Стандарт салалары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика факультеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:ҚР-ғы мейрамхана мен қонақ үй қызметтерін ұсыну ережесі. Мейрамхана,Қонақ үй түсініктері.Мейрмахана мен қонақ үй классификациясы.

Орындаған: Нарбекова Д.Т
Тексерген: Жанділла Б.Д

Нұр Сұлтан, 2021

Мазмұны
Кіріспе
1.Қазақстандағы қонақ үй бизнесі, ерекшеліктері мен ұйымдастыру құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
2.Қазақстан Республикасындағы қонақ үй ісін халықаралық қонақ үй стандарттарына сәйкестендіру ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
3.Қонақ үйді классификациялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
4.Елдер бойынша қонақ үй классификациясының жүйесі ... ... ... ... ... ... 13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

Кіріспе
Қонақ үй және мейрамхана бизнес ортасы туризмнің жетекші факторы мен базасы болғандықтан, оны "алтын жұмыртқалы тауық" саласы деп атайды. Бірақ біздің елімізде қонақ үй-мейрамханалық және туристік бизнес көптеген себептерден шетелдегідей өріс алып жатқан жоқ, оның экономикалық және басқару негіздерін оқу экономикалық ғылымның жеке саласына әлі айналған жоқ, ал қонақжайлық қызмет көрсету маркетингі мен басқаруын тек кейінгі кезден ғана университеттік деңгейде оқыта бастады. Сондықтан бұл сала дамыған елдің тәжірибесін меңгерген жөн деп көреміз. Америка Құрама Штаттарында қонақ үй-мейрамханалық және туристік бизнесінде клиентке ерекше көңіл бөліп бағдарланумен ерекшеленетіндіктен, біз үлгі етіп американдық мектебін таңдадық. Бұл мектептің көрнекті өкілдері, қонақжайлық қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін қызметшілер, олар өз индустриясының басқа кәсіпорын қонағы жағдайында болғанда өздеріне қандай қызмет көрсетуді қалайтын болса, қонақтарға да сондай қызмет көрсетуі тиіс деп айтады.
Қазіргі кезде әлемнің әр түрлі нүктелерінде қызметтер саласының феноменальді кеңеюіне айқын тенденция байқалуда. Сервистік қызмет - бұл біздің қажеттіліктерімізді қанағаттандырудағы реабилитациялы-альтруистік стилі құрылып жетілдірілетін адамзат қарым-қатынастарының саласы болып табылады. Қонақ үй сервисін дұрыс ұйымдастырып, дамыту үшін сервис мәдениетін дамыту керек. Қызмет көрсетудің жоғары мәдениеті қызметшілерге қонақтардың мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Қонақ үй қызметтерінің маркетингі саласында жұмыс істейтін адамдар, өз тауарының төрт спецификалық белгілерін ұмытпауы керек. Бірінші, материалды тауарларға қарағанда қызметтерді, оларды тікелей көрсету сәтіне дейін, дәмін татып, ұстап көріп, көруге және естуге болмайды. Екінші, қонақ үй индустриясында қызмет көрсету қызмет көрсететін адамды да, қызмет көрсетілетін адамды да қажет етеді, яғни қызметтер көзі мен объектісінен ажырамайды. Үшінші, қонақ үй саласының қызметтері құбылмалы, оның сапасы қызмет қандай жағдайда және кіммен көрсетіліп жатқандығына байланысты болады. Және төртінші, қызметтер сақтауға келмейді.
Қонақ үй қызметтерінің сапасы өндірістік фирмалардың сапасынан шұғыл ерекшелінеді. Оның ерекшелігі қонақ үй кәсіпорынның өнімі бір уақытта өндіріліп - тұтынылатынында. Зерттеушілер сапаны қонақ үміттерін қанағаттандырып, одан асу мүмкіндігі ретінде анықтайды. Сапаға ұмтылу - шексіз үрдіс, бірақ бүгінгі күн қонақ үй бизнесіндегі барлық бірлестіктер
-3-
онымен айналысатын уақыт. Қызмет көрсету сапасының моделі танылған бес сатылы модель ретінде кең қолданылады. Ол қызмет көрсетудің сапасын қонақтың үміттерін қанағаттандыру көзқарасынан анықтайды. Модельді жасағандардың айтуынша "қызмет көрсетудің бір қадамы - қонақтардың үміттерін және қызмет көрсету сапасында қандай қиындықтар туу мүмкіндігін білу болып табылады. Басқаша айтқанда, фирма өз қонағының үміттерін білу, және де сол күтулерін үлгілі сапамен іске асыру керек".

-4-
Қазақстандағы қонақ үй бизнесі, ерекшеліктері мен ұйымдастыру құрылымы.
Қазақстанда да қонақ үй шаруашылығының көне тамыры тереңде жатыр. Оның пайда болуы алғашқы қоныстардың, көлік жолдарының және сауда қатынастарының дамуымен байланысты. Алғашқы қонақ үйге ұқсас ғимараттардың ашылуын біздің эрамыздың алғашқы ғасырына қатыстыруға болады. Ұлы Жібек жолы бойындағы аймақтардың зерттелуінен біз көне көпестермен саяхатшылардың үлкен керуендермен түйелер арқылы қатынайтынын білдік. Олар керуен жолының бойындағы қалаларда немесе елді-мекендерде шатыр құрып түнейтін болған. Қазақ хандығының құрылуы қонақ үй шаруашылығына еш кері әсерін тигізбей,бірқалыпты дамуды байқатады. Қонақ үй кешендері дамуының одан арғы тарихы Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңі болып табылады. XIX ғасырдың алғашқы жартысының соңына қарай Қазақстан толығымен Ресей империясының қол астына енген кезде соғыс қорғаныстарын, жаңа жолмен қалалардың салынуы қонақ үй шаруашылығының одан ары қарайғы дамуын талап етті. Сол жылдардағы қонақ үйлердің мысалы ретінде бекеттірді, қонақ үй палаткалармен шатырларды айтуға болады. Осылайша қарқынды дамыған Қазақстан қонақ үй шаруашылығы 1903 жылы Алматы қаласында алғашқы Европа қонақ үйінің салынуына әкеп соқты.
Тарихты артқа тастаған Қазақстанда қазір 1559-қа жуық қонақ үй жұмыс істесе, оның басым көпшілігі Астанада, Алматыда, Қарағандыда, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан обылыстары аумағында орналасқан. Қонақ үй шаруашылығын туристік шаруашылықтан бөліпқарауға болмайды. Ал соңғысымен біздің елдің жағдайы тамаша емес. Әрине сыртқы туризм бізде біршама жақсы дамыған: қазақстандықтар үшін шетелде демалуды әдетке айналдырған - 45,8%, ішкі туризм бойынша - 37,9% көрсетсе, туристердің Қазақстанға келу көрсеткіші небәрі 16,3%-ке ғана жетеді. Мемлекет осылардың соңғысына мұқтаж, себебеі оның арқасында елге шетелдік валютаның көп келуімен, өндіріс салаларының қарқынды дамуына бастау алады. Қазақстанға туристерді келтіру үшін бірқатар жұмыстар атқарып, оның ішінде қонақ үй инфраструктурасын қолға алу керек. Еліміз қарқынды дамудың нарықтық жолына түскендіктен Қазақстан көптеген шетелдік әріптестерімен жұмыс жасап, әр қаладағы біріккен өнеркәсіптермен және шетел өкілеттіліктерімен қатар әр қаланың қонақ үй өмірі біршама қайта жанданды.
Жаңа қонақ үйлер пайда болып, ескілері жаңартылып немесе қайта күрделі жөндеуден өткізілді. Айта кетерлік жайт, Қазақстандағы бірдей жұлдызды
-5-
қонақ үйлердің сапа деңгейінің әр түрлі екендігі ешкімге жұмбақ емес. Тіпті арнайы маман емес, қарапайым турист көзімен-ақ кейбір жұлдызы төмен қонақ үйлердің қолайлығымен қызмет көрсету деңгейі, оның жоғары жұлдызды ағайындарына қарағанда әлдеқайда биік екендігін көруге болады. Дәлірек айтсақ, сол сияқты, бірақ төмен деңгейлі бағамен қолайлы, европалық деңгеймен салынған 3 жұлдызды қонақ үй, тек бизнес туристерге ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның табиғат кереметін тамашалауға келген қарапайым шетел қонақтарына да ұнайтыны сөзсіз. Сондықтан да Қазақстан қонақ үйлері ең алдымен елге келетін туристер ағымының 86 % құрайтын алыс шетел адамдарының, содан кейін тек 14 % құрайтын ТМД туристерінің қалауынан шығуға жұмыс істеуі қажет.

-6-
Қазақстан Республикасындағы қонақ үй ісін халықаралық қонақ үй стандарттарына сәйкестендіру.
Халықаралық қызмет көрсету стандарты міндетті түрде қонақүйдің сапалы жоғарғы деңгейдегі қызмет көрсетуді талап етеді.
Қызмет көрсету стандарты деп - клиентке міндетті түрде көрсетілетін қызмет ережелерінің жиынтығы, өндірістік операциялардың жоғарғы деңгейдегі сапаны кепілдеу. Стандарт белгілі бір критерийлерден тұрады, олар қонақүй шаруашылығының персонал қызметін және клиенттерге көрсетілетін қызмет сапасының деңгейімен бағаланады:
Ақпарат немесе брондау жайлы хабарламаға жауап уақыты (15; 20; 30 секунд); орналастыру қызметі кезіндегі уақыт.
Клиенттердің көп келуіне қарамастан, қонақүй шаруашылығында қатарда тұру уақыты көп ұзамау керек (5; 10; 15мин);
Белгілі бір қызмет түріне кететін уақыт шығыны. Мысалы, клиенттің номерге кіргеннен бастап 3 мин кем емес жүкті жеткізу; тәулік ішінде клиенттің жеке заттарын тазалау және жинастыру және т.б.;
Сыртқы кейіп және униформаның болуы;
Персоналдың тіл білуі және т.б.
Қонақ үй бизнесін не мейрамхана бизнесін басқаруда аса үлкен маңызға қызметкерлердің уақытысымен демалыс алып тұрулары да ие болады. Негізгі ережелер жинағында қызметкерлердің демалыс алуларына байланысты бірнеше тараулар қарастырылған. Бұл ережелерді сақтау қаншалықты дағдарыс ауыр болғанымен де іс жүзінде жүзеге асу керек. Оларға келесілерді жатқызуға болады:
мейрам күндері;
науқастану;
жақсы қатысымдық үшін сыйақы;
демалыстар;
әскери шақыру;
сот міндеттері;
туысқандардың көз жұмуы,
кезексіз демалыс.
Бұлардың әрқайсысының өзінің белгіленген мерзімі бар және олар қызметкердің атаулы қонақ үйінде атқарған қызмет мерзіміне байланысты болып келеді.
Стандарттау - нормалар, ережелер және талаптар бойынша орнатылатын қызмет: оның мақсаты өнім қауіпсіздігін, жұмыс және қызметпен қоршаған
-7-
ортаны, тұтынушының өмірін, денсаулығын және мүлігін қамтамасыздандыру; техникалық және ақпараттық сыйыстыру, сондай-ақ өнімдердің өзара алмасуын; өнім сапасын; ғылым, техника және технология деңгейінің дамуына сәйкес жұмыс және қызмет; өлшемдердің бірігуі; ресурс түрлерінің барлығын үнемдеу; табиғи және техногенді апаттардың туындау мүмкіндігін ескере отырып шаруашылық нысандарын қауіпсіздендіру; елдің қорғаныс қабілетін және мобильдік дайындығын қамтамасыздандыру.
Қазіргі уақытта стандарттау мақсаттары оның екі бірдей маңызын көрсетеді. Бір жағынан басты мақсаты - бұл қауіпсіздік бойынша міндетті талаптарды орнату, техникалық және ақпараттық сыйыстыру, сондай-ақ өнімдердің өзара алмасуы және шаруашылық нысандарының қауіпсіздігі, ал екінші жағынан -- өнімнің тұтынушылдық көрсеткіші бойынша оның сапасын жоғарылату негізінен кепілдемелер жасау және ресурстарды үнемдеу. Стандарттау бойынша нормативті құжаттарға Қазақстанның мемлекеттік стандарттары жатады; стандарттау бойынша нормалар, ережелер және кепілдемелер; ортаққазақстандық техника-экономикалық ақпараттарды топтастырушылар;салалармен кәсіпорындар стандарттары; ғылыми-техникалық, инженерлік және де басқа қоғамдық ұйымдардың стандарттары.
Туристік және қонақүйлік қызмет көрсету стандарттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесінің бір бөлігі болып табылады, ол жүйе туризм және қонақүйлік менеджмент саласында мақсаттармен тапсырмаларды анықтайды, негізгі ұстанымдарды және жұмыс ұйымдастырылуын, нормативті құжаттардың санатын, стандарттардың түрлерін және халықаралық ынтымақтастық бойынша негізгі шарттарды. Туристік қызмет көрсету өрісінің стандарттау мақсаты көрсетілген сапа деңгейімен және турөнімнің немесе жеке туристік қызметтің тұтыну қауіпсіздігін қамтамасыздандыру, туристік өнім тұтынушыларының мүдделерін нарықтағы ізгіліксіз бәсекелестіктен қорғау. Халықаралық және отандық машықтануда стандарт деген сөз астында стандарттау бойынша нормативті құжат деп ұғамыз, ол келісім негізінде жасалады, маңызды сұрақтар бойынша мүдделі жақтардың басым бөлігінің қарсылық тудырмайтыны жайлы мінезделеді (өндіруші және тұтынушы), мақұлданған органмен бекітілген және қолдануға міндетті.
Стандарт қонақүй қызметін нарықта реттеудегі әсер ететін құрал болып табылады, яғни әділетсіз өндірушілерден саудашыларға дейін және қонақүй қызметін тұтынушыларға әсер ететін құжат. Стандарт өз табиғатында шамалы қажетті талаптарды реттейтін, кез келген өнімді немесе қызметті өзінің деңгейіне сәйкес қауіпсіздігіне, сапасына және де тағы басқа
-8-
критерияларға арналады. Стандарттың нысаны болып: қызмет көрсетудің қызмет көрсетуші өндіріс үдерісі, немесе оның қорытындысын стандарттауға жатады. Қызмет көрсету дегеніміз орындаушы және тұтынушының арасындағы қарым-қатынасы, сонымен қатар жеке қызметтегі орындаушының тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.
Стандарт кез келген түрлі категориядағы қонақ үйлерге төмендегідей талаптарды анықтайды:
Кез келген категориядағы қонақ үйде тиісті жол белгілері мен көрсетілген подъезд жолдары, жарықталған әсемделінген қатысты территориясын, қысқа мерзімге қойылатын автокөлікті, сонымен қатар автобустың туратын алаңын, мекеменің (аты жазылған) және оның категориясын көрсететін жарнамасын, мейрамханаға кіретін арнайы жерді көрсеткен жарнамасы болуы қажет. Ғимараттың жарты бөлігін алып жатқан қонақ үйдің арнайы кіретін бөлігі болуы қажет.
Қонақ үйдің архетиктуралық - жоспарлық құрылыс элементтері және техникалық жабдықтар талапқа сәйкес болуы қажет.
Қонақ үй жайлы экологиясы таза жерде орналаусы қажет.
Қонақ үйде тұрған кезде адамның өмір қауіпсіздігі, қонақтардың денсаулығы және мүліктерінің сақталуын қамтамасыз ету ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кең көлемді халықаралық стандарттау
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
Жаңа стандарт саласында оқу-тәрбие үдерісті жоспарлау және ұйымдастыру
Қазақстан экономикасы
Міндетті бастауыш білім беру стандарты
Қазіргі заман мектебінде математикадан білім беру
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Дін психологиясы жайында
Мал шаруашылығының бухгалтерлік есебі
Компьютерлік жүйелердің архитектурасы
Пәндер