Жерге меншік құқығының субъектілері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

«Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу» университеті

Реферат

Тақырыбы: «Жерге меншік құқығы»

Орындаған: Қарсыбек Ақерке

Тобы: ЗУ-306

Қабылдаған: Динара Мукамеден

Алматы-2021

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

  1. Жерге меншік және басқа да құқытарының түсінігі және ерекшеліктері.
  2. Жерге меншік құқығының субъектілері.
  3. Меншік иелерінің және жер учаскесіне басқа да құқықтардың субъектілерінің құқықтары мен міндеттері.
  4. Жер учаскесіне меншік құқығын жүзеге асыру механизмі.
  5. Жерге меншік құқығы даму тарихының кейбір мəселелері

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жерге мемлекеттік меншік құқығы Қазақстан Республикасында алғаш рет Конституцияда КСРО құрамында болған кезде орнықтырылып, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында бекітілді.

Мемлекеттік меншік құқығы барлық жерлерді қазіргі кезгі және болашақ ұрпақтардың мүддесі үшін жоспарлы және ұтымды түрде пайдалануға мүмкіндік береді. Меншіктің бұл түрі ҚР Жер кодексінің 5-бабында көзделген жер туралы заңнаманың барлық міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталғандай, Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жеке меншік танылып, теңдей қорғалады.

Меншікті пайдалану қоғамның игілігіне қызмет етуі тиіс. Меншіктің субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен анықталады. Мұндай заң болып Қазақстан Республикасының Жер кодексі және республиканың меншік құқығы мен жер пайдалануға қатысты туындайтын қатынастарды реттейтін басқа да заңдары табылады.

Қазақстан Рсепубликасының Конституциясы меншік құқығы мәселесінде меншікті пайдалану құқығын алғашқы орынға қояды, себебі, жерге мемлекеттік меншік пен жеке меншік құқықтарының негізгі мазмұны болып қоғамның игілігіне қызмет ететін жерді пайдалану құқығы табылады.

Шаруа (фермер) қожалықтары және тауарлық ауыл шаруашылығы өндірісі үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығын енгізу осы жер пайдалану түрінің субъектілерінің мүдделерімен және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді және ұтымды пайдаланумен байланысты. Өйткені, аталған мәселе жер туралы жаңа заңнаманың басты міндеті болып табылады.

Бұл жерлердегі жеке меншік құқығы осы құқық субъектілерінің топырақ құнарлығын, жер айналымын арттыруға, экологиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге қатысты материалдық мүдделерін арттырады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі жер учаскелеріне жеке меншік құқығының субъектілері экономикалық, әлеуметтік және экологиялық шараларды жүргізуде ауыл шаруашылық органдарынан тәуелсіз болып келеді, соған қарамастан олар Қазақстан Республикасының бүкіл халқының салауаттылығы үшін ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыруда мемлекеттің көмегіне сүйене алады.

Қазақстан Республикасының ауылдың экономикасын, мәдениетін, тұрмысын көтеруге және басқа да әлеуметтік, экономикалық мәселелерге қатысты жүргізіп отырған шаралары арқылы бұған оңай көз жеткізуге болады. Жер учаскесіне азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншік құқығын орнықтыру бұл объективтік қажеттілік. Бұл мыналармен байланысты:

Біріншіден, орман және ауыл шаруашылығындағы жер учаскелері өндіріс құралы ғана емес, сонымен қатар, орналасу жері, өндірістің және қоғам мүшелері қызметінің базис-аумағы да болып табылады. Мүліктік сипаттағы объектілер (тұрғын, бағбандық, саяжайлық, өндірістік үйлер, құрылыстар, ғимараттар) мен жер құқығы қатынастарының (ғимараттың, құрылыстың жерін пайдалану, оларды күту, сол жерлерге бағбандықпен және бақшалықпен айналысу) арасында тығыз байланыс болады.

Екіншіден, жер учаскесіндегі меншік объектілерін пайдалану мен жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану құқығының субъектісі болып тек бір тұлға (жалға беруді есептемегенде) табылады. Тәжірибеде меншік құқығының объектілері немесе жер учаскесі берілетін жағдайларда (сату-сатып алуда, мұрагерлік жағдайында және т. б. ) жоғарыда аталған екі объект те бірге беріледі.

Сол себепті, жер туралы заңнама осы мәселелерді ескере отырып, ҚР Жер Кодексінің 23-бабында былай делінген, Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде шаруа (фермер) қожалығын, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, орман өсіру, бағбандық жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшін, сондай-ақ үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды), олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, соның ішінде тұрғын үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) және олардың кешендерін салуға берілген (берілетін) немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін.

Жерге меншік құқығының түсінігі ҚР жер кодексінің 3-бабында берілген. Қазақстан Республикасында жер мемлекеттік меншікте болады. Жер учаскелері Жер кодексінде белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.

Жер, оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттік меншікте болады.

Меншік құқығы үшін ҚР Конституциясының нормаларында жердің, оның қойнауының, су көздерінің, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің табиғи ресурс ретіндегі сипатының анықтамасы зор мәнге ие.

Жер - бұл адам мен қоғам үшін тек экономикалық қажеттілік емес, ол табиғаттың басқа да объектілерімен байланысқа түсе отырып экологиялық мәнге де ие болады. Жердің барлық табиғи ресурстарды біріктіре отырып, оларға табиғи ортаны жасауы бекер емес. Бұл оның меншік объектісі ретіндегі құқықтық жағдайына әсер етеді.

Заңдармен жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау және оны ұтымды әрі нысаналы пайдалану қағидалары бекітілген. Ол үшін жерлерді экологиялық пайдаланудың маңызы экономикалық пайдаланудан кем емес.

Жердің меншік объектісі ретіндегі ерекшелігі оның кеңістікте белгілі бір шекарада шектелуінен, жылжымайтындығынан және табиғи жағдайлар мен қоршаған ортаға тәуелділігінен байқалады.

Жерді пайдаланудың ерекшелігі ҚР жер қорынның нысаналы мақсатын анықтауда ескеріледі.

Қазақстан Республикасындағы жерге меншік ҚР жер заңдарының міндеттеріне, нарық жағдайындағы экономиканың даму шарттарына жауап береді.

Қазақстан Республикасындағы жерге меншіктің, ҚР Конституциясы мен Жер кодексінде аталғандай, екі түрі бар: мемлекеттік және жеке меншік.

Мемлекеттік меншік - бұл Қазақстан Республикасы аумағының шегін қамтитын және оның меншігі болып танылған жерлер.

Жер учаскесіне жеке меншік құқығы - азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі жер учаскесін Жер кодексінде белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығы (ҚР ЖК 12-бабының 32-тармағы) .

Жерге мемлекеттік меншік деп мемлекеттің меншік иесі ретінде өзіне тиесілі жер учаскелерін иелену, пайдалану және билік етуін заңда көрсететін тәртіп жағдайында. Қазіргі кезде мемлекет меншігінде ҚР жер қорының алпыстан астам пайызы мемлекеттікі. Жер кодексінің жаңалығы 26-бап болып табылады. Бұл бапта тұңғыш рет мемлекет меншігінің барлық тізімі көрсетілген.

Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне мыналар жатады (обьектілер) : мемлекет билік органдары мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге берілген жерлер; қорғаныс қажеттіліктеріне пайдаланылатын жерлер; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан тарихи, мәдени, сауықтыру мақсатындағы жерлер. орман және су қорлары жері. Егер орман мемлекет қаражаты арқылыөсірілсе ол мемлекеттің жері, ал егер жеке қаражат арқылы өсірілсе ол жер жеке меншікте болып табылады. Егер жер учаскесінде сумен қамтамасыз ететін құрылғылар, коммуникациялар орналасқан болса. Елді мекендердегі жерлерді ортақ пайдаланудағы жерлер. Мысалы, көшелер, скверлер, бульварлар және т. б. Босалқы жерлер. Оның ішінде арнайы жер қорының учаскелері. Кенттер, ауылды мекендердегі жайлымдық және шабындық алқаптар, жеке меншікке берілмейтін жайылым және басқа да жерлер.

Субьектілері. Мемлекет атынан жерге мемлекет билікті жүзеге асырады. Органдар жалпы құзіреті бар. Олар: Парламент, Президент, Үкімет, Жергілікті өкілді және атқарушы органдар. Арнайы құзіреті бар. Бұл жер ресурстарын басқару агенттігі. Функционалды құзіреті бар органдар. Бұл сот органдары және т. б.

Жерге жеке меншік құқығы деп белгілі біртұлғаның өзіне тиесілі жер учаскесін заңда көрсететін тәртіпте иелену, пайдалану және билік ету құқығы болып табылады. Дүние жүзінде абсолюттік түрде жерге жеке меншік құқығы жоқ.

Шетелдің тұлғаларына ауылшаруашылығы мақсатына арналған жер тек жалға беріліп отырады.

Қазақстанның тұлғаларына бұл жерлер жеке меншікке тек ақылы түрде беріледі. Ақы екі түрде болады:

жеңілдетілген (75 % төленеді)

нақты бағасына сатады. Бұл жерде созып сатуға болады он жыл бойы.

Меншік иелерінің және жер учаскесіне басқа да құқықтардың субъектілерінің құқықтары мен міндеттері.

1. Егер Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жер учаскелерi меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың:

1) жер учаскесiн оның нысанасынан туындайтын мақсатта пайдалана отырып, жерде дербес шаруашылық жүргiзу;

2) ауыл шаруашылығы және өзге де дақылдар мен екпелер себу мен отырғызуға, өндiрiлген ауыл шаруашылығы өнiмi мен жер учаскесiн пайдалану нәтижесiнде алынған өзге де өнiмге және оны өткiзуден түскен табысқа меншiк, шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару;

3) өз шаруашылығының қажеттерi үшiн жер учаскесiнде бар құмды, сазды, қиыршық тасты және басқа да кең таралған пайдалы қазбаларды, шымтезектi, екпелердi, жер үстi және жер асты суларын, кейiннен мәмiлелер жасасу ниетiн көздемей, белгiленген тәртiппен пайдалану, сондай-ақ жердiң өзге де пайдалы қасиеттерiн пайдалану;

4) жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылған, соның ішінде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығарылған жағдайда келтiрiлген шығынды толық көлемiнде өтетiп алу;

5) жердi аймақтарға бөлудi ескере отырып, меншiк, шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару құқығымен жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына сәйкестiкте тұрғын үйлер, өндiрiстiк, тұрмыстық және өзге де үйлер (құрылыстар, ғимараттар) салу;

6) белгiленген құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнаулы талаптарға сәйкес суландыру, құрғату және өзге де мелиорациялық жұмыстар жүргiзу, тоғандар мен өзге де су айдындарын жасау құқығы бар.

2. Уақытша жер пайдаланушылар үшiн 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген өкiлеттiктер жер учаскесiн беру актiсiмен немесе жалдау шартымен (уақытша өтеусіз жер пайдалану туралы шартпен) шектелуi мүмкiн.

Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар:

1) жердi оның нысаналы мақсатына сәйкес, ал уақытша жер пайдалану кезiнде - жер учаскесiн беру актiсiне немесе жалдау шартына (өтеусiз уақытша жер пайдалану шартына) сәйкес пайдалануға;

2) санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес өндiрiс технологияларын қолдануға, өздерi жүзеге асыратын шаруашылық және өзге де қызмет нәтижесiнде халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтiруге, санитарлық-эпидемиологиялық, радиациялық және экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеуге;

3) Кодекстiң 140-бабында көзделген жердi қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға-1) жердi құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүлiну процестерiнен қорғауға;

2) ауыл шаруашылығы жерiн карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк ауруларын жұқтырудан, арамшөп, бұта мен шiлiк басып кетуден, жердiң жай-күйi нашарлауының өзге де қалпына келтiру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тартуға;

4) жердiң бүлiнуiмен байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алуға, сақтауға және пайдалануға бағытталған iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi.

4) жер салығын, жер учаскелерiн пайдалану төлемақысын және Қазақстан Республикасының заңдары мен шартта көзделген басқа да төлемдердi уақтылы төлеуге;

5) жануарлар түрлерiнен қорғауға;

3) бүлiнген жердi жаңғыртуға, оның құнарлылығын және жердiң басқа да пайдалы қасиеттерiн дүниесiн, орман, су және басқа да табиғи ресурстарды пайдалану тәртiбiн сақтауға, жер учаскесiнде орналасқан, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет қорғауындағы тарихи-мәдени мұра объектілері мен басқа да объектiлердi қорғауды қамтамасыз етуге;

6) жер учаскесiнде шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыру кезiнде құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнаулы талаптарды (нормаларды, ережелердi, нормативтердi) сақтауға;

7) мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгiленген жердiң жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мәлiметтердi уақтылы табыс етiп отыруға;

8) басқа меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға;

9) топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына және оның құнарлылығының нашарлауына, сондай-ақ топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу құнарлы қабаттың бiржола жоғалуын болғызбау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатымен оны сыдырып алуға жол бермеуге;

10) Кодексте көзделген тәртiппен сервитуттар берудi қамтамасыз етуге;

11) өздерiнiң меншiгi болып табылмайтын анықталған өндiрiс пен тұтыну қалдықтары туралы жергiлiктi атқарушы органдарға хабарлауға мiндеттi.

Жер учаскесіне меншік құқығын жүзеге асыру механизмі.

Жер учаскесiне меншiк құқығы:

1) меншiк құқығын табыстау;

2) меншiк құқығын беру;

3) меншiк құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) ауысуы арқылы туындайды.

2. Меншiк құқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты ескерiле отырып, жүзеге асырылуға тиіс.

3. Жер учаскесiне меншiк құқығы:

1) мемлекеттiк органдар актiлерiнiң;

2) азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң негiзiнде;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздерде туындайды.

Жерге меншік құқығы даму тарихының кейбір мəселелері

Меншікті теориялық тұрғыдан зерттеу қай қоғам сатысында болмасын қажеттілігін жоймайды. Рим құқығында меншік ұғымына нақты анықтама болған жоқ. Ертедегі комментаторлардың барлық тырысушылығына қарамастан, орта ғасырлардағы iuris civilis білім жинағынан меншікке бірегей анықтама табу сəтсіз болды [1, 377 б. ] . Гегель өз жұмысында меншікке позитивті, негативті жəне өмір бойы затқа ерік бостандығы деген анықтама берген [2, 101 б. ] . Б. Н. Чичериннің көрсетуі бойынша ерік бостандығы меншіктің маңызды сипаттамасы болып табылады, меншік иесінің еркі тəуелсіз, бірақ «бұл бостандық шекарасы, осындай басқалардың бостандығына тəуелді» [3, 129 б. ] .

Орта ғасырлардағы Рим құқығындағы негізгі қағидалардың бірі меншікке екі (бірнеше) құқықты болдырмау, сол кездегі феодализмде болған сеньор жəне вассалдың бір жер учаскесіне бірдей

«меншікке құқығына» қарсы келді. Феодалдық құқық, ертедегі Рим құқығы тəрізді меншік құқығы жəне өзге заттық құқықтардың арасындағы нақты айырмашылықтарды көрсетпеді, бұл бір затқа мазмұны жағынан ұқсас бірнеше меншік құқығының орын алуына мүмкіндік берді. Қазіргі континентальдық құқықтық дəстүр шексіз жəне бөлінбейтін, бір тұлғаның қолында шоғырланған меншік құқығын қарастырады.

Англо-американдық құқықта property rights (меншікке құқықтар) жүйесі бар, ол феодалдық ортағасырлық құқық тəрізді əр түрлі тұлғаларға тиесілі, бір жер учаскесіне (жылжымайтын мүлік) меншік құқығының бірдей орын алуына жол береді. Меншікке толық құқық (full ownership) жылжымалы заттарға ғана қатысты орын алуы мүмкін, жылжымайтын мүлікке қатысты əр түрлі шектелген титулдар (titles, estates) мойындалады, себебі дəстүрлі (феодалдық) түсінік бойынша жердің «жоғарғы меншік иесі» тек суверен ғана бола алады. Сонымен қатар, жалпы құқықтағы титулдармен қатар (estates in law), əділеттілік құқығы бойынша да титулдар бар (equitable estates), олар бір жер уаскесіне қатысты, бір уақытта əр түрлі тұлғаға тиесілі болады [4, 731б. ] .

Жерге меншік құқығы Қазақстан құқық салаларының негізгі институттарының бірі болып табылады. Олай дейтініміз, жер қазақ халқының ең қымбат қазынасы, ата бабаларымыздың ұрпақтарына қалдырған асыл мұрасы.

Жерді табиғи ресурс ретінде қажетімізге қарай пайдалану мен оған иелік ету бүгінгі азаматтардың жеке өзіндік құқығы ғана емес, сонымен қатар ол келешек ұрпақ алдындағы міндеті мен үлкен жауапкершілігі болып танылады. Себебі, жер - қоғамдағы тіршіліктің нақты қайнар көзі, шаруашылық еңбектің негізі, экономикалық жəне экологиялық қоғамдық қатынастардың қайталанбас нысаны. Жалпы алғанда жерге мемлекеттік меншік пен жеке меншік құқығы деген мəселені қарастырмастан бұрын біз меншік құқығы дегеніміз не, оның қандай белгілері бар, осы мəселені шешіп алуымыз қажет. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сəйкес меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын жəне қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану жəне билік ету құқықтары жатады. Осы анықтамаға сəйкес меншік құқығының белгілеріне иелену, пайдалану жəне оған билік ету құқықтары жатады [5] .

Жер иелену құқығы - жерді нақты иеленуді жүзеге асырудың заң арқылы қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Жер пайдалану құқығы - тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі жəне (немесе) өтеусіз негізде мерзімсіз (жерді тұрақты пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде (жерді уақытша пайдалану) иелену жəне уақытша пайдалану құқығы. Пайдалану құқығы бойынша жер пайдаланушы оның пайдалы табиғи қасиеттері арқылы одан пайда табуды, кіріс алуды заң жүзінде қамтамасыз етеді. Жерге билік ету құқығы - мемлекеттің Қазақстан Республикасы аумағындағы жердің заңдық тағдырын анықтауға заңмен қамтамасыз етілген құқығы, сондай-ақ жердің меншік иесінің өз жер учаскесіне қатысты заң актілерінде тыйым салынбаған мəмілелер жасауға құқығы, яғни ол өз қалауы бойынша кез келген əрекеттер жасауға оның ішінде жерді басқа адамдардың меншігіне беріп, өз иелігінен шығаруға, өз өкілеттігін басқаруға тапсыруға, жерді кепілге беруге, сатуға, сыйға беруге, т. б. əрекеттерді жасауға құқылы.

Жерге мемлекеттік меншік құқығы Қазақстан Республикасында алғаш рет Конституцияда КСРО құрамында болған кезде орнықтырылып, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында бекітілді. Мемлекеттік меншік құқығы барлық жерлерді қазіргі кезгі жəне болашақ ұрпақтардың мүддесі үшін жоспарлы жəне ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасында жер мемлекеттік меншікте болады. Жер учаскелері Жер кодексінде белгіленген негіздерді, шарттар мен шектерде жеке меншікте болуы мүмкін. Жер, оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер жəне жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттік меншікте болады. Жер - бұл адам мен қоғам үшін тек экономикалық қажеттілік емес, ол табиғаттың басқа да объектілерімен байланысқа түсе отырып, экологиялық мəнге де ие болады. Заңдармен жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау жəне оны ұтымды əрі нысаналы пайдалану қағидалары бекітілген [6, 97б. ] .

Жердің меншік объектісі ретіндегі ерекшелігі оның кеңістікте белгілі бір шекарада шектелуінен, жылжымайтындығынан жəне табиғи жағдайлар мен қоршаған ортаға тəуелділігінен байқалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей Федерациясындағы жерге меншік және жер пайдалану құқығы
Жер құқық қатынастары
Қорғаныс жерлері
Жерді пайдалану құқығы
Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқықтары
Жер құқығы қатынастарының субъектілері
Ресей Федерациясындағы жерге жеке меншік пен жер пайдалану құқығының жалпы сипаттамасы
Жер қатынастары және оларды жетілдіру
Жер құқықтық қатынастары
Жерге меншік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz