Қазақстан Республикасының туризм саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
5
Кіріспе:
5:
Кіріспе: 1
5: Туризм және қонақжайлық саласындағы халықаралық ынтымақтастық негіздері
7
Кіріспе: 1. 1
5: Заманауи туризм саласының ерекшеліктері
7
Кіріспе: 1. 2
5: Әлемдік туристік нарықтағы халықаралық ынтымақтастық нысандары
13
Кіріспе: 1. 3
5: Әлемдегі туризмді дамыту процесіне қатысты халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың ролі
16
Кіріспе:
5:
Кіріспе: 2
5: Қазақстан Республикасының туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың даму жағдайы
21
Кіріспе: 2. 1
5: Қазақстанда туризм саласының даму ерекшеліктері
21
Кіріспе: 2. 2
5: Отандық туризмді дамытудағы халықаралық ынтымақтастық басымдылықтары мен бағыттары
33
Кіріспе: 2. 3
5: Қазақстан Республикасының туризм саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері
39
Кіріспе:
5:
Кіріспе: 3
5: Қазақстан Республикасында халықаралық ынтымақтастықты дамытудың негізгі жолдары
44
Кіріспе: 3. 1
5: Қазақстан Республикасының шекаралық аймақтарында ынтымақтастықты дамыту жолдары
44
Кіріспе: 3. 2
5: Қазақстанда траншекаралық туристік аймақтарды қалыптастыру және туризм индустриясын жетілдіру жолдары
49
Кіріспе:
5:
Кіріспе: Қорытынды
5: 58
Кіріспе:
5:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
5: 59
Кіріспе:
5:
Кіріспе: Қосымшалар
5: 62

Кіріспе

Қазақстан Республикасының туризмін дамытудың жалпы міндеттерін шешуді қамтамасыз ету үшін міндетті түрде халықаралық ынтымақтастық болу қажет. Халықаралық ынтымақтастық түсінігі - туризм саласына инвестицияларды тарту, қызықтыру, туристік өнімді жылжыту, туризм саласындағы кадрларды дайындау, қайта дайындау, туризм статистикасын жетілдіру. Туризм саласындағы ынтымақтастық үкіметаралық және ведоствоаралық келісімдер негізінде шет мемлекеттер мен шет мемлекеттік кәсіпорындармен бірігіп жұмыс жасау мақсатында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, туризм бойынша үкіметаралық комиссия шеңберінде жұмыс топтарының қызметінде айтуға болады. Туризм индустриясын дамыту стратегиясы, тұжырымдамасы ең алдымен еуропа елдерімен екі жақты ынтымақтастық негізінде Қазақстан Республикасына туристерді бағыттайтын, тартатын, қызықтыратындай етіп жүзеге асыру қажет. Туризм индустриясы дамыған азия елдерімен дәстүрлі және жаңа бағыттағы Жапония, Корея, Сингапур, Гонконг елдерінен де тәжірибе алмасуа болады. Сонымен қатар, туристердің көп баратын елдері Тайланд, Филиппин, Үндістан, Вьетнам, ТМД елдернен де тәжірибе алмасуға тұрарлық.

Туризм және қонақжайлық индустриясында халықаралық ынтымақтастықты бірінші этапта жүзеге асыру үшін, ең алдымен туризм индустрия нарығы дамыған Қытай, Үндістан болса, әлеуетті тұрғыда екінші этапта Бразиия, Латын Америка сияқты елдермен тәжірибе алмасу керек.

Қазақстан Республикасының табиғаты мен туристік әлеуеті өте жоғары. Туризм индустриясы дамыған елдермен ынтымақтастық жасау Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардағы ел позициясын нығайтуға ықпалы зор. Халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін Бүкіләлемдік туристік ұйымның қызметі мен мамандандырылуына кқңіл бөлу керек. Туризм және қонақжайлық саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін әлемдік туристік нарықта өз ұстанымызды және туристік бизнестің кәсіби түрде қызмет етуіне көптеп көңіл бөлу керек [1] .

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Туризм қазақстанның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын анықтайтын саласы мен бағыттарына негізделген болғандықтан халықаралық ынтымақтастық дамыту қажет етеді. Зерттеу жұмысында туризм мен қонақжайлық индустриясының тұрақты даму жетістіктерінің мүмкіндіктерін заман талабына сай етіп жетілдіруді талап етеді. Бүгінгі таңда 30 елдің қатарына қосылудың қарсаңында Қазақстан Республикасының туризм және қонақжайлық индустриясы халықаралық ынтымақтастықты нығайту негізінде көптеген ғылыми зерттеулерді қажет етеді [2] . Сонымен қатар, дамушы сала ретінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін, әлемдік деңгейде танылу үшін зерттелетін сала бойынша, яғни туризм мен қонақжайлық туралы жаңа мәліметтерді, Қазақстанның көрікті бай табиғатын жандандыру үшін сол объектілерді жаңа заманауи әдістермен қарастыруымыз керек. Сондықтан таңдап алынған дипломдық жұмыстың тақырыбы өзекті болып отыр.

Зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасының туризм және қонақжайлық индустриясы.

Зерттеу құралы - Қазақстан Республикасының туризм және қонақжайлық индустриясындағы халықаралық ынтымақтастық қатынастар болып табылады.

Зерттеу мақсаты - туризм және қонақжайлық индустриясында халықаралық ынтымақтастық жағдайындағы ұйымдардың қызметін, жағдайын анықтау. Осы қызметтерді анықтауда келесідей міндеттерді орындауға алып келеді:

- елдер арасындағы өзара түсіністік пен сенімділікті нығайтудағы туристік байланыстарды зерттеу;

- елдер арасындағы саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, сауда қатынастарының оңтайлы дамуы үшін туризм индустриясын талдау;

- елге деген жеке қызығушылықты, мәдени ұйымдардың және ғылыми-техникалық жолдары бойынша өзара байланысты және ынтымақтастықты кеңейтуді қарастыру;

- қызығушылық білдерген елдер арасындағы туристік тәжірибе алмасу шарттарының, туристік ақпараттармен алмасуының туристерге технологиялық қызмет көрсетуге қатысты жалпы стандарттарды ұйымдастыруға және туристік формальдылықты жеңілдету жолдарын қарастыру.

Әдіснамалық зерттеу - туризм мен қонақжайлық индустриясындағы халықаралық ынтымақтастық үдерістерін дамытуда теориялық және тәжірибелік жолдары қалыптастырады.

Дипломдық жұмысты жазу кезіндегі туризм индустриясын дамыту үшін халықаралық ынтымақтастыққа қатысты ҚР туризмді дамыту бойынша 2023 концепциясы, ҚР Елбасының жолдаулары, мақалалары, туризмді дамытуға бағытталған түрлі бағдарламалар мен заңнамалар, стратегиялық дамыту жоспарлары, нормативтік-құқықтық база, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика Комитетінің жинақтары мен бюллетеньдері, жинақтары, отандық, шетел ғалымдарының еңбектері және т. б пайдаланылды.

Тәжірибелік мәні - дипломдық жұмысты орындаудағы тәжірибелік мәні қазіргі уақытта жүзеге асырылып отырған түрлі бағдарламалар негізінде туризм мен қонақжайлық индустриясындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысты үдерістерді қалыптастыру мен даму тенденцияларына ұсыныстар жасау болып табылады.

1 Туризм және қонақжайлық саласындағы халықаралық ынтымақтастық негіздері

1. 1 Заманауи туризм саласының ерекшеліктері

Бүкіләлемдік тәжірибе көрсеткендей халықаралық қатынас, халықыралық туризм, халықаралық ынтымақтастықты дамыту елдер мен халықтар арасындағы дұрыс қарым - қатынастың қалыптасуы болып табылады. Дұрыс қарым - қатынас дегеніміз, яғни елдер арасындағы достық пен ынтымақтастық, сыртқы экономиканың дамуы, сауда мен мәдениет салалырындағы қарым - қатынастың тығыз болғандығын айтуға болады. Халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін туризм және қонақжайлық индустриясы қолайлы болып табылады.

Туризм және қонақжайлық индустриясы ерекше сала ретінде айтатын болсақ, бір аймақта немесе бір елде туристердің келуі мен кетуі болмаған жағдайда дамыту мүмкін емес. Туризм индустриясын дамыту үшін міндетті түрде халықаралық ынтымақтастық және туристік кәсіпорындар арасында ішінара қарым - қатынас орнауы қажет. Кез - келген елдің қарқынды дамуы ол заман талабына сәйкес туризм саласы арқылы дамытуды елестете алмаймыз. Егерде қандай да бір мемлекет болмасын, сол елге келген туристер олар үшін немқұрайлы болатын болса, алдағы уақытта ол елге деген туристердің қызығушылығының мүлде жойылып кететіні анық.

Халықаралық ынтымақтастық негізде халықаралық туризмді дамыту тәжірибиесіне сүйенетін болсақ, ынтымақтастықты тиімді формада жүзеге асыру мен оны заман талабына сәйкес түрлендіру, келесідей негізгі міндеттерді қамтиды:

- елдер арасындағы сенімділікті артыру үшін, байланысты нығайту үшін туристік байланыстарды пайдалану қажет.

- тиімді экономикалық, сауда қарым-қатынасын дамыту үшін туризм саласын дамыту қажет;

- туристік айырбас үшін қолайлы шарттар негізінде ақпараттар алмасу жолымен техникалық ынтымақтастықты ұйымдастыру, жалпы стандарттар қабылдау, туристерге қызмет көрсету кезіндегі технологияларды үйрену, туристік формальділікті жеңілдетуді өзара қарастыру керек.

Туризм саласында халықаралық ынтымақтастық екі формада дамытуға болады:

- екі жақты негізде ынтымақтастық;

- көп жатқы негізде ынтымақтастық.

Екі жақты ынтымақтастық - екі ел арасындағы ерекше келісім - шартты қарастыратын туризмді дамытудағы ұзақ мерзімді шарттағы ынтымақтастық. Ол елдер арасында туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім - шартты қамтиды. Осындай келісім - шарт жасау ешқандай ұйымдық құрылымды қажет етпегендіктен, қолайлы әрі тиімді халықаралық ынтымақтастық формасы болып келеді [3] .

Халықаралық ынтымақтастықты дамытудың басты мақсаты әлемдегі әлеуметтік - саяси жағдайлардың тұрақтылық деңгейі мен туризм саласындағы мемлекеттік саясаттың тұрақтылығына тікелей қатысты екендігі анық. Халықаралық ынтымақтастық пен туризм саласындағы тұрақтылыққа туристік формальділіктің оңтайлылығы, экономика-саяси шаралар, ережелер, осыларды дамыту үшін ынталандыратын және кедергі болатын жағдайларды айтамыз. Қонақжайлық индустриясындағы қызметтерді тұтынушылар секілді, сол қызметтерді дайындап ұсынатын туристік шарттардың құрылуымен тікелей айналысатын үкіметтік емес және халықаралық елдер арасындағы ұйымдардың қызметтерін айта аламыз. Бүгінгі күнде бағалау нәтижелерінің көрсеткіштеріне сәйкес 200 астам халықаралық ұйымдар тікелей және жанама түрде айналысады. Олар бір - бірінен статустары, формалары, мақсаттары, шешу міндеттері негізінде ерекшеленеді. Мұндай ұйымдарға түрлі халықаралық ассоциациялар, федерациялар, кеңестер, қоғамдық ұйымдарды және т. б. жатқызуға болады. Әлемдегі туризмді дамыту және біріккен ұлттар ұйымының орны ерекше. Мұндай ұйымдар халықаралық институттардың жалпы жүйесіндегі ажырамас бөлігі ретінде - біріккен ұлттар ұйымын айтып кетуіміз керек. Атаулы ұйымға жан-жақты қарастыратын және елге келетін туристерді қамтитын шынайы осы салада қызмет ететін ұйымдарды жатқызуға болады [4] .

Біріккен ұлттар ұйымы 1945 жылы БҰҰ жарғысы негізінде қалыптастырылған. БҰҰ сол жылы Сан - Францискода өткен конференцияда қабылдаған. Атқаратын қызметтерінің көптігіне қарамастан, сонымен бірге халықаралық саяхаттау мен туризм саласында мемлекеттік және ұлттық туристік әкімшілік қызметтерінің ұйымдастырушысы болып табылады. БҰҰ шеңберінде халықаралық туризмнің құқықтық мәселелерін реттеудегі негізгі халықаралық конвенция құрастырылып және қабылданған болатын. БҰҰ әлемдегі туризмді дамытуда елдердің ара-қатынасын тиімді байланыстыруға негізделген және осындай байланыстарды кеңейту мақсатында ұлттық үкімет пен үкіметтік емес құрылымдарды үйлестіруге бағытталған. Осындай тиімді үйлестірулердің бірі халықаралық конференциялар мен кездесулер ұйымдастыру. Халықаралық конференциялар мен кездесулерді ұйымдастыруда туризм саласындағы халықаралық байланыстар немесе ынтымақтастықтар туралы түрлі ұсыныстар қарастырылып, қабылданады. БҰҰ қабылдаған рұқсатта келесіде й мәселелер қарастырылады:

- туристік формальділіктің жеңілдетілуі;

- шетелдік туристер жағдайына қатысты құқықтық реттеулер;

- туристердің қауіпсіздігі мен мүліктерінің жоғалып кетпеуін қамтамасыз ету;

- халықаралық туризм саласында техникалық серіктестік, сонымен қатар туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастық аспектілерін қадағалау.

БҰҰ соңғы актілерінің бірі - «Мыңжылдықты дамыту мақсатына жету үшін туризмді пайдалану» декларациясы БҰҰ бас ассамблеясында өткен 2005 жылы қыркүйек айында Нью-Йоркте қабылдады. БҰҰ-дағы мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын меңгеру мәселелерімен қатар, бас органдарынан басқа қосымша органдар, БҰҰ экономикалық комиссиясы да әлемдік деңгейдегі туризмді реттеу құқығы аймақтық туризмді дамыту мәселелерін қарастыра алады [4] .

Елдер арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту халықаралық туризмді реттеу құқығымен тығыз байланысты. Онда басты рөлді БҰҰ экономикалық және әлеуметтік кеңестері, туризмді дамыту мәселелері бойынша БҰҰ шеңберіндегі мамандандырылған халықаралық дипломатиялық конференциясы бастамашы болған. Экономикалық және әлеуметтік кеңес бастамасымен БҰҰ келесідей конфенциялары ұйымдастырған: 1954 жылы кедендік мәселелері және 1963 жылы Римде өткен туризм мен саяхат. Экономиалық және әлеуметтік кеңес шеңберінде міндетті түрде туризм туралы статистика классификациясы мен стандартты анықтамалар қалыптастыратын туризм саласындағы статистикалық комиссия құру керек. Статистикалық комиссия қызметіне бұдан басқа туризм туралы бірыңғай статистикалық әдіснаманы құру, класиификацияны біріктіру, стандартизацияны анықтау мен терминология мәселелері («уақытша келуші», «турист», «экскурсант») бойынша резолюция қабылдауда кіреді. Экономикалық және әлеуметтік кеңес жанындағы статистикалық комиссиямен туризмдегі халықаралық ынтымақтастық статистикасының басқарушылық дағдылар жобасы қалыптастырылып және қабылданған. Туризмдегі статистикалық мәселелер дестинация шегінде туристердің келуінен куммулятивті әсермен қоса, тікелей туристік шығындар есебінен басқа, туристік қажеттіліктің күрделі спецификасы болып табылады [5] .

БҰҰ шеңберінде географиялық дағдылар бойынша қалыптасқан бес аймақтық комиссия қызмет атқарады. Оның әрқайсысы халықаралық ынтымақтастықты және халықаралық туризмді дамытуды қолдауды қамтамасыз ететін деңгеймен байланысты. Аталмыш комиссия құрамына: Латын Америка мен Кариб аймағы үшін жұмыс жасайтын экономикалық комиссия (ЛАКЭК), Батыс Азия үшін жұмыс жасайтын Экономиклық комиссия (БАЭК), Азия мен Тынық Мұхиты үшін жұмыс жасайтын экономикалық және әлеуметтік комиссия (АТМЭӘК), Африка үшін жұмыс жасайтын экономикалық комиссия (АЭК), Еуропалық экономикалық комиссия (ЕЭК) (сурет 1) .

Жоғарыдағы экономикалық комиссиялардың басты бағыттарының бірі қажетті немесе керек аймақта халықаралық ынтымақтастық пен халықаралық туризмді практикалық және ұйымдастырушылық, зерттеу аспектілерінде дамыту болып табылады. Комиссия әрбір аймақта халықаралық ынтымақтастық пен халықаралық туризмнің экономикалық аспектілерін меңгеру; аймақтарды дамытуға қатысты аймақтық бағдарламалар жасау мен жалпы саясатын қалыптару; туристік индустрияға салынатын капиталды; туризмді дамыту мақсатында елдердегі аймақтарға техникалық көмек көрсету қажеттілігімен айналысады [5] .

Ескертпе - мәлімет [5] негізінде автормен құрастырылған

Сурет 1. БҰҰ шеңберіндегі жұмыс жасайтын аймақтық комиссия

Бүкіләлемдік туристік қауымдастықтың мақсаты адам құқығын сақтап қалатын, жалпылық құрметті болатын, өркендеу, бейбітшілік, өзара халықаралық түсіністік, экономикалық дамуға өз үлесін қосу үшін туризмді дамытудағы ынтымақтастық жұмыстардың жүзеге асырылуы болып табылады. Бүкіләлемдік туристік ұйымның ерекшелігі осы ұйымның мүше болуында. Бүкіләлемдік туристік ұйымның мүшелері үш категорияға бөліп қарастыруға болады. Оның біріншісі, шынымен мүшесі болып табылатын - мемлекет. Екінші болып табылатын - өздерінің болып жатқан сыртқы қарым - қатынасына жауапкершілік алмайтын, тек территорияларға ұсынылатын қауымдастырылған мүше статусы. Үшінші - қосылған немесе біріктірілген мүшелерге туризм сфересында тікелей қызмет көрсетіп жүрген әуе компаниялары, көліктік компаниялар, қонақ үйлер, мейрамханалар мен туроператорлар және туристік агенттік ұйымдары болып табылады [6] .

Туризм және қонақжайлық саласындағы қарым - қатынас бойынша елдер арасындағы байланыс сол елдердің арасындағы экномика, мәдениеттің дамуына алып келеді, сонымен қатар пайда табу мен қызмет принциптері арасындағы түсіністік, тең құқықтық елдер арасындағы туристік қызметтерге деген ынтаны оятуға алып келеді. Халықаралық ынтымақтастықтың нақты шаралары келесілерге бағытталу керек:

- екі жақтағы туристік ұйымдардың ынтымақтастығы мен кең ауқымда қызметтерді қолдау;

- шекаралық, кедендік және т. б. туристік формальділіктерді жеңілдеру (мүмкіндігінше) ;

- екі ел арасындағы туристік саяхаттар (топтық және жеке) көлемін ұлғайту үшін жұмыстар жасау;

- туристік сала бойынша ақпарат алмасу;

- туризм сферасы үшін кәсіби мамандарды дайындауға ат салысу;

- бүкіл әлемдік туристік ұйымдар шеңберіндегі туристік әкімшілік ынтымақтастықты және басқа да халықаралық туристік ұйымдармен байланыс орнату;

- өзге ел территориясында туристік жарнама-ақпараттық бюроны ашу қажеттілігі.

Осындай келісім - шарт жасау, ынтымақтастық орнату үшін сол елдегі ұлттық туристік әкімшіліктердің қорытынды жасауы және болашаққа жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыру үшін бақылануына жеңіл болу негізінде жүктелуі қажет [7] .

Көп жақты ынтымақтастық - бірнеше елдер арасындағы халықаралық туризмді дамыту бойынша іс-әрекеттерді үйлестіруді қарастырады. Көп жақты ынтымақтастықтың формаларына халықаралық отырыстар, туризм бойынша ұйымдастырылатын форумдар, сонымен қатар халықаралық туристік ұйымдардың бірлесіп жұмыс жасауында жүзеге асырылады [7] .

Халықаралық ынтымақтастықтың бүгінгі күнде маңызды болуының формасы - ол туризмнің арқасы деуге болады. Біріккен ұлттар ұйымының құрылған күнінен бастап, халықаралық туризмді дамытудағы басты рөлді келесідей құжаттар орын алды:

- адам құқығына қатысты жалпылық декларация, онда әрбір адам демалысқа шығуға, бос уақытын өткізуге, демалысқа шыққандағы төленетін төлемді алуға құқылы екендігі 1948 жылы 10 желтоқсандағы 24 статьяда көрсетілген;

- экономикалық, саяси және мәдени халықаралық пакт (келісім) 1966 жылы жалпылық декларацияның 7 статьясында анықталған. Онда әрбір елдер өз азаматтарының демалыс алуына, бос уақытының болуына, жұмыс уақытын реттеуге, демалыс үшін төленетін қаражатпен қамтамасыз етуіне міндетті;

- азаматтық және саяси құқық негізіндегі 1966 жылы 12 статьяда халықаралық пактте айтылғандай (келісім) әрбір адам кез-келген елді еркін тастап кетуіне, өзінінің елін қоса айтқанда болады [7] .

Біріккен ұлттар ұйымының басты органдары болып, оның ішінде халықаралық ынтымақтастықпен айналысатын Бас ассамблея, экономикалық және әлеуметтік кеңес, Секретариат, Еуропа, Азия, Африка, Америка үшін қосымша аймақтық экономикалық коммисия болып табылады деп жоғарыда айтып өткен болатынбыз. Халықаралық ынтымақтастыққа қатысты туризм бойынша сұрақтарды кейбір арнайы мамандандырылған ұйымдар айналысатыны да белгілі болды.

Туризмдегі өзекті мәселелерді шешу үшін келесідей ұйымдар жұмыс жасайды:

- Біріккен ұлттар ұйымының қарамағындағы білім, ғылым және мәдениет сұрақтары бойынша ұйым. Аталмыш ұйымдар әлемдік мәдени-тарихи құндылықтарды сақтап қалу мен туризмді дамытудағы жобаларды құрастыру мен жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Тарихи орындар мен ескерткіштерді қорғау және қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізеді. Сонымен қатар, ақпарат алмасу мен техникалық стандарттарды енгізу бойынша кадрларды дайындайды;

- туризм саласындағы еңбек шарттарындағы мәселелерді реттеу, кәсіби білім беру, әлеуметтік қамтамассыз ету, қызметкерлер мен жұмысшылар арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру жұмыстарымен айналысатын халықаралық еңбек ұйымдар айналысады;

- туризмдегі ормандар, су ресурстары, ұлттық парктер, басқа да табиғи объектілерді пайдаланудағы жобаларды жасаудағы жеке елдер үшін туристік әкімшілік көмек көрсетудегі тамақтану және ауыл шаруашылық ұйымдары;

- туризм шеңберіндегі халықаралық санитарлық нормаларды реттейтін халықаралық туристердің және саяхаттаушылардың максималды түрде қауіпсіздігін, түрлі ауруға шалдығып қалмауын қамтамассыз ететін әлемдік денсаулық сақтау ұйымы айналысады;

- жолаушыларды тасымалдаудағы, әсіресе халықаралық әуе жолдарында ұйымдастыру мен құжаттарды рәсімдеу бойынша халықаралық азаматтық авиация ұйымы айналысады;

- туристік жобаларды қаржыландырумен және елдер арасындағы халықаралық жобаларды жүзеге асырудағы халықаралық банк айналысады [7] .

БҰҰ сауда және дамыту конференциясы келесідей сұрақтармен айналысады:

- туризмнің әлеуетті мүмкіндіктері саласындағы саясатты қалыптастыру;

- халықаралық ынтымақтастықтың негізгі түрлерін әлеуетті дамытуды бағалау;

- халықаралық ынтымақтастықтың статистикасын құру;

- халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша кеңес беру [7] .

Сонымен қатар, БҰҰ шеңберінде құрылған комиссия жоғарыда айтылғандардан басқа, туризм саласы бойынша және басқа сала бойынша да халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында статистикалық ақпараттарды жинақтау, аймақтың туристік ерекшелігіне қатысты халықаралық стандарттарды тарату жұмыстары атқарылады [7] .

Қорыта келгенде, заманауи туризм саласының ерекшелктері осы күнге дейін өз күшін жоймағандығын және туризм индустриясы дамушы елдерге қолдау көрсетулері (стандарттық тұрғыда, халықаралық ынтымақтастық тұрғыда) туралы яғни, әлемдік туристік нарықтағы халықаралық ынтамақтастық нысандары келесі бөлімдерде қарастырылатын болады.

1. 2 Әлемдік туристік нарықтағы халықаралық ынтымақтастық нысандары

Жоғарыдағы бөлімде айтып өткендей, әлемдік деңгейде туризм саласының дамытуна ықпал жасап отырған БҰҰ жанында құрылған экономикалық комиссияның ішінде ерекше айтып кететін Еуропалық экономикалық комиссия. ЕЭК туристік қызмет саласын дамыту мен оны жетілдіру, туристік қызметтердің нақты мәселелерін қарастырады, сонымен қатар туристік қызметтер саласын дамыту мен жетілдіру, ағындық операцияларды бақылауды ұйымдастыру, арнайы зерттеулер мен болып жатқан өзгерістерді талдау, туризм нарығындағы жағдайды қадағалау, туризмді дамыту бойынша қаржылық стимулдарды қалыптастыру, әуе компанияларының, теңіз көлігімен тасымалының, автокөлік компанияларының саясатын қалыптастыру мен оны бақылау, елге кіру мен шығу сияқты туристердің қарым-қатынасының жағдайы мен кедендік рәсімдеу шарттарын дамыту мен жетілдіру жолдарын қамтиды [8] .

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту жағдайында туризмді дамыту қызметтеріне БҚҚ мамандандырылған ұйым жүйесі жүйелі түрде жұмыс жасауы қажет, нақтырақ айтатын болсақ, халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), Бүкіләлемдік денсаулық ұйымы (БДҰ), білім беру мәселесі бойынша біріккен ұлттар ұйымы (ЮНЕСКО), халықаралық теңіздік ұйымдары (ХТҰ), халықаралық азаматтық авиация ұйымдары (ХААҰ) және т. б. Аталмыш ұйымдар жеке ұйым ретінде жекелей мақсатты түрде туризмді дамыта алмайды, бірақ бір аймақтан екінші бір аймаққа туристерді тасымалдау кезінде түрлі мақсатта өз функцияларын орындау арқылы кедергісіз және оңтайлы түрде тасымалдауға мүмкіндігі туады, туристік нарықта, қауіпсіздікте, туристердің денсаулығына байланысты, туристердің құқықтары мен қызығушылықтарын қорғауға байланысты қатысушылармен қарым-қатынас орната алады. Осындай іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін алдымен туризм, турист, туристік нарықтағы сұраныс пен ұсыныс, қарым-қатынас, халықаралық ынтымақтастық мағынасын анықтап алуды қажет етеді [4] .

Жалпы туризм деген ұғымның бүгінгі таңда 400 - ден астам анықтамасы бар, соның нақты біріне тоқталатын болсақ, туризм бір жылдан көп емес мерзім аралығында бос уақытта немесе іскерлік мақсатта бір жерден екінші бір жерге төлемді іс - әрекетті жүзеге асыру арқылы өзінің тұрғылықты жерін тастап келесі бір жерге келгендегі адамдардың іс-әрекетін айтуға болады [7] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘЛЕМДІК ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖЕТІСТІКТЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАҢДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ БҮГІНГІ ЖАҒДАЙЫ
Туризм дамуының қазiргi жай-күйiне талдау
Халықаралық туризм аймақтық дамытудың факторы ретінде
Оңтүстік кореяның Қазақстандағы мүдделері
Сауда және транзит
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасы және оны іске асыру кезеңдері
Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесі мен оның қажеттілігін, маңыздылығын көрсету
ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ БИЗНЕСТІҢ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЫ
Шығыс Қазақстан облысындағы туристік қызметтер нарығының даму деңгейін және туристік әлеуетін талдау
Туризмді дамытуға әр елдердің және Қазақстандағы туризм түрлерін дамытуға арналған перспективті бағдарламаларды талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz