Өсімдік зиянкестері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылық министрлігі

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Клиникалық ветеринариялық медицина кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Дәрілік өсімдік зиянкестері

Орындаған: Қамзина М. Е

ВМ-301

Тексерген: Жылгелдиева А. А

Алматы 2020 ж

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

1. Өсімдік зиянкестері

2. Өсімдікке зиянкестердің азықтық бейімделуі

3. Өсімдіктің активті реакциясы

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

Өсімдік иммунитеті XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында ғылым ретінде дами бастаған . Иммунитет латынның «immunitas» деген сөзінен шыққан, оның мағынасы - «арылу». Иммунитет деп организмнің ауру қоздырғышын және оның өмір сүру процесінде бөліп шығаратын заттарын (токсин, фермент т. б. ) қабылдамауын айтады. Орыстың ұлы ғалымы И. И. Мечников (1845-1916) «Организмнің инфекциялық ауруды қабылдамау қасиеті - жалпы жүйелі құбылыс, соған байланысты организм ауру тудырғыш микроорганизмдердің шабуылына қарсы тұра алады» деген. Бұл ғалым жануарлар иммунитетін зерттеп өзінің «целлюларлық» теориясын ашқан. Ол теория бойынша«Жануарлардың патогенді микроорганизмдерді қармап, қорытатын арнайы клеткалары - фагоцидтері болады» деген. Өсімдікте ондай арнайы клеткалар болмайды, бірақ эндотропты микоризада өсімдік тамыры арқылы енетін саңырауқұлақтардың қорытылатынын Бернар байқаған.

Өсімдік иммунитетінің негізін қалаған Н. И. Вавилов (1887-1943ж. ) . Ғалым «Өсімдіктің инфекциялық ауруларға иммунитеті» деген еңбегінде екі теорияға тоқталады. 1. Өсімдік иммунитеті, өсімдіктің генотипіне байланысты, яғни өсімдік иммунды немесе иммунды емес болады. 2. өсімдік иммунитеті өсімдіктің алғаш қалыптысқан экологиялық-географиялық центріне байланысты. Геоцентрінен өсімдік алшақтаған сайын оның иммунитеті төмендейді. Мысалы, астық, бұршақ дақылдарының қалыптасқан геоцентрі Жерорта теңізі, ал осы өсімдіктің иммунитеті еуропалық бөлікте төзімді болса, Орта Азияда орта төзімді немесе қабылдағыш келеді. 1919жылы Н. И. Вавилов өзінің «Өсімдік иммунитеті» деген монографиясын жазып шығарды. Бұл еңбек жалпы селекция жұмыстарының едәуір алға жылжуына әсерін тигізіп, шет елдерде ауыл шаруашылық өсімдіктерінің көптеген төзімді сорттары шығарылды .

Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер - медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.

Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады . Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т. б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.

Өсімдік зиянкестері - мәдени және жабайы өсімдіктерді зақымдайтын не мүлде құртып жіберетін жәндіктер. А. ш. өсімдіктерінің негізгі зиянкестеріне омыртқалы жануарлардан - сүтқоректілер, әсіресе кемірушілер (саршұнақ, қарақас, тышқан, қосаяқ, аламан тышқаны, т. б. ) ; омыртқасыздардан - бауыр аяқты былқылдақ денелілердің кейбір түрлері, бунақденелілер, өрмекші тәрізділер, көп аяқтылар, жұмыр құрттар, құстар(қарға, қараторғай), кенелер, моллюскілер жатады. Ең көп зиян келтіретіндері - бунақденелілер, олардың түр құрамы көп, өсімтал және жылдам өсіп жетіледі. Өсімдікқоректі жәндіктер мен кенелер қоректі талғап алу дәрежесіне қарай полифагтар (әр түрлі тұқымдасқа жататын өсімдіктермен қоректенушілер), олифагтар (бір тұқымдасқа жататындармен қоректенушілер), монофагтар (бір ғана өсімдік түрімен қоректенушілер, жалаңқоректілер) болып бөлінеді.

Көкөніс дақылдарын қырыққабат ақ көбелегі, қырыққабат қоңыр көбелегі, қырыққабат күйесі, т. б. зақымдайды. Жалаңқоректілердің ішінде аса зияндылары жаздық бидайды зақымдайтын - астық сұр көбелегі, асбұршақ дән қоңызы, алманы зақымдайтын - алма жемірі. Бунақденелілердің өсімдікті зақымдауының негізгі екі түрі ерекшеленеді: 1) ауыз мүшелі кемірушілер; 2) ауыз мүшелерін шаншып сорғыштар.

Бірінші түрлері - жапырақтарды, сабақтарды, өркендерді зақымдап жесе, кейбіреулері ағаш қабығын, тамырын, діңін кеміріп жейді;

Екіншілері - қоректену алдында өсімдікке сілекей бездерінен бөлініп шығатын ферменттерін енгізеді, соның салдарынан биохимиялық өзгеріс туындайды.

Өсімдік зиянкестері а. ш. өсімдіктерінің белгілі бір мүшесіне бейімделіп, сонымен қоректенген болса - тамыр, сабақ, жапырақ, бүршік, гүл, жеміс, т. б. зиянкестері деп ажыратылады. Олардың таралуы және егістіктің белгілі бір өсімдіктерінде зиянкестердің бірнеше түрлерінің шоғырланып қалыптасуы - қоршаған ортаның өзгеру жағдайымен, зиянкестер түрлерінің сол ортаға бейімділігімен тікелей байланысты.

Орман зиянкестері , ағаш, бұта өсімдіктерін зақымдайтын жәндіктер, кейбір кене түрлері, омыртқалы жануарлардан қоян, тышқан тұқымдас кемірушілер жатады. Қазақстанда орман зиянкестерінің ішінде жиі кездесетіні жәндіктер, қоректену түріне қарай: жапырақ жегілер (қылқан жапырақты да), дің кемірушілер, тамыр зиянкестері немесе топырақ мекендеушілер және жеміс, тұқым зиянкестері деп бөлінеді. Бұлардан көбелектер, құмырсқа, шыбындар, ткачтер тез көбейіп кететін болса, жапырақ жегілер, бізтұмсықтар, улы алагүліктер , т. б. біркелкі көбейіп, әсіресе жас ормандарда, саябақтарда, егін қорғау алқабында белгілі бір аймақта таралады. Дің зиянкестері негізінен қоңыздар (қабық қоңызы, сүген қоңыздар, зер қоңыздар, бізтұмсықтар) , кейбір жарғақ қанаттылар (мүйіз құйрықтылар) және көбелектер (бұрғы көбелек, жылтыр көбелектер) . Бұл зиянкестер ағаш тінін, сүрегін кеміреді, сапасын кемітеді, ағашты қуратады. Тамыр зиянкестеріне зауза қоңыздары, қарақоңыз, тақта мұртты қоңыздардың дернәсілдері жатады. Тамыр зиянкестерінің көпшілігі жұмыртқасын топырақ арасына салады және барлық даму сатылары сонда өтеді. Жеміс, тұқым зиянкестерінің түрі өте көп. Бұлар ағаштың генеративтік органдарын зақымдайды, орман шаруашылығына едәуір зиян келтіреді.

Өсімдікке зиянкестердің азықтық бейімделуі

Өсімдіктің зиянкестерге (насекомдарға) төзімділігі, оның ауруларға төзімділігіне Караганда аз зерттелген. Әйтсе де, қазіргі кезде 60-тан астамауылшаруашылық дақылдарының көптеген зиянкестеріне, кеміргіш және сорғыш түрлеріне төзімді .

Мысалы: 1. Швед шыбынына, кара күйе мен гельминтоспариоз ауруларына төзімді бидай сорттары шығарылды.

2. Қазіргі кезде Колифорнияда егілетін бидай сортының 98% - ыгессен шыбынынатөзімді.

АҚШ пен Канадада мақта, астык дақылдарының ішінде, жаздық бидайдың төзімді сорттарыегіледі.

Төзімді сортты практикада кең колданып, химиялық күресті қысқартып, ауаны ластанудан сақтайды.

В. Шапиро айтуы бойынша төзімді өсімдіктер табиғатта зиянды организмнің санын реттеуші негізгі фактор болыптабылады. Алайда адамдар азыктық сапасы жоғары мәдени сорттар шығара отырып, оларға зияндынасекомды таратады. Өсімдіктің жабайы түрлері құрамында адамдардан басқа да, алмайтын антинетабалиттер (токсин, алколоидтар, глюкозиттер. т. б) . Өсімдіктің ық механизмі осы қасиеттеріне байланысты. Азықтық сапасы мен өнімділігі жоғары мәдени өсімдіктерді шығару процесінде олардың имммунитеті жойылып көптеген насекомдардың зиянкес болып қалыптасуына себебін тигізеді.

Өсімдіктін активті реакциясы

Өсімдік төзімділігінің бұл типті тесіп сорушы зиянкестеріне ( біте, Цикада, трипс, қандала, кене ) тән . Бұл топтағы насекомдардың ас қорытуы ішек сыртында өтеді, яғни олардың ас қорытыу ферменттері өсімдікке енгізіледі де зақымдалған ткань жансызданып (өліп), ыдырап, қортылып дайын күйде зиянкес организміне өтеді .

Сондай - ақ насекомдар өсімдікте зат алмасу процесін бұзатын заттар бөліп шығарады . Соған байланысты өсімдік барлық қорғану күшін насеком ферменттерін бейтараптауға жұмсайды. Ал, ферменттер әрекетін жеңіп шығуы өсімдіктің төзімділік дәрежесіне байланысты .

Зиянкестерге карсы бидайдың кейбір төзімді сорттарында антиферменттер түзілуіне байланысты паразит ферменттері дән клейковинасын сұйылта алмайды, яғни насеком ( бақашық қандала ) бұл өсімдіктен коректік зат таба алмайды .

Зиянкестер - адам мен жануарлар организмінде әр түрлі ауру қоздырғышын таратып, өсімдіктерді зақымдайтын жәндіктер мен жануарлар тобы. Зиянкестер адамға, малға, орман және ауыл шаруашылықтарына үлкен зиян келтіреді. Адам мен жануарлар зиянкестеріне, негізінен, паразиттер, түрлі жәндіктер (улы жыландар, улы өрмекшілер, қансорғыш жәндіктер, т. б. ) жатады. Ауыл шаруашылығы зиянкестері - егістік пен табиғи өсімдіктерді зақымдап, түрлі аурулар таратады. Бұларға негізінен кемірушілер, бауыраяқты ұлулар, жұмыр құрттар (нематодтар), т. б. жатады. Мысалы, қырыққабатты - қырыққабат ақ көбелегі мен қырыққабат қара күйесі, асқабақты - ұсақ шыбындар, қызылшаны - қызылша бүргесі, баялды (баклажан) мен картопты - колорадо қоңызы зақымдайды.

Жиі кездесетін түрлері: шаянтәрізділер, көп аяқтылар және өрмекшітәрізділер. Көптеген дақылдардың өнімдеріне үлкен зиян келтіретін көпқоректілер: шегірткелер, шілделіктер, күздік көбелек, шалғын көбелегі, шыртылдақ қоңыз, қара қоңыз, т. б. Зиянкестер - өздерінің биологиялық ерекшелігімен, түрлерінің көптігімен, өсімталдығының жоғарылығымен және өсіп-өну процесінің шапшаңдығымен ерекшеленеді. Зиянкестердің таралуы және олардың кешенді түрлерінің бірлестігі, бір егістікте қалыптасуы, қоршаған ортаның жағдайына және сол ортаға бейімделуіне байланысты.

Астық дақылдарының зиянкестері астық өнімдерін күзде тасығанда және қыста сақтау кезінде зақымдайды. Бұларға өрмекшітәрізділер (мысалы, астық кенесі, т. б. ), қоңыздар (мысалы, астық қоңызы, астық тескіші, астық сүлікшесі, бізтұмсық қоңыздар, т. б. ), көбелектер (мысалы, астық сұр көбелегі, дән қоңыр көбелегі, т. б. ), құстар (мыс., көгершін, үй торғайы, т. б. ) жатады. Кенелер, қоңыздар, көбелектер - арпа, бидай, сұлы, күріш, жүгері, т. б. дақылдардың жапырағын, сабағын зақымдап, дернәсілдері өсімдіктің дәнімен қоректенеді. Бұдан астық дақылдарының өнімі кемиді. Бал арасының Зиянкестері аралар мен олардың тіршілік өнімдерімен қоректенеді. Зиянкестердің ішіндегі ең қауіптісі - Varroa jacobson кенесі. Бұлар бал арасын жеп қояды. Бал арасының жыртқыштары (аражегіш, тағанақ, т. б. құстар) омартадағы жиналған балды ғана емес, бал арасымен де қоректенеді.

Өсімдіктің биохимиялық құрамының және басқа касиеттерінің зиянкес талабына сай келмеуі .

Өсімдіктің түрлері немесе сорттарында зиянкестер қоректік зат таба алмауына байланысты оларды зақымдамайды, яғни ол өсімдік зиянкес талабына сәйкес келмейді . Ал насекомдардың дамуы қоректік заттың кұрамына көбеюіне, ұрпақ қалдыруына тікелей әсерін тигізеді . Соған байланысты өсімдік насеком ферменттерін инактивациялауға барлық қорғану күшін жұмсайды .

Өсімдіктің кейбір анатомиялық - морфологиялық ерекшеліктері оның тканьіне насекомдардың енуіне кедергі болады. Мысалы: күнбағыс көбелегінің жұлдызқұрты қатты қабықты күнбағыс сортын зақымдайды. Қатты қабықты сорттардың сыртқы кабығы қара боялған, сондықтан жұлдызқұрты зақымданбайды .

Швед шыбынынaтeзiмдiлiк өсімдіктің комплексті қасиеттеріне ( морфологиялық- физиологиялық ) байланысты .

Бұл қасиеттерге осмостыққысым ерте қысқа мерзімде түптенуі, шамадан тыс түптенуі дамуының алғашқы кезеңінде сабақ қабығының каттылығы бір мезгілде масақтануы, негізі және сабақтар қосылып масағының пісуі .

Дәрілік өсімдіктерді қорғаудың химиялық (фунгицидтерді қолданумен байланысты) және биологиялық (бактериялар мен саңырауқұлақтар-антагонистерді немесе олардың метаболизм өнімдерін қолдану) әдістері өте шектеулі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеміс дақылдарының зиянкестері
Энтомофагтар
Өсімдіктің зиянкестері
Картоп дақылының, мақта дақылының, техникалық дақылдардың карантинді зиянкестері және таралған аймақтары
Бақша, көкеніс дақылдары зиянкестері
Күнбағыс зиянкестері
Күріш зиянкестері
Кенелер және ауылшаруашылық зиянкестер
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері
Күнбағыстың, рапс пен қыша, зығыр зиянкестері және күресу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz