Басқару обьектілерінің функциялары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:Өндірісті басқаруды зерттеу

Орындаған:
Тексерген:

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Басқару ғылымы туралы түсінік
1.1. Менеджменттің мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Басқару ғылымының дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.3. Қаржылық менеджмент - басқару кешені түрінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.4. Басқару обьектілерінің функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2. Басқару - мақсат қою және міндеттерді шешу функциясы ретінде
2.1 Басқару шешімдерінің мазмұны мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2 Басқару субъектісі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.3 Басқару шешімдерінің тиімділік жағдайлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

Кіріспе
Басқару -- өте ежелгі тәжірбие болып табылады. Адамдар топтар мен ұйымдарға бірігіп өмір сүре бастаған кезден басқару қажеттілігі пайда болды. Ерте кездегі Вавилонды, Египет пирамидаларын, Македонияны, Римді еске алатын болсақ, соның барлығы да үлкен үйлестіру, ұйымдастыру қызметтері арқылы жүзеге асырылып келеді.
Дегенмен басқару - қызмет пен тәжірбие ретінде өте ежелгі сипатқа ие болғанымен, ғылым және зерттеу саласы түрінде салыстырмалы түрде алғанда жаңа болып табылады. Өйткені көп басқару қызметті орындайтын орта буын басшыларының болмауы, басқару қызметтерінің нақты және деректі түрде бөлінбеуі, басшылықтың мұрагерлік және тартып алу арқылы берілу әдісі осыған түрткі болады.
Қорыта айтқанда, ХХ ғасырға дейінгі кезең де жүйелі, жан-жақты түрде басқару ғылымы жайлы ешкім терең ойлана қоймайды. Мәселен, ХХ ғасырдың басындағы Нью-Ланардегі Роберт Оуэннің батыл да тамаша әлеуметтік сипаттағы тәжірбиесін ешбір басшы өз тәжірбиесіндегі қолданған емес.
Басқаша айтқанда, соңғы ғасырға дейін басқарудың ғылыми әдістемелік маңызы айтарлықтай дамымай келді.
Өндірісті шоғырландыру мен жаратылыстану - техникалық білімдері жетістіктері нәтижесінде басқаруға ғылыми жүйе ретінде қызығып көңіл бөлу ХХ ғасырдың басынан орын алды. 1911 жылы жарияланған Фредерик У. Тейлордың Ғылыми басқару қағидалары атты еңбегі осы үлкен ғылыми бастаманың ұйытқысы еді. Тейлрдың піірінше, тиіді ғылыми басқару ұдайы, бақылау тәжірбие жасау және ой-саналық, топшылау арқылы анықталған көрсеткіштер көмегімен бизнесті жандандыратын қызмет саласы болып саналады. Тейлор өз теориясын тұжырымдай отырыпы, мынадай тоқтамға келді: дәстүрлі әдістің орнына - ғылым, қарама - қарсылықтың орнына - үйлесімділік, дербес жұмыстың орнына-ынтымақтастық еңбек өнімділігі арттыру, өте қажетті барынша қолайлы жағдай жасау.
1. Басқару ғылымы туралы түсінік
1.1. Менеджменттің мақсаты мен міндеттері
Менеджмент басқарудың мақсатына адамдардың еңбек белсенділігін ынта-ықыласы арқылы көтеріп, олардыңң тиімді жұмысының негізінде жетуді ұйғарады. Ғылымның бұл түрін білу барысында басқарудың мақсаттарын қою мен дәлелдеу үшін нақты білім және тәжірибелік дағды алуға болады, осы мақсаттарға жету жолында персоналдың күш-қуатын жинастыруға, ғылыми дәлелденген шешімдерді қабылдауға, кадрлар жұмысын жүйелеуге, кәсіпорындарды біртұтас жүйе түрінде басқаруға мүмкіндік береді.
Әртүрлі ғылымдар секілді менеджменттің де теориясы болады, онда осы пәнге тән қасиеттер, міндеттер, категориялар, заңдылықтар, принциптер, әдістер, функциялар және өзінің ізденіс жолы қамтылады.
Басқару адамдардың парасаттылық нысаналы іс-қызметінің көмегімен қоршаған әлемді бағындыру және тіртіпке келтіру жұмысынан тұратындығы бұрыннан белгілі. Менеджмент - басқарудың маңызды құрамдас бөлігі, оның пәні басқару үрдісіндегі әлеуметтік қатынастардан тұрады. Сөйтіп, менеджменттің ғылым ретінде айналыфсатын пәні басқару үрдісінідегі адамдардың арасындағы қалыптасатын қатынастар.
Менеджментті кәсіпкерлік іс-қызметтің түрі деп қарастыруға да болады. Осы көзқарасқа қарай менеджментті алдын-ала белгіленген экономикалық нәтижеге жеті үшін адамдардың күш-қуатын нысаналы түрде шоғырландыруды ұйғаратын іс-қызметтің бір түрі деп түсінген дұрыс.
Әр салада басқару іс-қызметтің жалпы қағидаларымен бірге өзіне тән ерекшелігі болады. Аграрлық сфераны алатын болсақ, онда басқару қатынастарының ерекшелігі ең алдымен оның іс-жұмысының көлеміне, сонымен бірге жұмыскерлердің санына қарай әрбір елдің экономикасының ірі салаларының бірі болып есептелетініне байланысты. Кәсіпорындар мен ұйымдардың іс-жұмысына өздерінің ықпалын тигізетін сыртқы факторлардың қатарына жататындардың бірін көрсетпесек те, келесілерді айтуға болады: халықтың төлем қабілеті бар сұранысты, өндірістің, тауарды сыртқа шығарудың және оны шеттен әкелудің, бәсекенің, табиғат пен ауа-райының демографияның жиі жағдайын. Сонымен қатар, бұл кәсіпорындардың және ұйымдардың іс-қимылы олардың қолындағы жердің, техниканың малдың, материалдық құралдардың және ақша қаржысының болуына ғана емес, сонымен бірге оларда ең алдымен жұмыс істейтін адамдардың барлығына байланысты.
Менеджмент стратегиялық және тактикалық мақсаттарға оңтайлы жетуде әрбір кәсіпорындардың және олардың персоналдарын нысаналы және келісімді жұмысаен қамтамасыз ететін басқару іс-қызметіне ерекше түрінен тұрады. Ал басқару үрдісі белгілі мақсатқа жетуге бағытталған дәйекті түрдегі істің жиынтығының көрінісі.
Мененджмент макро және микроэкономиканың негізгі қағидаларына негізделеді. Бірақ, бұл бірыңғай экономикалық пән болып табылмайды. Оның ғылым болып құрылуына айтарлықтай ролдә психология, педогогика, социология, кибернетика және математика атқарады. Онымен қатар, менеджменттің өзі маркетингті, коммерциялық іс-қызметті және басқару іс жұмысын жүргізумен байланысты басқа қолданбьалы пәндерді зерттеуге негіз болып табылады.

1.2. Басқару ғылымының дамуы

Басқару мен менеджментте бірдей категориялар пайдаланылады, бұларға жататын ұғымдар мынадай - басқарудың объектісі мен субъектісің, олардың арасындағы тура және кері байланысң, басқару жүйесің, қоршаған ортаң.
Менеджмент пен басқарудың негізгі категорияларын кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейінде қарастырғанда, олардың іс-жұмысының ерекшелігін және шаруашылық субъектілердің іс-қимылдарының жалпы міндеттерін ескерген жөн.
Басқару объектісі - бұл бақарылатындардың барлығы, яғни сала, кәсіпорын, бөлімшелер және т.б. Менеджментте басқару объектісі ретінде әр уақытта белгілі бір мақсатқа жету үшін өздерінің іс-қызметтерін үйлестіретін және бағытталатын адамдар тобы қарастырылады. Басқару субъектісі - бұл басқарушылардың барлығы, яғни саланың, кәсіпорынның, бөлімшелердің басқару аппараты.
Басқарудың объектісі мен субъектісінің арасында тура және кері байланыс болады. Тура байланыс - бұл басқару объектісіне субъектіден түсетін әмір (команда). Кері байланыс - бұл басқару субъектісіне объектіден әмірдің орындалғаны және оның жағдайы туралы түсетін ақпарат.
Басқару объектісі мен субъектісінің жиынтығы тура және кері байланыстармен бірге басқару жүйесін құрайды.
Басқару жүйесінде басқару объектісін басқарылылатын жүйелілік, ал субъектісін - басқаратын жүйелілік деп жиі айтылады. Басқару жүйесін бірқатар жалпы шарттары сипаттайды. Ең алдымен басқарылатын жүйеліліктің басқарушы жүйеліліктің ықпалымен өзінің параметрін (немесе қасиетін) өзгертетін қасиеті болып табылады.
Басқару субъектісі объектіге берілген мақсатқа сәйкес ықпалын жүргізеді. Бұл үшін басқарылатын жүйе бөлігі басқару объектісіне көрсетілген ықпалынан кейін оның жағдайы қандай екенін анық білуі керек.
Мақсатқа анық бет бұру үшін басқару субъектісіне объектіге ықпал көрсетілгенше және көрсетілгеннен кейінгі жағдайлары бойвынша ақпарат түсіп отыруы қажет, басқаша айтқанда басқару жүйесінде тура және кері байланыс айқын түрде ұйымдастырылуы керек. Сонымен ақырында, басқарудың қайсы бір экономикалық жүйесі болса да, онда белгілі материалдық, еңбек, қаржы және басқа ресурстар болуы керек.
Әрбір кәсіпорын қоршаған ортамен өзара әрекетте болады. Қоршаған орта - бұл осы кәсіпорынды қоршағанның барлығы: жеткізушілер мен сатып алушылар, бәсекелестік ұйымдар, мәдениет, саяси ахуал және т.б. Қоршаған орта қай ұйым болса да, оған кадрларды, еңбек қаруын, шикізатты, материалдарды және қуат таситындарды бере отырып, белсенді әсерін көрсетеді. Өз кезегінде кәсіпорын қоршаған ортаға тауарлар мен қызметті өңдіргенде және өткізгенде өзінің ықпалын тигізеді.
Менеджменттің бақылау функциясы
Анықсыздық факторының маңыздылығы соншалық,сыртқы орта ықпалын анықтау үшін қажетті механизм дайындалып, бейім тұру керек.
Дағдарыстық жағдайлардың пайда болуын ескерту.Бақылау функциясы бұл мәселелерді анықтауға және ішкі жағдайлар дағдарысқа айналып кетпейтіндей ұйымның қызметін сәйкесінше түзетуге мүмкіндік беретін басқару сипаттамасы.
Жетістікті қолдау.Мақсатқа жетуге ұйым қызметінің қандай бағыттары неғұрлым тиімді көмектесетінін анықтау.
1.3. Қаржылық менеджмент - басқару кешені түрінде
Қаржылық менеджмент қаржылық ресурстарының қозғалысы процесіндегі шаруашылық субъектілерінің арасындағы пайда болатын қаржылық ресурстар мен қаржылық қарым қатынастар қозғалысын басқаруға бағытталған. Қаржылық менеджмент қаржыны басқару мақсатын өндіру процесінен және соларға ықпал тигізетін әдістер мен тәсілдерден және қаржылық механизм тұпқасынан тұрады.
Сонымен, қаржылық менеджмент басқару стратегиясы мен басқару тактикасын құрайды.
Осы мағынада стратегияға қойылған мақсатқа жету үшін құралдардың жалпы бағыты мен қолдану әдістері жатады. Бұл әдіске шешім қабылдау үшін шектеулер мен нақты анықталған ережелер жиықабылдау үшін шектеулер мен нақты анықталған ережелер жиытығы сәйкес келеді. Стратегия шешімдердің нұсқауларына шоғырландырылып келеді.
Тактика - бұл нақты шараларда қойылған мақсатқа жету үшін қолданылатын нақты әдістер мен тәсілдер. Басқару тактикасының міндетіне оңтайлы шешім және басқарудың әдістері мен тәсілдерінің таңдау жатады.
Қаржылық менеджмент басқару жүйесі ретінде екі ішкі жүйеден тұрады: басқарылатын ішкі жүйе немесе басқару объектісі және басқарушы ішкі жүйе немесе басқару объектісі.
Қаржылық менеджментте басқару объектісі - бұл ақша ағымын, құн айналымын, қаржы ресуртар қозғалысын және шарушылық субъектілер арасындағы қаржылық қатынастарды тудырудың шаралар жиынтығы болып табылады.
Басқару объектсіі - бұл басқарудың әр түрлі формалармен жүретін арнайы адамдар тобы (қаржылық дирекция басқару аппараты негізінде), ал қаржылық менеджер басқарушы ретінде.
Тәжірибелік қолдануда қаржылық менеджмент әр қаржылық активтерді басқарумен байланысты, олардың әр қайсысы басқару әдістерді және қаржылық нарықта сәйкес арнйы шоттарды пайдалануды қалайды. Сондықтан қаржылық менеджментті күрделі басқарушы кешен ретінде қарастыруға болады; ол өзіне мыналарды қосады:
- тәуекел - менеджмент;
- несие операцияларының менеджменті;
- бағалы қағаздар операцияларының менеджменті;
- валюталық операциялардың менеджменті;
- қымбатты металл мен қымбатты тастар операцияларының менеджменті;
- жылжымайтын дүние - мүлік операцияларының менеджменті.
Қаржыларды басқары белгілі бір мерзім аралығында жүзеге асады. Уақыт факторы қаржылық басқарудың мақсаттарына және бағыттарына әсер етеді. Қаржылық менеджмент уақыт факторы бойынша келесідей бөлінеді:
- стратегиялық менеджмент;
- жедел тактикалық менеджмент.
Стратегиялық қаржылық менеджмент инвестицияларды басқаруды қамтамасыз етеді. Ол таңдалған стратегиялық мақсатты іске асыру мен байланысты. Стратегиялық қаржылық менеджмент ең алдымен мыналарды қалайды:
- күрделі қаржы салымдарының жобасына қаржылық баға беру;
- инвестициялық шешімдерді қабылдауды критерийлердің таңдалуы:
- күрделі қаржы салымдарын салуда оптималды нұсқауды таңдау;
- қаржыландыру негіздерін анықтау.
Инветицияны бағалау әртүрлі критерийлердің көмегімен жүзеге асады, олар формада болуы мүмкін. Мысалы, күрделі ұаржы салымдарын оңтайлы салу, егер:
- күрделі қаржы салымдарының пайдасын жобаға салу деңгейі депозит кірісінен асатын болса;
- инвестиция рентабельділігі инфляция деңгейінен асатын болса.
Барлық инвестиция уақыт ағымымен жүреді, сондықтан стратегиялық менеджментте уақыт факторларының әсерін қарастыру қажет:
- ақша құндылығы уақыт өткен сайын төмендейді;
- инвестициялық кезең ұзақ болған сайын, қаржылық тәуекел дәрежесі жоғары болады;
Сондықтан статистикалық қаржылық менеджментте мынадай әдістер қолданылады:
- ақшаның пайдаға айналуы;
- ақшаның дисконтталуы;
- компаундинг;
- қаржылық тәуекел дәрежесін төмендету әдістері.
Жедел - тактикалық қаржылық менеджмент кәсіпорында ақша қаражаттарының жеткілікті мөлшерінің болуын қамтамасыз етеді. Ақшаның жеткіліктілігі кэш флоу көрсеткішімен анықталады. Ақшаның жеткіліктілігін басқару төмендегі жағдайға бағытталған:
- қаржылық міндеттерді орындауға жеткілікті ақша сомасын қамтамасыз етуге;
- күрделі қаржы салымы ретінде уақытша бос қолма қол ақшаларды пайдаланудан жоғары табыстылыққа жетуге.
Ақшаның жеткіліктілігін басқару 3 мақсаттан тұрады:
- қолма - қол ақшалардың түсу жылдамдығын күшейту;
- ақша төлемдерінің жылдамдығын төмендету;
- қолма - қол ақша салымынан максималды қайтарымдылықты қамтамасыз етті.
Әр мақсаттың өз басқару әдістері бар.
Бірінші мақсат - бұл ақша құралдарын тез жинауға мүмкіндік беретін әдістер.
Дебиторлық борышты басқару мынаны қадағалайды: біріншіден, айналым құралдарын басқару, екіншіден, анықталмаған дебиторлық борыштарды бақылау, үшіншіден, дебиторлық борыш сомасын төмендету. Дебиторлық борыштық басқару оның ұзақтылығын бақылауды құрайды. Осыған байланысты, дебиторлық қарыздың пайда болу мерзіміне дейінгі топтарды құрау, бір айға дейін, үш айға дейін және т.б.
Екінші мақсатты орындау үшін төлемдердің мерзімін ұзақтату әдістері кіреді, мысалы, инвестициялық салық.
Үшінші мақсатын орындау үшін кассалық қолда бар ақшаны басқару әдістерін пайдалану жатады.

1.4. Басқару обьектілерінің функциялары
Басқару объектілерінің функцияларына мыналар жатады: ақша айналымдарының ұйымдастырылуы, қаржылық құралдар және жабдықтармен жабдықтау, қаржылық жұмыстарды ұйымдастыру және т.б.
Басқару субъектілерінің функциялары қаржылық жұмыста және шаруашылық процесте адамдардың қарым қатынасына әрекет жасауға бағытталған жалпы қызмет түрі жинақтардан, табыстардан, ақпаратты сақтаудан, шешімдерді қабылдаудан тұрады. Қаржылық менеджментке мынадай функциялар тән: жоспарлау, болжау, ұйымдастыру, реттеу, үйлестіру, ынталандыру, бақылау.
Қаржылық менеджментте жоспарлау маңызды орын алады. Басқару функциясы - қаржылық жоспарлау - мемлекеттің қаржысымен байланысты қатынастарын реттейтін құқық саласы. Қаржылық жоспарлау экономикалық және әлеуметтік жоспарлаудың негізгі бөлігі болып, қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі болып табылады. Қаржылық жоспарлау - ақша ресурстарын құру, бөлу, қайта және пайдалану процестерін жоспарлы түрде басқару.
Болжау қаржылық менеджментте - белгілі бір құбылыс, объекті, процестердің нақты болашақ дамуында болжамды әзірлеу болып табылады.
Қаржылық менеджментте ұйымдастыру формасы әр түрлі ережелер арасында қаржылық бағдарламаны бірге тудыратын адамдар жиынтығы.
Реттеу қаржылық менеджментте - қаржылық жүйенің тұрақтылық жағдайына жетуқұралы арқылы басқару объектілеріне әсерн етуін реттеу ағымдағы іс - шараларды құрайды.
Үйлестіру қаржылық менеджментте - мамандар және басқару аппараттарының, басқару жүйелердің барлық бөлімдерінің жұмысын ыңғайлату.
Ынталандыру - өзінің еңбегінің қорытындысына қызығушылығы қаржылық қызметтегі жұмысшыларды ынталандыру болып табылады. Шығындалған еңбектің сапасы мен санына байланысты қажеттіліктердің бөлінуі арқылы ынталандыру жүзеге асырылады.

2. Басқару - мақсат қою және міндеттерді шешу
функциясы ретінде
2.1 Басқару шешімдерінің мазмұны мен түрлері
Қазіргі заманда басқару қызметі қоғам дамуының ең маңызды факторы болып есептеледі, ол өндіріс, қоғамдық процестер, экономика, территорияның әлеуметтік сферасын басқарады. Басқару қызметі әрдайым жаңа даму кезеңдеріне ұшырап отырады, өйткені аймақтарды және мемлекетті басқару жыл сайын жаңа дамуға негізделеді, шаруашылық байланыстардың ауырлауы, тұтынушылардың тұтыну көлемі ұлғайды. Осы негізде ҚР экономикасын көтеру бағыттарының бірі жергілікті өзін-өзі басқаруды қолдану болып есептеледі.
Қызмег тиімділігі түсінігі кез келген қызмет түріне, оның ішінде басқарушылық қызметге де қолданылады. Әкономикалық ғылымда әкономикалық тиімділік категориясы және оны бага- лаудың тиісті олшемдері енгізілген. Нарықтық бәсекелестік жағ- дайында фирманы басқару проңесінде қатысты қазіргі заманғы менеджментте де осы категория пайдаланылады. Оларды бірқатар өзгеріулер енгізе отырып, мемлекеттік басқарудың тиімділігі түсінігін анықтау барысында қолдануға болады.
Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселесі бүгінгі тандағы өзекті тақырыптардың біріне жатады. Ғалымдар арасында бүл мәселені зерттеу барысында әр түрлі көзқарастар қалыптасқан және оны шешу жолдары туралы да ортақ пікір жоқ. Аталған мәселені тиімділіктің жалпы жүйелік факторларын талдау негізінде қарастыру мемлекеттік саяси-идеялық және стратегиялық факторларды ескеруді ұйғарады. Басқару тиімділігін талдауда экономикалық, әлеуметгік, саяси, құқықтық және республика субъектілерінің кіші жүйелері деңгейінде жалпымемлекетгік факторлар негізгі фактор ретінде қарастырылады.
Муниципалды басқару мәні мен түсінігін анықтайтын болсақ. Муниципалды басқару - бұл экономикалық білім жүйесіндегі ғылыми пән, ол аймақтың әлеуметтік - экономикалық жүйесін оқытады. Муниципалдық басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару ұғымдары бір мағынаны береді. Ол екеуіде жергілікті меншік иеліктерін басқаруға негізделген. Муниципалдық басқару - бұл жоғары деңгейлі қызметтің өзіндік түрі, ол өзін-өзі басқаруға негізделіп, қоғамның мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, белгілі заңды нормативтерге сүйене отырып басқаруға бағытталған. Жергілікті өзін-өзі басқару - бұл бегілі бір территорияда мекендейтін азаматтардың атынан, сол территорияда тұратын адамдармен олардың әлеуметтік қажеттіліктерімен байланысты мәселелерді жергілікті деңгейде жүзеге асыру.
ТМД елдерінің жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі модельдік құрылымына сай муниципалдық құрылым бұл - муниципалдық меншігі, өзіне тиесілі қаржылық бюджеті тағайындалған жергілікті өзін-өзі басқару органы бар, белгілі бір территорияда жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын қалалық, аудандық немесе селолық мекен. Муниципалдық құрылым шекаралары халықтың орналасуының көлемін, оның салт-дәстүріне, тарихи жақтарын ескере отырып бекітіледі.
Жергілікті өзін-өзі басқару бегілері:
1. Әлеуметтік бағдарланған бағдарламалар;
2. Муниципалдық меншік түріндегі басқару обьектісі бар;
3. Жергілікті басқарудың негізгі қызметтері сайланбал муриципалдық органдар мен өзін-өзі басқарудың ұжымдық органдармен жүзеге асыру.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың обьектілері мен субьектілері. Жергілікті өзін-өзі басқару обьектісіне: муниципалдық меншік обьектілері және муниципалдық басқаруға берілген мемлекеттік меншік обьектілері жатады. Мұндай обьектілерге муниципалдық органдар тікелей басқару жүргізуге құқылы, ал муниципалдық құрылым территорияларында әрекет ететін кәсіпорындар, ұйымдар экономикалық ынталандыру, моральдік әдістер арқылы жанама басқарылады. Жергілікті өзін-өзі басқару субьектілеріне: жергілікті өзін-өзі басқару органдары жатады. Муниципалдық органдар мемлекеттік басқару органдарына жатпайды, олар мемлекеттік органдардан тәуелсіз, тек заң және нормативтік актілерге сай қызмет жасайды.
Басқару элементтерінің байланыс қатынастары деңгейлері мен өкілеттіктері -- оның құрылымының ең басты, негізгі түсініктері. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының элементтері жеке жұмыс істеушілер (бастықтар, мамандар, қызметкерлер), сол сияқты, белгілі бір функционалдық міндеттерді орындайтын басқару аппаратының органдары немесе осы аппаратта қызмет атқаратын мамандар болуы мүмкін. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының мамандану элементтерінің екі бағыты бар. Біріншіден, ұйым бөлімшелерінің құрылым құрамына байланысты маркетингті жүзеге асыратын басқару құрылымының, өндіріс менеджментінің, ғылыми-техникалық процестің тізбектері өзара ажыратылады. Екіншіден, функциялардың жалпы сипаттамасына байланысты жоспарлаумен шұғылданатын, ендірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыратын, ұйымда барлық процестерді бақылайтын, басқару процесінің міндетін орындайтын органдар қалыптасады.

2.2 Басқару субъектісі
Басқару субъектісі бойынша шешімдерді былайша бөлуге болады:
1.Әкімшілік шешімі.
2.Қоғамдық ұйымдар шешімі т.б.
Басқару объектісі бойынша шешімдерді жалпы және жекелей, күрделі және қарапайым деп бөледі. Жалпы шешім әдетте, бүкіл шаруашылықтын мүддесін қозғайды. Жекелей шсшімнің жедел сипаты болады, бұл көбінесе басқарудың төменгі буынына тән.
Ықпал ету объектісі бойынша шешімді сыртқы және ішкі деп бөледі.
Сыртқы шешім халық шаруашылығы ондірісінің ерекшелігін айқындайды, әрі сол шаруашылықтың жоғарғы ұйымдармен және органдармен, сондай-ақ ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кә сіпорындармен қарым-қатынасын қарастырады
Ішкі шешім ауыл шаруашылығы кәсіпорыннын өзіндегі қызмет саласына жатады.
Уақыт өлшеміне қарай шешімді: перспективалық, күнделікті (ағымдағы), және жедел деп боледі.
Болашақ шешімнің орындалуына ұзақ уақыт (3-5 жыл және одан астам) керек. Мәселен, ірі мал шаруашылық кешендерін салу, кәсіпорынды дамытудың әлеуметтік-мәдени жоспарлары т.б. перспективалық шешімге жатады. Мұндай мәселелер күрделі қаржы бөлуді, еңбек, материалдық және басқадай ресурстарды қамтиды. Перспективалық шешім бағдарламалық сипат алатындықтан, перспективалык жоспарларда керсетіледі.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін күнделікті шешім көбінесе бір-екі жыл аралығында жүзеге асырылады.
Жедел шешім, әдетте, қысқа уақыт ішінде (бірнеше апта, күн, ай) жүзеге асырылады.
Бағдарланған шешім дегеніміз жоспарлардың немесе іс- әрекеттердің белгілі бір жүйемеи жүзеге асу нәтижесі, былайша айтқанда, шешімнің математикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі аудит стандарттары
Ағын түсінігі
Қазақтан Республикасында қаржылық бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктерінің теориялық негіздері
Палата мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
Қоршаған ортаны қорғауға байланысты арнайы өкілетті органдардың іс – әрекетін құқықтық реттеу
ДИСПАНСЕРЛІК НАУҚАСТАРДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ТІРКЕЛІМІ
Мемлекеттік мүліктерді жекешелендірудің түсінігі
Мүлік салығының экономикалық мәні құру принциптері мен функциялары
Броконьерлікке, аңшылық және балық аулау ережелерін бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру
Мелекеттік кірістер комитеті бойынша жалпы түсінік
Пәндер