Облигация түрлері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСТИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
БАЯНДАМА: Облигация туралы түсінік және оның түлері. Шығу тарихы.
Дайындаған: Әмітжан З. А.
Тобы: 2ФК.
Тексерген: Алдашова Г. М.
Ақтөбе-2021
Мазмұны.
Кіріспе
1. Облигация туралы түсінік, ерекшеліктері, қасиеттері.
2. Облигацияның шығу тарихы.
3. Облигация түрлері.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
1. Облигация туралы түсінік
Облигация белгілі бір соманы қарызға алып жатқан эминент (мемлекет немесе компания) пен инвестордың келісімшартқа отыру барысында қолданылатын бағалы қағаз. Келісімшарт бойынша мезгіл сайын эминент облигация йемденушісіне пайыз түрінде пайда әкеліп отыруға, сонымен қатар облигация құнын атаулы мерзімге дейін өтеуге міндетті. Әдетте, облигацияларды мемлекет, жергілікті билік органдары немесе компаниялар қаржы тарту мақсатында шығарады.
Облигация арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелмейді. Облигация шығару- қосымша капитал тартудың бір нысаны.
Яғни, облигациялар-кәсіпорындармен ұйымдардың қарыз міндеттемелерін растайтын құжат.
Міржақыпова апамыз мынадай анықтама береді: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес облигация - бұл облигацияның немесе басқа да мүліктік баламаның онда көрсетілген атаулы құнын оны шығарушы тұлғадан оны ұстаушының иемденуге құқын растайтын бағалы қағаз. Обигация оны ұстаушыға облигацияның атаулы құнынан тұрақты пайызды немесе басқа мүліктік құқықты алуға құқық береді.
Облигация мерзімдік қарыз міндеттемесі болғандықтан оның кепілі болып эмитенттің жалпы кепілдігі саналады. Ол кепілдік- эмитенттің банкротқа ұшырап, өз міндеттемесін орындай алмаған кезінде - корпорация мүлігінің бір бөлігін иеменденуге облигация ұстаушының құқы.
Облигация да акция сияқты корпорацияны инвестициялаудың ең маңызды көзі. Ол өзгешеліктердің маңыздылары мыналар:
- Облигация иемденушісі корпорацияға несие беруші болып табылады. Ал облигация корпорацияны несиелендіргеннің куәлігі. Өз кезегінде, акционер корпорацияны меншіктенушінің бірі7
- Облигация иемденушісіне сыйақы төленеді. Оның мөлшері бекітілген және нақты анықталған. Бұл бағалы қағаз өзінде көрсетілген белгілі бір анықталған уақыт аралығында ғана кіріс түсіреді. Облигация бойынша сыйақы басқа өтелетін дивидендтерден бұрын төленеді. Корпорацияның сыйақыны уақытында төлей алмауы оның банкрот деп танылуына тең.
- Басқа несие беруші сияқты, облигация иесінің дауыс беру құқы жоқ. Ол акционерлер жиналысына, сонымен қатар, корпорация басқаруға да қатыспайды. Оған керісінше акция иесінің корпорацияның мүліктік мүддесін қорғауда шешімі дауыс құқығы бар.
- Облигация бойынша сыйақы корпорацияның шығынына жатады. Ол салық төлейтін пайдадан төленеді. Ал дивиденд салық төлегеннен қалған корпорацияның таза пайдасынан өтеледі.
Облигация бойынша мезгіл-мезгіл төленетін сыйақы түріндегі пайда купонға алмастырылады. Купон деп облигациядан жыртылып алынатын талонды айтады. Онда сыйақы мөлшері көрсетіледі.
Төленген сыйақының орнына облигациядан купонды жыртып алады. Бұндай сыйақы төлеудің түрін купондарды қырқу деп аталады. Облигацияда бірсыпыра элементтер көрсетіледі: номиналы, купондық мөлшер, өтеу туралы нұсқау, эмиссия шарты қамтамасыз етілуі, рейтингі.
Облигацияның атаулы құны облигация бетінде белгіленіп және қарызға беріліп, облигациялық қарыз мезгілі аяқталған бойдан қайтарылуға тиіс сома көрсетіледі.
Номиналы деп облигацияның бетінде көрсетілген ақша сомасын айтады. Оны облигация иесі өтелу мерзімі келгенде алады.
Купондық мөлшер - жыл сайын эмитент төлейтін облигацияның номинал өқнына байланысты келісілген сыйақы-төлем. Жыл сайынғы купондық мөлшер бөлініп төленуі мүмкін, мысалы, жарты жылда бір рет немесе тоқсан сайын бір рет.
Эмиссия шарты - ашықтан-ашық облигация шығару мәселесі. Ол қарыз алушымен траст компаниясының шарты бойынша шығарылады. Траст компаниясы корпорацияның инвесторлары алдында оның кепілі болып, облигация ұстаушылардың мүддесін қорғап эмитенттің өз міндеттемелерін орындауын қадағалап отырады.
Эмиссия шартында облигацияның уақытынан бұрын сатып алу бабы да болуы мүмкін, яғни эмитенттің өз облигацияларын қайтарып алу құқы. Әдетте, ондай жағдай облигация шығарылғаннан кейінгі алтыншы жылдан басталады.
Уақытынан бұрын қайта сатып алғанда облигацияның бағасы оның номиналдық құнынан жоғары болады.
Қамтамасыз етілген облигациялар - оларды шығарғанда кепілдікке корпорация активтері немесе мүлігі салынады. Облигация қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген болып бөлінеді.
Қамтамасыз етілген облигация корпорацияның негізгі активтерін талап етуге құқық беріп және сонымен біргеоның негізгі меншігінің облигацияға салынғанын көрсетеді. Егер корпорация мағайындалған мезгілде өз облигациясын өтей алмаса, онда оны ұстаушылар кепілдікті өз пайдасына сатуға құқы бар.
Қамтамасыз етуге қозғалмалы, қозғалмайтын мүліктер және басқа бағалы қағаздар салынады. Осыған байланысты мынадай айырмашылықтарды атауға болады:
- Қозғалмайтын мүлікке салынған облигациялар. Оларды қамтамасыз ететін жайнемесе арнаулы мүліктер;
- Басқа компаниялардың траст жағдайында сақталатын акциялары және облигацияларымен қамтамасыз етілген осы компанияның облигациялары;
- Қозғалмалы мүлікпен қамтамасыз етілген облигациялар. Оларды сенімхатпен басқа біреу иемденуіне құқылы.
Қамтамасыз етілмеген облигациялар - жалпы кепілдігі бар, басқаша айтқанда, эмитенттің жақсы атағымен шығарылған қарыз міндеттемесі. Осы болашақтағы шаруашылық ісінен түсетін табысқа үміттеніп шығарады. Корпорация банкротқа ұшыраған жағдайда ол облигацияларды арнаулы түрде өтейді.
Облигацияның рейтингі - олардың инвестициялық сапасын арнаулы фирмалардың бағалауы. Әлбетте облигациялардың барлық шығарылған сериясы бағаланбай, тек екінші нарықта кең көлемде сұранысқа ие болатындары ғана бағаланады. АҚШ-та, мысалы, «Стэндарт энд пур» және «Мудиз инвесторз сервис» екі компаниялары рейтинг анықтаумен шұғылданады. «Мудиз» компаниясы облигацияны бағалауды төмендей түрде жүргізеді:
- Ааа- өте жорағы сапа;
- Аа-жоғары сапа;
- А - ортадан жоғары;
- Ваа - орта сапа;
- Ва- алыпсатарлық элименттері бар;
- В- инвестицияға қажет белгілеріжоқ;
- Саа- төмен сапа;
- Са- белгілі бір мөлшерде алыпсатарлық;
- С-ең төмен сапа.
Ең жоғары ретингілі облигациялар «инвестициялық класты» деп аталады. Төмен рейтингілі облигациялар алыпсатушылық деп есептеледі.
Акция сияқты облигациядың да номиналы және нарықтық бағасы болады. Оның номиналына байланысты процентпен көрсетілген нарықтық бағасы облигацияның курсы деп аталады.
Егер нарықтық бағасы номиналынан жоғары болса, онда облигация сыйақымен сатылды деп аталады. Егер номиналынан бағасы төмен болса, онда облигациясының жаңа иесі оны дисконтпен, яғни бағасын төмендетіп сатып алады. Облигацияның нарықтық бағасы қандай болсада, сыйақы (мүдде) оның номиналына байланысты есептелінеді.
Облигацияның нарықтық бағасы, бір жағынан заемды шығару жағдайына, екінші жағынан, нарықтағы әр уақытта әр түрлі болып қалыптасатын жағдайға байланысты анықталды. Егер нарықта купондық бағасы жоғары жаңа заем пайда болса, онда ол жағдай айналымдағы облигацияларға екі түрлі әсер етеді.
- егер жаңа жағдайлармен шығарылған заемдар өте көп болса, онда бұрынғы төмен бағамен шығарылған облигациялардың курсы төмендейді. Басқаша айтқанда, олар дисконтпен сатылады. Себебі мұндай облигациялар тек номиналы бойынша өтеледі. Ал арасындағы айырмашылық жаңа иемденушіге өте төмен кіріс түсіреді.
- Жаңа облигациялар аз болса, олар номиналынан жоғары курспен (сыйлықпен) сатылады. Ол облигацияның жаңа және бұрынғы иелерінің кірісін теңестіреді.
Инвесторлардың облигациядан алатын пайдасы купондық төлеммен дискондтық айырмашылықтан түсетін кірістен құралады.
Жай акциялар тәрізді облигацияларда иесі ұсынушы және атаулы болып екіге бөлінеді. Иесі ұсынушы облигациялар еш жерде тіркелмейді, ол бойынша сыйақы ұсынушы субъектке төленеді. Ондай облигациялардың әр қашан купондық парағы болады. Сыйақы өсім төлейтін күні облигация иесі купонды қиып алып, оны өтеуге тапсырады.
Ал атаулы облигациялардың иесі корпорацияда тіркеуден өтеді. Сыйақы төлейтін күні корпорация оларға процент алу үшін чек толтырып береді.
Облигация келесі іргелі қасиеттерге иемденеді:
- Бұл эмитент мүлкіне меншік титулы емес, бұл қарыз куәлігі;
- Акцияға қарағанда облигацияда ақырғы төлеу мерзімі болады;
- Пайыздарды төлеу кезінде акция және басқада міндеттемелерді қанағаттандыру алдында жоғары;
- Эмитентті басқаруға құқық бермейді.
2. Облигацияның шығу тарихы және шығару тәртібі.
Облигациялардың шығу тарихы және әлемге таралуы XVI-XVII ғасырлардан басталады. Бірінші облигациялар қарыз алушының (эминент) белгілі бір уақыт кезеңінде қарызын өтеуде, сондай-ақ ақшаны пайдаланғаны үшін қосымша сыйақы төлеуде қолданылатын. Облигациялар алғашында табысы төмен және бүкіл шарттары алдын ала белгіленген қаржы құралдың бір түрі болып саналатын.
Тарихи деректер бойынша, облигациялардың халықаралық қаржы сахнасында пайда болуы шіркеудің өсімқорлыққа қарсы күресімен байланысты. XVI ғасырдың ортасында Францияда шіркеу қудалауынан құтылу мақсатында кредиторлар ақшаны қарызға облигация жүзінде беріп, өз іс-әрекеттерін табыс ағынын сатып алу/сату деген атпен ақтаған. Ал XVI ғасырда Голландияда пайда болған облигациялар, өсімқорлықпен айналысатын адамдарға альтернатива ретінде қолданылған. Облигация шығаратын бизнес иелерінің пайымдауынша, олар облигация йемденушілеріне «кредиттік пайызды» емес, «пайданың пайызын» төлейтін. Сонымен қатар, алғашында облигациялар, вексельге ұқсас рөл атқаратын болған. Шығарылған бір нысан облигацияларға бір ғана бланк толтырылатын. Бланкта облигацияның тұрақты құны, өтеу мерзімі және пайыздық пайдасы анық көрсетілетін. Бір қызығы, көптеген елдерде облигациялардың бланкілерінде мәтін француз тілінде жазылатын. Бұл дәстүр XX ғасырдың басында дейін сақталған.
Облигацияларды шығару тәртібі:
- Эмитент қосымша қорлардытарту үшін жарғылық капитал көлемінен аспайтын облигация шығаруға құқығы бар. Бірақ, жарғылық капитал толығымен төленіп, осы уақыт аралығында жылдық баланста үш жылдан кем емес қызмет істеуі кезінде ғана жүзеге асады;
- Құқықты бекіту әдісі бойынша облигациялар атаулыболу керек;
- Эмитенттің активі облигацияны шығаруды қамтамасыз ететін құралболып табылады, яғни оларға жылжымайтын мүліктер, эмитентке тиісті бағалы қағаздар, ақша қаражаттары, басқа да қозғалмайтын мүліктер жатады;
- Облигация шығару шарты эмитенттің өзінің акцияларын айырбастау жолымен өтелуі мүмкін;
- Акцияның атаулы құнының көлемі шектелмейді;
- Облигациялар бойынша пайыздар эмитенттің қаржылық жағдайына қарамастан, белгіленген уақытта төленуі тиіс.
Облигацияны айналысқа шығару бағалы қараздар нарығы туралы заңдылықты белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өту тиіс. Облигацияны мемлекет, акционерлік қоғамдар және жеке компаниялар бір жылдан кем емес уақытқа шығара алады.
3. Облигация түрлері
Облигациялар қолданыс мерзіміне, пайыздық пайдасына, және шығу тегіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Инвесторға әкелетін пайыздық пайдасына байланысты облигация екі түрлі болады:
Тұрақты пайызды облигациялар - алдын ала қойылған мерзім ішінде пайыздық пайда өзгермейтін облигация түрі. Бұл жағдайда, инвестор табысы екі компоненттен тұруы мүмкін: біріншіден, облигациялар шығарушы компания жылдық пайыздық мөлшер көлемі бойынша жылына бір немесе екі рет төлемдер жасауға келіседі. Бұл табыс купон немесе купондық пайда деп аталады. Екіншіден, инвестордың табысы облигацияны сатып алған баға мен оның номиналды құны арасындағы айырымнан жиналуы мүмкін. Бұл баға айырымын дисконт деп, ал әкелетін табысты дисконтты деп атайды.
Өзгермелі пайызды облигациялар - пайыздық табыс түрлі макроэкономикалық факторларға байланысты өзгеретін облигация түрі. Әдетте, облигацияның бұл түрі инвесторлар мен компания-қарыз алушыларға нарықтық жағдайлар өзгерген кезде пайда болуы мүмкін қаржылық тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, егер корпоративтік облигациялар мөлшерлемесі Лондондық банкаралық ұсыныс ставкасына байланған болса, онда облигациялардың өзгермелі пайыздық табысы LIBOR бойынша есептеледі, яғни Лондонда орналасқан 16 бірінші дәрежелі банктердің орташа пайыздық мөлшерлемесімен анықталады. [5]
Ал шығу тегіне байланысты облигациялар екі түрлі болуы мүмкін:
Корпоративтік облигациялар - акционерлік қоғамдармен шығарылатын тәуекелі жоғары облигация түрі. Корпоративтік облигациялардың пайыздық табыс әкелу мөлшері эмитенттің облигациялар сенімділігіне байланысты 8-ден 18% -ға дейін өзгереді. Нарықтықта табыстылығы мен тәуекелдіктің деңгейі әртүрлі облигациялар кездеседі және солардың ішінен инвестор өзіне қалайтынын сатып ала алады. Мысалы, ірі компаниялардың облигацияларының купондық төлемдер өте төмен бірақ олардың сенімділігі жоғары болады. Ал жоғары пайыздық төлемдермен шығарылатын облигациялар әдетте кішігірім сенімсіз компаниялармен сатылады. Алайда нарыққа бағалы қағаздарын енді шығарып жатқан жаңа компаниялар да пайыздық табысты жоғары қылып қояды. [6]
Муниципалдық және мемлекеттік облигациялар - тиісінше жергілікті билікпен және мемлекетпен шығарылатын тәуекелі төмен облигация түрі. Мемлекеттік облигациялар төмен пайыздық табысына байланысты инвесторлар арасында қатты қызығушылық тудырмайды. Мысалы, Ресей мемлекеттік облигациялары шамамен жылына 8% пайыздық пайда әкеле алады. Орташа жылдық инфляцияның 8% екенін ескере отырсақ, облигация йемденушіге ешқандай пайда алып келмейді десе де болады. [4]
Облигациялар қолданыс мерзімі тұрғысынан қысқа, орта және ұзақ мерзімді деп бөлінеді. Мерзімнің ұзақтығы облигация шығаратын елге байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Әдетте, қысқа мерзімді облигациялар бір немесе екі жылға шығарған бағалы қағаздар болып табылады. Ал орта мерзімді және ұзақ мерзімді болса, бес жылдан жеті жылға дейін және тиісінше жеті жылдан астам болады.
Сонымен қатар, бағалы қағаздар нарығында мерзімсіз облигациялар да кездеседі. Мысалы, II-дүниежүзілік соғыс кезінде, Ұлыбритания қазынашылық департаменті халықтан қарыз алу мақсатында мерзімсіз облигациялар (War Loan) шығарды. Жылдан жылға бұл облигациялар йемденушіге жылына 3, 5% купондық табыс алып келеді. Қазіргі таңда осы облигациялар үлкен дисконтпен қор биржасында саудаланады және нарықтағы бағасы номиналды құнының шамамен 74-75% құрайды. Егер де Ұлыбритания үкіметі облигациямен белгіленген қарыздарын төлеймін десе, онда үкімет номиналды құнының 100% төлеуге тиіс еді. Осылайша, эмитент (Ұлыбритания үкіметі) үшін осы облигацияларды сатып алуға қарағанда купондық пайданы төлеу тиімдірек жағдай. Нәтижесінде, жақын арада Ұлыбритания үкіметі кезінде шығарған мерзімсіз облигацияларды қайтарып алмайтынын болжауға болады.
Корпорация облигациялары сонымен қатар купондық кірісті төлеу жөнінен де бөлінеді:
- купондық төлем мөлшері нақты бекітілген облигациялар. Олар уақытынан қайтарылып алынуы мүмкін;
- купондық төлем мөлшері өзгермелі облигациялар. Бұл тіпті облигациялардың ерекшелігі, оның купондық төлем мөлшері ақша нарығында негізгі төлем мөлшеріне байланысты өзгереді. Бірақ, өзгермелі курсты облигация ұстаушылар корпорация жарғысында көрсетілгендей өз мүддесін несие берішілердің ең соныңда жүзеге асырылады.
- Купонды нөлге тең облигациялар типті облигациялардың айырмашылығы - бірінші орналасқанда номиналынан төмен бағамен, өтелмегенде-номиналмен сатылады. Басқа сөзбен айтқанда, облигация ұстаушы сыйақыны облигацияның айналым мерзімі аяқталған соң алады.
Облигация айырбасталатын және жай облигациялар болып бөлінеді. Айырбасталатын облигация айырбасталатын артықшылықты акцияларға өте ұқсас. Олар келісімге сәйкес осы корпорацияның артықшылықты немесе жай акцияларына алмастырылуына мүмкіндігі бар. Бұл айырбасталымды акцияға инвесторды қызығушылығын арттырады. Ал жай облигацияларды мұндай құқығы жоқ.
Қорыта айтқанда, корпорация өз жұмысын акция шығарумен де, сонымен қатар облигация шығарумен қаржыландырады. Дегенмен, акциядан көрі облигация шығару корпорацияға қауіпті. Себебі, облигациядан пайда түспесе де, жыл сайын корпорация облигация бойынша төлем төлеуге міндетті. Ал акция бойынша белгіленген соманы төлеуге міндетті емес. Егер компанмяның дивиденд төлеуге ақшасы болмаса, ол акционердің жеке сәтсіздігі.
Сонымен бірге облигация шығару корпорацияға қауіпті болғанымен ол өте арзан. Ұзақ мерзімде төленген дивидендтер сомасы жыл сайын төленген сыйақы сомасынан әлде қайда көп болады деп ұйғарылады. Инвесторлар көз қарасы бойынша акция шығару қауіптірек, демек облигация тиімді. Сондықтан тәуекелмен қосымша шығын шығарып, алған акциялар жоғары пайда түсіруіне көз жетпесе оларды сатып алмайды. Сонымен, егер компания бағалы қағаздардың екі түрінде қатар шығарса, онда акционерлерге төлейтін төлем, облигация иелеріне төлейтін төлеммен жоғары болды деген болжамға байланысты.
Корпоративтік облигациялар кірістілігінің, %
Эмитенттердің 2020 жылғы шілдедегі жылдық кірістілігі, %
Инвестициялық белсенділік көрсеткіштері, жинақталған қорытындымен, ж/ж, %
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz