Ұңғыма тесудің ендігі бір тәсілі айналымды бұрғылау


Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 5-6
І. ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1. 1. Аршу және үйінді жасау . . .
1. 2 Бұрғылау жұмыстары . . .
1. 3 Жару жұмыстарын жүргізу әдістері . . .
ІІ. Арнайы бөлім
2. 1. Тиеу жұмыстары . . . 7
2. 2. Тау жынысын уату және тасмалдау құралдары . . .
2. 3 Үйінді жасау жұмыстары . . .
2. 4 Кен сілемдерін аршу. . . . 8
2. 5. Кен қазу жүйелері . . . . 12
ІІІ. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау
4. 1. Техника қаупсіздігі . . .
4. 3. Табиғатты қорғау . . . 37-38
Қорытынды . . . 39
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 40
Кіріспе
Тәуелсіз Қазақстанның өнеркәсібін дамытуда кен ісі өнімдерінің қолданылмайтын саласы жоқ десек те болады. Қазақстан жер қойнауында Менделеев жүйесіндегі барлық химиялық элементтеғрдің кездесетіндігі, әсіресе, олар қоры жөнінде өнеркәсіптік санатта екендігі еліміздің өндіріс саласының денін кен ісі құрайтындығы дәлел. Бұл ретте қазақстан түсті металлургия саласын дамытуда, полиметалды кен орындары жөнінен дүние жүзі бойынша алдыңғы қатарда тұруы көп нәрсені аңғартса керек. Ал алтын, әсіресе, уран кенінің қоры жөнінде еліміз ірі мемлекеттер санатына енетіндігі құпия емес. Сондықтан да кен ісі мамандарының уақыт талабының үрдісінен көрінуі табиғи құбылыс екендігі сөзсіз.
Жер қойнауынан қазылатын кен қазір басты үш әдіспен іске асырылады. . Соңғы он жылға дейін кен негізінен жерасты және ашық кен жұмыстарымен қазылып келгенді. Қазір кен қазудың жаңа технологиялық әдісінің үлесі жыл сайын артып келеді. Геотехнологиялық әдіс алтынды, әсіресе, уран кенін өндіруде кеңінен қолдау тауып отыр. Оның басты себебі, бұл жағдайда әдеттегідей кен сілеміне жетіп, оны ашу не болмаса аршу тәрізді қаржыны да, адам күшін көптеп қажет ететіндей кен қазбаларын жүргізудің қажеті болмайды. Мұның орнына ұңғымалар (скважина) бұрғыланып, сұйық реагенттер жіберіліп, металды сілтілендіру үдерісі нәтижесінде кентасындағы уран немесе алтын элементтері ерітінді түрінде шығарылып, одан әрі пайдалы бөліктер тиісті технологиялық жолмен бөлініп алынады.
Кен қазу бірнеше технологиялық тізбекті құрайды. Егер жерасты тәсілі қолданылса, жер бетінен қазбалар жүргізу нәтижесінде кенге жол ашылады. Мұны кенді ашу дейді. Бұдан соң ашылған кен сілемін даярлап, оны қазып алуға мүмкіндік туады. Сөйтіп, жерасты тәсілін қолданғанда кен қазу осындай үш кезеңдік жағдайда жүзеге асырылады. Ал, ашық кен жұмыстары тәсіл қолданғанда алдымен кеннің үстінде бос тау жыныстары алынады.
Мұны аршу дейді. Бұдан соң түрлі дайындау жұмыстары жасалынып, кен өндіріледі. Мұндай технологиялық жұмыстарға арналған пәндерді игеру арқылы болашақ кен ісінің мамандары өзінің кәсіби біліктілігін шыңдайды. Ол, өз кезегінде «Кен ісі технологиясы негізі» пәні маркшейдер мамандығын таңдаған студенттерді кен ісі негізімен жан-жақты хабардар етуді мақсат етеді. Сондай-ақ, кен қазбалары геология саласында барлау мақсаты үшін қолданылатындығына, бұл істі де атқару, яғни барлау кен қазбаларын жүргізу маркшейдерлік мамандығынан білім алған мамандарға жүктеледі.
І Жалпы бөлім
2. 1 Аршу және үйінді жасау жұмыстары

.
Кертпешті шпурмен (1), ұңғымамен (2) және мина (3) оқтамдармен уату түрле
1. 2. Бұрғылау жұмыстары
Ұңғыма бұрғылау. Қатты тау жыныстарын белгілі шамада ұсақтау үшін атылғыш заттар пайдаланылады. Карьерде ұңғымалық оқтамдарды жаппай аттыру түрі кеңінен өріс алған, ал шпурлермен (1) аттыру сирек қолданылады. Мұнымен қатар кенүңгірлік (миналық) оқтамдармен (3) ұсақтау әдісі арагідік қолданылады. Сондықтан да кен негізгі бұрғылау жұмысында әр түрлі диаметрлі ұңғыма тесуге бағытталған. Карьерде ұңғыма бұрғытісті (шарошка), айналсоқ, бұрмасоқ тәсілдермен бұрғыланады. Ұңғымаларды отпен (термобұрғы) ұңғу тәсілі де қолданылады.
Металды кенді ұсатқанда кеңінен қолданылатын бұрғытісті тәсілі: 2 СБШ-200, 2 СБШ-200Н, 2СБШ-250, СБШ-250МН және СБШ 320 маркалы станоктар және олардың жақсартылған түрлері пайдаланылады.
Бұрмасоқ станоктары магмалы жыныстарды ұсақтарды жиі қолданылады. Бұл станоктар бұрғытісті бұрғылау қондырғыларына қарағанда әрі жеңіл, әрі құрылымдық конструкциялы тұрғыдан қарапайым келеді. Сондықтан да мұны тасымалдау оңай, әрі басқару онша қиындық тудырмайтындықтан онымен жұмыс жасау ыңғайлы. Бұл станоктармен көлбеу ұңғыма бұрғылауға да болады. Алайда, бұл станоктармен жарықшақты жыныстарды бұрғылау тиімсіз.
Ұңғыманы отпен тесу тау жынысын жоғары температурада қыздырып бұзуға негізделген. Мұнымен қатты кварц жыныстарын бұрғылағанда бұрғытісті және бұрмасоқ станоктарын қолданудан тиімді. Сондықтан да кварцты темір кенін отпен бұрғылау кеңінен қолдау тапты.
Ұңғыма тесудің ендігі бір тәсілі
айналымды бұрғылау
. Бұл бекемді орташа (
) және жұмсақ жыныстарды ұсақтарда қолданылады. Ұңғыма кенжарында (забойда) ұсақ жыныс түйіршіктерін тысқа шығарып тұратын шүмек орнатылғандықтан, кейде бұл шүмекті бұрғылау дейді.
1. 3 Жару жұмыстарын жүргізу әдістері
Шпурлық оқтамдар әдісі
Шпурлық оқтамдар әдісі -ашық карьерде және жер асты қазбаларында қолданылады. Шпурдың диаметрі 32мм-42мм арлығында, ал ұзындығы 5м аспайтын целиндр іспеттес.
Шпурлы тәсілді бұрғылау тік, енкіш, көлденең бұрғыланады. шпур бір қатар немесе шахматты болып келеді. Шупырды оқтау әдісі -пратонды жарылғш затпен шпурдың 0, 6% ұзындығын оқтайды . Шпурда ашқ қалған тесікті майда құммен немесе майда лаймен бітейді. Сосын схемасын жинап аттырады.
Артықшылығы шпур мен атқанда пайдалы кен тау жынысы майда және біркелкі болып атылады. Жұқа қиын орналасқан сілемді ату үшін қолданылады.
Кемшілігі атылған масса аз шығады. Ал шығын көп сол себептен көбінесе басқа ұңғыма әдістеріне көшкенін дұрыс көреді.
Ұңғымалық оқтамдар әдісі
Ұңғымалық оқтамдар әдісі деп тау-кен жұмыстарында қатты тау жыныс-тарын аттыру үшін қолданылады. Жарылғыш зат ұңғымада :
а) Жаппай ұзындықта
б) Бөлек ұзындықта
в) Қазандық бірдей
г) Аралас қазандық
Жаппай ұзындық оқтам карьерде көп қолданылады. Өте қолайлы және нәтежиелі D=200, 250, 320мм ұңғыманы кертпеш бойымен аттырғанда бір, екі және оданда көп қатармен аттырғанда үлкен диаметірмен бұрғыланған ұңғымаларға жарылғыш заттар көп кетеді. Бұл өте қолайлы себебі, бұрғыланған кезде бір-бірінен ара қашықтығы үлкен сол себептен, бұрғылау жұмысының көлемі азайады.
Ұңғыма диаметрі мен кертпештің биіктігіне байланысты . Тереңдігін кертпештің биіктігінен сәл тереңдеу алады . Бұны артық жарылғыш зат оқтағанда көлеміне бір ұңғымаға кететін жарылғыш зат есептелінеді.
Камералық оқтамдар әдісі
Камералық оқтамдар әдісі көп көлемде аттырылатын тау- кен жыныстарында ор және таудың арасын бекіту үшін қолданылатын әдіс.
Жарылғыш заттарды әдейі арнайы істелген камераларға текшелеп немесе крест тәрізді жинап көп мөлшерде 10тоннадан астам көлемі камераның ішінде (м 3 ) оқталады.
𝛎
𝛋=
N
N
-
коэфицент кемерінің ішін бекеткен материалдар. U-кемер ішіне салынған жарылғыш зат т/м
3
. Камераның ішіндегі тау жыныстарын бос болса оны тіреу қойым құламайтын етеді.
Камералық оқтамдарды жүргізер алдында шара қарастырылып дайындық жұмыстары жүргізіледі .
Қазандық оқтамдар әдісі
Жайпақ күрт құлама кертпешті артқанда табан жағында кедергі көп болады. Бұл жағдайда ұңғыманың төменгі жағын аз мөлшерде жарылғыш затпен аттырып жасанды шараға ұқсас қазандық жасалынылады . Ұңғыманы аз мөлшерде жарылғыш затпен аттырғанда бір, екі немесе үш рет аттырып қазандық шұңқыр жасалынады . Бірнеше аттырылғаннан кейін құлаған майда тастарды бұрғылау станогның компресорымен ауаның қысымы мен тазалайды. Артықшылығы 1м 3 тау жынысынан ұңғыманы аз бұрғылайды. Кемшілігі -уақытты көп алады және шығыны көп. Аз мөлшерде жарылғыш затты аттырғанда ұңғыманың диаметрін үлкейтіп майда тастармен ұңғыманы бекітіп тастайды . Тазалау үшін көп уақыт алады . Сол себептен қазандық оқтамдар әдісін қолданбайды. Қазандық оқтамның орналасқан зарятталған схемасы
Ұңғым, Қазандық, Негізгі оқтам, Қосымша оқтам, Забика
ІІ Арнайы бөлім
2. 1 Тиеу жұмыстары.
Қопсытылған тау жыныстары дерлік экскаваторлар бір шөмішті (а) және көп шөмішті (б) болып келеді. Бір шөмішті экскаваторларға механикалық тура және кері шөмішті, сондай-ақ драглайн (ә) экскаваторлары аршу кен қазу және үйінді жұмыстарында қолданылады. Жұмсақ жыныстар алдын ала қопсытусыз-ақ экскаватор шөмішімен алынып тиеледі. Әдетте, экскаватор кертпеш қанатынан - кенжардан бастап немесе оның орта тұсында тұрып кертпештен қайталап ену тәсілімен жұмыс атқарады.
Карьер экскаваторының қолданысы:
а-механикалық күректі; ә-арқандық шөмішті(драглайн) ;
б-шынжырлық көпшөмішті; в-роторлық экскаватор
Драглайн көбіне аршу жұмысында пайдаланылады. Шөміш сыйымдылығы 4-тен 100 м 3 драглайн жынысты 40-100 м қашықттыққа төге береді.
Көп шөмішті экскаваторлар(б) жұмыс жабдықтарына қарай шынжырлы және роторлы (в) болып бөлінеді. Шынжырлы көп шөмішті экскаватор кертпешті бойлай жүріп жұмыс атқарады. Шөміштерінің сыйымдылығына қарай: шағын қуатты (шөміш сыйымдылығы -0, 3 м 3 ) ; орташа қуатты (0, 6 м 3 дейін) ; қуатты (1, 0 м 3 дейін) және өте қуатты (1, 0 м 3 -ден көп) болып бөлінеді. Карьерде қолданылатын орташа және қуатты экскаваторлар рель бойымен жылжиды.
Ал қуаты шағын, шөмішті жыланбауыр экскаваторлар құм қазу және қосалқы кен жұмыстарында қолданылады. Өнімділгі жоғары болғанмен шынжырлы экскаваторлар жыныстардың физика-механикалық қасиеттерін талғайды, әрі ауа райының барлық
жағдайында жұмыс істеуі қиынға соғады. Осыған байланысты экскаваторлардың бұл түрі кен қазуда кеңінен қолдау тапқан жоқ.
Карьер экскаваторлары: а-біршөмішті;
ә-шынжырлы көпшөмішті; б-роторлы экскаваторлар
Кен өндірісінде кеңінен қолданып кеткен көп шөмішті роторлы экскаваторлардың жұмысшы мүшесі деп саналатын диаметрі 18 м-ден 25-м-ге дейін жететін ротор дөңгелегіне әрқайсысының сыйымдылығы 0, 04-ке тең 6-12 шөміш бекітіледі. Бір шөміштің көлемі -4 м 3 . Ротор дөңгелегі айналған кезде ондағы әр шөміш жынысты қырши алып отырады. Роторлы экскаваторлар бекемділігі орташа және жұмсақ бос тау- жынысын аршу үшін және бекемділігі сондай болатын кенді, көбіне көмірді қазып алуға пайдаланылады. Мұндайда оның өнімділгі шөміш сыйымдылығы және оның санына байланысты, сағатына 3000-2 м 3 жетеді.
Карьер жабдықтары: а-өзітүсіргі; ә- жартылай тіркемелі автокөліктер;
б- СБШ тектес бұрғы станогі; в-ұсақтағыш қырғыш (бульдозер)
ТМД елдерінде ортақ өнеркәсіп роторлы экскаватордың бірнеше түрін (РГ-400Д, ЭРШР-52250, т. б. ) шығарады. Мәселен, Екібастұзда роторлы экскаватордың бірнеше түрі қолданылады.
2 . 2 Тау жынысын уату және тасымалдау құралдары
Кенді ашық тәсілмен қазып алуда тасымалдау үдерісі барлық кен қазу ісінің пәрменділігіне ықпал етеді. Карьерде қолданылатын барлық механизмдер мен жабдықтардың іс нәтижесі тасымалдау құралдарды таңдап алып, еңбекті дұрыс ұйымдастыруға тікелей байланысты. Карьердің басты көлік түрі: теміржол, автомобиль және конвейер . Тасымалдаудың арқанды және гидравликалық (су) түрі сирек қолданылады. Ашық кен қазу жұмыстарында бос тау жынысын жылжыта төгу үшін үйінді- көлік көпір, кертпешті ( консол ) үйінді жасағыштар да пайдаланылады. Соңғы кезде бірнеше тасымалдық жабдықтарынан тұратын тасудың құрамды түрі де қолданыла бастады.
Қазылған бос жыныстарды теміржолмен тасымалдау ірі карьерлерде кеңінен қолданылады. Теміржол көлігі жеке өзі және басқа тасымалдық құралдар түрімен аралас қолданыла береді. Бұл үшін тіркемелі электровоздар кеңінен пайдаланылады. Кейінгі кезде карьерде тепловоздар да іске қосылады.
Жүк көтергіштігі 27, 40, 75, әсіресе, 100 тоннадан асатын алып самосвалдардың өндіріске енгізілуіне байланысты карьердің тасымалдық жұмысына автокөлікті қолдануға жаңа бағыт берді. Бұрын автокөлікті шағын және орта қуаты карьерлерде пайдаланушы еді. Қазір КрАЗ, әсіресе, БелАЗ текті алып автосамосвалдар карьердің басты көлігіне айналды. Мұнымен қатар тау жыныстарын тасу үшін тіркемелі, жартылай тіркемелі дөңгелекті және трактор тартқыларын (тягачтар) да пайдаланады. Тіркемелі сүйреткіш автопойызбен жыныс тасу үшін МАЗ-529 және БелАЗ-540 машиналары қолданылады.
Жер қойнауының тұрақты, яғни қиятасты жынысы деп дараланатын бос тау жыныстары мен металдық кендер (бейкендер) көбіне атылғыш заттар (а. з. ) уатылып барып карьер көлігіне тиеліп тасылады. Ол үшін карьер кемерлері көбіне СБШ тәрізді қашаутісті (шарошты) бұрғы станоктармен ұңғымалар бұрғыланып, сосын ол а. з. толтырылып атылады. Уатылған тау жынысы (кен) біршөмішті ЭКГ тектес шөмішінің сыйымдылығы 3-5 м 3 болатын экскаваторлармен тиеледі. Кемердегі шашылған кен тастарын жинақтау және жол ашу тәрізді операциялар бульдозер-қопарғыш жабдықтарын қолданып іске асырады.
Ашық кен жұмыстарында конвейер көліктері де кеңінен қолданылады. Электр энергиясын аз мөлшерде жұмсайтын, әрі толассыз тасымалдаудың бұл түрі көлбеу бұрышы 18 0 аспайтын жағдайда жұмыс істейді.
Таспалы конвейер көлігін аршу жұмысында қолдану пәрменді. Кен жұмысының өсуіне байланысты және кен қазу тереңдігі артқан сайын тасымалдау жұмыстарында да конвейерді пайдалану кең өріс алып келеді.
Жұмсақ және сусымалы кенбайлықты қазуда ашық кен жұмыстық негізгі кен-көліктік жабдықтары ретінде сырмалар мен бульдозерлер қырғыштары қолданылады. Олар жұмыс түріне қарай ерекшеленеді. Мәселен, сырманың жұмысшы шөміші, ал бульдозердің қырғыштісі жұмыс кезінде үстіңгі қыртысы қырнай сырып апарып төгеді, тасымалдайды. Сондықтан да бұларды жерқазғыш- тасымалдаушы машиналар тобына жатқызады.
2. 3 Үйінді жұмыстары.
Кен қазудың ашық тәсілін қолданғанда алдымен кен сілемін жауып жатқан бос тау жыныстары алынады. Аршу кезінде алынған бос тау жыныстары арнаулы жерге жеткізіліп, белгілі тәртіппен төгіліп орналастырылады, яғни үйінді жасалынады. Сондықтан да аршу ісі мен үйінді жұмыстары байланыстырыла атқарылады. Мәселен көмір тіліктерінде де 1 м
3
аршу жынысының өзіндік құнының 12-15%, ал темір кенінің 1 т қазу құнының 15%-і үйінді жұмыстарына тиеді. Жалпы ашық кен жұмыстары бойынша аршу шығынының 20-30%-ы үйінді жұмыстарына жұмсалады. Себебі, аршылатын бос тау жыныстарының көлемі қазылатын кеннен әлденеше есе асып түседі. Металды карьерлерде жыл сайын атқарылатын үйінді жұмыстар көлемі ондаған, мыңдаған, жүздеген миллион текше метрге жетуі осыдан. Сондықтан да карьердің техника-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту шаралары қарастырылғанда үйінді жасаудың технологиялық кешенін таңдау ерекше маңызға ие болады.
Үйінді жасау бағыты: а- параллельдік; ә- жайпақ; б-алқа-қабатты
Үйінді жасау кешендерінде аршу жыныстарын тасып жеткізу, төгілген жынысты жаймалау және бұған теміржол көлігін пайдаланғанда жол торабын (рельсті) аударып салып отыру үдерістері кіреді. Сөйтіп, үйінді жұмыстары оны жасау технологиялық кешендерінің операциялық жиынтығынан тұрады.
Орналастыру ретіне қарай үйінді ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі үйінді карьер нұсқасының ішінде, кені алынған бос кеңістікке тау жыныстарын төгу арқылы жасалынды.
Егер аршудан алынған жыныстардың карьер нұсқасының сыртында жатқан арнаулы жерге жеткізіліп, жайғастырылар болса, онда мұны
сыртқы үйінді
деп атайды.
Экскаваторлық үйінді
Ішкі үйіндіні жасау экономикалық тұрғыдан тиімді болғанымен, көп жағдайда оған мүмкіндік болмай қалады. Жайпақ, жазық кен сілемдерін қазатын ірі карьерде аршылатын бос тау жыныстары жұмсақ болып келсе, онда аршу ісіне көп шөмішті экскаваторларды пайдаланып, бос тау жыныстары жыланбауыр немесе рельспен жылжитын екі таянышты көпірмен ішкі үйіндіге төгіледі. Мұндай көпір таянышының арақашықтығы 300-350 м-ге жетеді, ал өнімділігі сағатына 500-3500 м 2 болады.
Сыртқы үйінді жер бедеріне қарай карьерге таяу жерге орналастырылады. Мұндайда шатқал, құз, терең, сай, тау бөктерін пайдалану тиімді. Себебі ылдиға қарай бос тау жыныстарын тасымалдау көлік шығынын азайтуға себебін тигізеді. Ашық кен өндіру практикасында үйінді жасаудың үш түрлі сызбасы қолданылады. Олар: тарауық (веерлі) (ә), паралельді (а), қисық сызықты немесе қотанды (б) .
Паралельдік, тарауық сызба түрі қолданылғанда үйінді жасау барысында жұмыс қанаты бірте-бірте тарыла береді.
Бұған керісінше, қисық сызықты үйінді жасау сызбасы пайдаланылғанда үйінді жасау дами келе ауқымы ұлғайып, өрісі кеңейіп алқа-қотанды үйіндіге айналады.
Қолданылатын кен жабдықтарына қарай үйінді соқалық , экскаваторлық және бульдозерлік болып бөлінеді. Бұлардың қатарына гидромеханикалық үйіндіні де қосуға болады.
Соқалық тәсіл аршудан алынған тау жынысы теміржол көлігімен тасымалданып, тарауық әсіресе, қисық сызықты үйінді үюде қолданылады. Үйінді жиегін қуалай төселген теміржол торабымен келген думпкарлар жүгін жарқабаққа қарай аударғанда төгілген жыныс төмен домалайды. Ал жиекте қалған үйінді арнайы платформаға орнатылған соқамен сырып төмен құлатылып отырады. Осылайша үзбей төгіле берген тау жынысы жиектегі жолды басып қалатындай шамаға жеткенде, соқаның да өнімділігі маңдымайды. Мұндай кезде үйінді тегістеледі де, арнаулы жылжытқыш көмегімен жол торабы жиекке тақап, аударып төсеп отырады. Осылайша үйінді бүйір бағытына қарай дамып, жиек одан әрі жылжи береді. Қазіргі кезде карьерде төрт осьті теміржол платформасына орнатылып электровозға тіркелеген пнематикалық жүйемен басқарылатын МОП маркалы соқасы кеңінен қолданылады. Мұның жылжу шапшаңдығы 6-10 км/сағ. Үйінді биіктігі 12-15 м-ден аспайды.
Соқалық үйінді жасау тәсілінің басты кемшілігіне еңбек өнімділігінің мардымсыздығын, тұтынымдық шығынының көптігін, биік жарқабақ үстінде төгілген жынысты жайғастырудың қиындығын және үйіндінің жүк қабылдау мүмкіншілігінің жоғары еместігін жатқызуға болады.
Экскаваторлық үйінді қисық сызықты сызбасымен дамитын сияқты бос жынысты тек теміржол көлігімен тасымалдағанда ғана қолданылады. Бұл жағдайда экскаватор тұрған алаң теміржол торабынан төмендеу орналасады. Сөйтіп, жоғары кертпештен, думпкардан төгілген жыныс, экскаватор алаңы келіп түскенде ол шөмішпен көсіп алып, үйінді жиегіне қарай төге береді. Бір орында тұрған экскаватор жынысты 20м қашықтыққа шөміштеп төгіп тұрады. Мұндай жағдайда теміржол торабын үйінді жиегі 20-30 м-ге дейін аударып жатудың қажеті болмайды. Сөйтіп, экскаватор ені 20-30м алаптағы бос тау жынысын төге, жылжи-жылжи екінші басына жеткенде ол келесі жолаққа шығып жаңа алаптың үю жұмысын бастайды. Мұндай үйінді биіктігі 15 м-ден 30м-ге жетеді.
Үйінді үюдің экскаваторлық тәсілі тек қана ірі карьерде салғанда пайдалы. Мұның басты кемшілігі үйіндідегі барлық тау жынысы бірнеше мәрте экскавацияланады. Осының салдарынан күрделі қаржы да, тұтыну шығыны да өсіп кетеді, сонымен қатар жұмыс істейтін экскаватор санын көбейтуге мәжбүр етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz