Половцовтың әдістемелік еңбектері
Бекжан Тоғжан Көпжанқызы Би-811к-1
Қазақ тілінде жарық көрген кеңестік биология оқулықтары мазмұнының біртұтастығы
МАЗМҰНЫ
І
1.1
1.2
ІІ
2.1
2.2
2.3
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Биологияны оқыту әдістемесінің даму тарихынан қысқаша мәліметтер.
Половцовтың әдістемелік еңбектері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қазақстандық әдіскерлердің еңбектері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
ХХ ғ екінші жартысындағы биологиялық білім берудің дамуы ... ... ... ...
Қазақ тіліндегі жарық көрген биология оқулықтары ... ... ... ... ... ... . ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
3
5
5
9
11
11
13
17
22
23
КІРІСПЕ
Алдыңғы қатарлы дамыған мемлекет пен азаматтық қоғам құруға ұмтылыс жасалып отырған қазіргі кезде еліміз үшін оның теориялық негіздерін айқындап, нақты іс-қимыл стратегиясын жасау маңызды мәселе болып отыр. Кез келген әрекет ғылыми тұрғыда негізделіп, мақсатты, жоспарлы түрде іске асырылса ғана тиімді нәтиже беретіні анық.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатыны атап көрсетілген. Бұл болашақ мамандарды даярлаудың сапасын еліміздің білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігі аумағына кіріктіру міндеттерін шеше отырып көтеруді көздейді. Осы Бағдарламаны әзірлеу жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапасын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулердің қажеттігінен туындағанын ескерсек, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін реформалау ауқымының кеңдігі белгілі болады.
Сол себепті бүгінгі күні Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары алдына әлеуметтік-этикалық, экономикалық және ұйымдастыру-басқарушылық, кәсіби құзыретті, сауатты мамандарды даярлау міндеті қойылып отыр. Педагог мамандардың кәсіби іс-әрекетінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мұның өзі оларды жаңа ғылыми-педагогикалық идеяларды шығармашылықпен қабылдай алатын, оқыту теориясы мен әдістемесін игерген кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктің жоғары деңгейін игерген маман ретінде даярлау мәселесін тудырады [1,87-б.].
Педагогикалық практиканы талдау жастардың экономикалық мәдениеті мен экономикалық білімінің жеткіліксіздігін көрсетеді. Бүгінгі күні осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында жалпы білім беретін мектептің жоғары сыныбында бейіндік оқыту енгізіліп отыр. Осыған байланысты кәсіптік білім беру саласында педагог мамандарды бейіндік мектепте жұмыс істеуге арнайы даярлау мәселесі күн тәртібінде тұр.
Жоғары оқу орындарында мамандарды кәсіби даярлаудың әдіснамалық-теориялық негіздері С.Н. Архангельский, Қ.М. Арынғазин, Ш.А. Абдраман, Б. Әбдікәрімұлы, А.Е. Әбілқасымова, Е.И. Бурдина, С.А. Дружилов, Е.Ө. Жұматаева, С.Т. Каргин, Б.Т. Кенжебеков, Қ.М. Кертаева, Е.А. Климов, С.З. Қоқанбаев, В.В. Колосова, А.К. Маркова, М.С. Мәлібекова, Ш.М. Мұхтарова, Н.Ә. Мыңжанов, А.Қ. Нұрғалиева, Т.С. Сабыров, А.П. Сейтешев, В.А. Сластенин, Н.Д. Хмель, Ә.Ә. Усманов, А.И. Щербаков, Г.О. Тәжіғұлова, В.Д. Шадриков, Л.А. Шкутина және т.б. ғалымдардың зерттеулеріне арқау болып, әр қырынан қарастырылады.
Жұмыстың мақсаты: Қазақ тілінде жарық көрген кеңестік биология оқулықтары мазмұнының біртұтастығының мазмұнын ашу.
Жұмыстың міндеттері:
1) бейіндік мектепте кәсіпкерлік іс-әрекет негіздерін оқытуға болашақ кәсіби оқыту педагогын даярлаудың мәнін, ерекшеліктері мен мазмұнын анықтау;
2) биология саласында еңбегі сіңген Қазақстандық әдіскерлердің еңбектерін көрсету;
3) Т.М. Мұсақұловтың, Халел Досмұхамедұлы Досмұхамедов, Жұмақан Маусымбайұлы Күдериннің әдістемелік оқу құралдары мен оқулықтарын зерделеу.
I НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Биологияны оқыту әдістемесінің даму тарихынан қысқаша мәліметтер
1. Биологияны оқыту әдісі педагогика ғылымдар саласына жатады.
Жалпы жаратылыстану саласындағы ғылымдарды оқытып үйрету әдістерінің дамуы, 18- ғасырдың екінші жартысынан дами бастады. Пәннің дамуына биология мамандары, ғалымдар көптеген әдіскер мұғалімдер, көп жылдар бойы жүргізілген оқу- әдістемелік жұмыстарының нәтижесіне зор үлес қосты. Әдістемелік құралдар мен оқулықтардың мазмұны тарихтың дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі қоғамдық- әлеуметтік құрылымның ерекшеліктеріне тікелей байланысты болады.
18- ші ғасырдың бастапқы кезеңдерінде табиғат туралы пән жарық көрген жоқ. Осы ғасырдың екінші жартысында арнайы мектептерде жаратылыстану пәні оқыту процесіне енгізіле бастады.
Екатерина II- ші өз еліне білімді мамандар қажетті болғандықтан, Ресейде мұғалімдер дайындайтын семинариялар (1783 ж) Халық училищелерін ашты, 5 жылдық бас училищелер және 2 жылдық кіші училищелер деп атады.
2. Осы оқу орындарында Академик Василий Феодорович Зуев (1757-1794) дәріс берді.
Осы кезеңнен бастап жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесінің тарихы басталды. Оқулықтың бірінші бетінде автор пәннің мақсаты мен міндеттерін алғаш рет ашып берді. Оқулықта В.Ф.Зуев жаратылысты, табиғатты оқытудыяң жүйесі мен оқыту тәртібін көрсетті:
Қазба байлықтар (Өлі табиғат); Тоңатын әлем (Өсімдіктер әлемі); Жануарлари әлемі (Зоология)Оқулықта өсімдіктер мен жануарларға, олардың биологиясына тоқтала отырып, адам өміріндегі пайдалану жолдарын да қамтыған. Оқулықта 148 жуық өсімдіктер мен 157 ге жуық омыртқалы жануарларға сипаттама берілген . Мазмұндауда автор К. Линнейдің систематикасын басшылыққа алып, саралаудан аулақ болып, адам тіршілігіне пайдалы өсімдіктер мен жануарлар түрлеріне көбірек тоқталған.
Оқулықтың кіріспе бөлімінде , сабақ берушілерге арналған ұсыныстар келтірілді. Сабақты әңгімелеу барысында көрнектілерді пайдаланудың тиімділігін көрсетті. Оқулықтың екінші бөлімі Жаратылыстану тарихының бейнелері деп аталып, онда 57 сызбанұсқа, 193 сурет берілді. Осы бейнелер сабақ өту барысында оқушыларға такратылып берілуі тиіс.
Оқулықтың құндылығы, барлық биологиялық мәліметтер нақты, ғылыми тұрғыдан дәлелденген, оқушылардың алған білімдерін іс- жүзінде пайдалану жолдарын көрсете білген[8, 77-б.].
Әулие Петр қаласында Растущий виноград журналының бас редакторы қызметін атқарады.Жаратылыстану пәнін оқытумен қатар В.Ф.Зуев сол кездегі жаратылыстануды оқытудың маңыды проблемаларын шешу барысында көптеген еңбек етті. Пәннің ғылымилығы , көрнекілігі, оқушылардың білімді саналы түрде игеру, оқыту әдістерінің практикалық мәселелеріне де тоқталады.
3. 18-ші ғасырдағы жаратылыстану пәнін оқытудың негізін қалаушы, оны бірінші рет оқу жүйесіне енгізуші В.Ф.Зуев болды.
19-шы ғасырдың бастапқы кезеңінде Ресейде халық ағарту министрлігі ашылып, Бас халық училищелері гимназияға айналды. Мұғалімдік семинариялар, педагогикалық институттар болып қайта құрылды. Осы оқу орындарында Зуевтің бағытын жалғастырушы оның шәкірті А. М. Теряев болды. 1812 жылғы Отан соғысынан соң, орыс қауымындағы республикалық ойлар үкіметтің жаратылыстану пәндерін оқытуға ғана аса көңіл бөлу керек деп көрсетілген.
Гимназиялардағы оқытылатын жаратылыстану бағдарламасы көлемді болғанымен ондағы жүйелілік пен кезектестік, бірізділік сақталмады. Жануарлар әлемі мен адам курсын оқыту аралығында үш жылдық үзіліс болды. Әрине жүйеліліктің сақталмауы әдістемелық қате болып саналады.
I - класта табиғат туралы жалпы түсінік 2- сағат
II-III - кластарда - зоология-3-2 сағат
IV-V- кластарда ботаника-2-1 сағат
VI - класта-минералогия-1 сағат
VII - Адам анатомиясы мен физиологиясы-1 сағат
Халық ағарту министрлігінің тапсырысы бойынша төмендегідей оқулықтар жарық көрді. Математика пәнінің оқытушысы Симашко Ю.М. Зоология пәнінен жетекші құрал еңбегін жазды. 500 беттен тұратын бұл оқулықта 400 тұқымдас, 2000 туыстың жаратылытану әдістемесінде тоқырау кезеңі орын алды.1849 жылы Даль кадет корпусына арнап, Ботаника оқулығын жазды. Пәннің құрылымы әдістемелық тұрғыдан ойластырылған, оқушылардың сана сезімін, ойлауын адамгершілігін сезімдердің дамуына бағытталып құрастырылды. 1846 жылы Жемчужиннің Адам анатомиясы және физиологиясы оқулығы жарық көрді. Жалпы ресйдегі 60- жылдардағы жаңашыл ойлар, жастардың тіршілікке, өмірге деген материалисттік көзқарастарын қалыптастыруымен, табиғи объектілерді бақылауға бағытталды. Сол кездегі аса көрнекті ғылым қайраткерлері К.А Тимирязевтің, М.А. Антонович және Д.И. Писаревтердің мақалаларында дарвинизм ойлары жұртшылыққа паш етті[7, 58-б.].
ХІХ ғасырдағы жаратылыстану әдістемесінің дамуына үлес қосқан әдіскерлердің еңбектері
1840-шы жылдары жаратыластануды оқытудың әдiсiн Гереманияда Август Любен жалғастырды. Любен Бекетовтың ойын жалғастырды. Әдiскер Коменский сияқты жаратылыстануды қарапайымнан кѕрделiге, белгiлiден белгiсiзге, нақтыдан жалпыға-индуктивтi түрде жүзеге асыруға тиiс, - деп көрсеттi. Ол өзiнiң әдістемесында жаратылыстану пәнiн оқыту барысында мiндеттi түрде төмендегiдей мәселелерге көңiл аудару керектiгiн айтты.
1. Өсiмдiк пiшiндерiнiң алуан түрлiлiгiн танып-бiлу;
2. Алуан түрлiлiктiң негiзiнде бiртұтастықтың барын бiлу;
3. Өсiмдiк тiршiлiгiн танып-бiлу;
4. Өсiмдiктердiң алуан түрлiлiгi мен тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн заттар мен күштердi танып бiлу.
2. А.Любеннің әдістемелік мәселелері
Любен оқушылардың табиғаттың әсемдiгiн сезiнуi үшiн, ойлауын, байқампаздығын дамытуда ботаника пәнiн ұтымды деп есептедi. Бiрақ, Любеннiң оқулығының мазмұны, оның құнды әдістемелық жүргiзу мәселесi қинады.
А.Н. Бекетов, А. Любеннiң жазған оқулығын орыс тiлiне аударды. Осы кезеңдерде Любеннiң әдістемесын жақтаушы оқымыстылар мен методисттер оқулықтар жазды. 1865 жылы Н.И. Раевскийдiң Ботаника, 1862 жылдары Михайлов, 1869 жылы Сент-Илердiң Зоология оқулықтары жарық көрдi.
Бұл оқулықтар шағын көлемдi, әрi оқушылардың оқып-бiлуiне жеңiл болды. Бiрақ любенисттердiң әдістемесы мен оқулықтарына қарсы пiкiрлер көбейдi. Олардың әдістемелық нұсқаулары оқулық мазмұнына сай келмедi. Оқушылардың ойлау қабiлетiн дамытудан алшақ болды, қажеттi биологиялық бiлiм қалыптастыратындай мазмұнда болмады.
А.Я. Гердтің ұсынған әдістемелік нұсқаулары.
Бұл проблеманы шешумен Александр Яковлевич Герд айналысты (1841-1888). Гердтің еңбектері әдістеменың ғылыми негізін қалады. Гердтің мақалаларында, оқытудың мазмұны ғылымның жетістіктері мен дамуына сәйкес, сонымен қатар ғылыми көзқарасты қалыптастыратындай болуы тиіс делінген. А.Я. Герд оқытудың тәсілдерінде бірінші кезекте оқушылардың өзіндік ойлауын тәрбиелеу, байқампаздығын және танымдық қызығушылығындамытуды көздеді. Өзінің мақалаларында, оқулықтарының алғы сөзінде оқытудың нағыз биологиялық бағыттарын көрсете білді. Өсімдіктер мен жануарларды даму кезеңдерімен қоршаған ортаға бейімделуі және олардың құрылысын тіршілік қызметтеріне байланыста оқытуды көздеді.
Индуктивті және дедуктивті әдістерді қатар қолдану керектігін айтты. А.Я.Герд оқушылардың байқаған фактілері негізінде, қорытындылау, сараптау жасау арқылы ойлауын дамытуды бірінші кезекке қойды.
Герд А.Я. сол кездегі барлық мектептерде қолданылатын мазмұндау әдісіне сын көзбен қарап, ол оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытпайды, тек айтқанды есте сақтап қалу ғана көзделеді, сондықтан айтылған мазмұн тез арада естен шығады деп тұжырымдады [9, 62-б.].
А.Я.Герд Ресейдегі Ч.Дарвин ілімін жалғастырушылардың бірі болды. 1868 жылы Ч.Дарвиннің Жануарларды үйсіндіру және өсімдіктерді қолдан есіру атты кітабын аударып, мектеп зоология курсын дарвинизм негізінде құрды, мектеп жоспарында биология курстарын оқытудың жүйесін көрсетті:
1. Бейорганикалық әлем (өлі табиғат);
2. Өсімдіктер дүниесі;
3. Жануарлар әлемі,
4. Адам;
5. Жер тарихы.
Осы құрылған жүйе әдістемелық тұрғыдан дұрыс деп қабылданып, совет мектептерінде оқу процесінде қолдана бастады.
А.Я. Герд бастауыш мектен үшін жаратылыстанудың жаңа курсы Өлі табиғат және оған Мир божий атты қосымша оқулық және мұғалімдерге арнап оқу-әдістемелік құрал Пән сабақтары-еңбегін жазды. Әдістемелік құралдың бірінші бөлімінде сабақтардың өңделулері, топсеруендер, практикалық сабактар және ізденіс бағытында жасалған үй тапсырмаларының әдістемелері берілді.
Минералогия сабақтары, ботаникадан қиын сабақтардың тақырыптық-жоспарлары берілген әдістемелік құралдары жарық көрді.
Осы кезеңдегі Ресейдегі революциялық қозғалыстар халық-ағарту жұмыстарына кері әсер етті. Сол себепті 1871 жылы жаратылыстануды оқыту ерлер гимназиясынан, қала училищелерінде, әйелдер және әскери гимназияларының оқу бағдарламасынан алынып тасталды. 1901 жылы қайтадан гимназияның төменгі кластарына енгізілді.
А.Я. Гердтің әдістері В.Ф.Зуевтің есімі сияқты ұмытылды. 1914 жылы Б.Е.Райков Мектептегі жаратылыстану жинағында А.Я. Гердтің еңбектерінің маңызын ашып көрсетті, ал 1922 жылы В.Ф.Зуевтің аса маңызды әдістемелық еңбектерін жаңғыртты.
1860-шы жылдары жаратылыстану пәндерінің мазмұны және оны түсіндіру проблемалары тек әдістемелік жағынан ғана емес, ғылыми жолмен шешу мәселелері жолға қойылды.
К.Ф.Рулье (1814-1858) ғылымда ағза мен қоршаған ортаның күрделі қарым-қатынастары және түрдің өзгеруі мәселелерін насихаттады. Биология ғылымдарындағы жүйелеу мен морфологияның басымдылығына сын айтты. Органикалық тіршіліктің эволюциялық дамуын алға тартты.
19-шы ғасырдың соңында Дарвиннің эволюциялық ілімі негізінде, биология пәнінің мазмұнын айқындауда, оқыту әдістерінде материалистік бағыт пайда болды [4, 33-б.].
1904 жылы Л.Н. Никоновтың басшылығымен коммерциялық орман шаруашылығы училищесінде бірінші Жас табиғатшылар қоғамы ұйымдастырылса, 1910 жылы Павловскі қаласында В.Ф. Мольденгауэр бірінші педагогикалық экскурсиялық биостанция құрды. Бұл кезеңдегі әдістеменың ерекшелігі экскурсиялық, практикалық оқыту формаларына баса көңіл аударылды. Осылай оқытудың нәтижесінде оқушылар нұсқау бойынша өз бетінше жұмыс жасау икем-дағдыларын қалыптастырды.
Бұл оқыту формаларының негізінде Б.Е.Райков Моторлы (қозғалыстағы) методын анықтады.
Лабораториялық жұмыстарды жүргізу үшін үлестіріліп берілетін материалдар кеңінен тарады: тірі, кептірілген, консервіленген өсімдіктер, жануарлар және минералдар.
1.2 В.В. Половцовтың әдістемелік еңбектері
В.В. Половцов(1862-1919):
Жаңа мектептің ашылуы, оқу бағдарламаларының және жоспарларының жасалуына көптеген ғалымдар ат салысып, жаратылыстану пәнінің әдістемелік проблемаларын шешуге орасан үлес қосты. Солардың бірі ботаника профессоры Валериан Викторович Половцов (1862-1919) болды. 1901 жылғы Петербургте өткен орыс жаратылыс зерттеу ғалымдары мен дәрігерлердің XI съезінде В.В.Половцов Орта мектептердегі оқу пәндерінің мақсаты тақырыбында жасаған баяндамасында, жаратылстану пәнін оқытудағы негізгі мақсаты тәрбие және оны қалыптастыру үшін төмендегідей мәселелерге тоқталу керектігін көрсетті:
1. Сыртқы қоршаған ортаның құбылыстарын түсіну.
2. Өз ағзасындағы құбылыстарды түсіну.
3. Сезім мүшелерінің дамуы, адамның психикалық дамуының басты, маңызды факторлар екендігін білу.
4. Белгілі тәртіпте және кең көлемде ойлау әдістерін жемісті түрде дамыту.
5. Оқушының тұлға ретіндегі рухани талаптарын кеңейту.
Половцовтің негізгі ұстанымы, оқушылардың дүниеге ғылыми-материалисттік көзқарасын тәрбиелеу болды. Осы жылдары В.В.Половцовтің басшылығымен алғашқы Мектептегі табиғат атты әдістемелық журнал жарық көрді. В.В.Половцов өзінің оқу-тәрбие жұмысындағы тәжірибелеріне және биолог-методисттердің теориялық қағидаларына сүйене отырып жаратылыстану пәнінің алғашқы әдістемелік курсын жасады, 1904 жылдан бастап Петербург университеттерінде лекциялар оқыды. Осы жылдан бастап әдістеме жоғары оқу орындарында ғылыми пәндер қатарына қосылды. Лекция оқу барысында 1907 жылы Жаратылыстануды оқыту әдісінің негіздері атты теориялық еңбегі жарық көрді. Половцов Биологиялық әдісті өңдеуге аса көңіл бөлді және оны негізі үш принціпте қарастырды:
1. Формаларды тіршілік әрекеттерінің байланысында оқыту;
2. Тіршілік әрекетін қоршаған ортамен тығыз байланыста оқыту;
З. Мектепте аса құнды материалдар оқытылуы тиіс - деп көрсетті.
Половцов өзінің теориялық қағидаларын мұқият зерттеп, өңделген құралдарында көрсете білді: 1894- Мектеп ботаникасының бағдарламасы; 1914- Ботаникадан практикалық сабақтар; 1910- Петербург аймағына, көктем мезгілінде жасалатын экскурсиялар еңбектері жарық көрді.
В.В.Половцов- ХХ ғасырдың бас кезеңіндегі аса ірі әдіскер болды.
5. Жаратылыстануды оқыту әдістемесінің кеңестік кезеңде дамуы.
1918 жылы қабылданған мектеп жүйесі азамат соғысы жылдары және шетел интервенция жылдарының өзінде кейбір өзгерістерге ұшырады. Жұмысшы факультеттері, жұмысшы - жеткіншектер үшін мектеп-клубтар жеткіншектер үшін екі жылдық мектептер және басқалары ұйымдасты.
1920 жылы құрылған Кәсіптік білім берудің бас комитеті жалпы білім беру үшін жас нормасы 16-дан 15 дейін азайтуды талап етті. Бас комитет кәсіптік білім беру жүйесіне белгілі өзгерістер енгізді: төменгі кәсіптік мектептер - техникумдар - бірыңғай еңбек мектебінің базасында халыққа білім берудің кеңесінде мектеп жүйесін қайта құру туралы мәселе қаралды. Ол кеңес екі сатылы тоғыз жылдықтың орнына негізгі мектептің түрі ретінде екі сатылы жетіжылдық мектепті қажетті деп тауып, ұсынған болатынды.
Жастарға кәсіптік білім берудің негізгі техникумды (индустриялдық, ауылшаруашылық, экономикалы, педагогикалық және т.б.) оқыту мерзімі 4 жылдық, кеңес ұсынған еді. Кеңес халықағарту комиссариатына маман жұмысшы кадрларын даярлау үшін фабрика-зауыт мектептерінің жүйесін жаасу қажеттігін атап көрсетті. Кеңесте мектеп жүйесінің өзекті негіздері туралы мәселе бойынша қызу күрес, тартыс болды, оның ішінде жалпы білім беретін орта мектеп мәселесі туралы. Осының нәтижесінде 1922 жылы 1918 жылы қабылданған жүйемен салыстырғанда одан гөрі икемірек жүйе қалыптасты; бастауыш мектеп (4 жылдық); негізгі жетіжылдық жалпы білім беретін мектеп және жалпы білім беретін мектептің жоғары сатысы, барлығы 9-10 жыл оқыту мерзімі. Бұл жүйенің жағымды жағы әрбір канцентр белгілі бір саты ретінде жалпы білім беретін мектеп баспалдағымен жоғары көтеріліп отырды және сонымен бірге одан әрі кәсіптік-техникалық білім беру үшін негіз болды. І сатыдағы мектеп төменгі кәсіптік білім беру мектептері үшін негіз болды: кәсіптік мектептер, фабрика-зауыт мектептері, оқу-өндірістік шеберханалар және т.б.; жетіжылдық мектеп - ортақ кәсіптік-техникалық оқу орындары үшін - индустриялық, ауылшаруашылық, педагогикалық және басқа техникумдар; тоғызжылдық - онжылдық мектеп жоғары оқу орындары үшін негіз болды [6, 59-б.].
1923-1924 оқу жылынан бастап, ауылдық жерлерде І саты мектептерінің негізінде шаруа жастар мектептері (ШЖМ) ашып бастады, оқу мерзімі 3 жылдық. Бұл мектептердің негізгі мақсаты - ауыл жастарынан мәдени жериелері мен жақсы белсенділерді тәрбиелеу. 1925 жылы алғашқы фабрика-зауыт жетіжылдықтары (ФЗЖ) ашылды, ол кеңінен тарай бастады. 1930-1934 жылдары олар негізгі жалпы білім беретін мектептер болды. Бұл кезеңде жұмысшы-шаруа жастарын жоғары оқу орындарына түсуге даярлауда ерекше роль атқарған жұмысшы факультеттерінің саны біршама арта түсті. 1921 жылы ашылған фабрика-зауыт оқушыларының мектептері (ФЗУ) тез қарқынмен дами бастады. Олардың негізгі мақсаты - жастардың арасынан өндіріс пен көлік қатынасы саласында маман жұмысшыларды даярлау.
1921-1922 жылдардағы еліміздің қйын экономикалық жағдайы мектептердің жағдайына орасан зор әсер етті. Кеңес үкіметі халыққа білім беру ісінің мұқтаждарына қажетті қаржыны қысқартуға мәжбүр болды. Өндіріс пен ауылшаруашылығын қалпына келтіру үшін үлкен қаражат қажет болды.
II ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМ
2.1 Қазақстандық әдіскерлердің еңбектері
Күдерин Жұмахан Маусымбайұлы(1891-1938)
Қазақ КСР-нің жалпы білім беретін мектептерінде биологияныоқытуға арналған алғашқы оқу құралдары.Соңғы жылдардағы биологиядан білім беру проблемалары: білімнің сапасын арттыру, теориялық білімді тәжірибемен байланыстыру, оқу проблемаларын шешу үшін оқытудың активті жаңа формаларын енгізу болып табылады.
Қазақ Республикасында жаратылыстану әдістемесінің дамуына үлес қосқан ғалымдардың бірі Күдерин Жұмахан Маусымбайұлы. Методисттің Өсімдіктану- оқу құралы-Алматы Рауан баспасынан 1992 жылы жарық көрді. 265 беттен тұрады. Бұл кітап 1927 жылы және 1930 жылдары араб және латын әріптерімен тұңғыш рет қазақ тілінде басылып шыққан, өсімдіктер тіршілігін тартымды баяндайтын оқу құралы болды. Бұл оқу құралы биологияны зерттейтін ғалым әдіскерлерге және студенттерге, сондай-ақ биология мәселелері қызықтыратын оқырман қауымына арналған
Күдерин Ж.М. Қуғын-сүргінде аман қалған еңбектері-Алматы Демеу баспасы 1995 жылы жарық көрді. 352 беттен құралған.
Жұмақан Маусымбайұлы Күдерин (1891-1938) Қазақтаннан шыққан тұңғыш биолог-ғалымдардың бірі. құралған.Күдерин Ж.М. тұңғыш қазақ тілінде жарияланған, жазылған және құрастырып, аударылып жасаған бірнеше еңбегі бір кітап етіп топтастырылған. Бұл кітаптар 1937 жылдың нәубетіне тап болған абзал азаматтың Қазақстандағы ауыл шаруашылығына қосқан нәтижелі үлесі ретінде кейінгі ұрпаққа ұсыныльш отыр. Ауыл шаруашылығын зерттейтін ғалым-әдіскерлерге, студенттерге, оқырман қауымға арналған.
Қабділрашид Қайым. 1932 жылы туылған Семей облысы, Ақсаут ауданы, Көкжара ауылында.1970-92 жылдары Мектеп-Рауан баспасында еңбек етті. Осы жылдары мұғалімдерге арналған әртүрлі әдістемелік және дидактикалық оқу құралдарын жазып шығарды. Мысалы:1. Қызықты зоология. 2. Аяулы хайуанаттар. 3. Биология және техника 4. Балықтар әлемі. 5. Жануартанудан танымдық ойындар. 6. Зоология сабақтары т.б.б ҚР энциклопедиясының 3-томынан 12-томына дейін ҚР түрлі арнадағы мақалалары жарық көрді.Жануартану пәнінің авторлар құрамына енді. Ұлтжанды, өнегелік сезімі жоғары азамат. Қаз ССР Халық ағарту ісінің озаты, Баспасөз озаты-белгілеріне ие. Педагог-журналист, биолог маман, сазгер, журналисттер одағының мүшесі. Өркенде, шалқы, химия!-өлеңі мен әнін жазған Қабділрашид Қайым [7, 46-б.].
Халел Досмұхамедұлы Досмұхамедов (1883-1939) пен Т.М Мұсақұловтың еңбектері мен оқулықтары.
Халел.Д.Дтұңғыш рет ана тілінде жаратылыстану ғылымыбойынша оқу құралдарын жазды. Солардың бірі-Жануарлар 1922 жылы Ташкентте басылып шықты.1.2 Т.М. Мұсақұловтың мектеп оқушыларында биологиялық ұғымдарды қалыптастыру тұжырымдамасы
Бертін келе қазақ тіліндегі оқулықтар мен әдебиеттердің толығуына Т. Мұсақұловтың еңбектері үлкен роль атқарды. Т. Мұсақұлов, орысша - қазақша түсіндірмелі биологиялық сөздік. І-том Қазақ мемлекет баспасы, Алматы -- 1959, редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев, Б.Муханов Т. Мұсақұлов Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары атты еңбектерін жариялады. Мұсақұлов Т.1975 жылы жоғары оқу орындарына арнап екі бөлімнен тұратын Ботаника оқулығын - Алматы баспасынан жарыққа шығарды.
Т.М. Мұсақұлов -батыр ұстаз, қазақ тілінің жанашыры, ғалым ұстаз Д.У. Сексенова, Ж.Д. Демеуов Т.Мұсақұловтың 100 жылдығына арналған ғылыми -әдістемелік конференциясында баяндамалар жасады. Бұл конференция материалдары деп аталып, Алматыда 23-сәуір, 2010жылы жарияланды.
Сүтқоректі жануарлар туралы аңыз әңгімелер мен мақал-мәтелдердің халықтық педагогикалық маңызы жайлы бірер мысалдар Д.У. Сексенова, Ж.Д. Демеуов Т.Мұсақұловтың 100 жылдығына арналған ғылыми -әдістемелік конференцияның материалдары. - Алматы.Біздің қазір сөз еткелі отырғанымыз Т. Мұсақұловтың терминологиялық сөздіктері. Бұл саланың өзінен де істелген жұмыстардың көптігі соншалық, оның бәрін тәптіштей талдап, сөздіктің әрбіріне жеке-жеке баға беріп жатуға бұл жерде мүмкіншілігіміз тағы жоқ. Өйткені, бұл сөздіктер қамтитын ғылым мен техниканың әрбір саласында терминдік сөздердің қалай туып, қалай қалыптасып, қалай дамып бара жатқанын зерттеудің өзі қазір арнаулы ғылыми тақырып, немесе пән болуға жетіп қалған сияқты. Мұны дәлелдеу үшін бір ғана биология терминдерінің жасалуы мен қалыптасуы жайында Т. Мұсақұлов жолдастың диссертация қорғап, ғылыми атақ алғанын, медицина саласынан жасалған Орысша-латынша-қазақша терминология сөздігінің авторы М. Исамбаев жолдастың диссертациялық еңбек жазғанын айтудың өзі де жеткілікті. Біздің мақсатымыз - осы шығып жатқан еңбектердің негізінде кейбір ойда жүрген пікірлерді ортаға салу ғана.Терминденудің бұл жолымен жасалған терминдерді ғылым мен техниканың кез келген саласынан кездестіруге болады. Мәселен, жалпы қолданыста тозаң деп "Зат үстіне қонған не ауаға көтерілген жұқалаң селдір шаңды " немесе "қалың шаң - топырақты " айтса, өсімдіктануда "Жалаңаш тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктердің микроспорасын тозаң" ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz