Әлеуметтік қызметкер және отбасы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Батыс Қазақстан «АТиСО» академиялық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Отбасымен әлеуметтік жұмыс технологиясы »

«Әлеуметтік жұмысының технологиясы» пәні бойынша

Орындаған:

0501000 «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының

күндізгі оқу бөлімінің 835 топ студенті

Қожамуратова Г. Н

Тексерген:

арнайы пән оқытушысы М. У. Шналиева

Орал 2021

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ4

1. 2. Курстың мақсаты:

1. 3. Курстың міндеттері:

2. 1 . Курстың тақырыптық жоспары

2. 2. Жас отбасы әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде

2. 3. Жас отбасымен әлеуметтік жұмыстың міндеттері мен құрылымы

2. 4. Жас отбасымен әлеуметтік жұмыстың формалары мен әдістері

Қорытынды…

Қосымша мәліметтер…. .

Пайдаланылған əдебиеттер….

ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

Ешқандай халық, ешқандай өркениетті қоғам отбасысыз болуы мүмкін емес. Отбасы - қоғамның ажырамас ұяшығы жəне оның маңызын төмендету болмайды. Шолушы болашақ қоғам да отбасысыз ойлай алмайды. Əрбір адам үшін отбасы бастаулард бастамасы. Бақыт түсінігін əрбір адам ең алдымен отбасымен салыстырады: өз үйінде бақытты адам ғана бақытты. Отбасы - қоғамның əлеуметтік жəне экономикалық дамуының маңызды
бастамасы. Ол адамның басты қоғамдық байлығын өндіреді.

Қазіргі заманғы отбасының проблемасы өте маңызды жəне актуальды жағына жатады. Отбасының маңыздылығы, отбасы - қоғамның бірден-бір негізгі əлеуметтік иниституттары, адамзат өмірінің басты тасы ретінде аықталды. Басқаша қарасақ, қазіргі уақытта отбасы институты ішкі терең дағдарысты басынан өткізуде. Отбасының экономикалық, əлеуметтік, адамгершілік негіздері бұзылғаны анықталды, ол отбасы өмірінің бейнесіндегі, өмірлік некедегі, аз балалы болудағы, жалғыз басты - үйленбеген тəуелсіздердің мəртебесінің өсуіндегі жəне т. б. девальвация үдерісін тездетті. Кез келген отбасы сыртқы факторлардан басқа, оның табиғи өмірлік айналымынан өткен кезде туында проблемалармен кездеседі. Бүгінгі күні отбасы күрделі жағдайда тұрғандығын констатациялауға болады, бұл кезде төмендегіні атап өтсек болады:

1. Тұрғындардың шұғыл қайыршылануы, отбасы кірістерінің төмендеуі;
2. Жасөспірім суицидінің өсуі;
3. Кəмелетке толмаған балалары бар жұмыссыз отбасылар санының өсуі (олардың ішінде
шамамен 10%-жартылай «аналық» отбасылар, 10%-көбі-көп балалылар) ;
4. Жартылай отбасылардың таралуы мен ең болмаса бір бала тууды тілемейтін
жұбайлардың санының өсуін көрсеткен, ата-ана жəне отбасын (жұбайлар) бөлісуі;
5. Неке мен отбасы иниституттарын бөлу. Нақты некелердің өсуі мен некесіз балалардың
туылуы т. б.
6. Көп ұрпақты отбасылардың жəне ұрпақтар арасындағы қарым-қатынастың бөлінуі;
7. Кедей, қайыршы (бақытсыздыққа ұшыраған) отбасылардың өсуі;
8. Толық емес отбасылардың санаты көбеюде.
Осындай жағдайларды, яғни проблемаларды жою қажет. Өйткені отбасы қоғамның ең басты негізі. Қазіргі жаһандану үдерісінің кесірінен бүкіл дүниежүзі елдеріне көптеген проблемаларымен күресуге тура келеді.
Отбасымен əлеуметтік жұмыс қазіргі заман талабынан туындап отыр. Біздің елімізде де отбасымен жүргізілетін əлеуметтік жұмыс ертеден қалыптасып, өзіндік ұлттық ерекшеліктерімен айқындалады.

Осы жұмыста отбасымен əлеуметтік жұмыс жүргізу, оның Қазақстандағы ерекшеліктері, отбасына қандай ілеуметтік көмек көрсетіліп отырғаны жəне осы уақытқа дейін отбасы мен əлеуметтік жұмыс қалай жүргізілгендігі туралы жазылған.

Зерттеудің мақсаты:

Отбасы қоғамдағы ең басты иниститут болғандықтан онымен жұмыс
жүргізу негізгі мақсатқа алынды. Яғни, отбасының барлық мəселелерін шешу, оны қоғам өмірбейімдеу мақсатқа негіз болды.

-
-
-
-
Отбасының жалпы жағдайын жақсарту;
Отбасы мəселелерін қоғам болып жеңу;
Отбасының мемлекет тарапынан қамтамасыз етілуіне жағдай жасау;
Отбасы туралы жалпы мəліметті айқындап, оған көмек көрсету жолдарын қарастыру;

Кіріспе

Әлеуметтік салада жұмыс істейтін болашақ мамандарды кәсібі дайындығын тиімді қалыптастыру үшін студенттер отбасының әлеуметтік-педагогикалық мәні туралы студенттерге оқыта отырып, неке- отбасы қарым-қатынастарына дайындау қажеттігін меңгерүге үйретеді.

Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, оқу пәндерден үйретумен, сабақтан тыс уақытта, студенттердің педагогикалық пратика кезіндегі жұмысын ұйымдастыруға жаттықтырады.

Отбасы әлеуметтік институт ретінде мәдені - әлеуметтік өзгерістердің әлеуметтік ортасында қарастырылады. Сондықтан әр түрлі стресстік жағдайларда түскен кезде, өз ішкі ресурстармен оларды және алмаса. Ондайда әлеуметтік қолдау көрсету қажет.

1. 2 Курстың мақсаты: қоғамның әлеуметтік- мәдені дамуы мен жас ұрпақты әлеуметтендірудің маңызды факторы ретінде отбасы институтының мәнін ашу болып табылады.

1. 3 Курстың міндеттері:

  • студенттердің отбасы, оның ерекшеліктері, функциялары, тәрбиелік механизмдері мен психологиялық климаты туралы білім терендету;
  • отбасы мен некенің туу тарихын ашу;
  • болашақ әлеуметтік қызметкерлердің педагогикалық мәдениетін, отбасындағы келіспеушіліктерді талдау және шеше білу қабілетін қалыптастыру;
  • отбасындағы педагогикалық процестің мәні туралы түсінікті қалыптастыру
  • болашақ әлеуметтік қызметкерлердің студенттермен отбасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу қабілетін жетілдіру;

Курсты оқу нәтижесінде студент білуі тиіс:

  • Отбасы мен балалармен жұмыс жасаудың мәнін;
  • Отбасы мен неке тарихи негiздерiн;
  • Отбасымен жұмыс жасауда диагностиканың өткізу ерекшеліктерін;
  • Қазіргі отбасыларының сипаттамасын, ерекшеліктерін;

Курсты оқу нәтижесінде студент мынадай біліктер мен дағдыларға ие болуы тиіс:

  • отбасымен жұмысты қазіргі әлеуметтік теориясына сәйкес жүзеге асыру;
  • отбасыен және балалармен жұмыс жасауда тиісті іс- әрекет түрлерін, әдістері мен формаларын таңдай алу;
  • қажетті әлеуметтік технологияларды меңгеру;
  • ғылыми тұжырымдамаларға, құқықтық-нормативтік құжаттарға талдау жасау,
  • әлеуметтік зерттеудегі диагностикалық әдістемелерді қолдану.

1-тарау. ОТБАСЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ

1-тақырып Отбасымен әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде

«Неке» және «Отбасы», «отбасы әлеуметтендірудін алғашқы институты ретінде» ұғымдарына анықтама беру. Неке және отбасы институттарын танудың әдістемелік негіздері. Отбасының түрлері және құрылымы (туысқандық, жұбайлар арасындағы басқарушылығының анықталуы, балалар саны бойынша, тұрмыстық міндеттердің сипатына қарай бөлінуі, бос уақытты өткізудің сипаты) .

2-тақырып «Отбасымен әлеуметтік жұмыс» пәннің оқып үйрену курсы. Курс бойынша әдебиеттерге шолу жасау. әлеуметтік мамандық студенттері үшін берілетін курстың мақсаты мен тапсырмалары. Пәннің басқа ғылымдарымен байланысы. Қазіргі отбасының институционалдық сипаты. «әлеуметтік қызметкер», «әлеуметтік көмек » т, б. б. ұғымдардың мәні

3-тақырып Адам қоғамы тарихындағы отбасының эволюциясы. Адам қоғамы тарихындағы отбасы мен некенің ретроспективасын қарастыру. Шетел ғалымдардының отбасы және неке эволюциясы туралы зерттеулерің негіздеу(Дж. Баховен, Дж. Мак- Леннан, С. Мин, Л. Морган) . Ф. Энгелстің «Отбасының қалыптасуы, жеке меншік және мемлекет». Кеңес үкіметі кезіндегі отбасы тәрбиесінің қалыптасу теориясының ерекшеліктері. Адамзат қоғамның тарихындағы неке және отбасы эволюциясының сатылары: тұрпайы, қаскөйлік, өркениеттік.

4-тақырып Әлеуметтік қызметкер отбасымен іс-әрекеттің негізгі түрі ретінде. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс іс- әрекеті объектісінің ерекше түрі ретінде. Отбасымен және балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізудегі мазмұны және мәні. Әлеуметтенудің басты институты ретіндегі отбасының белгісін тұрақтандыру. Қазақ отбасыларындағы тәрбие ерекшеліктері. Ата - аналардың педагогикалық мәдениетін қалыптастырудағы әлеуметтік педагог іс- әрекетінің рөлі.

5-тақырып Отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу тарихынан.

Отбасымен және балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізу тарихының шығу тегі. Э. Мейоның, отбасылар үлгілеріне өндірістік қатынастардың талдауы. Ағылшын мәденіетттанушы Дж. Дэвистің нуклеарлық отбасына әдеттегі отбасынан мемлекеттік көніл бөлуінің аусыуы. М. Сапис пен К. Уэллстін отбасы міселелерін оқудың жеке түсіндірме әдістемесі. Рессейдегі әлеуметтік жұмыс: генезіс пен даму жолдары.

6-тақырып Отбасымен әлеуметтік жұмыстың шетелдік тәжірибедегі әдістемелер мен әдістік аспектілер. әлеуметтік жұмыстың қалыптасқан жүйесінің елдік типтеріне байланысты, тұрғындардың әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттің рөлі.

7-тақырып Отбасымен жұмыс жүргізудегі отандық қалыптасу тарихы. әйелдер мен балаларды мемлекеттік қорғаудың ролін ашудағы Әл Фарабидің ғылыми ізденістері. «жеті жарғы заңы»(немесе Тәуке хан заңы) . Қолдау мен көмекті қажет ететің тұрғындар топтарын әлеуметтік қорғауға ұмтылыс ретіндегі мемлекеттік жетімханалар мен мекемелер, қамқорлық үйі. Отбасылар мен балалардың жағдайын жақсарту жұмысындағы қеністік басқару орындарының революциядан кейінгі және соғыстан кейінгі әс әрекеттері. ҚР әйелдер мен балалар жөніндегі Ұлттық Комиссияның іс әрекеті.

8 - тақырып Отбасының әлеуметтік мәселелері отбасы жағдайының әлеуметтік психологиялық анықтамасы. Отбасы түрлері және отбасының қазіргі таңдағы мәселелері. Қазақстандағы бала туудың денгейінің төмендеу мәселесі. Тұрғындардың репродуктивтік және матримониалдық мінез құлқын зерттеу. Қазіргі отбасылардың тоқырау тенденциялары. Жағдайы төмен отбасылардың түрлері.

9 - тақырып «Қауіп - қатері бар тобындағы» отбасылардың әлеуметтік проблемаларының ерекшеліктері. Әскери қызметтегілер мен олардың отбасындағы әлеуметтік мәселелердің өзгешілігі. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және әлеуметтік атқару жұмысы. Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасымен әлеуметтік жұмысы. Қиын жағдайдағы отбасылар категориясы мен мәселелілері бар отбасылар.

10 - тақырып Отбасымен жұмыс жүргізетін әлеуметтік қызметкердің кәсібі және рухани адамгершілік қасиеттері. Отбасымен жұмыс жүргізетін әлеуметтік қызметкердің кәсіби бейнесі. Әлеуметтік қызметкерлердің рухани- адамкершілік бейнесі. Әлеуметтік қызметкерлердің іс-әрекетінің нормативтік -құқықтық базасы. Әлеуметтік қызметкерлердің нормативтік базасы анықтайтын құқықтық құжаттардың 5 деңгейі: БҰҰ, МОТ, ЮНЕСКО және т. б. . ; Конституция және кодекстер, заңдар, Қазақстан Республикасы Призидентінің бұйрықтары; Өз аумағындағы заңдарды іске асыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының құжаттары; Қалалық және аулдық мекемелердің құжатары; Ұймдар мен мекемелердің тікелей нұсқаулары мен бұйрықтары, шешімдері.

11 - тақырып Ана болу қазіргі қоғамдағы әйелдердің басты рөлі.

Қазырғы кездегі ана болудың ерекшеліктері, негізгі заң құжаттары, мектепке дейінгі және мектеп ұжымдарының сандық кемуі - ана болудың кері әсер етуші факторлары, некеге отыруға санының кемуі, қоныс аударулар, ана болудағы құқықпен қамтамасыз етуді толықтыру, баласыздық. Әлеуметтік жетімдік мәселесі.

12 - тақырып Отбасы мен балаларға әлеуметтік- педагогикалық қөмек беру орталығы - әлеуметтік тәрбие институты. Орталықтардың іс- әрекеттерінің құрылымы, мақсаты мен міндеттері, негізгі принциптері мен жұмыс бағыттары. Отбасымен жұмыс жүргізу кезендері. Қазіргі тандағы отбасы мәселелнрі, отбасы жағдайындағы төмендеуінің себептерін анықтау. Орталықтардың түрлері: жазғы еңбек бригадалары, күндізгі емдік сауықтыру лагері.

13 - тақырып Отбасылық қатынастардың мәселелері

( отбасылық келіспеушілік және ажырасу) . Отбасындағы ажырасу алдындағы жағдайлар, себеп- салдарлары; жас отбасылардың қалыптасуындағы аға буынның ролі; жас отбасылардың репродуктивті қызметі; жас отбасындағы ерлі- зайыптылық қатынастардың мәдениетінің қалыптасуы. Отбасындағы психологиялық ахуалында бос уақыттың алатын ролі. Әлеуметтік қызметкерлердің іс - әрекетіндегі әлеуметтік - психологиялық аспект. Қазіргі тандағы әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктері. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының бір бағыты - отбасы саясаты: өмірлік және еңбек жағдайын келістіретін факторлар; әлеуметтік жұмыстың принциптері. Әлеуметтік қызметкер мен клиенттің қарым- қатынасы; түсіністік, ашықтық, «тексеру» психологиялық тіректердің болуы. Қазырғы кездегі отбасындағы келіспеушіліктердің себептерін анықтау. Үйлесімді ерлі - зайыптылық қарам- қатынастарын тәсілдерін реттеу. Ажырасу себептері. Келіспеушіліктердің оң және теріс жақтары. Ажырасудың зардаптары. Ажырасулардың алдын -алу. Отбасы қарым- қатынастарын тактикалық реттеуіштер. 1998 жылғы Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» заңы. Ажырасу мен неке жайында зандағы бөлімдері. Қарағанды қаласындағы оқитын жастардың арасындағы ажырасу жағдайы. Э. Фишер бойынша ажырасу кезендері.

14 - тақырып Психоәлеуметтік кенес беру әлеуметтік жұмыстың технологиясы ретінде. Әлеуметтік көмек көрсету объетілері; «қенес берудің» анықтамасы; психоәлеуметтік кеңес берудің мақсаты мен міндеті; арнайы кеңес берудің негізгі стратегиялары. Клиентке көмек берудің 9 сатысы. Жас отбасымен жұмыс істеудің әдестері мен мазмұны: Диагностикалық жұмыс; «диагноз» қою. Өз міндеттерін дұрыс орындамайтын отбасыларын анықтау. Білім беру мекемелері мен медициналық мекемелердің өзара әрекетін іске асыру, еңбекпен қамтылу мәселелеріне ықпал жасау. Жағымсыз құбылыстарды ескерту мен аттап өтудің психологиялық, құқықтық, әлеуметтік - құқықтық механизмдерін іске асыру.

15- тақырып Студент жастарды отбасылық өмірге дайындау. Отбасының әлеуметтік мәнін, әрекетін түсіну. Некелік - отбасылық адекваттық ойлардың қалыптасуы. Құндылық бағыттарды тәрбиелеу. Отбасы құруға дайындық болуы. Студенттерде некелік - отбасылық адекваттық ойлардың қалыптасуы. Некелік- отбасылық қатынастар саласындағы құндылық бағыттылық ойларды тәрбиелеу. «отбасы құруға дайындық» ұғымының анықтамасы. Студенттік жастардың отбасын құруға дайындығының ғылыми негіздері. Жоғарғы оқу орындарындағы біртұтас педагогикалық процестер негізінде студенттік жастардың некелік- отбасылық қатынастарын құруға дайындығын қалыптастырудағы әлеуметтік педагогтың жұмысының әдістері мен формалары. Некеге дейінгі ара қатынасына қөніл бөлудің ерекшіліктері. Үйлесімділік психологиясы. Некеге дейінгі көніл бөлудің ерекшеліктері мен сатылары.

2. 2. Практикалық сабақтардың мазмұны

1-тақырып Отбасылық бос уақытты ұйымдастырудың әлеуметтік мәселелері

Отбасы-әлеуметтік мәселе ретінде.

Отбасылық уақытты өткізу жолдары.

ҚР отбасылық демалыс ұйымдастыру перспективалары.

2-тақырып Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін қалыптастыру

Ата-аналарға арналған педагогикалық дәрістер.

Ата-аналармен өткізлетін шаралар түрлері.

Ата-аналармен өткізлетін шаралардың жоспарлауы.

3-тақырып Әлеуметтік қызметкер және отбасы

Әлеуметтік қызметкердің отбасымен қарым-қатынас жасау ерекшеліктері.

Әлеуметтік қызметкердің отбасымен жүргізілетін міндетті жұмыстары.

Әлеуметтік қызметкердің отбасымен жұмысын жоспарлауы.

4-тақырып Қазіргі қезендегі отбасылардың қызметттері

Қазіргі кезде педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік әдебиетте отбасы туралы жалпы теориялар.

Қазіргі кезде отбасы қызметтері

5-тақырып Некеге дейінгі отбасылардың қөніл бөлу ерекшеліктері және отбасы(психологиялық үйлесімділік)

6-тақырып Отбасы құрамы және саны, оның отбасындағы тәрбие потенциялына әсері

Отбасына жалпы сипаттама.

Отбасының тәрбие потенциалы және оған түрлі факторлардың әсері

Отбасы микроклимат зерттеу жолдары.

7-тақырып Ата-аналардың беделі және олардың отбасындағы рөлі

Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлдері.

Ата-аналардың беделі, оны көтеру жолдары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы жағдайын әлеуметтік - психологиялық анықтау
Отбасы және бала тәрбиесі
Жұмыссыздық және оның түрлері туралы ақпарат
Жұмыспен қамту бөлімі
Әлеуметтік қызметкердің кәсіби құндылықтары
Отбасын негізгі тәрбие мектебі ретінде қарастыру
Отбасындағы сәтсіздік түрлері балалық шаққа педагогикалық демеу беру әдістері
Дұрыс тәрбиенің кілті-отбасында
Отбасымен жүргізілетін жұмыстың түрлері
Әлеуметтік қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz