Барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп жан - жақты қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Түркістан облысы

Шымкент қаласы

№ 68 «Ботақан» бөбекжай бақшасы

БАЯНДАМА

Тақырыбы

«Step by step» технологиясы

Бақытты баспалдақтан бағытты баспалдаққа

Баяндамашы: Абишева Шынар Кошановна

Шымкент-2021

Жоспар

І. Кіріспе

1. 1«Step by step» технологиясы -заман талабы

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Бақытты баспалдақтан бағытты баспалдаққа

2. 2. «Step by step» технологиясының жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы

2. 3. «Step by step» технологиясындағы тәрбиешінің рөлі

ІІІ. Қорытынды

Бақытты баспалдақтан бағытты баспалдаққа

«Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай,

келешек заманына лайық қылып шығару керек»

Мағжан Жұмабаев

Еліміздің бүгіні мен ертеңі болашақ ұрпақ қолында екенін ескере отырып, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу - кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», - демекші, мектепке дейінгі жастағы балалардың бойында ұлттық салт-дәстүрді сіңіріп, халықтық тағылым нәрімен сусындатып, танымдық жұмыстарды жүргізетін бірден бір мекеме - мектепке дейінгі тәрбие беретін балабақша.

Әр баланың білім алуға, қоршаған ортаға және еңбекке бейімі, бір-бірімен қарым-қатынасы да осы кезеңде басталатындықтан, балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламаларды таңдау қажеттілігі туындайды. Баланы жан-жақты дамытуға көмектесетін бағдарламаның бірі және бірегейі «Step by Step» («Тәй-тәй») бағдарламасы деуге болады.

Қазіргі кезде толғандыратын өзекті мәселелердің ең негізгісі -еліміздің болашағы. Заман ағымының өзгеруіне байланысты мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне жаңа талап - міндеттер қойылуда. «Step by step» технологиясының ең басты ерекшелігі-әр балаға деген жеке-дара көзқарас. Ал, ұйымдастырылған іс-әрекеттер белсенділік орталықтарда жүргізіледі. Бұл жаңа стандарттың талаптарын орындауға өте ыңғайлы.

Ерте жастағы балалардың жеке тұлға болып қалыптасу тәжірибесі деңгейі олардың өмірінің бойында оқу және қоғам өмірінде белсенді қатысу үшін мықты діңгек құрудағы негізгі фактор екендігі мойындалған.

Халықаралық «Step by Step» (ISSA) ассоциациясы балаларды кіші жастан дамыту мен оқыту аймағын педагогтер, балалар мен ата-аналардың біріге жұмыс жасайтын болашақтағы ерекше өмірлік кеңістік ретінде көреді.

«Step by Step» («Тəй-тəй») бағдарламасы 0 жастан 12 жасқа дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу және ата-аналарды оқу үдерісіне тарта отырып, демократиялық қағидалар мен тиісті даму тәжірибелері сақтай жүргізілетін инновациялық бағдарлама болып саналады.

Білім беру жүйесінің алғашқы қадамы мектепке дейінгі ұйым, балабақша болғандықтан тәрбиешілер мен жетекшілерге жауапкершілік жүктеледі.

Мәдениетті, ұқыпты, білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін тәрбиешінің өзі тәрбиелі, білімді болу қажет.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мақсатты қоғам талабынан туады. Өйткені елімізге Отанын сүйетін, білімді, моральдық бейнесі жоғары, шығармашылық еңбекке бейім, рухани дүниесі бай, жетілген адамдар қажет.

Оқу - тәрбие үрдісін нәтижелі жүзеге асыру мақсатында «Step by step» технологиясында әр баланың жеке қабілеттері, жеке дара мүмкіншіліктері аса ескеріліп, оның өзіндік “Менің” қалыптастырып, оны жеке тұлға ретінде дамытуға, баланың ойы мен пікірін сыйлауға үлкен мән беріледі.

«Step by Step» бағдарламасы балабақшадағы мектепке дейінгі топтар және мектепалды даярлық тобы балалары үшін өте пайдалы және маңызды, себебі, бағдарлама ұсынып отырған балаларға арналған орталықтарда балаларға бағытталған тәсіл әр баланың мүмкіндігін тез анықтайды, оны мектепке дайындайды, сонымен қатар, ата-аналар өздері ерікті түрде білім беру үдерісіне тартылатын болады және педагогтердің алғашқы көмекшілері болады.

Тәрбиеші кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін түсіну қажет. Сондықтанда өскелең ұрпақтың болашағын жарқын етіп, өміріне жолдама алуға жағдай жасағысы келсе ізденісті тоқтатпай, кәсіби шеберлік пен білім деңгейін арттыра түссе толық нәтижеге жететінін анық айтамын. Менің алдыма қойған мақсатым ; Барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп жан-жақты қалыптастыру. Менің мақсатым орындалу жолында ізденудемін. Тәрбиешілердің мектепке дейінгі білім беруде жаңа технологияларды игеру-бала тұлғаның табысты дамуының кепілі.

Қазіргі технологиялардың жан - жақты тараған түрінің бірі «Тәй-тәй» технологиясы. Баланы өмірге бейімдеу дамытушылық ортада жүзеге асады. Дамытушылық ортасы дегеніміз-балалардың қызығушылығын туғызатын алуан түрлі, тартымды материалдар ашық қолжетімділікте болатын, педагог жасаған зат-кеңістік ортасы; ондағы балаларды оқыту және тәрбиелеу жағдайы әрбір балаға өзінің жеке қарқынмен дамуға мүмкіндік береді.

Біздің балабақшада «Тәй-тәй» технологиясы мен әдістемелерді оқу-тәрбие үрдісінде қолдануда тиімділігін байқадық. «Тәй-тәй» технологиясының негізгі мақсаты әр баланың жеке қабылдауы мен даму кезеңдерін есепке ала отырып білім беру.

«Step by Step» бағдарламасы негізінде ұйымдастырылған оқу әрекетін тиімді жоспарлай жұмыс жасау педагогтерге бірқатар сұрақтар тудырады: балаларға жақын және қызықты болу үшін білім берудің қандай мазмұны, оны қалай ұсыну керек? Балаларға қандай тәжірибе жинақтауға болатыны, оны қалай жасауға болатыны, жаңадан табылған және ұсынатын нәрселер, балаларға бұл мазмұнды игеруде қызығушылық тудыра ала ма? Балалардың қалауы, олардың бейімділігі мен мүдделері ескеріле ме?

Технологияның балаларға іс-әрекеттерді таңдау мүмкіндігіне, зерттеу ісімен шұғылдануына, іскер және тапқыр болуына жағдай жасайды. Сонымен қатар оқу-тәрбие үдерісіне отбасы белсенді қатысады. Ата-аналар жалпы ашық есік күндері өнер орталығына қатысып, өткізілген әртүрлі тақырыпқа сай табиғи материалдардан заттық мазмұнды және сәндік сурет салу, немесе сәндік бұйымдар жасауға жетекшілік етеді. Алдын ала дайындық жұмыстар жүргізіліп табиғи материал қалдықтарын жинауға көмектеседі. Ата-аналарға түсінік жұмыстары жүргізіледі. Өнер орталығында балалардың қабылдауын, көрнекі-бейнелі ойлауын, зейінін дамытуға, дербестігімен жауапкершілігін қалыптастыру, ұсақ саусақ қозғалыстарын, ептіліктерін дамыту арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелейді.

Сондықтан, «Тәй-тәй» технологиясы бойынша ата-аналар берілген білімді үйде бекітіп, толықтыруға көмектеседі; тәрбиешілер балалардың үйдегі үйренгенін оқу бағдарламасын игертуге пайдаланады. Мұнда ата-аналардың қатысы қандай түрде болмасын қолдау табады: олар тәрбиешіге сабақ үстінде көмектесуі мүмкін; ата-аналар алқасы салмақты шешімдер қабылдауға белсенді қатысады; олар балаларының жақсы жақтары мен көмек қажет ететін әлсіз жақтары туралы мәліметтер бере алады. Балабақша мен отбасының байланысы тәрбиешілер мен ата-аналардың өзара құрметі мен сеніміне және әріптестік қарым-қатынас орнату үшін бірлесе күш жұмсауында.

«Тәй-тәй» технологиясы бойынша жұмыстануда тәрбиешінің қызметі«Тәй-тәй» технологиясымен жұмыс істейтін топтардағы тәрбиешілер мәлімет беруші емес, бағыттап, танымдық процесті жеңілдетеді. Ол біліктілікті ынталандырып, оқуға деген жауапкершілікті бөліседі; ол топтағы ортаның қауіпсіздігін жоспарлайды. Тәрбиеші балаларды түрлі материалдармен қамтамасыз етеді

және қоршаған ортамен шектеусіз қарым-қатынас жасауға қолайлы жағдай туғызады. Тәрбиеші балаларға ашық сұрақтар қою арқылы балалардың зерттеу мен жаңа мәліметтерді игеруіне көмектеседі. Ашық сұрақтарға бірнеше жуық жауаптар берілуі мүмкін. Олар сонымен қатар баланың ойлау жүйесін түсінуге мүмкіндік береді. Сұрақ-жауап ойлауды ғана емес, баланың тілін де дамытады. Тәрбиеші балалармен бірге ойнайды, әңгімелеседі. Ол балалардың білсем деген ынтасын бөлісіп, олар ұйымдастырған заттың бәріне қызығушылық танытады.

«Тәй-тәй» технологиясы арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балаға өз бетімен жұмыстануға жағдай туғызады. Балалар да өздерінің мүмкіндіктері мен қызығушылықтарына сай жұмыс түрін таңдау арқылы жекешелендіруді жүзеге асырады. Қызықты, әрі икемделген жұмыс түрлерін (тапсырмаларды) жоспарлап, әр баланың қалай орындағанын немесе ойнағанын бақылай отырып, тәрбиеші материалдар мен тапсырмаларды ауыстыруы, не жеке балаға бейімдеп өзгертуі мүмкін. Әр баламен жеке жұмыс жасау үшін топтық жұмыстарды шағын топтарда өткізу тиімді. Осындай көзқараспен оқыту баланың өз деңгейінде өсуі мен дамуына игі әсер етеді. Орта қауіпсіз, жайлы, қолайлы, орта көп қызметті, вариативті іс-әрекет өзгеруіне байланысты өзгере алатын алғашқы дүниетанымдық мағлұмат бере алатын орта болуы тиіс.

Топта балалармен өткізілетін әртүрлі сабақтарды ұйымдастыра отырып, тәрбиеші барлық үйде болатын, әдетте тасталатын алуан түрлі материалдарды қолдануы мүмкін. Әрбір тәрбиеші белгілі бір сабақтарға қажетті материалдардан «тілек» тізімін жасап, оны жинауға ата-аналар мен балаларды қатыстыруы керек. Бұл тізімді ата-аналарға арналған хабарландыру тақтасына, немесе жеке жазып беруге болады. Материалдар төмендегідей болуы мүмкін:

-табиғи - тастар, тұқымдар, жапырақтар, таяқшалар, қабықтар; - тұрмыстық - түрлі ыдыстар, пластикалық бөтелкелер, банкалар, тамаққа қосылатын бояулар, ағаш және темір қалдықтар, әжетхана қағазы, газеттер, пенопластар, картон қораптар, бөтелке қақпақтары, шегелер, шуруптар, мата қиықтары, азық-түлік қораптары, қаптайтын материалдар, журналдар, календарлар, үй бұйымдарының сынықтары. - жұмыстан немесе дүкеннен әкелінген материалдар - еденге төсегіштің қалдықтары, оқшауланған сымдар, ағаш сынықтары, ағаш үгінділері, пайдаланылған принтерге арналған қағаздар, қажетсіз деп тасталған әртүрлі заттар. Барлық жиналған материалдарды жүйелеп жазып, реттеп, қажет уақытында алуға ыңғайлы жерге сақтау керек. «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» бес білім салаларына байланысты балалардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті педагог-тәрбиешінің шығармашылық ізденісі арқылы, педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда педагогтар жаңашыл тәсілдерді пайдалануы жақсы нәтижелер көрсетуде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мәселелері
Көркем еңбек сабақтарында үйірме және шығармашылық жұмыстардың жасалу жолдары
Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудағы мектеп пен отбасының бірлігі
Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары
Тәрбие теориясы мен әдістемесі
«Оқушы тұлғасы-тәрбиенің обьекті және субьекті. Тұтас педагогикалық процессте оқушы тұлғасының базалық мәдениетін қалыптастыру»
Бүгінгі өскелең ұрпаққа отансүйгіштік, ұлттық сана – сезім қажет
Мектеп жасындағы балаларға берілетін еңбек тәрбиесінің міндеттері
Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дамыта оқыту технологияларын пайдалану
Ойын-өмір мектебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz