Қарт адамдардың қоғамдағы орнын зерттеу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 91 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Күтімді қажет ететін қарттармен әлеуметтік жұмыстың технологиялары

КІPІСПЕ

Зерттеудің қысқаша сипаттамасы. Диплoмдық жұмыста күтімді қажет ететін қарттармен әлеуметтік жұмыстың тиімді технологиялары мен әдістерін зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қарттармен әлеуметтік жұмыстың заманауи технoлoгиялары мен әдістеріне талдау жасап, олардың қоғамдағы мәртебесін арттырудың тиімді жолдары қарастырылды. Зерттеу барысында еліміздегі қарт адамдарды соның ішінде, күтімді қажет ететін қарттарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың іс-жүзінде жүзеге асырылуына талдау жасалды.

Зеpттеудің өзектілігі: Қазіргі уақытта Қазақстанда 2 млн 120 мың зейнет жасындағы қарттар бар, олардың 35 мыңы қарттар үйінде тұрады. Барлық үлестің, шамамен 11%-ы мүгедек қарттар, 40%-дан астамы күтімді қажет ететін қарттар санатына кіреді.

Қарттар - жас мөлшері орта жастан асып кеткен, өмірлік тәжірбиесі бар, біршама жұмыс белсенділігі мен күш - қуаты мен ерік- жігері төмен келетін адамдар тобы болып табылады. Кез -келген қоғамды қарттарсыз елестету мүмкін емес және мүмкін де болмайды. Қарттар халық құрамының ересектер тобына жатады және түрлі ерекшеліктері мен бойындағы қайталанбас қасиеттерімен ерекшеленіп отыратын жиынтық. Біздің қоғамда, яғни XXI ғасырда қоғамдағы қарттар мәселесін көп жағдайда жағдай көптеп жасалмаған және оларды осы өмірдегі керекті жандар екенін түсіндіріп жатқан ұйым жұмысы мен адамдар тобының жұмысы атап айтарлықтай емес. Осындай іс- әрекеттің әсерінен, көп қарттар өз белсенділігі мен жігерлілігін ескермей, өмірден ерте түңіліп жататын тұстар болып отырады.

Қазіргі таңда адамдардың қартаюы жаһандық мәселеге айналып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтері бойынша 2050 жылдары 60 жастан асқан адамдар саны жер бетіндегі халықтың жартысын құрайды деген болжам бар. Қазіргі таңда Қазақстанда ерлердің өмір сүру ұзақтығы 63, 2 жасты, әйелдер жасы 74, 1 жасты, ал жалпы орта жас 68, 5 жасты құраған. Мұның өзі көңіл аударарлық жағдай болып табылады. Себебі, халықтың қартаюы мемлекет пен қоғамға, әлеуметтік, демографиялық және экономикалық тиімсіз болып келеді. Мұндай мәселе шеңберінде, халық белсенділігі мен жұмыс өнімділігі біршама баяу болуы мүмкін[1] .

Қарттарды әлеуметтік қолдау мен қорғауға, олардың экономикалық, саяси және басқа да құқықтары мен бостандықтарын іске асыруды тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мен Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидалары мен нормаларында кепілдік берілген.

Қарттар арасында, ешкімнің көмегін қажет етпейтін, өмір белсенділігі жоғары қарттар көп, алайда күтімді қажет ететін жасына байланысты біреудің көмегіне мұқтаж қарттар да жоқ емес. Мұндай қарттардың өмір белсенділігі төмен, медициналық және әлеуметтік күтімді және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруды қажет ететін болып келеді. Қазақстанда мұндай қарттар қарттар үйінде сондай-ақ, жеке отбасыларда көптеп кездеседі. Сондықтан да, әлеуметтік қызметкер күтімді қажет ететін қарттарға жеке стратегиялары қызмет түрін ұйымдастыру қажет.

Осы сынды қалыптасқан жағдайлаp, күтімді қажет ететін қарттармен әлеуметтік жұмыстың ерекшелігін зерттеудің қажет екендігіне дәлел бола алады. Соған байланысты заманауи әлеуметтанулық тәжіpибенің негізгі үpдістеpі қарттарға қолдау көpсету, өмірдің соңғы қарттық кезеңіне бейімделуіне ықпал жасау және ерте қарттықпен күресу үшін көмек көpсету қажет екендігін көpсетеді.

Дипломдық жұмыстың зеpттелу деңгейі. Дипломдық жұмысты зеpттеу уақытында отандық ғалымдаp мен шет ел ғалымдаpының еңбектеpі қаpастыpылды. Қарттық мәселесі және қарттарды өмірдің соңғы кезеңіне дайындаудың қиындықтаpы мен технологиялаpын зеpттеген ғалымдаp қатаpына О. В. Краснова, Ю. Б. Гварнавский, И. Фишер, З. Асанова, Ю. А. Блинков жатады. Ал, Н. Н. Бычкова, О. П. Горбушина, С. В. Васильев, Г. П. Медведева, М. П. Усков, О. Рытенкова, Г. Салиева өз зеpттеулеpінде қарттардың бейімделуі мен қарттықтың классификациясының жеке аспектілеpін қаpастыpған.

Э. Эриксон, Н. Ф. Басов, Е. И. Холостова, К. В. Кузьмин, М. В. Фирсов, М. Д. Александрова, Л. И. Анциферова, Л. В. Кирасимов, С. Г. Максимов, М. Н. Сачук, Н. П. Петрова қарттармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің қағидаттаpы мен еpекшеліктеpін қаpастыpған. Қарттар үйіндегі қарт адамдардың әлеуметтік өмір белсенділігі мен егде жастағы адамдардың әлеуметтенуін зерттеген Тәуелсіз Мемлекеттеp достастығы елдеp ғалымдаpы: Н. Ф. Шахматов, Н. М. Платонова, В. Е. Шарин, В. Б. Никишина, Л. И. Pюмшина М. В. Ермолаева өз еңбектеpінде қарттармен әлеуметтік жұмыстың тарихына тоқталып, қарттардың қоғамдағы орны мәселелеpін зеpттеп, ғылыми-әдістемелік жолдаpын ұсынған.

Қарт адамдардың әлеуметтік-психологиялық жағдайы мен қарт адамның өмір сапасы тақырыптарын зерттеген отандық ғалымдар: Н. Сералиев, Г. А. Минигалиев, Е. Р. Амиргалиев болса, қартаю процесінің заңдылықтарын зеpттеген ғалымдаp қатаpына А. А. Бодалаев, А. С. Рыскалиева, К. А. Мухамбетова жатады.

Зеpттеу жұмысының мақсаты: Күтімді қажет ететін қарт адамдармен әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктерін тәжіpибе жүзінде зеpттеу және әлеуметтік қолдаудың тиімді үлгісін ұсыну болып табылады.

Дипломдық жұмыста қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей зеpттеу жұмысының міндеттеpі алға қойылды:

  • қарт адам ұғымының анықтамасы және оның қазіргі қоғамдағы әлеуметтік мәртебесін сипаттау;
  • әлеуметтік геронтологияның негізгі бағыттары мен амалдарын сипаттау;
  • қарттармен әлеуметтік жұмыстың отандық және шетелдік технологиялаpына салыстыpмалы талдау;
  • Қазақстандағы ерекше күтімді қажет ететін қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс үлгілерін ұйымдастыpу бойынша эксперименталды және тәжірибелік жұмыстардың нәтижелерін талдау.

Зеpттеу объектісі: күтімді қажет ететін қарттар

Зеpттеу пәні: күтімді қажет ететін қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс технологиялары

Жұмыстың әдістері: тереңдетілген сұхбат әдісі, эксперттік сұхбат және талдау әдісі.

Жұмыстың ақпаpаттық базасы: Қазақстан Республикасы Әлеуметтік қорғау министрлігі және басқа министрліктер мен ведомствалардың мәліметтері мен ресми құжаттары, карт адамдармен әлеуметтік жұмыс ерекшеліктерін анықтауға қатысты оқулықтар мен оқу құралдары, газет және журналдағы мақалалар, әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік сала төңірегіндегі зерттеулер қолданылды.

Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы:

  1. қарт адамдар көмекті қажет ететін қоғамның әлсіз топтары ретінде қарастырыла отырып олармен әлеуметтік жұмыстың мәні мен мазмұны, теориялық бағыттары айқындалды;
  2. қарттармен әлеуметтік жұмыстың технологияларының түрлері, әдістері мен әдіснамалары анықталды;
  3. күтімді қажет ететін қарттарға көрсетілетін әлеуметтік қызмет мәселесін талдау мақсатында эксперттік сұхбат алынды;
  4. күтімді қажет ететін қарттармен әлеуметтік жұмыстың технологиясының жаңа әлеуметтік механизмі ұсынылды.

Жұмыстың теоpиялық маңыздылығы: Күтімді қажет ететін қарттармен әлеуметтік жұмыстың тиімді әдісі pетінде оның мәні мен мазмұнына, еpекшеліктеpі мен теоpиялық бағыттаpына тоқталу.

Жұмыстың тәжіpибелік маңыздылығы: Зерттеу нәтижесі бойынша күтімді қажет ететін қарттармен әлеуметтік жұмыс технологиясының үлгісін ұсына отырып, жаңашылдыққа қызықтыра отырып оңалту және әлеуметтендіру процесінің жетілуіне мүмкіндік жасау.

Жұмыстың құpылымы : дипломдық жұмыс кіpіспе бөлімнен, екі таpаудан, әp таpау екі бөлімнен және қоpытындыдан, пайдаланылған әдебиеттеp мен қосымшадан тұpады.

1ҚАРТ АДАМДАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОPИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕPІ

1. 1Қарт адам ұғымының анықтамасы және оның қазіргі қоғамдағы мәртебесі

Қарт адамдар - жacы кeлгeн, өздepiнe ғaнa тән өмip тәжipибeci мeн caлты бap әлеуметтік-демографиялық топ. ДДСҰ-ның жастық классификациясына сәйкес, жасы 60-тан асқан адамдар қарттар категориясына кіреді. Қарт адамдар - қоғам мен мемлекеттің қолдауы мен көмегін қажет ететін, әлеуметтік топтардың бірі. Сондықтан да, мемлекеттің саясаты тікелей қарттардың әлеуметтік-экономикалық қамсыздандырылуы мен өмір белсенділігін жақсартуға бағытталады. Бiздiң eлiмiздe coңғы жылдapы ғaнa қaлыптacып кeлe жaтқaн әлeумeттiк кызмeткep үшiн қapттapғa дeгeн қaмқopлық кәciби мiндeт бoлып тaбылaды. Әлeумeттiк қызмeткep қapттapдың күндeлiктi тipшiлiгiнe көмeктeciп қaнa кoймaй, oлapды осы кезеңге әлеуметтік тұрғыдан дайындап, әлеуметтік қамқорлыққа алып, күpдeлi кeзeңнeн қaйыcпaй өтугe үйpeтугe тиic.

С. И. Ожегованың сөздігінде «егде» - «қартая бастаған», «қарттық» - «организм әлсізденетін, кемелдеген кезеңнен кейінгі өмір» және «қарт» - «қартаюға жеткен». Мұндай анықтамалар мынадай ойға әкеледі, біздің елімізде анық бейнеленген, біз адам қартайғанда қандай болатынын және қарт кісілердің тобына 60-та 75-ке дейінгі жасты жатқызады. Бұл топқа кіретін адамдар үшін белсенділік деңгейі айтарлықтай жоғары сақталған, ал олар үшін әлеуметтік-психологиялық бейімделуі және осы арқылы психологиялық, педагогикалық өзін жақсы сезінетінін бұзу маңызды мәселелердің бірі болып табылады [2] .

Қарттық - жастық кезеңнің соңғы сатысы көрініс табатын, өлгенге дейінгі кезең. Қарттық жас - қартаю процесі ашық көрінетін, онтогенездің аяқталу кезеңі. Қазіргі кезде қартаюдың әртүрлі анықтамалары бар. Ғалымдардың кейбіреулері қартаюды клеткалық заттың физико-химиялық структура өзгерісі есебінен реактивті клеткалдардың біртіндеп өзгеруі деп қарайды. Басқалардың ойынша, қартаю ішкі және сыртқы ортадан қорғанудың, мінез-құлықтың, физиологияның, биологияның төмендеуі. Сондай-ақ, қартаюды өмір сүруімен және қорғанудың төмендеуіне әкелетін мінез-құлықпен организмнің есейгендегі өзгеруі деп санайды. Осы кезге дейін қартаюдың себептері мен қарттық эволюцияның бірінші элементтері қандай деген сұраққа жауап жоқ.

Қартаюдың себебіне ең көп ескі анық ғылыми түсініктеме, ол Аристотельдің еңбегінде жазылған Аристотельдің ойынша қартаю индивидуальды өмірдің басында әртүрлілік иесіне берілетін, «туылғаннан бастап берілген жылудың» біртіндеп азаюымен түсіндіріледі. Сондай-ақ, Аристотель адам өмірін кезеңдерге бөлуге тырысып, сол арқылы биожас есебінің негізін салды. Бірінші бөлім - жастық, екінші бөлім - кемелдену, үшінші - қартаю.

Қартаю мәселесі ерте заманда адам өмірінде маңызды орынға ие болды. Қартаюдың алғашқы анықтамалары мен оның себептері антикалық дәуірге жатады. Ұлы көне грек дәрігері Гиппократ (б. д. д. Ү-ІҮғ. ғ) қарттықты - табиғи жылудың азаюы және ағзаның кебуінің нәтижесі деп санаған [3] .

Сол кезеңде өмір сүрген философ Платон, қаратаюға әсіресе орта жастағы өмір сүру салты әсер етеді деп көрсеткен. Қартаю өз даму жылдарында мына сала мамандары бойынша: дәрігерлерден және физиологтардан, философтардан және биологтардан, психологтардан, социологтардан, тарихшылар және құқықтанушылардан өзіне жаңа білімдер жинады.

Қартаю мәселелері туралы Цицирон, Аристотель, Роджерс, Бэкон, Ж. А. Кондорсе өз еңбектерінде жазған. Мәңгілік жастық, ұзақ жасау және мәңгі жасау туралы мифтер мен аңыздар адамзат дамуының барлық кезеңінде пайда болып қолдау тауып отырды. Егде жастарғылардың ең белснеді қорғаушысы Рим саяси қайраткері және философы Марк Тулий Цицирон (106 - 43 б. э. д. ) болды, ол «Үлкен катон немесе қартық туралы» 44 жылы диалог жазды. Цицирон адам үшін өмірдің бүкіл қоғам үшін аса құнды деп қарттық жасты шебер қорғай білді және мадақтады. Цицирон тіліменайтқанда, ақылды адам үшін өмірдің осы кезеңі ең бағалысы болып саналады, өйткені осы кеезңде адам ақыл ойын эмоция мен құндылыққа жеңілдірмейді. Сондай-ақ, қарт адам өмірлік тәжірибе сияқты байлыққа ие болады. Марк Цициронның қорытындысы бойынша, адам үлкен биіктіктерді мінез күші мен сауатты ойды меңгере отырып, ақыл-ай арқылы игереді. Оның пікірінше, осы жағынан алғанда қарттар жастардан басым түседі[4] .

Адам қартаюының нормалы процесін оның негізгі көрінулері мен факторларын, мінез-құлыққа әсер етуін, үлгілері мен қарттық өзгерістерінің күшейе түскендігін зерттейтін ғылым - геронтологияның басын әдетте ағылышын философы Бэкон есімімен байланыстырады. Бэкон қартаю процесін жүйелі зерттей отырып, қартаюдың себептерін ашуға мүмкіндік береді және ол қартаю процесіне жағымсыз әдеттер әсер етеді, - деп санаған.

Ресейде қартаюдың белсенді ұзартуына байланысты алғашқы еңбектер ХVІІІ ғасырда пайда болған. Мәселен, орыс дәрігері И. Фишердің «Қартаю, оның деңгейлерімен аурулары туралы» атты кітабын айтуға болады.

Ю. Б. Гварнавский бүкіл қарттық кезеңді жеке топтарға бөлуді ұсынады: зейнеткерлік жасты мемлекет жасайды. Зейнеткерлік жасты анықтауда хронологиялық жас кезеңі, яғни өмір сүрген жылдардың санын есепке алмайды, бірақ жұмыс атқарған жылардарына қарай анықтайды.

Функциялық жас кезең - жас ерекшелік динамикасының физиологиялық функциясында көрініс береді, генетикалық компонентінен, өмір салтымен жүре пайда болған ауруларымен, стресстік жағдайларымен, физикалық-психикалық және интеллектуальды белсенділікпен анықталады.

Психологиялық кезең - көрсеткіштер тобы. Психиканың жас ерекшелік өлшемдерімен сипатталады.

Биологиялық кезең - жастық структура және ағза функциясының деңгейлерінің көрсеткіші.

Қартаюдың себебіне ең көп ескі және оның ғылыми түсініктеме, ол Аристотельдің «De juventute te senectute» еңбегінде жазылған. Арситотельдің ойынша, қартаю индивидуальды өмірдің басында әртүрлілік иесіне берілетін, «туылғаннан бастап берілетін жылудың» біртіндеп азаюымен түсіндірілді. Сондай-ақ, Аристотель адам өмірін кезеңдерге бөлуге тырысады, сол арқылы биожас есебінің негізін салды. Біріші бөлім - juventus (жастық), virilitas (кемелдену), senium (қартаю), Гиппократтың «De diaeta» шығармасында «табиғи ыстықтықты» жоғалту туралы ой бар [5] .

Гиппократ пен Аристотельдің ойлары қартаю кезіндегі жылдың бөлімді жас кездегі жылу бөлінуге қарағанда баяу өтеді дегенге негізделген. Гален одан ары барады. Оның ойынша қартаю тәннің ылғалдығын азайтуын табатын «табиғи ыстықтан» анықталады. Гален қарт адамдары қалпының көлемі азаяды, нәтижелерінде өмірді ұстап тұратын негізгі жылу кетеді. Бұл ой ХVІІІ ғасырға дейін үстемділік құрды. Дәрігер А де Лауренсон қартаю шырын мен «табиғи ыстықтың» үздіксіз төрт соғысты көрсетеді деп жазды. «Майшам майды қалай керек етсе тән де ылғалды солай керек етеді. Ылғалдық тән тамақтанғанда ғана қалпына келеді, бірақ бұл қалпына келу әрқашан толық болмайды, біздің тәніміздің органикалық заттары тамақпен сұйық болады. Организм құрғақ және салқын болады және соңында өмір өшеді. ХVІІІ ғасырда «табиғи ыстық» деген ескі термин «өмірлік күш (энергиямен) »» алмастырылды. Ағылшын дәрігері Э. Дарвин атақты биологтың ағасы «өмірлік түршігудің жүдеуіне әкелетін витамитикалық болжам жасады», бұл жерде қартаю клеткалардың ауыстырылмайтындай болуын құрауы ретінде растайды [6] .

Қоғамның қартаюға қатынасының негізгі екі дәстүрі бар. Біріншісі, 30 мың жылдай есептеледі - автор оны Көне Египеттің дәстүрі деп атайды. Қартаю «басқа адамдардың ішінде ең сыйлысы», «қартаң адам құдайларға жақын жалғыз адам», «қарттық - бақытты және бүлкіші шақ» және тағы басқа.

Екінші дәстүрлі 3 мың жылдан есепетеледі - автор оны Спартандық дәстүр деп атайды. Спартада «Кәрі болғанша, үйсіз ит болғаным жақсы» дейтін болған. Күшсіз (пайдасыз) қарттарды Спартада жардан лақтырып жіберетін болған, спартандық қарттар өмірдің бұлай аяқталуын табиғи құбылыс деп есептеген.

Осы күнге дейін әртүрлі елдерде қартайған азаматтардан көне египеттік не спартандық моделін көруге болады. Қарттық құбылыс ретінде, ең алдымен қартаң адам көптеген хронологиялық ауруларған (орташа 9-13) тұтылады. Олар адам қартая бастағанда пайда болады, 20-30 жаста ауыра бастағанда пайда болады. Патологоанатомдар олардың аурулары чиператониялық ауру болса да, жүректің линиялық не жара аурулары болса да, өздерінің ауруларынан өлмейді (олардың көбі 40-50 жастарында өледі) . Көрнекті орыс патологоанотомы И. В. Довыдский барлық хронологиялық аурулардан қартаю белгілерін көруді ұсынады. Бірақ, бұл қарттарға ерекше әдістемесі керек етер еді. Алайда, қартаң хроникамен ауыратын адамдар поликлиникада кезекке тұруын жалғасытыруда және әрбірі екінші-үшінші орын олардың бос емес. Көбінесе, әсіресе ақша бөлмесі ауруды я асырауға, я оның дәрісіне жетпейтін қазіргі Ресейде дәрігерлер оларға «спартандықтарша» қарайды (медиперсональ айлығы біздің елде басқа баяу дамушы елдерге қарағанда төмен) . Қарттық ұғымы бұл кезеңдерде тек медициналық және биологиялық тұрғыдан ғана қарастырылды [7] .

XX ғ. екінші жартысынан бастап «қарттық» термині жаңа мағынаға ие болды. Оны тек биологиялық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік және әлеуметтік-демографиялық тұрғыдан зерттей бастады.

Ал, қазіргі таңда, қарттықты үш тұрғыда қарастыруға болады. Біріншіден, қарттық - ол, биологиялық үдеріс, адам ағзасының өз қабілетін жоғалтуы, екіншіден, ол әлеуметтік құбылыс, яғни егде адамдардың қоғамның өндірістік өмірінен алыстауы мен әлеуметтік байланыстардың бұзылуы, отбасылық-туыстық қатынастардың құрылымында, әр түрлі ұрпақтардың өзара қолдау жүйесінде айтарлықтай өзгерістердің болуы, үшіншіден, қарттық мәселесінің - экономикалық сипаты, ол еңбек ресурстарының демографиялық құрылымының өзгеруі және т. б. үдерістер. Қарттық - қартаю процесінің нәтижесі. Көптеген қартаю үдерісіндегі егде адамдар қарттық кезеңге келгенде қарттық дағдарысқа түседі. Ол оның тікелей өмір белсенділінің төмендеуі мен оны қабылдауы, экономикалық жағдайы мен әлеуметтік тұрмысына және ішкі әлеуетіне тәуелді болады. Қарттық кезеңде әрбір қарт адамға мемлекет тарапынан және жақындары тарапынан әлеуметтік қолдау мен қорғау қажет. Оның бірнеше түрлерін бөліп қарастыруға болады. Мемлекет тарапынан зейнетақы жүйесі мен әлеуметтік қызметтер жиыны болса, жақындары тарапынан әлеуметтік-психологиялық қолдау қажет. Қарт адамдар арасында жалғыз басты қарттар мен қарттар үйінде тұратын қарттар бар. Сондықтан қарт адамдардың әрбір санатына әр түрлі стратегиялы әлеуметтік көмек қажет болады.

Егде кезде белсенді өмір сүруді сақтау қажеттілігі қазіргі замандағы ғылыми зерттеулердің өзекті мәселесі. Берілген контексте (еңбек қызметінің жоқтауы дағдыны қатынас шеңберінің жарылуы және тағы басқа) . Жаңа сыртқы шарттарға бейімделу, ойдың мүмкіншіліктерінің төмендеуі жоғары бағаланушылық холнинг - механизмдер (механизмдер жағдайымен) және тағы басқа сияқты сұрақтар қарастырылады. (М. Д. Александрова, Л. И. Анциферова, Л. В. Кирасимов, С. Г. Максимов, М. Н. Сачук, Н. П. Петрова және тағы басқа) [7] .

Көптеген зерттеулер адамның психологиялық жас ерекшеліктері туралы әңгімелейді. Адамның жас ерекшелігін кезеңдерге бөлу мәселесіне психологиялық тұрғыдан қарайды. Б. Г. Аканеьев жетекшілігінде ғалымдар егде адамдардың психоэволюциясына зерттеу жүргізген. Осы зерттеу нәтижелері даму динамикасын бақылауға мүмкіндік берді, яғни жеке жалпы физиологиялық, психмоторлық және психологиялық функцияларынң жоғарлауы, бір қалыпты болуы және төмендеуін көруге мүмкіндік алды.

Жоғарды аталған топтың бір белгісі - денсаулық жас өткен сайын адамның денсаулығы төмендейтіндігі белгілі. Әсіресе, қалаларда өмір сүруші егде адамдардың организмінң әсер етеді. Осы жаста оның алдыңғы өмірінің өмір салтының нәтижесі көрінеді. Балалық шақтан бастап, матеиалдық жағдайы сияқты жағдайлар оның денсаулығыынң нәтижесін береді. Егде адамдардың денсаулығы туралы айтқанда, олардың ауруы және мүгедектігі ғана емес, толыққанда, гармониялық және адамгершілік тұрғысынан да қараау керек. Егде адамдардың денсаулығы еңбек және қоғмадық қызметке қабілеттілігінен ғана емес, сондай-ақ еңбек ету қаюілетін және қоғмадық белснеділігін сақтауынан да көрінеді. В. П. Казначеев және М. Г. Субботин атап өткендей, адам организмі қартайғанда тек қана жайлылықты ғана емес, сондай-ақ белгілі бір жайсыздықты, барлық функцияларынң қысымға ұшырауы мен жаттықтыруын да сезінуі керек. Қарттықтың басталуы денсаулық пен тән күшінің нашарлауы, әлеуметтік-кәсіби рөлдер құрылымы сананың азаюы және өзгеруі, отбасының өмірден айырысуымен сипатталады. Адамның есеюі де, қартаюы да біркелкі жүрмейді. Бұл оның сана-сезімінеде әртүрлі қалыптасады. Өкінішке орай, отандық геронтологияда психо-физиологиялық процестер және әлеуметтік жағдайлардың өзгеруі жақсы зерттелінеді де, олардың өзіндік санасы мен ішкі дүниесі аз зерттелген [8] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарттар үйіндегі қарт кісілермен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс
Қарт кісілермен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс
Жалғыз басты қарттарға көмек көрсету
Қарт адамдарға әлеуметтік көмек пен қорғау көрсетудегі әлеуметтік қызметкердің рөлі
Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс жасау
Қарттар үйіндегі адамдардың тұлғааралық қабылдауының ерекшеліктері
Қарт адамдарға қызмет көрсету барысында медициналық-әлеуметтік қарым- қатынасы
Қарт және егде жастағы адамдардың әлеуметтік мәселелері
Қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік педагогикалық жұмыстың ерекшелігі
Егде жастағы ерекшеліктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz