Балалардың музыкалық аспаптарына сипаттама



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
Жусупова М.М., Салыкова Н.К. Кенжегалиева И.Ж

МЕКТЕПТЕГІ МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ
әдістемелік кешен

Ақтөбе - 2019 ж.

УДК 372.8:78
ББК 74.268.53
Ж 77

Пікір бергендер:
Б.Б.Бекниязов, ҚР Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, профессор
Н.А.Айтбаева, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің музыка пәні оқытушысы, ҚР Білім беру ісінің үздігі

Ж 77 Жусупова М.М., Салыкова Н.К. И.Ж.Кенжегалиева
Мектептегі музыкалық тәрбие - әдістемелік құрал - Ақтөбе - 2019 ж - 82 б.

ISBN 9965-19-886-1

Ұсынылып отырған әдістемелік құралда Музыкалық білім беру мамандығында оқытылатын Мектептегі музыкалық тәрбие беру әдістемесі пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес оқу материалдары, студенттердің өзбетінше дайындығын жетілдіру мақсатында тест тапсырмалары, бақылау мен емтихан сұрақтары, курстық жоба тақырыптары, сабақ және сыныптан тыс жұмыстардың жоспарлары берілген. Әдістемелік құрал колледждегі Музыкалық білім беру мамандығының студенттері мен оқытушыларына көмекші құрал ретінде ұсынылады.
УДК 372.8:78
ББК 74.268.53

ISBN 9965-19-886-1

(C)Жусупова М.М., Салыкова Н.К. И.Ж.Кенжегалиева 2019 ж.

МАЗМҰНЫ
Алғы сөз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5
Мектептегі музыкалық тәрбиенің негізгі міндеттері ... ...
7
Мектептегі музыкалық тәрбиенің және оқытудың негізгі принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

8
Мектептегі оқыту әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
10
Мектептегі музыка мұғалімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
11
Мектептегі музыка сабағы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..
12
Мектептегі сабақтан тыс музыкалық жұмыс ... ... ... ... ... .
13
Хормен ән айту әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
14
Хорға арналған шағын әндерді үйретудің әдісі ... ... ... ... .
15
Музыка тыңдау дағдысын меңгерту ... ... ... ... ... ... ... ... ...
16
Музыкалық сауаттылық ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
18
Музыкалық ырғақтық қозғалыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
19
Балалардың музыкалық аспаптарына сипаттама ... ... ... ...
20
Шығармашылық. Импровизация. Музыка сабағындағы балалар шығармашылығы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .

25
Мектептегі музыка сабағын өткізу әдістері ... ... ... ... ... ..
27
1 кластағы музыкалық тәрбие ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
28
2 кластағы музыкалық тәрбие ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
28
2 кластағы сауаттылық, ырғақтық қимыл ... ... ... ... ... ... ...
30
Табиғатқа арналған әндер мен күйлер ... ... ... ... ... ... ... . ...
30
3 кластағы сауаттылық, ырғақтық қимыл ... ... ... ... ... ... ..
32
3 кластағы музыкалық тәрбие ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .
33
Музыка тыңдау, ән репертуарын талдау ... ... ... ... ... ... ... .
34
4 кластағы музыкалық тәрбие. Ән репертуарына сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

35
4 кластағы музыкалық тәрбие ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..
35
4 класс репертуарымен жұмыс. Ән репертуарларын талдау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

37
5 класс тақырыптарына шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
38
5 класс ән репертуарын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
39
5 класс бойынша тыңдайтын музыкаға сипаттама ... ... ...
41
Елім-ай бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
42
Қазақстан мектептеріндегі музыкалық тәрбие беру бағдарламалары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

45
Мұрагер бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
47
Шетел музыка тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
49
Музыка сабағын талдауға әдістемелік нұсқаулар ... ... ... ..
51
Музыка сабағын жоспарлау үлгісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..
52
Бақылау сұрақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Емтихан сұрақтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...

Курстық жұмыс тақырыптары ... ... ... ... ... ... ... ...

53
54
55

Алғы сөз

Өнер - тәрбиенің аса маңызды құрамы болып табылады. Оның ішінде музыкалық өнер ерекше орын алады.
Музыка - адамзаттың рухани азығы, жан серігі, тілмен айтып жеткізе алмайтын нәзік сезімі. Музыка көркемділігімен, нәзіктілігімен адам жанын баурайды, ақыл-ойын кеңейтеді, жақсы мінез-құлықтың қалыптасуына әсер етеді.
Жас жеткіншек балаларды музыка әлемін түсінуге, қабылдауға тәрбиелеуде, эмоциялық сезімталдығын қалыптастыруда, білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етуде музыка тәрбиесінің алатын орны ерекше.
Мектептегі музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі - музыка сабағы.
Музыкалық білім беру мамандығында болашақ музыка пәні мұғалімін кәсіптік даярлау мақсатында Мектептегі музыкалық тәрбие беру әдістемесі пәні оқытылады. Мектептегі музыкалық тәрбие беру әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы ретінде оның заңдылықтары мен дидактикалық принциптеріне сүйенеді және мектептегі музыка сабағы бағдарламасымен байланыстырыла оқытылады.
Музыкалық тәрбие беру әдістемесі әдебиет, бейнелеу өнері, тарих пәндерімен тығыз байланысады.
Пәнді оқуда болашақ музыкалық тәрбие беру маманы бағдарламаға, оқулыққа талдау жасауды, жаңа педагогикалық технология әдістерін тиімді қолдануды, пәнге байланысты тапсырмаларды іріктеуді және қолдану әдістерін меңгереді.
Сонымен бірге болашақ музыкалық тәрбие беру мұғалімінің жеке сапаларын қалыптастыру, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, мектеп оқушыларымен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, жалпы алғанда мамандыққа тәрбиелеу талаптарын қалыптастырылады.
Ұсынылып отырған әдістемелік құралда Музыкалық білім беру мамандығында оқытылатын Мектептегі музыкалық тәрбие беру әдістемесі пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес оқу материалдары, студенттердің өзбетінше дайындығын жетілдіру мақсатында тест тапсырмалары, бақылау мен емтихан сұрақтары, курстық жоба тақырыптары, сабақ және сыныптан тыс жұмыстардың жоспарлары берілген. Әдістемелік құрал колледждегі Музыкалық білім беру мамандығының студенттері мен оқытушыларына көмекші құрал ретінде ұсынылады.

МЕКТЕПТЕГІ МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

Мақсаты: Мектептегі музыкалық тәрбие туралы мағұлмат және оны жүзеге асырудың негізін үйрену.

Бұл пән бағдарламасының мазмұны оқушылардың көркемдігін бейнелеу талаптарына және эстетикалық рухани дамуына сай келіп және олардың сезім тәрбиесін жетілдіреді.
Музыкалық тәрбие беру мен білім беруді қалыптастыру - мектеп оқушыларының мәдени- рухани өмірін байытудың бірден-бір жолы.
Музыкалық білім берудің, оның ішінде музыкаға оқытудың белгілі бір тәртібі бар, ол мынандай компоненттерден тұрады. Мақсаттары, міндеттері, принциптері, мазмұны, әдістемесі, түрлері.

Музыкалық білім берудің жалпы мақсаттары
Музыкалық тәрбие берудің мақсаты музыкалық мәдениетті дамыту, оқушылардың жалпы рухани мәдениетін дамыту, қалыптастыру болып саналады. Ал Оқушылардың музыкалық мәдениеті деген түсінік - ауқымы кең ұғым. Осы ұғымның мазмұнына бірінші кезекте өмірден туындаған өмірмен тығыз байланысты образдық өнер, музыканы түсіну қабілеті жатады. Д.Б.Кабалевский бұл туралы: Сезімдер тілі - музыканы көңілмен қабылдау, ондағы жақсы мен жаманды ажырата білу, музыканың сипатын сезіну, орындалу ерекшілігін салыстыра білу қабілеті деп ой түйген.
Музыкалық тәрбие берудің мақсаттары төмендегідей:
oo Музыкаға көркем - эстетикалық көзқарас, қызығушылықты дамыту, тәрбиелеу, музыкалық қабілетін дамыту.
oo Іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
oo Дүниежүзілік музыка мұрасы - алтын қор музыкалық шығармалардың әр түрлі формаларын, жанрларын таныстыру.

Музыкалық білім берудің негізгі міндеттері:
Музыкалық білім берудің негізгі міндеттері мақсаттарымен тамырлас музыкалық тәрбиелеу, оқыту, дамытуға бағытталады.
Музыка өнерін ұнату, шығармашылық, эстетикалық көзқарас, музыканы сезіну қабілеттерін, сезімдерін дамыту.
Оқушыларды халықтық, классикалық және қазіргі заман музыкасымен, музыка өнерінің бай жанрларымен, түрлерімен таныстыру.
Оқушылардың рухани жан дүниесімен, өмірмен байланысты музыкалық білімдерін меңгеру барысында педагогикалық жағынан басшылық жасау.
Оқушылардың музыка тыңдау әрекетін, орындаушылық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Жоғары көркем музыканы қабылдауын дамыту.
Оқушылардың музыкалық білімін жетілдіруіне мақсатты түрде бағыт беру.
Музыкамен шұғылданған баланың өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесу.

МЕКТЕПТЕГІ МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ
Мақсаты: Әуездік тәрбие берудің ғылыми принциптерін оқып үйрену.
Жалпы педагогика - әдістемені ғылыми жүйенің педагогикалық процестерінің заңдылықтарын зерттейтін ғылым деп қарастырылады. Демек музыкалық тәрбие беру әдістемесі - музыкалық өнердің заңдылықтарын зерттейді. Мектеп оқушыларының музыкалық білімді меңгеруін, дүниежүзілік көркемдіктің адам тәжірбиесіне жинақталуын қамтиды.
Педагогикалық ғылым сияқты музыкалық тәрбие беру әдістемесі де педагогикалық процестердің заңдылықтарын анықтайды. Ол дидактикалық принципке сүйенеді.
Оқу- тәрбие процесінің қоғам талабына сай болуы;
Әдістемені оқытудың мазмұны мен тәрбиелеу деңгейі қоғамның дамуына сәйкес болуы;
Оқу мен тәрбиенің біртұтастығы мен байланыстылығы;
Оқыту мен тәрбиенің мазмұны мен мақсаты;
Педагогикалық жетекшілік дербес, өз еркімен және балалар шығармашылығымен ұштасуы;
Талап пен қайталау тақырыптарының жүйелілігі.
Осы заңдылықтарға сай қосымша талаптар:
Әлеуметтік - баланың заңдылық құқының сақталуы;
Коммуникативтік- баланың эстетикалық даму деңгейінің мұғалімнің іс-әрекетімен тәуелділігі;
Физикалық- баланың дене бітімінің дамуы;
Ұйымдастыру- оқушылардың жұмыс қабілетін ояту.
Музыкалық тәрбие әдістемесі педагогика ғылымы негізінде педагогиканың жалпы заңдылықтарына бағынады, дидактикалық принциптеріне сүйенеді.
А) Оқу материалының ғылымилығы және қабылдауға оңайлылығы;
Ә) көрнекілік принципі;
Б) білім, дағды, іскерлік беріктігі;
В) оқушылардың музыкалық іс- әрекетінің белсенділігі;
Г) музыкалық тәрбиенің өмірмен байланысы;
Д) оқушылардың қызығушылығы: мектептегі музыка пәнінің оқыту әдістемесі оқу ерекшілігіне қарай өз принциптерін ұсынады;
Е) музыкалық шығармаларды қабылдаудағы көңіл күй мен саналы принциптің бірізділігі;
Ж) көркемдік және техникалық принциптің бірлігі ретінде музыкалық шығарманың мәнерлі көркем орындалуы үшін іскерлік пен дағдының сай болуын талап етеді;
З) музыкалық білім беру ісінде музыка мен өнердің тығыз байланысы, оқу материалдарының мазмұнын ашу, музыкалық репертуарының жинақталуының өрбіту әдістері;
К) музыкалық іс- әрекеттегі оқу материалдарының түрлерін, ерекшіліктерін, ұқсастықтарын табу.

МЕКТЕПТЕГІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Мақсаты: Мектептегі музыка сабағын оқытудың әдісін үйрену.
Музыка сабағы - оқытушының шығармашылығына негізделген өнер сабағы. Өнер сабағы болғандықтан да мұғалімнің өзі өнерлі, әрі шебер ұйымдастырушы, бар жақсылықтың, әсемдіктің ұйытқысы болғаны абзал.
Педагогикалық- психологиялық заңдылықтар негізіне сай, оқушылардың қабылдауына жас ерекшелігіне қарай білім мен тәрбиенің біртұтастығының іске асырылуын оқытушы қамтамасыз етуі қажет.
Музыкалық тәрбие мен білім беруде музыка сабағында оқытудың әр түрлі тәсілдерін қолдану: сөздік, көрнекілік, практикалық. Кейбір тапсырмалар алдында жағдай туғызу, оқытудың белсенді тәсілдері ретінде іскерлік ойындар жүргізу, т.б.
Оқытушының іс-тәжірибесі мен шығармашылығынан туындайтын оқытудың жаңа технологиясын түрлендіре түседі. Оқытудың жаңа технологиясы оқушылар мен жеке, топ болып жұмыс істеудің тиімді тәсілдерін түрлендіруді талап етеді. Жалпыға білім беретін орта мектептердің Музыка бағдарламасының мақсаттарын, міндеттерін, принциптерін бүгінгі заман талабымен байланыстыра жүргізу басты мақсат..
Музыканы оқыту барысында ақыл - ой мен эмоция, түйсіну және сүйсіну жүзеге асырылады. Музыканы қабылдау барысында адамның педагогикалық-психологиялық процестері қатар жүреді. Әдіс- сабақтың тақырыбын, мазмұнын ашу үшін қолданылатын тәсіл немесе амал. Қорытындылау әдісі ойлауға, білімді жүйелеуге, бекітуге көмектеседі. Алдын-ала шолу әдісі жаңа тақырыпты, өткен тақырыптың негізінде жеңіл меңгеруге мүмкіндік береді. Синтиз және анализ әдісі ұқсастық пен айырмашылықты айыруға негіз болады. Эмоциялық драматургия әдісі сабақтың қызықты және нәтижелі өтуін қамтамасыз етеді.

МЕКТЕПТЕГІ МУЗЫКА МҰҒАЛІМІ

Мақсаты: Оқытудың әдістерін және мектептегі музыка мұғалімінің қызметі мен міндетін білу.

Мектептегі әуез мұғалімі тек күнделікті сабақты өткізумен шектелмейді, жалпы мектеп оқушыларының рухани байлығын дамытуға, жоғары мәдениетінің қалыптасуына, эстетикалық талғамының өсуіне, сахналық мәдениетіне, қоғамға қажетті тұлға болып қалыптасуына бірден-бір ықпал ете білетін маман болуы қоғам талабы. Кәсіби нышаны жоғары, өз мамандығын құрметтейтін, жауапкершілігі мол, шығармашыл, интелектуалы бәсекелестікке сай маман болғанда ғана осы мақсаттардың биік шыңына жетпек. Әуез мұғалімі мектептегі эстетикалық тәрбие берудің ұйымдастырушысы және насихаттаушысы.

Музыка пәні мұғалімінің міндеттері:

1. Музыка сабағының күнтізбелік және перспективалық жоспарын жасау.
2. Әр сабаққа жауапкершілікпен дайындалу.
3. Оқушыларды өнерді сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
4. Аспапты, өз пәнін толық меңгеру.
5. Дарынды оқушылармен жеке жұмыс жасап, әрі қарай дамытуға жетекшілік ету.
6. Мектептегі мерекелік іс- шараларға басшылық ету.
7. Үйірме жқмыстарын ұйымдастыру.
8. Әр түрлі сайыстарға мектеп оқушыларын қатыстыруға жағдай жасау.
9. Мектеп оқушыларын өнерге қызықтыру мақсатында өнер адамдарымен кездесу кештерін ұйымдастыру.

МЕКТЕПТЕГІ МУЗЫКА САБАҒЫ
Мақсаты: Мектептегі музыка сабағының мақсаты мен міндеттерін, сабақтың құрылымын, түрін, теориялық негізін ұғыну.
Музыка сабағы - оқушылардың музыкалық тәрбие және білім берудің негізгі формасы. Музыка сабағы уақыт талабына сай болуы қажет. Әр кластың білім деңгейіне, мектептің материалдық базасына байланысты тапсырмалардың түрін таңдай білу- әуез мұғалімінің іскерлігі.
Сабақтың мазмұны мына қағидаларды қалыптастырады:
1. Музыка сабағының тақырыбына байланысты дайындалған материал құндылығымен ерекшеленуі.
2. Көркемдік, тәрбиелік міндеттері жоғары деңгейде болу.
3. Эмоциональды танымдық мүмкіндіктерін дамыту.
4. Оқушылардың шығармашылығын шыңдау.
5. Мұғалімнің педагогикалық әскерлігінің шыңдалуы.

Музыка сабағының сәтсіз болуының себептері:

1. Дайындықтың аздығы.
2. Мұғалімнің көңіл күйінің болмауы.
3. Аспапты дұрыс меңгермеуі.
4. Оқушыларға ақпараттың шамадан тыс берілуі.
5. Сабақтың жүйелі өтпеуі.
6. Оқушылардың зейінінің шашыраңқылығы.
7. Мұғалімнің ашушаң, шыдамсыз әрекетінен
8. Сабақтың бір сарындылығы.
Мектептегі музыка сабағы:
Оқу процесінің негізгі түрі - сабақ. Өнер сабағы ретіндегі музыка сабағының ерекшеліктері: мақсаты, міндеті, мазмұны. Ән-күй сабағының түрлері. Тақырыпқа кіріспе сабаққа тереңдету және тақырыпты кеңейту сабақты қорытындылау.
Музыкалық сабақты музыка үйрету процесінде эмоция мен парасаттың естілік пен сезімнің бірігуін түсіндіретіндей болуы керек. Сабақта оқушылардың әуезге қызығуы мен орындауы дамып отыруы керек. Сабақтың элементтерін тақырып негізінде біріктіру. Ән-күй сабағын жабдықтау әуездік аспаптар, сабақты оқытудың техникалық тәсілдері, көрнекі құралдар, ноталық суреттер, оқулықтар, кино және диафильмдер. Оқыту тәсілдеріне дидактикалық және әдістемелік талаптар әуез сабағында техникалық және көрнекі құралдарына жол ашу.

МЕКТЕПТЕГІ САБАҚТАН ТЫС МУЗЫКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Мақсаты: Сабақтан тыс музыкалық жұмыстың оқушылардың эстетикалық талғамын, белсенділігін, бәсекелестікке қабілеттілігін дамытудағы маңызын ұғыну.

Қазіргі тәрбиені ізгілендіру, мектепті демократияландыру, тұлғалық - бағыттаушылық көзқарас жағдайында тәрбие үрдісінің тек мақсаттылығы, мәні және мазмұны ғана өзгермейді, сонымен бірге тәрбиені ұйымдастырудың түрлеріне тікелей қатысты оның әдістемесі де өзгереді. Сондықтан, оқушылардың оқудан тыс әрекеттері, белгілі бір нәрсеге қатысты нақтылы қарым-қатынасты дамыту: музыкаға, қылқалам, кітап оқуға нақты мақсатты көздейді. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың түрлері: тәрбие сағаты, пікірталас, саяхат, концерт, ән байқаулары, көңілді кештер т.б.
Жалпы алғанда сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық тәрбие жұмыстарын екі салаға бөлуге болады.
1. Оқушылармен жаппай жүргізілетін жұмыс.
2. Үйірме түрінде өткізілетін жұмыс.
Оқушылармен жаппай жүргізілетін музыкалық тәрбие беру жұмыстары балалардың білімділігіне байланысты. Бұл салаға лекция - концерт, көпшілікпен бірге театрға, музыкалық театрға бару, кештер ұйымдастыру, сайыстар, карнавалдар.
Сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың ішіндегі ең сүбелі сала - нанымдық, тағылымдық мәні зор лекция- концерт ұйымдастыру.
Лекция - концерт оқушыларды өнердің сан-қилы салаларымен, сазгер шығармаларымен, жеке аспапта орындаушы, әнші- күйшілердің өнер жолдарымен жеке таныстыруға мүмкіндік береді. Лекция - концерттің құрылысы, мазмұны, өткізу формасы тыңдаушыларға, олардың дайындық деңгейіне, жас ерекшіліктеріне байланысты болуы керек. Танымдық лекция - концертте мына қағиданы ұстанған жөн.
oo Әншілік, домбыраға қызығушылығы басым балаларды қатыстырып, үлкен өнерге бағыт беру, орындаушылық шеберлігін арттыру;
oo Жас ерекшіліктеріне қарай тақырыпты таңдау;
oo Жүргізушінің дауыс интонациясының анықтығы;
oo Аудиториямен лектордың арасындағы қарым- қатынасты сақтау.

ХОРМЕН ӘН АЙТУ ӘДІСІ

Сабақтың мақсаты: Хормен ән айту дағдысын теориялық және практикалық тұрғыдан меңгеру.

Халқымыз өзінің әншілік дәстүрін ғасырлар қойнауынан аялап - сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген. Әр аймақтың, әр өлкенің өзіндік әйгілі ұстаздары, әншілері, сазгерлері, суырып салма ақындары өздерінің бойына сақтаған ата- бабаларымыздың музыкалық дәстүрін жас ізбасарларына үйретіп, бойына сіңіріп отырған.
Қазақ халқы өз ұрпағының домбыра тартып, ән салуға бала жасынан баулыған. Әншілер мен күйшілерін, сазгерлері мен суырып салма ақындарын, қуанышы мен қайғысын, уайымы мен сүйіспеншілігіне әнмен жауап берген .
Жеке әншілік өнермен қатар, еліміздің тұрмыс - салтына байланысты әнді хормен айту өнері де кеңінен тараған, ол бір дауыста болып келген. Мыс: қыз ұзату, сыңсу т.б.
Әнді хормен айтуға тәрбиелеп, әншілік өнерге баулу үшін музыка мұғалімі балалар дауысының даму ерекшілігін, оқыту барысында қойылатын талаптарды меңгеріп әрі қарай тәрбиелеудің барлық шарттарын сақтауы тиіс.
Балалар дауысын тәрбиелеуге қойылатын талаптар олардың жас ерекшілігін ескере отырып іске асырылады. Бала дауысы өте нәзік. Организмнің өсуіне байланысты, дауыс аппараты да өзгеріп отырады. Бала дауысын тәрбиелеуде оның дауыс аппаратының анатомиялық құрылымы мен дыбыс жолдарының физологиялық заңдылықтарына сүйену керек. Сондықтан хор репертуарын таңдағанда жас ерекшіліктерін қатаң ескеру керек.

ХОРҒА АРНАЛҒАН ШАҒЫН ӘНДЕРДІ
ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСІ

Мақсаты: Хормен ән айтудың және үйретудің әдістерін меңгеру.

Вокальдық, педагогикалық талаптарына сай демді дұрыс алу, әуенділікті сақтап айту, сөзін ашық, анық айту, мәнерлеп айтуға дағдылану үшін қолданылатын арнайы ән жаттығуларының алатын орны ерекше.
Мектеп оқушылары ән айтудың көркемдік, техникалық қағидасын әр түрлі буындардан тұратын жаттығулардан гөрі белгілі бір мазмұны бар әуендер арқылы тезірек қабылдайды.

Мысалы : Қандай жақсы гүл!

Жаттығулардың Қ дыбысынан басталуы балалардың дауыс аппаратын жинақтап, дыбысты айқын, таза шығаруға жетелейді. Қатаң Қ дыбысынан кейінгі а дауысты дыбысы құлаққа жағымды майда болып шығуына ықпал етеді. Гүл деген сөзді айтқанда ү дыбысының созылып айтылуына көңіл бөлу керек.
Гәк, гик, гәй буындарында кездесетін к, г дыбыстары таңдай дыбысқа жатады. Сондықтан бұл дыбыстар бірден дауыстың жоғарғы позицияда құрылуына жағдай жасайды, ал ку, гу, рай буындағы у дыбысы болса, ежелден дауысты көмекейден қысып шығаратын адамдардың сол дауыс аппаратын босатуға қолданылады.
У дыбысы ерін дыбыстары қатарына жатқанмен, өзінің акустикалық формасы жағынан терең көлемді естіледі. Артикуляция аппаратының жұмысын жандандырып, сөзді анық, таза, дәл айту үшін жаңылтпашты қолдану өте тиімді.
Мысалы: 1. Анау арал қай арал?
Қайыңды арал талд(ы) арал
2 . Беріп тайлақты, алдым тайлақты.

Хормен ән үйретудің әдістері

үйрету түсіндіру жаттықтыру қайталау сөздік

МУЗЫКА ТЫҢДАУ ДАҒДЫСЫН МЕҢГЕРУ

Мақсаты: Музыка тыңдау дағдысын, мәдениетін, сезіну, әсерлену, ойлау, есту қабілеттерін дамыту жолдарын білу.

Баланы музыка тыңдауға, тыңдай отырып, оны саналы түрде қабылдауға баулу - музыкалық тәрбие берудегі күрделі процесс.
Музыканы қабылдау - музыка сабағында қолданылатын іс - әрекеттің кез-келген түрінің іргетасы.
Музыканы қабылдау дегеніміз - жалпы білім беретін мектепте балаларға музыкалық тәрбие берудің негізі.
Музыканы қабылдау - барынша күрделі процесс. Оған арқау, негіз болатын нәрсе - шындықтың көркемдік бейнесін, сәулесін сезіне, ести және толғана білу.
Құралдары арқылы әсер етеді. Ол ладогармониялық қалып, тембр, қарқын, динамика, метроритм. Олар шығармалардың сипатын, көңіл-күйін жеткізеді. Шығарманың негізгі түйіні өмірдегі құбылыстармен, адамның сезімдерімен байланысып, астасып жатады.
Н.Л.Гродзенская Мектепте музыка тыңдау деген мақаласында Музыканы қабылдау үшін біршама даярлық қажет, ол үшін сол музыканы тыңдауға үйрену керек.
Музыканы тыңдауға байланысты үш міндет қарастырылған.
1-ші міндет - оқушылардың музыканы қабылдау сезімталдығын қалыптастыру, музыкаға құштарлықты, музыканы тыңдауға және орындауға ынтасын арттыру.
2- ші міндет - музыканы саналы түрде қабылдауды қалыптастыру, образдардың сипатын түсіну, шығармалардың негізгі идеялық негізін ұғуға үйрету.
3 - ші міндет - шығарманы орындау барысында музыкаға деген практикалық көзқарасын дамыту.

Музыканы тыңдауды төрт кезеңге бөлуге болады:

1. Кіріспе әңгіме.
2. Шығарманы тыңдау.
3. Тыңдалған шығарма туралы әңгіме.
4. Қайталап тыңдау.

Музыканы қабылдау тек қана оны тыңдау барысында ғана емес, сабақтың барлық кезеңінде де жүзеге асырылады. Мысалы ән үйрену үшін алдымен тыңдау керек, сонан соң орындау барысында интонация тазалығына, мәнерлігіне назар аудару керек.
Балаларға арналған соқпалы аспаптармен ырғақ өрнегін орындағанда, музыкалық әуеніне қимыл жасағанда музыканың көңіл күйіне байланысты қимылды жеткізуі тиіс. Міне, мұның барлығы да музыканы қабылдау кезеңіне жатады.

МУЗЫКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ

Мақсаты: Музыклық сауаттылықтың музыкадағы маңызын ұғыну, музыкалық сауаттылықты меңгерудің қарапайым жолдарын түсіндіру әдістерімен танысу.

Әуездік сауат - музыка сабағындағы маңызды қызметтің бірі . Әр класта өз жас ерекшіліктеріне қарай оқу бағдарламасында әуездік сауат берілген. Оқулықтағы әуездік сауаттың шартты белгісі нота кілтімен көрсетілген. Әуездік сауаттылық әуездік өнер дәрежілігінде, әуезді тірі өнер ретінде қабылдай алу мүмкіндігі болу керек. Әуездік сауат көрсететін және естілетін көрнекіліктерді пайдалану, әуездік практиканы теориялық сауаттылықпен байланыстыру ең тиімді жолы.
Ноталық сауат бұл сабақтағы әуездік сабақтың бір бөлігі.
Әуездік есту көрінісінің қалыптасуындағы екі кезеңге бөлуге болады: нотаға дейінгі және ноталық.
Лад текпешігі жайлы, тоника туралы түсінік, тоникалық үш дыбыстық, ұстамды және ұстамсыз саты туралы түсінік беріледі.
Ырғақтық сезімнің дамуының салдары: қабылдау және әуездегі ырғақтық тепе-теңдігі, күшті және әлсіз үлестерді қысқарту және қадағалау, ырғақты игеру, кезекпен алмастыру, нота ұзақтығы мен паузаның жүйесін түсіндіру, қабылдау және мінездес ырғақтарды келтіру. 1-ші класқа енген музыкалық сауат: ән, күй жанры, күйші, әнші, сазгер туралы мағұлмат, домбыра, қобыз және қазақтың үрмелі, ұрмалы аспаптары туралы анықтама.

МУЗЫКАЛЫҚ ЫРҒАҚТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС

Мақсаты: Музыкаға байланысты әр түрлі ырғақты қозғалысты сезіну, әуенге үйлесімін келтіруге бейімділігін қалыптастыру.

Музыканың әуеніне қарай ырғақтық қозғалыс жасау, бастауыш класс оқушыларында ырғақтық сезімін дамытып, көркемдік қасиетін арттыруға екпін, оның жүрдектігі,азаюы, динамиканың күшеюі, дыбыстың азаюы мен шығарманың құрылымын анықтауға мүмкіндік алады. Ырғақтық қимылдың негізгі мақсаты - балалардың музыкалық образды қабылдау қабілетін қалыптастырып, қимылмен сомдауға бейімділігін арттырады.
Музыкалық - ырғақтық қимылды қолдану эстетикалық көркемдік міндеттерді шешуге көмектеседі.
oo Білімділік: дағдысын қалыптастырады, жүру, ырғақ, акцент.
oo Тәрбиелік: ұжыммен ырғақты қозғалысты орындаудағы ырғақтық қимыл мәдениетін дамытады.
oo Дамытушылық: әсерлілікке, көркемдік - шығармашылық қабілетке, бұлшық еттерін дамытуға, ептілікке тәрбиелейді.
Орыс педагогы Е.Н.Водовозова: музыканың сүйемелдеуімен орындалатын қимылдар музыка сияқты естуді, жеңілдікті және қимылдың икемділігін, музыкадан алған әсерлерге шапшаң және дұрыс жауап беру қабілетін дамытады. Ырғақтық қимылдың түрлері тәрбиелік процесс болып табылады. Ол музыкалық - эстетикалық, эмоциялық - еріктік, танымдық сияқты баланың жеке басының көптеген сапаларын дамытуға көмектеседі. Мектеп оқушылары музыканы белсенді түрде қабылдау арқылы оның қимылмен байланысын айырады, музыкалық дыбыстардың мәнерлілігін, ерекшелігін сезінеді.
Ырғақ деген сөздің мағынасы өте кең. Ырғақ - музыкалық образдың дамуы мен алмасуы, шығарманың құрылымы, қарқындылығы, жылдамдығы, дауыс күшінің өзгеруі, өлшемнің арақатынасы. Сондықтан ырғақтық сезімін дамыту сабақ барысында музыкаға деген ықыластық сезімі ойдағыдай дамиды, шығарманың ырғақтық негізін қабылдауға мүмкіндік туғызады. Музыкадағы ырғақтық қимылдың түрлері ойын, эмоцияляқ мазмұнын білдіретін барынша белсенді шығармашылық қызмет

Музыкалық - ырғақтық қимылдың түрлері

Тапсырмалар.

а) әуен (I тоқсан әндердің ырғағын алақан мен соғып көрсету)
ә) аккорд (II тоқсан әндерін аяқпен-(сөздік сүйемелдеу) аяқтан ұшын,төрттік өкшемен.
б) екпін (III тоқсан әндеріндегі дыбыстың биіктігі мен төмендігіне сызба жазу)
в) өлшем (IV тоқсан) әннің ырғағын соғып жасыру).


БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРЫНА СИПАТТАМА

Мақсаты: Балаларға арналған аспаптармен толық танысу, оның шығу тарихын білу.

Халықтың музыкалық мұрасын жинап-теріп, оны зерттеу жолында артына ұмытылмас із қалдырған А.В.Затаевич, академик А.Қ.Жұбанов, өнер зерттеушілері - Б.Г.Ерзакович, П.И.Аравин, Б.Ш.Сарыбаев. Профессор Б.Сарыбаевтың еңбектерінде қазақтың халық аспаптарының коллекциясы жиналды. Бүгінде оның саны 40-қа жуық. Аспаптар құрылымы мен ойнау әдісіне қарай мынандай топтарға бөлінеді.
oo Үрмелі аспаптар - сыбызғы, қамыс сырнай, сазсырнай, үскірік, тастауық, керней.
oo Ішекті аспаптар - жетіген, шертер, домбыра, қобыз, қылқобыз.
oo Тілшікті аспап- шаңқобыз.
oo Ұрып ойнайтын аспаптар - дабыл, даңғыра, кепшік, дауылпаз, шыңдауыл, асатаяқ, қоңырау.
oo Домбыра - халық арасында кең тараған ежелгі аспап.
oo Қобыз - ең көне аспап. Қобыз аспабының шығу тарихы Қорқыт атамен тығыз байланысты.
oo Қоңырау - ертеде бақсылардың қолданған қолданған музыкалық аспабы.
oo Тұяқтас - ұру арқылы үн шығаратын аспап.
oo Желбуаз - үрмелі аспап.
Аспапта ойнау балаларды ұйымшылдыққа, адамгершілікке баулыса, ол өзінің тәрбиелік міндетін атқарады. Сонымен қатар аспаппен әннің ырғағын сүйімелдеу барысында балалар бойында ырғақтық сезім жетіліп, белсінділігі артады.
Қосымша тапсырмалар: аспаптардың шығу тарихы туралы қызықты дерек жинақтау, буклет жасау .

Аспапта ойнау кезінде балалардың тұрып ойнау, немесе отырып ойнау қалпын қадағалау қажет. Аспаптарды меңгерудің ең алғашқы қадамы ретінде балалардың ырғақ сезімін дамытатын қарапайым жаттығулар жасаған тиімді. Әр музыкалық аспаптың сипатына сай оның ырғақтық өрнектерді келтіру ерекшеліктерін ескеру керек. Мұғалім сабақта орындалатын жаттығудың балалардың меңгеруіне жеңіл әрі түсінікті болуын қадағалайды. Мысалы:

Енді қарапайым ырғақтың күрделенуіне бір мысал келтірейік:

Бұл жаттығуда алғашқыға қарағанда әр аспаптың партиясында өзгешеліктер бар. Мысалы, асатаяқта алғашқы үш тақының күшті үлесі ойпалынса, келесі төрт тактіде әр үлес орындалып тұр. Румбаның партиясына мұқият болған жөн. Бірыңғай ырғақпен сегіздік дыбыстарды алма - кезек ойнап келе жатқан оқушы төртінші тактідегі ырғақтың алмасуын байқауы керек.
Кластағы балалардың барлығының белсенді жұмыс атқаруына арналған жаттығу ретінде халық күйі Келіншекке жүгінуге болады. Мұғалім күйді домбырада ойнаса, оқушылар асатаяқта, тайтұяқта, шаңқобызда күй желісіне қосылады. Кластағы ұлдар тобы домбырада тарту қимылдарын жасаса, қыздар тобы би қимылдарын өрнектеп, шығарманың көркемдігін одан әрі жетілдіреді. Мұндай тәсіл балаларды шығармашылық белсенділікке баулиды.
Келіншек күйіне келтірілген мысал:
Келіншек - Халық күйі (үзінді)

Сонымен, сабақ өткен сайын балалардың аспапты меңгеруі шыңдала түседі. Бірақ, мұғалім балалармен жұмыс кезінде олардың әрқайсысының музыкалық қабілетін ескергені жөн. Кейде бір оқушы сабақ сайын бір ғана аспапта ойнайды. Ол дұрыс. Себебі, оқушы сод аспапта ойнаған сайын оның қырсырын терең түсініп, техникалык, ойнау шеберлігін тереңдете түседі.
Балаларды ксилофонда, металлофонда ойнау да өте қызықтырады. Д.Ботбаевтың Жаңбыр шақыру әнінің кіріспесіне ксилофонды пайдалану жаңбырдың тамшылауын өте дәл, анық бейнелейді, такт өткен сайын жаңбыр тамшысы жиілеп, қалың жаңбырға, яғни хорға ұласып кетеді.
Халық әні Бір бала орындалғанда, сүйемел ретінде металлофонды және маракасты ғана қолдануға болады. Себебі, әннің сипаты, екпіні мен ырғақтың ерекшеліктері металлофонның таза, жинақы да көткеріңкі дыбысын қолданғанда ғана ашыла түседі деп ойлаймыз.
Бір бала - халық әні.
Мұғалім әр әнді, күйді орындау кезінде оған шығармашылықпен қарағаны жөн. Барлық музыкалық шығармаларды аспаптарға лайықтауға болады, тек ол шығарманың орындалу сипаты қандай, мазмұны йені бейнелейді, композитордың айтайын деген ойы не деген сұрақтарға жауап іздеп табу керек,
Аспапта ойнау балаларды ұйымшылдыққа, бірлікке, сезімталдыққа, адамгершілікке баулыса, ол өзінің тәрбиелік міндетін атқарды деген сөз. Оқушылар, әдетте, өздеріне қолдарына ұстап, ойнап отырған аспаптары туралы, тындау үшін орындалған музыкалық шығарма туралы әңгіме басталса - ақ болғаны елең етіп үлкен ынтамен тыңдауға кіріседі. Ендеше, балалар сабақта тек ән айтып, аспаптарда ойнап қана қоймай, музыка әлемінің сырын ашып сұхбаттасуға дайын. Сондықтан, сыр сандықты ашып, саз маржанын шашу үшіп үлкен ізденгіштік қабілет керек. Қолда бар мүмкіндікті пайдалана отырып, болашақ музыка мамандарына, ғулама ғалымдар мен музыка тарихын зерттеушілердің ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, біз біраз мағлүматтар бердік. Бұл деректердің балалардың өздері ойнап отырған аспаптарына деген ықыласын, ынтасын арттыратыны сөзсіз.
Сонымен, сабақ өткізу барысында немесе кластан тыс музыкалық жұмыс кезінде балалар ұжымының (коллективінің) бірігіп аспапта ойнауды қуанышпен сезінуі, бірін-бірі тыңдай білуі, музыкалық аспапқа деген балалардың ынтасының артуы, олардың көңіл-күйінің көтерілуі, музыкалық ой-өрісінің кеңеюі, ең бастысы, әр баланың өз класына, ұжымына керек екендігін сезінуі - үлкен өмірге баратын жолдаманың басы екендігін мектеп мұғалімі әрқашанда үлкен жауапкершілікпен сезінуі тиіс.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ, ИМПРОВИЗАЦИЯ.
МУЗЫКА САБАҒЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Бастауыш класс оқушылары қиялшыл болып келеді. С Мысалы, ертегі айтқанда олар көз алдына сол оқиғаны елестетіп отырады. Сондықтан ән айтқанда да, музыка тыңдағанда да, музыкалық-ырғақтық қимылдар жасағанда да дауысы, интонациясы, дене қимылы арқылы сол шығарманың сипатын дәл жеткізуге тырысады. Бұл қасиет балалардың бойындағы шығармашылық қасиетті дамытуға игі ықпалын тигізеді. Шығармашылық балалардың ойын ұштап, қиялын қанаттандырады, сезімталдық қабілетін, байқампаздығын арттырады.
Балалар шығармашылығын, әрине, шын мәнінде өнер деп қарауға болмайды, ол балалардың музыкалық саладағы ізденісінің көрінісі. Іздене тырып, балалар өздері байқамаған жаңалықтар ашады. Балалардың шығармашылық әрекетінің тәрбиелік мәні зор.
Орыс ғалымы Б.Яворскийдің айтуынша, шығармашылық өнер музыканың орындалуы барысында жүзеге асады, ал мұғалім болса, оқушының музыканы түсіну, ойлау қабілетін бақылап тұруға мүмкіндік алады. Б.Асафьев: Шығармашылық балалардың музыкалық материалдарды терең түсінуіне және музыкалық қабілетін дамуына жағдай жасайды деп жазды.
Музыка психологиясын зерттеуші Б.Теплов болса, шығармашылықпен айналысуды ең алғашқы күннен бастау маңызды, өйткені, музыкалық мәдениеттіліктің іргетасын өз беттерінше қалауға ықпалын тигізеді, -деп көрсетті.
Шығармашылық қарапайым ән әуендерін айтқанда, ұсынылған өлең-сөзге ән шығарғанда, Бір аспапта, мысалы металлофонда немесе дауыспен әртүрлі сипаттағы музыканы орындағанда (марш,би,полька,вальс т.б.), музыка мен оның сипатын жеткізетін мәнерлі қимылдар жасағанда, белгілі бір музыкаға ырғақ ойлап тапқанда, музыка туралы пікір алысқанда, әнді орындауда өзіндік мәнер қолданғанда ғана өмірге келеді.
Шығармашылық әрекетке жоғары сынып оқушыларын да тартуға болады.
Ол тек музыка туралы пікір алысумен, шығарманы мәнерлеп орындаумен шектелмей, шын мәнінде, шығармашылық қабілет танытатындай болу керек.
Мысалы, белгілі бір әуенге екінші дауыс немесе қосалқы дауыс ойлап табу, сөзге ән шығару, т.б.
Л.Дмитриева, И.Черноиваненко оқушылардың шығармашылық әрекетке белсене, қызыға араласуы үшін мұғалімнің мына қағидаларын есте ұстағаны жөн екендігіне тоқталады:
1. Дидактикалық құнды, белгілі бір бағытта шығармашылықты қажет ететін музыкалық материалдар таңдай білу;
2. Сабақта шығармашылықпен айналысуға жағдай жасайтын әдіс-тәсілдерді қолдану;
3. Музыкалық іс-әрекеттің әрбір түрінде қолдануға болатын шығармашылық түрлерімен таныстырып отыру;
4. Импровизация түрлерін кеңінен пайдалану;
5. Шығармашылық тапсырмалардың бірнеше серияларын әзірлеу;
6. Тақырыпқа байланысты қолданылатын іс-әрекеттерді бір жүйеге келтіріп, бір-бірімен тығыз байланыстыра білу.

Шығармашылықты дамыту тәсілдері


Ойлау, қиалдау Ырғақтық
Әңгімелеу
Сурет салу суырыпсалма

МЕКТЕПТЕГІ МУЗЫКА САБАҒЫН ӨТКІЗУ ӘДІСТЕРІ

Мақсаты: Музыка сабағын өткізу әдістерін оқып үйренумен қатар практикамен байланыстыру, тәжірибе алмасу, бір-бірінің білімін толықтыру.
Қосымша көмек материалдар.
Әрбір музыка сабағы - өнер сабағы ретінде өз дәрежесін түсірмеу керек.
Жалпы педагогикалық тәжірбиеде қолданылатын әдіс-тәсілдер.
1. Білімнің түріне қарай ( практикалық, көрнекілік,сөздік, кітаппен, бейнетаспамен жұмыс
2. Білімді бекіту, дағдыны қалыптастыру, шығармашылық ізденіс
3. Түсіндіру, жаңалықты іздеу, зерттеу, ойын әдістері
4. Дидактикалық мақсатты, материалды меңгерту.
5. Бақылау әдісі, таң қалдыру, суырыпсалмалық.

Ұсынылатын жұмыстар:
1. До тобы 1-2 класқа арналған таңдаулы тақырыпқа жоспар құру.
2. Ре тобы 3-4 класқа арналған таңдаулы тақырыпқа жоспар құру.
3. Ми тобы 5-6 класқа арналған дәстүрлі емес сабақ жоспарын құру.
Әр топтың құрған сабақ жоспарына талдау жасап, өзгеріс, ұсыныстар айту.

1 КЛАСТАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ

Мақсаты: 1-ші кластың әуездік тақырыптарының мазмұнын ашу, берілген материалдарға талдау жасау.
1-ші сынып оқушыларына психологиялық мінездеме: ойын баласы, тез шаршайды, зейіні тұрақсыз, өзін еркін ұстайды, еліктегіш.
Қосымша материалдар: 1-кластағы музыка сабағының басты мақсаты- қазақ халқының әдет-ғұрпын,салт-дәстүрін, өнерін қадірлейтін, оның өмірмен байланыстылығын түсінетін рухани бай жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Ұсынылатын жұмыстың түрі: Әр топқа әр тоқсанның тақырыбына талдау жасап, бір сабақ жоспарының үлгісін құру, жүргізу.
1-Сабақ Музыка және табиғат
Қазақ жері (Тұран этнофольклорлық ансамблінің орындауынан үзінді)
Тембр - дыбыс бояуы (сапасы).Регистр - регистр - reqister. Тембр - тембр - timbre.
Кемпірқосақ (сөзі: А.Асылбек, əні: Ə.Бүшікова)
2-Сабақ Музыкадағы жанды табиғат көріністері.
Сыбызғы - сыбызгы - sybyzqy Сазсырнай - сазсырнай - sazsyrnai
Сыбызғы (қысқа қайырым) сөзі: А.Асылбек, әні: А.Исағұлова.
Бұлбұл Л.Хамиди (Б.Төлегенованың орындауында).
Сыбызғы, сазсырнай (сөзі: Ш.Сариев, әні: В.Питерцев).
3-Сабақ Музыкадағы жанды табиғат көріністері (жалғасы).
Япур-ай Б.Тілеухановтың тыңдау
Көңілді саяхат әні (сөзі: А.Асылбек, әні: Ə.Бүшікова
Сабақ №4 Табиғатты аялайық!
Отан-Ана (сөзі: Т.Молдағалиев, әні: Қ.Шілдебаев) əнін тыңдайды;
Табиғатым сөзі: А.Асылбек, әні: Ə.Бүшікова
Музыкалық көркемдеуіш құралдар қатарына штрихтар (нем.strich - cызықша) жатады. Штрих дегеніміз - дыбысты əртүрлі шығару тəсілі.
Легато (итал.legato байланыс) - дыбыстар үзбей жалғасып, байланысқан түрде орындалады, нота жазуда лигамен белгіленеді. Нонлегато (итал.nonlegato - бөлек) - əр дыбыс бөлек орындалады, нота жазуда белгісі жоқ.Стаккато (итал.staccato үзіп) - дыбыстар үзіліп, қысқаша түрде орындалады, нота жазуда нотаның үстінде, не астында нүкте қойылады.
5-Сабақ Музыкадағы көңіл күй.
Жүгіріп шықтым белеске халық əнінің əуенін тыңда.
Қуанышты көңіл күй сыйлайтын музыканы мажор деп атайды. Мажор көңілді, қуанышты деген мағынаны білдіреді. Қазақтың халық əні Жүгіріп шықтым белеске мажорлы ладта жазылған.Лад дегеніміз - дыбыстардың өзара үйлесімділігі (жарасымдылығы). 6-Сабақ Музыкадағы көңіл күй (мұңды).
Оқушыларға Елім-ай халық əнін тыңдау
Минор ұғымы
7-Сабақ Терме - нақыл, өсиет.
Жанр (genre) француз тілінен аударғанда түр, тек деген мағынаны білдіреді.
Жақсы менен жаман (сөзі: А.Рахметов) термесі
Ата-ананың қадірі атты Майлықожаның термесінен үзінді тыңдату.
Терме ұғымы

Сабақ №8 Айтыс - сөз сайысы.
Бəдік орындау.

2 КЛАСТАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ

Мақсаты: 2-ші сыныптағы оқу жалпы тақырыптың мазмұнын ұғыну, материалдарымен танысу.

2 - класс оқушларына музыкалық тәрбие берудің жалпы міндеті - бірінші класс оқушыларына қойылатын міндеттермен сипаттас, сабақтас болып келеді. Балалардың музыкаға қызығушылығы әрі қарай қалыптасады. Тәрбмелеу және білім берудің арқасында музыкалық қабілеті дамиды. Барлық берілетін білім, дағды баланың музыканы саналы түрде қабылдап, оны терең сезіне білуіне, орындау шеберлігінің шыңдала түсуіне бағытталады.

2-ші класс оқушыларына жалпы сипаттама.

2 класс балалары түсініктерінде көп ұқсастық болғанымен, олардың арасында айырмашылық та бар. 2- класс баласы тәжірбиелі оқушы, мектептің тәртібін, сабаққа қойылатын талаптарды біледі. Зейіні тұрақтала түседі. 1- класс оқушысына қарағанда абстрактылы ойлауға қабілетті.
Жалпы алғанда 1-ші сыныптағы күй жанрын әрі қарай тереңдете таныстыру,төрт түлік малға арналған әндер мен күйдің күрделі түрі, табиғатқа арналған ән мен күй қайталау, пысықтау түрінде берілген. Арнау әндер мен күйлердің, тарихи ән мен күйлердің мағынасын түсінуге арналған тақырыптар оқушылардың музыкалық білім деңгейін арттыра түседі. Әділетсіздікке арналған, үйлену тойына арналған ән, күйлердің де өзіндік тәрбиелік мәні зор. Ән репертуарына тоқталсақ, балалардың жас ерекшілігіне бейімделген жеңіл әндер жинағы қамытылған. Дауыс диапозонына қиын соғатын әндерге алдын-ала транспозиция жасап, ыңғайлап алуды ескерген жөн.

2 КЛАСТАҒЫ САУАТТЫЛЫҚ, ЫРҒАҚТЫҚ ҚИМЫЛ

Мақсаты: 2-ші сыныптағы берілген әуездік сауаттылық пен ырғақтық қимыл мысалдарын игертудің әдіс-тәсілдерін үйрену.
Берілген әуездік сауаттылықтың материалдары.
Ырғақ - Ортеке әніндегі пунктерлік ырғақты санау, алақан соғу арқылы меңгеру Жылдамдық - Қара жорға күйі мен Торы жорғаның бөгелек қағуы күйінің жылдамдығына сызба жасау
Суырыпсалма - өз жанынан ұйқас өлең шумағын құрастыру
Динамикалық таңбалар (пиано, форте) өмірмен байланыстыра мысал ойлап табу
Вальс. Хор. Партия. Фермата. Полька.Стаккато.Финал..Ережесіне байланысты көрнекілік дайындау.

1-сабақ Өзім туралы.Музыкалық қоржын
Музыкалық қоржын муз. Г.Абдрашева Ә.Бүшікова
Ойыншықтар Өлеңі: Н. Әлімқұлов. Әні: И. Нүсіпбаев.
Екпін,ырғақ,дыбыс күші,дыбыс биіктігі музыкалық көркемдеуші құралдарға жатады.

2-Сабақ Ойыншығыма арналған бесік жыры.
Бесік жыры. өлеңі: А.Асылбек әні: Ә.Бүшікова
Дыбыс күшін көрсететін белгілер: форте -- f-қатты; пиано -- p-ақырын
Бала уату қазақтың халық әні
3-Сабақ Сүйікті әуендерім.
Бөбегім Т.Тоқжанов күй тыңдау

4-Сабақ Ақылды ойыншықтар.
Ақылды ойыншықтар Г.Абдрашева
Бала уату халық әні
2-бөлім. Менің отбасым және достарым
5-Сабақ Өзім туралы.
Болайықшы осындай А.Меңжанова
6-Сабақ Мен және менің достарым
Менің достарым өлеңі: Ө.Ақыпбекұлы әні: Ә.Бүшікова
Ырғақ-ұзақ және қысқа дыбыстардың реттілігі

7-Сабақ Мен және менің отбасым
Жарасты жанұя өлеңі: А.Асылбек әні:Ә.Бүшікова

8-Сабақ Менің музыкалық отбасым.
Жарасты жанұя өлеңі А.Асылбек әні:Ә. Бүшікова
Регистр-аспаптар үнінің,адам даусының жоғарғы,ортаңғы,төменгі биіктігі
9-сабақ Бір отбасы оқиғасы
Отбасымның музыкалық саяхаты. муз: Г.Абдрашева
3-бөлім.Менің мектебім
10-сабақ Сыңғырлаған қоңырау
Қоңырау дыбыстары
Жас дәуірдің түлегіміз өлеңі: Е.Өтетілеуов әні:И.Нүсіпбаев
11-сабақ Мектептегі бір күнім
Кел,балалар ойнайық өлеңі: Қ.Ыдырысов әні: Ә.Еспаев
БалбырауынҚұрманғазы Рондо В.А.Моцарт
Екпін-музыкада шығарманы орындау кезіндегі жылдамдықтың белгісі.
Композиция-бір ой негізінде біріктірілетін шығармашылық жұмыстар
12-сабақ Менің ұстазым
Мұғалім ол біздің өлеңі: М.Әлімбаев әні: И.Нүсіпбаев
Тембр-дыбыс бояуы
13-сабақ Көңілді үзіліс
Он дегенім-Отаным өлеңі: Ө.Ақыпбекұлы әні:Ә.Бүшікова
4-бөлім Менің туған өлкем
14-сабақ Туған өлкемнің табиғаты
Қыстың күні көңілді өлеңі: Қ.Ыдырысов әні: К.Қуатбаев
15-сабақ Қарлы тау әуені
Алатау Құрманғазының күйі
16-сабақ Менің Отаным-Қазақстан
Туған жер өлеңі: С.Тұрғынбек әні: Ш.Қорғанбекова
Сарыарқа Құрманғазының күйі
Крещендо-дыбысты бірте-бірте күшейту
Диминуэндо-дыбысты бірте-бірте азайту
5-бөлім. Дені саудың-жаны сау
17-сабақ Кел,билейік
ҚосалқаДәулеткерейдің күйі
Кіріспе-музыкалық шығарма басталар алдында орындалатын қысқаша әуен
Негізгі әуен-музыканы(күй,ән)сипаттайтын басты әуен.
Кел,билейік өлеңі: М.Әлімбаев әні: Б.Байқадамов
Скрипка кілті
18-сабақ Қысқы спорт түрлері
Спорт-біздің досымыз өлеңі: Н.Әлімқұлов әні: М.Сағатов
19-сабақ Пинг-Понг
20-сабақ Ас-адамның арқауы
Дастарқан өлеңі: А.Нысаналин әні: К.Дүйсекеев
21-сабақ Стадион үні
Чемпиондар әніөлеңі: Е.Елгезеков, А.Мүкей әні:Е.Елгезеков
6-бөлім Салт-дәстүр және фольклор
22-сабақ Халық әуені және ырғақтары
Бесік жыры қазақтың халық әні
23-сабақ Ортеке
Секіртпе Тәттімбеттің күйі
Ортеке өлеңі: Ш.Смаханұлы әні: Ә.Еспаев
24-сабақ Күй тартыс
Сарыарқа Құрманғазының күйі
Домбырасыз сән қайда?! өлеңі: Х.Талғаров әні: И.Нүсіпбаев
25-сабақ Сыбызғымен жеткен көне аңыз
Жорға аю халық күйі
Сыбызғы өлеңі: А.Асылбек әні: А.Исағұлова
26-сабақ Қош келдің, наурыз!
Наурызым-нақыл жыр Ж.Кәрімова
Музыкалық сахналық қойылым-арнайы сахнада көрсететін қойылым.
Концерт-сахнада белгілі реттілікте өнер көрсету
7-бөлім. Қоршаған орта
27-сабақ Көктем әуендері
Апрель.Подснежник П.Чайковский
Көктем өлеңі: Ж.Сәтібеков әні: К.Қуатбаев
28-сабақ Көктем жаңбыры
Рейнстик аспабы және оның жасалуы
Жау-жау,жаңбырөлеңі: Ш.Сариев әні: К.Дүйсекеев
29-сабақ Музыкадағы құстар бейнесі
Картинки с выставкисюитасы М.Мусоргский
Сюита-бірнеше қысқаша музыкалық шығармалардан тұратын аспаптық музыканың түрі.
АққуСүгірдің күйі
Кім қалай шырқайды? өлеңі: А.Асылбек әні: Ж.Тұрсынбаев
30-сабақ Музыкадағы төлдер бейнесі
Төлдер өлеңі: Ж.Өмірбеков әні: Б.Ғизатов
8-бөлім. Саяхат
31-сабақ Бұлақ сылдыры
Ақбұлақ Б.Тәжібаев
32-сабақ Жайлау әні
СарыжаулауТәттімбеттің күйі
Қазақ күйлері орындалуына қарай шертпе және төкпе болып бөлінеді.
Кел жайлауға өлеңі: Д.Жанботаев әні: Ә.Телғозиев
33-сабақ Дала әуені
КөңілашарТүркештің күйі
Кең дала өлеңі: Н.Әлімқұлов әні: И.Нүсіпбаев
34-сабақ Қала үні
Арайлы Астана өлеңі: Қ.Әбілов әні: Т.Мұхамеджанов

Мақсаты: Қазақтың күй өнеріндегі екі мектептің негізін қалаушылар Құрманғазы мен Тәттімбеттің күй арқылы табиғатты суреттеу образын ұғыну.

1. Күй. Құрманғазы Сарыарқа
2. Күй . Тәттімбет. Сарыжайлау
3. Халық әні Алатау
4. Музыкалық сауат. Динамикалық таңбалар. ( форте, пиано)
Күйдің әнге қарағанда күрделі екендігін оқушылар 1 кластан біледі. Күйді дұрыс түсіну үшін алдымен мазмұнымен танысып, зейін қоя тыңдау керек. Құрманғазының Сарыарқа күйі мен Тәттімбеттің Сарыжайлау күйін тыңдатар алдында мазмұнына және авторларына қысқаша тоқталу керек. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнері үйірме жұмыстарында ағаштан ұлтық қолөнер арқылы оқытудың әдістемесі
Музыканы оқыту әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық аспаптарға үйретудің мәні мен мазмұнының теориялық негіздері
Балалар музыкалық аспаптарында ойнау
Музыкалық аспаптардың түрлері
Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық аспаптарда ойнауы
Музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мазмұны, құрылымы жоспарлау мен өткізу жолдары
Түркі тілдес халықтарының көне музыкалық аспаптар тарихынан деректер
Музыкалық репертуар
Салттан тыс фольклор туындылары
Пәндер