Оқушылардың арт - терапия арқылы денсаулық мәдениетін қалыптастыру жолдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

ПЕДАГОГ- ПСИХОЛОГТЫҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АРТ-ТЕРАПИЯ АРҚЫЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы- «Педагогика және психология»

МАЗМҰНЫ

  1. Оқушылардың арт-терапия арқылы денсаулық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері . . .

1. 1 Денсаулық мәдениетін қалыптастыру мәселелесінің ғылыми зерделену жәйі . . .

1. 2. Оқушылардың арт-терапия арқылы денсаулық мәдениетін қалыптастыру жолдары . . .

  1. Оқушылардың арт-терапия арқылы денсаулық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық - мазмұндық үлгісі . . .
  1. Оқушылардың арт-терапия арқылы денсаулық мәдениетін қалыптастырудың тәжірибелік педагогикалық жұмыс мазмұны . . .

2. 1 Оқушылардың арт-терапия арқылы денсаулық мәдениетін қалыптастыру жүйесі . . .

2. 2 Оқушылардың арт-терапия арқылы денсаулық мәдениетін қалыптастырудың пeдaгoгикaлық тәжірибeлік жұмысының кезеңдері . . .

2. 3 Жоғары сынып оқушыларының арт-терапия арқылы денсаулық мәдениетін қалыптастырудың тәжірибелік-педагогикалық жұмыс нәтижелерін қорытындылау . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланған әдебиеттер тізімі. . . .

Қосымшалар . . .

КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта әлеуметтік экономикалық даму кезеңінде денсаулық сақтаудағы жеке тұлғаның рөлі көтерілуде. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан - 2030» жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда денсаулықты сақтаудың маңызы туралы және салауатты өмір сүру салтын дамытудың қоғам үшін аса қажеттігі туралы айтып өткен болатын [1] .

Майя Гогулан «Денсаулық бізге өмірмен бірге беріледі, ол қарапайым қызмет немесе қажеттілік (дем алу, ас қорыту, қан айналым, т. с. с) ретінде беріледі. Сондықтан болар ешкім өз денсаулығын оны жоғалтып алмаса тіпті ойламайды да. Денсаулық әлемді билейтін, оны білмеуге және сақтамауға болмайтын ортақ заңдарға бағынады, онсыз өмір мүмкін емес. Сондықтан әрқайсысымыз тым болмаса ғылымға адам және оның денсаулығы жайлы белгіліні меңгеруіміз міндетті»- дейді.

Денсаулық мәселелері ғылыми әдебиеттерде кең қарастырылған. Адам денсаулығына байланысты фундаменталды мәселелерді Н. М. Амосов, П. К. Анохин, Г. А. Апанасенко, К. И. Адамбеков, Р. М. Баевский, И. И. Брехман, В. П. Казначеев, Э. М. Казин, Г. А. Кураев, Ю. П. Шорин, А. Г. Шурина және т. б. қарастырса, денсаулық мәселелерін білім беру жүйесінде Р. И. Айзман, Е. А. Бабенкова, М. М. Безруких, Г. К. Зайцев, Н. А. Заруба, В. В. Колбанов, О. А. Никифорова, Н. К. Смирнов, В. Д. Сонькин, Л. Г. Татарникова, В. И. Ярославцева және т. б. ғалымдар қарастырса, Г. С. Акиева, Г. Д. Алимжанова, А. В. Ахаев, Е. Д. Даленов, А. С. Иманғалиев, Ж. О. Жилбаев, т. б. ғалымдар тұлғаның физикалық, психикалық және әлеуметтік сәттілігіне байланысты қарастырып, денсаулық тұлғаның барлық мүмкіндіктерінің ашылуының шарты болып табылады, ол баланың жас кезінен бастап қаншалықты денсаулығын сақтауға бейімделген және салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастырғанына байланысты деген пікірлерін ұсынады.

Арт-терапия - әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық жұмыстарда көркемдік шығармашылық сабақтары арқылы адам психикасын үйлесімді дамыту құралы әрі өнер арқылы психологиялық ықпал ету ретінде қарастырылады. Өнер - білім беру жүйесінде көптеген жылдар бойы балаларды эстетикалық дамыту және қалыптастыру құралы ретінде қарастырылып келді.

Қазіргі уақытта өнерді тұлғаны дамыту және қалыптастыру факторы ғана емес, сонымен қатар бұзылыстардың алдын алу және түзетудің, балалар денсаулығын сақтаудың, бала психикасын қоршаған ортаның агрессивті ықпалдарынан қорғаудың тиімді құралы ретінде қарастыру қажеттігі туындайды. Арт-терапиялық техникалар мақсаты - баланы сурет салуға үйрету емес, сурет салу арқылы балада белгілі бір эмоциялар тудырып, сөзбен жеткізе алмайтын проблемаларды жеңуге, шығармашылық энергияның шығуына көмектесу. Бала үшін маңыздысы нәтиже емес, сурет салу үрдісі. Сондықтан, арт-терапия балалармен жұмыс жасауда аса тиімді.

Зерттеуші ғалымдар мектепке жасына дейінгі балалардың эмоциялық өрісінің дамуына табиғат, өнер, музыка, көркемдік әдебиет, бейнелеу іс-әрекеті сияқты факторлардың тиімді ықпал ететіндігін анықтаған. Мәселен, оқыту үрдісінің мазмұнын бейнелеу шығармашылығымен жаңарту мүмкіндігін қарастыруда педагогикалық арт-терапия феномені зерттелген, оның теориялық негіздері Л. А. Аметова, Е. Л. Зеленина, Л. Д Лебедева еңбектерінде, бейнелеу іс-әрекетінде психотерапиялық түзету құралы ретінде Т. Г Казакова, Н. П. Сакулина, Л. М. Таджибаева, А. И. Копытин т. б. еңбектерінде, шығармашылықтың тұлғаның эмоциялық, адамгершілік дамуына психотерапевтік әсерін А. И. Аржанова, И. П. Воропаева., В. Г. Нечаева, Р. В. Овчарова, Дж. Аллан, М. Бурно Л. Д. Лебедева, В. Ловенфельд, Е. Г. Макарова жәнге т. б. қарастырса, арнайы, түзету мекемелеріндегі балалармен арт-терапиялық жұмыс жүргізу жолдары Е. А. Медведева, И. Ю. Левченко, Л. Н. Комиссарова, Т. А. Добровольская және т. б. қарастырды, ал отандық ғалымдардан арт-педагогика мен арт-терапиялық мәселелелерді А. К. Мынбаева, З. Б. Мадалиева, Г. А Қасен. Ұ. Б. Төлешова, А. Б. Мукашева, А. Б. Айтбаева, З. М. Садвакасова, Б. Д. Жігітбекова, А. Р. Жунусова, З. Қ. Әбiл, Д. E. Aбдpaмaнoвa, Қ. Н. Нығымoвa, A. Құлымбaeв және басқа ғалымдар қарастырды.

Жоғарыдағы ғалымдардың еңбектерін қарастыра келе арт- терапия арқылы оқушылардың денсаулық мәдениетін қалыптастыру мәселелері жеткілікті деңгейде зерттелмеген. Оқушылардың денсаулық мәдениетін қажеттілігі арт- терапия арқылы қалыптастыру арасында қайшылық туып отырғандықтан зерттеу жұмысымызды« Педагог - психологтың оқушылардың арт-терапия арқылы денсаулық мәдениетін қалыптастыру» деп алуымызға негіз болды.

Зерттеудің нысаны: Мектептегі тәрбие беру жүйесі

Зерттеудің пәні: арт-терапия арқылы оқушылардың денсаулық мәдениетін қалыптастыру үдерісі

Зерттеудің мақсаты: арт-терапия арқылы оқушылардың денсаулық мәдениетін қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін жүйелеп, оның үлгісін жасау, тәжірибеде нәтижесін тексеру

Зерттеудің ғылыми болжамы : егер, оқушылардың денсаулық мәдениетін арт-терапия арқылы қалыптастыру жолдары ендірілсе, онда оқушылардың денсаулық мәдениеті артады, өйткені бұл педагог-психологтың жұмыс жүйесіне негізделген.

Зерттеудің міндеттері :

  1. Оқушылардың денсаулық мәдениетін арт-терапия арқылы қалыптастыру мәселелеріне теориялық-әдіснамалық тұрғыдан талдау жасау;
  2. Арт-терапия арқылы оқушылардың денсаулық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін ұсыну;
  3. Оқушылардың денсаулық мәдениетін арт-терапия арқылы қалыптасуын тәжірибе жүзінде тексеру.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

  • Оқушылардың денсаулық мәдениетін арт-терапия арқылы қалыптастыру мәселесіне теориялық-әдіснамалық тұрғыдан талдау жасалды;
  • Арт-терапия арқылы оқушылардың денсаулық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін ұсынылды;
  • Оқушылардың денсаулық мәдениетін арт-терапия арқылы қалыптасуын тәжірибе жүзінде тексерілді.

Зерттеудің әдістері : анкета, әңгіме жүргізу; бақылау, сауалнама алу; модельдеу; алынған нәтижелерді сұрыптау.

Зерттеудің базасы :

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ АРТ-ТЕРАПИЯ АРҚЫЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Денсаулық мәдениетін қалыптастыру мәселелесінің ғылыми зерделену жәйі

Денсаулық психологиясы - ғылыми және клиникалық психологияның, психоаналитикалық және психосоматикалық медицинаның тереңге жайылған тамыры. Денсаулық психологиясының міндеті - теорияны қолдану, психологиялық денсаулықтың дамуы және физикалық денсаулықты сақтау, системалық позициясын, аурудың ерекше түрін қарастыру.

Адамның психикалық денсаулығын сақтауда есінің өзгеруі, өмірлік денсаулық мотивациясы, өмірлік құндылықтарын дамытуы ескеріледі. Адамның физикалық денсаулығы жалпы денсаулық жағдайын құрайды. Психика - жоғарғы ұйымдастырылған материясын, миын, субъектісі мен объектісінің шындық формасының белсенділігін көрсетеді.

Психикалық денсаулық мінездемелері туралы әдебиеттерде көптеген мысалдар келтірілген. Декарт жан денсаулығын, ал Гельвеций ақыл - ұқсастық пен айырмашылықтың көзі дейді.

Ал А. Ф. Лазурскидің айтуы бойынша, тұлғаның денсаулығы - әлеуметтік ортада өз-өзін басқаруына және іс-әрекетін басқара алуына байланысты. Жан денсаулығының басты көзі ол ойын, эмоциясын, моторлық функциясын, өзін-өзі басқара алуында дейді [3; 13] .

Ғалымдардың тұжырымы бойынша, психикалық ауытқушылықтардың пайда болуы өмірлік жағдайына көп көңіл бөлінуінен болады.

Зерттеулердің көрсеткіші бойынша 48% жұмысшылардың медико-психикалық қиындықтары бар екені анықталды. Зерттеу нәтижесінде оның 10% -да әлеуметтік-психологиялық дезадаптация құбылысы байқалған. Яғни әлеуметтік ортаға бейімделе алмауы. Оның қиындықтары төмендегі жағдайларға байланысты пайда болып отырған:

1. Физикалық денсаулығына байланысты туындаған қиыншылықтар (проблемалар) ;

2. Психикалық ауытқушылығына байланысты, яғни эмоциялық сферасы, көңіл-күйін басқара алмауынан туындайды;

3. Қарым-қатынастағы қиыншылықтар;

4. Жанұялық жағдайдағы қиыншылықтар;

5. Темекі шегуі мен алкогольді қолданғаннан туындаған қиыншылықтар.

Әр түрлі аурулардың пайда болуына адамның көңіл-күйі, яғни эмоциялық жағдайы әсер етеді. Ол жағымды немесе жағымсыз жағдай болуы мүмкін. Осы арқылы әлеуметтік және биологиялық орны анықталады.

Физиологиялық зерттеулерге сүйенсек, адамның көңіл-күйі іс-әрекет реакциясын және өзін-өзі іштей басқара алуына тікелей әсер етеді. Адам ағзасындағы биохимиялық және физиологиялық өзгерістерді реттеп отырады. Ол туралы П. К. Анохина еңбектерінен мәлімет алуға болады[4] .

Ал П. В. Симоновтың айтуы бойынша, эмоция дегеніміз, ол - сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау және ағзаның соған бейімделуі.

Қазіргі уақытта ағзаның жағдайын мынандай сатыларға бөлген:

1. Денсаулық - патогендік, физикалық, психикалық және әлеуметтік бейімделулер, өмір жағдайына байланысты өзгерулері. Осыған ағзаның бейімделуі.

2. Сыртқы ортаға әсері - яғни адамның қоршаған ортасындағы әр түрлі өзгерістерге әсері. Өзгерістерге физикалық және психикалық өзгерістер жатады. Ағза осы өзгерістерге бейімделе алуы тиіс.

3. Аурудың алдындағы жағдайы - патологиялық процесс, әсер ету факторы, өзін-өзі дамыту жағдайы болып табылады. Бұл екі сатыда жүреді:

- Ағзаның өмірге қажетті гомеостазы, яғни жүрек ауруларының, спецификалық аурудың алдын-алу.

- Белгілі бір органның гомеостазының, механикалық компенсация әсерінен туындаған аурудың алдын алу[5; 34] .

Этологиялық ауруларды оқыту жолдарында детерменизм принципі ең басты орынды алады. С. С. Гурвич, В. П. Петленко және Г. И. Царегородцевтің айтуы бойынша, детерменизм принципін қолдану ол - аурулардың пайда болуы, нақты жағдай және ауруды тудыратын себептерге байланысты қолданылған.

Өмірге қауіп төндіретін жағдайларда болады. Ол адамның денсаулығына тікелей әсер етеді. Олар:

• Әлеуметтік жағдай:

Эндогендік - ол индивидуалдық-психологиялық тұлға ерекшелігі;

Экзогендікке - өмір жағдайы, кері әдеттері (привычка) әлеуметтік микроклимат жатады.

• Әлеуметтік - биологиялық жағдай. Тұлғаның ішкі жағдайына - тәжірибенің жеткіліксіздігі, білім алуы, психикалық процесіне -есте сақтауы, сенсомоторикасы ең басты қажетті қасиеттері болып табылады.

• Биологиялық жағдайы. Эндогендік - инерттілігі, жоғарғы нерв жүйесінің тұрақсыздығы, оң жарты шарының жеткіліксіздігін басқара алу функциясы, артериялықтың дәл еместігі жатса, экзогендікке - морфофункциялық, гентикалық себеп-салдарды жатқызған.

Ағзаға факторлардың әсер етуі ол индивидуалды. Дамуға жалпы әсер етуші бейімделу болып табылады. Денсаулық-физикалық, соматикалық, әлеуметтік және рухани болып, төртке бөлінеді. Ағзада денсаулықтың осы аталған түрлері бірі-бірімен ете тығыз байланыста болады[6] .

«Салауатты өмір сүру салты» деген түсінік тек үстіртін көз-қарасқа ғана жарайтын жан дүние болып көрінетіні сөзсіз.

Психологиясы сау адам ауруды болдырмауы, ауырған күнде қайтседе одан сауығудың тәсілдерін пайдаланып, одан қандайда болмасын құтылады. Адамның ақыл-ойы, оның істеген ісіне, жұмыс жасау қабілеттілігіне әсер ететіні, керісінше адамның бір жері сырқаттанған болса, жоқ сырқаттарды өзі ойлап тауып білгір бола кетсе, онда оның психикасының тепе-тендігі бұғылғаны дей бер. Мұндай сырқаттар мен сырқаттанғандарды ядрогендік (өзін-өзі сендіруден болатын сырқат деп түсіндіреді. Кейбір жағдайларда ауыр күйзеліс жағдайды басынан еткізген немесе қатты ренжіген адамның сырқаттанатыны да кездеседі. Осы айтылғандардың бәрі дене (ағза) саулығын және әлеуметтік саулықты сақтау үшін психикалық саулықтын керек екенін аңғартады. Сырқаттанған адамның көңіл-күйін көтеру, оның көңіліне (психикасына) жазылып кетемін деген психикалық ой-пікір тудыру, бұл дәрі-дермектерден артық баға жетпес дүние. Сонымен бірге сырқаттан жазылуына рухани сенім тудырып, көңіл-күйді көтере түседі. Ағзада ерекше қарсылық күші пайда болады. Яғни ерекше түрде дамыған жасырынып жатқан ағза күші ояна кетеді. Иммунитет дами түседі.

Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ғылыми деректеріне қарағанда, барлық сырқаттардың 45% күйзелістен туындайтыны байқалады. Сондықтан күнзелістің тетік-тегершігін анықтау, онын, мүмкіндіктерін және күйзеліс қақтығыстарының алдын алу, оның зиянды әрекеттерінен аулақ болу керек. Жүйке-психикалық науқастардың кең тарауы бүгінде тек дәрігерлердің ғана емес, сонымен қатар биологтардың, социологтардың, педагогтардың зерттеуін қажет ететін үлкен мәселені тудырып отыр.

Педагогтардың бұл мәселемен айналысуы оқушылар арасында ақыл-ойының кемістігі немесе жүйке психикалық әрекетінің ауытқуы, қылықтың бұзылуы себебінен оқу бағдарламасын игере алмайтын балалардың кездесуімен байланысты. Педиатор - дәрігірлер үнемі стресс жағдайында жүретін ересектерге тән науқастардың балаларда да жиілеп кеткенін айтады. Оның себебі ретінде балалардың халық көп жиналатын жерлерде көп болатыны, балалардың алкоголь мен анашаны қабылдауы орын алады. Нәтижесінде балаларда ұйқының бұзылуы, бас аурулары, невротикалық симптомдар, психикалық, физикалық дамудың бұзылуы, қылықтың ауытқуы пайда болады.

Адам өз өмірінің ағысында әлденеше рет кездейсоқ туған экстремальді жағдайға жанамаланған психо-жарақаттайтын факторларға душар болады. Сонымен қатар, экстремальды жағдайлардың көбісі нақты бір ортақ қырлары бола тұрып, бір-біріне ұқсамайды, сондықтан да зардап шегушілер үшін әртүрлі зардаптар әкелуі мүмкін. Постстрессті кезеңде психикалық, психосоматикалық және психопатологиялық әсерлердің сипаты мен қарқыны әртүрлі объективті және субъективті жағдайларға тәуелді.

Объективті жағдайларға, біріншіден, психо-жарақаттандырушы факторлардың әсерінің өткірлігі мен күші, сонымен қатар, олардың әсерінің кенеттілігі мен ұзақтығы сияқты экстремальды жағдайлардың сипаты жатады. Көптеген зерттеушілер экстремалды жағдайларда психо-жарақаттаушы факторлардың әсерінің қарқындылығы қаншалықты жоғары болса, соншалықты тікелей экстремалды жағдайлар мен постстерссті кезең кезінде әртүрлі психогенді бұзылулардың пайда болу мүмкіндігі жоғары деген пікірлері үйлеседі.

Субъективті жағдайларға адамның мінез-құлқына әсер ететін және психогенді бұзылулардың пайда болу ықтималдылығын ескертетін адамның өзінің және тұлғасының жеке-психологиялық ерекшелітері жатады. Бірақ, психогенді бұзылулар мен экстремальды жағдайдағы адамның мінез-құлығы мәселесін зерттеуші ғалымдардың біразы, ұқсас жағдайларда мінез-құлықтың реакциясын құру үшін жеке-психологиялық мінездеменің мәнділігін мойындайды. Ю. А. Александорвский бірлескен авторларымен бірге «Экстремалды жағдайдағы психогения» кітабында: көптеген шетелдік зерттеушілердің пікірінше, «жарақаттаушы апаттардың себептерінен пайда болған психогенді бұзылулар, ереже бойынша, преморбидтің ерекшеліктерімен орташаланбай, көбінесе эмоциональді ортаны қозғайтын және алынған мәліметтің интрапсихологиялық өңделуін талап етпейтін қорқыныштың жағдайларымен байланысты болады», - дейді[7; 44] .

Денсаулықтың қай анықтамасы болсын оны адам организмінің бейімделуі, қарсыласуы, күресуі, өз мүмкіндіктерін кеңейтуі деген тұжырымға негізделген. Бірақ денсаулықты организмнің атқаратын қызметтерін ескермей пайымдау мүмкін емес екені де күмәнсіз. Адам - тірі жүйе, оның негізін физикалық пен рухан, табиғи мен әлеуметтік, тұқымқуалай берілген және жүре қалыптасқан бастамалар құрады.

Денсаулық тіршілік барысында жастық ерекшеліктеріне, организмнің қоршаған ортамен арақатынасына, әлеуметтік әрекеттер ерекшеліктеріне байланысты қалыптасады. Денсаулық организмнің өзгермелі сыртқы және ішкі ортаға бейімделуін, ағза жүйелерінің қызметтік қорларын, генеративтік, танып білу және әлеуметтік қызметтерді сақтап кеңейтуге бағытталады. Мұндай сау адамға тән қызметтерді іске асыруға көптеген сыртқы және ішкі факторлар, соның ішінде әлеуметтік-мәдени-саяси жүйе, жеке бастың өмір салты, денсаулық потенциалы, бейімділіктері мен қабілеттері, қоршаған орта. Демек, денсаулық әдістемесі адам ағзасын сыртқы ортамен тығыз байланысты біртұтас жүйе ретінде қарайтын жүйелі тәсілге негізделген кешенді, тұтас, көп өлшемді болуы керек.

Денсаулық дегеніміз - аурулардың жоқтығы ғана емес, ол физикалық шынығудың белгілі бір деңгейі, психикалық және физикалық сәттіліктің негізі. Денсаулықты сақтау мен қайта қалпына келтіру әр адамның өзіне байланысты. Ол оған әрекеттенгенде ғана жетеді. Жасалатын әрекет саналы түрде, өз сұранысын қанағаттандыру үшін жасалу қажет. Денсаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтына оң ықыластың болғаны жөн. Бұл ретте оқушы тұлғасы ең құнды дүние болып табылады. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша адам денсаулығы 52% оның өмір сүру тәртібі мен жағдайына байланысты екендігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының оқушыларды дәрігерлік тексеруден өткізген нәтижесі бойынша 44, 8% балалардың ауру екендігі, олардың ішінде 35%-ы үнемі дәрігерлік бақылауда болу керектігін көрсетті [8] .

Адамды өзінің денсаулығын сақтауы, нығайтуы, дамытуы үшін мотивациялаудың әдістерін дайындау негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Денсаулықтың рухани, психикалық, әлеуметтік және соматикалық құрауыштарын сақтау, нығайту және жалпы дамыту денсаулық психологиясының қосымша міндеттері болып табылады. Денсаулықты дамытудың басты ұстанымы мықты денсаулықтың болуы емес, сол денсаулық арқылы өзінің миссиясын жүзеге асыру.

Н. М. Амосов «Денсаулық денсаулық үшін емес, ол эффективті қызметтің ажырамас шартын құрауымен құнды, сол арқылы біз бақытқа жетеміз» [9] .

В. А. Ананьев Денсаулық психологиясы адамның жоғарылауына көмектесетін барлық байлықтарын өзіне сіңіреді. Шығыс дәстүрінен техникалық тәсілдерді, ал хрестиандықтан адамның рухани даму әдістері енген. В. А. Ананьев денсаулық психологиясындағы адам дамуы мен оның негізгі міндеттерін сипаттайтын «Жетістіктер шоғыры» атты оқу бағдарламасын ұсынады. Бұл жүйе - бағдарламасы теоретикалық- тәжірибелік ұсыныстар мен ортақ ойлар, технологиялар бойынша байланысқан бағыттарды қамтиды. Жетістіктердің үйлесімді дамуы, яғни тұлға құрылымын қалыптастырушы потенциалдар, «холистикалық денсаулық» ретінде анықталауы мүмкін, ал қосымша потенциалдардың ашылу «фрагментарлық денсаулықтың» болуымен сипатталады.

Бағдарлама гүл шоғыры бейнесі ретінде берілген, әр гүл күлтесі тәннің, жанның және әлеуметтік денсаулықтың түрлі аспектілерін білдіреді. Әр потенциал өздігінен маңызды және басқада потенциалдарға ықпал етеді. Тәжірибелік жұмыс мақсаты - әр потенциалдың толықтай ашылуын қамтамасыз ету.

  1. Ақыл -ой жетістіктері (денсаулықтың интеллектуалдық аспектісі)

Адамның интеллектісін дамыта алу және оны қолдана алу қабілеті; объективті білімдерді қолдана алу дағдысы жатады.

Бұл құзыретінінің өзіне негізгі ұстанымдарды, құндылықтарды, өмірдің мәнін ұғынуды, сенімдерін және индивидтің ойларын қамтиды. Осы компетенцияны дамыту тікелей интеллектіні қолдану ерекшелігіне тікелей байланысты. Негізгі міндетіне, алған білімдерден зардап шекпеу, керісінше оны жетілдіру құралы ретінде қолдана алуға үйрету.

  1. Ерік жетістіктері ( денсаулықтың тұлғалық аспектілері)

Адамның өзін-өзі жетілдіре алу қабілеті; алдына мақсат қоя алу және оларға жету жолында тиімді құралдарды пайдалану. Ерік құзыретін дамыту үшін, ең алдымен шешімдер қабылдау дағдылары, « жоқ» деп айта алу, өзі ұшін тұра алу, өзі үшін, ісі мен таңдауы үшін жауапкершілікті ұғыну. Сонымен қоса, тактикалық және стратегиялық мақсаттарды құра алу, және оларды өзінің өмірлік мәнімен байланыста алуы жатады. Орын алған жағдаяттардарды тез шешім қабылдай алуға үйрену. Ерік - бұл адам белсенділігінің қайнар көзі, ол көз-келген потенциалдың ашылуына көмектеседі.

  1. Сезімдер жетістігі ( денсаулықтың эмоционалды аспектісі)

Эмоционалды құзырет - бұл адамның өзінің сезімдерін конгруэнтті түрде білдіру, басқалардың сезімдерін түсіне алу және қабылдау. «Эмоциональды» интеллектің деңгейін көтеру үшін - өзінің сезімдерін басқара алу керек. Бұл потенциал түріне ұғыну, түсіну, эмоцияларды реттеп, басқару жатады. Сезімдерді шығара алу әдістерін үйрену бұл маңызды тәрбиелік мақсат, эмоционалды фонның яғни, көңіл-күйдің тұрақты дамуына көмектеседі. Өкініш, ашу-ыза, мазасыздық, қайғыру, мұңаю - бұл адамның қалыпты күйлерінің бірі. Егер бұл сезімдер іштей жән көп шығаратын болса және өзгелерді күйзелтсе, онда теріс мағынаға ие болады. Осы потенциалдың дамуына, эмоцияларды танып- білу мен оларды реттеу және басқара алу қабілеттері жатады.

  1. Денсаулық жетістіктер (денсаулықтың физикалық аспектісі)
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПСИХОЭМОЦИЯЛЫҚ САУЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ АРТ-ТЕРАПИЯНЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Театр арқылы балалардың тілін және шығармашылық қабілеттерін дамыту
Коммуникативті әмбебап оқу әрекеттерінің мәні
Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту жағдайлары
Арт терапиясы арқылы жасөспірімдердегі девиантты мінез құлықтың алдын алу
Музыка сабағындағы заманауи технологиялар
Девиантты мінез - құлықты балалардың ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі жалпы сөйлеу тілінде бұзылысы бар балаларға сипаттама
Бейнелеу өнері туралы мәліметтер
Тірек - қозғалыс аппараты бұзылған балалардың ерекшеліктерін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz