шағымды немесе наразылықты берген тұлғаны апелляциялық шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген жазбаша айғақтардың іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелерін беруге міндеттей алады.
ҚР АІЖК-сі 334-бабының 3-бөлігіне сәйкес апелляциялық шағым немесе наразылық, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының шешімдерінен басқа, бірінші сатыдағы сот түпкілікті түрде шешім шығарғаннан кейін 15 (он бес) кун ішінде берілуі мүмкін. Себебі осы мерзім өткеннен кейін бірінші сатыдағы сот іпешімі заңды күшіне енеді. Ал ҚР-сы Жоғарғы Сотының істі бірінші сатыдағы сот ретінде қараған кезде шығарған қаулылары апелляциялық тәртіппен шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды және олар жария етілген күнінен бастап күшіне енеді (ҚР АІЖК-і 344-бабының 1-бөлігі) .
Заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы, наразылық берілуі мүмкін. Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығы іске қатысушы тараптар мен басқа да тұлғаларға тиесілі.
Наразылық келтіру құқығы істі қарауға қатысушы прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары өздерінің құзыреті шегінде істі қарауға қатысуына қарамастан сот шешіміне наразылық келтіруге құқылы.
Іске қатысуға тартылмаған, бірақ сот құқықтары мен міндеттері жөнінде шешім қабылдаған тұлғалар да апелляциялық шағым беруге құқылы.
Аудандық және оларға теңестірілген соттар шығарған шешімдерге апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы жеке-дара қарайды.
Апелляциялық шағымдар, наразылықтар беру (келтіру) тәртібі мен мерзімдері:
1. Шағымдар, наразылықтар шешім, қаулы шығарған сот арқылы беріледі (келтіріледі) . Тікелей апелляциялық сатыларға келіп түскен шағымдар, наразылықтар АІЖК 338-бабының талаптарын орындау үшін шешім шығарған сотқа жіберілуге тиіс.
2. Шағымдар, наразылықтар іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелермен қоса сотқа беріледі (келтіріледі) . Қажет болған жағдайларда судья апелляциялық шағымды немесе наразылықты берген тұлғаны апелляциялық шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген жазбаша айғақтардың іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелерін беруге міндеттей алады.
3. Шағым, наразылық сот шығарған шешімнің көшірмелері тапсырылған күннен бастап он бес күн ішінде берілуі (келтірілуі) мүмкін.
4. Істі қайта қарау кезінде шығарылған шешімге жалпы тәртіппен шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін.
Апелляциялық шағымда немесе наразылықта: шағым немесе наразылық жолданатын соттың атауы; шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін тұлғаның атауы; шағым жасалатын немесе наразылық келтірілетін шешім және сол шешімді шығарған соттың атауы; істі қараудың дұрыс еместігі неде екендігін көрсету; заңдарға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және материалдарына сілтеме жасай отырып, шешімнің заңсыздығы немесе негізсіздігі неде екендігінің негіздемесі; шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін тұлғаның шағымды немесе наразылықты толық немесе бөлігінде келтіретінін және қандай өзгерістер енгізуді талап ететіндігін көрсету; шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген құжаттардың тізімі; шағымды, наразылықты беру (келтіру) күні және шағым, наразылық беретін (келтіретін) адамның қолы болуы тиіс. Өкіл берген шағымға сенімхат немесе іске осындай өкілеттік болмаса, өкілдің өкілеттігін растайтын өзге де құжат қоса тіркелуге тиіс [11; 68] .
Апелляциялық шағымда немесе наразылықта айғақтарына апелляциялық шағым немесе наразылық бойынша дау айтылатын куәларды шақыру туралы өтініштің де болуы мүмкін.
Апелляциялық шағым, наразылық беретін (келтіретін) тұлғаның бірінші сатыдағы сотқа табыс етілмеген жаңа айғақтарға сілтеме жасауына тек шағымында олардың бірінші сатыдағы сотқа оларды табыс етуге мүмкіндігі болмауы негізделген жағдайда ғана жол беріледі.
АІЖК 334-бабының екінші бөлігінде және 335-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін апелляциялық шағым немесе наразылық берілген (келтірілген) кезде судья қаулы шығарады, сол арқылы шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдырады және шағым немесе наразылық берген (келтірген) адамға кемшіліктерді түзетуге мерзім тағайындайды.
Егер шағым немесе наразылық берген (келтірген) тұлға белгіленген мерзімде қаулыдағы нұсқауларды орындаса, шағым немесе наразылық сотқа алғашқы табыс етілген күнінде берілген болып есептеледі. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы бірінші сатыдағы соттың қаулысына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.
Апелляциялық шағым немесе наразылық судьяның қаулысымен оларды берген (келтірген) тұлғаға мына жағдайларда:
1) шағымды, наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы судьяның қаулыдағы нұсқаулары белгіленген мерзімде орындалмағанда;
2) шағымды немесе наразылықты берген (келтірген) тұлғаның өтініші бойынша;
3) егер шағымдану немесе наразылық келтіру мерзімі өтіп кетсе және шағымда немесе наразылықта оны қалпына келтіру туралы өтініш болмаса немесе оны қалпына келтіруден бас тартылған жағдайда;
4) егер шағымды немесе наразылықты апелляциялық шағым немесе наразылық беруге (келтіруге) құқығы жоқ тұлға берсе (келтірсе) қайтарылады.
Мерзімінде берілген және АІЖК 334-бабының екінші бөлігінің және 335-бабының талаптарына сәйкес келетін апелляциялық шағымды немесе наразылықты алғаннан кейін судья: 1) шағымның, наразылықтың және оған қоса тіркелген жазбаша дәлелдемелердің көшірмелерін келесі күннен кешіктірмей іске қатысушы адамдарға жіберуге; 2) шағымдануға, наразылық келтіруге белгіленген мерзім өткеннен кейін істі апелляциялық сатыға жіберуге міндетті.
Апелляциялық шағымдануға, наразылық келтіруге белгіленген мерзім өткенге дейін істі соттан ешкім талап ете алмайды. Іске қатысушы тұлғалар сотта іс материалдарымен, сондай-ақ келіп түскен шағымдармен және оларға білдірілген қарсылықтармен танысуға құқылы.
Апелляциялық шағымды берген тұлғамен процесте бір жақта болған бірге қатысушылар мен үшінші тұлғалар берілген шағымға жазбаша арыз беру жолымен қосылуға құқылы.
Іске қатысушы тұлға шағымға немесе наразылыққа қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, апелляциялық шағымға немесе наразылыққа пікірді апелляциялық сатыдағы сотқа, іске қатысушы басқа тұлғаларға жібереді.
Апелляциялық сатыдағы сотқа жіберілетін пікірге іске қатысушы басқа тұлғаларға пікірдің жіберілгенін растайтын құжат қоса беріледі.
Пікір сот белгілеген, онымен сот отырысы басталғанға дейін танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін мерзімде жіберіледі. Пікірге іске қатысушы тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл қол қойған пікірге оның өкілеттігін растайтын сенімхат немесе өзге де құжат қоса тіркеледі.
Апелляциялық шағым берген тұлға сот қаулы шығарғанға дейін одан апелляциялық сатыдағы сотта бас тартуға құқылы. Апелляциялық наразылық келтірген прокурор немесе жоғары тұрған прокурор апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін наразылықты кері қайтарып алуға құқылы. Наразылықтың кері қайтарылып алынғаны туралы сот іске қатысушы адамдарға хабарлайды.
Егер шешімге басқа адамдар шағым жасамаса немесе жоғары тұрған прокурор наразылық келтірмесе, сот шағымнан бас тартуды және наразылықты қайтарып алуды қабылдау туралы апелляциялық іс жүргізуді қысқартатын қаулы шығарады.
Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы, тараптардың апелляциялық шағым берілгеннен кейін жасалған бітімгершілік келісімі немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім апелляциялық сатыдағы сотқа жолданған жазбаша арыздарда көрсетілуге тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz