Қылмыс объектілерінің түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Жаза жүйесінің түсінігі және түрлері
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І тарау Қылмыс объектісінің түсінігі және оның қылмыстық құқықтағы
маңызы.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...5

1. Қылмыс объектісінің ұғымы және оның мәні:
... ... ... ... ... ... ... ..7
2. Қылмыс объектілерінің
түрлері: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

ІІ тарау Қылмыстық қол сұғушылықтың заты және қылмыстық қолсуғушылық
объектісіне қатысты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 11
2.1Қылмыстың заты:
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...13
2.2Қылмыстық қолсуғушылық объектісіне қатысты жеңілдететін және
ауырлататын мән- жайлар.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .18

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...19

Сілтемелер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 20

Пайдаланылған әдебиеттер.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

Қосымша.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..22

Кіріспе
Еліміздің тәуелсіз, Демократиялық құқықтық мемлекет болып
жарияланғанына он тоғыз жыл болды Осы жылдар ішінде көптеген іс
тындырылғаны мәлім. 1997 жылы 16 шілдесінде Қазақстан Республикасының жаңа
Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды
күшіне енді.
Қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық
қатынастарды айтамыз. Әрбір істелген қылмыс белгілі бір объектіге қол
сұғумен қатар оған белгілі бір зиян келтіру қаупін туғызады. Қылмыстық заң
нормасымен қорғалатын объектіге қылмыстың қол сұқпауы мүмкін емес.
Объектіні дұрыс анықтаудың қылмыстық әрекеттің әлеуметтік және
құқықтық табиғатын (заңдық түп тамырын), жасалған қылмыс үшін белгіленген
қылмыстық жауаптылықтың нысанын және мөлшеріншегін айқындаудағы маңызы
зор.
Объектіні анықтау қылмыстың өзара ұқсас құрамдарын бір-бірінен,
қылмыстық әрекетті қылмыстық емес әрекеттен ажыратуға мүмкіндік береді.
Осы сияқты, әрекеттің қоғамға қауіптілік деңгейі қандай объектіге
қандай қастандық жасалғандығына көп байланысты, сондықтан да қазіргі
күшіндегі қылмыстық заңда былай деп көрсетілген: “қылмыстық заңда көзделген
қандай да бір әрекеттің формальды болса да белгілері бар әрекет немесе
әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды, егер оның қоғам үшін қаутілігі
елеусіз болса” Объектінің ролі мұнымен шектелмейді
Қылмыс объектісінің белгісі бойынша заң шығарушы қылмыстық-құқықтық
нормаларды жүйелеу және кодификациялау секілді күрделі жұмыстарды
жүргізеді.
Бұрынғы одақ құрамында болған елдердің көптегн теоретиктерінің пікірі
бойнша қылмыс объектісіне қоғамдық қатынастар жатқызылған.
Осыған орай, қоғамдық қатынастар дегеніміз адамадардың белгілі бір
әлеуметтік қажеттілікке байланысты мінез-құлықтары, іс-әрекеттері мен
олардың өзара байланыстарының көріністерінің жиынтығы болып табылады.
Қоғамдық қатынастар бұл-өте күрделі және әр түрлі жан-жақты әлеуметтік, өз
бойына бірнеше элементтердің жиынтығын қамтитын құрылым болып табылады.
Оған жататындар қатынастардың субъектісі (адамдар, мемлекет, ұйым және
т.б.) материалдық заттар игіліктер (заттар, құжаттар) қоғамдық қатынастың
өзара байланысы олардың іс-әрекеті жағдайы т.б. Бұл элементтер өзара тығыз
байланысты, осы элементтердің өзара бір тұтас белгілі бір қоғамдық
қатынастардың тұтастығын құрайды. Қылмыс жасаған адам осы қоғамдық
қатынастардың белгілі бір элементтеріне қол сұғады. Ол қол сұғушылық осы
қоғамдық қатынастардың қатысушылардың біріне (заңды тұлға немесе жеке
тұлға) белгілі бір қауіп келтірілуі әсері арқылы көрінеді.
Сондықтанда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 2 бабының екінші
бөлігінде “...осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке
адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып
табылатыны айқындалады” деп көрсетілген. Яғни мұның өзі қолданылып жүрген
қылмыстық заңдар бойынша белгілі бір қорғауға алынған қоғамдық қатынастар
ғана қылмыстың жалпы объектісі болып табылатын көрсетеді.

І тарау Қылмыс объектісінің түсінігі және оның қылмыстық құқықтағы маңызы.

1. Қылмыс объектісінің ұғымы және оның мәні:
Объект – құрамының міндетті элементтерінің (жақтарының) бірі,
сондықтан да объектісіз қылмыс жоқ. Кез келген қылмысты іс-әрекетінің мәнін
ашу үшін қылмыстың объектісін анықтаудың маңызы ерекше.
Әрбір істелген қылмыс белгілі бір объектіге қол сұғумен қатар оған
белгілі бір зиян келтіру қаупін туғызады. Қылмыстық заң нормасымен
қорғалатын объектіге қылмыстың қол сұқпауы мүмкін емес. Сондықтан да
қылмысты қол сұғушылықтың объектісін дұрыс анықтаудың теориялық практикалық
маңызы ерекше.
Қылмыстың объектісін дұрыс анықтау ұқсас қылмыстарды бір-бірінен,
қылмысты қылмыс емес әрекеттерден ажыратуға жәрдемдеседі. Өйткені қылмыстық-
құқылық қорғау объектісіне әрқашан да өзінің мәні мен дәржесіне қарай
ерекшеленген маңызды қоғамдық қатынастар жатады. Объекті маңызды болса оған
сәйкес істелген қылмыс та қауіпті болып саналады, соған орай оны қылмыстық-
құқылық қорғау да қатаң түрде жүзеге асырылады.
Қылмыстық құқық бойынша объектісі деп қылмысты қол сұғушылықтан
қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қоғамдық қатынастарды айтамыз.
Әрбір істелген қылмыс белгілі бір жағдайларда қоғамдық қатынастарға зиян
келтіреді немесе зиян келтіру қаупін туғызады. Сондықтанда қылмыстық құқық
ғылымы қорғалатын қоғамдық қатынастарды барлық қылмыстардың жалпы объектісі
деп таниды. Қылмыстың заңмен қол сұғушылықтан қорғалатын қатынастардың
тізбегі Қылмыстық кодекстің оның заңдарының міндеттерін айқындайтын 2-
бабында атап көрсетілген.
Қылмыстық заңмен кез келген қоғамдық қатынастар қорғала бермейді.
Мысалы, мұрагерлікке байланысты мәселерде мұрагердің заңды құқығының
бұзылуы қылмыс болып табылмайды. Мұндай ретте олардың құқықтары азаматтық
заңмен реттеледі. Қарыз беруші мен борышқордың арасындағы қатынас та
азаматтық құқық нормасымен шешіледі.
Сондықтан да қылмыс істеу арқылы қоғамдық мүддеге елеулі қауіп
келтіретін немесе қауіп келтіруі мүмкін жағдайда ғана қылмыстық құқылық
нормасымен қорғалатын қоғамдық қатынастар қылмыстың объектісі болып
табылады.
Қылмыстың жалпы объектісі болып табылатын қоғамдық қатынстардың өз
тарихи өзгермелі болып отырады. Оның қатары жаңа құбылыстардың қылмыс болып
танылуына байланысты кеңеюі немесе қылмыс болып келген кейбір нормалардың
күшін жоюына байланысты тарылуы мүмкін. Мысалы бұрын қылмыс қатарында
болмаған компьютерлік ақапратқа кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды
жасау, пайдалану және тарату (227-бап) жаңа заң бойынша қылмыс, ал бұрын
қылмыс болып саналатын екі немесе көп әйел алушылық, алыпсатарлық жаңа заң
бойынша қылмыс емес, яғни қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға
жатпайды
Сондықтан да Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 2-бабының
екінші бөлігінде “...осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері
белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер
қылмыс болып табылатыны айқындалады” деп көрсетілген. Яғни, мұның өзі
қолданылып жүрген қылмыстық заңдар бойынша белгілі бір қорғауға алынған
қоғамдық қатынастар ғана қылмыстың жалпы объектісі болып табылатынын
көрсетеді.
Алайда қылмыстық-құқық теориясында қоғамдық қатынастардың мазмұнын
құрайтын элементтер жөнінде әр түрлі пікірлер бар. Мысалы профессор
Б.С.Никиферов қылмыстың жалпы объектісі болып табылатын қоғамдық қатынастың
құрамында “қоғамдық мүдде” орын алады деп санайды. Профессор Я.М. Брайнин
осыған ұқсас пікірді қолдап “қоғамдық қатынастарға басқа элементтермен
бірге қоғамдық қатынастардың субъектілерінің мүдделері де кіреді”,2--деп
тұжырымдаған. Профессор Е.А.Фроловтың пікірінше “мүдде—қоғамдық
қатынастардың ядросы” болып саналады.3
Профессор Ю.И.Ляпунов “мүдде – барлық қоғамдық қатынастардың мазмұнын
бейнелейді”4 деген қорытындыға келген.
Қазақстандық ғылым, заң ғылымыныңдокторы, профессор Е.І.Қайыржанов
қоғамдық қатынастар деген ұғымды қоғамдық мүдде деген түсінікпен
алмастыруды ұсынған.5
Профессор А.В.Наумов қылмыстың жалпы объектісін қылмыстық заңмен
қорғалатын кез келген игіліктер деп бекітті.1
Біздің пікірімізше мүдде деген ұғым қоғамдық қатынастардың құрамдас
бір бөлігі ғана. Өйткені қоғамдық қатынастар қылмыстың жалпы объектісі
ретінде өз бойына мына элементтерді: қоғамдық қатынастардың субъектілерін;
олардың әрекеттері мен өзара қатынстарын; қоғамдық қатынастар
субъектілерінің заңмен қорғалатын материалдық, заттық, мүліктік, басқа да
игіліктері мен мүдделерінің жиынтығы болып табылады.
Осыған орай, қоғамдық қатынстар дегеніміз адамдардың белгілі бір
әлеуметтік қажеттілікке байланысты мінез-құлықтары, іс-әрекеттері мен
олардың өзара байланыстарының көріністерінің жиынтығы болып табылады.
Қоғамдық қатынастар бұл -- өте күрделі және әр түрлі, жан-жақты әлеуметтік,
өз бойына бірнеше элементтердің жиынтығын қамтитын құрылым болып табылады.
Оған жататындар қатынстардың субъектісі (адамдар, мемлекет, ұйым және т.б.)
материалдық заттар, игіліктер (заттар, құжаттар) қоғамдық қатынастың өзара
байланысты олардың іс-әрекеті жағдайы т.б. Бұл элементтер өзара тығыз
байланысты, осы элементтердің өзара бір тұтас белгілі қоғамдық
қатынастардың тұтастығын құрайды. Қылмыс жасаған адам осы қоғамдық
қатынастардың белгілі бір элементтеріне қол сұғады. Ол қол сұғушылық осы
қоғамдық қатынастардың қатынасушылардың біріне (заңды тұлға немесе жеке
тұлға) белгілі бір қауіп келтірілуі әсері арқылы көрінеді.
Қылмыстық қол сұғушылықтың объектісі болып табылатын қоғамдық
қатынастардың маңыздылық, дәрежесі де қылмыстық заңдарды рет-ретімен
орналастыру үшін аса қажет. Осы белгісіне қарай қылмыстық құқықтың Ерекше
бөлімінің тарауларының, сондай-ақ әрбір тараудағы баптардың бірінен кейін
екіншісінің орналасуы жүзеге асырылады. Қоғамдық қатынастардың маңыздылығы,
оған келтірілген зиян мөлшері қылмысты саралау үшін, сондай-ақ сол қылмыс
үшін жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу үшін де аса қажет.
Қоғамдық қатынастар қоғамның қоғамдық-экономикалық формацияларына
байланысты пайда болады, дамиды, жетіледі. Қоғамдық қатынастар қылмыс заңы
арқылы жасалмайды, қылмыстық заң қоғамдық мүддеге сай келетін қоғамдық
қатынастардың жетілуіне, дамуына, нығаюына тікелей әсер етеді. Қылмыстық
заң ең маңызды, құнды қоғамдық қатынастарды қорғауды өз міндетіне алады.

1.2Қылмыс объектілерінің түрлері:
Бұрыңғы Обақтың қылмыстық құқығында қылмыс объектісінің жүйесі жеке
қарастырылған деп саналатын. Атап айтқанда, объектілерді үш сатыға
топтастыру теориясы ұсынған, олар: жалпы, тектік немесе арнаулы және
“тікелей” деп аталатын.
Қылмыстың жалпы объектісіне оларды бұзғандық үшін қылмыстық жауаптылық
қарастырылған барлық қоғамдық қатынастар (жиынтығы) жататын, ал тектік
немесе арнаулы объектіге – біртектілік немесе белгілі бір салада ғана болуы
белгісі бойынша қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе тобы
жатқызылған.
Ал енд “тікелей” деп аталатын объектіге келсек, оларға “қоғамдық
қатынастардың” жалпы категориясын қолдану істің басын ашпады,
түсініспеушілік туындады. Нақтылай айтар болсақ, барлық қылмыстық құқық
оқулықтары мен курстарындағы (1926 жылдан 1995 жылға дейін) “кейбір
жекелеген қылмыстар соған қарсы бағытталған нақты қоғамдық қатынастарды” –
“тікелей ” объект деп түсіну қажет деген тұжырымдар (таптық тұжырымдар)
осыған мысалы. Мұндай анықтаманың формальды екенін байқау қиын емес. “Бір
немесе бірнеше қылмыстар тікелей немесе жанама соған қарсы бағытталған
заңмен қорғалатын нақты қоғамдық қатынастарды” қылмыстың “тікелей”
объектісі деп ұғыну қажет деген тұжырымдар да кездесті. Сонда “тікелей”
объект – нақты қоғамдық қатынас емес, қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып
шығады. Осындайда “тікелей” немесе арнаулы объекті мен “тікелей” объекті
арасындағы айырмашылық неде?” деген сұрақ өзінен өзі туындайды.
Жалпы, ерекше, жеке (жекелеген) деген диалектика категориясын
пайдалануда дұрыс методологиялық әдістеме болғандықтан әлі күнге дейін
ғылыми әдебиеттерде де, оқулықтарда да “тікелей” объекті ұғымына дәл
түсініктеме берілмей келеді. Мұның басты себебі, кейбір авторлар қылмыстың
“тікелей” объектісі ретінде жекелеген деген ұғымды көргісі келіп, бірақ
өздері жеке деген ұғымды пайдаланатындығында болса керек. Ал жеке –
жекелеген деген сөз емес. Жекелеген* (бірлі-жарым, жалғыз, жалғыз-жарым) –
жеке* ұғымының нақты көрінісі, ол нақты жағдайларды нақты түрде анықталады.

Бұл түсініспеушілік қоғамдық қатынастардың мүдде деп аталатын нақтырақ
атауын пайдаланғанда (қолданғанда) өз шешімін табады.
Мүдде – ол адам қоғамдық қатынас, бірақ оның нақтырақ көрініс табуы.
Субъектілер мен олардың мүдделерінің арасындағы қатынас болмаса қоғамдық
қатынас та болмайды. Қоғамдық қатынастар қоғамдағы адамдар арасындағы көп
қырлы байланыстың жиынтығын бейнелейді. Бұл байланыстар материалдық
(өндірістік), өнегелік, эстетикалық, құқықтық және басқа да таптық мүддені,
әлеуметтік топтардың не белгілі бір жеке адамдардың мүдделерін білдіретін
қатынастарда сипат алған. Нақты адам бұл жағдайда барлық осы қатынастардың
өзінше материалдық субстраты (ядросы, өзегі) болады; олардың өз қызметінде
жүзеге асырады, басқа адамдармен әр қилы байланысқа кіреді. Сондықтан да
қоғамдық қатынастар (мүдде) жайында ол мүдденің қоғамдық қатынастарға
қатысушыға қандай байланыста екендігі тұрғысында ғана сөз болуы мүмкін.
Мүдде тек оның өзін алып жүгірушісі – субъект қана емес, сонымен қатар оның
өз объектісі -- әлеуметтік құнды игілік те (материалдық немесе идеалдық)
болды; осыған байланысты мүдде субъектілері арасында қатынас орнайды.
Сонымен қатар, мүдделер, қоғамдық қатынастардың нақты көрінісі
болғандықтан, белгілі бір құқықтық формада – “қабықта” болуға тиіс. Онсыз
олар қылмыс объектісін құрай алмайды. Бұзылатын норманы немесе заңды олар
қорғайтын қоғамдық қатынастардан бөлек алып қарастыруға болмайды. Қылмыскер
объектіге қол сұға отырып заңда тыйым салынған нормаларды бұзады.
Мүддені бұлай түсіну қылмыстың жалпы және тектік объектілерін ғана
емес, “тікелей” деп аталатын объектіні де неғұрлым нақты ұғынуға мүмкіндік
береді.
Мысалы, барлық қылмыстар Қылмыстық кодекстің 2-бабында көрініс тапқан
қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамның, мемлекеттің, жеке адамның мүддесіне
қандай да болсын нұқсан келтіреді.
Объектілерді топтастырудың келесі сатысы бізді нақты субъектілердің
одан да нақтырақ мүдделеріне әкеп тірейді.
Бұл жағдайда мүдделердің белгілі бір топтары қылмыстың ерекше немесе
тектік объектілері болып танылуы мүмкін Бұл ереже Қылмыстық кодекстің
Ерекше бөлімінің “тектес”, қылмыстарды біріктіретін баптардың дербес
топтарына мақұлдануға тиіс; олар жайында ҚК-тің Ерекше бөлімінің
тарауларында тиісті нормалар қарастырылып, өзара біріктіріліп,
топтастырылған.
Мұндай топтар ерекше болып саналады, себебі қылмыстық құқық
нормаларымен қорғалатын қоғамдық қатынастардың негізінде жатқан мүдделер
біртекті болып табылады, олар сипаты немесе мазмұны жағынан бірімен-бірі
тығыз байланыста. Олардың тағы да ерекшелігі – олардың біртекті мүдделерді
қанағаттандыруға бағытталғандығында. Әлеуметтік маңызды, сондықтан да
қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделердің біртекті ерекшелігі әншейін бір
кездейсоқ емес қоғамда іс жүзінде бар нақты мүдделер мен белгілі бір
объективтік критерийлер негізінде анықталуға тиіс. Мүдделердің үйлесу
немесе ұқсастық сәті ғана емес, қоғамға құнды мүдделерге (игіліктерге)
қатысушы-субъектілердің тепе-теңдңгң немесе ұқсастығы да үлкен роь
атқарады. Қылмыстың мұндай тектік объектісінің рөлі Қылмыстық кодекстің
Ерекше бөлімінің жүйелерін құрғанда жақсы көрініс тапқан, онда белгілі бір
субъектілердің мүдделерінің белгілі бір тобын бұғандық үшін жауаптылық
көзделген барлық қылмыстық-құқықтық нормалар ретке келтіріліп жинақталған.
Қазақстан Республикасы КҚ-нің негізгі тараулары мынадай: жеке адамға
қарсы қылмыстар; отбасына және кәмелетке толмағандарға қарссы қылмыстар;
адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы
қылмыстар; бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар;
мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар;
меншікке қарсы қылмыстар; экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар;
коммерциялық және өзге де ұйыдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар;
қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар; халықтың
денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар; экологиялық қылмыстар;
көліктегі қылмыстар; мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар;
басқару тәртібіне қарсы қылмыстар; сот төрелігіне және жазалардың орындалу
тәртібіне қарсы қылмыстар; әскери қылмыстар.
Әрі қарай нақтыланса Қылмыстық кодексте қылмыстық нормалардың “кіші
топтары ” құрылуы мүмкін. Бұл процесті екі бағытта жүзеге асыруға болды:
мүдде субъектісі бойынша және сол қорғалатын мүдденің сипаты мен мазмұны
бойынша. Мысалы, жеке адамға қарсы қылмыстардың ішінен барлық адамдардың
өміріне, денсаулығына, ар-ожданына қарсы қылмыстар ғана емес, сонымен
қатар, адамдардың кейбір категорияларына – кәмелетке толмағандардың,
әйелдердің, ауру адамдардың және басқалардың тиісті мүдделеріне
(игіліктеріне) қарсы қылмыстар бөлініп алынуы мүмкін.
Мемлекеттің, ұжымның немесе жеке адамдардың мүдделеріне қарсы
бағытталған “лауазымдық” немесе “қызметтік” қылмыстардың ішіндегі заңмен
қорғалатын мүліктік, жеке және басқа мүдделер өзінің сипатына қарай әлі де
жіктелуі, сатылануы мүмкін.
Ал ”тікелей” объектіге қатысты айтылатын болсақ, бұл жағдайда ол нақты
әрекет (әрекетсіздік) нәтижесінде қандай, әсіресе кімнің мүддесі
бұзылғандығына қарай белгіленеді. Мысалы, адам өлтіргенде жалпы бір адам
қаза таппайды, басқалардан өзгешеленетін, белгілі бір нақты адам өмірімен
қоштасады. Ұрлағанда, мысалы, жалпы бөтеннің мүлкі ғана емес, түр-түсі,
кескін, өлшемі бар белгілі бір субъектінікі (мүдденің иесінікі) болып
табылатын нақты бұйым ұрланды.
Мысалы, А. мемлекеттік опасыздық жасап, мемлекеттік құпияны беру
арқылы сол зауоттың (фабриканың) немесе әскери бөлімнің мүддесіне тікелей
нұқсан келтіреді, ол жалпы алғанда ол – елдің қорғаныс мүддесіне зиянын
тигізеді; қамау орнынан қашқан адам, алдымен, сол қылмыстық-түзеу
мекемесінің мүддесіне, сонымен қатар мемлекеттің сот төрелігінің мүддесіне
залал келтіреді.
“Тікелей” объект тек белгілі бір қылмыстық құрамды анықтау үшін
ғана, алдын ала және сот тергеулерінде, әрбір жеке жағдайға байланысты
анықталады; қылмыс объектісін жалпы анықтау бұған жатпайды.
Басқаша айтқанда, қылмыстық-құқықтық нормаларда сипатталған қандай да
бір нақты объектінің өзіне тән белгілері жайында сөз болғанда “тікелей”
объект қолданылмайды.
Қылмыстық құқық теориясында негізгі, қосымша және “факультативтік”
деп аталатын объектілер бөлініп көрсетіледі.
Негізгі (тікелей) объект дегеніміз – соны қорғау үшін қылмыстық-
құқықтық нормалар (заң) қалыптасатын объекті.
Мұндай объект Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жүйесіндегі
норманың орнын анықтаудың басты критерийі болып табылады.
Қосымша объект дегеніміз негізгі объектіге қарсы жасалған қылмыстан
“жол-жөнекей” залал шегетін (немесе залал шегуімүмкін болатындай қауіпке
ұшырайтын) объект. Мысалы, тонаудағы негізгі объект – меншік, ал қосымша
объект – нақты адамдамның денсаулығы; көрінеу жалған сөз жеткізілгендегі
негізгі объект – мемлекеттің сот төрелігінің мүддесі, ал қосымша объект –
атынан сол сөз айтылған (сөз келген) адамның мүддесі.
Қылмыстың факультативтік объектісіне қандай да бір қылмысты жасағанда
белгілі бір зиян келуі мүмкін қатынас (мүдде) жатады. Мысалы, бұзақтылық
жасағанда, негізгі объект қоғамдық тәртіп болғанымен де жеке адамның
мүддесі бұзылады. Бірақта, бұзақылықтан мұндай объектінің мүддесі (мысалы,
нақты адамның мүддесі) бұзылмауы да мүмкін.

ІІ тарау Қылмыстық қол сұғушылықтың заты және қылмыстық қолсуғушылық
объектісіне қатысты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.
2.1Қылмыстың заты:

Қылмыс объектісінен қылмыс затын айыра қарастырған жөн.
Бұл тұрғыда қылмыскердің тиісті объектіге қылмыстық қастық жасау
үстінде тікелей әсер ететін сыртқы дүниенің материалдық заттары бой
көтереді.
Мысалы, мүлік ұрлау (айталық автомобильді) кезінде қылмыстың заты
болып тікелей автомобильдің өзі табылады да ал қылмыс объектісі болып ол
көлікті иелену құқығы саналады.
Қылмыстық құқық теориясында бұл мәселені шешудің екі жолы бар.
Біріншісі – қылмыс затын тек практикалық тұрғыдан тар мағынада қарастыру.
Мысалы, заң оқу орындарында арналған көптеген қазіргі оқулықтарда қылмыс
заты ретінде қандай да бір қылмыс жасағанда белгілі бір әсерге ұшырау
мүмкін сыртқы дүниенің материалдық заттары алғанда. Көптеген авторлық сытр
көзге көрінетін, қабығы өлшемі мен тұрқы бар, белгілі бір материалдық
кейіптегі заттар мен құндылықтарды ғана қылмыс затына жасқызады. Осыған
сүйеніп олар қылмыстық заңда өзінің әсер ететін заты жоқ қылмыстардың
көзделгендігін айтады.
Қылмыс заты – түсініп, қабылдауға және өлшеуге болатын материалдық
заттар, құндылықтар екендігі даусыз. Олар қылмыстың белгілерін, сипатын
және мұндай әрекетті жасау тәсілін анықтауда маңызды роль атқарады. Оның
жіктеп, топтастыру және саралау кезінде де маңызы бар. Кейбір жағдайларда
заттың белгісі жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар ретінде де қарастырылуы
мүмкін (мысалы, Қызыл кітапқа енгізілген балықтардың, жануарлардың бағалы
тұқымдарын аулау, ұрланған құжаттың аса маңыздылығы, т.б.) Қылмыстық жаза
шарасын белгілеу де көп жағдайда затқа – материалдық құндылыққа байланысты
болуы мүмкін (мысалы, бас пайдасы үшін жасалған қылмыстағы залалдың
мөлшері).
Осы сияқты қылмыс жасалғанда затқа қандай да бір залал келуі мүмкін
(мысалы, бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру), ал бірқатар жағдайларда ондай
залал келмеуі де мүмкін (мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлаған адам сол заттардың
бүлінбеуіне барлық шара қолданады).
Мұндай затты қылмыскердің объектіге оның ішіндегі заттың өзіне белгілі
бір ықпал жасауына мүмкіндік беретін қылмыс құралынан ажырата білу қажет
(мысалы, бөтеннің мүлкін бүлдірудегі балта, мал ұрлаудағы автомобиль).
Сонымен қатар бір заттың өзі әрі қылмыс жасау құралы әрі қылмыс заты болып
та, әртүрлі роль атқаруы мүмкін, мысалы – аталатын қаруды ұрлау кезіндегі
қару және адам өлтіру үшін қажетті қару.
Дегенмен де, қылмыс заты мәселесін шешудің екінші жолы – қылмыс затын
кең түсінікте қабылдау алдыңғыға қарағанда оңды әдіс. Бұның мәні кез-келген
қоғамдық қатынастың, жалпы алғанда, заңды және жеке тұлғалардың белгілі бір
құндылыққа қатысты ара қатынасын көрсететіндігінде. Бұл, белгілі бір әрекет
түрінде болуы мүмкін (мысалы, кәмелетке толмағанды маскүнемдікке азғыру
немесе есірткі тұтынуға көндіру). Қылмыс объектісінің құрылымдық
элементтері қоғамдық қатынастардың субъектілері де болуы мүмкін (мысалы,
өзіне жарақат салу арқылы әскери қызметтен жалтарту).
Қатынас жайын әр қырынан сөз етуге болады. Мысалы, К.Маркс былай деп
жазады: ақша формасы бір тарауда сіресіп қатып қалған, сол тауарға деген
басқа тауарлардың қатынасының шағылыс сәулесі. Ақшаның тауар екендігі оны
тек дайын формасында қыбылдайтындарға ғана жаңалық болып көрінетіндігі
болмаса ешбір дау тудырмайды. Ақшаға қатысты қоғамдық қатынастардың бәрінде
де мүлікке қатысты барлық белгілер бар.
Адамдардың өзара қарым-қатынасындағы заттар мен нәрселердің атқаратын
рөлі жөнінде Ф. Энгельс былай дейді: “саяси экономика заттарды емес,
адамдар арысындағы, айта келгенде таптардың арасындағы қатынастарды
қарастырады, ал бұл қатынастар әрқашанда заттармен байланысты және әркез
заттар түрінде көрініс табады”.
Әйтсе де мүліктің затпен арақатынасы, кейбір ерекшеліктермен –
сапасымен, мүліктік қасиетімен, салыстырмалығымен т.б. сипатталды. Мүлік
қасиет және қатынас категориялары бірімен-бірі тығыз байланысты және олар
біріне-бірі ауыса алады.
Сондықтан да “затсыз” (яғни, заты жоқ) деп аталатын қылмыстар қоғамда
болмайды. Барлық қылмыстардың өз заты бар. Бірақ ол белгілі бір құралдардың
көмегімен заттанған, материалданған және материалданбаған, қиын бағаланатын
не тіптен бағаланбайтын бола алады.
Қылмыс құрамдары бір жағдайларда қол сұғу заты қарастырылып, басқа
жағдайларда қарастырылмайтындығына емес, бір құрамдарда мұндай заттар
міндетті белгі ретінде енгізіліп, басқа құрамдарда олар жай ғана
ескерілетіндігіне қарай өзара бір бірінен бөлінеді. Сондықтан да, мысалы,
адамды қорлау немесе жала жабу сияқты қылмыстарды затсыз деп санауға
болмайды. Бір жерде де қылмыс заты бар; мұның құрамды нақтаудағы, әрекетті
саралаудағы және жаза белгілеудегі маңызы бөтеннің мүлкін ұрлағандағы
материалдық заттан кем емес. А.А.Пионткровский “қылмыс объектісіне
қарағанда қылмыс құрамының элементі болып табылатын зат жайында тек оған
объектімен салыстырғанда қол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне қарсы қылмыстар
ҚЫЛМЫС ОБЬЕКТІЛЕРІН АНЫҚТАУДАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
Қылмыс объектілерінің түрлері бойынша квалификациялау
Экологиялық қылмыстар
Қылмыс құрамы саралаудың заңдық негізі
Қылмыс обьектісі және қылмыстың объективтік жағы
Қылмыс құрамы және түсінігі
Қылмыстың құрамы және оның маңызы
Қылмыстың обьектісі және оның қылмыстық құқықтық маңызы
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Пәндер