Кедендік инфрақұрылым ұғымы


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Заң факультеті
6В04203 - Кеден ісі
TISH 2207 -Кедендік инфрақұрылым және қойма шаруашылығы
Көктем семестрі 2020 - 2021 оқу жылы
Дәрістердің қысқаша мазмұны
1 классикалық дәріс
Кедендік инфрақұрылым мен қойма шаруашылығын ұйымдастыру және дамыту
Дәрістің мақсаты: Кедендік инфрақұрылымның анықтамасын зерттеу, негізгі элементтерді саралау және кедендік инфрақұрылымның дамуы мен рөлін анықтау.
Дәрістің негізгі терминдері: кеден, инфрақұрылым, элементтер, инфрақұрылым құрамы.
Дәріс сұрақтары:
1. Кедендік инфрақұрылым ұғымы
2. Кедендік инфрақұрылым жүйесі
3. Кедендік инфрақұрылым элементтері
4. Кедендік инфрақұрылымды дамыту мәселелері
5. Халықаралық деңгейдегі кедендік инфрақұрылымның рөлі.
«Инфрақұрылым» термині экономика саласындағы әдебиет-терде XX ғасырдың 40-жылдарында өндіріске, ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін салалар кешені ретінде көрсетілді.
Ең алдымен ол әскери лексиконда пайдаланылды. Мұнда ол әскери күштердің іс-әрекетін қамтамасыз ететін тылдағы құрылыстар кешені (қару-жарақ коймалары, полигондар және тағы басқалар) дегенді білдірді. Батыста бұл термин экономикалық дамудың материалдық факторы ретіндегі инфрақұрылымның механикалық бөлігін білдірді.
Бірақ та уақыт өтісімен бұл түсініктің мағынасы кеңейіп, ол өзіне экономикалық дамудың шарты ретінде материалдық фактор-мен бірге материалдық емес факторларды да қамтыды.
Инфрақұрылымның түсінігін анықтайтын әр түрлі талдаулар бойынша, оның негізіне жұмыс жасағанда жеке шаруаның не болмаса халық шаруашылығы кешеніне, өндірісті дамытуға және халықтың хал-жағдайын жақсартуға керек алғышарттарды жасай-тын еңбек және сала түрлері жатады.
Инфрақұрылымның әр салаларының функциялануы қажетті өндіріс аппаратын талап етеді. Мұндай өндіріс аппараттарына көліктің жылжымалы құрамынан басқа, жол жүйесі (темір-жол және автомобиль жолдары), мұнай және газ тасымалдайтын құбырлар жатады.
Біздің ойымызша, кеден ісі инфрақұрылымының әр түрлі мағынасы мен рөлі С. Т. Әлібековтың «Қазақстан Республикасы-ның Кеден құқығы» деген еңбегінде берілген 1 .
Шешімін прогресс, кеден жүйесінің бүгінгі күндегі және болашақтағы сапалы дамуы анықтайтын ұйымдастыру және басқару проблемаларының арасынан тармақтанған күрделі кеден-дік инфрақұрылымды ұйымдастыру және дамыту негізгі болып табылады.
Дамыған нарықтық экономика - экономиканың негізі. Нарық инфрақұрылымының және оның басқа да секторларының, оның ішінде сыртқы экономикалық саласының дамуынсыз нарықтық экономика екпінді дами алмайды.
Аталған еңбегінде С. Т. Әлібеков кеден ісінің инфрақұрылымы рөлінің өсуін және мағынасын жан-жақты ашып көрсеткен.
Біріншіден, сыртқы экономикалық қатынастарды реттеу ба-рысында кеден органдары қызметінің күрделенуі, өкілеттігі мен жауапкершілігінің өсуі.
Екіншіден, кедендік ресімдеу мен бақылаудың көп өсуі, осылардың орындалуы тікелей жаңа технология мен техникалық құралдардың қолданылуымен байланысты.
Үшіншіден, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қорғау үшін кеден органдарына жаңа кұқық қорғау органы ретінде мін-деттемелер мен құқықтардың жүктелуі.
Төртіншіден, кеден мекемелерін сапалы кадрлар құрамымен толықтыру, жақсарту қажеттілігін және олардың кәсіби деңгейін, біліктілігін, ізгілік, адамгершілік қасиеттерін нығайту мәселелері.
Бесіншіден, әлеуметтік саладағы кемшіліктерді жою қажет-тілігі және кеден қызметкерлерінің өмірін жақсарту, оларды әлеу-меттік қорғауды қамтамасыз ету.
Алтыншыдан, кеден ісі саласындағы халықаралық ынты-мақтастықты кеңейту үдерістері кеден органдарының инфрақұрылымын халықаралық деңгейге жеткізу мәселелерін талап етеді.
Жоғарыда көрсетілген қажеттіліктерден кеден ісі инфра-құрылымының рөлі мен мәнін арттыру, оларды шешу жолдары мен әдістерін ұйымдастырып іске қосу керектігі дәлелденеді.
Кедендік инфрақұрылымды ұйымдастыру және дамытудың кеден органдарының бірыңғай жүйесінің қажетті бөлігі екенін нақты көрсету керек және ол кеден ісінің нақты тізбегі болып та-былады. Инфрақұрылымның жүйесі кеден ісінің барлық процеду-расымен қатар жүреді.
Кедендік инфрақұрылым ұғымына не кіреді? Әдетте, кеден-дік инфрақұрылым анықтамасында олар кеден мәселелерін шешу барысында мекемелердің қосалқы рөлін атқаратын бөлімше деп түсіндіріледі.
Бұл мекемелерге жататындар: кеден зертханасы, ғылыми-зерттеу мекемелері және оқу орындары, есептеу орталығы, поли-графиялық, құрылыс-пайдалану кәсіпорны мен мекемелері. Мұндай анықтамалар кеден жүйесіндегі кедендік инфракұрылымның орны мен қажеггілігін дұрыс түсіндіре алмайды. Кеден кодексінің 7-бабында «Кедендік инфрақұрылым - кеден органдарының жұмыс істеуіне жағдай жасайтын, сондай-ақ кеден органдарының лауазымды адамдарына әлеуметгік қызмет көрсетуге арналған үйлер мен ғимараттар» делінген.
«Кеден органдарының жүйесі» деп аталатын 17-бабында сәйкес келетін инфракұрылымнын болатыны жалпы керсетілген.
Кедендік инфракүрылымның көптеген аныктамалары болға-нымен оны түсіну үшін ғылымда калыптаскан «инфрақұрылым» деген түсінікті ескеру керек.
Инфрақүрылымның әр түрлі үйымдастыру құрылымы мен функционалдық қолданысына қарай оны 4 үлкен салалық топқа бөлуге болады:
- өндірістік инфрақұрылым - тікелей өндірістік үдерістің сыртқы шарттарын қамтамасыз ететін салалар кешені (жүк көлігі, көтерме сауда, қойма шаруашылығы, байланыс жүйесі, ақпараттық-консультативтік кызмег көрсету, іскер-лік қызмет саласы және т. б. )
- элеуметтік инфроқұрылым - жұмыс күшінің ұдайы өндірісімен байланысты салалар кешені (денсаулық сақтау, білім беру, бөлшек сауда, жолаушылар көлігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, коғамдық тармақталу саласы, бос уақытты ұйымдастыру және т. б. )
- институционалдық инфрақұрылым - ұлттық шаруа-шылыкты дамытуда нақты тиімді макроэкономикалық пропорцияларды қолдайтын, экономиканы реттеуді жүзеге асыратын салалар және ғылым, басқару жүйесі, құқьқ қорғау мен қорғаныс салаларындағы қызметтер кешені (мемлекеттік басқару органдары, оның ішінде экономиканы реттейтін аппарат, кредит-қаржы саласы, кұкык қорғау қызметі және т. б. ) .
- экологиялық инфрақұрыльм - қоғамдық өндірісті дамытуға экологиялық жағдай жасайтын және қоршаған ортаны адамдардьң экономикалық іс-әрекеттерінің жағымсыз әсерінен қорғайтын инженерлік құрылыстар мен қызметтер саласының кешені.
Осы келтірілгендерден мынаны тұжырымдауға болады: инфрақұрылым - өндірістің дұрыс жүмыс жасауына және адам-дардың жақсы өмір сүруіне жағдайлар жасайтын өндірістік сала-лар кешені.
Кез келген өндіріс пен қызмет түрлерінің экономикалық-элеуметтік тиімділігінің денгейі, қызметкерлердің интеллектуал-дық, шығармашылық және іскерлік қабілеттерінің жүзеге асуы осы шарттардың болуына, олардың даму деңгейі мен сапасына байла-нысты. Сондықтан инфрақұрылымға қосалқы, көмекші ретінде мән беретіндердің көзкарастарын дұрыс деп айту қиын.
Сонымен қатар инфрақұрылымньң материалдық-техникалық жабдыктау, көтерме сауда сияқты салаларының өндірістік аппарат ретінде қойма және тоңазытқыш шаруашылығы, базалары, элеваторлары, байланыс тораптары мен есептеу техникалары, су шаруашылығы, сорғы және тазарту станциялары, жер өндеу, суару және кептіру жүйелері бар.
Инфрақұрылымдық салалар накты өндіріске қызмет жасап, ақтық нәтиженің өсуіне әсер етеді. Сондықтан ірі каржы салымда-рын тек материалдық өндіріс салаларына ғана салмай, өндірістік өнімдерді өте тиімді пайдалануга мүмкіндік беретін тізбектерді де кеңейтіп дамыту қажет.
Инфрақұрылымды экономикалық категория ретінде түсіну мынаны көрсетеді: біріншіден, инфрақұрылымдық қызмет - бұл істің кез келген түрі емес, ол нақты тұтынушының сұранысын қанағаттандыруға бағытгалган.
Екіншіден, инфрақұрылым саласында қызмет көрсететін еңбек белгілі бір тұтынушыльқ құнға айналады, ал бұл инфрақұрылымды нақты тұтынушының сұранысын қанағаттандыратын еңбектің тиімді нәтижесін тұтынуга байланысты адамдардьң экономикалық қатынасы ретінде қарастыруға негіз береді.
Кеден қызметінің жұмысын жабдықтайтын инфрақұрыльм элементгері В. Т. Драгановтың редакциясымен шыққан «Кеден ісінің негізі» деген оқулықта 3 топка бөлінеді.
Бірінші топқа кеден органдарының жұмысына жақсы жағдай жасайтын, тауарларды кедендік режимдерге орналастыратын және жолаушыларға қызмет көрсететін объектілер жатады. Олар әкімшіліктің үй-жайлары, өткізу пункттері мен терминалдар, әр түрлі қоймалар, бажсыз сауда дүкендері, көлік құралдары, арнайы жабдықталған объектілер, вокзалдар мен әуежайлардағы кедендік бақылау аймактары.
Бұл объектілер кеден органдарыньң материалдық-техникалық базалары.
Екінші топка кедендік процедуралардың жузеге асуын бақылайтын кедендік бақылаудьң техникалық құралдары, кедендік сараптаманың, байланыстың техникалык кұралдары; кедендік режимдердің бұзылуын бақылайтын жүйелер, валюталық бақылауды жүргізетін құралдар және т. б. жатады.
Үшінші топты кеден органдары мен ұйымдары кадрларының іс-әрекетін үнемі дамыту үшін материалдык, тұрмыстық, мәдени және басқа да әлеуметтік жағдайлар жасауға арналған әлеуметтік инфрақұрылым құрайды. Бұл сала оларға қажетті қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Мұның бәрі кеден органдарында істейтін адамдардың өмір сүру деңгейіне, олардың жан-жакты дамуына және кәсіби деңгейлерінің өсуіне әсер етеді. Бұл функцияларды оқу орындары мен орталыктары, үй-жай дайьндау қызметі, қоғамдық тамақтану, денсаулық сақтау мекемелері, спорт кешендері және т. б. орындайды.
Сонымен бірге әдебиеттердегі кеден ісі инфрақұрылымының анықтамасы толық берілген деп айтуға болмайды. Біздің пікіріміз-ше, бұл анықтамада шекараға жеткізілген коммуникациялар көрсетілмеген. Егер де «Қорғас» кеденінде халықаралық стан-дартқа сай автомобиль жолдары салынбаса, онда кеденде істейтін кеден қызметкерлерінің жұмысы киындайды. Кеденнің шекарадан өткізу қабілеті күрт төмендеп, көптеген автомобильдер жүктерімен кеденде тұрып қалады. Мұның бәрі, әрине, бюджетке түсетін қаржының да көлемін азайтады. Сондықтан, шекараға жақын автомобиль жолдары мен теміржолдарды, құбырлар мен электр жүйелерін сыртқы экономикалық қатынасқа қызмет ететін кеден ісінің инфрақұрылымына толығымен жаткызуға болады.
Кедендік инфрақұрылымның анықтамасында оның күр-делілігін және тармақтануын өте маңызды деп санауға болады. Соңғы жылдары республикада әлемдік стандартқа сәйкес келетін кеден қызметкерлерінің өмір сүруі мен жұмыс жасауына жақсы жағдай жасайтын тұрғын үйкоммумалдық, қызметтік-өндірістік кешендер салынды. Кеден қоймалары, жабық автотұрақтар, кеден зертханалары, медициналық пункттер, конференция залдары және т. б. жаңадан дұрысталып жабдықталған.
Мұндай күрделі объектілерді салу көп қаражатты талап етеді, бірақ олардың жұмысы шаруашылыкта көп пайда алуға мүмкіндік береді. Сондықтан біраз қаржыны осы объектілерді дамыту үшін алынған қаражаттан қайта қаржыландыру керек.
Кеден органдары мемлекет тарапынан орталыктандырылған материалдық-техникалық жабдықтармен, әр түрлі көліктермен, оның ішінде вертолеттер, теңіз және өзен катерлері және қару-жарақтармен де қамтамасыз етілді. Алайда, кеден органдары мен мекемелері әлі де біраз талапқа сай жабдықталмай келеді.
Қызметтік-өндірістік қолданыстағы үй-жайлар жетіспейді, біраз үй-жайларды кеден органдары жалға алады. Шекарадан өткізетін пункттердің көп бөлігі уақытша схемамен жасалған. Бұлар кеден қызметкерлеріне толығымен қажетті жағдайды жасай алмайды. Сондықтан бүл уақытша жасалған объектілерді тұрақты объектілермен ауыстыру қажет.
Кедендік бақылауда, әсіресе қашықта орналасқан пункттерде алдыңғы қатарлы техникалық құралдар, байланыс құралдары жетіспейді. Осының бәрі тауарларды кедендік ресімдеуден тез өт-кізіп, тауарлар мен көлік құралдарын сапалы бақылауға мүмкіндік бере алмайды.
Осының салдарынан кеден қызметкерлерінің көп уақыты бақылау және ресімдеу жұмысына кетеді, нәтижесінде тауарлар мен көлік құралдары кедендік аумақта ұзақ уақыт тұрып қалып, сыртқы сауданыңтиімділігі төмендейді.
Осы керсетілген фактілер кеден ісінің инфрақұрылымын ұйымдастыру мәселелерінің әлі де қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді. Сондықтан ол кеден ісін тиімді жүзеге асыру қажеттілігінен артта қалып келеді.
Кедендік құрылым мен инфрақүрылымды реформалау саласының мақсаты кеден объектілерін дамытатын болашаққа бағытталған басты жоспар кұру, сондай-ақ:
• жеке түлғаларды кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын ке-ден органдарының штаттық санын тиімді қайта бөлу, тауар және жолаушылар ағыны өсіп келе жаткан учаскелерде мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерді құру;
• сырткы сауда жүктерін өңдейтін жерлерге барынша жақындату қажеттілігіне байланысты кедендік ресімдеуді, оларды тиімді орналастыруды жүзеге асыратын кеден ор-гандары бөлімшелерін қайта қүру;
• кедендік ресімдеу орталықтарын құру, бұл орталыктарға кеден органдарының өкілетті өкілдері мен «кеден айналасындағы инфрақұрылым» өкілдерін біріктіру;
• кеден органдарының қолданыстағы инфрақұрылымын ке-дендік ресімдеудің қазіргі кезеңдегі технологиясының талаптарына сәйкестендіру;
• кеден одағын кеңейту келешегін ескере отырып, кедендік инфрақұрылымды тиімді орналастыру схемасын жасау болып табылады.
Сондай-ақ басқа бағдарламаларды іске асыру барысында кеден органдары жүйесінің материалдық-техникалық базасыжаңартылып дамиды, СЭҚ-тің кеден қызметін көрсету технологиясы жақсарады, кеден қызметкерлерін кәсіби дайындау деңгейі артады, кеден қызметін нормативтік-құқықтық және әдістемелік қамтамасыз ету жақсарады.
Кеден жүйесінің жұмыс жасау жағдайын сапалы жақсарту оның қызмет көрсетуіне артып келе жатқан сұранысты толығымен қанағаттандырып, СЭҚ субъектілерінің сапалы қызмет көрсетуге қол жеткізу мүмкіңдігін қамтамасыз етеді.
Реформалау бағдарламаларын жузеге асыруға жұмсалатын шыгын бюджетке түсетін кедендік төлемдердің артуы, қазакстан-дықөндірушілер мен тұтынушылардьң мүдделерін қорғау, шетел-, саудасаясаты мәселелерін шешу ретінде жоғары экономикалык нәгижелерді қамтамасыз етуі тиіс. Сапасыз және технологиялық жағынан зиянды тауарлар импортын, энергия тасымалдаушылардың өңделмеген шикізатты әкетуін шектеу түрінде белгілі бір экологиялық нәтижеге қол жеткізіледі.
Кеден органдары жұмысының аталмыш көрсеткіштерін жақсарту ақыр аяғында кеден жүйесінің жұмыс жасау тиімділігін арттырып, елдің мемлекеттік мүддесіне сәйкес келетін сыртқы экономикалық саясатты жүргізген кезде Қазақстанның сырткы экономикалық, азык-түлік, гылыми-техникалық және қаржы қауіпсіздігін күшейтуі тиіс.
Бақылау сұрақтары:
1. Кеден ісінің инфрақұрылым туралы түсінік беріңіз?
2. Кеден ісі инфрақұрылымының элементтерін ашып саралаңыз?
3. Кеден ісі иифрақұрылымының даму жолдарын айқындаңыз?
Әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VI Қазақстан Республикасының Кодексі» // htpp//www. Adilet. zan. kz
- Карданов В. А., Петрова Т. А. Особенности таможенного оформления и таможенного контроля при перемещении товаров автомобильным транспортом. Монография. 2019 // http://www. iprbookshop. ru/80778. html
- Алибеков С. Т. Казахстанское таможенное право: Общая иОсобенная части: Учеб. пособие. - Алматы г. Аркаим, 2003- 325 c.
- Ким А. Г. Таможенная инфраструктура и складское хозяйство. Учебно-методическое пособие. Астана, 2018 г. - 175 c7
- Покровская В. В. Таможенное дело: учебник для бакалавров / Высш. шк. экономики, Нац. исследоват. ун-т. -М. : Юрайт, 2015. - 358 с.
- Логистика складирования : учебник / В. В. Дыбская. - М. : ИНФРА-М, 2017. - 559 с.
2 классикалық дәріс
Кедендік инфрақұрылымды және қойма шаруашылығын ұйымдастыруды құқықтық реттеу қайнар көздері
Дәрістің мақсаты: Кедендік инфрақұрылымды және қойма шаруашылығын ұйымдастыруды құқықтық реттеу қайнар көздеріне сипаттама беру. Қайнар көздерінің қолдану иерархиясын саралау, анықтау.
Дәрістің негізгі терминдері: қайнар көз, ұлттық заңнама, халықаралық заңнама, әдет-ғұрып, іскерлік ідет-ғұрып, шарт, ішкі құжаттар.
Дәріс сұрақтары:
1. Кедендік инфрақұрылым саласындағы заңнама жүйесі.
2. Мемлекеттік шекара кедендік инфрақұрылымның негізгі элементі ретінде.
3. Кеден заңнамасының құқықтың басқа салаларымен арақатынасы.
4. Ұлттық заңнама қолдану иерархиясы.
5. Кеден саласындағы халықаралық заңнама.
Кеден органдарындағы қызмет Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес кеден органдарының міндеттерін, құқықтарын және міндеттемелерін, сондай-ақ құқық қорғау органдарының функцияларын іске асыру жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметінің арнайы түрі болып табылады.
Кеден органдарындағы қызмет кеден органдарындағы жұмыс жағдайымен анықталатын қағидаларға негізделеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының өзге де нормативтік-құқықтық актілерден, кеден органдары қызметкерлерінің лауазымды міндеттерін орындау және олардың құқықтарын қорғау барысындағы лауазымды қызмет нұсқаулықтарынан үстемдігі қағидасы. Аталмыш қағиданың кеден органдарының әрбір қызметкеріне қатысты талабы - ол Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының үстемдігін қорғауы тиіс дегенді білдіреді.
Бірінші кезекте адам және азамат құқығы мен бостандығының басымдығы қағидасы тұр. Бұл қағида кеден органдары қызметкерлері қызметтерінің мәні мен мазмұнын анықтайды.
Кеден қызметін ұйымдастыруда мемлекеттік билік жүйесінің бірлігі қағидасының мәні зор.
Қазақстан Республикасының Конституциясында заң шығарушы, атқарушы және сот биліктеріне бөлу негізінде мемлекеттік билікті ұйымдастырудың негізгі қағидасы бекітілген. Кеден қызметі атқарушы билік органдарында мемлекеттік қызметке жатады.
ҚР Конститутциясына сәйкес, ҚР азаматтары мемлекеттік қызметке тұруға тең дәрежеде құқылы. Осы конституциялық нормаларға байланысты кеден қызметі азаматтардың қабілеттері мен кәсіби дайындығына сәйкес кеден органдарында қызмет атқаруға бірдей қол жеткізу қағидасына негізделген.
ҚР заңдарына сәйкес және өздерінің өкілеттігі аясында жоғарғы органдар мен басшылар қабылдаған шешімдер мемлекеттік қызметкерлер үшін міндеттілік қағидасы болып табылады. Кеден қызметінде шешім міндеттілігінің екі аспектісі маңызды.
Біріншіден, жоғарғы органның шешімін төменгі бағынышты органдар және лауазымды тұлғалар міндетті түрде орындайды. Екіншіден, жоғары қызметте тұрған басшының лауазымды өкілеттігі бойынша берген бұйрықтарын, өкімдерін төменгі бағынышты қызметкерлер міндетті түрде орындайды.
Келесі кағида - мемлекеттік қызметте басты талаптар бірлігінің болуы. Мұндай бірлік кеден органдары жүйесінің және бірлік функциясы қоятын талаптармен қамтамасыз етіледі. Кеден органының барлық деңгейіндегі қызметкерлерге біркелкі талаптар қойылады.
Кеден саласында кеден органдарының өкілеттігін орындау үшін қызметкерлер жоғары сатыдағы мамандар болуы керек. Сондықтан кеден қызметінің бір қағидасы - мамандық пен біліктілік қағидасы. Бұл қағида өзінің қызметінде құқығы мен міндеттерін, функцияларын, заңдар мен нұсқаулықтарын беретін өкілеттігінің белсенді түрде орындалуын талап етеді.
Кеден қызметі жариялылық қағидасына негізделген. Кеден кодексінде қабылданған шешім туралы бағдарламаның, жұмыс барысының кеден заңнамалары арқылы ашық түрде жүргізілуі әр қызметкерге жүктелген.
Кеден қызметкерлерінің жауапкершілігі де қағида ретінде қаралады. Олардың сапалы шешім қабылдауы, шешімдерді уақытында орындауы немесе орындамауы, не болмаса өзінің міндеттемесін сапасыз орындауы жауапкершілікті күшейтуді талап етеді. Кей жағдайда шешімді сапасыз орындау, көзбояушылық жасау, қызметтік міндетін орындамау бойынша жауапқа тартылады.
Кеден қызметінің сонымен қатар партиялардың, дін концес-сияларының жұмыстарына қатыспауы да қағидамен негізделінеді.
Кеден органдарындағы қызмет атқару тәртібі Қазақстан Республикасының Кеден кодексімен, мемлекеттік қызмет және еңбек туралы зандарымен реттеледі.
Өзінің жеке, адамгершілік, іскерлік, кэсіби касиеттері. дене бітімінІң дамуы жэне білім деңгейІ бойынша кабілетгі, өзіне жүктелген міндеттерді орындауға денсаулығы жарамды Қазақстан Республикасыньщ эрекетке қабілетті азаматтары кеден органдарынын лауазымды адамдары болып табылады.
Кеден органдарына қызметке кабылдау үшін:
1) қызметке жарамдылығы туралы медициналық корытынды;
2) міндетті арнаулытексеру;
3) кеден ісі мәселелері жөніндегі уэкілетгі орган белгілеген біліктілік талаптарына сәйкес болу қажет.
Азаматгың берген құжаттары мен мәліметтері міндетті түрде тексеріледІ.
Егер де тексеру кезінде кеден органына қызметке алуға бол-майтын жағдайлар кездессе, онда кеден органының төрағасы бір ай ішінде алуға жарамайтын жағдайларды көрсетіп, оган жазба-ша жауап береді. Азамат ол шешіммен келіспесе сотка не болмаса жоғарғы кеден органына шағымдана алады.
Келесі жағдайларда азамат кеден органына қызметке алын-байды:
- іс-әрекетке қабілеті нашар, не болмаса тіпті жоқ деген занды күші бар соттың шешімі болса;
- белгілі бір мерзімге мемлекетгік қызметке апуға кұқығы алып тасталынса;
- медициналық мекеменің кеден қызметіне жарамайтын ауру деген мэліметі болса;
- кеден органында жақын туыстары оның басшысы, не бол-маса қол астында істейтін болса;
- шетел азаматы болса.
Кеден органдарына кызметке конкурс жеке келісімшарт тол-тыру немесе кызметке тағайындау арқылы алынады.
Кеден органына алынғанда үш айға дейін сыннан өтеді: сынаудың мақсаты - мамандық қабілетін тексеру. Бұл жөнінде ол сол орынға стажер болып арнайы атақ берусіз тағайындалады.
Қазакстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарымен айқындалатын негіздер бойынша, сондай-ақ жағымсыз себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдарды кеден органдарына қызметке қабылдауга болмайды.
Кеден органдарына кызметке қабылданған әскери міндеттілер белгіленген тәртіппен әскери есептен шығарылады және кеден органдарында арнаулы есепте тұрады.
Кеден органына қызметке орналасқан жас мамандар кеден Ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртІппен кеден бекеттерінде, кедендерде жэне кеден ісі мэселелері жөніндегі уәкілетті органнын аумақтық бөлімшелерінде міндетті тағлымдамадан өтеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz