Абай тұлғасы



Әдебиетке Абай бейнесін алғаш әкелген оның айналасындағы ізбасар ақындар. Абайдың қасында жиырма бес жыл жолдас болған Көкбай ақынның, Шәкәрімнің өлеңдерінде ұстаз.Абай бейнесі мейілінше жан.жақты сомдалған. Әрине, Абай бейнесінің жалпы қазақ әдебиетінде жырлануы одан кейін шыққан ірі ақындар Сұлтанмахмұт, Мағжандардан бастап бүгіні әдебиетке дейін өрісі кеңге жайылған мейілінше үлкен тақырыпты қамтиды. Ал, біздің нысан ақынның қасында жүрген ізбасар шәкірттердің ұстазбен арадағы қарым.қатынасын тереңірек аша түсу мақсатында олардың поэзиясындағы Абайдың орнын айқындап, ұстаздық болмысын аша түсу. Абай бейнесінің ақын шәкірттер шығармаларында сомдалуы, былайша айтқанда Абай тақырыбы, оның ұстаздық тұлға.тұрпаты деген мәселелердің шәкірт ақындар шығармаларында алатын орны бүгінге дейін жүйелі зерттелген жоқ. Ғалым Б.Мамраевтың төмендегі пікіріне көңіл бөлсек: «Следует особо отметить, что тема Абая как высокий и постояный орентир проходит через все творчество Шакарима... Оправданность реминисценции заметна и в том случае, когда поэт, напоминая читателю художественную концепцию Абая, синхронно выражает свою собственную» [47, 202.б.] ,. дегені тек Шәкәрім поэзиясына ғана емес, Абайдың маңындағы өзге де шәкірттер шығармашылығына тән екендігін ескеруіміз керек. Осы орайда Абай бейнесін өз өлеңдерінде сомдап, оның ұстаздық құдіреті, өз ортасындағы орны туралы сөз айтқан Ш.Құдайбердіұлы, К.Жанатайұлы, Ә.Тәңірбергенұлы, Ә.Найманбайұлы, Б.Айтқожаұлы, У.Шондыбайұлы, М.Әділханұлы сынды ақындардың поэзиядағы дәстүр жалғастығы, ұстазбен арадағы рухани үндестік қырларына диссертацияда тиісінше көңіл бөлінді.
«Абай мектебіндегі әдеби дәстүр және тақырыптық.көркемдік ізденістер» деп аталатын бөлім төрт тараудан тұрады. «Абай мектебіндегі айтыс жанрының өзіндік даму ерекшеліктері» деген тарауда ақын шәкірттердің әдеби дәстүрді ұстану жолындағы шығармашылық.көркемдік ізденістері Абай мектебінің біртұтас тақырыптық бірлігі аясында қарастырылып, ақындардың айтыс жанрын игерудегі жетістіктері, тарихи тақырып пен нәзирагөйлік дәстүрді қолданудағы ерекшеліктері, аударма өнерін дамытудағы шеберліктері талданып, мектеп шеңберіндегі Абай дәстүрінің даму жолдары анықталды. Бұл тұрғыда, айтыс жанрын көркем шығармаларына арқау еткен Шәкәрім Құдайбердіұлының, Әріп Тәңірбергенұлының, Тұрағұл Абайұлының, Әубәкір Ақылбайұлының жанрлық жағынан мысал айтысқа жататын өлеңдермен қоса, Әріп ақынның «Тәуке мен Ұрқия», Уәйіс Шондыбайұлының «Тәуке мен Жікібай» сияқты айтыс негізінде жазылған көлемді поэмаларына әдеби талдау жасалды.
Абай айналасындағы айтыс өнерінің дамуына, айтыс жанрының өркендеп қанат жаюына Абайдың өзі тікелей себепкер болып, қасындағы ақын шәкірттердің айтысты шебер меңгеруіне ықпал етті. Айтыс өнеріне тән негізгі белгі суырыпсалмалық өнер болса, Абайдың жас кезіндегі өлеңдері . нағыз суырып салып айтқан дүниелер. Жазба поэзиясының асқан шебері болуымен қатар Абай бойында далалықтарға тән хас өнер . табан астында тауып өлең ұйқастыру өнері ерекше дарыған.ды. Қазақтың суырыпсалмалығын жасынан бойына сіңірген ақын өмір бойы бұл машықтан қол үзген емес. Тек өзі ғана емес, соңынан ерген ақын шәкірттерін тосыннан сөз табуға, табан астында «айналасы теп.тегіс, жұмыр келетін» өлең құрауға баулыды. Айтысқан ақындардың сөзін түзеп, қазылық төрелігін айтты.
Айтыс өнеріне етене жақын құбылыс бір өлеңді бірнеше ақынның жарыса құрауы Абай айналасында кеңінен тарап, Абай шәкірттері Әріп, Көкбай, Уәйіс сынды ақындар осы бір дәстүрді өз орталарында жиі қолданып отырды. Айтыс өнерінің қыр.сырына осылайша терең бойлап, шебер игерген Абай мектебінің өкілдері екі ақынның айтысын көркем шығармаларына арқау етті. Кәдімгі айтысты көз алдыңа әкелер Абайдың «Жігіт сөзі» мен «Қыз сөзі» сияқты өлеңдерінің үлгісі Шәкәрімнің мен Тұрағұлдың, Әріп пен Әубәкірдің мысал айтысын арқау еткен өлеңдерінде

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Абай тұлғасы
Әдебиетке Абай бейнесін алғаш әкелген оның айналасындағы ізбасар ақындар. Абайдың қасында жиырма бес жыл жолдас болған Көкбай ақынның, Шәкәрімнің өлеңдерінде ұстаз-Абай бейнесі мейілінше жан-жақты сомдалған. Әрине, Абай бейнесінің жалпы қазақ әдебиетінде жырлануы одан кейін шыққан ірі ақындар Сұлтанмахмұт, Мағжандардан бастап бүгіні әдебиетке дейін өрісі кеңге жайылған мейілінше үлкен тақырыпты қамтиды. Ал, біздің нысан ақынның қасында жүрген ізбасар шәкірттердің ұстазбен арадағы қарым-қатынасын тереңірек аша түсу мақсатында олардың поэзиясындағы Абайдың орнын айқындап, ұстаздық болмысын аша түсу. Абай бейнесінің ақын шәкірттер шығармаларында сомдалуы, былайша айтқанда Абай тақырыбы, оның ұстаздық тұлға-тұрпаты деген мәселелердің шәкірт ақындар шығармаларында алатын орны бүгінге дейін жүйелі зерттелген жоқ. Ғалым Б.Мамраевтың төмендегі пікіріне көңіл бөлсек: Следует особо отметить, что тема Абая как высокий и постояный орентир проходит через все творчество Шакарима... Оправданность реминисценции заметна и в том случае, когда поэт, напоминая читателю художественную концепцию Абая, синхронно выражает свою собственную [47, 202-б.] ,- дегені тек Шәкәрім поэзиясына ғана емес, Абайдың маңындағы өзге де шәкірттер шығармашылығына тән екендігін ескеруіміз керек. Осы орайда Абай бейнесін өз өлеңдерінде сомдап, оның ұстаздық құдіреті, өз ортасындағы орны туралы сөз айтқан Ш.Құдайбердіұлы, К.Жанатайұлы, Ә.Тәңірбергенұлы, Ә.Найманбайұлы, Б.Айтқожаұлы, У.Шондыбайұлы, М.Әділханұлы сынды ақындардың поэзиядағы дәстүр жалғастығы, ұстазбен арадағы рухани үндестік қырларына диссертацияда тиісінше көңіл бөлінді.
Абай мектебіндегі әдеби дәстүр және тақырыптық-көркемдік ізденістер деп аталатын бөлім төрт тараудан тұрады. Абай мектебіндегі айтыс жанрының өзіндік даму ерекшеліктері деген тарауда ақын шәкірттердің әдеби дәстүрді ұстану жолындағы шығармашылық-көркемдік ізденістері Абай мектебінің біртұтас тақырыптық бірлігі аясында қарастырылып, ақындардың айтыс жанрын игерудегі жетістіктері, тарихи тақырып пен нәзирагөйлік дәстүрді қолданудағы ерекшеліктері, аударма өнерін дамытудағы шеберліктері талданып, мектеп шеңберіндегі Абай дәстүрінің даму жолдары анықталды. Бұл тұрғыда, айтыс жанрын көркем шығармаларына арқау еткен Шәкәрім Құдайбердіұлының, Әріп Тәңірбергенұлының, Тұрағұл Абайұлының, Әубәкір Ақылбайұлының жанрлық жағынан мысал айтысқа жататын өлеңдермен қоса, Әріп ақынның Тәуке мен Ұрқия, Уәйіс Шондыбайұлының Тәуке мен Жікібай сияқты айтыс негізінде жазылған көлемді поэмаларына әдеби талдау жасалды.
Абай айналасындағы айтыс өнерінің дамуына, айтыс жанрының өркендеп қанат жаюына Абайдың өзі тікелей себепкер болып, қасындағы ақын шәкірттердің айтысты шебер меңгеруіне ықпал етті. Айтыс өнеріне тән негізгі белгі суырыпсалмалық өнер болса, Абайдың жас кезіндегі өлеңдері - нағыз суырып салып айтқан дүниелер. Жазба поэзиясының асқан шебері болуымен қатар Абай бойында далалықтарға тән хас өнер - табан астында тауып өлең ұйқастыру өнері ерекше дарыған-ды. Қазақтың суырыпсалмалығын жасынан бойына сіңірген ақын өмір бойы бұл машықтан қол үзген емес. Тек өзі ғана емес, соңынан ерген ақын шәкірттерін тосыннан сөз табуға, табан астында айналасы теп-тегіс, жұмыр келетін өлең құрауға баулыды. Айтысқан ақындардың сөзін түзеп, қазылық төрелігін айтты.
Айтыс өнеріне етене жақын құбылыс бір өлеңді бірнеше ақынның жарыса құрауы Абай айналасында кеңінен тарап, Абай шәкірттері Әріп, Көкбай, Уәйіс сынды ақындар осы бір дәстүрді өз орталарында жиі қолданып отырды. Айтыс өнерінің қыр-сырына осылайша терең бойлап, шебер игерген Абай мектебінің өкілдері екі ақынның айтысын көркем шығармаларына арқау етті. Кәдімгі айтысты көз алдыңа әкелер Абайдың Жігіт сөзі мен Қыз сөзі сияқты өлеңдерінің үлгісі Шәкәрімнің мен Тұрағұлдың, Әріп пен Әубәкірдің мысал айтысын арқау еткен өлеңдерінде жалғастық тауып жатыр. Ал, Әріп Тәңірбергенұлының Тәуке мен Ұрқия, Уәйіс Шондыбайұлының Тәуке мен Жікібай сияқты айтыс негізінде жазылған көлемді поэмалардың да дүниеге келуі - ақындардың айтыс табиғатын терең игерудегі соны жетістігін айқындайды. Сондай-ақ, болып, ел арасында жұрнағы ғана қалған айтыс, сөз қағыстарын өңдеп, көркем шығарманың талаптарына жауап беретін туындылар жазған Әріптің Біржан - Сарасын, Әсет ақынның Ырысжанмен айтысын өңделген айтысқа жатқызуымыздың себебі - өңдеуші ақындардың авторлық үлесін көрсету. Қалай десек те, айтыс өнерін жетік меңгерген Абай шәкірттерінің дені айтысты көркем шығармаға арқау етті. Бірі болған айтысты өңдесе, екіншілері қолдан жаңа айтыс-поэма жазып, ауыз әдебиетінің озық үлгісін жазба шығармаларында аса шеберлікпен пайдалана білді.
Тарихи тақырып және нәзиралық сипаттың соны үлгілері деп аталатын тарауда Абай мектебіндегі тарихи тақырыпта жазылған шығармалардың идеялық-көркемдік табиғаты Абай дәстүрлерінің аясында қарастырылса, ақын шәкірттер шығармашылығында кеңінен орын алған нәзиралық сипаттың Абай қолтаңбасына тән өзіндік, оқшау белгілерін айқындап беруге ден қойдық. Абай шәкірттерінің шығармашылығына арқау болған Еңлік пен Кебек тақырыбының интерпретациялық сипатына әдеби сараптаулар жүргізілді. Абай тапсырмасымен жазылған Ш.Құдайбердіұлының Қалқаман - Мамыр, К.Жанатайұлының Сабалақ, Қандыжап, У.Шондыбайұлының Жошы - Алаша хан дастандары әдеби мектеп аясында өзара сабақтастырыла қарастырылып, Абайдың түпқазық идеяларының табиғаты анықталды. Шәкәрімнің Ләйлі - Мәжнүн, Уәйіс ақынның Бір қыздың оқиғасы шығармаларын талдау барысында Абай нәзирасының жаңашылдық сипаты айқындалды. Абай тапсырмасымен шет жұрттықтардың өміріне арнап жазған Ақылбай мен Мағауия поэмаларындағы құлдар тақырыбы, отаршылдық идеялары Абай көзқарастарымен байланыстырыла байыпталды.
Абай мектебіндегі тарихи тақырыптардың бастау көздерін Абайдың тарихи шығармасы Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы, Орта жүз қазақтарының рулары туралы еңбектерінен іздесек, Шәкәрімнің шежіресі Абай еңбегінің заңды жалғасы ғана емес, жазылу мақсаты бір, ұстаз идеясының толықтырылған нұсқасы деп қабылдауға болады. Сондай-ақ, Шәкәрімнің діни-философиялық Мұсылмандық шарты еңбегі де Абай тапсырмасымен жазылған. Тарихи тақырыпта көркем шығарма жазбағанымен Абайдың бұл мәселедегі назары ақын шәкірттеріне тапсырма беруімен ерекшеленді. Шәкәрімнің Жолсыз жаза, Қалқаман - Мамыр, Мағауияның Еңлік - Кебегі, Көкбай ақынның Абылай тақырыбындағы тарихи жырлары, Уәйістің Жошы - Алаша ханы сияқты шығармалардың жазылуына Абай тікелей себепкер болды. Мәселен, Еңлік пен Кебек оқиғасы туралы бірнеше интерпретациялық үлгідегі көркем туындылардың басында Абай тұр. Абайдың әдеби тапсырмасымен бұл оқиғаны Мағауия адал махаббат иелерін өлімге қиған қазақтың қатігез салт-санасын сынап, лирикалық бояуы қанық ғашықтық поэма етіп берсе, Шәкәрім екі жастың трагедиялық халін жеке адамдардың шеңберінде қалдырып қоймай, ел ішіндегі әлеуметтік-қоғамдық қайшылықтар аясына апарады. Сөйтіп, идеялық-тақырыптық аясы кең нағыз реалистік поэма ұсынады. Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөзінде әңгіме болатын Қалқаман мен Мамыр оқиғасының Шәкәрімнің көркем шығармасына арқау болуын жоғарыдағы поэмамен байланыстыра қарасақ, екі поэманың идеясындағы ортақ белгілерді жеке автордың қолтаңбасына тән құбылыс деп тану қажет. Жолсыз жаза, Қалқаман - Мамыр, Қодардың өлімі поэмаларын бір арнаға тоғыстырып тұрған идеялық бірлік бар. Ол - қазақтың салт-дәстүрін бұзғандарға кесілген ең ауыр жазаның себеп-салдарын ашып көрсету, жаза кескендер мен жапа шеккендердің ақ-қарасын анықтап, кейінгі ұрпаққа жеткізу.
Абайдың көңіл қойып, Көкбайға жаздырған тарихи тақырыптарының бірі - Абылай хан тақырыбы. Көкбай Жанатайұлы Абайдың тапсырмасымен Абылай және оның ұрпақтары туралы циклды дастан жазып, Абай Сабалақ дастанының көркемдік қуатына ғана емес, тарихи мән-маңызына да аса ден қойып, сынап, түзеген. Көкбай ақын өмірінің соңғы жылдарында Абылай тақырыбына қайта айналып соғып, Қандыжап дастанын жазады. Алғашқыдағы Абылай бейнесі кейінгі шығармасында айқындала түсіп, жаңа қырынан көрініп, мейілінше шебер сомдалды. Уәйіс Шондыбайұлының Жошы-Алаша хан поэмасы - Абай ықпалымен жазылған тарихи шығармалардың бірі. Ертеден келе жатқан қазақ аңызын негізге алған Уәйіс Абай еңбегіндегі Алаша хан туралы аңызды поэмасына арқау ете отырып, өзіндік өрнекпен көркем туынды қашай білген.
Қазақ әдебиетіндегі нәзира үлгісін еркін меңгерген Абай мектебінің өкілдері бұл үрдіске де өзіндік тың үлгі ұсына білді. Ақын шәкірттердің нәзирасында авторлық позиция айқын көрінді. Шәкәрімнің Ләйлі-Мәжнүні, Уәйістің Бір қыздың оқиғасы шығармалары бұрынғы сан мәрте жырланған тақырыптар болғанымен, туындының жаңашылдық қырын сипаттайтын авторлық идея айқынырақ көрінеді.
Абай шәкірттерінің шет жұрттықтардың өмірінен шығармалар жазуы Абайдың отаршылдыққа қарсы идеяларымен астасып жатыр. Осы тұста ғалым Ш.Елеукеновтің: Біз бұған дейін Абайды отаршылдыққа қарсылық ойлаған күрескер ретінде зерттемедік [48, 90-б.] ,- деген пікірін басшылыққа ала отырып, Абай шәкірттері шығармашылығындағы отаршылдық тақырыбына ден қойдық. Мағауияның Медғат - Қасым, Ақылбайдың Зұлыс, Дағыстан поэмаларын біріктіріп тұрған тақырып ортақтығы ғана емес, отаршылдыққа, үстемдікке қарсы күресті жырлаған идеялық бірлік бар. Қысқасы, қай ел, қандай оқиға, нендей тәсілмен жазылсын Абай шәкірттерінің әуелден көздеген мақсаты адам бойындағы ізгілік пен зұлымдық, қатыгездік пен мейірбандық, махаббат пен ғадауаттың майдандасқан көріністері арқылы қоғамдағы әділетсіздікті әшкерелеу, сөйтіп соры қалың қазақтың көзін ашу сияқты хәкім Абайдың ұлы идеяларын жалғастыру.
Көлемді шығармалар жазуды Абай әуел баста қолға алып, артынан бұл түрден тез суынып кетті дегенімізбен, өз шәкірттерін поэма жазудың соны үлгілеріне баулыды. Ақын шәкірттердің поэма жанрын игеріп, сол салада қандай да бір тақырыпты жырламасын оның артында Абай тұрып, Абай игерген мол мұраның іргесі байқалады.
Абай айналасындағы аударма дәстүрі деген тарауда Абайдан басталған ұлттық аударманың алғашқы қарлығаштары болған Абай шәкірттерінің туындылары тұтас бір шығармашылық бірлік аясында қарастырылды. Яғни, Абай мен оның шәкірттері арасындағы аударма жанрының қалыптасып, дамуын көрсету арқылы Абайдың аударма мектебінің қазақ әдебиетіндегі орнын белгілеуді мақсат еттік. Абай айналасындағы аударма үлгісінің қарапайым, еркін, нәзиралық түрінен бастап классикалық деңгейге дейін өскен эволюциялық даму жолдары айқындалды.
Ақындық өнердің басқа салаларындағыдай Абайдың аударма саласындағы жаңалығы оның қасындағы шәкірттерін бірден елітті. Қазақ поэзиясына келген жаңа құбылысқа дені орыс тіліне жетік Абай мектебі өкілдерінің қызығып, бірден бас қоюы заңды-тын. Абайдың бағыт-бағдарымен, тікелей қолдауымен Европа, орыс ақын-жазушыларының түрлі деңгейдегі әдеби туындылары қазақша сөйлей бастады. Шәкәрімнің А.Пушкиннен аударған Дубровский, Боран, Л.Толстойдан Алты әңгіме әңгімелер циклы, американ жазушысы Г.Бичер Стоудың Том ағайдың балағаны, Әсет ақынның Евгений Онегин, Уәйіс Шондыбайұлының Иванушке-дурачок, Тұрағұл Абайұлының М.Горкийден аударған Челкаш, А.Неверовтен Мен өмірге жерікпін, Ортақшыл Мария әңгімелері, Б.Прустан Антек, Д.Лондоннан Баланың ерлігі, бізге жетпеген Д.Лондоннан Матин Иден романы сияқты кейбірі нәзиралық үлгіде жалпы оқиғасы қазақшаланса, кейбірі түпнұсқадан алыс кете қоймаған түрлі жанрдағы көркем шығармалардың дүниеге келуінің басында Абай тұр.
Абайдың аударма дәстүрі қазақ әдебиетіне өзіндік принциптері мен шеберлік үлгісін ала келді және ақын көздеген тағылымдық, тәрбиелік сипаттарға құрылды. Әр шәкірт өз шама-шарқына қарай, аударманың түрлі үлгісін игере отырып ұстаз қойған биік межені бағындыруға тырысты. Аудармалар шәкірттердің орыс тілін білу дәрежесіне, ақындық шеберлігіне, түпнұсқа авторының айтар ойын қаншалықты дәл тауып, тамырын дөп басқанына қарай әр-түрлі үлгіде және қилы көркемдік деңгейде жазылды. Мәселен, Әсеттің Евгений Онегині мен Уәйістің Иванушке-дурачогын Шәкәрім, Тұрағұл аудармаларымен бір үлгіге, бір деңгейге қоюға келмейді. Тіпті, Шәкәрімнің Дубровскийі Әсет, Уәйіс аудармаларындай нәзира үлгісіне жақын дегенімізбен, алдыңғысының көркемдік деңгейі көш ілгері. Ал, Толстойдан аударғандарының сәттілігін екі ақын арасындағы рухани туыстықтан іздеген жөн. Сондай-ақ, Тұрағұлдың прозалық аудармаларындағы еркін аударылған Челкашынан дәлме-дәл (жолма-жол) аударған Мен өмірге жерікпіні сәтсіздеу шыққан. Диссертацияда әр ақынның аударма жолындағы ізденістері мен жетістіктерін ғана емес, әрқайсының шама-шарқына байланысты кемшін соғып жататын тұстарын жеке-дара қарамай Абайдың өнеге-ықпалының аясында қарастырып, Абай мектебіндегі аударма дәстүрінің тынысын ашуға тырыстық. Бір ескеретіні Абай айналасындағы аударма ісімен айналысқан шәкірттердің көбі орыс мектебінің маңай-қарасын көрмеген, көргендерінің өзі тіл сындырудан ары бармай, негізгі сауатын Абай алдында ашқандар. Арнайы орыс мектебінен өтпей, классикалық аударма үлгісін ұсына білген Шәкәрім, Тұрағұл сынды шәкірттердің таң-тамаша етер таланты мен қоса ұстаз Абайдың осыншалық деңгейде тіл үйрету қабілетіне тәнті боласың.
Демек, Абайдың қазақ әдебиетіне қосқан кезекті бір жаңалығы - профиосионалдық үлгідегі аударма жанрын әкелуі десек, ол - аударма саласын қалыптастырып қана қоймай, бірден үлкен биікке шырқатқан шебер аудармашы. Төл әдебиеттің ерекшеліктерін ескере отырып, орыстың ең таңдаулы туындыларын кереметтей шеберлікпен қазақша сөйлеткен ақынның құдіреті соңындағы шәкірттердің аңсарын өзіне аударып, бұл жанрдың сол ортада тез қанаттануына себепкер болды. Абай және оның айналасындағы аудама жанрының қалыптасып, келе-келе классикалық деңгейге жеткен туындылар Абай айналасында қалыптасып, қанат жайған қазақ әдебиетіндегі алғашқы аудармалар болуымен құнды. Абай айналасындағы аударма өнерінің бір қыры нәзиралық сипаттармен байланысып жатса, идеялық-тақырыптық жағынан алғанда тағлымдық, тәрбиелік сипаттарға құрылды. Арнайы орыс мектебін көрмеген ақын шәкірттердің аударма өнерін үйренудегі ұстазы Абай болып, әр ақын шәкірт өз ақындық ерекшелігіне, аудармашылық шеберлігіне байланысты аударманың түрлі жолдарын ұстана отырып, әр-қилы көркемдік деңгейде өз туындыларын ұсынды. Нәзиралық ретпен жазылған Әсеттің Евгений Онегині, Уәйістің Иванушке-дурачогі аудармадан гөрі, мазмұнын қазақшалап жырлап шыққан төл туындыға жақын дүниелер болса, Шәкәрім мен Тұрағұлдың шығармалары - нағыз классикалық аударманың үлгісін танытатын туындылар ретінде қазақ әдебиетінде өзіндік бағасын алуда.
Абай қалыптастырған өнер ортасы деген тарауды ғылыми жұмысқа арқау етуіміздің басты себебі Абай айналасына ақындар ғана емес, сегіз қырлы өнерпаз жастар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай қара сөздерінің морфологиялық ерекшеліктері
Ақындық тұлғаның лирикалық кейіпкерге қатысы
Шәкәрім өлеңдеріндегі тұлға мәселесінің дәстүрлік негіздері
Абайдың жантанулық көзқарастары
Жақ категориясы немесе жіктік жалғауы
Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма сәйкестігі
АБАЙ. 1845-1904
Көркем шығарманы оқыту
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері және олардың грамматикалық тұлғасы
Ғасырлық туынды – «абай жолы»
Пәндер