Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға инклюзивті оқыту идеясының артықшылықтары


Қалыпты дамыған және дамуында ауытқушылықтары бар балаларды бірлестіре отырып оқытуды зерттеу технологиясы
МАЗМҰНЫ
І
1. 1
1. 2
1. 3
1. 4
КІРІСПЕ . . .
НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . .
Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға инклюзивті оқыту идеясының артықшылықтары . . . Қалыпты дамыған және дамуында ауытқушылықтары бар балаларды бірлестіре отырып оқытуды зерттеу технологиясы . . .
Қалыпты дамыған және дамуында ауытқушылықтары бар балалармен бірлестіріп, білім берудің әдістемесі және нысандары . . .
Қажеттіліктері ерекше балаларды тиімді кіріктіруді қамтамасыз ететін сыртқы және ішкі жағдайлар . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3
4
4
6
8
132223
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Біздің елімізде арнайы білім беру, көбіне, жалпы білім беру жүйесінен мейлінше оқшауланған, арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының жүйесі ретінде қарастырылып келді. Бірыңғай ұйымдастыру жағдайындағы бірге оқыту негізінде оларды бір-біріне жақындастыруға қадам басу «біріктіре оқыту» деген атқа ие болды.
Шынайы кіріктіру ерекше қажеттіліктері бар әр балаға жалпыға білім беру мектептерінде және бала бақшаларында тиімді жағдай жасауды білдіреді, оқушыны, барлық қажетті жабдықтары, ал ең бастысы - жоғары кәсіби мамандары бар, арнайы білім беру мекемесінен, оған бейімделмеген жалпыға білім беру мектептері мен бала бақшаларына қарапайым ауыстырудың баланың мүмкіндіктері мен ерекше қажеттіліктеріне сәйкес келетін кіріктіруге ешқандай қатысы жоқ. Н. Н. Малофеевтің ойынша, «жасанды кіріктіру кемсітушіліктің жасырын түрі болып табылады. Егер баланы, оның ерекше білім алу қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жағдайы жоқ, жалпы білім беру жүйесіне жіберсе, оның сапалы білім алу құқығы, шындығында, бұзылады. Бұл кезде баланың жағдайы жақсарудың орнына одан да нашарлай түседі».
Сонымен, ерекше қажеттіліктері бар балаларды кіріктіре оқыту - оған жалпыға білім беру ұйымдарында білім алуға барлық құқықтар мен шынайы мүмкіндіктерді беру үдерістері мен нәтижелері ғана емес, жалпы және арнайы білім беру арасындағы тосқауылдарды жеңе отырып, олардың арасындағы шекараны ашып, сапалы жаңа қарым-қатынас жасау үшін негіз құру. Бұл кезде дамуында ауытқушылығы бар әр балаға, оның бойындағы ауытқудың құрылымына, психофизикалық және психологиялық ерекшеліктеріне қарай, қажетті арнайы (түзету) психологиялық-педагогикалық көмек беру мен қолдау көрсету сақталуы керек. Медициналық-психологиялық-педагогикалық қолдаудың мақсаттары, міндеттері және мазмұны, өз кезегінде, даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен қалыпты дамып келе жатқан балаларды кіріктіре оқытудың, мамандардың ойынша, нақтылы осы бала үшін мейлінше тиімді болатын үлгісінің талаптарымен анықталады. Осыған сәйкес, мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың жетекшілері мен мұғалімдері үшін кіріктіре оқытудың түрлі үлгілерін білу, түсіну және саралау, сонымен қатар оларды тәжірибе барысында жүзеге асыра білу өте маңызды болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: балаларды инклюзивті оқыту идеясының артықшылықтарын, қалыпты дамыған және дамуында ауытқушылықтары бар балалармен бірлестіріп, білім беруді зерттеу технологиясы, білім берудің әдістемесі және нысандары, қажеттіліктері ерекше балаларды тиімді кіріктіруді қамтамасыз ететін сыртқы және ішкі жағдайларды зерттеу.
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1 Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға инклюзивті оқыту идеясының артықшылықтары
Теориялық негіздемесі «Бәріне бірдей мүмкіндік» принципін ұстанатын инклюзивтік білім берудің енгізіле бастағанына көп бола қойған жоқ. Бұл термин көбіне «Сапалы білім - барлығы үшін» түсінігімен бірге қолданылады. Яғни жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі бала мен басқа да әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын оқушыларға өзгелермен теңдей білім беру, соған жағдай жасау. Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар көбіне-көп арнайы мектеп-интернаттарда білім алады. Шындығында олар оқшауланған, қоғамдық өмірге аса бейім емес. Мәселенің бұлай қалыптасуына бүгінгі қоғамның да кінәсі бар. Өйткені біз мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз. Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді-енді қолға алына бастады. Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға олардың ерекшеліктерінен тыс сапалы білім беру болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Ең бастысы, аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері айқындалды. 2004 жылы зерттеу жүргізілген кезде, орта мектеп педагогтарының 80 пайызы бұл жүйеге қарсы болса, 2007 жылы 49 пайызы ғана қолдамаған. Яғни педагогтардың басым көпшілігі мұндай балаларды мектепке қабылдауға дайын болды. Ал ата-аналардың 79 пайызы түсінбей, «неге менің баламның қасында мүгедек бала отыруы керек?» деп наразылық білдірсе, қазір олардың көпшілігі бұл идеяны қолдайды. Бұл инклюзивтік білім берудің дамып жатқанын көрсетеді. Бірақ шешімін таппаған мәселелер көп. Орта білім беретін мектептерде педагогтарды дайындау, мектептердің ондай балаларды қабылдауға дайын болуы секілді мәселелер шешілу керек. Республиканың мектепке дейінгі және бастауыш білім беру жүйесінде ерекше қажеттілікті балаларды оқыту мен тәрбиелеу қазіргі заманғы қазақстандық әлеуметтік экономикалық жағдайларды, ұлттық білім беру жүйесінің ерекшеліктерін ескеруі тиіс. Оның үстіне, интеграция мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде сезімтал бағдарлама мен кадрлық базамен қамтамасыз етілген жағдайда жүзеге асуы қажет, ал әдістемелер баланың ерекше мүмкіндіктері мен қабілетіне, сонымен қатар оның дамуындағы ерекше қиындықтар сипатына сәйкес болғаны жөн. Қазақстан 2008 жылы БҰҰ-ның «Мүгедектердiң құқықтары туралы» конвенциясына қол қойып, барлық мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауға міндеттенген. Осы мәселені талқылаған халықаралық конференциялар, түрлі семинарлар ұйымдастырылуда. Бас сарапшы «Қазақстан инклюзивті білім беруді дамытуға дайын» деп есептейді. Бірақ қажетті құқықтық құжаттарға өзгерістер енгізу қажет. «Біз алғашқы қадамын жасадық. Сондықтан мемлекеттік «Білім беруді дамытудың 2011-2020» жылдарға арналаған бағдарламасына бірінші рет инклюзивті білім беруді дамыту қосылды. Бірақ бізде жұмыс істеп тұрған арнайы мектептердің жүйесі сақталады. Өйткені бәрін бір партаға әкеп отырғыза алмаймыз. Қанша айтсақ та, жарымжан балалар жалпыға білім беретін мектеп жағдайында қажетті білім ала алмайды. Сондықтан бұл жүйе кеңейе береді. Жақында ғана республикалық зағип балаларға арналған жаңа мектеп салу жөніндегі Үкіметтің шешімі шықты. Арнайы мектептер жалпыға білім беретін оқу орындарына ресурс секілді болады, өйткені мұнда арнайы ұжым қалыптасқан[1, 40-б. ] .
Біздің елімізде 1996 жылдан бері қолданылып келе жатқан Халықаралық білімділік «Step by step» бағдарламасы ерекше қажеттілікті балаларды қолдауды, қатардан қалдырмауды қамтамасыз етеді. Оның негізіне төмендегідей қатаң тұжырымдар салынған:
1. Балалар отбасы мен қоғамдастықтың мүшесі болып табылады.
2. Әр бала білім алуға құқылы.
3. Әр баланың қайталанбайтын бірегей ерекшелігі, қызығушылығы, қабілеті мен қажеттіліктері бар.
4. Балалардың қажеттіліктері назардан тыс қалмай және дербес түрде қанағаттандырылған жағдайда олар жақсы оқиды. Балаға бағдарланған балабақшалар мен мектептер әр баланың әлеуетін ашуға ұмтылады, бала бойына адамдардың айырмашылығына шыдамдылық таныту дарытылады, отбасымен өзара қарым-қатынасты нығайтады. Дамуында ауытқулары бар балалар үшін арнайы жағдайлар жасалуы керек. Ол үшін білікті тәрбиешілер мен мұғалімдер қажет болады. Оның үстіне педагогтер осы балалардың ата-анасымен ынтымақтаса білуі, оларға білікті көмек бере білуі тиіс. Инклюзивті білім беру жүйесі кездесіп отырған күрделі проблема - оған қоғам тарапынан туып отырған теріс көзқарас проблемасын жою. Ақпараттың аздығы, қорқыныш, бала құқын аяқасты ету-осының бәрі даму мүмкіндігі шектеулі балаларға теріс көзқарасты дамытады. Бір жағынан, арнайы оқыту әдістемесінің жоқтығы инклюзивті білім беру үшін елеулі қиындықтар туғызады. Тәрбиешілер мен мұғалімдер дамуында ауытқулары бар балалармен жұмыста өздерінің кәсіби дайындығы деңгейіне көңілі толмайтындығын атап көрсетеді. Мысалы, педагогтар (тәрбиешілер), оның ішінде дефектологтар баланың оқуы мен даму үдерісіне теріс ықпал ететін барлық жағдайлар мен факторларды білмеуі мүмкін. Алайда, мұғалімдер бала бойындағы ауытқуларды дер кезінде анықтап, нақты іс-қимылға дайын болуы тиіс.
Инклюзивті білім беруді дамытуды мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу жүйесін жетілдірудің басты бағыттарының бірі ретінде қарастырған жөн. Бала және оның ата - анасының тұрғылықты жеріне сәйкес жалпы типтегі мекемелерде мұндай балаларға білім беруді ұйымдастыру оларды ұзақ мерзімге мектеп - интернатқа жіберуден сақтап, отбасында тәрбиеленіп тұруы үшін жағдай жасайды, қалыпты деңгейдегі дамыған құрдастарымен күнделікті қарым - қатынас жасауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік бейімделуі және қоғамға кіріктіруге қатысты мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді[2, 71-б. ] .
1. 2 Қалыпты дамыған және дамуында ауытқушылықтары бар балалармен бірлестіріп, білім беруді зерттеу технологиясы
Елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» сипатталып, оның жоспарлы дамуына әсер ететін қауіп - қатер ретінде елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек балалардың көбеюі атап көрсетілді және 2 кезеңге белгіленген инклюзивті білімді жүзеге асыруға мақсаттар мен міндеттер айқындалды. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ҚР - да 2015 жылға қарай инклюзивті білім берумен мүмкіндігі шектеулі балалардың 25%-н қамту көзделсе, инклюзивті білім беруге жағдай жасаған 70%-ға ұлғаяды, инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі даму мүмкіндігі даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан 50% құрайтын болады. Дегенмен бұл саланың да проблемалары жетерлік. Қазіргі уақытта инклюзивті білім беруді дамытудағы нақты прогреске бірнеше факторлар: объективті және субъективті қиындықтар кедергі келтіруде.
«Мүгедектер құқықтары туралы» инклюзивті білім беру ережесі Біріккен Ұлттар Ұйымының бас Ассамблеясымен, мақұлданып, БҰҰ-ның Конвенциясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілген. Көршілес Ресей мемлекетінде 1990 жылдан бастап, инклюзивті білім беру жүйесі құрыла бастады /2/.
Қазақстан Республикасының Елбасы өз жолдауында әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөлді. 2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты - білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын жақсы білім беру қорлары мен технологияларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету болып отыр.
Мемлекеттік саясаттың басты міндеттерінің бірі - мүмкіндіктері шектеулі балалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім алу құқықтарын жүзеге асыруын қамтамасыз ету болып табылады.
Білім беру саласындағы халықаралық құжаттар негізінде құрылған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүмкіндігі шектеулі баланың білім алудағы тең құқықтар қағидалары қарастырылады[3, 80-б. ] .
Мүмкіндігі шектеулі баланың білім алу құқығына кепілдіктер Қазақстан Республикасының Ата Заңы - Конституцияда, «Қазақстан Республикасында бала құқықтары», «Білім», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау», «Арнай әлеуметтік қызметтер», «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік - медициналық - педагогикалық және психологиялық түзете қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген.
Мүмкіндіктері шектеулі баланың білім алуға құқықтарын жүзеге асырудың басты мақсаты ретінде оның дене және психологиялық ерекшеліктерін ескере отыра балалардың білім алуы үшін қажетті жағдайларды жасау қарастырылған.
Қазіргі уақытта ортамызда болып жатқан әлеуметтік жанұя мәселелері, экологиялық-эканомикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық аурулары бар, кемтар болып туылатын нәрестелердің саны жыл сайын өсіп отыр. Жалпы білім беретін мектептерде ондай балалар аз емес. Мектепте және үйде де ондай балалар жеке ықпал жасауды қажет етеді. Ол үшін баланың психологиялық қажеттіліктерін, оқу үлгерімін зерттеп, психологиялық түзеу жұмыстарын ұйымдастыру керек. Баланың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері түрлі болуы мүмкін. Олар басынан өткен аурулар, негізгі әлеуметтік жағдайы, нашар көруі, құлақ ауруы тағы да басқа себептерден болуы мүмкін. Психикалық дамуының тежелуінің негізгі бұзылыстары интелектуалды деңгейі көбіне таным процестері: зейіні, логикалық есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді.
Республикамызда жалпы білім беру ортасында мүмкіндіктері шектеулі балаларды қалыпты деңгейде дамыған балалармен бірге кіріктіріп оқыту үдерісі дамып келе жатқанын атап өту қажет.
Қазіргі таңда кіріктірудің төмендегідей үлгілері бар:
1. Жалпы білім беру мектептерінің арнайы (түзету) сыныптарында мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы.
Қазіргі таңда жалпы білім беру мектептерінің 1318 арнайы сыныптарында 9144 мүмкіндігі шектеулі бала, 102 түзету мектебінде 15639 бала білім алады, оның ішіндегі 2 мыңға жуығы психикалық дамуы тежелген балалар, 8049 астам ақыл - ойы кем балалар, қалғандары дене дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балалар.
2. Инклюзивті білім беру дегеніміз - қалыпты деңгейде дамыған балалармен бірге бір сыныпта мүмкіндігі шектеулі баланың білім алуы.
Инклюзивті білім беру жүйесіне кіріктірілген балалар үлесі жалпы балалар санының 19, 1% (2010 жылы 12, 0%) құрайды.
Астана қаласы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру ортасына енгізуге жағдай жасау мәселелері өз шешімін табуда. Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында оқу - тәрбие үдерісіне мүмкіндігі шектеулі балаларды кіріктіру мәселелері төмен деңгейде.
Инклюзивті білім беруді дамытуды мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу жүйесін жетілдірудің басты бағыттарының бірі ретінде қарастырған жөн. Бала және оның ата - анасының тұрғылықты жеріне сәйкес жалпы типтегі мекемелерде мұндай балаларға білім беруді ұйымдастыру оларды ұзақ мерзімге мектеп - интернатқа жіберуден сақтап, отбасында тәрбиеленіп тұруы үшін жағдай жасайды, қалыпты деңгейдегі дамыған құрдастарымен күнделікті қарым - қатынас жасауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік бейімделуі және қоғамға кіріктіруге қатысты мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік - медициналық - педагогикалық және психологиялық түзете қолдау туралы» заңына сәйкес жалпы білім беру мекемелерінде білім алатын және кезінде «оқыту мүмкін емес» оқушылар қатарына жататын балаларға түзете - педагогикалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін жаңа түрдегі арнайы білім беру мекемелерінің желісі кеңейтілуде.
Мұндай мекемелерді құру қажеттілігі елімізде бар арнайы (түзету) мекемелердің барлығында түрлі ауытқушылығы бар балаларға дұрыс түзете - педагогикалық қолдау көрсетуге толықтай мүмкіндік жоқ болғандықтан туындаған.
Бүгінгі күні республикамыздағы арнайы ұйымдар жүйесінде 63 түзету және инклюзивті білім беру кабинеті, 129 психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті, 20 оңалту орталығы және 479 логопедиялық пункт қызметтерін жүзеге асыруда.
Қазіргі таңда түзете білім беру ұйымдарының желісін сақтап, жетілдіру және инклюзивті білім беру жүйесін қатар дамыту ең тиімді қадам болып табылады. Мұндай жағдайда түзету ұйымдары жалпы білім беру мекемелерінде қызмет жасайтын мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз ететін оқу - әдістемелік орталық, білім алып отырған тұлғалар және олардың ата - аналарына кеңес беру және психологиялық - педагогикалық түзете көмек көрсету қызметін атқарады[4, 89-б. ] .
1. 3 Қалыпты дамыған және дамуында ауытқушылықтары бар балаларды бірлестіре отырып оқытуды зерттеу технологиясы
Қазақстан Республикасының инклюзивтік білім беруінің тұжырымды негіздері біріктірудің саналуан үлгілері мен түрлерін білім беру ұйымының түрі мен мүмкіндіктеріне байланысты қолдануды қарастырады. Бұл түрлі санаттағы балаларды біріктіріп оқытудың артықшылықтарын мейлінше толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазыр әлемде инклюзивтік білім беруді ұйымдастырудың барынша жеткілікеті үлгілері белгілі, олар көптеген авторлармен арнайы педагогикалық әдебиеттерде ұсынылады. Жалпылап алғанда олар кіріктіре оқытудың келесі нұсқаларын ұсынады:
1. Қажеттіліктері ерекше жекелеген оқушыларды жалпыға білім беру мектептерінің қалыпты сыныптарына қосу: жалпыға білім беру мектептерінің оқу үдерісіне балаларды ішінара қосу (бала тұрақты арнайы мектепте оқиды және қалыпты мектептің жекелеген сабақтарына ғана қатысады) ; баланы оқуға белгілі бір мерзімге уақытша қосу (әдетте, ұзақ уақытқа емес және баланың барлық пәндер бойынша өз қатарларымен бірдей оқу мүмкіндігін тексеру үшін) ; барлық оқу мерзіміне толық қосу.
2. Қажеттіліктері ерекше балалар үшін жалпыға білім беру мектептерінің жанынан енгізілген арнайы сыныптар ұйымдастыру: жалпыға білім беру мектептерінің қалыпты жоспарлары және бағдарламалары бойынша бірдей жұмыс жасайтын; қажеттіліктері ерекше балаларға арналған арнайы жоспарлар мен бағдарламалар бойынша жұмыс жасайтын; білім беру жеке білім беру жоспарлары негізіндегі жалпы білім беру стандарттары бойынша ұйымдастырылады.
3. Модулді кіріктірілген білім беру психикалық және тұлғалық кемшіліктері бар балалар үшін жалпыға білім беретін мектептер жанынан арнайы (түзету) мектептің жоспарларымен және бағдарламаларымен жұмыс жасайтын, оқу үдерісімен қатар оңалтуды да қамтамасыз ететін жеке инфроқұрылымы бар модуль-сыныптарын ұйымдастыруды білдіреді.
Білім берудегі интеграциялық үдерістердің дамуы мүмкіндіктері шектеулі барлық балаларды дендері сау қатарларымен бірге оқытудың пайдалылығы мен мүмкіндіктері туралы пікірталастар тудырды. Жалпыға білім беру жүйесін өзгерту шегінің және әр оқушының білім алу қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажетті жағдайдың болуы туралы ереже осы пікірталасқа негіз болды. Келесі пікірлер айтылды: кейбір жағдайларда (негізінен интеллектуалдық саласында бұзылулары бар балалар үшін) сыныптастар арасындағы когнитивтік даму деңгейінің бірталай алшақ болуына байланысты, тек жалпыға білім беру сыныбында оқыту тиімсіз. Сонымен қатар, табысты бірлесу үнемі бірге оқу арқылы ғана қамтамасыз етілмейтіні туралы да айтылды[5, 76-б. ] .
Бұл пікірталастар бірге оқытудың көптеген нұсқаларын жасауға алып келді, оларға жоғарыда келтірілген үлгілердің түрлі элементтері кіреді. Сонымен, Н. Н. Малофеевтің, Н. Д. Шматконың жіктеулеріне сәйкес, жалпыға білім беру мектептеріне даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды кіріктірудің келесі түрлерін қарастыруға болады:
1. Тұрақты толық кіріктіру - бұл нұсқада ақыл-есі және психикалық даму деңгейі бойынша жасына сай келетін даму мүмкіндіктері шектеулі балалар жалпыға білім беру сыныптарында жалпы негізде оқытылады және қажетіне қарай жеке маманның көмегін алады. Тұрақты толық кіріктіру дамуында қандай да бір кемшілігі бар баланы мектепке дейінгі топтар мен сыныптарда дамуы қалыпты балалармен тең оқытуды білдіреді. Бұл үлгі психофизикалық және тілдік даму деңгейі жасына сәйкес немесе соған жақын келетін балалар үшін және дендері сау қатарларымен бірге оқуға психологиялық жағынан дайын балалар үшін тиімді болуы мүмкін.
Даму мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды толық кіріктірудің маңызды шарты - жалпыға білім беру сыныбында жалпы және арнайы білім беру жүйесінің екі мұғалімінің болуы. Қосымша мұғалімнің міндетіне білім алу қажеттілігі ерекше оқушыға көмек көрсету мен оның сабағын қадағалау ғана кіріп қоймайды, сонымен қатар негізгі мұғаліммен бірігіп, білім беру үдерісін жекелендіру қағидасына сәйкес, педагогикалық әдістер мен тәсілдерді түрлендіру де кіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz