Экскурсия әдістемелердің байланысы


Мазмұны
6
Кіріспе
Туризм қазіргі заманда қуатты ғаламдық индустриялардың бірі болып келеді. Оның ең бірінші мақсаты туристерді өзіміздің елімізбен таныстыру. Ал туристермен тікелей байланыс жүргізіп жатқан гид-аудармашы, экскурсоводттар. Олар экскурсиялық-танымдық туризмнің сала бөлігіне күш салып, еліміздің және Астананың айнасы болып тұрады. Бүгінгі таңда экскурсиялық сала халықпен мәдени-ағартушылық жұмыстардың ажырамас бөлігі болып табылады. Мәдени және интеллектуалды деңгейін арттыру құралы ретінде олар дүниетанымның қалыптасуына, адамның дүниетанымын кеңейтуге, оның ақыл-ой қабілеттерін жақсартуға ықпал етеді. Әрбір туристің кез келген ел туралы ой-пікірі, экскурсиялық қызметті пайдалағаннан кейін. Демек, сапасыз экскурсиялық қызметті ұсынған болсаныз, туристің көңіліннен шықпай қалуыныз кедергі болуы мүмкін. Сөйтіп, болашақта туристік өнім немесе қызмет көрсету жолдарыннан бас тартады. Осыған байланысты туризм саласындағы кез келген маман экскурсия негізін және оның дағдыларын білуі қажет. Экскурсиялық-танымдық туризм түрі бұрыннан бері тәуелсіз және сұранысқа ие болып келе жатыр. Оның негізі - елдің немесе аймақтың тарихи және мәдени әлеуеті, оның ішіндегі барлық әлеуметтік ортаны, салт дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, үй шаруашылық ерекшеліктерін атап көрсетеді. Экскурсияның сапары өзіне танымдық және рекреациялық мақсаттарды қамтуы мүмкін. Диплом жұмысының негізгі міндеттерін атап өтсек: экскурсияның қалыптасу тарихын, рөлі, ұғымдары мен классификациясын қарастыру; негізгі әдістерді анықтау; шет елдердегі тәжірибелерді салыстыру; Қазақстандағы экскурсиялық саладағы мәселелерді талқылау.
Қазақстан әлем бойынша аумағын есептегенде 9 орын алып отыр, яғни жерімізде мұздықтардан құмды дуалдарға дейін бәрі бар деп есептеуге болады. Қазақстанда қызықты жерлер мен орындары бар болғанымен, бизнес тарапынан талап етілмейді. Елде ішкі туризмді дамыту мен шетелдік туристерді қабылдау мәселелері маңызды болып тұр. Ол үшін кадрларды оқытып дайындау жөніндегі сұрақтар қарастырылуы керек. Қазіргі кезде туристік фирмалардың көпшілігі өздерінің отандастарын шет елге жіберуге тырысады, ол дұрыс. Бірақ ішкі туризммен айналысып ұмытпаған жөн болар, өйткені ол ең бірінші Қазақстанның туризмі үшін, дамуына әсер тигізеді. Ал Қазақстанға туристерді тарту үшін, кейбір ғана туристік фирмалар жұмыс жасайды. Қазақстан Республикасының Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Президенттің айтуы бойынша: “Кез келген шет елдің қонағы Қазақстанның әуежайына немесе теміржол вокзалына аяғын басқаннан бастап, барлығы таза және жайлы болуы керек. Яғни сервис, қызмет көрсету барысы ең бірінші елдің айнасы болып жоғары деңгейде болуы тиіс” . Кез келген адамға жаңа жерлер мен орындар өмір бойы қызық болып, көңілден қалмағаны рас. Сондықтан экскурсиялық-танымдық туризмі үшін мемлекет пен халық тарапынан, мүмкіндікше күш салғанын қажет етеді. Қазіргі нарықтық, техника даму заманында адамдардың көбісі өздерінің уақытарының бірәз бөлігін, қоғамдық ортада жақсы өмір сүруге және барлығы болмаса да, материалдық құндылықтарды иеленуге ұмтылады. Кеткен күштерін қалпына келтіру мақсатында, басқа шет елді танытқысы келіп, оның мәдениетін, жаңа ақпараттар алу үшін экскурсияларға қатысуға тырысады. Тіпті өзіміздің елмізде кейбірлері саяхат жасап отырады.
Өзектілік: Қазіргі замаңда туризмдегі экскурсиялық-танымдық мамандықтың нысаны үлкен рөлді атқарып жатыр. Туризм қоғамның барлық салаларына, оның ішінде мәдениет, экономика, әлеуметтік жағына әсер етеді. Сонымен қатар экскурсиялық-танымдық нысанның бөлігі тікелей байланысты болып отыр. Экскурсиялық-танымдық туризм әлемде туристік қызметтер нарығында негізгі орындарын алып тұр. Қазіргі уақыттағы мәселе, бұл еліміздегі тұрғындарының экскурсиялық-танымдық туризмнің әлеуетіне деген қарым-қатынасына талдау жасау. Бұл елдің тарихына қызығушылығы, отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу және өз ұлттың мәдениетін құрметтеу. Басты міндеттердің бірі адамдардың мәдени, дүниетанымның деңгейін арттыру. Қазақстан Республикасының экскурсиялық-танымдық туризмге кедергі әсер тигізіп жатқан мәселелерді қарастырып, шешу жолдарын анықтау.
Зерттеу объектісі: “Арман-тур” ұлттық туристік агентігінің гид-аудармашылар, экскурсовод дайындау Мектебі.
Зерттеу құралы: Экскурсиялық-танымдық туризмнің ерекшеліктерін зерттеу мен жаңа экскурсиялық-танымдық турды құрастыру.
Зерттеу мақсаты: Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстанда экскурсиялық-танымдық туризмнің даму жолдарын зерттеу.
- экскурсиялық туризмдегі әлеуметтік-экономикалық рөлін қарастыру;
- экскурсияның саласын талдау және шет елдердің мысалында салыстыру;
- “Арман-тур” гид-аудармашы, экскурсовод дайындау мектебіндегі тәжірибе мен жаңа экскурсиялар мен турларды ұсыну.
Зерттеу міндеттері:
- экскурсиялық-танымдық туризмнің мәнін ашу;
- экскурсиялық-танымдық туризмнің маңыздылығын анықтау;
- экскурсиялық-танымдық турлардың өткізу ерекшеліктерін анықтау;
- экскурсиялық әлеуетті анықтау;
- жаңа экскурсиялық-танымдық турды құрастыру.
Әдіснамалық зерттеу:
- тақырып бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді іздеу;
- жиналған ақпаратты талдау;
- деректерді синтездеу.
Тәжірибелік мәні: Жаңа құрылған экскурсиялық-танымдық тур елімізге туристерді тартуға және туризмнің дамуына бағалы үлес қосуға мүмкіндік береді.
- Экскурсиялық-танымдық туризмнің қалыптасуының теориялық және әдістемелік негіздеріЭкскурсияның қалыптасуы, рөлі және ұғымдары
Туризм (франц. tourisme, tour - серуендеу, жол жүру) - адамның бос уақытында негізінен айтқанда жұмыстық, не мәлім міндеттік мәжбүрлеумен емес, туысшылаумен емес, өз еркінше көңіл көтеру мен демалу үшін, тәуекел жасау үшін, көріп қызығу үшін, яғни субъективті рухани қажеттілік бойынша басқа бір жерге ерікті саяхаттап, серуендеп баруы. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туризм ұйымының (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оңнан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астам ұстайды, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын туризм қамтамасыз етеді [1] .
Туризм - ең жоғары серпінді және қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Туризмнің әлеуметтік аспектісі - экономикалық әсерімен ғана емес, туризм саласы адамның өмірлік күштерін байытуда қамтамасыз етеді. Осыған байланысты демалысты ұйымдастырудың маңыздылығын сипаттайды. Қазіргі заманауи уақытта туризмнің рөлі жеке тұлғаны дамытудағы жағдайларын қалыптастырып отыр. Туризм саяхатшылардың интеллектуалдық деңгейін көтеруге, мәдени-танымдық туризм бағдарламарының бірнеше түріне мүмкіндік береді. Туризмнің саяси жағын айтсақ, коммуникациядағы әлемнің жергілікті тұрақтылығына және әскери діни жанжалдардың тоқтатылуына ықпал етеді. Туризм - әлемдегі бейбітшілікті сақтаудың тиімді құралдардың бірі. Туризм ағыны туристерді қауіпсіз жерлерге тартуға көмектеседі. Туризм критерийге байланысты сапар мақсатында бірнеше түрлерге бөлінеді (Сурет 1) :
Ескертпе-мәліметтер [2] негізінде автормен құрастырылған
Сурет 1. Сапар мақсатында бірнеше түрлері
Жоғарыда туризм критерийге байланысты сапар мақсатында бірнеше түрлері көрсетілген. Олардың ішіне экскурсиялық-танымдық туризм де кіреді.
Экскурсиялық-танымдық туризм түрі бұрыннан бері тәуелсіз және сұранысқа ие болып келе жатыр. Оның негізі - елдің немесе аймақтың тарихи және мәдени әлеуеті, оның ішіндегі барлық әлеуметтік ортаны, салт дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, үй шаруашылық ерекшеліктерін атап көрсетеді. Экскурсияның сапары өзіне танымдық және рекреациялық мақсаттарды қамтуы мүмкін.
Экскурсиялық-танымдық туризм үшін минималды ресурс кез келген жер бере алады, бірақ оның жаппай дамуы үшін мәдени мұра объектілерінің белгілі бір концентрациясы болуы қажет. Экскурсиялық-танымдық мұра объектілері: археологиялық ескерткіштер; түрлі сәулет құрылыстар; шағын және ірі қалалар; мұражайлар; театр; көрме залдар; қолөнер орталықтар; техникалық кешендер мен ғимараттар.
“Экскурсия” (excursio) сөзі латынның «экскурсио» сөзінен шыққан, аударғанда «серуендеу» деген мағынаны білдіреді. Экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көруі. Бұл пән оқу үрдісі мен орыс тілге XVIII-XIX ғасырда Батыс Еуропа және Ресейге енді. Бастапқыда «выбегание, военный набег», содан кейін - «вылазка, поездка» деген мағынаны білдірді. Экскурсия - қоршаған әлем туралы адамның визуалды түрде таным процессі, алдын ала салынған объектілерде немесе шынайы табиғи орындарында пайда болған. Экскурсиялық сала - халықтың мәдени-ағартушылық жұмысының маңызды бөлігі болып табылады.
1920 жылдары басталған экскурсиялық теорияның дамуы қазіргі кезде жалғасуда. Бірінші кезеңде даму педагогика саласында негізделеген. Экскурсияның жіктелуі, олардың белгілері мен функциялары, экскурсиялық процесс мектептегі оқушыларға арналып экскурсияның мәні анықтала бастады. Халықаралық Ресей туризм академия қызметкерлері, 1992 жылы “Экскурсоведение” деген оқулықты жарыққа шығарды. Осы нұсқаулықтың бірінші бөлігі бұрынғы басылымдарға қарағанда, экскурсиялық теория негіздерін толық ашты [3] .
Экскурсияларды топқа бөлу жаңа экскурсия дайындаған үрдісінде үлкен мағынасы бар. Экскурсияларды жүйелеу көптеген экскурсия саласының жұмысшыларының, зерттеушілерінің көп уақыт ішінде зерттеген. Бірінші бұл мәселе туралы өткен ғасырдың 20 жылдары көрсетілген. Экскурсия ісі дамыған сайын әр түрлі жүйелер ұсынылған. Бірақ 1970 жылдары ғана келесі жүйеге тоқталды (Сурет 2) :
Ескертпе-мәліметтер [2] негізінде автормен құрастырылған
Сурет 2. Жүйелерінің тізімі
Мазмұны бойынша экскурсиялар 2 топқа бөлінеді:
- Шолу экскурсиялар. Шолу экскурсиялар көп тақырыпты қамтиды. Бұндай экскурсияларды көпжоспарлы деп аталады. Оларда тарихи және қазіргі мәліметтер қолданылады. Бұндай экскурсиялар көптеген түрлі объектілерді - тарихи мәдени ескерткіштер, ғимараттар мен құрылыстарды, табиғи объектілерді, кәсіп және ауыл шаруашылық орындарын көрсету арқылы құрастырылады. Шолу экскурсияларының ерекшеліктері бар: кез келген қалада олар бір-бірімен құрылымы жағынан ұқсас болады, қаланың тарихы, кәсіпорынның тарихы, сипаттамасы, ғылымы, мәдениеті сияқты тақырыпшалардан тұрады.
2. Қатысушылар құрамына, санына қарай. Қатысушылардың құрамына байланысты келесі бөлімдерге бөлінеді (Сурет 3) :
Ескертпе-мәліметтер [2] негізінде автормен құрастырылған
Сурет 3. Қатысушылардың құрамына қарай экскурсиялар
- Тақырыптық экскурсия. Тақырыптық экскурсия бір тақырыпқа ғана арналады. Олар бірнеше топтарға бөлінеді:
- тарихи экскурсиялар;
- өндірістік экскурсиялар;
- өнерге байланысты экскурсиялар;
- әдебиет экскурсиялары.
- Өткізген орнына қарай экскурсиялар (Сурет 4) :
Ескертпе-мәліметтер [2] негізінде автормен құрастырылған
Сурет 4. Өткізу орнына қарай экскурсиялар
- Жылжу тәсіліне қарай: Жаяу немесе әр түрлі транспортты қолдану арқылы жүргізу. Экскурсияның ұзақтылығына қарай 1 академиялық сағаттан 1 тәулікке дейін болады. Қысқа мерзімді турлар 3-4 тәулікке дейін демалыс күнгі маршруттар деп аталады және солардың барысында бірнеше экскурсиялар жүргізілуі мүмкін.
Өткізу түріне қарай келесі түрлерге бөлінеді (Сурет 5) :
Ескертпе-мәліметтер [2] негізінде автормен құрастырылған
Сурет 5. Өткізу түрлері бойынша экскурсиялар
Экскурсиялық теорияның пайда болуы - жердегі белсенді танымдық әрекеттің нәтижесі. Он мыңдаған экскурсоводтар мен әдіскерлер тәжірибесі жинақталған. Экскурсиялық теория елдегі экскурсияның негізін қалайтын ережелердің, көзқарастарының жиынтығы болып табылады. Экскурсиялық үрдіс және оның міндеттері келесі түрде көрсетіледі (Сурет 6) :
Ескертпе-мәліметтер [2] негізінде автормен құрастырылған
Сурет 6. Экскурсиялық үрдіс және міндеттері
Экскурсиялық бағалау - бұл экскурсанттар қорытынды шешімін қабылдайтын экскурсовод. Экскурсанттардың қызметі объектілерді бақылау, зерттеу, барлау сияқты белсенді формаларда оның ойын табады. Экскурсовод қызметі бірқатар іс-шаралардан тұрады, бастысы - экскурсияны дайындау және өткізу. Экскурсоводттарды және экскурсанттарды экскурсия барысында көп демалады деп айтуға болмайды. Өйткені экскурсиялық процесс іс жүзінде экскурсовод үшін қиын жұмыс. Экскурсияның бағасы - бұл экскурсанттың қорытынды ойын, экскурсияға байланысын келесідей түсіну қажет: тарихи кезеңге экскурсанттың көз қарасы арналғанын экскурсия; кез келген әрекетті қабылдау; нақты жағдайды түсіну, жасалған жұмыстарын, мақсаттар мен нысандар 1 кестеде көруге болады.
Кесте 1
Экскурсияның мақсаттары
Кестеде экскурсияның бірнеше мақсаттары мен нысандары көрсетілген. Айтып өткендей, экскурсия бұл кез келген адамның дүние ортаны танып білу, қандай да табиғи немесе жасанды объектілерді аралап көру. Олардың барлығын туризм байланыстырып отырады, мақсаттары жалпы алғанда бір болып табылады. Экскурсияның міндеттерінің бірі экскурсанттардың экскурсия тақырыбына, тарихи тұлғалардың қызметіне, оқиғалар мен фактілерге көзқарасын байланыстырып жұмыс жасағаннан кейін баға беру. Баға беру - мағынаны, рөлін, мінезін анықтау болып келеді.
Қорытындыға келгенде, экскурсиялық-танымдық туризм ауқымды болып келеді. Ол бірнеше міндеттер мен мақсаттарды қамтиды. Өзінің бірнеше ерекшеліктерін сипаттайды.
- Экскурсиялық-танымдық туризмнің жүргізудің әдістері
Әдістеме -педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы.
Педагогикада оқыту әдістемесі - оқушылар мен студенттерге білім беруді ғылымды оқыту әдістерінің жүйесі мен оқыту әдістемесі. Әдістеме гректің «әдіс» сөзіннен шыққан болатын яғни, «бір нәрсеге жол» деген мағынаны білдіреді. Әдістеме жалпы және жеке деп бөледі. Жалпы әдістеме көптеген ғылымдарды зерттеу үшін, негіз болып табылатын оқыту әдістері мен талаптарын қамтиды. Жеке әдістеме жалпы әдістеменің нұсқауларына негізделген нақты әдіс. Жеке әдістеме нақты ғылыммен байланысты болып келеді. Экскурсиялық әдістеме жеке әдістеме, себебі ол бір ғана жұмыс формасы бойынша білім процесіне байланысты.
Экскурсияны ұйымдастырғанда ең бірінші экскурсия бағытын анықтау керек. Бағыт - бұл экскурсиялық топтың барынша жүретін жолы және іріктеп алынған нысандарды тамашалаудың ең жақсы жүйелігі, экскурсияға қатысушылар орналасатын ыңғайлы орындарының және аялдамалар мен автокөлік тұрақтарына арналған орындардың болуы оның құрылысының негізгі қызметін атқарады.
Экскурсияда басқада формалар мәдени-ағартушылық жұмыстың (лекция, тақырыптық кеш, конференция) сияқты өзінің ұйымдастырушылық ерекшеліктері мен әдіснамалық өткізуі бар. Оның белгілері басқа нысандармен ұқсастығын көрсетеді немесе олардың негізгі айырмашылығын атап көрсетеді.
Барлық экскурсиялар үшін жалпы негізгі белгілер бар:
- Уақыттың ұзақтығы бір академиялық сағаттаң (45 мин) бір күнге дейін;
- Экскурсанттардың болуы (жеке немесе топтық) ;
- Экскурсияны өткізетін экскурсоводттың болуы;
- Көрнекті қабылдау, экскурсиялық объектерді, олардың орналасқан жерінде көрсету;
- Алдын ала ұйымдастырылған маршрутпен бару;
- Объектіні көрсету мен жалпы тақырыптың болуы;
- Қатысушылардың белсенділігі.
Жоғарыда аталған жеті белгілерден кем болмауы оқиға экскурсия атауы құқығынан бірден айырылып сәйкес келмейді.
Осы жалпы белгілерден басқа, қосымша экскурсияның әр түрлі ерекшеліктері бар:
- автобустарда - автобустан міндетті түрде шығып ескерткіштерді көру;
- мұражайларда - стендтерде орналасқан материалдармен танысу;
- өндірісте - қолданыстағы объектілерді көрсету (станоктар, механизмі) .
Экскурсияны түсіндіргенде, онда бағыттаушылар ауызша сөйлеудің әдеттегі формаларын қолданады (әңгіме, сипаттама, түсініктеме, пікір) .
Кез-келген әдістеме - белгілі бір жұмысты қатаң түрде орындау қабілеті. Іс жүзінде, бұл жұмыс жүргізу дағдыларының жиынтығы: жаңа экскурсияны құрастыру мен дайындау, экскурсияны ұсыну технологиялары бойынша өткізу, білімді нығайту және жақсарту.
Экскурсиялық әдістеме жұмысы келесі сұрақтарға жауап береді (Сурет 7) :
Ескертпе-мәліметтер [2] негізінде автормен құрастырылған
Сурет 7. Экскурсиялық әдістеменің сұрақтары
Өткізу әдістемесі екіге бөлінеді: сөйлеу және көрсету әдістемесі. Олар экскурсияның негізгі элементтері. Көрсету әдістемесінде «экскурсовод портфелі» пайдаланады, техникалық құралдар, бақылау және объектілерді зерттеу жүргізіледі. Көрсету әдістемесі - көлемі мен күрделілігі тұрғысынан экскурсияның ең көп бөлігі. Экскурсиялық көрсету - бұл нысандардан көзбен көру ақпаратын алудың көпжоспарлы үрдісі, ол кезде экскурсияларға қатысушылардың іс әрекеті белгілі бір жүйелілікте, нақты мақсатпен жүргізілетін үрдіс. Сөйлеу әдістемесі - техниканың аз бөлігі, бірінші бөлімге бағынышты. Ал көрсету әдістемесі өзі түпнұсқа болғандықтан, сөйлеу әдістемесінен қиын. Экскурсияны көрсетудің міндеттері болады (Сурет 8) :
Көрсету кезінде, объект орындарын дұрыс таңдау қажет, уақыты тиімді болуы қажет, экскурсия жүргізушісінің дағдылары болуы тиіс, экскурсияға қатысушылар нысандарды бақылауға дайын болуы керек деген сияқты негізгі талаптар қойылады. Экскурсия жүргізушісі сөйлеу кезінде 2 міндетті атқаруы керек:
- көрген нәрсені толықтырып, түсініктемесін айту;
- экскурсанттардың объектілер бойынша визуалды түсінігін қалыптастыру.
Ескертпе-мәліметтер [2] негізінде автормен құрастырылған
Сурет 8. Көрсетудің міндеттері
Экскурсия кезінде ауызша сөйлеу ауызша арқылы көзбен көрген әсерді бағалап, қорытынды жасауға болады, сөйлеу мәтіні жүйелі түрде алдымен дайындалады. Сөзбен жеткізуге экскурсияның тақырыбы, нақты болуы, байланыс болуы, мәтінің қысқалығы, сендіре алуы, түсінікті және ғылыми сияқты талаптар қояды. Экскурсанттар ойы түрлі болуы мүмкін, сондықтан экскурсовод оған дайын болуы керек. Экскурсовод келушілерге салмақты жауап беріп, арнаулы термин мен әдістемені қолдануы керек. Экскурсияда сөйлеудің екі формасы қолданылады:
- экскурсияға қатысушыларға оқиғаның қай жерде және қалай болғандығы туралы анық түрде бірден түсінік беретін сөйлеу түрінде баяндалатын әңгімелеу;
- міндетті түрде экскурсияға қатысушылардың, көз алдарына кез келген оқиғаны немесе нысанды ойша елестету реконструкциялық сөйлеуді қолдану;
Экскурсиялық әдістеменің талаптары. Әдістеме бүкіл экскурсиялық процесіне, оның ұйымдастырылуына және мазмұнына қатаң талаптарды қамтамасыз етеді. Экскурсияны дайындау және өткізу бойынша жұмыстар барлық талаптарға сәйкес жасалуы тиіс. Экскурсияға объектілері нақты тақырыпқа байланысты таңдалуы қажет. Объектілер бір-бірінен алыс болмауы керек. Маршрутты құрастырып салған кезде объектілердің арасында уақытты максималды үнемедеу керек. Әдістемеде көрсету және сөйлеу арасында комбинация мен араласу байланыс болуы керек. Көрсету мен сөйлеу әдістемесінде төрт тәсілі бар (Сурет 9) :
Әдістеменің барлық талаптары, экскурсоводқа экскурсия барысында экскурсанттарға білімді дұрыс жеткізуге көмектеседі.
Ескертпе-мәліметтер [2] мәліметінен алынды
Сурет 9. Экскурсия кезінде көрсету мен сөйлеу тәсілдері
Бұл көбінісе сөйлеу кезінде өте маңызды болып келеді, әсіресе сөйлеудің әдістемесі уақытты көп алған кезде. Экскурсанттар дәрісті тыңдағанда, дағдарыс назары болып қалуы мүмкін. Зерттеушілердің пікірінше, дағдарыс назары 14, 25, 34 минуттарында келеді. Зерттеушілердің кеңесі бойынша, ондай жағдайларда экскурсанттардың назарын басқа объектіге аудару керек немесе бір мысал ретінде өмірде болған оқиғаларды тақырыппен байланыстырып айтуы қажет. Экскурсанттардың назарлары басқа жақта болса, онда «экскурсовод портфель» ішіннен қызықты материалдарды қосымша ретінде көрсетіп бөлісуге болады, болмаса өтіп жатқан ескерткіштерді сипаттауға болады. Экскурсияның негізгі - мәні мен ерекшелігін анықтайтын экскурсиялық теория (оқыту және адамның тәрбие нысаны) болып табылады. Экскурсияның негізгі әдістерінің бірі: экскурсанттарға көруге, тындауға, көрнекі және ауызша ақпаратты алу мақсатында көмектесу болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz