Бағалы қағаз


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСТИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
БАЯНДАМА:
Фьючерстік сауда және оның мәні мен механизмі
Дайындаған: Әмітжан З. А.
Тобы: 2ФК.
Тексерген: Алдашова Г. М.
Ақтөбе-2021
Жоспар:
Кіріспе
1. Туынды бағалы қағаз. Фьючерс.
Негізгі бөлім
2. 1. Фьючерстік сауда және фьючерстік шарт түсінігі
2. 2. Фьючерстік сауданың мәні және механизмі
2. 3. Фьючерстік шартты сатып алу-сату мәмілелерін жасасу және орындау тәртібі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Туынды бағалы қағаздың мәнін тар және кең мағынада қарастыруға болады.
Туынды бағалы қағаздың мәнін тар мағынасында - дифференциалды табыс алу мақсаты бар, мерзімді келісімшартқа негізделген нарықтық механизм.
Кең мағынасы нақты актив пен келісім шартқа негізделген, осы активтің бағасы, мөлшері және бағамының айырмашылықтары қолданылатын нарықтың құралдарын білдіреді.
«Бағалы қағаз нарығы» туралы заңға сәйкес туынды бағалы қағаз дегеніміз - осы туынды бағалы қағаздардың базалық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз.
Базалық актив - стандартталған тауарлар партиясы, бағалы қағаздар, валюта, қаржы құралдары және сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарында айқындалған өзге де көрсеткiштер.
Белгілері
Бағалы қағаз
Туынды бағалы қағаздың негізгі ерекшеліктері:
- туынды бағалы қағаз айналысының сыртқы формасы негізгі бағалы қағаздарға ұқсас болып келеді;
- туынды бағалы қағаздардың өмір сүру кезеңі, басқа бағалы қағаздармен салыстырғанда шектеулі;
- туынды бағалы қағаздардың бағасы (номиналдық құны) - базалық активке негізделеді;
- басқа бағалы қағаздармен салыстырғанда минималды инвестиция тартуда пайда алуға мүмкіндік береді.
Туынды бағалы қағазды эмиссиялаудың мақсаты - кез келген базалық активтердің бағасының ауытқуынан тек пайда табу ғана емес, сонымен қатар бағаның қолайсыз өзгеруіне байланысты қауіп - қатерден сақтандыру (хеджирлеу) .
Хеджирлеу - бағаның, айырбастау бағамының, сыйақы ставкаларының немесе өзге де ықтимал көрсеткіштердің өзгеруі кезіндегі тәуекелдерден қорғау.
Дифференциалды табыс алу мақсатын көздеген жағдайда, мерзімді келісімшарт туынды құрал болып табылады.
Фьючерс - тұрақты табысты бағалы қағаздарды тұрақты бағада алдағы уақытта жабдықтау контрактісін айтады.
Фьючерстiк операцuялар - биржалардағы мерзiмдiк мәмiлелер, олардың мәнici қаржылық және кредиттік құралдарды шикiзат тауарларын, алтынды, валютаны мәмiле жасау сәтiнде тiркелетiн бағамен сатып алуда және сатуда, бұл орайда операциялар белгiлi бiр уaқыт аралығында (2-3 жылға дейiн) орындалады.
Еркін нарықта нақты сатушылар мен сатып алушылар арасында контрактілер жасауға ешкім тыйым салмаса да, фьючерстік мәмілелер негізінен биржада жасалады. Ұйымдастыру қатынасындағы жүйе опционға ұқсас: клиент брокерлік кеңсе арқылы бұйрығын береді, ол бұйрық залдағы тұрақты жұмыс жасайтын өкілге жетеді, кейінгі оның орындалуы немесе орындалмауы нарықтағы нақты жағдайға байланысты анықталады. Негізгілері ретінде мынадай бұйрықтар қолданылады: нарықтық, тоқта, шектеулі.
2. 1. Фьючерстік сауда және фьючерстік шарт түсінігі
Фьючерстік сауда деген фьючерстік шарт бойынша биржалық тауарды саудада сату формасы.
Фьючерстік шарт - ол стандартты үлгідегі шарт, онда мәміле жасасқан тараптардың айқындаған бағасымен шартта көрсетілген мерзімде биржалық активті жеткізіп беру көзделеді.
Фючерстік шартта бір көрсеткіштен, яғни бағадан басқасы жан-жақты стандартталған. Ал сатылатын тауар бағасы, жоғарыда айтылғандай, биржалық сауда барысында белгіленеді
Фьючерстік шартты стандарттағанда төмендегі негізгі көрсеткіштер бір ізге салынады: тауардың тұтыну құны, оның саны және нарықтық айналыс жағдайлары, тауардың түрі, оның базистік саны және одан ауытқыған қосымша төлем мөлшері, тауар партиясының мөлшері, жеткізіп беру мерзімі және оның жағдайы, төлем формасы, шарт жағдайын бұрмалағаны үшін санкция, арбитраж тәртібі және басқалар. Фьючерстік саудада тек мәміле жасасқан тауар түрінің ғана, сондай-ақ мәміленің саны, жеткізіп беру айы және ең негізгісі, сол тауардың шартта көрсетілген бағасының ғана маңызы бар.
Стандартталған фьючерстік сауданың ерекшелігі-шарттың негізденуі. Фьючерстік шартта оның екі жағы болып әдеттегідей сатушы мен сатып алушы емес, сатушы мен есеп айырысу палатасы немесе сатып алушы мен биржаның Есеп айырысу палатасы шығады. Бұл сатушы мен сатып алушының бір-біріне тәуелсіз әрекет жасауына мүмкіндік береді, яғни кері мәміле жасау жолымен бұрынғы рәсімделген шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін жоюға мүмкіндік алады.
Фьючерстік сауданың объектісі өте ауқымды. Фьючерстік шарттармен сауда ол тауармен емес, тек биржалық шарттармен ғана жүргізілетін операция болғандықтан олардың негізгі материалдық игілік ретіндегі тауар ғана емес, жалпы сауданың кез-келген объектісі, мысалы, әртүрлі бағалы қағаздармен сауд. Сондықтан сауданың объектісі шарт болғасын онда шартқа жасалған шартпен, бір топ шартқа шартпен сауда және с. с. Бұл шексіз сауданың табиғи шектеуі - тек нақты тауар нарығымен, нақты капитал нарығымен байланыстар болады.
Фьючерстік шартты форвард шартымен салыстыру арқылы түсінуге болады. Форвардтық шарт деген оның орындалу мерзімі шарт жасаған кезге сай келмейді және ол уақыт шартта көрсетілетін келісім.
Ал фьючерстік шарт - ол биржалық активті болашақта дәл қазір екі жақ айқындаған бағамен сатып алу келісімі. Сонда фьючерстік шарттың форвардтық шарттан бірсыпыра айырмашылықтары бар. Олар:
Біріншіден, фьючерстік шарт тек биржаларда, ал форвардтық шарт биржадан тыс нарықта жасалады.
Екіншіден, фьючерстік шарт - ол формасы бойынша да мазмұны бойынша да стандартты шарт. Ол жан-жақты стандартталған, тек бағасы сауда барысында белгіленеді. Ал форвардтық шарттың формасы типтік болғанымен, барлық нақты жағдайлары, мысалы, алғашқы активтің саны, оның сапалық сипаттамасы және с. с. жағдайлары мәміле жасасқанда екі жақпен ескеріледі.
Үшіншіден, фьючерстік шарт бойынша оның орындалуы мен барлық есеп айырысуына биржа мен Клирингтік палата кепілдік береді.
Төртіншіден, форвардтық шарт алғашқы активті сатып алуға жасалады. Оны орындамаған жақ ірі айыппұл төлейді. Ал. Фьючерстік шарттың механизмі бойынша мәмілеге келмеген екі жақтың мақсаты - алғашқы активті сатып алу-сату емес, сол мәміледен фьючерстік нарықта пайда табу. Ол көбінесе алыпсатарлық шарт.
Бесіншіден, форвардтық шарт қор нарығының ке-келген алғашқы активіне жасалуы мүмкін, ал фьючерстік шартта алғашқы активтер биржаның мамандануына байланысты шектеулі болуы мүмкін.
Қорыта айтқанда, белгілі-бір биржалық активті жеткізіп беру мақсатында жасалған фьючерстік шарт шын мәнінде форвардтық шарт. Себебі мәмілені бекіту мен орындау аралығындағы уақыт форвардтық шарттың мәні болып есептеледі.
2. 2. Фьючерстік сауданың мәні және механизмі
Фьючерстік сауданың мәнін екі жақтан: биржа тұрғысынан және жалпы нарықтық шаруашылық жағынан қарастырған жөн.
Биржа тұрғысынан фьючерстік сауда - ол нарықтық шаруашылық жағдайына биржалық сауданың табиғи дамуының нәтижесі. Нақты тауар саудасымен салыстырғанда фьючерстік сауданың зор артықшылығының арқасында нарықтық экономиканың қалыптасу жағдайында биржаларға жұмысын жалғастырып, одан әрі дамуына капитал жинақтауға мүмкіндік береді. Биржаның мақсаты - фьючерстік сауданы дамытып, нарықтық ортада қызмет істеу үшін қажетті мөлшерде табыс табуға қол жеткізу.
Нарықтық шаруашылық тұрғысынан алғанда фьючерстік сауданың мақсаты - нақты тауар нарығында бағаның өзгеруінен сақтандыру, сөйтіп кәсіпкерлердің мүддесін қорғау. Әсірісе, жетекші шикізат және отын тауарының бағасын болжау арқылы биржалық саудадан мол пайда табу.
Нарықтық экономикада бағаны болжау мүмкіндігі өндірістің қарқынды дамуы мен қоғамдастануынан және оның халықаралық интеграциялануынан туындайды. Осындай алдын-ала жасалған шаралардың негізінде фьючерстік сауда бағаның нарықтық болжам механизмін құрады. Тауар әлі өндірілмеген
Бірақ, фтючерстік шартты сатып алу-сату арқылы олардың болжам бағасы бар. Ол баға нақты өмірдегі процестердің әсеріне душар болады. Фьючерстік нарық нақты тауар нарығына ерекше. Ол қатысушылардың құрамында, сауда орнында, нарықтың деңгейінде және басқалар да болатын ерекшеліктер.
Биржалық фьючерстік сауда механизмінің негізгі элементтері:
- биржалық сауданы фьючерстік шарттармен ұйымдастыру;
- есеп айырысу тәртібі және фьючерстік шарттарды жою тәртібі;
- фьючерстік шарттардың орындалуын ұйымдастыру.
Фьючерстік шартпен сауда оны жүргізуші брокерлік фирманың өкіліне клиенттің мәлімдемесін беруден басталады. Мәлімдемені ауызша немесе жазбаша беруге болады. Мәлімдемені тауар туралы, жеткізу мерзімі, шарт саны және баға туралы мәліметтер болуы керек.
Брокерлік фирманың өкілі мәлімдемені, әдетте, телефон арқылы немесе тікелей биржа залындағы осы фирмаға қызмет етіп отырған брокерге береді. Егер биржаның жұмыс күні аяқталып қалса, мәлімдемені ақпараттық орталыққа береді.
Сауда барысында биржалық брокер шартты сатып алуға алған тапсырысын, ұсынатын бағасын және шарт санын айғайлап айтады. Өз кезегінде басқа брокерлер шарттың осындай түрін сатуға алған тапсырыс бойынша өз бағасын ұсынады. Егер сатып алу бағасы дәл келсе мәміле бекітілген деп есептеліп, биржалық жүйелерде тіркеледі. Биржалық сауда аяқталған соң брокерлер бекітілген мәмілелердің реквизиттерін тексеріп, одан соң ақпаратты клиенттерге жеткізеді.
Фьючерстік шартты «сатып алу» деген биржадан алғашқы актив бойынша өзіне міндеттемені қабылдап алу. Содан кейін фьючерстік шартты орындау мерзімі келгенде осы шарт үшін айқындалған тәртіпке сай, яғни шартты сатып алу кезінде анықталған бағаны биржаға төлеу.
Фьючерстік шартты «сату» деген фьючерстік шартты орындау мерзімі келгенде биржаға алғашқы активті жеткізу міндеттемесін өзіне қабылдап алу.
Содан кейін осы шартты сату бағасына сай биржадан ақша қаражатын алу.
Фьючерстік шарт бойынша есеп айырысу формасы әр елде әртүрлі болады. Әдетте есеп айырысу чекпен жүргізіледі.
2. 3. Фьючерстік шартты сатып алу-сату мәмілелерін жасасу және орындау тәртібі
Фьючерстік шартты сатып алу-сатуды ұйымдастырушы әрбір биржа өзінің нормативтік актілеріне сәйкес шарттарды жасасу және орындау тәртібін белгілеуге құқылы
Фьючерстік шартты сатып алу-сатудың технологиялық процесін шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады.
1. Клиенттің шешімі. Клиент фьючерстік шарт нарығының өтімділігін бағалайды, яғни оларды еркін және тез арада сатып алу-сатуды бағалайды, сатып алу-сатуды жүзеге асыруға байланысты шығындарды анықтайды, атап айтқанда, маржаны төлеу, мәмілені жасасу мен тіркеу үшін комиссиялық төлемді, делдалдар қызметін және салықтарды төлеу. Содан кейін клиент фьючерстік саудаға қатысу туралы шешім қабылдайды.
2. Брокерлік қызмет көрсетуге шарт жасасу. Фьючерстік нарықта делдалдық қызмет атқаратын фирмамен клиент шарт жасайды. Шартқа сай клиент делдалдық фирмаға мынадай:
* фьючерстік шартты клиент атынан және оның есебінен сатып алу-сатуға мәміле жасауға;
* фьючерстік шартты сатып алу-сатуға байланысты барлық есеп айырысуды клиенттің қаражаты есебінен Есеп айырысу палатасының мүшесі арқылы жүргізуге;
* фьючерстік нарықта барлық қажетті құжаттарды клиент атынан рісімдеуге сенім көрсетеді.
Қызмет көрсету шарты бойынша тараптар фьючерстік нарық жағдайына байланысты қауіп туралы хабардар екенін және болуы мүмкін шығындар бойынша бір-біріне шығымдары болмайтынын бекітеді.
3. Есеп айырысу палатасының мүшесімен қызмет көрсету шартын бекіту. Делдалдар фирмасы Есеп айырысу палатасымен ұзақ уақыт қызмет көрсету жөнінде шарт бекітеді. Әрбір жаңа клиентке қайтадан шарт бекітпейді.
4. Фьючерстік сауданың резерв қаражаты. Фьючерстік мәміле жасауға қажетті ақша қаражатын клиент төлейді. Ол қаражат мәміле орындалуының кепілі. Бірақ ол «фьючерстік сауданың резерв қаражаты» ролін орындамайды. Резерв қаражаты алғашқы маржаны жабу үшін жететін болуы керек. Ондай соманы клиент делдалдық фирма арқылы Есеп айырысу палатасының мүшесіне аударады.
5. Клиенттің тапсырмасы. Биржаның делдалы клиенттің тапсырмасын орындау үшін ең алдымен клиент оған биржалық саудада орындалатын белгілі - бір операцияларға мәлімдеме береді. Биржалық сауданың іс - тәжірибесінде ондай мәлімдеме сауда тапсырмасы деп аталады. Сауда тапсырмасында мәміле түрі, келісім-шарт саны, жеткізіп беру формасы мен мерзімі, төлем формасы, сауда өткен күн және баға белгілеу жағдайлары көрсетілуі қажет. Әлемдік практикада сауда тапсырмасының ең көп қолданылатын түрлері:
* биржа бағасымен сатып алу немесе сату. Мәлімдеме бланкінде баға көрсетілмейді.
* «күннің ең тиімді бағасымен» сатып алу немесе сату-ол сессия күнінің нәтижесі бойынша сатып алу үшін ең төменгі, ал сату үшін ең жоғары бағамен орындалады.
* белгілі бір бағамен сатып алу немесе сату. Оны брокер баға берілген деңгейге жеткен сәтте немесе оны алған бойда орындайды.
6. Тапсырманы орындау-ол биржалық сауда барысында, я болмаса сессия аралығындағы уақытта өтеді.
7. Өткен сауда туралы мәліметтер. Биржа бекітілген фьючерстік мәмілелер туралы мәліметтерді тиесілі ақпараттық жүйелерге беріп отырады. Сөйтіп баға белгілеу әлемге таратылады.
8. Мәмілелер бойынша есеп айырысу - оны Есеп айырысу палатасы орындайды. Оның жұмыс механизмі туралы жоғарыда айтылған.
9. Маржа бойынша қайта есептеу. Маржаның өзгерісі туралы мәлімет биржа күнінің соңында айтылады. Жаңа маржа ставкасы алғашқы маржа ставкасы негізінде жүргізіледі.
10. Маржа төлемі бойынша қосымша қаржыны салу. Қайта есептелген маржаның негізінде белгіленген оның жаңа ставкасы бойынша клиент делдалдық фирма және Есеп айырысу палатасының мүшесі арқылы клирингтік шотқа фьючерстік шарт нарығында жұмысты жалғастыру үшін қосымша қаржы салуы керек. Ол соманы айнымалы маржа деп атайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz