Атмосфералық ауа және мал қора ауасының құрамының гигеналық маңызы
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылық министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Атмосфералық ауа және мал қора ауасының құрамының гигеналық маңызы
Орындаған: Қамзина М.Е
Тексерген: Малдыбаева А
Алматы 2020 ж
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1) Ауаның қысымын анықтау әдістері
2) Мал қораларының ауа алмасу жүйелерін ( ылғал бойынша) бағалау
3) Ауаның шаңдануын анықтау
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жоғары дәрежелі ауыл шаруашылық мамандарын, оның ішінде мал дәргерлері мен зооинженерлерін дайындаудың негізіне малдардың денсаулығын жақсартып, олардан мол және сапалы өнім алудың тиімді шараларын белгілеп көрсету болып саналады. Бірақ малдардан жоғарғы сапалы өнімдерді алып, әртүрлі аурулардан сақтандыру шараларын жүргізу тек қана өндірісте технологиялық процесстері ғылыми тұрғыға негізделіп мынандай зоотехникалық ветеринариялық жұмыстар жасалған шаруашылықтарда ғана болады. Оған негізгі мыналар жатады:
-Шаруашылықтардағы малдардың жоғарғы генетикалық потенциалы болуын қамтамасыз ету;
-Малдарды құнарлы азықтармен және санитарлық сапасы жоғары су мен қамтамасыз ету;
-Малдарға қалыпты микроклимат жасап, олардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкестіріп күтіп-бағу жағдайын туғызу;
-Шаруашылық өндірістерінде сенімді ветеринариялық-санитарлық сақтандыру және қорғану шараларын ұйымдастыру;
-Сыртқы қоршаған ортаны (ауа, су, топырақ т.б.) өндіріс қалдықтары мен (көң, өлексе т.б.) ластанудан сақтандыру;
-Малдарды күтіп-бағу және пайдалануды дайындығы жоғары санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүргізе алатын мамандар және жұмысшылармен қамтамасыз ету.
Ауыл шаруашылығында малдардың денсаулығын сақтап, олардан жоғарғы сапалы, мол өнім алуды қамтамасыз ету тек малға қалыпты жағдай туғызып, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтағанда ғана болады. Малдарға қалыпты (оптималды) жағдай туғызу, яғни тірі организм мен оның өмір сүру ортасының байланысын бақылап, қайшылығына жол бермей, тепе-теңдігін сақтауға бағытталған шаралар-зоогигиенаның негізгі саласы болып есептеледі.
Әр малдардың физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп (жасы, тұқымы, өнімі, жынысы, бағыты т.б.) тиісті жағдай туғызбаса, олардан тіпті тұқымдық көрсеткіштерінен де төмен өнім алып, малдардың табиғи төзімділігін, әсіресе жоғарғы өнімді малдар мен жас төлдердің, нашарлатып әртүрлі ауруларға ұшырап, өлім-жітімнің артуына апарып соғатындығын көрсетеді. Сондықтан малдарды әртүрлі жұқпалы аурулардан сақтап, алдын алу шараларын ғылыми тұрғыда өндірісте пайдалана отырып, олардан жоғарғы сапалы және мол өнім алуда зоогигиена пәнін оқып білудің маңызы өте зор. Сыртқы ортаның қасиеттерін зерттеп, оның құрамын жақсарту бағытында және мал шаруашылығының қалдықтары мен ластануынан сақтандыру шараларын жүргізу кәзіргі кездегі проблемалық мәселенің бірі болып саналады. Өткен ғасырдың 80-90 жылдарында баспаханадан басылып шыққан зоогигиена пәніне арналған оқымыстылардың оқулықтары (А.Ф. Кузнецов, М.В. Демчук, В.И. Гершун, Б.М. Муслимов, В.Ф. Костюнина, Б.М. Туманова, Г. Демчук т.б.) орыс тілі, ал професорлар Мырзабеков Ж.Б., Асылбеков, М.Садуакасов т.б. мемлекеттік тілде шығарылған (1992) жалпы гигиена оқулығы болашақ мал мамадарын дайындауда елеулі жетіспеушілік көрсетіп келеді.
Ветеринариялық гигиена немесе зоогигиена (гректің zoon - мал, ал hygienos - емдік, денсаулық жеткізуші - деген сөзінен алынған) - малдарға тиімді күтіп бағу, азықтандыру және өсіру тәсілдерін қолдана отырып, оның денсаулығын арттыруға, өнімін молайтуға тиісті жағдай туғызуға бағытталған ғылыми сала Зоогигиена ғылымының маңызын академик Скрябиннің мына сөзінен түсінуге болады. Ол - Мен еңбек жолын мал гигиенасынан бастадым, өзімді зоогигиенист деп есептеп, оны ешқашан да тастамаймын. Әр жақсы маман - зоогигиенаны білуі керек, ал зоогигиенаны білмеген дәрігерді мал маманы деп санамаймын - дейді. Бұл ғылымның теориялық негізі болып тірі организмдер мен олардың өмір сүретін ортасының диалектикалық байланысы жөніндегі ілім саналады.
Бұл ғылыми ілімді ашқан К.Рульенің оқушысы Сеченов былай деп түсінік берген:
Бірде-бір тірі организм өзі тұрған ортадан жеке өмір сүре алмайды, одан дара өмір сүру деген оның жүрмеуі, тыныс алмауы, азықтанып қозғалыста болмауы дегенмен пара-пар. Сондықтан организм деген сөзді сыртқы ортадан бөліп қарауға болмайды. Осы ортаның организмге тигізетін әсерлерін оқыта келе, ветеринариялық гигиена, әр малдың жасын, түрін, тұқымдық ерекшеліктерін ескере келіп, оларға қалыпты (норматипті) жағдайлардың көрсеткіштерін белгілеп береді. Ветеринариялық гигиена негізгі екі бөлімнен: жалпы және жекелеме гигиенадан тұрады. Жалпы гигиена сыртқы ортаның (ауа, су, топырақ, азық, күн сәулесі т.б.) денеге тигізер әсерлерінің заңдылығын көрсетсе, жекелеме гигиенада осыларды әр малдың түрі, жасы, тұқым ерекшеліктеріне байланыстыра отырып ғылыми түсінік береді.
Ветеринариялық гигиенаның теориясының негізіне сүйене отырып арнайы тәжірибелі іс-әрекеттерін көрсетіп беретін бөлігін - ветеринариялық санитария деп атайды. (Sanitarius - латын сөзінен Sanitas - денсаулық сақтау деген түсінік береді.) Сондықтан санитария - гигиеналық талаптарға сәйкестендіріліп қалыптандырылған (норматиптік) көрсеткіштерді тәжірибе жүзінде қолдану жүйелерінің жиынтығы.
Санитариялық тәжірибе - мал денсаулығын сақтауға бағытталған, гигиена ережелеріне сәйкес ұсыныстардың дер кезінде іске асуын қадағалап отыруға тиіс, яғни ветеринариялық бақылау жүргізеді. Ветеринариялық гигиенаның мақсаты әртүрлі саладағы ғылым мен тәжірибенің негізінде өте күрделі жұмыстардың шешімдерін көрсету болып табылады, анықтап айтқанда:
-сыртқы ортаның көрсеткіштерін (факторларын) денеге гигиеналық ережелермен сәйкестендіру;
-малдарға арналған объектілердің жобалануына, салынуына және пайдалануына ветеринариялық-санитарлық бақылау жасау;
-малдарға физиологиялық көрсеткіштеріне сәйкес қалыпты жағдай туғызу;
-малдарды гигиеналық-санитарлық ережелермен азықтандыру;
-малдардың ауруға төзімділігін арттыру және мал өнімінің сапасын жақсарту;
-сыртқы қоршаған ортаның тазалығын сақтау;
1.Ауылшаруашылық малдарына арналған қора-жайлардың ауа қысымын анықтау әдiстерiн игеру. Ауаның өз көлемі және салмағы болады. Соған орай ол жер бетіне, қоршаған барлық затқа, соның ішінде адам мен малға да қысым түсіреді.Бірақ ішкі қысым мен сыртқы қысым теңеседі де, біз оны байқамаймыз.
Жер бетіндегі ауа теңіз деңгейінде 1см2 жерге 1 кг артық (1029,8г) салмақ түсіреді.
Атмосфералық қысым сынап бағанасының биіктігімен өлшенетіндіктен, сынаптың меншікті салмағын (13,55), 1 см2 ауаның салмағына бөлу арқылы, теңіз деңгейіндегі ноль градус температурадағы атмосфералық қысымын анықтауға болады:
сын.бағ.
Сынап бағанасымен бір бар 750,06 мм қысымға сәйкес. 1бар 1000 миллибарға бөлінеді; 1миллибар, 0,75 мм сынап бағанасына тең; ал 1мм сынап бағанасы 1,33 миллибарға сәйкес. Атмосфералық қысым - Паскаль (Па) өлшемінде анықталады. Бір гекто-паскаль 100 паскальға тең, ал 760 мм сынап бағанасы 1013 Па-ға сәйкес.
Теңіз деңгейінен биіктеген сайын ауа қысымы бірте-бірте төмендей береді. Мысалы, 3000м биіктікте қысым 520-530мм-ге тең. Ал теңіз деңгейінен төмендеген сайын ауа қысымы жоғарылайды.
Атмосфералық қысым ауа райына айтарлықтай әсер етеді. Қысым жоғары кезде, әдетте аспан ашық, ауа құрғақ және желсіз болады. Қысым төмендеген кезде күн бұлтты, жауын-шашынды, тұманды және желді болады.
Мал организімі жоғарғы қысымға қарағанда төменгі қысымға сезімтал келеді.
Таулы жерде атмосфералық қысым қалыпты қысымнан төмен болады, оттегінің парциалды қысымы азаяды. Соның салдарынан мал биіктік ауруына шалдығады. Малдың тері және кілегей қабықтарының қан тамырлары кеңейіп, қан құйылады, ұлпаларда оттегі жетіспейді де зат алмасуы бұзылады. Организмде тотықпаған улы өнімдер жиналады.
Мұндай ауруға әсіресе тау жайылымына жерсінбеген малдар, сондай-ақ тауға қарай жылдам айдаған семіз малдар, бір айға дейінгі құлындар ұшырайды.
Атмосфералық қысым сынап бағанасының биіктігімен өлшенеді. Осы қысым сынап бағанасымен 760 мм етіп көрсетсе онда оны қалыпты қысым деп есептейді. Сонымен метеорологиялық шаруашылықта кысымды өлшеу үшін бар өлшемі қолданылады.
Атмосфералық қысымды өлшеу үшін барометрлер қолданылады. Олар сынаптан (сифонды немесе табақшалы) және металдан жасалған болып бөлінеді. Атмосфералық қысымның ауытқуын үзіліссіз жазып отыру үшін тәуліктік немесе апталық барографтарды пайдаланады.
Барамометр-анеройд (металдан жасалған барометр)-гигиеналық зерттеу барысында кеңінен пайдаланылады. Бұл құралдың ең маңыздысы кеңірдектелген табаны мен жұқа қабырғалы металл қорап, немесе тағаға ұқсас жұқа түтік. Қорабтың немесе түтіктің ішінде қысым шамамен 50-60 мм-ге сәйкес сиректілген ауа болады.
Атмосфералық қысымның ауытқуы қорабтың қабырғаларын қысады немесе кеңейтеді түтіктің ұштарын түзетеді немесе майыстырады. Бүл өзгерістер рычаг жүйесі арқылы жылжымалы стрелкаға беріледі.
Барограф - оның негізгі бөлігі сирексітілген ауасы бар анероидты қораб жүйесі болып табылады. Олар өзара бір-бірімен жалғастырылып, ауа қысымының өзгерістерін қабылдап отырады. Қораб көлемінің өзгеруі рычаг жүйелері арқылы жазғыш ұшы бар стрелкаға беріледі. Бір тәуліктегі немесе аптадағы атмосфералық - қысымның ауытқуы барабанның графаларға бөлінген таспасына термографтағыдай сызылады.
А Б
3- сурет Ауа қысымын өлшеу құралдары: А-барограф,
Б-барометр анероид
1- кесте. Теңіз деңгейінің биіктігіне қарай ауа қысымының өзгеруi
Теңіз деңгейінің биіктігі, м
Қысым мм с.б
0
760
850
695
1000
670,4
2000
591
3000
521,7
4000
460,3
5000
406
6000
258,2
7000
316
8000
278,8
9000
275,9
10000
216,9
12000
168,8
2) Ауа ылғалдылығы бойынша ауа алмасу ауқымын анықтау тәсілдерімен танысу. Жабық мал қораларының ауасында, улы да әрі сасық иісті заттар көптеп шоғырланады (метан, аммиак, күкіртті сутегі т.с.с.), температурасы көтеріліп, ылғалдылығы артады.
Мұндай ауа дененің жылу алмасуына кері әсерін тигізіп, зат алмасуын, атап айтқанда, азотты заттың алмасуын төмендетеді, бұл малдың денсаулығына, оның өнімділігінің төмендеуіне (сүттілігі, малдың салмағы, құстың жұмыртқалағыш қабілеті, сүттің және жүннің сапасы төмендейді) әкеп соғады. Мал қораларында қажетті ауа режимін қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі, дұрыс есеп пен ауа алмасуының дұрыс жолын табу.
Ауа алмасуының басты қызметі- қорада қалыпты температураны сақтау, ондағы артық ылғалды, зиянды да иісі жағымсыз газ қоспаларынан арылту, ылғалдың қабырғаға және төбеге жиналуына жол бермеу.
Қораны желдетудің 2 түрі болады, табиғи түрі- қоршау жақтауларынан, констукциядағы саңлаулар арқылы және арнаулы ауа алмасу жолдарымен; жасанды түрі- арнаулы қондырғылар жүйесімен қорадағы лас ауаны сыртқа шығарып, ал сырттағы таза ауа мал қорасына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz