Залалсыздандырудың физикалық әдістері


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ВЕТЕРИНАРИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
Акушерлік, хирургия және жануарлардың өсіп-өну биотехнологиясы кафедрасы
5В120200-ветеринариялық санитария мамандығы студенттеріне арналған
« АЛҒАШҚЫ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ КӨМЕК »
пәнінің дәрістер жинағы
Алматы 2013 ж.
Автор: Абдулла А. А., в. ғ. к.
«Алғашқы ветеринарлық көмек» пәнінің дәрістер жинағы аталған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылған.
ҚазҰАУ-нің «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының аға оқытушысы, ветеринария ғылымының кандидаты Кенжебекова Ж. Ж.
«Алғашқы ветеринарлық көмек Абдулла А. А» пәнінің дәрістер жинағы «Акушерлік, хирургия және жануарлардың өсіп-өну биотехнологиясы» кафедрасының мәжілісінде қаралды. №6 хаттама, «29» желтоқсан 2012 ж.
«Алғашқы ветеринарлық көмек» пәнінің дәрістер жинағы «Ветеринария» факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясының мәжілісінде мақұлданды. №6 хаттама, «29 » қаңтар 2013 ж.
ҚазҰАУ ОӘЖБ тіркеу №_ 725__ _14. 02 2013 ж.
Дәріс №1
Тақырып: Кіріспе. Алғашқы ветеринарлық жәрдем туралы түсінік және шығу тарихы. Антисептика және асептика.
Дәрістің мақсаты - студентерге алғашқы жедел емдік әдістермен қатар аурудың алдын алу шараларын және басқа ветеринариялық көмек қолданудың теориялық негіздерін және асептика, антисептика ұғымын оқып үйретеді.
1. АВК туралы түсінік.
2. АВК пәнінің шығу тарихы.
3. Антисептика және асептика туралы ұғым.
1. АВК туралы түсінік
Соңғы жылдары Республикада мал басының өсуіне көңіл бөлінбеді, олардан алынатын өнімдерінің сапасына талдау жасалмай, тіпті кейде малға және басқа да жануарларға мезгілінде жедел ветеринарлық жәрдем көрсетілмей, олардың өлім-жітімге ұшырауы жиі кездесіп тұрды. Өміріне қауып туғызарлық ауруға кенеттен шалдыққан мал мен жануарларға алғашқы ветеринарлық жедел жәрдем көрсетілуі керек. Ветеринарлық жедел жәрдем мал дәрігерінің, орта және кіші ветеринария қызметкерлерінің тікелей міндеті.
Мұндай жәрдемнің тәуліктің кез-келген мезгілінде және ешқандай жағдайға байланыссыз сапалы және тиімді көрсетілуі тиіс.
Сондықтан да жедел ветеринарлық жәрдемнің тез көрсетілуінің, мамандардың қажетті жабдықтармен және ауру мал мен жануарлардың организіміне әсер ететін дәрілермен қамтамасыз етілуінің маңызы зор. Алғашқы ветеринарлықкөмек басқа да ветеринария жұмыстарымен қоса мал дәрігерлік емдеу ісінің негізін қалайды. Алғашқы ветеринарлық жедел жәрдем мал тұрған жерде көрсетіледі. Мал мен жануарлар ауырып, жалпы жағдайы төмендегенде оларға жедел де, сапалы да, әрі тиімді көмек, көбінесе үлкен қалаларда көрсетіледі. Кейбір кеншарлар немесе мал ұстайтын мекендер аудан, облыс орталықтарынан, қалалардан 300-400 шақырым қашықтықта орналасқан, малшы мекендеріне тез жетіп, ауырған малға жедел ветеринарлық жәрдем көрсету өте қиын. Осындай жерлерде ауырған мал мен жануарларға алғашқы жедел малдәрігерлік көмекті малмен қатысы бар қызметкерлер әр түрлі ауруларға шалдыққан малға тез арада көмек көрсете білулері керек. Дегенмен малдың тұрған жерінің әр түрлі қашықтықта болуына байланысты маман адам барлық кезде патологияға ұшыраған малға дер кезінде алғашқы жедел көмек көрсете алмайды. Осыған байланысты мал шаруашылығымен айналысатын әр бір қызметкер алғашқы жәрдемнің жеңіл жалпы әдістерін игеруге және қолдана білуге тиісті. Бұл үшін мал мен жануарлар тұратын әрбір қорада және басқа мал мекендерінде қажетті құрал - жабдықтар, керекті таңғыш материалдар, дәрі-дәрмек қорапшасы, мал дәрігерлік сөмкелер болуы да шартты мәселелердің бірі болып табылады.
Ветеринарлық жәрдем көрсеткен кезде мал дәрігерлігі әр уақытта ескеріп отыратын асептика және антисептика талаптарының, малды жығу әдістері немесе басқада процедуралардың кейбір жағдайда ойдағыдай орындалмауы мүмкін.
Ветеринарлық емдеу саласында қызмет ететін қандайда бір маманды алсақта, олар университет қабырғасында өзінің келешектегі мамандығын игерудегі бірінші қадамын алғашқы ветеринарлық жәрдем курсына бастайды.
Тіпті ешқандай мамандығы жоқ мал иелері осындай ұсақ-түйек аурулардан өз малын өзі емдеген, алғашқы көмек жасаған (қан тоқтату, жараны күйдіру, май жағу) . Ертедегі Египеттіктердің қолынан тіпті сүйектің сынған жері қозғалып кетпес үшін әр түрлі материалдар мен таңып тастау әдісін білетіні белгілі. Олай дейтініміз өткен ғасырдан бастап медицина мен ветеринария қойын - қолтықтас дамыды. Дәрігерлер ішінде ең атақты тұлға -Гиппократ (б. д. д. 460-370жж. ), оны медецинаның әкесі мен ғылыми хирургияның негізін қалаушысы деп айтуға болады. Бұхара қаласының төңірегінде 980 жылы өмірге келген Ибн-Сина 1037 жылы қайтыс болды. Ол білімді дәрігер, ірі ғалым, осы күнгі медицина мен ветеринарияның ірге тасын қалағандардың бірі болып табылады.
Гиппокртапен хирургия саласына асепткиа және антисептика тұжырымдары енгізілмеген, бірақ оның еңбектерінде осыған ұқсас ұғымдарды табуға болады. Қаңсырауды тоқтату үшін, сол дене бөлігін жоғары ұстауды ұсынған. Таңғыш заттар таза матадан жасалынуы қажет. Таза жараны қолмен немесе аспаптармен ұстауға болмайды - деп жазған. «Адам ағзалары жайлы», «Жануарлар ағзалары жайлы», «Темпераменттер туралы» сияқты еңбектері осыған дәлел. Соңғы жылдары ағылшын ғалымы Д. Листер жараның іріңдеу себебін анықтап (микроб, бактерия тауып), оларды жою әдісін антисепткиа деп атаса, жараға қатысы бар нәрселер (аспаптар, дәкі, препараттар) микробтардан таза болуы керек. Сондай -ақ физикалық немесе химиялық тазартуды талап етудің (Бергман Н. В., Субботин М. С. ) арқасында асептика әдісі ашылды.
2. АВК пәнінің шығу тарихы .
Алғашқы ветеринарлық жәрдем пәні хирургиямен өте тығыз байланысты болғандықтан осы салаға еңбегі сінген кеңес дәуіріндегі ғалымдарды атасақ, олар М. В. Плахотин, Б. В. Оливков, Л. С. Сапожнкиов, И. И. Магда, К. И. Шакалов, В. В. Мосин. Қазақстан Республикасында профессорлар Т. С. Минкин, Б. К. Ильясов, доценттер Т. А. Аухадиев, Г. А. Ишмухамедов, А. М. Наметов.
Алғашқы ветеринарлық жәрдем пәні ветерианрлық мамандықтарда оқитын жоғары оқу орындарының студенттеріне 1996 жылдан бастап оқу жоспарына еніп жүргізілетіндіктен бұл жас жаңа дамыған пән болып табылады.
Алғашқы ветеринарлық жәрдем пәнінің оқу бағдарламасы Қазақтың мемлекеттік аграрлық университетінде жасалып, алғашқы рет осы аталған оқу орынның студенттеріне жүргізіле бастады. Ал, 1999 жылы университетте типтік бағдарлама жарық көріп бұл пән Қазақстан Республикасының басқа да жоғары оқу орындарында оқылатын болды. Ветеринария мамандары, әсіресе ауылдық мекндерде ауырған малға алғашқы ветерианрлық жәрдемді дұрыс көрсете білсе, аталған пәннің маңызы мен құндылығы болып табылады.
3. Асептика және антисептика
1750 жылы ағылшын әскери хирургы Прингл «асептика» ұғымын енгізді.
Асептика - (а-жоқ, septicus-іріп-шіру) -инфекцияның болмауы. Асептика дегеніміз -жараға немесе ауру малдың денесіне ифекцияның түсуінің алдын-алуға бағытталған шаралар кешенін айтамыз, басқаша айтқанда микробсыз жағдайда жұмыс істеу мүмкіндігін жасау.
Қазіргі таңда мынадай қағидалардың қатаң түрде сақталғанын талап етеді, олар:
- Жараға жанасатын заттың барлығы таза және залалсыз болу керек.
- Барлық хирургиялық аурулар екі топқа бөлінуі керек -таза және инфекцияланған немесе іріңді.
Асептиканы механикалық, физикалық, химиялық әдістердің көмегімен іске асырады.
Антисептика - («anti»-қарсы, septicus»- іріп-шіру) -бар инфекциямен қарсы күресу шараларының кешені. Хининнің антисептикалық әсерін тапқан Дж. Прилинг 1750 жылы «антисептика» терминін медициналық тәжірибеге енгізді. Сонымен, антисептиканы механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың көмегімен жараға, патологиялық ошаққа, ағзалар мен ұлпаларғамалдың денесіне түскен микробтарды жоюға бағыталлған шаралардың кешені деп айтуымызға болады.
АНТИСЕПТИКА
Операциялық жараның инфицирлену көздері мен жолдары
Инфекцияның жараға түсуінің алдын -алу үшін, оның денеге қандай жолдармен және қалай түсетінін білу керек. Инфекция жараға экзогенді және эндогенді ж олдарымен енеді.
Экзогенді инфекцияның көздері:
- ,
- іріңді хирургиялық ауру малдыр.
Эндогенді инфекцияның ену жолдары:
- ауа-тамшылы жұғу жолы (ауа, шаң, тамшы арқылы),
- жанасу жолы (құрал-саймандар, таңғыштар, төсек жапқыштар, хирургтың қолы және т. б. )
- имплантациялық жол (тігетін, пластикалық материлдар, протездер және т. б. )
Эндогенді инфекцияның көздері:
- ауру малдың терісі мен ауыз қуысы,
- ішкі ағзалар (асқазан-ішек, жоғарғы тыныс)
- патологиялық ошақтар.
Эндогенді инфекцияның жұғу жолдары:
- гематогенді (қан тамырлары арқылы),
- лимфогенді (лимфа жүйесі арқылы),
- жанасу (контакт) арқылы.
Асептика әдістерімен экзогенді инфекциямен, антисептика әдістерімен эндогенді инфекциямен күрес жүргізіледі. Алдын -алу шараларының жетістікке жетуі үшін, барлық кезеңде онымен күрес жүргізілуі қажет:
- инфекцияның көзі;
- инфекцияның ену жолдары;
- жалпы организм.
Бақылау сұрақтары:
- Алғашқы ветеринарлық көмек пәнінің шығу тарихы
- Алғашқы ветеринарлық пәні туралы түсінік
- Антисептика дегеніміз не?
- Асептика дегеніміз не?
- Операциялық жараның инфицирлену көздері
Негізгі қолданылатын әдебиеттер:
- Ілиясов Б. К. Алғашқы ветеринарлық жәрдем. Алматы, 2001.
- Дұрманов Қ. Д., Жалпы хирургия, Алматы 2006 ж. 230 бет.
- Муралинов К. К., Оперативті хирургия, 2006 ж.
Қосымша қолданылатын әдебиеттер:
- Магда И. И., Иткин Б. З., Воронин И. И. Оперативная хирургия с основами топографической анатомии. М. Колос, 2000 г.
- Паршин А. А. и др., Хирургические операции у собак и кошек. // «Аквариум», ФГУИППВ. 2003. - 230 с.
- Полли М. Тейлор и др., Травматология собак и кошек. // М., «Аквариум», 2003. -221 с.
- Шебиц Х. и др., Оперативная хирургия. // М., «Аквариум», 2001. - 511 с.
- Уша В. В., Фельдштейн М. А. Первичная ветеринарная помощь при незаразных болезнях животных. М., 1988.
- Санин А. и др., Справочник самостоятельная ветпомошь собаке. // Минск. «Хэлтон». 2001. -297 с.
Дәріс №2
Тақырып: Хирургиялық инфекцияның алдын алу
Дәрістің мақсаты - операцияға қажет жабдықтарды залалсыздандыруды, операция алаңын және хирургтің қолын операцияға дайындауды үйрету.
Жоспар:
1. Операцияға арналған материалдарды залалсыздандыру
2. Организм ұлпаларын және хирургиялық жабдықтарды залалсыз-дандыру тәсілдері
3. Хирургтің қолдарын және операция алаңын дайындау принциптері және әдістері
Медицина ғылымның үлкен жетістіктерге жетуіне қарамастан хирургиялық инфекциялармен күрес өзекті де, маңызды мәселенің бірі болып қала береді. Іріңді аурулар мен іріңді асқынулар қазіргі таңда да, соңғы жылдарда да тәжірибе жүзінде өзгерген жоқ.
Хирургиялық инфекция деп- микроорганизмдердің еніп және көбейіп, олардың ара-қатынасында белгілі бір заңдылыққа бағына отырып, қоздырғыштарды тасымалдаушылықтан айқын аурудың қозуына дейінгі дамитын күрделі кешенді өзгерістерді айтады.
Хирургиялық инфекцияны алдын-алу асептиканың негізгі қағидасының орындалуымен жүзеге асады: «Жараға жанасатын заттың барлығы залалсыз болу керек».
Жараға не жанасуы мүмкін? Ол:
- Хирургиялық құрал-саймандар;
- Таңғыш заттар
- Хирургтің қолы
- Операциялық алаң
Залалсыздандыру қандай да бір заттың физикалық, химиялық факторлардың әсерінен микроорганизмнен толық тазаруы. Залалсыздандыру асептиканың негізі болып табылады.
Залалсыздандыру 4 кезеңнен тұрады:
1. заласыздандыру алдындағы дайындық.
2. заласыздандыруға дайындап орналастыру.
3. заласыздандыру.
4. заласыздандырылған заттарды сақтау.
Залалсыздандыру алдындағы дайындық
Залалсыздандыру алдындағы дайындыққа-тазалау, жуу және кептіру жатады. Оны барлық құрал - саймандарға жасалу керек.
Құрал - саймандарды тазарту үшін, оларды дизенфекциялық ертінділерге (мысалы, 3% хлорамин, 0, 1%диоцид, 5% лизол ертінділеріне) салады. Содан кейін оларды ағын суда щетканың көмегімен жуады, ағынды суда тағы бір рет шаяды. Болғаннан кейін құрыл -саймандарды өздігімен (табиғи) жолмен кептіреді немесе кептіруге арналған шкафта ыстық ауамен 85ºC темепратурада 30 минут ұстайды. Кепкен соң, құрал саймандар заласыздандыруға дайын деп есептейді.
Залалсыздандыру
Қазіргі таңда құрал-саймандарды, таңғыш заттарды мен операциялық жапқыштарды залалсыздандыру үшін, оның физикалық және химиялық әдістері қолданылады. Негізінен физикалық залалсыздандыру әдістері кеңінен қолданылады.
Залалсыздандырудың физикалық әдістері
Физикалық әдістерді термиялық жолмен іске асырады - күйдіру және қайнату, бу қысымымен залалсыздандыру (автоклавта), ыстық ауамен, (құрғақ ауамен), сәулелі залалсздандыру.
Күйдіру және қайнату.
Күйдіру (фламбирлеу) жедел, шұғыл жағдайларда, шаруашылықтарда басқа әдістерді жүргізуге мүмкіншілік болмаған жағдайда метал инструменттерді арнайы шұңғыл ыдыстарға салып, үстіне спирт құйып өртейді немесе оттың жалынында күйдіру арқылы залалсыздандыруға болады. Құрал-саймандарды арнайы қарапайым немесе электірлік стерилизаторларда қайнатады. Құрал-саймадарды торға жайып салады, егерде ұсақ инструменттер, хирургиялық инелер болса, оларды дәкеге орап салып, дистилденген суға (оның ішіне 2% натрий гидрокарбонатын, лизол, фенолды да қосуы мүмкін) батырып қояды.
Қалыпты жағдайда, 100°C температурада 30 минут қайнатады. Сосын инструменттері бар торды алып, кептіріп 2-3 қабатты дәкеге немесе орамалға және клеенкаға орап, стерилизаторларда сақтайды және тасымалдайды.
Бу қысымымен залалсыздандыру (автоклавтау) .
Бұл әдісте залалсыздандыруды ыстық бу арқылы іске асырады.
Автоклавта (бу қысымымен залалсыздандыратын аспап) қысымды жоғарылатып, суды ысыту мүмкіндігі туады. Бұл қайнату нүктесін жоғарылатып, оған сәйкес будың температурасын 132, 9ºC -қа дейін көтереді (2 атм. қысымда) . Қысымды 1, 0; 1, 5 немесе 2, 0 атмосфераға дейін жеткізуге болады. Хирургилық құрал - саймандар, таңғыш заттар, жапқыштар және т. б. материалдар металл қорап - Шиммельбуш бикстеріне салынады. Залалсыздандыру алдында бикстердің бүйірлеріндегі тесіктерлі ашады, ал бикстің қақпағын тығыз етіп жабады. Бикстерді салып болғаннан кейін, автоклавтың есігін қысып жауып, белгілі бір тәртәппен жұмыс істеуге керекті іс-әрекет жасайды. Автоклавтың жұмысы манометр және термометр көрсеткіштері көмегімен бақыланады.
Залалсыздандырудың 3 негізгі тәртібі бар:
1, 1 атмосферада (t-119, 6ºC) - 1 сағат;
1, 5 атмосферада (t-126, 8ºC) - 45 минут;
2 атмосферада (t-132, 9ºC) - 30 минут;
Залалсыздандыру аяқталғаннан кейін, автоклавтың есігін шамалы ашық қалдырып, біраз уақытқа дейін бикстердің ішіндегі заттарды кептіреді. Бикстерді автоклавтан алғаннан кейін, бүйірлеріндегі тесігін жауып, залалсыздандыру уақытын белгілеп қояды. Жабық бикс 72 сағат ішінде залалсыздығын сақтайды.
Ыстық бумен және құрғақ ауамен залалсыздандыру .
Залалсыздандырудың бұл әдіс арнайы Кох стерилизаторында іске асырылады. Торға керекті таңғыш материалдар арнайы мата қапшыққа немесе бикске салынып, ыдыстың 1/3 бөлігіне су құйлады. Будың температурасы 100°C-қа жетеді, 30 минут қайнатады.
Залалсыздандыру арнайы құрғақ ауалы аспапта жасалады.
Құрал-саймандарды залалсыздандырғыш аспаптың сөрелеріне салып, алғашында 30 минут ішінде 85ºC температурада есігін шамалы ашып кептіреді. Залалсыздандыру үшін есікті жауып, 1 сағат 180°C температурада ұстайды.
Сәулелі залалсыздандыру
Антимикробтық өңдеуді ультракүлгін немесе ультрадыбыс арқылы жасауға болады. Құрал-саймандар мен әртүрлі заттар герметикалық қалталарда залалсыздандырылады және оларды 5 жылға дейін сақтауға болады. Бұл әдіс бір рет пайдалануға болатын заттар үшін (шприцтер, тігіс жіптер қолғаптар) ыңғайлы және соңғы кезде кең қолданылады. Себебі, сәулелік залалсыздандырудан кейін, ол заттардың қасиеттері өзгермейді.
Залалсыздандырудың химиялық әдістері
Химиялық залалсыздандыруға антисептикалық ертінділерімен залалсыздандыру жатады. Химиялық антисептика залалсыздандырудың суық әдітеріне жатады және құрал-саймандардың өткірлігіне әсер етпейді, сондықтан кесетін хирургиялық құрал-саймандарды залалсыздандыру үшін қолданылады. Көбіне залалсыздандыру үшін, 96% этил спирті және 6% сутегінің асқын тотығы.
3. Хирург қолын және операциялық орынды дайындау
Асептикалық операция жүргізудің маңызды шарасы, қолды стерилдеу және операция алаңын дайындау. Малдың терісінде әсіресе дистальдық аяқтардың бөлігінде, ануста, жыныс мүшелеріне жақын маңда микробтардың саны өте көп болады. Хирургттың қолдардың терісін ерекше тазалықта сақталуға тиістілігі жауапты ереже. Қол терісін жұмсартуына жағдай жасау үшін, жуып сүртуінен кейін Тушиновтың сұйықтығын (кастор майын 5, 0, глицерин 20, 0, этил спирттің 75, 0) түнге қарай ысқылап жағады.
Қолды өңдеу Қолды өңдеу әр түлі антисептикалық заттармен өңдеу тиімсіз, өйткені әлсіз ертіндісі микробтарды жоймайды, күшті ертіндісі теріні тітіркендіреді және қабындырады. Қандай да күшті ертінді болса да, ол терінің тереңде жатқан микробтарды жоймайды. Сондықтан қазіргі заманда қолды нығыздағыш қасиеті бар антисептикалар қолдалынады.
Қолдарды операцияға дайындау 3 деңгейден тұрады:
- механикалық тазалау
- химиялық дезинфекция
- теріні нығыздау
Кейбір антисептикалық заттар бактерицидтік және нығыздағыш қасиетке ие (йодты спиртті ертіндісі, бриллиант көк ертіндісі) . Қолды саусақтың ұшынан шынтақтарға дейін өңдейді.
Ең көп таралған әдістер:
Альфельд әдісі - з мин қолын ыстық сумен сабынмен жуады, сосын 96 -ты спирт қолданылады. Саусақ ұшын 5% -ды йодты спиртпен өңдейді.
Спасокукоцкого-Кочергина әдісі -механикалық тазалау үшін және майсыздандыру үшін 0, 5% -ды мүсәтір спиртін қолданылады. Екі тазда 2, 5 минуттан алма кезек жуады. Дезинфекциялау үшін және қолды нығыздау үшін спиртке малынған марлямен 3-5 мин сүртеді, саусақтарды, тырнақты және тырнақ астын 5% -ды йодты спиртпен сүртеді.
Напалков әдісі - алдындағы әдістер бойынша өңдейді, механикалық тазалау және майсыздандыру үшін күйдіргіш калий (1:2000) қолданылады. Тырнақты және тырнақ астын 5% -ды йодты спиртпен сүртеді.
Кияшов әдісі - қолды механикалық тазалау және майсыздандыру үшін 5% -ды мүсәтір спиртпен сүртеді 5 минут қолын екі тазда шаяды, сосын 30 мин. 3% -ды цинк сульфатымен өңдейді. Тырнақты және тырнақ астын 5% -ды йодты спиртпен сүртеді.
Оливков әдісі - қолды жуып, механикалық тазалайды, ол үшін 1:3000 немесе 1:1000 йодты спирт қолданылапды.
Перчатка қолдану - перчатканы киер алдында, қолды қосымша спиртпен, йодты спиртпен немесе хлораминмен сүртеді. Операция барысында перчатка былғанса, перчатканы шешпей жатып дезинфекциялау керек. Операциядан кейін былғанған перчатканы 2% -ды лизол ертіндісімен өңдейді.
Бақылау сұрақтары:
- Залалсыздандыру дегеніміз не?
- Залалсыздандыру алдындағы дайындықты ата
- Залалсыздандырудың физикалық әдістері
- Залалсыздандырудың химиялық әдістері
- Оташының қолын дайындаудың сатыларын ата
- Оташының қолын дайындайтын әдістерді ата
- Операциялық орынды дайындаудың тәртібі
Негізгі қолданылатын әдебиеттер:
- Ілиясов Б. К. Алғашқы ветеринарлық жәрдем. Алматы, 2001.
- Дұрманов Қ. Д., Жалпы хирургия, Алматы 2006 ж. 230 бет.
- Муралинов К. К., Оперативті хирургия, 2006 ж.
Қосымша қолданылатын әдебиеттер:
- Магда И. И., Иткин Б. З., Воронин И. И. Оперативная хирургия с основами топографической анатомии. М. Колос, 2000 г.
- Паршин А. А. и др., Хирургические операции у собак и кошек. // «Аквариум», ФГУИППВ. 2003. - 230 с.
- Полли М. Тейлор и др., Травматология собак и кошек. // М., «Аквариум», 2003. -221 с.
- Шебиц Х. и др., Оперативная хирургия. // М., «Аквариум», 2001. - 511 с.
- Уша В. В., Фельдштейн М. А. Первичная ветеринарная помощь при незаразных болезнях животных. М., 1988.
- Санин А. и др., Справочник самостоятельная ветпомошь собаке. // Минск. «Хэлтон». 2001. -297 с.
Дәріс №3
Тақырып: Жалпы жансыздандыру
Дәрістің мақсаты : жансыздандыру тәсілдерін меңгеру, оған қолданы-латын препараттарды және наркоздың өту сатыларын ажырата білу.
1. Жансыздандыру туралы түсінік.
2. Жансыздандыру тәсілдері және жансыздандыруға қолданылатын препараттар
3. Жансыздандыруға алдын-ала дайындық (премедикация) және наркоздың өту сатылары
1. Жансыздандыру туралы түсінік . ХХ ғасырдың басына дейін жануарларға операция жалпы жансыздандыру жасалмай жасалды. Қатты ауырсыну сезімінің нәтижесінде, мал мазасызданып, операция жүргізу қиындыққа соқтырған, сонымен қатар малда, оташы да қасындағы көмекшілері зақым алатын болған. Аурсыну сезімі қатты болғанда мал операциялық шокқа ұшырап, өлім жағдайларыда кездескен.
Көптеген зерттеулер дәлелдеген, ауырсыну сезімі жануарлар организіміне қолайсыз жағдай туғызады. Орталық жүйке жүйесінің қызметі өзгереді, соған байланысты ұлпаның қоректенуі, бүкіл ағзаның және жүйенің жұмысы бұзылады.
Қазіргі кезде ветеринарлық хирургияда операцияның барлық түріне жансыздандыру жасалады, тек қарапайым немесе қысқа мерзімді операцияларда жасалмайды.
Барлық үй жануарларының ауырсыну сезімі жоғары, тек құстың сезімталдығы төмендеу. Терінің, көздің, ауыздың, танау қуысының, қынаптың, тік ішектің кілегейлі қабықтарының және т. б. сезімталдығы жоғары.
Құрсақтың, өкпенің, ішектің, талақтың, жатырдың, мидың ауырсыну сезімі төмендеу.
2. Жансыздандыру тәсілдері және жансыздандыруға қолданылатын препараттар
Жансыздандырудың 2 түрін ажыратады: жалпы және жергілікті.
Жалпы жансыздандыру немесе наркоз - жануарларға есірткі препараттарды енгізу арқылы орталық жүйке жүйесінің қайтымды тежелуі. Есінің, сезімталдықтың, бұлшықет тонусының және кейбір рефлекстердің жоғалуы байқалады, бірақ сопақша мида орналасқан тыныс алу, тамырқозғағыш және тегіс бұлшық еттердің өмірлік маңызы зор орталықтардың жұмыс қабілеті сақталады.
Наркоздың түрлері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz