Астық дақылының сорғыш зиянкестері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ
Өсімдік қорғау және карантин кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Бақашық қандалалардың,трипсілердің биологиясы,зияндылығы.Зиянкестерге қарсы күресу шаралары.

Орындаған:Дүкенбаева А.Ғ.
Қабылдаған:Искендирова Р.Ә.
Группа:ЗР-316К
ЖОСПАР:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
А)Бақашық қандалалар биологиясы,зияндылығы,күрес шаралары
Б)Астық қандаласы биологиясы,зияндылығы,күрес шаралары
В)Бидай трипсі қандалалар биологиясы,зияндылығы,күрес шаралары
Г)Темекі трипсі қандалалар биологиясы,зияндылығы,күрес шаралары
ІІІ.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Астық дақылының сорғыш зиянкестері. Зиянды бақашық қандала - Eurygaster integriceps Put., Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының орман-дала және дала аймақтарында тараған. Жартылай қатты қанаттылар тобының Pentatomidae қалқаншалы бақашықтар тұқымдасына жатады. Республиканың солтүстік аймақтарында Eurygaster тұқымдасының маврлық E.maura L., және аустриялық бақашық қандала түрі кездеседі E.austriacus Schr. Барлық түрі зиянды, алайда ең зияндысы және қауіптісі бақашық қандала. Зиянды бақашық қандаланың денесі тасбақаның қабыршағы сияқты, тығыз хитинмен қапталған. Дене ұзындығы 10-13 мм, түсі-ақшыл күңгірт қоңырға дейін, дернәсілі ересек қандалаларға ұқсас.
Астық қандаласы-Trigonotylusruficornis Goeffr. (Miridae-тұқымдасы, Hemiptera - жартылай қатты қанаттылар отряды). Ұзындығы денесімен бірдей қызыл мұртшалары бар, ашық жасыл түсті қандала. Дене ұзындыѓы 6-7 мм. Жылда 3 ұрпаққа дейін дамиды. Көктемгі-жазғы мезгілдегі құрғақ және ыстық ауа-райы олардың көбеюіне қолайлы болады. Жұмыртқалары күздік дақылдарының, астық тұқымдасқа жататын жабайы және азықтық өсімдіктердің жапырақтарында қыстайды. Ересек қандала және дернәсілдер астық және азықтық дақылдарға зиян келтіреді. Жапырақтың шаншыған жерлерінде түссізденген және сары дақтар пайда болады.
Бидай трипсі Haplothrips tritici Kurd. Шашақ қанаттылар Thysanoptera тобының Tubulifera - түтікше құйрықтылар топ тармағы, флеотрипиде Phloethripidae - тұқымдасына жатады. Дәнді дақылға зақым келтіретін түрі: бидай, қара бидай, сұлы және түйнек трипсі. Негізгі және маңызды зиянкестің бірі бидай трипсі.
Темекі трипсі Thrips tabaci Lind. Қазақстанда тегіс таралған. Шашақ қанаттылар Thysanoptera тобының трипсілер Thripidae тұқымдасына жатады. Көпқоректі зиянкес 100 аса өсімдіктермен қоректенеді барлық жерде таралған. Ересек трипстер ұсақ, ұзындығы 0,8-1,1 мм, түсі ақшыл сары ұзыннан созылған жүйкесі бар енсіз жіңішке қанаттарының шеттерінде ұзын шашақтар болады. Денесінің түсі өзгеріп отырады ақшыл сарыдан қоңырға дейін. Жұмыртқасының ұзындығы 0,21-0,25 мм, пішіні бүйрек тәрізді ақшылдау, мөлдір түсті. Дернәсілдерінің ұзындығы 1 мм, ашық түсті, мұртшалары 6 бунақтан тұрады. Қысқы мекендерінен ауа жылылығы 100С асқанда шығады.

Негізгі бөлім
Бақашықтар: зиянды-Eurygaster integriceps Put., мавр-E. мaura., австриялықE.аustriacus Sch. (Scutelleridae-қалқаншалы бақашықтар тұқымдасы, Hemiptera - отряды). Бақашықтар: зиянды-Eurygaster integriceps Put., мавр-E. мaura. Бақашық қандаланың денесі тасбақаның қабыршағы сияқты, тығыз хитинмен қапталған. Дене ұзындығы 10-13 мм, түсі - ақшыл күңгірт қоңырға дейін, дернәсілдері ересек қандалаларға ұқсас. Жылына бір ұрпақ береді. Ересек қандала тоғай алқаптарының, орманның жапырақ төсемінің астында қыстайды. Орта тәулік ауаның орташа температурасы 12°С жеткенде қандалалар жаппай егістіктерге ұша бастайды. Жұмыртқасын астықтың, арамшөптердің және аңыз сабағының жапырақтарына салады. Олар жұмыртқаларын топтап салады және бір топта 14 жұмыртқа болады. Жалпы ұрғашы қандала 200 жұмыртқаға дейін салады. Дернәсілдердің жұмыртқадан шығуы астық дақылдарының түптену кезеңіне келеді. Дернәсілдерде бес жас болады. Олар астық тұқымдас өсімдіктерде дамиды. Ересек қандалалар дәннің балауыздана-пісу кезеңінде пайда болады. Зиянды бақашық қандалалар алғашында күздік бидайға, содан кейін жаздық бидайға қоныстанады. Шағылысу аяқталғаннан кейін көп ұзамай аналығы алғашқы жұмыртқасын жаппай ұшқаннан кейін 7- 14 күн ішінде астықтың, арамшөптің және аңыз сабағының жапырағына салады. Ауа температурасына байланысты, жұмыртқаның даму ұзақтығы 6-20 күн. Жұмыртқа салуы 30-50 күнге созылады бірақ жұмыртқаның көпшілігін 15-20 күнде салады. 20-21°C ауаның температурасы мен 60-70% ауаның салыстырмалы ылғалдылығында 150-200 жұмыртқа салады, ұрпақтарының орташа өмір сүру ұзақтығы 28-30 күн болады. 1-сурет.

Дернәсілдің жұмыртқадан шығуы астық дақылының түптену кезеңіне тура келеді. Дернәсілде бес жас болады, олар астық тұқымдас өсімдікте дамиды. Дернәсілінің бірінші жасы 3-5 күн созылады. Екінші жастағы - дернәсілі өсімдік шырынымен қоректенеді, олардың дамуы 5-тен 15 күнге созылады, ал келесі жастағы дернәсілдің дамуы 4-7 күнге созылады. Төртінші жастағы дернәсілдің ұзындығы 5-6 мм жетеді, ал олардың дамуы 4-8 күнде аяқталады. Бесінші жастағы дернәсілдің (ұзындығы 8-10 мм) төртінші жастағы дернәсілден онша ерекшеленбейді. Бесінші жастағы дернәсілдің жаппай пайда болуы жазғы бидайдың балауызданып пісу сатысына сәйкес келеді.Қыстаудан шыққан уақытынан бастап қыстауға кеткенге дейін, олар өсімдіктерге дернәсіл және ересек кезеңінде зиян келтіреді. Егер астық дақылының бастапқы кезеңінде сабақ зақымданатын болса, ортаңғы жапырақтың жойылуына, ал масақтану кезеңінде - масақтың ағаруына және ұрықсыздыққа әкеледі. Зиянды бақашық қандаланың дернәсілі және ересегі дәнді шаншып алып, сілекейін енгізіп, ұлпа ішіндегісін өзіне қоректік сіңімділікке айналдырады..Зиянды бақашық кандаланы жоюда биологиялық фактор, паразиттер, жыртқыштар және патогендік микроорганизмдер маңызды рөл атқарады. Дегенмен, зиянды бақашық ошақтарын жоюда зиянкестің жұмыртқасына жұмыртқа салатын паразиттер өте маңызды. Кейінірек салынған жұмыртқаның басым бөлігі паразиттер әсерінен жойылады. Олардың дернәсілі жұмыртқаның ішінде тіршілік етеді, өйткені олар ішкі паразиттер. Сондай-ақ, бақашықты фазия шыбыны жояды, ол жұмыртқасын бақашық қандаланың денесіне салады.2-сурет

Зияндылығы. Дәннің үстінде ой және әжімдер пайда болады, тескен жерлерде қара дақтар көрінеді. Балауыздана пісу кезеңіндегі залалдар дәннің технологиялық және тұқымдық сапасын кемітеді. Бидайға, қара бидайға, кейде арпаға зиян келтіреді. Қыстаудан шыққан уақытынан бастап қыстауға кеткенше дейін, олар өсімдіктерге дернәсіл және ересек кезеңінде зиян келтіреді.
Күресу шаралары. Өнімді дер кезінде қысқа мерзімде жинау. Астықтардың егістіктерде көп тұрып қалуы және ұзақ мерзімде дестелерде жатуы бақашықтардың көп қорек алуын қамтамасыз етеді, қыстауға жақсы жағдай жасайды. Ерте сыдыра жыртқанда, ауыр тырмалармен топырақты өңдегенде зиянкестердің көбі өледі. Бақашықтың саны егістіктерде үлгі алаңдарында (әр үлгі 0,25 м2 алаңнан) есептеледі. Өсімдіктердің бастапқы кезеңдерінде 1-2 қыстап шыққан ересек қандалам2 , гүлдену кезеңінен бастап балауыздана пісу кезеңіне дейін 5 дернәсілм2 және келесі даму сатыда 2 дернәсіл немесе ересек қандалам2 болса, құрту шараларды қолдану керек..
Элиялар: сүйір тұмсықты - Aeliaacuminata L., сібірлік - A. Sibirica Reut. ТұмсықтыAeliarostrata Boh. (Pentatomidae-қалқаншалылар тұқымдасы, Hemiptera--отряды). Сүйір тұмсықты қандалалардың денесі сұрғылт сары, сопақша жұмыртқа тәрізді болып келеді. Басы ұзынша үшбұрышты, қалқаншысы денесінің 23 бөлігін алып тұр. Қандалалар астық дақылдарының, шөптердің және тың жерлерде өсімдіктер қалдықтарының астында қыстайды. Жылына 1-2 ұрпақ беріп дамиды.3-сурет

Зияндылығы. Ересек қандалалар астық дақылдар сабақтарының үстіңгі буынаралығын шаншып, шырынын сорады. Аяғында ақ масақтылықты тудырады. Сүйір тұмсықты қандалалардың дернәсілдері мен ересектері дәндерге зиян келтіреді. Сүйір бақашықтың зиянды қандалаларға қарағанда олардың дән сапасына әсері төменірек болады.
Күресу шаралары. Бақашықтармен күресу шараларымен бірдей. Егер егістіктерде 5-6 дернәсілм2 болса, инсектицидтер қолданылады.
Жыртқыш қандалалар - Nabis ferus L., N. ferroides Rem., зиянды бақашық қандаланы залалдайды. Бақашық кандала, негізінен күздік және жаздық бидай, қара бидай, аз мөлшерде - арпа, сұлы мен тарыға зақым келтіреді. Зиянды бақашық кандала үшін ең тартымды сорт жұмсақ бидай болып табылады. Әсіресе зиянды бақашық қандаланың жаздық бидайды масақтану кезеңінде зақымдауы өте қауіпті. Зиянды бақашық кандала саны 1 м 2 -ге 3-5 болса, сабақтың 40-50% -ы жойылды, ал 8-10 дана болса - зақымданған сабақ саны 70-80% дейін өседі. Ең үлкен зақымды астықпен қоректенетін дернәсілі мен жас қандалалар келтіреді.4-сурет

Күресу шаралары. Өнімді дер кезінде қысқа мерзімде жинау. Астықтың егістікте көп тұрып қалуы және ұзақ мерзімде дестеде жатуы бақашықтың көп қорек алуын қамтамасыз етеді, қыстауға жақсы жағдай жасайды. Ерте сыдыра жыртқанда, ауыр тырмамен топырақты өңдегенде зиянкестің көбі жойылады. Зиянды бақашық кандаланың саны егістіктегі үлгі алаңында, әр үлгі 0,25 м2 мөлтектен есептеледі, барлық үлгі саны 20. Экономикалық зияндылық шегі: жаздық және күздік бидай егісінде 1 - 2 қыстаған қандалалар (құрғақ жылы бұл көрсеткіш 2 есе төмен келеді); бидайдың гүлдену - дәннің балауыздана пісу кезеңінде - 5 дернәсілм2 бидайдың сүттену кезеңінде - 2 дернәсілм2 болса, инсектицидтерді Тізім... бойынша инсектицидтермен бүрку жұмысы жүргізіледі
Астық қандаласы-Trigonotylusruficornis Goeffr. (Miridae-тұқымдасы, Hemiptera - жартылай қатты қанаттылар отряды). Ұзындығы денесімен бірдей қызыл мұртшалары бар, ашық жасыл түсті қандала. Дене ұзындыѓы 6-7 мм. Жылда 3 ұрпаққа дейін дамиды. Көктемгі-жазғы мезгілдегі құрғақ және ыстық ауа-райы олардың көбеюіне қолайлы болады. Жұмыртқалары күздік дақылдарының, астық тұқымдасқа жататын жабайы және азықтық өсімдіктердің жапырақтарында қыстайды. 5-сурет

Зияндылығы.Ересек қандала және дернәсілдер астық және азықтық дақылдарға зиян келтіреді. Жапырақтың шаншыған жерлерінде түссізденген және сары дақтар пайда болады. Жас өсімдіктердің жапырақтарының үстіңгі жағы сарғаяды және өледі. Дәннің арқа және бүйір жақтарындағы шаншып сорған жерлерде кішкентай сары дақтар пайда болады. Олардың қоректенуі дәннің салмағының азаюына әкеп соқтырады.
Күресу шаралары. Бақашықтармен күресу шараларымен бірдей. Егер 100 қандалам2 болса, инсектицидтер қолданылады. Әдетте күресу шаралардың уақыты трипстермен, бітелермен, бақашық қандалалармен күресу кезеңімен бірдей келеді
Бидай трипсі Haplothrips tritici Kurd. Шашақ қанаттылар Thysanoptera тобының Tubulifera - түтікше құйрықтылар топ тармағы, флеотрипиде Phloethripidae - тұқымдасына жатады. Дәнді дақылға зақым келтіретін түрі: бидай, қара бидай, сұлы және түйнек трипсі. Негізгі және маңызды зиянкестің бірі бидай трипсі. Зияндылық аймағы Солтүстік Қазақстанның дала және құрғақ далаларын қамтиды. Трипстер ерекше қабілетке ие олар бидайға әртүрлі егу уақытында қоныстанады. Оның саны егістікте өсімдіктің ерте немесе кеш даму кезінде айтарлықтай азаяды. Егістікті бидай трипстерінен тазаруда Bembidion, Microlestes, Acupalpus, Pterostichus тұқымдасына жататын жыртқыш барылдақ қоңызы маңызды. Агроценозда айтарлықтай маңыздысы қан қызы қоңызы -Adonia variegata Gz., Coccinella septempunctata L. және жыртқыш кандала - Nabis ferus L., N. ferroides Rem. Жыртқыш кандала басқа жас дернәсілді залалдайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәнді-бұршақ дақылының зиянкестері
Жаздық бидай дақылының ауылшаруашылығы аурулары
Жаздық бидай дақылының зиянкестері
Паразитті кенелер түрлерінің сипаттамасы
Химиялық улы заттар
Дәнді дақылдардың зиянкестері мен аурулары
Тары дақылы
Арпа дақылының зиянкестері
Терең өзек ауданы жүгері дақылын зиянкестер мен арамшөптерінен қорғау шаралары
Жеміс дақылдарының маңызы
Пәндер