Күнбағыс зиянкестері
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ
Өсімдік қорғау және карантин кафедрасы
СЕМЕСТІРЛІК ЖҰМЫС
Тақырыбы:Алматы облысындағы көпқоректі қатты қанаттылардың майлы дақылдарға зияндылығы және күрес шаралары
Орындаған:Дүкенбаева А.
Қабылдаған:Найманғазы А.
Группа:ЗР-316
ЖОСПАР
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
A. Майлы дақылға сипаттама
B. Қатты қанаттылардың майлы дақылдарға зияндылығы
C. Күнбағыс зиянкестері, биологиясы, күресу шаралары.
D. Зығыр зиянкестері, биологиясы, күресу шаралары
E. Рапс және қыша зиянкестері, биологиясы, күресу шаралары.
F. Мақсары зиянкестері, биологиясы, күресу шаралары
ІІІ.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Өсімдік карантині еліміздің өсімдік байлығын аса қауіпті карантин зиянкестері мен ауру қоздырғыштардың және арамшөптердің басқа мемлекеттерден біздің елге әкелінуінен және еніп кетуінен қорғауға, ал карантин нысандары еніп кеткен жағдайда олардың ошақтарын кеңейтпеуге және жоюға бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесін алдын ала қарастырады. Осы міндеттерге байланысты ол сыртқы және ішкі өсімдік карантині болып екіге бөлінеді. Елімізге әкелінетін карантиндік маңызы бар барлық жүктер карантиндік экспертизадан өтеді. Карантиндік нысандардың бар екендігі мәлім болған жағдайда ол жүктер дереу дезинфекцияланады немесе оларды жояды. Үкіметтің карантин туралы жарлығы және карантин мекемелерінің нұсқаулары барлық шаруашылықтар, ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер үшін міндетті болып саналады. Еліміз өзімен шектес елдің барлығымен дерлік арнаулы конвенциялар жасаған. Сол бойынша әр ел карантинді зиянкестердің бір елден екінші елге өтіп кетуінен сақтандыру үшін өз еліне карантин шараларын іске асыруға міндетті. Карантин қызметтінің дұрыс қойылуы арқасында мақта қызғылт құрты, немесе мақта күйе көбелегі (Рectinophora gossypiella Saund.), ақ жиекті қоңыз (Graphognatus leucoloma Boh.), картоп күйе көбелегі (Phthorimaea operculella Zell) солар сияқты қауіпті зиянкестер біздің елде кездеспейді.
Өсімдік қорғау - ауыл шаруашылығы дақылдары өнімінің өнімділігін көбейтуге және сапасын арттырудың бірден бір кепілі. Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғауға жұмсалған шығын, жанармай, пестицидтер, техникалардың өзіндік жоғары бағаларына, сонымен қатар өндірілген өнімнің арзан бағаға өтуіне қарамастан, барлық шығындарды бірнеше есе өтейді.
Тұқымынан өсімдік майы өндірілетін бірқатар екпе дақылдар майлы дақылдарға жатады: күнбағыс, мақсары, майлы зығыр, перилла, ляллеманция, майкене, жер жаңғағы, күнжіт, қыша, рапс, арыш, қышабас. Сонымен қатар өсімдік майлары мақта өсімдігі, талшықты зығыр, кенепшөп сияқты тоқыма дақылдары мен майбұршақ сияқты дәнді бұршақ дақылының тұқымдарынан да өндіріледі, ал кейбір майлы дақылдарды мал азығы ретінде де өсіреді (күнбағыс, рапс, т.б.). Өсімдік майлары тағамға кеңінен қолданылады, сыр, сабын, тері, тігін өнеркәсіптерінде, т.б. пайдаланылады. Тұқымдарынан май өндіргеннен кейінгі қалдығы күнжарасы малды азықтандыруға жарамды. Жекелеген майлы өсімдіктердің (майкене, майлы зығыр) сабақтарынан қағаз, қалың маталар өндіріледі. Өсімдік майлары кебетін (зығыр, перилла, арыш), жартылай кебетін (күнбағыс, майбұршақ, мақсары, күнжіт, рапс, қыша) жөне кеппейтін (жер жаңғағы, майкене) болып ажыратылады. Қазақстанда өндірістік маңызы бар майлы дақылдарға күнбағыс, майлы зығыр, рапс, арыш, қыша, мақсары жене майбұршақ жатады. Олардың егіс көлемі 63 мыңнан (1985 ж.) 483,3 мыңға (1996 ж.) дейін жетті, алайда тұқымдарының орташа өнімі әлі төмен деңгейде (2,9цға) қалуда.
Майлы дақылдарға жалпы сипаттама
Майлы өсімдіктерге қүнбағыс, қыша, рапс, майкене, май бұршақ және басқа дақылдар жатады. Бұл дақылдар дәнінің құрамында 24-27 процент май болады. Осы қасиеттеріне қарай майлы өсімдіктер халық шаруашылығында жан-жақты пайдаланылады.
Өсімдік майы жоғары кенеулі, сіңімді тағам. Сондықтан олар маргарин, консерві, кондитер, нан пісіру өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.Өсімдік майлары тоқыма өнеркәрібінде (су өткізбейтін маталар, сиса жасау), клеенка өндірісінде, медицина саласында қолданылады. Олар жеңіл өнеркәсіп өндірісінде яғни сабын, зәйтүн, линолеум өндіру үшін шикізат қоры болыл табылады.
Май бұшақтың күнжарасы мен май кене қоспалары желім, пластмасса және басқа заттар алу үшін қолданылады.Кейбір майлы өсімдіктердің (күнбағыс, зығыр, кенепшөп және тағы басқалары) күнжаралары мал үшін концентратты бағалы жем. Көптеген майлы дақылдар -- балды өсімдіктер.
Өсімдік майы -- әртүрлі май қышқылдары қосылысынан құрылған күрделі үш атомды спирт-глицеринді эфирлер.
Белок және углевод қосылыстарымен салыстырғанда өсімдік майы аз қышқылданатын жоғары кенеулі қосылыс, өйткені 1 г. өсімдік майында 9500 каллория болса, ал 1 г. белок пен углеводта осыған сәйкес 4400-4500 және 4000-4200 каллория бар.
Әртүрлі майлы дақылдардың дәніндегі майдың мөлшері мен оның сапасы топырақ, климат, қолданылатын агротехника, әр өсімдіктің сорттары мен түріне байланысты болады (кесте бойынша).
Кейбір майлы өсімдіктер дәніндегі майдың мөлшері мен оның сапасы (И.А.Минкевич пен В.Е.Борковский деректері бойынша)
Дақылдар
Дәннің абсолютті құрғақ салмағынан алғандағы майдың мөлшері,% есебімен
Иод саны
Сабындану саны
Қышкылдығы
Күнбағыс Көкшіл сұр Қыша
Күзгі рапс
Май кене
29,0-56,9
35,2-47,0
45,0-49,6
47,2-58,6
119-144
92-119 94-112 81-86
183-196
182-183
167-185
182-187
0,1-2,4
0,0-3,0
0,1-11,0
0,9-6,8
Иодтық санының, мөлшеріне қарай Л.С.Иванов барлық майлы дақылдарды үш топқа бөледі:
Бірінші топқа техникалық қолданылатын, тез кебетін, иодтық саны 130 дан жоғары зығыр, перилла және басқа өсімдіктерден алынатын майлар жатады. Тамаққа пайдаланылатын, баяу кебетін, иодтық саны 85-тен 130 ға дейінгі күнбағыс, май бұршақ, қыша, рапс және басқа дақылдардан алынатын майлар екінші топқа кіреді.
Үшінші топқа тамақ және техникалық мақсат үшін падаланылатын, кеппейтін, иодтық саны 85 тен кем май кене және басқа өсімдіктерден алынатын майлар жатқызылады.
Өсімдік майларының дәмі консистенциясы және басқа белгілері жағынан да бір-бірінен айырмашылығы бар. Қазақстанда 1990 жылы майлы дақылдардың егіс көлемі 266,0 мың гектар, оның ішінде суармалы жерлерде 27,0 мың гектар болып, әр гектардан орташа түсімі 8,6 центнер, жалпы өнімі 229,76 мың тонна болды.
Қатты қанаттылардың майлы дақылдарға зияндылығы
Үйірлі шегірткелер. Азиялық, мароккалық, итальяндық шегіртке, ал анда - санда тұрандық және шөл далалық шегірткелер кезеңдік өзгерістерге ұшырайды. Олардың үйірленуі кезінде бір шаршы метрде 100 және одан да көп дернәсілі болады. Үйірлі шегіртке көбейген кезде, алғашқыда дернәсіл жиынтығы, кейін олардан шегіртке табыны пайда болады. Барлық шегірткенің ұзынша денесі, секіруге қолайлы артқы аяқтары, кеміргіш ауызы, қатты дамыған алдыңғы кеудесі, жіңішке үстіңгі қанаты, жалпақ, желпуіш тәрізді артқы қанаты болады. Жылына бір ұрпақ береді. Аналық шегірткенің арнаулы бөліп шығаратын сұйық затпен қатайған топырақтан жасалған күбіршеде жұмыртқа күйінде қыстайды. Олар тың жерде, жайылымда, құмның шетінде және т.б. жерде орналасады. Дернәсіл жұмыртқадан әр мезгілде шығады, дернәсіл ересек шегірткеге ұқсас келеді. Дернәсіл 30 - 40 күн дамиды, даму кезеңінде дернәсіл 4-5 рет түлеп, 4-5 жастан өтеді. Дернәсіл және ересек шегіртке әртүрлі өсімдікті зақымдайды:дәнді және майлы дақылды, көкөністі, жайылым мен шабындықты. Олар құрғақшылық кезінде, табиғи өсімдіктер күйіп кеткенде өте қауіпті болады. Тым көп көбейген жағдайда егістіктер мен жайылымға қатты зиян келтіреді, олардың жер бетіндегі бөліктерін құртып жібереді. Шегірткенің көпжылдық даму кезеңінде жаппай көбеюі мен депрессиялық сатылары кезектесіп отырады. Үйірлі шегіртке жиналып, тобымен едәуір қашықтыққа, кейде 45-50 км, ал ересектері жұмыртқалайтын негізгі мекендерінен 200-300 км қашықтыққа дейін ұшады. Олардың негізгі қорегі құрақ. Шегіртке әртүрлі - өсімдікпен қоректенеді, ұнататыны - астық тұқымдас дәнді дақылдар.
Шекшектер. Dolichocera - ұзын мұрттылар топ тармағына, Tettigoniidae - шекшек тұқымдасына жатады. Шегірткеден шекшектің айырмашылығы олардың мұртшалары өте ұзын, табаны 4 буынды және аналық шекшектің қылыш немесе орақ тәрізді ұзын жұмыртқа салғыш қынабы болады (сурет 1).
Сурет 1. Шекшек Tettigonia viridissima L
Шекшек Tettigonia viridissima L. Жоңышқа, бұршақ, үрмебұршақ, картоп, жүзім, көкөніс дақылының жапырағын жеп, ал дәнді дақылдың жапырағымен қоса масағын кеміріп, едәуір зиян келтіреді. Қазақстанда ең көп тараған аса зиянды түрі - жасыл (Tettigonia viridissima L.) және сұр (Decticus verrucivorus L.) шекшектер. Олар көбінесе республиканың оңтүстік шығысындағы тау етегіне орналасқан ауданда көп кездеседі. Шекшектер шегірткелер сияқты жылына 1 рет ұрпақ беріп өсіп-өнеді. Жұмыртқа сатысында жердің үстіңгі қабатында топырақта, өсімдікте және олардың ұлпасында қыстайды. Ересек шекшектер бірнеше күн қоректенеді де, жұмыртқалауға кіріседі. Аналығы жұмыртқа салғыш қынабымен жерді шұқып теседі де, сол жерге бір-бірлеп немесе топтап жұмыртқасын орналастырады. Әрбір аналық шекшек араларын жақын етіп, күніне 20-шақты жұмыртқа салады, қайта шағылысып, ұрықтанады да қайтадан жұмыртқалауға кіріседі. Олар әдетте егістіктен тыс құрай немесе бұта өсімдігі өсетін тау беткейіне немесе сай, жыра, аңғарға ұясын салып, сонда қоректеніп өсіп-өнеді. Дернәсілі көктемде шығады, олардың дамуы 50- 70 күн, осы мерзім ішінде 5-7 рет түлейді. Құрғақшылық жылы саны өте көп болғанда егінге, көкөніс дақылына, майлы дақылға және жеміс ағашына зақым келтіреді.
Шілделіктер. Dolichocera - ұзын мұрттылар топ тармағына, Gryllidae - шілделік (қара шегіртке) тұқымдасына жатады. Оларды қара шегіртке немесе шырылдауық шегіртке деп атайды. Орташа және үлкен, жалпақ денелі, түсі қара, мұртшасы ұзын, көп буынды зиянкес. Аналығының жұмыртқа салғыш қынабы сүңгіге ұқсас жіңішке және ұзын, үстіңгі қанатына қарағанда астыңғы қанаты ұзынырақ болады. Түнде тіршілік етеді. Шілделіктер жылына 1 ұрпақ беріп өсіп-өнеді. Топырақ түйірінің астында, жарықта соңғы жастағы дернәсілі қыстайды. Көктемде жер бетіне шыққан соң олар көп кешікпей-ақ ересек бунақдене сатысына айналады да, жұмыртқалауға кіріседі. Ылғалды, суармалы жерде көкөністің, майлы және дәнді дақылдың, бүлдірген жапырағы мен сабақтарының төменгі бөліктерін жейді. Қазақстанда өсімдіктерге зиян келтіретіні - далалық (Grillis decertus Pall.) және бордо (Grillis burdigalensis Latr.) шілделіктер.
Күнбағыс зиянкестері. Топырақтағы тұқым және күнбағыстың өскіні сымқұрттың, қара қоңыздың, шалғын көбелектің зақымдауынан көп зиян шегеді. Тіршілік кезінде итальяндық прус, кеміргіш түн көбелектері, қандалалар, бітелер және басқа да түрлер зақым келтіреді. Арнайы маманданған зиянкестердің ішінде күнбағыс сүгені, күнбағыс қан көбелегі және күнбағыс мұртты қоңызы қауіпті болып есептеледі.
Күнбағыс сүгені - Agapanthia dahli Rict. Қатты қанаттылар Coleoptera тобының сүген қоңыздар Cerambycidae тұқымдасына жатады. Ресейдің европалық бөлігінде, Қазақстанда таралған. Күнбағыстан басқа мақсары дақылын зақымдайды. Қоңыздың ұзындығы 19-21 мм, үстін қалың түк басқан, жылтыр қара түсті, басының маңдай және төбе бөлімдеріндегі түктері жирендеу сары түсті, мұртшалары денесінен ұзын, 12 бунақтан тұрады. Жұмыртқалары цилиндр пішінді сүттей ақ болады. Дернәсілдерінің ұзындығы 20-27 мм жетеді, аяқтары болмайды, басы қоңыр, денесінің қалған бөлімі сарғылт-ақ түсті, аздап доғаша иілген (сурет 2).
Сурет 2. Күнбағыс сүгені - Agapanthia dahli Rict
Зиянкес ересек дернәсіл сатысында күнбағыс өсімдігі сабағының тамырға жақын бөлімінің ішінде қыстап шығады да, көктемде сол жерде қуыршаққа айналады. Ал қоңыздар мамыр айының аяқ кезінде шығып, күнбағыстың және басқа күрделігүлді өсімдіктердің сабағында немесе жапырақ сағағында қоректенеді. Ұрық бездері пісіп-жетілген қоңыздар күнбағыстың, қалуеннің, шоңайнаның және басқа өсімдіктердің сабағының ішіне жұмыртқалайды. Аналық қоңыз сабақтың қабығын кеміріп өзегіне дейін тесік жасап, жұмыртқасын бір-бірден жекелеп сол тесікке салады.
Өсімталдығы - әрбір аналық қоңызға 10-47 жұмыртқадан келеді. Дернәсілдері сабақ ішінде қоректеніп, біртіндеп жол жасап тамыр мойнына қарай жылжиды. Күнбағыстың өнімін жинау кезінде дернәсілдер сабақтың жер астылық бөліміне жетеді де, өнімді жинап алғаннан кейін де қоректенуін жалғастыра береді. Зақымданған өсімдіктер дәндерінде майдың мөлшері азаяды, кейде сабақтары сынып қалады. Қыстар алдында дернәсіл сабақ түбірі ішінде жасаған жолының шығар тесігін кемірген кезде пайда болған өсімдік қиқымдарымен тығындап тастайды. Зиянкес жылына бір ұрпақ беріп өсіп-өнеді.
Күресу шаралары. Ауыспалы егістіктен орын алу күнбағыс үшін маңызды. Көпжылдық шөптерден кейін немесе қайталап орналастырса, топырақта мекендейтін зиянкестердің өсуіне және егіннің сиреуіне әкеледі. Күнбағыстың сауытты сорттарын егу өте маңызды, өйткені қабығының ішінде қорғаныш қабаты болғандықтан, күнбағыс қан көбелегінің жұлдызқұрттары оны кеміре алмайды. Сымқұрттар мен жалған сымқұрттарды тереңдігі 25-30 см, көлемі 0,25 м2 8-16 жерден топырақты қазу арқылы мөлтекте зерттеу жұмыстарын жүргізіп, есепке алады. Күнбағыс көгі шыққан кезде (күздік көбелек, сұр бізтұмсық, құм шабаны т.б.) және вегетация кезінде (жоңышқа, шалғын көбелектері т.б.) зиянкестерге қарсы бүрку жұмыстарын инсектицидтермен Тізім... бойынша жүргізу керек.
Күнбағыс қан көбелегі - Nebulella Hb. Кеңінен таралған зиянкес. Lepidoptera қабыршақ қанаттылар тобының, қан көбелектер Pyralidae тұқымдасына жатады. Күнбағысты, мақсарыны, ақкекірені зақымдайды. Көбелек қанаты 20-27 мм. Алдыңғы қанаты жіңішке, сұр, ортасында төрт қара дағы бар. Артқы қанаты ақшыл түсті және алдыңғы қанатына қарағанда жалпақ, қара-қоңыр талшықтары және шашақтары бар. Есейген жұлдызқұрт сары-қоңыр түсті, арқасын бойлай үш қара жолақтар өтеді. Дене тұрқы 15-16 мм. Бес жастағы жұлдызқұрттар өрмекші пілләнің ішінде, топырақтың беткі қабатында немесе өсімдік қалдықтарының астында қыстайды (сурет 3).
Сурет-3. Күнбағыс қан көбелегі- Nebulella Hb
Мамыр айының аяғында жұлдызқұрттар қуыршақтанады. Көбелектердің ұшуы маусым айының басында байқалады. Аналықтары жұмыртқаларын күрделігүлділер тұқымдасының гүл тозаңдығына салады. Жаңа туылған жұлдызқұрттар гүлдің генеративті бөлігімен қоректенеді. Олар қоректенуін аяқтағаннан кейін жерге түсіп, топырақта қуыршақтанады. Көбелектің екінші ұрпағы күнбағыстың гүлдеу кезеңінде пайда болады да, жұмыртқаларын күнбағыстың тілшелі және түтікті гүлдеріне салады. Барлығы шамамен - 250 жұмыртқа. Бірінші және екінші жастағы жұлдызқұрттар гүлдің әртүрлі бөліктерімен, ал үшінші жастан бастап олар тұқымның ішіне еніп қоректенеді. Зақымданған күнбағыстың гүл шоғыры дернәсілдердің қалдықтарымен ластанады.Экономикалық зияндылық шегі 3-6 жұлдызқұртм2 . Күнбағыс егісінде күнбағысты күнбағыс қан көбелегінен қорғау кезінде Тізім... бойынша препараттарды қолдану қажет.
Күнбағыс мұртты қоңызы - Agapanthia dahlii Richt. Кеңінен таралған зиянкес. Coleoptera қатты қанаттылар тобының, сүген қоңыздар Cerambycidae тұқымдасына жатады. Күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерді, сонымен қатар күнбағысты және мақсарыны зақымдайды. Қара, жылтыраған денесінің ұзындығы 15-20 мм. Денесі қалың түктермен қапталған, қанатының үстіңгі жағының түктері сары немесе сұр түсті. Мұрттары денесінен ұзын болып келген (сурет4).
Сурет 4.Күнбағыс мұртты қоңызы - Agapanthia dahlii Richt.
Дернәсілі ақшыл сары түсті, басы қоңыр түсті, ұзындығы 22-25 мм. Есейген дернәсілдері әдеттегідей сабақтың жер асты бөлігінде қыстайды. Мамыр айының басында дернәсілдері қуыршақтанады да мамыр айының аяғында немесе маусым айының басында қоңыздар шыға бастайды. Қоңыздар күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің сабағын және жапырағын зақымдайды. Аналықтары жұмыртқаларын күнбағыстың, ошағанның, қалуеннің, түйе жапырақтың, мақсары сабақтарының ішіне бірбірден салады. Жұмыртқаларының түсі сүттей-ақ, цилиндр пішіндес. Аналық қоңыздардың өсімталдығы шамамен 40-50 жұмыртқа. Дернәсілдері сабақтың ішінде тамырға қарай бағыт алып қоректенеді. Зиянкес тұқымның ядросындағы май мөлшерінің төмендеуіне және сабақтың сынуына алып келуі мүмкін. Жылына бір ұрпақ беріп дамиды.
Күресу шаралары: Ауыспалы егістіктен орын алу күнбағыс үшін өте маңызды. Көпжылдық шөптерден кейін немесе қайталап орналастырса, топырақта мекендейтін зиянкестердің өсуіне және егіннің сиреуіне әкеледі. Күнбағыстың сауытты сорттарын егу маңызды, өйткені қабығының ішінде қорғаныш қабаты болғандықтан, күнбағыс қан көбелегінің жұлдызқұрттары оны кеміре алмайды. Сымқұрттар мен жалған сымқұрттарды тереңдігі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz