Ішкі істер органдарының құқықтары мен міндеттері


Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
«Бизнес және құқық»
(факультет атауы)
Құқықтану
(кафедра атауы)
КӘСІПТІК ПРАКТИКА
КҮНДЕЛІГІ
Юриспруденция
(мамандық атауы)
мамандығы бойынша
Студент Деметов Нұрмұхан Сансызбайұлы
(студенттің тегі, аты-жөні)
Курс 2 Тобы ЮП-18-9 Оқу нысаны: күндізгі бакалавриат
(топ шифры)
Практика мерзімі: басталуы _8. 06. 2020ж_; аяқталуы_27. 06. 2020ж__.
Тәжірибе жетекшісі:
университеттен ;
(оқытушының лауазымы және тегі, А. Ә. )
мекемеден .
(жетекшінің лауазымы және тегі, А. Ә. )
Ақтау-2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
I ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ . . . 5
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ . . . 5
1. 1 Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары түсінігі . . . 5
1. 2 Ішкі істер органдарының құқықтары мен міндеттері . . . 7
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ТЕРГЕУ ТОБЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ АТҚАРУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ . . . 13
2. 1 Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында қызмет атқару тәртібі . . . 13
2. 2 Тергеу іс әрекеттерінің тәртібі мен ұғымы және түрлері . . . ………16
ІІ. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ . . . 26
ҚОРЫТЫНДЫ. . . . 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 31
ҚОСЫМШАЛАР . . . 32
КІРІСПЕ
Мен, Деметов Нұрмұхан Сансызбайұлы 8. 06. 2020ж. - 27. 06. 2020ж. аралығында Маңғыстау облысты Жаңаөзен қаласы Полиция Департаментінде өндірістік/тәжірибеден өттім. Мен, өндірістік/тәжірибемді Ішкі Істер органдарының тарихын сипаттаудан бастадым. Ең бірінші Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары туралы біраз мағлұматтарды жинап жұмысқа кірістірдім. ҚР-сы Ішкі Істер органдарының құрылымын, құқықтары мен міндеттері, Ішкі істер органдарында қызмет атқару тәртібі туралы өндірістік тәжірибемде барынша толық әрі нақты түрде қарастырдым.
Өндірістік тәжірибеден өтуімнің мақсаты: Қазақстан Республикасы Ішкі Істер органдарының қызметтері мен жүйесімен танысып, негізгі бағыттары жайлы зерттеу.
Және міндеттері:
-Полиция және тергеу қызметтерінің мақсаттары мен негізгі бағыттары туралы;
-Ішкі Істер органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің принциптері жайлы;
- Ішкі Істер органының жүйесі туралы;
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында қызмет атқару тәртібі мен тергеу іс әрекеттерінің тәртібі мен ұғымы және түрлері туралы.
Бұл өндірістік/тәжірибеде Ішкі істер органдарының жалпы қызметі туралы теориялық және тәжірибелік тәжірибе алдым. Мемлекеттік қызметші бола тұра ішкі істер органдары қызметкерлерінің өз қызметтерінің спецификасына сәйкес көптеген айырмашылықтары бар екені сөзсіз, мысалға айтсақ ішкі істер органдарының қызметкерлері зейнеткерлік демалысқа ерте шығады. Бұл әрине барлық құқық қорғау органдарына және әскери қызметкерлерге тән жеңілдік деп айтсақ болады. Заңмен ондай жеңілдіктердің берілуі жоғарыда айтқан қызмет атқарудың ерекшелігіне байланысты екені айдан анық.
Ішкі істер органдарының қызметтерінің ұйымдастырушылық құқықтық негізі 1995 жылдың 21 желтоқсанында қабылданған ішкі істер органдары туралы заңда көрсетілген болатын. Бұл заңда ішкі істер органдарының құқықтық жағдайы, яғни құқықтыры мен міндеттері толығымен дерлік қамтылған деуге болатын, бірақ кейінгі кездері осы ішкі істер органдары туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу немесе тіпті жаңадан ішкі істер органдары туралы жаңа заң қабылдау керек деген пікірдер, көзқарастар жиі айтылып жүр. Бұл заңды құбылыс деп айтуға болады, себебі ішкі істер органдары туралы заңның қабылданғанына міне он алты жылдай уақыт болыпты. Осы уақыт ішінде елімізде көптеген саяси әлеуметік өзгерулер болып жатты. Демек жаңа заңның қабылдануы бұл заман талабы.
Ішкі істер органдарының қызметтерінің ұйымдастырушылық құқықтық негізін талдау кезінде олардың құқықтарынан гөрі міндеттері көппе деп қаласың, бірақ бұл сырт көзге солай, ал шын мәнінде бұл міндеттердің барлығы ішкі істер органдарының алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған.
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызмет атқару кезінде жасаған ерліктері мемлекеттік тиісті органдармен қарастырылып, ол қызметкерлер марапатталып жатады, бірақ солардың ішінде қызметт атқару барысында қаза табатындары да бар екені белгілі. Заңға сәйкес олардың отбасы мүшелеріне, балаларына жәрдем ақы төленеді бірақ ол қаза болған адамның орнын толтыра алмауы сөзсіз. Сондықтанда өз қызметтерін адал атқарған қызметкерлерді дер уақытында марапаттап, көтермелеп отыру қажет.
Өндірістік тәжірибе бойынша есебім кіріспеден, теориялық бөлімнен, тәжірибелік бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
I. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ
1. 1 Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары түсінігі
Құқық қорғау органдарының жүйесінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары айрықша орын алады. Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел iздестiру қызметiн, сондай-ақ қоғамдық тəртiптi сақтау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне қылмыстық жəне өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдын алу жəне жолын кесу жөнiндегi атқарушылық жəне өкiм етушiлiк функцияларын жүзеге асыратын арнайы мемлекеттiк орган болып табылады. Олар қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, мемлекет пен қоғамның мүдделеріне қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қолсұғушылықтардың алдын алу және оларды болдырмау жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
Қылмыстарды ашу, алдын алу, жою жəне тергеу, Ішкі істер органдарының қарауына жататын қылмыстар жөніндегі істер бойынша анықтауларды жүргізу, тергеу амалдарынан, ісін жалпы анықтаудан жəне соттан, қылмыстық жазасын өтеуден жалтарып жүргендерді, хабарсыз жоғалып кеткендерді іздестіруді ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Ішкі істер органдарының қызметі заңдылық, дара басшылық, ішкі істер органдары жүйесінің бірлігі, жариялылық, құқық қорғау және басқа да мемелкеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара іс қимыл жасау қағидаттарына негізделіп жүргізіледі. Ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін ҚР-ның Ішкі істер министрлігі, оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен республика астанасының, көліктегі оған бағынатын ішкі істер департаменттері, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелік, желілік ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, оқу орындары, мекемелер және өзге де ұйымдар құрайды. Ішкі істер органдарының құрамында криминалдық полиция, әкімшілік полиция және полицияның өзге де қызметтері, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің әскери құрылымдар мәртебесі бар әскери-тергеу органдары мен әскери полициясы құрылады.
Криминалдық полицияның негізгі міндеттері қылмыстарды анықтау, оның алдын алу, жолын кесу, оны ашу және тергеу, ішкі істер органдарының жүргізуіне жататын қылмыстар туралы істер бойынша анықтама ісін жүргізу, тергеуден, анықтамадан және соттан жасырынған, қылмыстық жазаны өтеуден жалтарған, хабарсыз кеткен және ҚР-ның заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда адамдарды іздестіруді ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады.
Әкімшілік полицияның негізгі міндеттері қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, оның алдын алу және жолын кесу, қылмыстарды ашу, ҚР-ның заңдарында белгіленген құзыретінің шегінде анықтама мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру, ұсталған және қамауға алынған адамдар, оның ішінде белгілі бір тұратын жері, құжаттары жоқ адамдар ұсталатын жерлерде құқық тәртібін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік қадағалау және бақылау жасау, ҚР-ның заңдарына сәйкес ішкі істер органдарына жүктелген лицензиялау мен рұқсат ету қызметін жүзеге асыру болып табылады. Әкімшілік полицияны полицияның учаскелік инспекторлары мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторлар қызметтері, сақшылық қызмет, лицензиялық және рұқсат ету жүйесі, табиғат қорғау және мал дәрігерлік полиция, жол полициясы бөлімшелері, ішкі істер органдарының арнаулы мекемелері және әкімшілік полицияның алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелер құрайды.
Әскери-тергеу органдарының негізгі міндеттері әскери қылмыстарды және әскери қызметшілер жасаған, ішкі істер органдары тергеуге тиісті қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу болып табылады. Ішкі істер министрлігінің әскери полициясы арнаулы орган болып табылады және ішкі әскерлердегі құқық тәртібін қамтамасыз етуге, әскери қылмыстар бойынша, сондай ақ ішкі әскерлердің әскери қызметшілері жасаған басқа да қылмыстар бойынша анықтаманы жүзеге асыруға, олардың арасындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге, әскери қылмыстарда ашуға, ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін іздестіруге арналған.
Ішкі істер органдарының міндеттері:
-қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
-қылмыстарды және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жою;
-кәмелеттік жасқа толмағандардың қараусыздығы мен құқық бұзушылықтардың жолын ашу;
-өрт қауіпсіздігі жағдайын қадағалауды қамтамасыз ету, өрт сөндіру;
-жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау және оны қамтамасіз етуді бақылау;
-мемлекеттік және өзге де нысандарды, жеке тұлғаларды қорғау.
Ішкі істер органдарының қызметі - заңдылық, дара басшылық, Ішкі істер органдарының тұтастығы, жариялылық, құқық қорғау, мемлекеттік органдар мен және азаматтармен өзара әрекеттестік қағидаттары негізінде құрылады.
1. 2 Ішкі істер органдарының құқықтары мен міндеттері
Iшкi iстер басқармасының осыған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдар арқылы жүктелген мiндеттердi атқару үшiн өз құзыретi шегiнде:
Азаматтардан қоғамдық тәртiптi және қоғамдық қауiпсiздiктi сақтауды талап етуге, құқыққа қарсы iс-қимылдар мен iшкi iстер басқармасының өкiлеттiгiн жүзеге асыруға кедергi келтiретiн әрекеттердi тоқтатуды талап етуге құқығы бар. Бұл талаптар орындалмаған жағдайларда тиiстi мәжбiрлеу шараларын қолдануға;
Қылмыс пен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған деп сезiктелген жағдайда азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ орындалуын бақылау iшкi iстер басқармасына жiктелген белгiленген ережелердiң сақталуын тексеруге қажеттi басқа құжаттарды тексеруге;
Кез-келген жасалған немесе әзiрленiп жатқан құқыққа қарсы қарсы қол сұғу, соның iшiнде олардың қарауына жатпайтындар туралы арыздар мен хабарларды қарауға, оларды тiркеуге, олардың жолын кесу, ашу, оларды жасаған адамдарды ұстау, қоғамдық қауiптi зардаптарға жол бермеу жөнiнде нақтылы шаралар қолдануға;
Қылмыстарды анықтау, тоқтату, ашу және тергеу кезiнде басқа органдарға, ұйымдар мен лауазымды тұлғаларға атқарылуы мiндеттi тапсырмалар беруге;
Азаматтарды iс жүргiзудегi материалдар мен қылмыстық iстер бойынша iшкi iстер басқармасына шақыруға, олардан түсiнiктемелер, құжаттар, олардың көшiрмелерiн алуға, жауап алуға, сондай-ақ шақырғанда келуден дәлелдi себепсiз жалтарған адамдарды мәжбүрлеп алып келуге;
Осы қызметтi реттейтiн заңдарға сәйкес әкiмшiлiк iс жүргiзудi жүзеге асыруға; хаттамалар жасауға, әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, тәртiп бұзушыларды жеткiзуге, әкiмшiлiк ұстауды жүргiзуге, кiсiнiң жеке басын тексеруге, сондай-ақ заттары мен құжаттарын тексеруге және алып қоюға;
Құқық бұзған әскери қызметшiлердi ұстауға және оларды әскери коменданттарға, әскер бөлiмдерiнiң командирлерiне немесе әскери комиссарларға беруге;
Егер оларды жедел оқшаулау қажет болса, он сегіз жасқа толмаған және құқық бұзған, сондай-ақ арнаулы оқу-тәрбие мекемелеріне жіберілетін кәмелетке толмағандарды заңда белгіленген тәртіппен ұстауға және Уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарында ұстап отыруға: 3-тен 16 жасқа дейінгі қадағалаусыз, сондай-ақ ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдерді Уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарына жеткізуге және онда ұстап отыруға, одан әрі қорғаншылық және қамқоршылық орындарына беруге;
Әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарды ұстауға;
Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес тексеру материалдары, әкiмшiлiк және қылмыстық iстер бойынша қажеттi зерттеулер жүргiзуге;
Қозғалған қылмыстық iстер жөнiнде мемлекеттiк органдарда, сондай-ақ ұйымдарда ақпарат пен материалдарды кедергiсiз және өтеусiз алуға;
Заңдарда көзделген жағдайларда белгiлi тұрғылықты орны, құжаттары жоқ адамдарды олардың жеке басын куәландыру және кейiннен тиiстi органдар мен мекемелерге (көшi-қон, медицина, әлеуметтiк және өзге де) беру мақсатында прокурордың санкциясымен отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге ұстауға және қабылдау-бөлу орындарында отырғызуға;
Қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетi мен қоғамдық имандылықты қорлайтындай мастық күйде жүрген не айналадағыларғанемесе өзiне зиян келтiруi мүмкiн, ал тұрғын үйде болып, қоғамдық тәртiптi бұзған адамдарды - олармен бiрге тұратын азаматтардың арыздары бойынша арнаулы медицина мекемелерiне не iшкi iстер басқармасының кезекшi бөлiмдерiне жеткiзуге және оларда айыққанға дейiн ұстауға;
Заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық iс жүргiзу әрекеттерiн және жедел iздестiру шараларын жүргiзуге, оларды жүргiзуге мамандарды тартуға, дерек мәлiметтердi жинау және зерттеу үшiн ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға құқығы бар. Бұл ретте мемлекеттiк және өзге де заңмен қорғалатын құпияны қорғайтын мәлiметтер, сондай-ақ адамдардың жеке өмiрi, жеке басы мен отбасының құпиясы туралы мәлiметтер жария етiлуге тиiс емес;
Қамауға алынған, қылмыс жасады деген сезiкпен ұсталған, қылмыс жасады деп айып тағылған, әкiмшiлiк қамауға алынғандарды, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзған деп сезiктелген адамдарды, олардыңжеке басын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, тiркеуге, фотосуретке түсiруге, дыбысын жазуға, кино және бейнекөрiнiске түсiруге, дактилоскопия жасауға;
Құқық тәртiбiн қорғау жөнiндегi мiндеттердi шешудi, соның iшiнде әкiмшiлiк қадағалауға алынған және ескерту арқылы ықпал жасалуға тиiс адамдарды, әкiмшiлiк құқық бұзған және оларды қайталап жасауы күшейтiлген жауаптылыққа әкелiп соғатын адамдарды есепке алуды қамтамасыз ететiн мамандандырылған есепке алуды, ақпарат жүйелерiн құрауға және пайдалануға, есепте тұратын адамдардың мінез-құлқын қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруға;
Әкiмшiлiк құқық бұзу iстерi жөнiнде алдын ала тергеу, анықтама және iс жүргiзу барысында ғылыми-техникалық зерттеулер жүргiзуге;
Адамдардың iшiмдiк, есiрткi және психотроптық заттарды қолданғандығын белгiленген тәртiппен куәландыруға немесе оны жүргiзу үшiн оларды медициналық мекемелерге жiберуге не жеткiзуге;
Кiдiртуге болмайтын жағдайларда қызмет мақсатында, қай жерде орналасқанына және кiмге тиесiлi екендiгiне қарамастан халықаралық және қалааралық сөйлесуге кеткен шығындарды өтей отырып, байланыс құралдарын пайдалануға;
Өзге мүмкiндiктер болмағанда меншiк нысанына қарамастан (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халыәаралық ұйымдардан басқа) жазатайым оқиғалар, дүлей апаттар болған жерлерге бару және жедел медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелерiне жеткiзу үшiн, сондай-ақ кiдiртуге болмайтын өзге де жағдайларда, иелерiне залал келтiрiлген жағдайда оны өтей отырып, көлiк құралдарын пайдалануға;
Ішкi iстер басқармасының қызметiн жария ету, қылмыстың мән-жайын, сондай-ақ оны жасаған адамдарды анықтау үшiн, тергеуден, анықтама алудан және соттан бой тасалап жүрген адамдарды және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды iздестiру үшiн қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету барысында пайда болған өзге де жағдайларда мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкiндiгiн тегiн пайдалануға;
Азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн қылмыс жасаған, әкiмшiлiк құқық бұзған деп сезiктелген адамдардың iзiне түскен кезде не ол жерде қылмыс, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалды немесе жасалуда, жазатайым оқиға болды деп санау үшiн жеткiлiктi мәлiметтер болса, сондай-ақ дүлей апаттар, күйреулер, авариялар, эпидемиялар, эпизоотиялар және жаппай тәртiпсiздiктер кезiнде азаматтардың жеке басының қауiпсiздiгi мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн азаматтардың тұрғын және басқа жайларына, оларға тиесiлi жер учаскелерiне, аумаққа және үй-жайларға (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардан басқа) кедергiсiз кiруге және оларды тексеруге хақылы. Азаматтарға тиесiлi тұрғын және басқа жайларға басып кiрген жағдайлар жайында осыған уәкiлдiк берiлген iшкi iстер басқармасы жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорды хабардар етуге;
Азаматтардың жекелеген учаскелер мен аумақтарға кiруiн шектеуге немесе оған тыйым салуға қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жедел iздестiру шаралары мен тергеу iс-әрекетiн жүргiзген кезде оларды белгiлi бiр орынды босатуға мiндеттеуге;
Жергiлiктi атқарушы немесе басқа өкiлеттi мемлекеттiк орган өкiлiнiң ұйғаруымен, жиналысты, митингтi, демонстрацияны, шерудi, пикеттi, оның ұйымдастырушылары аталған шараларды өткiзу тәртiбi туралы заң талаптарын сақтамаған жағдайда, тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға;
Қамаудан қашқан адамдарды iздестiруге байланысты шараларды жүргiзген кезде өздiгiнен бақылау-өткiзу пункттерiн орнатуға;
Карантиндiк шаралар жүргiзiлген кезде, сондай-ақ құрамында есiрткi бар жабайы өсiмдiктер жаппай өсетiн, балықтың құнды тұқымдарының уылдырық шашатын жерлерiне, ұлттық парктердiң, мемлекеттік қорықтар мен заказниктердің аумақтарына тиісті атқарушы органдар мен лауазымды адамдардың шешімімен бақылау-өткiзу пункттерiн орнатуға;
Мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ ұйымдардың жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде қызметiн бақылауға және орындалуы мiндеттi ұйғарымдар беруге; автомобиль жолдарын, көшелердi, жол құрылыстарын, темiржол өткелдерiн, қалалық электркөлiгi желiлерiн, сондай-ақ автомотокөлiк техникасының жаңа үлгiлерiн пайдалануға қабылдау жөнiндегi комиссиялардың жұмысына қатысуға; жол қозғалысы қауiпсiздiгiне, сондай-ақ көшелер мен жолдарды салуға және қалпына келтiруге қатысты ережелердiң, нормативтер мен стандарттардың, көлiк құралдарының конструкциялары мен жүргiзушiлер даярлау жөнiндегi оқу бағдарламаларының жобаларын келiсуге; техникалық жай-күйi жол қозғалысы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн көлiк құралдарының пайдалануына тыйым салуға; ұйымдардың көлiк құралдарының, оларды пайдалануды жалғастыру жол қауiпсiздiгiне қатер төнгiзсе, ұйғарымдар орындалғанға дейiн, желiге шығарылуын тоқтата тұруға;
Заңдарда белгiленген тәртiппен және реттерде көлiк құралдарын тоқтатуға және жүргiзушiлердiң оларды пайдалануға және жүргiзуге құқық беретiн құжаттарын, жүктер мен оларды тасымалдауға құқық беретiн құжаттарын тексеруге; мас адамдарды, көлiк құралдарын жүргiзуге немесе пайдалануға құқық беретiн құжаттары жоқ адамдарды, сондай-ақ заңдарда көзделген басқа да жағдайларда, көлiк құралын жүргiзуден шеттетуге; заңдарда көзделген негiздер бойынша көлiк құралдарын ұстауға және Ішкі істер министрлігі белгілейтін мәжбүрлеу тәртібімен оларды жергілікті атқарушы органдардың шешімімен жасалған арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарға уақытша сақтау үшін жеткiзуге, сондай-ақ көлік құралдарының жүріс бөліктерін жауып тастауға; көшелер мен жолдарда көлiктiң және жаяу адамдардың қозғалысын, сондай-ақ оларда жүргiзiлiп жатқан барлық жұмыстарды уақытша шектеуге немесе оларға тыйым салуға;
Қажет болған жағдайларда шаруашылық жүргізуші субъектілер мен азаматтардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауын тексеруде мемлекеттік өрттен қорғау қызметіне жәрдем көрсетуге;
Төтенше жағдайларда барлық тұрғын, өндірістік және басқа да үй-жайларға бөгетсіз кіруге, сондай-ақ азаматтарды құтқаруға бағытталған өзге де шаралар қолдануға өртке қарсы күрес және апаттан құтқару қызметiнiң күштерi мен құралдарын, көлiк және басқа да материалдық-техникалық құралдарды меншік нысанына қарамастан ұйымдардың байланыс және химиялық қорғану құралдарын тартуға, қажет болған жағдайда адамдарды, материалдық құндылықтарды қауiптi аймақтан көшiруге өкiм жасауға; құтқару жұмыстарын жүргiзу және төтенше жағдайларды жою кезеңiне цехтар мен объектiлердiң жұмысын тоқтатуға;
Ұйымдарға Үкiмет белгiлеген тiзбелер бойынша қару-жарақ, оқ-дәрi, түрлі-түсті бейнедегі көбейткіш-көшіргіш техниканы жарылғыш, күштi әсерi бар химиялық, есiрткi, психотроптық, улы және радиоактивтi материалдар мен заттарды сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға, әкелуге, әкетуге, ал азаматтарға - қару-жарақ пен оқ-дәрiнi сатып алуға, өзiмен алып жүруге және сақтауға, әкелуге, әкетуге рұқсаттар беруге; қару-жарақпен сауда жасайтын магазиндердi, атыс тирлерi мен стендтерiн, қару-жарақ жөндеу шеберханаларын ашуға рұқсаттар беруге;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz