Мәдениетаралық қарым - қатынас біліктілігін қалыптастырудың әдістемелік алғышарттары


КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Еліміздің егемендік алып, басқа елдермен саяси, экономикалық және мәдени байланыстарға түсуі шет тілін оқытудың маңыздылығын көрсетіп, оның мақсатын анықтап берді. Шет тілін оқыту барысында оқушыларды өздеріне жат әлемді түсіне білуге үйрету керек. Олар өз әлемін, тілін, мәдениетін білмей, мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігіне қол жеткізу мүмкін емес. Басқа тілді қоғамда, мәдениетте өз орнын таба білу үшін сол елдің тілін ғана меңгеру аз, сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетін де меңгеру керек. Оқушылар жаңа шығармашылық іс-әрекетке, жаңа ақпараттық технологияларды үйренуге, жеке тұлғалық және мәдениетаралық қарым-қатынаста туындайтын қарама-қайшылықты болдырмауға және оларды шешуге икемді болуы қажет. Осыларды шешуде көркем мәтіндерді, жаңа технологияларды қолданудың маңызы зор. Көркем мәтіндер тілін оқып жатқан ел туралы деректер алуға мүмкіндік береді. Олар оқушыларды білім, білік, дағдыға үйретуге ықпал етеді. Мұндай көркем мәтіндер оқушылардың шет тіліне деген қызығушылығын оятады, оларды алдарына мақсат қоюға үйретеді және оқу процесінің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Мәдени ерекшеліктер енген және бейнеленген мәтіндер шет тілін оқуға деген қызығушылықты арттырады.
Әрбір тілді үйренушілер тек сол тілдің жүйесінде кездесетін ерекшеліктерге ғана емес, сондай-ақ сол тілді қолданушы елдің мәдениетіне тән үлкен ерекшеліктерге де жолығады. Жат мәдениетті түсініп, өз мәдениетін меңгеру, басқа мәдениет өкілдерінің әрекеті мен сөзін түсіне білу үшін өз мәдениеті мен басқа мәдениетті салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білуге үйренеді. Ал, кейде екі мәдениет өкілі арасында белгілі бір дәрежеде қиындықтар болуы мүмкін. Ол, әрине, тілдегі ерекшеліктер ғана емес, мәдениетке тән өзгешеліктерге де байланысты болып келеді. Өйткені, әрбір тіл мен оны қолданушы тіл иелерінің өздеріне тән ерекшеліктері болады. «Тіпті адамдар бір тілде сөйлесіп жүріп, әрқашан бірін-бірі түсіне бермейді» деп көрсетеді Е. М. Верещагин[1, 48 б. ]
Оқу процесін тиімді әрі белсенді етуге бағытталған ғылыми зерттеу жұмыстарының көптігіне, әртүрлі инновациялық тәсілдердің пайда болуына және олардың оқу процесіне енгізілуіне қарамастан, оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруда көркем мәтіндерді шетел тілі сабақтарында қолдану өз алдына толық қаралған жоқ. Осы мәселенің шешімін табуға үлес қосу біздің жұмысымыздың өзектілігін көрсетті де, зерттеу тақырыбын «Көркем мәтіндер негізінде шет тілін оқытуда тілдік оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін (құзыреттілігін) қалыптастыру» деп алуға себеп болды.
Соңғы он жылдықта болып жатқан мемлекеттер арасындағы саяси және экономикалық байланыстың дамуы және мәдениеттер диалогы белсенділігінің артуы да шетел тілін меңгерудің прагматикалық құндылығын арттырып, шетел тіліндегі қарым-қатынас үшін игеруді негізге алуды көрсетті. Оқушылардың үйреніп жүрген шетел тілінің, яғни сол тілде сөйлейтін елдің мәдениетін білмей, мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру мүмкін емес. Ал мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруда көркем мәтіндерді дұрыс қолдану өзекті мәселе болып табылады.
Зерттеу жұмысының нысаны: Тілдік жоғары оқу орындарындағы оқушылардың шетел тілінде мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруда көркем мәтіндерді қолдану үрдісі.
Зерттеу жұмысының пәні: Оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру мақсатында көркем мәтіндер арқылы жаңа технологияларды қолдану әдістемесі.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруда көркем мәтіндерді тиімді қолдануды теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімді әдістемесін құру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық, лингвистикалық, методологиялық әдебиеттерді зерттеу негізінде көркем мәтіндердің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудағы педагогикалық, әдістемелік мүмкіншіліктеріне сипаттама беру;
- көркем мәтіндерді қолдану жолын көрсету;
- мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруға бағытталған сабақ үлгісін құрастыру;
- оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруға бағытталған жаттығулар кешенін құру.
Зерттеу жұмысының әдістері:
- Зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша ғылыми әдістемелік әдебиеттерді оқып, оларға сипаттамалық, құрылымдық-мағыналық талдау жасау;
- Жаңа технологияларға талдау жасау;
- Көркем мәтіндерді және жаңа технологияларды қолданудағы тәжірибені бақылау.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері: Шетел тілін оқыту әдістемесі мен лингвистиканың негізгі категориялары (С. С. Құнанбаева, Н. Д. Гальскова, И. Л. Бим), тілдік іс-әрекет теориясы (Л. С. Выготский, И. А. Зимняя), мәдениет және лингвотанымдық ақпарат теориясы (Е. М. Верещагин), мәтін (В. Г. Костомаров) .
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруда, оның психологиялық, лингвистикалық және психолингвистикалық негізін ескере отырып, көркем мәтіндерді және жаңа технологияларды пайдаланатын болсақ, олардың ерешеліктерін ескерсек, оқу процесінің заңдылықтары мен танымдық процестерін тиімді жүргізсек, онда оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру тиімді болады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңашылдығы: Көркем мәтіндерді қолдану барысында оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастырудың әдістемелік үлгісі жасалады және тәжірибелік тұрғыдан көркем мәтіндердің оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруға негіз болатындығының дәлелі келтіріледі.
Зерттеу жұмысының теориялық құндылығы:
- Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастырудың психологиялық, лингвистикалық ерекшеліктері анықталады;
- Көркем мәтіндерді және жаңа технологияларды қолдану үлгісі көрсетіледі.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: жұмыс барысында жасалған тұжырымдар осы мәселенің одан әрі зерттелуіне негіз бола алады. Бұл зерттеу жұмысының қорытындысын ұстаздар семинар сабақтарында, оқушылар курстық және дипломдық жұмыстарын жазуда пайдалана алады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Кіріспеден, негізгі бөлімнен, екі тараудан және жалпы зерттеу жұмысының қорытындысынан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ МӘДЕНИЕТАРЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігіне сипаттама
Қазіргі кезде адам өмірінде болып жатқан көптеген интеграциялық процестер, экономиканың дамуы, қоғамның жаңаруы, тіл мен қоғамның және тіл мен мәдениеттің екі жақты байланыстарына жаңаша көзбен қарауды талап етеді. Жаңа әлеуметтік мәдени кеністіктің пайда болуы білім беру жүйесінің алдына халықаралық мәдени-кәсіптік қарым-қатынастарды жүзеге асыра алатын мамандар дайындауды мақсат етіп қоюда. Тілді басқа мәдениетті таңдаудың негізгі құралы ретінде пайдалану, сол тілде сойлейтін елдегі құбылыстардың мәнін түсінуді қажет етеді.
Мәдениетаралық түсініктің дамуы - жаңа тілді үйренумен қатар жүретін процесс. Ал шетел тілін сол елдің мәдениетаралық байланысқа түскен кезде адамдар басқа мәдениеттің иегерімен қарым-қатынасқа түседі. Шетел тілін терең меңгергеннің өзінде тілдегі, күнделікті тұрмыс ерекшеліктеріндегі (киім кию, ұлттық аспаздық және тағы басқа), өзін-өзі ұсыну мәнеріндегі ерекшеліктер көп уақытта түсініспеушілікке әкеп соғуы сөзсіз. Бұл айтылған қағида тіл мен мәдениеттің тығыз байланысын көрсетеді. Осыған байланысты біртіндеп тілді оқыту барысында тілді ғана үйретіп коймай, сонымен бірге сол елдің мәдениетін, әдебиетін, салт-дәстүрін де қатар оқыту қолға алынуда.
Бұл мәселе көптеген ғалымдардың (Е. М. Верещагин, В. Г. Костомаров, Т. Г. Грушиевидская, В. Д. Попков, А. П. Садохин, С. Г. Тер-Минасова, С. Г. Агапова, Е. В. Милосердова, П. В. Сысоев, Н. В. Елухина, Э. П. Комарова, Н. Г. Баженова, М. В. Бергельсон) еңбектерінде қарастырылған. Бұл аталған ғалымдар тіл мен мәдениеттің тығыз байланысты екенін зерттеген еңбектеріне шолу жасай келе «Мәдениеттің ең маңызды ұлттық-ерекшелік құраушысы - тіл, себебі тіл мәдениеттің қарым-қатынас құралы болуына ықпал ететін факторлардың негізгісі болып табылады» деген тұжырымға келуге болады. Мысал келтіретін болсақ, атақты кеңес заманының ғалымы Е. М. Верещагин және В. Г. Костомаров мәдениет терминіне бірнеше анықтама берген, оларды атап өтсек:
• Мәдениет-бұл қоғамның мәдени әдет-ғұрыптарын құрайтын материалдық және рухани дамудағы жеткен табыстарының жиынтығы.
• Мәдениет-бұл тарихи экономикалық базис негізінде жинақталған қоғамның материалдық және рухани құндылықтары.
• Мәдениет-бұл адамдар қоғамының өндірістік, қоғамдық және рухани өміріндегі жеткен жетістіктерінің жиынтығы.
• Мәдениет-бұл кез-келген саладағы ой әрекеті мен шаруашылық әрекетіндегі даму дәрежесі.
• Мәдениет-бұл білімді адам қажет ететін өмір жағдайының бар болуы.
Ал атақты ленгвист С. Г. Тер-Минасова және В. Г. Костомаровтың ойларын құптай келе, өзінің мәдениетке берген анықтамаларын одан ары кеңейткен:
• Мәдениет-бұл білімділік, оқымыстылық.
• Мәдениет-бұл белгілі бір уақыттағы белгілі бір адамдар тобының жалпы әдет-ғұрыптары мен сенімдері, олардың өмір сүру салты.
• Мәдениет-бұл өзінің идеяларымен, өмір сүру салтымен, өнерімен қабылданатын белгілі бір қоғам.
• Мәдениет-бұл белгілі бір халықтың белгілі уақыт ішінде жеткен жетістіктері мен салт-дәстүрлері.
• Мәдениет-бұл белгілі қоғамда өз орнын тапқан белгілі бір ойлар, салт-дәстүр және өнерден құралады. [16; 12]
Тілдің анықтамасы туралы ойларын жинақтай келе ф. ғ. д., профессор С. Г. Терминасова өз еңбегінде тілге төмендегіндей анықтамаларды берген:
• Тіл дегеніміз-бір халықтың сөздерінің жиынтығы және өз ойларын дұрыс жеткізу үшін сол сөздердің құрылған қосындысы;
• Тіл дегеніміз-адамдар арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асыруға қажет белгілер жүйесі;
• Тіл дегеніміз-адамдар ұжымының негізгі қарым-қатынас құралы болып өзіне-өзі пайда болған семиологиялық жүйелердің бірі. Бұл жүйе сонымен қатар дүниетанымды дамытатын және мәдени, тарихи салт-дәстүрлерді ұрпақтан-ұрпаққа қалдыруға көмектесетін дүние;
• Тіл дегеніміз-қоғамдағы адамдардың екі жақты түсіністігін қамтамасыз ететін, ойлау процесін ақиқаттайтын және қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланылатын дауысты белгілердің және грамматикалық құралдың тарихи пайда болған дүниесі;
• Тіл дегеніміз-қарым-қатынас мақсатында сөздерді пайдалана алу мүмкіндігі;
• Тіл дегеніміз-бұл ұлттың немесе халықтың қолданатын ерекше сөздер жүйесі.
Әр мәдениеттің өзіне тән тілдік жүйесі болады. Осындай жүйе арқылы сол мәдениеттің иегерлері бір-бірімен жан-жақты қарым-қатынасқа түсе алады. Мәдениеттегі тілдің рөлін төмендегі анықтамалардан байқауға болады. Тіл дегеніміз:
• Мәдениеттің айнасы, себебі онда тек қана адамды қоршап тұрған орта ғана емес, сонымен қатар сол елдің менталитеті, оның ұлттық мінез-құлқы, салт-дәстүрі, нормалар мен рухани байлықтарының жүйесі көрінеді;
• Мәдениет ошағы себебі халық жинақталған барлық материалдық және рухани байлықтар, білім мен дағдылар тілдік жүйеде, яғни фольклорда, кітаптарда, ауыз және жазба әдебиетінде жиналды;
• Адамның жеке басын куәландыратын мәдениет құралы, себебі адам тіл арқылы өз халқының менталитетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін өз басына сіңіреді.
Әр түрлі ғылыми басылымдарда тілге көптеген түрлі ережелер берілген, солардың бәрін жинақтап, тұжырымдай келгенде шығатыны: тіл дегеніміз-өз ойын жеткізетін құрал, яғни қарым-қатынас құралы. Тіл мәдениетсіз өмір сүре алмайды, сондықтан тіл мен мәдениетті бірін-бірінен бөліп, ажыратып қарастыру мүмкін емес. Тіл дегеніміз -мәдениет, ал мәдениет дегеніміз -тіл.
Осы тұжырымдаманы ұстана келе қазақстандық ғалымдар А. Е. Карлинский, Р. З. Загидуллин, Г. М. Алижанова, Л. А. Коробова, С. К Абдыгаппарова, М. Е. Медетова, Е. Н. Нурахметов, Д. Д. Шайбақова сияқты ғалымдар мен іздеушілер айтылған мәселеге өз үлестерін қосқан.
Университетіміздің құрметті профессоры, ғалым А. Е. Карлинский «Тіл-қарым-қатынас қаруы» деп жазып келген де ойын «Тіл-тек қана қарым-қатынас құралы, мәдениет пен қоршаған ортаның құбылыстарын бейнелейтін құрал ғана емес, ол мәдениеттің бір бөлігі» деп тұжырымдаған.
Өзінің жұмысында Г. М. Алимжанова тілдің мәдениеттегі орнын анықтай келе « . . . тіл мәдениеттің қарым-қатынас құралы болуын қамтамасыз етеді. Тіл-мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін сақтап, ұрпақтан ұрпаққа беру арқылы белгілі бір ұлтты құрайтын ең негізгі және ең күшті қару . . . » деп жазды.
Жоғарыда айтылғандай зерттеу жұмыстарынан шыққан қорытындыны тұжырымдайтын болсақ, тіл мен мәдениет бір-бірін толықтырады және бір-бірінсіз өмір сүре алмайды, яғни мәдениет жоқ жерде тіл, тіл жоқ жерде мәдениет бола алмайды.
Қазіргі таңда мәдениетаралық біліктілігінің (МБ) көптеген анықтамалары беріліп жүр (И. С. Соловьева, Н. Е. Яковлева, Ю. Л. Вторушина, Н. М. Губина, Г. В. Елизарова, А. П. Садохин т. б. ), оның құрылымдық ерекшеліктері тұрғысынан көзқарастар (Г. В. Елизарова, А. П. Садохин, К. М. Ирисханова, И. С. Соловьева, М. В. Плеханова, Н. С. Тырхеева т. б. ) . берілген түсіндірмелерді талдау ғалымдардың МБ-ті тәпсірлеудегі барлық көзқарастарын шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
Ғалымдардың бірінші тобы МБ адамның білімі мен іскерліктерінің, қабілеттіліктерінің жиынтығы деп көрсетеді. Ол туралы бір ғалымдар «Овладение межкультурной компетенцией предполагает владение целым комплектом знаний (не только о языке и культуре, но и самом процессе межкультурного общения), формирование специальных способностей и умений межкультурного общения, воспитания особого отношения к собеседнику и процесу общения»[19] . Бұл туралы келесі автор былай деп жазады: «Межкультурная компетенция представляет собой сложную комбинацию знаний, умений, качеств и способностей личности, обеспечивающих выбор адекватных способов и стратегий коммуникативной деятельности и поведения коммуниканта в условиях межкультурного взаимодействия» [20] .
Ғалымдардың екінші тобы МБ ерекшеліктерін тұлғалық идея тұрғысынан тұжырымдауды ұсынады: «Под межкультурной компетенцией понимается способность, позволяющая личности реализовать себя в рамках диалога культур, т. е. в условиях межкультурной коммуникации» [23] . Осыған ұқсас ойды келесі цитатадан да байқаймыз: «Межкультурная компетенция - это основанная на знаниях и умениях способность осуществлять межкультурное общение посредством создания общего для коммуникантов значения происходящего и достигать в итоге позитивных для обеих сторон результатов общения» [21] .
Соңғы жылдардағы зерттеулерді талдау (2002 жылдан бері) ғалымдардың мәдениеаралық қарым-қатынас біліктілігі ұғымы туралы көп айтатындарын көрсетеді (О. Р. Бондаренко, В. В. Сафонова, Т. В. Ларина, И. А. Голованова, В. А. Брылева, Н. Е. Яковлева, И. П. Плужник, Л. Г. Ковтун, S. Luchtenberg т. б. ) .
МБ ұғымы өзінің түсіндірмесінде өзгеріске ұшырауда. Мысалы, Т. Баумер МБ кең және тар мағынасын ажыратады: «Кең мағынада біз мәдениетаралық біліктілік деп басқа адамдармен сәтті қатысымға түсу қабілетін түсінеміз. Бұл қабілет бала кезде көрініс беруі мүмкін және тиісті икемділік пен тиісті күш салудың арқасында ары қарай дамуы мүмкін» [22] . Отандық ғалымдар шетелдік әріптестерінің ойымен келіседі: «Мәдениаралық біліктілік - басқа мәдениет феномендерін қабылдау, түсіну, тәпсірлеу қабілеті және туған ділі мен ұлттық дәстүрлер құндылықтарын салыстыру және оның басқа мәдениетпен ұқсастығы мен айырмашылықтарын таба алу, оларды сыни тұрғыдан түсініп, өзінің өмір көрінісін қалыптастыра алу іскерліктері. Бұл жерде қатысымға және өзара әрекетке дайындық қана емес, сонымен қатар, ерекше мәдени өзіндік түсінігі, өзін-өзі шынайы бағалауы, толеранттылық, эмоционалды тұрақтылық, өзіне деген сенімділік, қайшылық және шиеленісті болдырмау іскерлігі. »
Жоғарыда айтылғаннан қорытындылайтынымыз - МБ тәпсірлеу кезінде басты назарда адамдардың бір немесе бірнеше лингвомәдени қауымдастықтарға жататындықтарына қарамастан, адамдардың өзара әрекетінің мәдени факторларын есте сақтау керектігі тұрады.
Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігінің талаптары заман ерекшеліктеріне байланысты практикалық мақсатпен анықталады. Әуел бастан-ақ мәдениетаралық қарым-қатынас пәнінің негізін салушы Э. Холл мәдениетаралық оқыту өзге мәдениет өкілдерімен тікелей қарым-қатынаста қолдану барысында меңгерілуі керек деп атап өткен. [11] Сондықтан өзіндік ой тұжырымымыз бойынша мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамыту практикалық талапқа сай болу керек деп болжаймыз.
1) Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастырудың талабы - бұл процестің практикалық тұрғыда өтуі болып табылады.
2) шынайы қарым-қатынас процесі іс жүзінде қалай өтуін біз толық болжап білмейміз. Сондықтан да мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйрету барысында материалдар шынайы өмір талаптарына сәйкестендіріліп, тақырыптар өмір тәжірибесіне сай іріктелуі тиіс деп тұжырымдаймыз.
3) Мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйрету жасанды орта жағдайында жүргізіледі. Сондықтан нақты білім, білік, дағдыларды қалыптастыру мақсатында бөтен ел бейнесі шынайы сомдалуы үшін жаңа, түрлі әдіс-тәсіл қолданылуы талап етіледі.
Көпшіліктің айтуынша, бөтен ел өкілімен қарым-қатынасқа түскен уақытта түсінбеушілік негізгі екі мәдени құбылыстың сәйкессіздігі мәселесінде. Сондықтан да ең алдымен,
4) Өз мәдениетінің құбылыстарын жетік түсіне білу керек. Сонда өзге мәдениетті өз мәдениетімен салыстырмалы түрде түсінуге тырысу, яғни шынайы түсіністік алғышарты мәдениетаралық талдау, ұқсастықтарын табу, саралау болып табылады.
5) Білім беру стандарттары өз кезегінде тілдік материалдардың аутенттілігін талап етеді. Аутентті материал негізінде тілді мәдениет элементтерін қанық түрде меңгере аламыз.
Тілді мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде ол оқушылардың оны түрлі тілдік жағдаяттарда дұрыс қолдана білу біліктілігін қалыптастыру болып табылады. Аталған талаптар өрісімен мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілікті дамытудың тиімді жолдарын анықтауға болады.
Ең алдымен мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың тиімділігі оқыту үрдісінде түрлі әдістемелік амал-айлаларды ұтымды пайдалана білу өзегінде жатыр. Қазіргі таңда ұсынылып отырған жаңа технологиялар мектептегі білім беру жүйесіне жаңа тыныс әкелгендей. Бұл дегеніміз Қазақстан мектептерінде ақпараттандандыру процесін жеделдету білім беру жүйесінің алға басуымен тепе-тең.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz