Африка ормандары


Тақырыбы: Африка. Африка ормандары
Дәріс жоспары: 1. Африка ормандарына анықтама 2. Митрагина цилиата 3. Терминалия афара 4. Афрормозия 5. АфцелияАфрика континентінің 10%-ы орманмен қамтылған. Тропикалық жапырақты түрлер Африка ормандарының 96%-ын құрайды. Қылқан жапырақтылар-1%, жалпақ жапырақтылар қоңыржай орманның-3%-ын құрайды.
Солтүстік Африка - Алжир мен Тунистің территориясынан орман өсімдігі мүлдем жойылды деп айтса болады. Мароккода аздаған орман жерлері бар. Ол жердің ағаштары Испания мен Португалия ағаштарының тұқымдастарына ұқсас келеді.
Батыс және Шығыс Африка - Гвинеядан Габонға дейін, Конго өзенінің бассейнімен батыс Африканың жағалаудағы жолақтары тропикалық орманмен қамтылған. Негізгі орман Уганда жазығынан шығысқа қарай Кения, Танзанияға; оңтүстік-батысында Анголаға; оңтүстік-шығысында Мозамбикке ұласқан. Африканың бұл бөліктерінде орманның екі типі кездеседі:
1. Пісіп жетілген биік.
2. Биік діңді алқаағаштар (лесонасаждение)
Тропикалық ормандарда немесе жаңбырлы жылдық жауын-шашын мөлшері 1500 мм-ден жоғары және тоқтаусыз, құрғақ мезгілсіз бөліктерінде жылына 4000 мм-ге жуық жауын-шашын мөлшері 750 мм - 1000мм-ге дейін барады. Шығыс Африкада құрғақ саванналы ормандар орын алған. Әсіресе, Ангола мен Зимбабведе орман шетіне ұқсас жерлер батыс және орталық Африкада кездеседі. Орманды шаруашылық басқару жергілікті немесе регионалды басқаруға жатады және қатаң бақыланады. Мысалы: Нигерияда 2 миллионға жуық биік діңді ағаштар болса, оның эксплотацияға жататындары концессионер-орман өндірушілерге орман дайындау құқығымен беріледі. Шамамен, 6 миллионға жуық орманды саванна бар және сирек діңді товарлы және сапалы ағаштары көзделген. Бұдан басқа қатаң бақылаусыз 50%-ға жуық ағаштарды дайындауға рұқсат беріледі.
Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР ) . Оңтүстік Африка табиғи ормандарға кедей, бірақ жоғары сапалы, іске жарамды ағаштармен қамтамасыз ете алады. Себебі, территорияның 73% жауын-шашын (635 мм-ден кем емес) және жаздағы жоғары температурамен сипатталады. Таулы аймақтардағы сирек орманды самырсынды есептемейтін болсақ, іске жарамды ағаштар солтүстік-шығысқа қарай Столовой тауынан трансвальдің солтүстік-шығыс бөлігіне қарай үзік жолақты құрайды.
ОАР-дың орман учаскілері Джорж Книсна аумағында мұхитпен далалы зонаның ортасында орналасқан. Дутенжея деген аймақта 48 мың гектарлы іске асатын ормандар бар. Оңтүстік Африкада баяу өсетін ағаштардың түрлерін, орман көбейтуге (лесоразведение) жарамсыз деп тауып, орман көбейтуге Оңтүстік Африканың басқа аудандарынан жасанды орманды көбейтуге ағаштар әкелінген.
Негізінен, Австралиядан эвкалипт, жерсіндірілген қарағайдың алуан түрлері, Мексика мен АҚШ-тың оңтүстік аудандарында тағы да қарағайлардың түрлері жерсіндірілуіне көңіл бөлінуде. Қазіргі кезде ОАР өз ағашымен (сүрегімен) және сүректен шыққан өніммен қамтамасыз етілуде. Өндірістің басты саласы кен байыту өндірісі, жеміс шаруашылығы, шарап өнімдері және бұларды өте кең көлемде жұмсайды.
Сүректің көп көлемін вагон құрылысында, теміржол шпалдарына, жәшік жасауға және т. б. нәрселерге қолданады. Орман өнімдері халықтың тұтынушылық қажетіне кеңінен жарап, ОАР-дан едендік тақтайлар, вискоза мен целлюлоза, ағаш талшықтары мен ағаш жоңқаларынан жасалған тақтайлар желімденген фанералар және сіріңкелер экспортқа шығарылады. ОАР-да ағаш сүрегін қолдану 5, 3 -ты құрайды.
Жалпақ жапырақты түрлері.
Митрагина цилиата, абура-Mitragina ciliate Andrew, Pellgr
Басқаша атаулары: Subaha (Гана), bahia (Француздық Шығыс Африка), elilom (Камерун), elelome (Габон), maza, voukou, vuku ( Заир), mujiwa, mushiwa.
Таралу аймағы: Батыс Африкада кездеседі. Сьерра-Леонадан бастап Камерун мен Габонға дейін.
Ағаштың биіктігі 30-40м, диаметрі 1-1, 2м.
Ареалы: Либерияны және басқа жағалаудағы мемлекеттерді қамтиды.
Діңі тік, цилиндр тәрізді. Сүрегі-сұр қызыл-қоңырдан ашық-қоңырға дейін өзгереді. Текстурасы өте ұсақ және тегіс, кейде сүректің суретіне қарап, сары қайыңның сүрегімен шатыстыруға болады. Тұқымдас-жұмсақ сүректерге, тығыздығы 480-640 кг аралығында.
Кептіру-Сушка. Сүрек атмосфералық камералық кептіруге жақсы көндігеді, ағаш кепкен күйінде тұрақты болып келеді.
Мықтылығы (Стойкость) - шіруге бейім.
Технологиялық қасиеті - қолмен өңдеу немесе станоктарда өңдеу ыңғайлы, жоғары сапалы өңдеуге, жеңіл сырлауға, жылтыратуға, желімдеуге, бұранда (шеге) ұстауға бейім. Кейбір бөренелері орталық бөлігінде болып келеді.
Қолданылуы . Ағаш ұсталық жұмыстарға, интерьерлерді әсемдеуге, едендерді жабуға, фанера жасауға, есіктің ішкі жақтарын жасауға қолданылады және сеператорлар мен электр аккумляторлардың жәшіктерін жасауға бағалы материал болып саналады, бірінші классты ағаш түрі болып табылады.
Терминалия афара, Пышная афара-Afara.
Басқаша атаулары . Батыс Африкадағы шығу тегіне байланысты әр жерде әр түрлі аталады.
Көп тараған атаулары: Ақ афара (Vike afara) -Нигерия, Заир мен Анголада
Ашық түсті лимбо-Светлая лимбо-Limbo clear.
Қара немесе күнгірт лимбо-Дак лимбо-Limbo noir.
Француздық, батыс Африка-лимбосы, “Дуб” лимбо, фракс, жаңғақ ағашы-Майомбе (Limbo freaks, noir do Mayombe) ; Ганада-офрам (ofram), Либерия-лимбо, корино (Limbo, Korino) .
Сыртқы айырмашылықтарына қарап ақ және қара афараны шатыстыру жиі кездеседі. Бұл ағаштың екі ботаникалық түрі бар:
1. Қара афара-чёрная афара -Terminalia ivorensis. Ол көбінесе idigbo-идигбо деген атпен де белгілі.
2. Ақ афара.
Ақ пен қараны шатыстырудың тереңдеуі негізінен сүректің түсіне байланысты болды. Ақ афарада өзегі сұр немесе қара жолақты сызықтармен болған. Керісінше, қара афараның сүрегі (idigbo, идигбо) ақшыл-сары түсті. Мұндай аномалия: ағаштың қабығына қатысты.
Таралуы: Батыс Африкада Сьерра-Леонадан Камерунға дейін.
Ағаш-өте ірі. Биіктігі 18-45 м аралығында. Тамыры кең жайылған. Тақтайға ұқсаған тамырлары жер бетінде көрініп жатады және олардың жуандығы 2, 5м. Діңі тік және цилиндрлі диаметрі 1, 5 м-ге дейін. Кескен кезінде тақтайлы тамырлы бөлігінен кеседі. Сүрегі, өзегі ашық түсті, бұндай ағаштар декоративті шпондар жасауға бағалы.
Технологиялық қасиеті: Сүрегі ағаш өңдеу станоктары және құралдарымен оңай өңделеді, жеңіл желімденеді, сүрегін бояуға және жылтыратуға болады. Бірақ шеге қаққанда және бұрандаларды бұрағанда шытынап кетеді.
Қолданылуы . Бір көзбен қарағанда емен ағашының сүрегіне ұқсайды. Есіктердің фанерлеріне, жиһаз бұйымдарды әсемдеуге өте қолайлы. Өзегінің қаралығы панельді әшекейлеуге және жиһаз өндірісінде декоративті мақсатта пайдаланылады. Бұл сүректі, әсіресе Нигерияда сұрыптап: өзектерінде қабық кеміргіштер мен ағаштың діңдік зиянкестері жылдам орналаса алады, сондықтан оны сортименттерге бөледі: «Қабық жегіден зиян шекпегендер», «Мүлдем зиянкестік әсері болмағандар», «Зиянкестердің әсерімен».
Афрормозия-Afrormozia - Бұршақтар тұқымдасы Legiminosa туысы.
Басқаша атаулары: Kokrodua (Гана Сланова кость жағалауында) ақшыл шайға ұқсайды.
Таралуы: Сланова костьтің жағалауларын қосқанда Гана мен Заир, кейде Нигерияға дейін.
Ағаш ірі (Нигериядан басқа жердегі) биіктігі 45м, диаметрі 1, 2-1, 5 м одан да көп .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz