Мүмкіндіктері шектелген балаларды оқытудың тұжырымдамалық негіздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мүмкіндіктері шектелген балаларды оқытудың тұжырымдамалық негіздері.

МАЗМҰНЫ

І
1.1
1.21.3
1.4
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Инклюзивті білім беру - қоғам қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Жалпы білім беру жүйесінде интеграция мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Инклюзивті білім беру үдерісінің заңнамалық негіздері ... ... ... ... ... ... .. .
Жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті оқытудың жағдайы мен тұжырымдамалық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...

3
4
4
8
12

15
21
22

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Еліміздің тәуелсіздік алып, дербес даму жолы қоғам өмірінің барлық саласын елеулі өзгерістерге әкелуде. Қазіргі қоғам дамуының қажеттілігіне сай егеменді еліміздің алдында тұрған басым міндеттердің бірі-арнаулы білім беру мазмұны бойынша білім алатын ерекше қажеттіліктері бар тірек-қимыл апараты бұзылған тұлғаға педагогикалық көмек көрсетудің тиімді жолдарын ұйымдастыру. Бұл өзекті мәселенің мазмұны мен міндеттері, дамыту жетістіктері отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып анықталады.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан-2050:бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелері мен білікті мамандар ұсыну- деп атап көрсеткен. Білім беру саласындағы шешімі толық табылмаған мәселенің бірі-инклюзивті білім беру.
Инклюзивті білім беруді дамыту бағыттары 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік дамыту бағдарламасының шеңберінде шешімін табуы қажет.
Мемлекетіміздің әрбір aзaмaты - ұлттық құндылық, әрбір бaлacы - еліміздің ертеңі екенін еcкерcек, әрбір ерекше білім беру қaжеттілігі бaр oқушылaр caпaлы білім aлып, aзaмaт бoлып қaлыптacуынa жaғдaй жacaу міндетіміз бoлып тaбылaды.
Caпaлы білімнің бaрлығы үшін қoлжетімді бoлу шaртын қaлыптacтыруғa бaғыттaлғaн білім беру жүйеcін түрлендіру прoцеcтерінің бірі инклюзивті білім беру бoлып тaбылaды. Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: білім беру бағдарламаларының мазмұны, жаңартылған бағдарлама мазмұны, мектеп бағдарламалары мен оқулықтарына талдау жасау болып табылады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатында 2009 жылғы инклюзивті білім беруді дамыту жобасы дайындалды, ал 2010 жылдың 1 ақпанында ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның басты мақсаты - елімізде инклюзивті оқытуды дамыту, осы заң аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте бастан білім беру мен оларды әлеуметтік, медициналық тұрғыдан қамтамасыз етуді қарастырады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: инклюзивті білім беру - қоғам қажеттілігі ретінде, жалпы білім беру жүйесінде интеграция мәселесін, инклюзивті білім беру үдерісінің заңнамалық негіздері мен жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті оқытудың жағдайы мен тұжырымдамалық негіздерін қарастыру болып табылады.

I НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 Инклюзивті білім беру - қоғам қажеттілігі

Қазіргі уақытта даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасаудағы өзекті мәселе - инклюзивтік білім беру. Инклюзивтік білім мүгедек балаға өзінің құқықтарын іске асыруға мүмкіндік береді.Көшеде өзінің жасындағы балалармен ойнап жүрген мектепке дейінгі жастағы балаға жақын жердегі мектепке емес, ерекше жағдайдағы мектепке баратыны жөнінде қалай түсіндіруге болады. Инклюзивті білім беру системасының өзі инклюзивтік қоғамның дамуының тиімді механизмі болып табылады. Инклюзивті білім беру системасын дамыта отырып,біз инклюзивтік қоғам,яғни әрбір адам үшін қоғамды дамытуға жол ашамыз. Инклюзивті білім мүмкіндігі шектеулі балаларға балабақша, мектеп, институт, мектепке дейінгі және мектеп өміріне толық көлемде қатысуына мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларды теңдікке, тең құқылыққа ынтыландыру қорына ие. Қазіргі жас ұрпақ біздің болашағымыз. Бұл жас ұрпақтың ішінде қарапайым балалар да, даму мүмкіндігі шектеулі балалар да бар.Ендеше бұл балаларды бөлмей, бәріне бір көзқараспен қарап,олардың болашағына жол ашуға көмектесейік.Әрине бұны жеңіл деп айта алиаймын.
Бірақ бір сәт даму мүмкіндігі шектеулі балалардың орнында болып көрейікші,бізге қандай ауыр болса,оларға бізден аса ауыр. Сондықтан,даму мүмкіндігі шектеулі балалардың, мүгедек балардың толық көлемде өмір сүруі үшін біздің еңбектенуіміз керек.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев: Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге қажет. Бұл өзіміздің және қоғам алдындағы парызымыз. Білім беру мекемесінің ортасы денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалардың қажеттілігіне бейімделуі тиіс, кедергісіз болуы керек, өйткені мүгедек балалардың толыққанды кірігуін қамтамасыз етуі қажет, - деп атап өткен. Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру[1, 12-б.].
Инклюзив - сөзі латын тілінен аударғанда өзімді қосқанда ал, ағылшын тілінен аударғанда араластырамын деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім беру дегеніміз - балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу. Инклюзивті білім беру немесе білім баршаға бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвенциясында 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілген болатын. Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы ресми дерек Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілді. Инклюзивті білім жүйесін дамыту: 2015 жылға қарай мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардыжалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді, түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады,; 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін қөтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен арнайы парталар, арнайы үстелдер және басқа да компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы кедергісіз аймақтар құрылады делінген. Сондай-ақ аталмыш бағдарламада мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып- тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалмақ. Бүгінгі таңда үйден оқып білім алатын мүмкіндігі шектеулі балалардың бірлі - жарымы компьютерлік техникамен қамтамасыз етіліп отыр. Арнайы оқытуда компьютерлік технологияны қолданудың екі жұмыс істейтін міндеттің шешіміне байланысты: Инклюзивті білім беру әлемдік тәжірибеде әрбір адамның құқықтар, еркіндіктер және арождан теңдігінің ізгілікті құндылықтарын іс жүзінде жүзеге асыру мүмкіндігі берілген барлық, осындай балаларды оқытатындарға да, олармен бірге оқитындарға да, оларды отбасында тәрбиелеп отырғандарға да арналған игілік ретінде қабылданады және жүзеге асырылады. Халықаралық құжаттардың тізілімі мен атаулары білім алуға тең құқықтар идеясын жақтаушылардың барлық адамдарға, балалар мен ересектерді қоса, арналған мәдени игілік және әлеуметтік құқық ретінде күш-жігерін көруге мүмкіндік береді, ол білім беруге деген әлеуметтікмәдени тәсіл аясындағы білім беру инклюзиясының ғаламдық мәнмәтініне куә болады[2, 19-б.].
Ерекше қажеттілігі бар тұлғалардың білім беру саласындағы қағидаттары, саясат және практикалық іс-әрекеттер жөніндегі Саламан декларациясы (Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оқыту туралы Бүкіл әлемдік конференциясы, Саламанка, Испания, 1994 ж.); - Жүзеге асырудың Дакар Рамкасы. Жаппай білім беру: ортақ міндеттемелердің орындалуы (Дакар, Сенегал, 2000 ж); - Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенция (БҰҰ, 2006 ж.). Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл - ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әр түрлі. Десекте қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады.Осы ретте мектебімізде әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп білім берілуде. Бүгінде еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім беретін мектептерде түзете-дамыта оқыту сыныптары біртіндеп ашылып жатыр. Бұл сыныптың мақсаты: әр сыныптағы мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бір сыныпқа топтастырып, әр оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беру. Бұл сынып ашылғанымен өз алдына үлкен қиыншылықтары бар. Себебі: бұл сыныпқа кей мектептерде әртүрлі сыныптан жиналған оқушылар оқиды. Екіншіден олардың жас ерекшелігі әртүрлі болғандықтан әр сыныпқа өзінің сыныбына сәйкес білім берілу керек. Үшіншіден білім беру бағдарламасыныңәртүрлілігі. Төртіншіден мұндай сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерінің арнайы педагогикалық білім көлемінің аздығы.Осының нәтижесінде балаларды оқытудың бірінші сатысынан - ақ қиыншылықтарға тап болады. Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындастырады. Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бірлесіп (интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру боп табылады. Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылғы Кемтар балаларға әлеуметтік-медициналық-педагогикалы қ-психологиялық түзеу арқылы қолдау туралы № 343 заңы бойынша ТДО сыныптары үйден оқыту, үйден әлеуметтік көмек көрсету, көмекші бағдарлама, арнайы (ПДТ) бағдарлама бойынша куәлік беру ережелерін және мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау, қамқорлау, диагнозын анықтау, емдеу, оңалту, тәрбиелеу, оқыту, қатарға қосу мәселелері бойынша жаңадан шыққан заң, қаулы, ереже тәртіптерінде қаралған.
Инклюзивті білім беру - ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту-даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі.Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы қалыпты балалар сыныбында - тобында оқиды және дефектолог мұғалімнің жүйелі көмегін алады) , жартылай (жеке балалар күннің жарты бөлігі арнайы топтарда, ал екінші бөлігі) қарапайым топтарда өткізіледі. Уақытша арнайы топтардағы бала бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді, өткізу үшін біріктіріледі. Толық дамуында ауытқулары бар балалар балабақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді. Кемтар балалардың ата-аналары көмекші не арнайы мектептерге, арнайы интернаттарға немесе балабақшаға баласын бергісі келмесе жалпы балалалр оқитын мектептерге ПМПК-ның ұсыныс бойынша жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқытуға толық құқылы. Жалпы білім беретін мектептер, балалабақашалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген баланың деңгейіне қарай жеңіл бағдарламамен білім беруге тәрбиешілермен мұғалімдер инклюзивті білім беруге дайын болғаны жөн. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастырудың идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткендей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалып жатады. Мұндай қалыптасқан жүйе баланың даралық қажеттілігін қанағатттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкншілігін қалыптастырады. 3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті (мектептерде педагог- дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) алға қойылған. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге асырылмақшы. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы[3, 24-б.].
Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдар мен қарымқатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивтіоқыту-барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайын да өзгереді. Инклюзивті білім беруді ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады. Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарын белсенділікке шақыруға балалардың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жасерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат. Инклюзивті оқытуды даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі ретінде бағалайды.Мұндай білім негізінде барлық адамдарға тең қарым-қатынас, арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнайы жағдай жасау, жеке түзеу-дамыту бағдарламаларын іске асыру қажеттілігін қанағаттандыру қажет. Балалардың бір-біріне түсінушілікпен қарап, тең дәрежеде қарым-қатынас жасауына тікелей ұстаздың ықпалын қажет етеді. Сөйлеу, көру, есту, қимыл-қозғалыс аппаратында, сезімдік-ерік ортасында, оқуында, қарым-қатынасында, мінезқұлқында және басқа да бұзылыстары бар балаларды кіріктіру мақсатында кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсете аларлықтай педагог кадрлар даярлығын арттыру қажеттілігі де жасырын емес. Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде ақыл-ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен, әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің даму деңгейі әртүрлі.
Мемлекеттік жалпы білім беру стандарты негізінде білім алған болашақ кәсіби маман сол саланың бакалавры біліктілігін алады. Мектепке дейінгі ұйымдар мен орта мектепте қалыпты білім алушылармен жұмыс жасауға бейімделеді. Бірақ бұл ұстаздар түрлі ауытқуы бар балармен жұмыс жасауға машықтанбаған, қарым-қатынас типтерін меңгермеген. Сондықтан болашақ кәсіби маманның мүмкіншілігі шектеулі балалармен жұмыс жасай алуына мүмкіндік беретіндей инклюзивті білім берудің қарапайым түсініктерін қалыптастыру мақсатында барлық мамандық даярлау бағыттарындағы оқу жоспарларына Инклюзивті білім курсы енгізілуде. Бұл қуана құптарлық жай. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы ретінде арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формалармен сабақтасады. Жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындастырады. Білім беретін мекемелердегі мүмкіндігі шектеулі балаларды бірлесіп оқуын ұйымдастырады. Әрбір педагог адам жанының инженері десек, бұл қадам кез-келген жағдаяттан, тығырықтан жол тауып шыға алатындай, инклюзивті білім негіздерімен қаруланған кәсіби маман даярлауға жол ашар еді[4, 35-б.].

1.2 Жалпы білім беру жүйесінде интеграция мәселесі

Елімізде кейінгі жылдарда даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қатары өсіп отырғандығын ҚР Білім және ғылым министірлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаментінің мына төмендегі статистикалық мәліметтерінен байқауға болады. Мысалы: 2005жылы мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 124 мыңды құраса, 2011жылы 149 мыңнан асады,олардың ішінде 29 212-сі немесе 19,5%-ы мектеп жасына дейінгі балалар, олардың 41,4% арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтылған.
Психологиялық-медициналық-педагогик алық кеңестердің қарқынды қызметінің нәтижесінде 2012 жылы мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте жастан анықтау бойынша 151 216 бала белгілі болды деген мәліметті алға тартады. Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайы, олар бастан өткеруге мәжбір болған қиындықтар туралы пікірталастар жиі орын алып келеді. Алайда мүмкіндігі шектеулі ересектердің өз құқықтарын іске асыруға байланысты мүгедектік мәселелер жиі туындап жатады, ал кемтар балалардың жағдайына тиісті көңіл бөлінбейді. Бұл кемтар балаларды психологиялық бейімдеу және қоғамға кіріктіру мәселелерінен бастап олардың тұлға ретінде қажетсіздігіне дейінгі саладағы мәселелер санының көптігіне қарамастан орын алуда. Бұл баланың азаматтық ар-ожданын кемітіп, оның дамуға және тіпті өмір сүруге құқығын іске асыруына кедергі келтіретін әртүрлі кемсітуші көрністер болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыруда біз оқушының деңгейіне мән бермейміз, нәтижесінде көптеген оқушылар осы деңгейге жетпей қалуы салдарынан үлгірмеушілер қатарына жатады .
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі- мектептегі инклюзивті білім беруді жетілдіру. Осыған сай баламен және оның ата-аналарымен бірлестік, білім алу орталарын ұйымдастыруда психологиялық жайлылыққа жағдай жасау инклюзивтік оқытудың ең басты шарты. 2004 жылы зерттеу жүргізілген кезде орта мектеп мұғалімдерінің 80 пайызы бұл жүйеге қарсы болса, 2007жылы 49пайызы ғана қолдамаған. Яғни мұғалімдердің басым көпшілігі бұндай балаларды мектепке қабылдауға дайын. Ал ата-аналардың 79 пайызы түсінбей неге менің баламның қасында мүгедек бала отыруы керек? деп наразылық білдірсе, қазір олардың көпшілігі бұл идеяны қолдайды. Бұл инклюзивті білім берудің дамып жатқаның көрсетеді. Бірақ, шешімін таппаған мәселелер әлі де жеткілікті. Орта білім беретін мектептерге мұғалімдерді даярлау, мектептердің мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдау мәселелері шешілуі қажет. Мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін білім мазмұны дидактикалық талаптардан белгілі бостандық алулары яғни, оқыту дифференционалды, балаларға түсінікті, психологиялық-педагогикалық құралдар қолданылған және баланың жеке дамуының әлуметтік мәдениетін дамытатын болуы керек [5,32-б.].
Дамуында мүмкіндігі шектеулі балалардың көретін қиындықтары: оларға жеткілікті түрде көңіл бөлінбеуінен, қарым-қатынастың аздығынан, эмоционалдық еріктік регуляцияның, өзін-өзі бақылаудың жетімсіздігінен, оқуға деген мотивацияның төмен деңгейінен және жалпы танымның салғырттығынан, сол сияқты қабылдау, есте сақтау, ойлау, сөздің жетімсіздігі тәрізді жекеленген психикалық үрдістердің жетілмегендігінен, қозғалысын жүйелей алмауы түріндегі моториканың бұзылуынан, қозғалуының тежелуінен, төмен жұмыс қабілетінен, қоршаған орта түсінігінің және білім қорының шектеулігінен, оқу-танымдық әрекеттерінің операционалдық компоненттерінің тізілмеуінен туындайды, яғни осындай ақаулықтарды жою мақсатында әлем тәжірибесі бізге инклюзивті білім беруді ұсынуда.
Мүмкіндігі шектеулі балалар құқығының кепілдігі Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы, Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы, Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы, Білім беру туралы, Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы, Қазақстан Республикасының заңы, Қазақстан республикасының конституциясы бекітілген.
Латын тілінен аударғанда inclusion енгізу(включение) деген мағынаны білдіреді.
Мүмкіндігі щектеулі балалардың дамуында қазіргі заманға сай моделін құрудың басты бағыты-білім беру қызметтерінің сапасын арттыру және қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жағдайларды жасау. Инклюзивтік оқытудың базалық құқықтық құжаты дамуында жетіспеушілігі бар балаларға нәтижелі көмек құруға, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке және мамандыққа даярлау, бала мүгедектігін сауықтыруға бағытталған қазақстан Республикасының мүмкіндіктері шектеулі балаларды Әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетімді қолдау заңы болып табылады.
Шетелдердің тәжірибесін алатын болсақ, 1994 жылы Испания елінде Соломон декларациясы қабылданған болатын. Яғни бұл декларацияның негізгі көздеген мақсаты- барлық балалардың мектепте оқуға құқығы бар екендігін дәлелдеу және бұл тұжырымды білім беру заңдылығына енгізу болып табылады. Сонымен қатар ТМД елдерін алатын болсақ, бірінші болып, Ресей Федерациясы инклюзивтік білім беруді өз тәжірибелеріне енгізе бастады.
Инклюзивті білім беру- мектеп жасына дейінгі әртүрлі мұқтаждықтағы даму мүмкіндігі шектеулі балаларды дамытудың, мектепке дейінгі білім алуға және дамытуға қол жеткізуді көздейтін кіріктірілген білім беру үрдісі[6,52-б.].
Дамуында мүмкіндігі шектелген балаларға білім беру құқығын іске асыру саласындағы негізгі міндеті ретінде олардың психофизикалық ерекшеліктер есебімен көрсетілген санаттағы барлық балалардың сапалы білімді алуына жағдай жасау қаралуда. Мүгедек балаларға, денсаулығына байланысты тұрақты немесе уақытша білім беру ұйымдарына баруға мүмкіндігі жоқтарға, үйден жеке бағдарлама немесе толық жалпы білім алуына қажетті жағдай жасау міндеттелген.
Бүгінгі таңда шетелдерде денсаулық және тұрмыстық жақтарынан мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды интеграциялық оқыту тәжірибесі болғанына қарамастан, Қазақстанда инклюзивтік оқыту тек теория түрінде ғана жасалған және бұл үрдістің құқықтық, ғылыми, оқу-әдістемелік , маманмен қамтамасыз етуі қарастырылмаған.
Дегенмен, жалпы білім беру жүйесінде интеграция мәселесі бар. Бұл академик В.И. Лубовскийдің сөзімен айтқанда, қажеттіліктен туындаған интеграция. Оның себептері арнаулы мекемелердің болмауы немесе ол мекеменің бала мен отбасынан қашық жерде орналасуы, сонымен қатар ата- аналардың балаларын арнаулы мекемелерде оқытқылары келмеуі болып табылады.
Инклюзивтік оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр[7,58-б.].
Инклюзивтік білім берудің негізгі ұстанымдары мыналар:
1. Адамының құндылығы оның қабілеті мен жетістіктеріне тәуелді емес.
2. Әрбір адам ойлау мен сезінуге қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адамдар бір-біріне қажет.
5. Түбегейлі білім шынайы өзара қарым-қатынастар негізінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар бір- бірінің қолдауына, қатарластарының достығына мұқтаж.
7. Әртүрлілік адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
8. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету, өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
Жалпы білім беретін мектептер мүмкіндіктері шектелген балалар үшін өмірлік орнын толтырудың тәрбие институты болуы керек. Оны оқуға, жазуға, есепке, еңбектенуге оқыта отырып, бірлестік қарым-қатынасын, мәдени тәртіп ережелерін үйренуін, әр түрлі әрекетке икемдерін қалыптастыру маңызды. Сондықтан баланың жеке бас дамуы мен психикасының дамуының бөлімдерін, жастан жасқа өтуде байқалатын психикалық жаңа құрылымдарды,бала үшін өзекті аймақтанжақын даму аймағына өту үшін ұйымдастырылған арнайы оқыту рөлін ескеру қажет.
Мүмкіндіктері шектелген барлық балалар мәселелеріне сай мамандармен жеке сабақтарда қосымша көмек алу қажет. Ол үшін мүмкіндіктері шектеулі балаларға түзетім қолданудың қосымша құрылымдары жасақталуы тиіс.
* қалалық және аудандық психологиялық-педагогикалық және түзетім орталықтары( кабинеттер);
* мектеп аралық логопедиялық бөлімше;
* арнаулы (түзетім) білім мекемелерінің оқу- әдістемелік нұсқау беру бөлімшелері.
Қазіргі кезде мектептерде кемтар балаларды қамқорлыққа алып, олардың қалыптасуына және айығуына мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруіне бағыт-бағдар беруге арнайы дайындық жүргізілуде. Кемтар балалардың білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім дағдысын, тәртібін қалыптастыруға байланысты түрлі шаралар жасалуда. Бұл балаларды оқытатын мұғалімдердің алдына үш түрлі міндет қойылады.
1. Баланың мектепке дайындығын анықтау.
2. Сабақты жүйелі жоспарлау
3. Бағдарламаны игерту.
Баланың мектепке дайындығын анықтау үшін оларды жазу, сызу, оқуға үйретпес бұрын олардың қабілеті бойынша жеке ерекшелігін, психологиялық дайындықтарын байқау керек. Белгілі психологтар Д.В. Эльконин, В.В.Давыдов, Р.С. Немов зерттеулері бойынша, баланы жүйелі оқыту үшін психологиялық дайындығына ерекше назар аудару керек[8,69-б.].
Қазір мектептерде коррекциялық сабақтар жүргізіле бастады. Коррекция дегеннің өзі түзету деген мағынаны береді. Мұның басты мақсаты- бала бойындағы, тәртібіндегі кемшіліктерді түзету. Ол баланың өзіне:1) сенім; 2) көз жеткізу; 3)кеңес беру; 4)психо-анализ 5) логотерапия 6) аутотренинг сияқты әдістемелерді қабылдау арқылы жүзеге асырылады. Үйден оқитын балаға сабақ беретін мұғалім алдымен баланың даму ерекшелігін анықтайтын тесттер арқылы ойының, қиалының, зейінінің тұрақтылығын анықтап алу керек. Ол үшін Дөңгелек қию, Лабиринт, Танграм, Көру әдісі, Есту әдісі тәрізді тестерді қолданып, баланың шама-шарқын анықтап алады. Сабақ барасында баланың тіл мүкісін, қолының буындарының қимылын, саусақтарының моторикасын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыру қажет. Осы бағытта қазақтың халық педагогикасының алатын орны ерекше. Қазақ халқы санамақ, жұмбақ, жаңылтпаштар арқылы баланың сөйлеуге деген ынтасын ашып, қабілетін арттырып отырған. Баланың байланыстырып сөйлеуіне жануарлар, олардың төлдері туралы өлең, тақпақ, ертегілерді көп қолданған.
Инклюзивті оқыту- барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивтік оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері
Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізу
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі
Мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқыту
Инклюзивті білім берудің мақсаты
Арнайы педагогиканың ғылыми негіздері
Инклюзивті білім беруді енгізу
Психикалық ауруы бар балалармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс бағыттары
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалаудың психологиялық - педагогикалық негіздері
Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін іске асыру тетіктері
Пәндер