Әкімшілік құқық түсінігі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Шымкент жоғары медицина колледжі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:Әкімшілік құқық

Орындаған:Қыстаубай Аружан

Қабылдаған:Кожаналиева Дуйсенкуль

Шымкент 2020

Жоспар :

  1. Әкімшілік құқық түсінігі.
  2. Әкімшілік құқық - ҚР құқық жүйесіндегі негізгі сала.
  3. Әкімшілік құқық - оқу пәні және ғылым ретінде.
  1. Әкімшілік құқық атқарушы билік органдарының (Үкімет, министрлер пен ведомствалар, өзге де орталық атқарушы органдар, акиматтар, сондай-ақ басқа да жергілікті атқарушы органдар) қызметін ұйымдастырумен байланысты қатынастарды реттейді, олардың кұрылымын, өкілеттіктері мен құзіретін, сонымен бірге олардың арасындағы өзара іс-қимылдарын анықтайды. Әкімшілік құқықпен сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының азаматтар мен және өздерінің құзіретгеріне сәйкес мемлекеттік емес ұйымдар мен өзара іс-қимыл жасауы барысында туындаған қатынастары, сондай-әкімшілік кұкық бұзушылықпен байланысты қатынастар реттеледі.

Әкімшілік кұқық жалпы әмбебеп жинақталған актінің болмауымен сипатталады, мұның соңғысы құқықтың осы саласымен реттелетін қатынастар құрамының күрделі болуына байланысты. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері болып Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, әкімшілік-құқықтық қатынастары нормалары бар және осы қатынастарды реттейтін өзге де заң актілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болатын халықаралық-құқықтық келісімдер болып табылады.

Әкімшілік құкық мемлекеттік билік органдарының билік-өкім шығару өкілеттіктерімен сипатталады. Заңның негізінде және олардың құзіретіне сәйкес қабылданатын шешімдер орындау үшін міндетті болып табылады. Ал өзінің ішкі мазмұны жағынан олардың ерік беру - шешімдер жолданатын адамдардың белсенді іс-әрекеттеріне құқық беру; тиым салу - белгілі бір әрекеттер жасаудан тартыну талабы, нұсқаулар, яғни белгілі бір әрекеттер жөнінде адамдарға міндеттер жүктеу сипатында болуы мүмкін. Бұл өз кезегінде, әкімшілік кұқық саласының ерекшелігін дәлелдейді, бұл әкімшілік құқықтық қатынастар субъектілері жағдайының бірдей маңызды болмайтынынан көрінеді. Алайда, осыған қарамастан, әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушылар, мұның азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылар үшін сипатта болатынындай тең болып табылмайды, бүл ұғым азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалады деген сөз емес. Әкімшілік заңнамасында осы қатынастарға барлық қатысушылардың кұқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктері айтылады, олар азаматтар мен занды тұлғалардың, олардың арасындағы қатынастарындағы мемлекеттік органдар мен уәкілетті адамдардың шешімдері мен әрекеттеріне шағым беру мүмкіндігіндей құзіретін айқын реттеуден көрінеді.

Сонымен әкімшілік құкық Қазақстан Республикасы құкық жүйесінің кұрамды буыны болып табылады. Әкімшілік құқықтың тағы бір маңызы мынада: қаржы, банк, кеден, салык кұкығы және басқалары сияқты құкық салаларының жаңа институттарын кұру процессінде әкімшілік-құкықтық нормалар басқарушы, әдістемелік орталық рольді атқарады, және олардың орнығуына, кешенді институттар мен дербес салалар болып бөлініп шығуына көмекгеседі.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнаманың міндеті - адам мен азаматгың құқықтарын, бостандықтары мен занды мүдделерін, халыктың денсаулығын, санитарлық-әпидемиологиялық саулығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншікті, коғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, белгіленген тәртіпте жүзеге асыратын мемлекетгік билікті, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен бостандықтарын әкімшілік құкық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу.

Қазақстан Республикасының «әкімшілік кұқығы» мемлекеттік басқарудың негіздерімен байланысты мәселелерді қамтиды, атқарушы өкіметтің жүйесін ашады, сонымен қатар жеке адамдардың мемлекетті басқарудағы рөлін көрсетеді. Ол әкономиканы мемлекеттік басқарудың құқықтық, әлеуметтік дамуы мен мәдениеттің, әкімшілік-саяси құрылымдардың, Қазақстан Республикасы салааралык мемлекеттік басқарудың негіздерін, сонымен қатар баскармалық қызметте зандылықты қамтамасыз ету нысандары (формалары) мен әдістерін оқытуды қарастырады.

Қазақстан Республикасының «әкімшілік құқығы» мемлекеттік басқару жұмысы мен бұл саладағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу механизміне түсінік береді. Басқармалық қатынастарда әкімшілік құқық пәнін окытуды республика және белгілі бір аймақ (облыс немесе аудан) көлемінде қарастыруға болады. Сондықтан министрліктердің, әкімшіліктердің, басқа да мемлекеттік басқару органдарының болашак қызметкерлеріне тәжірибелік қызметте қажетті білім беру, біліктілік және дағдыларды қалыптастыру мен бекітудің маңызы жоғары.

Қазакстан Республикасының«әкімшілік құқығы» пәнін окыту міндеттерін жалпы алғанда былай көрсетуге болады:

  • басқармалық катынастардың ерекшеліктері мен мағынасынзерттеу;
  • басқармалык қатынастарды реттеудегі әкімшілік-құқықтық нормалардың қызметін аныкгау;
  • әкімшілік құқық субъектілерінің құқықтық орнын анықтау,
  • әкімшілік құқық қызметінің әдістері мен түрлерін зерттеу.
  • әкімшілік құқық субъектілерінің жұмысында зандылық тәртібін қамтамасыздандыратын тәсілдерін белгілеу.

Бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде орныкқанына 13 жыл толып отыр. Қазақстан - зайырлы, әлеуметтік, бастысы құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуға міндет койып отыр. Оның стратегиялык мақсаттары: әкономиканы нарықтық қатынастарға негіздеу, либерал-демократиялық қоғам құру және құқықтық мемлекет орнату. Осы мақсатгарды жүзеге асыру жолында реформалар жүргізіліп жатыр және алдағы уақытта да жүргізіле бермек. Қоғамдағы ең басты құндылық: адам және оның құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Ал азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етіп, оларды құқықтық реттеп отыратын пән әкімшілік құқық пәні болып табылады. Қоғамда құқықтың алатын орны ерекше, жалпы қоғамдық, даму құқықсыз мүмкін емес. Құқық - қалыпты өміріміздің арқауы. Мамандар пікірінше құқық - жалпы өркениет процессіндегі үзілмес компонент, қоғамдық мәдениет институты.

Белгілі құқықтанушы Алексеевтің ойынша кұқық миссиясы терең қажеттіліктерден туындаған. Олар:

  • азаматгық қағидаларды (принциптерді) қалыптастыру.
  • баскарудағы түрлі мүдделердің ескерілуін қамтамасыз ету
  • автономды тұлғаның дербес мәртебесін (статусын) сақтау. Бұлардың бәрі әкімшілік құқыққа да қатысты. Қоғамдық санада әкімшілік құқық атқарушы биліктің күштеу кұралы ретінде қалыптасқан. Әкімшілік құқық конституциялык қылмыстық құқықтар секілді дербес құқық саласы болып табылады. «Әкімшілік»сөзі латынша«басқару» мағынасында, сондыктан бүл саланы көбіне «баскару құқығы»деп те атайды. Сонымен әкімшілік құқық дегеніміз мемлекеттік баскару саласында, аткарушы мемлекеттік органдарқызметін жүзеге асыру процессінде қалыптасатын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттейтін заң саласы. Әкімшілік құқықтық реттеу кызметі мемлекеттік басқару аясында (сферасында) қарастырылады, сонымен қатар әкімшілік құқық тұрғысынан басқару мазмұнындағы қатынастар мәселесі кетіріледі.

Әкімшілік құқық жалпы қоғамдық қатынастарды, оның ішінде әкімшілік құқықтық реттелуін қарастырып, тәжірибеде (практикада) әкімшілік-құқықтық нормалардың орындалуын бақылайды және мемлекеттік басқаруда объектілер мен субъектілердің құқықтық мәртебесін белгілеп, басқарудың кұ-құқық әдістері мен нормаларын және олардың жүргізілу тәртібін айкындап, сонымен қатар басқарушы мен басқарылушы жақтардың қызметін құқықтық реттейді.

Әкімшілік құқықтың негізгі мақсат-міндеттері:

  • қоғамның, мемлекеттік аппараттың, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты құрал ретінде әкімшілік биліктің тиімді қызмет етуіне жағдай жасау.
  • атқарушы билікті демократиялық ұйымдастыру.
  • атқарушы биліктің қалыптасуымен байланысты азаматтар мен олардың бірлестіктерінің құқықтары мен бостандыктарының нығаюына оң әсер ету.
  • азаматтар мен қоғамды - атқарушы биліктің бір жақты озбырлығынан қорғау.
  • қоғамдық қатынастарды реттеу, нығайту.
  • Конституция талаптарына сай немесе қоғамдық даму заңдарына сай жаңа қоғамдық қатынастарды қалыптастыру.
  • әкімшілік нормалармен, өзгеде құқық салаларымен реттелген
  • қоғамдық қатынастарды қорғау.
  • қоғам, мемлекет, азаматтар мүддесіне сай емес басқару сапасындағы катынастарды ығыстыру.

Қазіргі әкімшілік құқық- құқық саласы ретінде құқық жүйесінде жеткілікті деңгейде жеке тұлға құқығын нығайтатын және оны әкімшілік үстемдіктен қорғайтын нормалар пайда болған кезде калыптасты. Әкімшілік құқық жәй ғана аткарушы биліктің еркін ғана білдіріп қоймай, сонымен қатар үлкен кұбылыс болып саналады. Әкімшілік құқық- өте маңызды, әрі күрделі сала, өйткені мемлекеттік әкімшіліктің қоғамдық мәні зор. Басқару қоғамның барлық саласында бар және оның қызмет көлемі үлкен, мазмұны әр қилы.

  1. Әкімшілік құқық - құқықтық нормалар мен институттардың біртұтас жүйесі. Оларды біріктіретін қағидалары (принциптері), мақсаттары, реттеу әдістері және пәні, Әкімшілік құкық әлеуметтік мүддеге қызмет ете отырып өзге құқық салалары секілді өзінің заңдық басымдыкгары ретінде азаматтардың құқықтары мен бостандыктарын қарастырады. Қазакстан Республикасының Конституциясында азаматтардың бұлжымас-абсолюттік құқықтарының концепциясы айқындалған.

Әкімшілік құқықтың басты максаты-мемлекетгік билік аппаратын заң мүддесіне кызмететіп, оның талаптарын орындауға бағытгау. Қүқық салалары өзара пәні, қүқықтық реттеу әдістері бойынша ажыратылады. Заңдык әдебиеттерде әкімшілік құқықтың ғылым немесе пән ретінде қатынасы әлі де таластар тудыруда. Әкімшілік құқық пәні дегеніміз оның нормаларымен реттелетін қатынастар жүйесі. Әкімшілік құқық Қазақстан Республикасьшың құқық жүйесіндегі жеке сала ретінде қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттейді. Олар іс басқару саласында пайда болып, дамып, жойылатын қатынастар. Мұндай қатынастар әр қилы, әрі әкімшілік құқық пәнін кұрайды. Бұлар баскарушылық қатынастар деп атапады.

Әкімшілік құқық пәні шартты түрде екі бөлімнен тұрады:

I. Аппарат ішілік қатынастар. Мұнда мемлекеттік органдардағы аппарат ішілік жұмыс әдістерін және формаларын, қызметін үйымдастыру нығайтылады.

2. Әкімшілік биліктің түрлі ұйымдармен, мекемелермен, азаматтармен қатынасы.

Әкімшілік құқық пәні астарында басқару мазмұнындағы катынастар жатыр. Бұл қатынастардың түрлері:

- баскару органдары арасындағы көлбеу (вертикальды) қатынас (Қазакстан Республикасы Үкіметі және Мининистрлік)

-басқару органдары арасындағы бағынушылық қатынас (аудандық әкімдік және жергілікті орган)

-басқару органдарының өздеріне бағынышты ұйым, бірлестіктермен қатынасы (завод және министрлік) .

Әкімшілік құқық пәнімен қоса әкімшілік құқық ғылымына тоқталып өтер болсақ, әкімшілік құқық ғылымы заң ғылымының негізгі бөлігі болып саналады. Ол әкімшілік құқықтың даму заңдылыктарын зерттейді. Әкімшілік кұкық ғылым ретінде әкімшілік-құқықтық құбылыстар туралы ұғымдар, категориялар және тұжырымдар жуйесі болып табылады.

Әкімшілік құқық ғылымы мемлекеттік басқару сферасындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды зерттеп, мемлекеттік басқару аппаратының кұкықтық реттелу зандылығын қарастырады. Ол басқару қатынастарын талдап, мәнін ашып және тәжірибеде әкімшілік-құқықтық нормалардың кең қолданылуын дәрістейді. Әкімшілік құқық ғылымы мемлекеттік басқару объектілері мен субъектілерінін мәртебесін, басқарудың кұқықтық формалары мен әдістерін, мемлекеттік басқарудағы заңдылыкты, тәртіпті қамтамасыз ету тәсілдерін, әкімшілік процесс мәнін қарастырып, осылардың ғылыми жақтары бойынша мәселелерді қозғайды.

Осы заңдылықтарды терең, әрі жан-жақты талдау нәтижесінде әкімшілік-құқықтық нормаларды өзгертуге, реттеуге, бастысы олардың тиімділігін көтеруге бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар, сілтемелер жатқызылады. Әкімшілік құқық ғылымының да құқық саласы сияқты өзіндік жүйесі бар және олар әкімшілік-құқықтық институттар арасындағы ішкі байланыстар негізінде қалыптаскан. Әкімшілік құқық ғылымы сондай-ак әкімшілік құқықтың даму заңдылықтарын және оның өзге де теориялық мәселелерін қарастырады. Әр қоғарғы деңгейде дамыған әлеуметтік, демократиялык елдерде әкімшілік құқық қоғам дамуының ерекшелігін, деңгейін және басқару органдары қызметінің шынайылығын көрсетеді. Қорытындылай келе әкімшілік құқық дегеніміз Қазакстан Республикасының әкімшілік-құқықтық нормаларымен және нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген, жалпыға міндетгі нормалар жүйесі.

Әкімшілік құқықтын құқық саласы ретінде даму тарихы және дамуының негізгі кезеңдері. Тарихи анализ жүргізу арқылы, көптеген заңгерлер, философтар әкімшілік қүқықтың арғы атасы - полицей құқығы деген ұғымға келген. Бул теорияның негізін қалаушы француз административисті Людовик XIV кезіндегі Н. Деламора, оның еңбегі «Мысли о полиции» (1707 ж. ) . «Полиция туралы ойлар» халықты қорғау саласындағы полицияның қызметі, меншік, жолдар, сауда, тәсілдерін, әкімшілік процесс мәнін қарастырып, осылардың ғылыми жақтары бойынша мәселелерді қозғайды.

Осы заңдылықтарды терең, әрі жан-жақты талдау нәтижесінде әкімшілік-құқықтық нормаларды өзгертуге, реттеуге, бастысы олардың тиімділігін көтеруге бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар, сілтемелер жатқызылады. Әкімшілік құқық ғылымының да құқық саласы сияқты өзіндік жүйесі бар және олар әкімшілік-құқықтық институттар арасындағы ішкі байланыстар негізінде қалыптаскан. Әкімшілік құқық ғылымы сондай-ак әкімшілік құқықтың даму заңдылықтарын және оның өзге де теориялық мәселелерін қарастырады. Әр қоғарғы деңгейде дамыған әлеуметтік, демократиялык елдерде әкімшілік құқық қоғам дамуының ерекшелігін, деңгейін және басқару органдары қызметінің шынайылығын көрсетеді. Қорытындылай келе әкімшілік құқық дегеніміз Қазакстан Республикасының әкімшілік-құқықтық нормаларымен және нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген, жалпыға міндетгі нормалар жүйесі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік құқықтың әдісі
Басқару әдістемелері мен нысандары
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Құқық нормаларын талқылау түрлері
Әкімшілік құқық түсінігі, пәні, қайнар көздері және әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы
Айыппұл әкімшілік жаза ретінде
Құқықтық мінез - құлық туралы ақпарат
Әкімшілік құқығының негіздері
Әкімшілік құқықтың құқық жүйесіндегі орны
Әкімшілік-құқық нормалардың түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz