Жалпақ жапырақтылардың өркен және бұтақ аурулары


Қазақстан Республикасының Ауыл Шаруашылық Министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті
Өсімдік қорғау және карантин кафедрасы
Агробиология факультеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Жалпақ жапырақтылардың өркен және бұтақ зиянкестері мен аурулары, олармен күресу шаралары»
Орындаған: Абуова Багила
Тобы:ЗР-316
Қабылдаған:Қайқыбаев Қайрат
Алматы-2021
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Жалпақ жапырақтылардың өркен және бұтақ зиянкестері
2. 2 Жалпақ жапырақтылардың өркен және бұтақ аурулары
2. 3 Жалпақ жапырақтылардың аурулар мен зиянкестермен күресу шаралары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жалпақ жапырақты ағаштар қоңыржай климатты аймақтың барлығында таралған. Жалпақ жапырақты ағаштардың жапырақтары - көптеген түрлер үшін қорек көзі. Жалпақ жапырақты ағаштар климаттың маусымдық өзгерістеріне сезімтал және өз жапырақтарын тастайды. Оның топырағы өте құнарлы. Жалпақ жапырақты ағаштар топырақ құнарына көп талап қояды, сондықтан олар орманның сұр топырағы мен қара топырақта өседі, олармен қатар көптеген ағаштар және бұталар өседі.
Жалпақ жапырақты ормандардың қоңыр топырағы суббореалды биоклиматтық белдеуге жататын Батыс және Орталық Еуропа мен Қиыр Шығыста тараған. Бұл топырақтар Ресейдің Калинград облысында, Белорусс мемлекетінде, Ресейдің Хабаровск өлкесі мен Амур облысындағы тау аңғарлары жазықтықтарында, Кавказ және Карпат тауларында кездеседі. ТМД елдерінде осы топырақтар 20 млн. гектардай аумақты қамтиды.
Негізгі бөлім
2. 1 Жалпақ жапырақтылардың өркен және бұтақ зиянкестері
Өркен ширатқыштар (Еvetria) қабыршақ қанаттылар отрядының жапырақ ширатқыш тұқымдасына жатады, бұл жәндіктер өркендерге жұмыртқа салып, оның ішінде дамиды. Дамуына байланысты өркен ширатылады. Соның бірі (Еvetria resinnella) қарағайдың өркенін және бүршігін зақымдап, құрамындағы заттармен қоректеніп жас ағаштардың діңін қисайтып әртүрлі қалыпсыз жағдайларға ұшыратуымен қатар жалпақ жапырақтылардың өсуін тежеп, өнімділігін және тауарлық сапасын төмендетеді.
1 - Сурет. Өркен ширатқыштар (Еvetria)
Дернәсілдері қарағайдың өркенінде 2 рет қыстап шығады. Екінші рет қыстағаннан кейін, мамыр айында құрттары ширатылған жамылғының ішінде қуыршаққа айналады, мамыр айының соңы мен маусым айының басында көбелек ұшып шығады. Жұмыртқасын мамыр айындағы өркеніне салады. Дернәсілдері бастапқы кезде қабығын жейді, кейін өркеннің ішіне еніп зақымдайды. Зақымдалған өркеннен құрттардың экскременттерімен араласқан шайыр ағады, өрмекші ұясының қабырғасын қалыңдатып, шайырлы ісік тудырады. Дернәсілдері зақымдаған және көп мөлшерде орналасқан бұтақтар кей жағдайда қурап түсіп қалады.
Қазақстанда өркен ширатқыштардың төрт түрі кездеседі: қыстайтын, жазғы, бүршік және шайыршы. Олар морфологиялық жағынан өте ұқсас, бірақ зақымдау сипаты бойынша жақсы анықталады. Қыстайтын өркен ширатқышының дернәсілдері өсетін өркен негізінің төменгі бөлігін зақымдайды. Жазғы өркен ширатқыштар жалпақ жапырақтылардың өркенінің жоғарғы бөлігін, бүршік өркен ширатқышы жалақ жапырақтылардың орталық және бүйір бүршіктерімен қоректенеді, ал шайыршы өркен ширатқышты басқаларынан оңай ажыратуға болады, жұлдыз құрттар зақымдаған жара орнына аққан шайыр жинақталып, жауып тұрады.
Зақымдалған өркендер өспей қисайып немесе мүлдем жансызданып, оның орнынан бүйір өркендер өсіп, соңында қисайып өсуі тежеледі.
Көбелектердің генерациясы бір жылдық, шайыршы өркен ширатқыш екі жылда бір генерация береді. Өркен ширатқыштар жас ағаштарды 3 - тен 8 жасқа, көп болса 15 жылға дейін зақымдайды.
Емен бізтұмсығы - Curculio glandium . Қатты қанаттылар отрядының, бізтұмсықтар тұқыымдасына жатады. Бізтұмсықтар тұқымдасының тінжегіштер түріне жатады. Олар бүкіл Европа елдерінде, Ресей, Кавказ және Крым елдерінде таралған. Қоңыздар емен ағашы көп жерлерде шоғырланады. Олар еменді орманда тіршілік етеді. Сонымен қатар, еменсіз ормандарда да тіршілік ете береді. Қоңыздарды диаметрі 20 см - ден аспайтын ағаштарда кездестіруге болады. Көбіне олар ескірген, әлсіз емендерде қоныстанады, ал жас ағаштарда сирек қоныстанады.
Дернәсілінде аяқтар бар, ұзындығы 2-2, 5 мм - ге дейін. Ересектерінің денесі жалпақ және қысқа, ұзындығы 2, 5-4 мм. Түсі қара-қоңыр, ал қанаттары қызғыш түсті. Қанаттарында симметриялық емесдақтар бар, ал олардың арасы әжімделген болып келеді. Мұртшалары мен аяқтары жасыл түсті.
Аталықтарының маңдайы тегіс және түкті келеді. Аналықтарында маңдайы дөңестеу, түксіз. Қоңыздардың осы белгілері арқылы басқа түрлеріне ажыратуға болады.
Қоңыздардың жаппай ұшуы мамыр айында басталып жаздың аяғына дейін болады. Маусым айында аналықтары еменнің қабығын егеп, кішігірім жолдар салып, сол жерге жұмыртқаларын қояды. Жұмыртқалар саны 70- ке жуық.
10 күннен кейін жұмыртқадан дернәсілдер шығады. Дернісілдері ағаш діңінде ұзын жолдар салып күздің соңына дейңн қоректенеді және сонда қыстайды. Ал сәуір айында дернәсілдерде қуыршақтану фазасы жүреді де 10 күннен кейін ересек қоңызға айналады.
Генерацясы 1 жылдық. Қолайлы жағдайда 2 генерацияға дейін береді.
Еменнен басқа қайың ағаштарында зақымдайды. Сирек жағдайда басқа жалпақ жапырақты ағаштарды да зақымдайды.
2 - Сурет. Емен бізтұмсығы - Curculio glandium
Қоңыздар қоректену барысында ағаштарды споралы инфекциямен зақымдайды, нәтижесінде ағаштар тамыр микозына шалдығады. Зиянкестер камбий және тіңін зақымдауы әсерінен ағаштың бұтақтары мен діңдері жансызданады.
Емен бізтұмсығының фенологиялық күнтізбесі 1 - кесте.
Мамыр
Сүген қоңыздар - Geramdycidae . Қоңыздардың көлемі 3 - тен 6 мм дейін, көбісі 10 мм болып келеді. Мұрттары өте ұзын, денесінен 2 есе артық болады. Оларға тән қасиет - мұртын арқасына қарай қайырып апарады. Аяқтары ұзын, сандары тікенекті, табаны 4 бөліктен тұрады. Біздің елімізде 265 - ге жуық түрлері таралған. Бұлардың көптеген тұрлері ағаштар мен бұталарды зақымдап ағаш кескіш деген атқа ие болған. Көптеген сүгендер орталық және алдыңғы кеуделері бір - бірімен үйкеліскенде шиқылдақ дыбыстар шығады.
3 - Сурет. Сүген қоңыздар - Geramdycidae
Сүгендердің сүректердегі дернәсіл жолдары өзінің көлеміне байланысты жалпақ болады және бұрғыланған ұнға толып тұрады. Қабық жегілерден айырмашылығы - бұлардың жолы тіке емес әртүрлі пішінді болады. Олар әдетте созылған, дернәсіл көлеміне қарай кеңейеді.
Ересектердің ұшуы біркелкі емес, жаз айының барлығына созылуы мүмкін, ол ауа райына, географиялық орындарына: солтүстік, оңтүстік, биік таулы аумақтарымен байланысты болады.
Сүгендердің генерациясы 1 жылдан 3 жылға дейін созылады. Бір түрдің өзінің дамуы - сүректің жас немесе құрғап кетуіне, яғни оның жағдайына байланысты ұзарады. Дернәсілдер қабық астынан ұзын із жасап, дамуының соңында сүрекке біраз тереңдеп, қуыршақтанады. Монохамус түрінің дернәсілдері сүреке ұзын із жасап, үлкен ағаш діңінің ортасына дейін жетіп, дамуының соңында олар шетіне қарай, қабыққа қайта оралады. Жас қоңыз сүректің жұқа қабатын және қабығын кеміріп сыртқа шығады.
Жас қоңыздар еркіндікке щыға сала қосымша қоректенуді қажет етеді де, олар бұтақ ұшының жұқа қабықтарын жейді.
2. 2 Жалпақ жапырақтылардың өркен және бұтақ аурулары
Жалпақ жапырақ аурулары өте кең таралған. Олардың ішінде аса қауіптілері ақ ұнтақ, дат және таз қотыр аурулары. Бұлар тек жапырақты ғана емес, оның сабақтарын да, жас өркендерін де зақымдайды.
Ақ ұнтақ ауруы - қоздырғышы ақ ұнтақ саңырауқұлақтары (Erysiphales туысына жататын) . Зақымданған жапырақтармен өркендер ақ өңезді болады. Бұл өңез жіпшумақтан және конидия споралардан құрылады. Конидиялар ауа қозғалысымен тарап, басқа жапырақтарды да залалдайды.
Жаз аяғында ақ ұнтақтың үстінде қара түйіршіктер (клейстотецийлар) пайда болады. Олардың ішіндегі қалта мен қалтаспоралары қыстап шығып, көктемде жаңа жапырақтарды зақымдайды.
4 - Сурет. Ақ ұнтақ ауруы
Бұл ауру ағаш пен бұтаның түбінде болады. Әр ағашта саңырауқұлақтардың өзіне тән түрі болады. Мысалы: еменде - Mycrosphaera alphitoides, теректе, көктеректе және талда - Uncinula salicis, қайыңда, шағанда - Phyllostica suffulta, алма мен алмұрт ағаштарында Podosphaera leucotricha түрлері кездеседі.
Еменнің микозы - Ceratostis valachium. Залалданған ағаштың ұшпасы сиректеп, қурайды. Кесіндіде түтіктер қоңырланып көрінеді. Бұтақтың бетінде көзге көрінетін, яғни дақ, жара, ісік т. б. өзгерістер пайда болады. Бұтақтың кесілген жерін жақсылап қарап, түтіктердің түсіне т. б. белгілеріне көңіл бөлу керек.
5 - Сурет. Еменнің микозы - Ceratostis valachium
Терек жапырағының қоңыр дағы - Marssonia populi . Жапыраққа дөңгеленіп келетін қоңыр дақ түседі. Шеті көмескілеу болып келеді. Лупамен қарағанда дақ үстінде ұсақ ақшыл төмпешік көреміз, бұл ложе деп аталатын саңырауқұлақтың конидиялары құралатын орын.
Конидиялар екі клеткалы, оның бір клеткасы үшкірлеу келеді. Жапырақ үстінде дақ көп болса фотосинтез азайып, өсімдіктің өсіп - өнуіне зиян келтіреді.
6 - Сурет. Терек жапырағының қоңыр дағы - Marssonia populi
Веймут қарағайының көпіршік даты - Cronartium ribicola . Самырсын қарағайын да залалдайды. Қарағайда саңырауқұлақтың 0 мен 1 стадиялары өтеді. Базидиоспоралары алдымен қылқанды залалдайды, оның үстінде сары дақ пайда болады. Бұтақтың қабығы ісініп, қызыл - сары, сары болады. Бұл жерде спермогонийлар көрінеді, одан сарылау сұйық зат пен бірге конидялар шығады. Саңырауқұлақ осы қалпында 1 - 2, 5 жыл сақталады. Кейіннен гифалар ағашқа кіріп, шайыржолдарын бұзады, ааштан шайыр шығады. Көктемде осы жерде түсі қызыл - сары эциялар пайда болады. Залалданған жері ісініп, беті үлкен жара болып жарылады. Егер бұтақта оралып тұрса, бұтақ немесе ағаш қурап қалады.
7 - Сурет. Веймут қарағайының көпіршік даты - Cronartium ribicola
2. 3 Жалпақ жапырақтылардың аурулар мен зиянкестермен күресу шаралары
Орман қорғау - орман қорын тиімді пайдалану, оны толықтыру, өрттен, зиянкестерден және аурулардан қорғау, сондай - ақ, ағаш өнімін арттыру шаралары. Орманды алқаптарда орман қорғау шараларын тиянақты жүргізу үшін орман бірнеше телімдерге бөлінеді де, олардың әрқайсысы бір орманшыға бекітіледі.
Зиянкестер ұялай бастаған ағаштарды iрiктеп алу өзiндiк дербес шара, ол жеміс зиянкестер тобы бөлiгiн құртуға және жұқпалы аурулар деңгейiн кемiтуге, сол арқылы екпелерге зиянды әрекетiн шектеуге және зиянды организмдердiң жаппай көбею шағының пайда болуына жол бермеуге бағытталған қауiптi зиянкестер мен аурулардың көбею қаупi бар барлық екпелерде iрiктеп алу жүйелi түрде жүргiзiледi.
Бiрiншi кезекте зиянкестер ұялаған ағаштарды iрiктеп алу орман өртiнен, жел сұлатудан, дауыл омырудан, қуаңшылықтан, жәндiктердiң жалпақ жапырақты жүйесi обырынан, сол сияқты түбiр шiрiгiнен және басқа қауiптi аурулардан зақымданған екпелерде жүргiзiледi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz