Ұйымның қаржылық жағдайын кешенді талдау



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Нархоз университеті

Қорғауға жіберілді
Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау
кафедрасының меңгерушісі
э.ғ.к., доцент
________________Жарылкасинова М.Ж.
____ _______2018 ж. №__ хаттама

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

тақырыбы Ұйымның қаржылық жағдайын кешенді талдау және бағалау
5В050800 - Есеп және аудит мамандығы бойынша

Орындағандар:
5В050800 - Есеп және аудит __________ А.Б.Қамза
мамандығының __________ Т.А.Боранбаева
IV курс студенттері __________ Б.А.Наби

Ғылыми жетекшісі
аға оқытушы __________ А.К.Канабекова

Алматы, 2018
АҢДАТПА

Жобаның зерттелу объектісі. Ғылыми жұмыстың зерттелу объектісі ТехТрубТрейд ЖШС болып саналады.
Жобаның кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, күтілетін нәтижелер сипаттамасы, зерттеудің әдістемелік негіздері көрсетілген.
Жобаның бірінші бөлімінде, жалпы кешенді талдау мән мағынасы мен ғылыми тұрғысынан зерттелуі қарастырылды. Сонымен бірге талдау жүргізудің әдістері мен құрылымы және міндеттері айқындалды.
Екінші бөлімде, ұйымның қаржылық жағдайына кешенді талдау жасалынып, 3 жылдың мәліметтері негізінде есептеулер жүргізілді. ТехТрубТрейд ЖШС-нің өндірістік қызметіне жалпы талдау жасалынды.
Үшінші бөлімде, банкрот болуы ықтималдығын модельдер негізінде бағалап, ұйымның қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді. Сонымен қатар ұйымның әлсіз және күшті жақтары қарастырылды.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4

1 Ұйым қызметіне кешенді талдау жүргізудің теориялық негіздері

1.1 Кешенді талдаудың мәні мен ғылыми зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
6
1.2 Кешенді талдаудың мәні, мақсаты мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
8

2 ТехТрубТрейд ЖШС мысалында ұйымның қызметін кешенді талдау

2.1 Ұйымның қаржылық жағдайын кешенді талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .
14
2.2 ТехТрубТрейд ЖШС-нің өндірістік қызметін талдау ... ... ... ... ... ... ..
22
3 Ұйымның қаржылық жағдайын талдауды жетілдіру жолдары

3.1 ТехТрубТрейд ЖШС-нің банкрот болу ықтималдығын бағалау ... ...
26
3.2 Ұйымның қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ...
28

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...

34

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

35

КІРІСПЕ

Дипломдық жобаның өзектілігі. Ұйымның қаржылық жағдайын талдау капиталды тиімді басқарудың маңызды шарты болып табылады. Ұйымның қаржылық жағдайы көрсеткіштер жиынтығымен көрсетіледі және даму үдерістерімен экономикалық құралдарды қолдануды сипаттайды.
Экономикалық талдауды жүргізу ұйымның өзінің стратегиясы мен саясатын бағалауды, сонымен қатар оның әріптестері - банктерге, сақтандырушыларға клиенттерге, инвесторларға, акционерлерге ж.т.б. қажет. Кәсіпкерлік субъектісінің қаржылық жағдайын талдау басқарудың ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады, басқару қатынастарын ақтаудың негізгі элементі - табысты және бәсекеге қабілетті өндірісті тұрақты қалыптастыру.
Ұйымның қаржылық жағдайын талдау және бағалау, тиімді қаржы жұмыстары мен инвестиция саласындағы стратегиялық шешімдер үшін өте маңызды, бұл ұйымның дағдарысқа қарсы басқару тұжырымдамасындағы негізгі компоненті болып табылады. Ұйымның өндірістік және экономикалық көрсеткіштерін талдау, қолдану дәрежесінде негізгі құралдарды пайдалану, өнімді өндіру мен өткізу құны, тиімділікті бағалау болып табылады.
Тәжірибе кезінде кейбір кәсіпорындар көздеген мақсаттарына жетеді, кейбіреулері тыс қалады. Кәсіпорынды тиімді басқару тек қана стратегия мен қызметтерге байланысты емес. Бұл жерде оған ететін дұрыс шешім қабылдаудың сапасы мен ресурстардың жеткілікті дәрежеде болғандығы маңызды. Кешенді экономикалық талдау тұрақтылық пен экономикалық өсудің динамикасын бағалауды қажет етеді.
Дипломдық жобаның мақсаты ұйымның экономикалық жағдайын бағалау, сондай-ақ оны жетілдіруге бағытталған жұмыстарды тұрақты түрде жүргізу болып табылады. Қаржылық жағдайды талдау қандай жұмыстарды жүргізу қажет екендігін көрсетеді.
Осы алдымызға тұрған мақсатымызға жету үшін келесідей міндеттер қойылды:
Ұйымның өзі үшін де, қаржылық ақпараттың сыртқы пайдаланушылары үшін де қаржылық талдаудың мәнін және маңыздылығын ашып көрсету;
Ұйымның қаржылық көрсеткіштеріне талдау жасау;
ТехТрубТрейд ЖШС-нің қаржылық жағдайына баға беру;
Анықталған қорытынды нәтижелері бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Зерттеу объектісі болып ТехТрубТрейд ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметі мен оның негізгі көрсеткіштері алынды.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін компанияның қызметін кешенді экономикалық талдау бойынша әдістемелік нұсқаулар, заңдар мен нормативті актілер, отандық және шетелдік экономист ғалымдардың еңбектері құрайды.
Зерттеудің ғылыми құралы ретінде қаржы және шаруашылық қызметті талдау барысында қолданылатын әдістер мен тәсілдер, модельдер жиынтығы алынды. Талдау әдіснамасы негізінде қазақстандық әдебиеттердің авторлары Канабекова А.К, Андыбаева , Абитованың еңбектері қолданылуда. Сонымен қатар Баканов М.И., Ендовицкий Д.А., Шеремет А.Д., Сайфуллина Р.С., Савицкая Г.В. еңбектерінде талдаудың экономикалық және қаржылық әдіснамалары қолданылды.
Кешенді экономикалық талдаудың маңыздылығы өте зор. Себебі дұрыс талданған экономикалық көрсеткіштер болашақта инвесторлар мен капиталды сырттан тартуға және ұйымның төлем қабілеттілігін ұстап тұруға өз кезегінде септігін тигізеді. Талдау жан-жақты жете зерттеуге, сонымен бірге әлеуметтік, құқықтық, экономикалық және тағы да басқа салалардың жүйелік сипаттамасымен тығыз байланысты.
Қазіргі күнделікті өзгеретін нарықтық жағдайда, кешенді экономикалық талдаудың әдістері нақты стратегия мен тактиканы, кәсіпорынның жағдайын бағалау мен дұрыс болжамдар жүргізуге көмектеседі. Ақпараттың жеткілікті болуы және талдаудың дер кезінде жасалуы шығындарды барынша төмен дәрежеге жеткізуге әсер етеді.
Сонымен бірге кешенді экономикалық талдау тек қана кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен бағалау ғана емес, ұйымның басқарушылық қызметіне де үлесін қосады. Сол себепті қазіргі дамыған нарықтық экономикалық жағдайда талдау өте маңызды.
Дипломдық жобаны орындағандар: 1 бөлім Наби Баян Асқарқызы, 2 бөлім Қамза Айгерім Бақытжанқызы, 3 бөлім Боранбаева Талшын Аманжолқызы.

1 Ұйым қызметіне кешенді талдау жүргізудің теориялық негіздері
1.1 Ұйымның қаржылық жағдайын кешенді талдаудың ғылыми зерттелуі.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы нарық жағдайында өзекті мәселе болып табылады. Экономикалық дамудың қазіргі жағдайында әрбір шаруашылық субъектісінің қызметі нарықтық қатынастарға қатысушылардың айтарлықтай санына қызығушылық тудыртады. Оларға есеп беру және есепке алу туралы ақпаратты пайдалана отырып, бұл адамдар ұйымның қаржылық жағдайын бағалайды.
Бұған негіз болатын, кәсіпорынның кешенді қаржылық талдауы болып табылады. Кешенді талдау - өндірісті басқару жүйесіндегі маңызды элемент, шаруашылық қорларды анықтаудың тиімді құралы, ғылыми негізделген жоспарларды және басқару шешімдерін әзірлеудің басты құралы. Кәсіпкерлік субъектісінің қаржылық жағдайын бағаламас бұрын, кейбір сарапшылардың пікірін ескере отырып, тұжырымдаманы түсіну қажет.
А.Д.Шереметтің айтуынша, кешенді талдауға келесі анықтаманы береді: Кешенді экономикалық талдау- шаруашылық қызмет пен бизнес жайлы біліктілікті, сонымен қатар экономикалық қызмет жайлы субъектінің түсінігін және оның әдіснамалық құрылымын қамтиды. Соңғы жылдары кең ауқымды экономикалық талдау ретінде қолданылды. Кешенді экономикалық талдау қызметінің негізгі объектілері болып, кәсіпорынның жеке бөлімшелері, шығын орталығы мен жауапкершілік орталықтары болуы мүмкін [1, 77 б.].
В.В.Ковалевтің пікірінше, кешенді экономикалық талдау басқару есебінің ажырамас бөлігі болып табылады [2, 23 б.].
Сонымен қатар Л.Т.Гиляровская, Д.В.Лысенко, Д.А.Ендовицкийдің көзқарастары бойынша, кешенді талдаудың мазмұны, формасы, қолдану әдістері, резервтердің кешенді құнын талдау және талдау нәтижелерін қорыту әдісі тұрақты және айқын көрініс ретінде қалыптасқан жоқ [3, 23 б.].
Кешенді шаруашылық қызметке байланысты шетел ғалымдарының пікірі мен көзқарастарына тоқталып кетсек. В.В.Осмоловский былай деп жазды: Талдаудың негізгі мәні - кәсіпорынның материалдық-техникалық ресурстарын пайдалану, бизнес-жоспарларды іске асыру, жоспардағы мақсаттарды негізге ала отырып, кәсіпорынның жұмысының нәтижесін қолдану болып табылады[4, 8 б.].
М.И.Баканов: Кешенді экономикалық қызметті талдау бойынша, объективті және субъективті факторлардың әсерінен дамып келе жатқан есептілік бухгалтерлік, статистикалық, оперативтік есептілікте көрініс алады және кәсіпорынның экономикалық процестері ретінде түсініледі деп есептейді [5, 8 б.].
Біздің пікіріміз бойынша, кәсіпорында дұрыс және нақты кешенді экономикалық талдау жүргізу үшін, ең алдымен, жоғары біліктілік, көп жылдық тәжірибиелік және экономикалық процестер жайлы тура көзқарас қажет. Сонымен қатар кешенді талдау қаржы-шаруашылық қызметінің әртүрлі бағыттарының және оның барлық деңгейлеріндегі басқару рәсімдерінің ақпараттық ашықтығын қамтамасыз етеді.
Сондықтан, талдау әдіснамасын білу және коммерциялық ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің түрлі аспектілерін зерттеуде оның әдіснамасын қолдану мүмкіндігі аналитиктердің және менеджерлердің кәсібилігінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Өзін-өзі ұйымдастыратын, әлеуметтік бағытталған жүйе болып табылатын коммерциялық ұйым бәсекелестік ортаны қатал жағдайында жұмыс істейді және толық экономикалық тәуелсіздікке ие. Оның басты міндеті - оның иелерінің әл-ауқатын арттыру.
Ковалевтің пікіріне қоса кететініміз, басқару аспектісі, экономикалық талдаудың кез келген түрінде, оның мақсаттық бағытына тиесілі болуы қажет. Осы және басқа да көптеген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету үшін ұйымды басқару мақсаты қойылады. Бұл жағдайға В.В.Ковалевтің пікірін ескергеніміз жөн.
Басқару есептілігі нақты көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жауапты кәсіпорын басшыларына және менеджерлеріне ақпарат беру болып табылатындықтан, басқару есебі кешенді экономикалық талдауда елеулі үлес алады. Қазіргі жағдайда кешенді экономикалық талдау, кез келген кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімді басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Біз бұл пікірлермен келісе отырып, мынандай тұжырымдамаға келеміз.Тиімді кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін басқару үшін, ол кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін жақсарту үшін, тиімді әдістері мен тәсілдерін дамытуға болады. Сол себепті әдіснамасы мен экономикалық талдаудың әдістерін, экономикалық қызметтің қаржылық жағдайы және бағалау әдістері мен техникасын объективті және ұтымды пайдалану болуы тиіс.
Қаржылық кешенді талдау құрылымын шетелдік авторлардың көзқарастарына байланысты қарастырсақ, Д. Стоун, K. Хитчинг талдаудың келесі құрамдастарын ажыратады: төлем қабілеттілігі, активтер мен міндеттемелер құрылымы, іскерлік белсенділік айналымы, капиталды пайдалану тиімділігі, инвестициялар[6, 88 б.].
Брейли Р., Майерс С. кешенді қаржылық талдаудың мынандай құрамдастарымен бөлісті: қаржылық тәуелділік, өтімділік, кірістілік,нарық қызметі [7, 14 б.].
Шешім қабылдау үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін, оларды орналастырудың және пайдаланудың орындылығы мен тиімділігін, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін, серіктестермен қаржылық қарым-қатынастарын талдау қажет. Бұл көрсеткіштерді бағалау фирманы тиімді басқаруға негіз болады. Олардың көмегімен басшылар өздерінің қызмет бағыттарын жоспарлауды, бақылауды, жетілдіруді жүзеге асырады. Сондықтан бүгінгі күні өте маңызды көрсеткіштердің бір ретінде танылады.
Шетелдік және ресейлік авторлардың пікірлерін қарастыра отырып, отандық авторлардың кешенді экономикалық талдау жайлы көзқарастарын да ескергеніміз жөн. Мысалға алатын болсақ, Андыбаева Г.Т., Канабекова А.К., Абитова А.К. оқу құралында экономикалық талдаудың жалпы әдістері мен тәсілдері, активтер мен пассивтердің құрамы мен құрылымын, баланс өтімділігі, төлем қабілеттілігі, жалпы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы анықтау жағдайына толық бағыт - бағдар берген. Сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық жағдайының ағымдағы жай-күйін бағалау, экономикалық жағдайын жақсарту үшін қандай бағыттарды анықтаудың керектігі жайлы айтылады [9, 17 б.].
Кәсіпорынның немесе ұйымның кешенді қаржылық жағдайын бағалау әртүрлі әдебиеттерде қарастыралады. Соның бірі Дүйсенбаев К.Ш.,Жұмағалиева Ж.Г. оқу құралында түсіндіріледі. Кәсіпорынның экономикадағы қаржылық жағдайы оның қаржылық қорытынды нәтижесінде көрсетіледі және қаржылық қорытындылары серіктестермен қатар, мемлекеттік, қаржылық, салық органдарын да қызығушылығын танытады [10, 5 б.].
Бұл айтылған пікірлер орынды деп ойлаймыз. Себебі кез келген кәсіпорын үшін осы көрсеткіштер маңызды орын алады. Дәлірек айтсақ, кешенді қаржылық қызметті жан-жақты талдау терең, жан-жақты қаржылық талдау арқылы компания және оның ағымдағы даму, өсу тенденциялары болашақ перспективалары туралы нақты көрініс ала алады.
Біздің көзқарас бойынша, бұл жағдайда мынандай ұсыныстар қарастыруға болады. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада қаржы жағдайын бағалауды ұсыну қажет. Бірінші жағдайда кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау критерийлері оның өтімділігі мен төлем қабілеттілігі болып табылады, яғни қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша уақытылы және толық көлемде есеп айырысуды жүзеге асыру мүмкіндігі.
Ұзақ мерзімді перспективада кәсіпорынның қаржылық жағдайы қорлардың көздері, сыртқы инвесторлар мен кредиторларға тәуелділік деңгейімен сипатталады.Яғни қаржы жағдайын, компанияның қаржылық ресурстарының қолжетімділігін, орналасқан жерін және пайдаланылуын көрсететін индикаторлар жүйесімен сипатталуын кешенді тұжырымдама ретінде айқындайды.
Бұл қаржылық қызметті жан-жақты талдаумен байланысты компания тиімді тактиканы және стратегияны дамытады және одан әрітабысты ұлғайтады. Нәтижелері бойынша күрделі қаржылық талдау, негізгі басқару шешімдері іске асады.

1.2 Кешенді талдаудың мәні, мақсаты мен әдістері

Кәсіпорынның өндірістік қызметінде күрделі мәселелер мен жылдам өзгеретін жағдайлар бар екені мәлім. Ұйым үшін сенімді қаржы басқармасы кәсіпорында орын алған барлық жағдайларды білуі керек. Сату нарығында, жеткізушілер мен бәсекелестерге, сапасы бойынша ұзақ мерзімді мақсаттарға жету үшін операциялық деректерге ие болуды білдіреді [11, 63 б.].
Кешенді талдау бұндай жұмыстарды үйлестірудің орталық нүктесі ретінде танылады. Ол арқылы қаржы ағымы, басқару сапасы, қаржылық жағдайы туралы сұрақтарға жауап іздеуге болады. Бұған қоса, кешенді талдау дәл және анық нәтижелерді алуға мүмкіндік береді:
қаржылық және басқа да менеджерлердің дұрыс және тиімді әрекет етуі үшін шешімдерді бағалау;
акционерлер, құрылтайшылар және кәсіпорынның иелеріне капиталдың тәуекелділік ықтималдығы, инвестицияланған қаражаттың қайтарылуы және жоғалтуы;
ұйыммен тығыз жұмыс істейтін инвесторлар және кредиторлардың инвестициялық бағдарламасының орындалуын растау және қарыз қаражатын қайтару мүмкіндігі;
көрсетілген қызмет пен тасымал үшін контрагент-жеткізушілерге уақытылы төлем жасау мүмкіндігі.
Кешенді талдаудың мәні кәсіпорын үшін экономикалық маңызы бар, экономикалық құбылыстарды дәл, нақты, жан-жақты, уақытылы зерттеу және тиімді шараларды іске асыру жолдарын әзірлеу.
Кешенді талдаудың негізгі мақсаттары:
компанияның мәліметтерін одан әрі болжау үшін деректерді дайындау;
қаржылық-экономикалық сала бойынша ағымдағы прогресті бағалау.
кәсіпорынның қызметін кешенді талдау келесі функцияларды жүзеге асырады:
қаржылық жағдайды сипаттайтын көрсеткіштерді бағалап, әлсіз жақтарының себеп-салдарын анықтайды;
белгілі бір мерзімге байланысты қаржылық өзгерістердің себептерін анықтайды;
кәсіпорынның сандық және сапалық көрсеткіштерін және ағымдағы жағдайын бағалайды;
қаржылық жағдайдағы өзгерістер үрдісін болжайды;
кәсіпорынды басқару бойынша ұсыныстарды әзірлеп ,ағымдағы мүмкіншілік пен қажеттіліктерге толықтай жауап береді;
кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту және қаржылық менеджментті оңтайландыру мен резервтерді жұмылдыру жолдарын анықтау.
Дамып келе жатқан ұйымдар үнемі төлем қабілеттілік деңгейі, қаржылық тұрақтылық маржасы , объективті ақпарат жағдайы туралы қаржылық және экономикалық мәліметтерді қажет етеді. Бұл басқару шешімдерін дұрыс қабылдау қажеттілігін туындатады.
Бұрын интуитивті талдау, шамамен есептеулер, жеке тәжірибе басшыға белгілі бір деңгейде шешім қабылдауға көмектессе, қазіргі уақытта бұл жеткіліксіз болып табылады. Себебі нарық ортасы үнемі дамып, өзгеріс үстінде. Ескі технологиялар мен тауарлар, қызметтердің жаңа түрлері пайда болып, тұтынушыларға деген қажеттілктерді қанағаттандыру мен экономикалық байланыстар барынша күрделене түсті. Осы тұрғыдан алғанда әртүрлі білім салалары дамыды. Бұл әрине үлкен көлемдегі ақпараттарды өңдеу қажеттілігін туғызады.
Ең алдымен, кешенді талдау жүргізбес бұрын, оның міндеттеріне тоқталғанымыз жөн. Төменде көрсетілген сызбада кәсіпорын қызметін талдауда жоспарланған нақты шешімдердің себептерін, өзара байланысты көрсеткіштерді , кәсіпорын қызметіне әсер ететін факторлар жайлы және белгілі бір ауытқушылықтарды жою көрсетілген (сурет 1).

1-сурет - Кешенді талдаудың негізгі міндеттері
Ескерту: авторлармен құрастырылған

Қаржы жағдайын талдау бойынша бірінші әдістемелік ұсынымдар ХХ ғасырдың басында дами бастады. Олардың авторлары Н.Р. Визманн, С.К.Татур, М.И. Баканов болды. Соғыстан кейінгі жылдары П.И. Савичев, Е.В. Домоколов, В.М. Муравьев сияқты орыс ғалымдарының үлес аз болмады. Олар салыстырмалы техникалық-экономикалық, жедел, экономикалық-математикалық, функцияналды талдау түрлерін жазды. Экономикалық үдерістерге неғұрлым кең ауқымда зерттеулер жүргізуге
мүмкіншілік туды [12, 17 б.].
Кешенді экономикалық талдау негізінен екі бағыт бойынша қарастырылады: қаржылық және басқарушылық талдау. Қаржылық талдау қаржылық есептілік мәліметтеріне сүйенсе, ал басқарушылық талдау ішкі бухгалтерлік деректер негізінде жүргізіледі. Олар бір-бірін толықтырушы болып табылады. Соған сәйкес бұл талдау түрлері өзінің ерекшеліктеріне қарай міндеттерге бөлінеді. Оларды төменде келтірілген суреттен көруге болады (сурет 2).

2-сурет - Кешенді экономикалық талдаудың түрлері
Ескерту: [10] әдебиет негізінде авторлармен құрастырылған

Кестеден келе, бухгалтерлік есептің екі түрі де өндіріс шығындарына көп көңіл бөлетінін аңғарамыз. Бұл көбінесе басқару тиімділігін анықтайды. Дегенмен, сол деректерді пайдалану қаржылық есептілік үшін маңызды көрсеткіштерді алуға және жоспарлауға, басқару мақсаттары үшін әртүрлі есептеулерді жүргізуге мүмкіндік береді.
Экономикалық үдерістер мен түпкілікті нәтижелер объективті және субъективті, сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен қалыптасады. Факторлар зерттелетін экономикалық көрсеткіштерге әсер ететін себептер. Олардың кейбіреулері тікелей, басқалары жанама түрде. Факторларды мұқият және жан-жақты зерттемей, өндірістің нәтижелерін негіздеу, өндірістің қорларын анықтау, жоспарлар мен басқару шешімдерін негіздеу мүмкін емес.
Қаржылық жағдайдың талдауы нақты жұмыстарды жүргізудің қандай салаларында қажет екендігін көрсетеді. Бұл нақты кәсіпорынның қаржы жағдайындағы ең маңызды аспектілерді және ең әлсіз позицияларды анықтауға мүмкіндік береді.
Кешенді экономикалық факторлық талдау негізінен тікелей факторлық талдау және кері факторлық талдау болып, екі бағытта қарастырылады. Осы классификация бойынша кешенді экономикалық талдаудың әдіснамасы жүргізіледі. Бұл факторлық талдаулардың классификацияларының атқаратын қызметтері әр түрлі (сурет 3).

Кешенді экономикалық факторлық талдау
Кешенді экономикалық факторлық талдау
Кері факторлық талдау
Кері факторлық талдау
Тікелей факторлық талдау
Тікелей факторлық талдау

Стохастикалық талдау
Стохастикалық талдау
Детерминациялық талдау
Детерминациялық талдау

Бір сатылы талдау
Бір сатылы талдау
Тізбекті талдау
Тізбекті талдау

Динамикалық талдау
Динамикалық талдау
Статистикалық талдау
Статистикалық талдау

Уақытша талдау
Уақытша талдау
Кеңістіктік талдау
Кеңістіктік талдау

Ретроспективтік талдау
Ретроспективтік талдау
Перспективалық талдау
Перспективалық талдау

Оперативтік талдау
Оперативтік талдау

3-сурет - Кешенді экономикалық факторлық талдаудың классификациясы
Ескерту: [13, 39 б.] әдебиет бойынша авторлармен құрастырылған

Осы кешенді экономикалық талдаудың классификациясына сүйене отырып, талдаудың бірнеше негізгі әдістеріне тоқталсақ:
1. Дифференциалдық әдіс;
2. Индекстік әдіс;
3. Тізбектелген қойылымдар әдісі;
4. Интегралдық әдіс.
Сандық бағалаудың теориялық негізінде жеке факторлардың динамикалық нәтижесінің қорытындысы дифференциалдық әдіс болып табылады.
Статистикада, жоспарлауда, шаруашылық қызметті талдауда негізгі сандық бағалау рөлі жеке факторлардың динамикалық өзгерісінің көрсеткіші индекстік әдіс ретінде танылады. Индекстік әдіс тек қана қатысытшамаларға ғана емес, сонымен қатар абсолютті ауытқуларды анықтауға болады.
Тізбектелген қойылымдар әдісі белгілі бір уақыт аралығында, жалпыланған көрсеткіштерді біртіндеп базистік факторларды нақты факторларға ауыстыру. Бұл әдіс индекстік әдіс сияқты қолдану кезінде кемшіліктері кездеседі. Біріншіден, есептеулер нәтижесі факторлардың ауысуы ретіне байланысты. Екіншіден, жалпыланған көрсеткіштер өзгерісі сапалы көрсеткіштердің өзгеруіне негізделмеген.
Интегралдық әдіс факторлық талдауда ең жиі қолданылатын әдіс. Басқа әдістермен салыстырғанда бұл әдіс нақты нәтижелер алуға мүмкіндік береді (14, 61- 66 б.)
Кешенді талдаудың әртүрлі әдістерін қолдану зерттеудің мақсатына және тереңдігіне байланысты. Талдау құралдарын жетілдіру өте маңызды және аналитикалық жұмыстың табыстылығы мен нәтижелілігінің негізі болып табылады. Зерттеудің әдістерін пайдалану кәсіпорын қызметінің нәтижелерін анықтайтын факторлардың кең жиынтығын зерттеуге, есептеулердің дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді. Олардың арқасында көп өлшемді және оңтайландыру мәселелерін шешуге болады. Бұл ғылыми негізделген басқару шешімдерін қабылдауға негіз болады.
Мәліметтерді талдау мынандай дерек көздерін қажет етеді.
Бухгалтерлік баланс - кәсіпорын ақпаратының негізгі көзі. Әрбір кәсіпорынның негізгі міндеті - пайда табу және тауар сатылымын көбейту. Кез келген қызметтің түрі белгілі бір нәтижеге қол жеткізуі қажет. Дәл осы қызметтің нәтижесі- қаржылық нәтижелер туралы есептілік.
Талдау бірнеше бөліктерден тұрады.
Қаржылық тұрақтылықты талдау. Мұндай талдау компанияның қаржылық тәуелсіздігін көрсетеді. Меншік капиталы арқылы өндірістік үдерісті, ешқандай қарыз көздерін тартпай, өз есебінен жабу мүмкіндігін қарастырады. Тұрақты талдау сыртқы инвесторларға кәсіпорынның перспективаларын бағалауға және сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Егер нәтиже оң болса, инвестиция көлемі артады.
Төлем қабілеттілігін талдау компанияның өз міндеттемелерін орындай алу қабілеттілігін тексеруден тұрады. Бұл талдау түрі өтімділікті тексеру деп жиі аталады. Яғни қарыз көздерін жабу үшін өз активтерін капиталға айналдыру мүмкіндігі. Қаржылық - шаруашылықтағы қателіктер, дебиторлық берешектердің болуы, айналым капиталының проблемалары өтімділіктің төмен болуының негізгі себептері.
Іскерлік белсенділікті талдау. Бұл талдаудың түрі компанияның жеке қаражатының пайдаланудың ұтымдылығын тексеру болып табылады. Негізгі көрсеткіштерге айналымдағы параметрлерді кіргізуге болады. Жоғары нысанда ақша айналымының жылдамдығы, компанияның потенциалын көрсетеді. Есептеулердің негізгі нәтижесі - айналым коэффициентін есептеу.
Рентабельділік коэффициентін талдау динамикадағы өзгерістерді зерттеуге бағытталған. Рентабельділік көрсеткіштері салыстырмалы көрсеткіштер болып табылады, яғни кіріс баптарының сатылу көлеміне, мүлік мөлшеріне қатынасы.

2 ТехТрубТрейд ЖШС мысалында ұйымның қызметін кешенді талдау
2.1 Ұйымның қаржылық қызметін талдау

ТехТрубТрейд ЖШС нарықта металл өнімдерін шығаратын, кең ауқымды спектрді қамтитын саудалық компаниялардың бірі. Бұл ұйым 2013 жылдың 9 тамызында отандық нарықта өз жұмысын бастады. Қызметкерлер саны 15 адам - директор және сатушылар, ауысыммен жұмыс істейді. Оның негізгі бөлімшелері Алматы қаласы мен облысында орналасқан. Металл мен труба өндірісінен бөлек, компания химиялық, тау-кен, энергетикалық салалармен айналысады. Олардың негізгі серіктестері: Қытай, Ресей, Корея, Малайзия, сонымен қатар Европаның бірқатар елдері болып табылады.
ТехТрубТрейд ЖШС-нің тауарлық саясаты бойынша мақсаттарының тізімі:
1. Сатылымды ұлғайту;
2. Белгілі бір пайда мөлшерін ұлғайту;
3. Кәсіпорынның қолайлы имиджін қалыптастырып, іскерлік белсенділікті арттыру;
4. Бәсекеге қабілетті жағдайды жақсарту мен нарықтық үлесті арттыру;
5. Тәуекелдерді төмендету мен өнім сапасын жақсартып, тұтынушы-лардың кең ауқымын тарту;
6. Маусымдық және өзгермелі ауытқуларды реттеу.
ТехТрубТрейд ЖШС-нің негізгі өнім түрлері:
үлкен диаметрлі құбырлар;
мұнай өндірісіне арналған құбырлар;
крандар;
қысым реттегіштер;
реттегіш клапандар.
Директор күнделікті жұмыстарды басқару функцияларын орындайды
ТехТрубТрейд ЖШС оған нормативтік актілермен берілген өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасының актілері бойынша шешім қабылдайды.
Жоспарлау, ұйымдастыру және тауарларды өткізу, сатып алу процесін бақылау, әлеуетті жеткізушілермен келіссөздер жүргізу сияқты қызметтермен айналысады. Сонымен қатар өнімді сатудың болашақ және ағымдағы жоспарларын әзірлеп, кредиторлық берешекті бақылайды және тұтынушыларға кеңес беріп, сатып алуды жеңілдетеді.
ТехТрубТрейд ЖШС нарықта елеулі орын алу үстінде. Дегенмен қазіргі нарықта осы ұйымның бірнеше бәсекелестері бар болып табылады. Соған қарамастан, бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайы жыл сайын көтерілуде және болашақта жетістіктерге жетуді алға қойып отыр.
Зерттелініп отырған ұйымның қаржылық қызметіне тоқталсақ, оның негізгі мүліктік жағдайын көрсететін көрсеткіштерге талдау жасағанымыз жөн деп санадық. Бұл көрсеткіштердің өзгеруін бухгалтерлік баланс негізінде талдадық. Оның талдамалық есептемесін төменде келтірілген кестелерден көруімізге болады.

1-кесте - ТехТрубТрейд ЖШС-нің активтерін 2017 жыл бойынша талдау

Көрсеткіштер
Сомасы, мың теңге

Үлес салмағы, %

2015
2016
2017
2015
2016
2017
Барлық активтер:
238152040
16 716 449
177 517 302
100
100
100
1.Қысқа мерзімді активтер
238100065
16 672 574
177 481 527
99.98
99,7
99,98
2.Ұзақ мерзімді активтер
51975
43 875
35 775
0.02
0,3
0,02
Ескерту: 2015-2017 жж ұйымның бухгалтерлік баланс негізінде авторлармен құрастырылған

Кестеден келе, активтердің құрамында ең жоғарғы үлес салмақты жыл басында қысқа мерзімді активтер алып отыр. Оған әсер еткен қысқа мерзімді активтердің есепті жыл басында 99,7 %, ал есепті жыл аяғында 99,98%-ға өсуі. Яғни алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,28%-ға артқандығын көреміз. Оның артуының себебі, ақшалай қаражаттарының көлемінің өсуі болып табылады.
Дегенмен, дебиторлық берешек пен қорлардың шектен асып өсуі қауіпті. Себебі олардың уақытымен сатылмай және төленбей қалуы банкроттыққа ұшыратуы мүмкін. Бұл көрсеткіштердің көп болуы шығындарға ұшыратуы мүмкін. Жүргізілген есептеулерден келе, зерттелініп отырған ұйымда ұзақ мерзімді активтерді өткен жылмен салыстырғанда 8100 мың теңгеге кемігендігін байқаймыз. Бұған себеп, материалды емес активтер мен негізгі құралдардың біршама азаюынан болып отыр.

2 - кесте - ТехТрубТрейд ЖШС-нің міндеттемелерін 2017 жыл бойынша талдау

Көрсеткіштер
Сомасы, мың теңге

Үлес салмағы, %

2015
2016
2017
2015
2016
2017
Барлық міндеттемелер:
238 152 040
67 140 703
267 157 770
100
100
100
3.Қысқа мерзімді міндеттемелер
236 584 449
41 928 576
222 337 536
99,3
62,4
83,2
4.Ұзақ мерзімді міндеттемелер
-
-
-
-
-
-
5.Меншікті капитал
1 567 591
25 212 127
44 820 234
0,7
37,6
16,8
Ескерту:2015-2017 жж ұйымның қаржылық есептілік негізінде авторлармен құрастырылған

ТехТрубТрейд ЖШС-нің міндеттемелерін талдай отырып, жыл басына қарағанда, жыл аяғында қысқа мерзімді міндеттемелердің сомасы 180 408 960 мың теңгеге артқан. Бұл жерде негізгі елеулі орынды кредиторлық берешек алды. Яғни кредиторлық берешектің артуы қысқа мерзімді міндеттемелерге әсер етті. Ұзақ мерзімді міндеттемелер алдыңғы жылмен салыстырғанда, 1388 мың теңгеге кеміген. Оған әсер етіп отырған, ұзақ мерзімді кредиторлық берешек пен салықтық міндеттемелердің өсуі әсер етіп отыр. Ал капиталдың үлесі 19 608 107 мың теңгеге өскен. Оның себебі, бөлінбеген пайданың есепті жыл аяғында көбеюі.

4-сурет - Баланстың 2015-2017жж. құрамдық бөліктерінің динамикасы
Ескерту: авторлармен құрастырылған

Кез келген ұйымның қаржылық қызметіне оның өтімділігі ықпал етеді. Оны талдау үшін баланс өтімділігін айқындау қажет.
Баланстың өтімділігін талдау қажеттілігі қаржылық жағдайдың артуымен және кәсіпорынның кредиттік қабілеттілігін бағалау қажеттілігінен туындаған нарықтық жағдайда туындайды. Кәсіпорынның балансының өтімділігін айқындау мәні активтерді топтастыруды өтімділік дәрежесі мен міндеттемелер бойынша міндеттемелерді өтеудің өзектілігі бойынша ұсыну қажет [15, 38 б.].

Сондықтан баланс өтімділігін кесте түрінде қарастырсақ:
3- кесте - Берілген мәлімет бойынша компанияның өтімділігін талдау

Активтер
Сомасы, мың теңге
Пассивтер
Сомасы, мың теңге
Өтімділігі

Жыл басы
Жыл аяғы

Жыл басы
Жыл аяғы
Жыл басы
Жыл аяғы
А1
2 026 485
109 236 512
П1
41 929 928
222 337 537
=
=
А2
12 466 223
26 786 653
П2
0
0
=
=
А3
2 179 866
41 458 361
П3
0
0
=
=
А4
43 875
35 775
П4
(25 212 127)
(44 820 234)
=
=
Жиынтығы
16 716 449
177 517 301
Жиынтығы:
16 716 449
177 517 301

Ескерту: 2015-2017 жж бухгалтерлік баланс негізінде авторлармен құрастырылған

Берілген есептеулерден келе, ұйымның есепті жыл басына абсолютті өтімсіз болып табылады. Оның негізі 4 қатынастың барлығы орындалып тұрған жоқ. Яғни бұған себеп, ұйым қолда бар активтерімен өзінің барлық міндеттемелерін жаба алмайды және қаражаттары жеткіліксіз.
Есепті жыл аяғында да ұйымның өтімділік деңгейі өзгерген жоқ. П1 жабуға А1 жеткіліксіз. Сонымен келе, ұйымның балансы абсолютті өтімсіз болып келеді.
Ұйымда төлем қабілеттілікті анықтау үшін және ақшалай қаражаттардың қанша дәрежеге жетпейтіндігін көрсету үшін төлем күнтізбесін міндетті түрде құрастыру қажет. Ұйымның төлемге деген қабілеттілігін келесі келтірілген жолдар арқылы анықтаймыз. Берілген ақпараттардың көмегімен ТехТрубТрейд ЖШС-нің өтімділік көрсеткіштерін есептейміз.

Кабсолютті өтімділік=Ақшалай қаражаттарҚысқа мерзімді міндеттемелер1 (1)

Кабсолютті өтімділік (2015)=100 477236 584 449=0,004

Кабсолютті өтімділік (2016)=202648541928576=0,05

Кабсолютті өтімділік (2017)=109 236 512 222 337 536=0,5

Есептеуден келе, ұйымның негізігі есептелген коэффициенттері бойынша ұйым ақшалай қаражаттарды еркін түрде жұмсауға құқығы жоқ. Дегенмен абсолютті өтімділігі 2015 жылмен салыстырғанда 0,046, 2016 жылмен салыстырғанда 0,45 коэфффициентке өскендігін байқауға болады.

Сонымен қатар ұйымның жалпы жедел өтімділік коэффициентін есептейміз:

Кжедел өтімділік=Ақшалай қараж+Дебиторлық берешекҚысқа мерзімді міндеттемелер (2)

Кжедел өтімділік(2015)=100477+236066337236 584 449=0,9

Кжедел өтімділік(2016)=202648541928576=0,0 5

Кжедел өтімділік(2017)=109236512+998372622 2337536=0,5

Жедел өтімділік коэффициенті алдыңғы 2015 жылға қарағанда, 0,4 коэффициентке азайған. Бірақ жедел өтімділік коэффицитентін талдау барысында 2016 жылмен салыстырғанда динамикасы 0,45 коэффициентке жоғарлаған.

Осы көрсетілген мәліметтер көмегімен жалпы өтімділік коэффициентін негізгі көрсеткіш ретінде қарастырамыз.

Кжалпы өтімділік=Ақшалай қараж+Қорлар+Деб. берешекҚысқа мерзімді міндеттемелер (3)

Кжалпы өтімділік(2015)=100477+1871679+2360 66337236584449=1,01

Кжалпы өтімділік(2016)=2026485+18716794192 8576=0,09

Кжалпы өтімділік(2017)=109236512+38739503+ 9983726222337536=0,7

Жалпы өтімділік коэффициенті 2015 жылмен салыстырғанда, 0,92 коэффициетке кеміген. Соған қоса, 2017 жылғы мәлімет бойынша, 2016 жылға қарап есептегенде 0,61 коэффициентке көбейген. Егер кәсіпорын өзінің айналымдағы активтерін толық қарыздарды өтеуге жіберсе, онда қысқа мерзімді борышты 100 %- ға өтей алмайды. Осылайша кәсіпорынның төлем қабілеттілігін сипаттайтын барлық көрсеткіштер төмендейді. ТехТрубТрейд ЖШС-нің 2016 жылдағы жағдайға қарағанда 2017 жылы жақсы болғаны туралы жалпы қорытынды жасай аламыз.

Алынған нәтижелер негізінде 2015-2017 жылдар аралығындағы негізгі көрсеткіштерді 6-кестеде орналастырамыз.

4-кесте - ТехТрубТрейд ЖШС-нің 2015-2017 жылдардағы өтімділік көрсеткіштері

Коэффициенттер
2015 жыл
2016 жыл
2017 жыл
Абсолютті өтімділік коэффициенті:
0,004
0,05
0,5
Жедел өтімділік коэффициенті:
0,9
0,05
0,5
Жалпы өтімділік коэффициенті:
1,01
0,09
0,7
Ескерту: 2015-2017 жж қаржылық есептілік негізінде авторлармен құрастырылған

Берілген мәліметтерді диаграмма түрінде 2 - суретте қарастырайық.

5-сурет - ТехТрубТрейд ЖШС-нің 2016-2017 жылдардағы өтімділік көрсеткіштері
Ескерту: авторлармен құрастырылған

Әрбір кәсіпорын үшін пайда табу маңызды болып келеді. Олар алдыңғы жылға қарағанда әр жыл сайын ұйымның табыс көздерін барынша жоғарлатуды мақсат етеді. Сол себепті рентабельділік көрсеткіштері кәсіпорын үшін маңызды орын алады.
Рентабельділік - бұл бизнестің кірістілігінің деңгейін анықтайтын салыстырмалы көрсеткіш. Олар іс жүзінде инфляцияға әсер етпейді. Кәсіпорын өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен шығындар өндіріс шығындарын (айналымын) жабады және кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі үшін жеткілікті мөлшерде пайда табатын болса, кәсіпорын пайдалы деп есептеледі [15, 22 б.].
ТехТрубТрейд ЖШС-нің 2015-2017 жылдарға арналған рентабельділігін деңгейін талдайық.

1. Ең алдымен ұйым активінің рентабельділігін 3 жылға есептейміз. Сол арқылы активтер шамасының таза пайдаға әсерін анықтаймыз.

Ра=Таза пайда Активтердің орташа шамасы x 100 (4)

2015жыл:
Ра=1 467 591 238 152 040 x 100 = 0,6
2016 жыл:
Ра= 26 779 717 16 716 449 x 100 = 1,6
2017 жыл:
Ра= 19 608 108 177 517 302 x 100=0,1
2. Меншікті капиталдың рентабельділігін анықтау барысында таза пайдаға меншікті капиталдың орташа шамасының қатынасын анықтауға болады.

Рм.к. = Таза пайда МК орташа шамасы x 100 (5)

2015 жыл:
Рм.к. = 1 467 591 1 567 591 x 100 = 0,9
2016 жыл:
Рм.к. = 26 779 717 25 212 127 x 100 = 1,1
2017 жыл:
Рм.к. = 19 608 108 44 820 2341 x 100 = 0,4

3. Сату рентабельділігін анықтау кезінде түсімнің жалпы пайдаға деген арақатынасын талдаймыз. Бұл әр жылдағы сатылым динамикасының деңгейін көрсетеді.

Рс=Жалпы пайда Түсім x 100 (6)

2015 жыл:
Рс = 21 825 411 179 852 881x 100 = 0,1
2016 жылы:
Рс = 21 825 411 23 571 429 x 100 = 0,9
2017 жылы:
Рс = 34 483 595 367 761 538 x 100 = 0,09

4.Өткізілген өнімнің рентабельділігін түсімнің таза пайдаға әсерін есептейміз.

Рө=Таза пайда Түсім x 100 (7)

2015 жыл:
Рө = 1 467 591 179 852 881 x 100 = 0,8
2016 жыл:
Рө = 26 779 717 23 571 429 x 100 =1,12
2017 жыл:
Рө = 19 608 108 367 761 538 x 100= 0,05

Есептеулерден келе ұйымдағы активтер рентабельділігінің 1,5 %- ға азаюына, активтердің орташа шамасы, ал меншікті капиталдың рентабельділігінің 0,7%-ға азаюына таза пайда, сату рентабельділігінің 0,81 %- ға азаюына, сонымен қатар өткізілген өнімнің рентабельділігінің 1,02 %-ға кемуіне түсім әсер етті.

5-кесте - Тех ТрубТрейд ЖШС-нің рентабельділік көрсеткіштер динамикасы

Көрсеткіштер
Активтердің рентабельділігі
Меншікті капиталдың рентабельділігі
Сату рентабельділігі
Өткізілген өнімнің рентабельділігі
2015 жыл
0,6
0,9
0,1
0,8
2016 жыл
1,6
1,1
0,9
1,12
2017 жыл
0,1
0,4
0,09
0,05
Ескерту: 2015- 2017 жж ұйымның бухгалтерлік балансы негізігінде авторлармен құрастырылған

6-сурет - Негізгі мәліметтер бойынша рентабельділік көрсеткіштердің жиынтығы
Ескерту: авторлармен құрастырылған

Диаграммадан қарап отырсақ, сату бойынша рентабельділік көрсеткіштерінің төмен болуына, бәсекеге қабілетті өнім түрінің азаюы тікелей әсер етті. Капиталдағы кірістілік деңгейі ұйымның инвестициялық тартымдылығын көрсетеді. Біздің жағдайда теріс мәліметтер инвестициялық тартымдылықтың төмен деңгейін көрсетеді. Жалпы, ұйым өз қаржылық жағдайын қалыпқа келтірмеді және шығындарға ұшырады. Кәсіпорынның активтері бойынша кірістің өзгеруіне активтердің кірістілігінің және материалдық ағымдағы активтердің айналым деңгейінің өзгеруіне әсер етеді. Кәсіпорында капитал жылдамырақ болса, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымның қаржылық жағдайын талдау. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты
Темірлан ЖШС мысалында кәсіпорынның қаржылық жағдайына баға беру
Кәсіпорынның табыстарының есебі
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
Ұйым қаржысының қызметтері
Жаңа инновациялық ойлар енгізу
Негізгі құралды кәсіпорын ішінде ауыстыру
Экономикалық қызметті талдау әдістемесі
Кәсіпорының іскерлік белсенділігі көрсеткіштерінің талдауы
Кәсіпорын активтерін қайта құрылымдау
Пәндер