Оқытудың негізгі әдіс - тәсілдері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Білім берудің жаңартылған мазмұны негізінде биологияны оқыту
технологиялары пәнінен лекциялар жинағы
ТАРАЗ 20__
Лекция 1-2.
Тақырыбы:Білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары.
Сабақтың мақсаты: Білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттарын білу.
Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің
сатысында тұр. Білім беру мазмұнын жаңарту-сапалы білім, жарқын болашаққа
негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік
үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-
2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Сапалы орта білім
беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, тез өзгеріп жатқан әлемнің
жағдайында зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты
азаматты қалыптастыру деп атап көрсеткендей бүгінгі таңда білім беру
парадигмасы білікті адамға бағытталған білімнен мәдениет адамына
бағытталған білімге көшуді талап етеді. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру —
оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен
тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Елбасы Н.Ә Назарбаев жылдар бойы білім және ғылым саласына ұдайы көңіл
бөліп келеді.Биылғы Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге
қабілеттілік атты Қазақстан халқына Жолдауында да бұл мәселе назардан тыс
қалған жоқ. Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің
міндетіміз — білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық
буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын оқушылардың сыни ойлау қабілетін
және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет,-деген жолдар —
соның дәлелі.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір
мүдде, бір болашақ Жолдауында (17 қаңтар, 2014 жыл) белгіленген орта
білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік
мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек; мектеп түлектері қазақ, орыс
және ағылшын тілдерін білуге тиіс, оларды оқыту нәтижесі сындарлы ойлау,
өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс деген
болатын.
Білім мазмұнын жаңарту не үшін қажет?
Елімізде білім беру саясаты мен тәжірибеге ықпал ететін келесі маңызды
салаларда айтарлықтай өзгерістер орын алды:
-экономика;
-адамдардың өзін өзі басқаруы;
-қарым-қатынас көлемі және жылдамдығы;
-еңбек нарығының құрылымы;
-шекарамыздың ашықтығы;
-еліміздің азаматтарына ашылған мүмкіндіктер кеңістігі;
-оқыту мен үйретудің анағұрлым нәтижелі тәсілдерінің анықталуы.
Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуге қажетті факторларды айтатын
болсақ, ол:
-әлем стандартына сай білім беру;
-бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу;
-табысты өмір сүру дағдаларын қалыптастыру;
-әлем азаматын тәрбиелеу;
-тәжірибелік дағдыларды дамыту;
-функционалдық сауаттылықты арттыру;
-мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы мақсаты мен міндеттерін айқындады.
Айта кететін болсақ, бағдарламаның мақсаты:
-бастауыш, орта, негізгі сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасын
жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің
педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:
• Бастауыш, орта, негізгі сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру
бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу
ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;
• бастауыш, орта, негізгі сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру
бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және
қолдана білуін қамтамасыз ету;

бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды
бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;
• мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш,
орта, негізгі сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру
бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.
Білім берудің тиісті деңгейлері Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш,
орта, негізгі білім беру стандарты деген не?
-бастауыш, орта, негізгі білім берудің жалпы білім беретін бағдараламаларын
жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы білім беру үдерісін ұйымдастыруға
арналған негізгі құжат болып табылады, себебі:
-оқушылардың дайындық деңгейіне, бастауыш, орта, негізгі білім беру
мазмұнына, оқушылардың ең жоғары жүктемесіне қойылатын талаптарды
айқындайды, мөлшерлейді:
-мектеп қызметкерлерінің іс-әрекетін, оқушылар, ата-аналар, қоғамдық
өкілдері, барлық білім беру деңгейінің басқарушыларының іс-әркетін, білім
беру үдерісінің барлық субъектілерінің даму үдерісін реттейді.
Қазіргі жаһандану заманында ХХΙ ғасырдың азаматтарының бойында қандай
білік, дағды қалыптасу керек? сұрағы негізгі мәселеге айналып отыр. Ал оны
қалыптастыратын бірден-бір жауапты адам — бастауыш, орта, негізгі сынып
мұғалімі. Бастауыш, орта, негізгі сынып мұғалімдерінің көтерер жүгі жеңіл
емес. Өйткені мектепке келген жас бүлдіршіннің бойында ең алғаш білік,
дағдаларды қалыптастырушы осы бастауыш сынып мұғалімдері. Бұл кезекте
жаңартылған білім мазмұнының бағдарламасының ерекшеліктерін жете түсініп,
меңгерген бастауыш сынып мұғалімі болашаққа бағдарланған оқушыны
қалыптастырады.
Жаңартылған білім бағдарламасының ең бірінші ерекшелігі пән мазмұнының
сперальды берілуі. Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру
бағдарламасы Джером Брунердің Білім беру үдерісі (1960) атты еңбегінде
қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Брунердің жұмысына негізделген
спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:
• оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет
қайталап оқиды, мұнда тақырыптар әртүрлі деңгейде қайталанады, кейде
бір тоқсан аясында, кейде әр тоқсан сайын;
• әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта
түседі, мұнда тақырыптар әрбір келесі деңгейде алдыңғыға қарағағанда
анағұрлым күрделі әрі тереңдетіліп оқылуы тиіс;
• жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған
ақпарат тұрғысынан қарастырылады, мұнда деңгей жоғарылаған сайын,
тақырыптың күрделілігі артып отыруы керек.
Екінші ерекшелігі Блум таксономиясының оқу мақсаттарының ирархиясы.
Оқу үдерісінде білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау сатыларында
оқушылар іс-әрекет етеді.
Блум таксономиясы арқылы сұрақ қоя білу шарттары
Бұл жақсы ма және неліктен?
Бұл қисынды ма және неліктен?
Жорамалдау, бағалау, таңдау, анықтау, санау, өлшеу, айыптау
Үшінші ерекшелігі ортақ тақырыптардың меңгерілуі.
Төртінші ерекшелігі оқу мазмұнының ұзақ мерзімді, орта мерзімді,
қысқа мерзімді жоспарларының құрылып, құрылған жоспарлардың жүйелі іске
асуы.
· Оқу бағдарламасы
· Пәннің мазмұны
Орта мерзімді жоспарлау
· Жұмыс сызбасы
· Тізбектелген сабақтар
Қысқа мерзімді жоспарлау
· Жеке, дербес сабақ
Бесінші ерекшелігі оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушы бойында
адамгершілік-рухани қасиеттерді қалыптастыру керек. Оқушылардың бойында
қалыптастыруды қажет ететін рухани құндылықтар мен дағдылар:
Алтыншы ерекшелігі білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша
сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша
педагогикалық мақсат қою болып табылады.Білім беру салалары мен пәндеріне
тоқталатын болсақ, ол 6 саладан тұрады. Олар бір бірімен сабақтасып
байланыста болады.
Бастауыш, орта, негізгі сыныпта оқушының сын тұрғысынан ойлау
дағдысын дамыту негізгі мәселенің бірі. Сын тұрғысынан ойлау қабілеті
дамыған баланың бойында пәнді терең түсіну дағдысы қалыптасады. Сын
тұрғысынан ойлау стратегиясына байланысты оқушының бойында қалыптасатын
дағдылары:
• Өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу;
• Ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу;
• Проблеманы шеше білу;
• Пікірталасты жүргізе білуге қабілетті.
Сын тұрғысынан ойлау қабілеті дамыған бала өмірден өз орнын таба біледі.
Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығының нәтижесі:
• Белсенді практикалық іс-әрекетте болуы;
• Басқалармен қарым-қатынас жасай білу, қорғай білу;
• Қажет болса өз көзқарасын өзгерту;
• Топтық тұжырымдарға келе білу;
• Топ алдында өз тұжырымын айта білу.
Білім алушының әлеуметтік үдерісіне пайдалана алатын негізгі
құзыреттіліктер:
Басқарушылық
(проблеманы шешу қабілеті)
Сегізінші ерекшелігі оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұсыным (оқушының білім
алу үдерісіне белсенді қатысуы). Белсенді оқу — оқушының мұғалімді енжар
тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу
әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың
алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін
түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын бұндай тәсілдерге топтық жұмыс (Brodie,
2000), ойын баламалары (Bergen, 2002) және пән бойынша белгілі
тақырыптағы ойындар кіреді (Peters, 1998). Бастауыш, орта, негізгі
сыныптарда ойын шынайы өмірдің белгілі бір аспектілерін модельдеу және
зерттеу үшін ұсынылған мүмкіндік болып табылады. Домино және карта сияқты
дәстүрлі ойындар биология сабақтарындағы кездейсоқтық пен ықтималдық
мәселесін қарастыруда оңтайлы болмақ. Шарада, тақтада сөздерді біріктіру
немесе сөздерді жіктеу сияқты ойындар – тіл үйренуді қамтамасыз етудің және
оны көрсетудің бірден-бір қызықты әрі тартымды тәсілдерінің бірі. Көптеген
стратегиялық ойындарды (мысалы, Алға (Go) деп аталатын ежелгі қытай
ойыны) тұрғындар мен қоғамның өсуін модельдеу үшін пайдалануға
болады.Жаңартылған білім мазмұны мен дәтүрлі білімді салыстыратын болсақ,
ерекшеліктерді терең байқауға болады.
Жаңартылған білім үлгісі
Оқыту мақсаты
Оқыту бағдарламасында белгіленген білім көлемін меңгертуге бағытталған
оқыту нәтижесі
Оқушының оқу қызметін оның танымдық қызметі негізінде ұйымдастыру, білім
алуға үйрету
Мұғалімнің рөлі
Басқарушы, жетекші, оқыту үдерісінің субъектісі, білім көзі
Оқыту үдерісін, оқушының танымдық қызметін ұйымдастырушы, кеңесші, менеджер
Оқушының рөлі
Дайын білімді селсоқ қабылдаушы, оқыту үдерісінің объектісі
Белсенді, білім іздеуші, оқыту үдеріснің субъектісі
Білімді ұсыну формалары
Дайын күйінде, үлгі бойынша,
Сөздік әдістер мен мәтіндік формалар арқылы
Аудио, визуалдық, графикалық көрнекіліктер мен интерактивті әдістер арқылы
Білімді қолдану
Білімді бақылауға дайындық мақсатында титік тапсырмалар мен жаттығуларды
қолдану
Алынған білімді нақты жағдайда қолдану
Оқушы қызметінің формасы
Фронтальды және жеке
Оқушының өз бетінше жұмысы, топтық, жұптық, ұжымдық формалары
Оқытудың негізгі әдіс-тәсілдері
Сөздік әдістер
Мұғалім мен оқушының, оқушылардың бір-бірімен өзара әрекеттесуіне
негізделген интерактивті тәсілдер
Аталған бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын
қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде
қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі Өмірмен
байланыс ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді.
Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу
үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек.
Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз
сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер
ғана жұмыс істей алады.
Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары мыналар:
• білім беру мазмұнын қоғамның қазіргі әлеуметтік-экономикалық
сұранысына сәйкестендіру;
• білім беру мазмұнын ізгілендіруді, оның вариативтілігін қамтамасыз
ету;
– өз бетімен білім алуға, оны практикада қолдана білуге және қажетгілікке
тәрбиелеуге бағытталған, негізгі құзырлылық қалыптастыруға ықпал ететін
білім беру мазмұнымен қамтамасыз ету;
• танымдық уәждемелерін калыптастыруға бағытталған білім беру мазмұнын
іріктеу,
• білім беру мазмұнын оқушының ғылыми тәсілмен тануына, өз бетімен
ізденуіне мақсатты және жүйелі тартуға бағдарлау;
• білім мазмұнын ұлттық мәдениетті құрметтеуге, өзге мәдени бастамаларға
ашық болуға тәрбиелеуге бағдарлау.
Отандық және халықаралық мектептердің орта білім беру мазмұнын
ұйымдастырудағы тәжрибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасының білім
беру мазмұны құрамына 8 білім саласы енгізілді: Тіл және әдебиет,
Математика, Жаратылыстану, Қоғамтану, Технология, Өнер, Дене
шынықтыру, Адамтану.
Білім беру саласының мазмұны Мемлекеттік базистік оқу жоспарларында
қарастырылған пәндер арқылы іске асырылады.
Білім мазмұнына инварианттық компонент (өзінің мазмұны мен жүйесі
бойынша мемлекеттік базалық білім беру стандарттарының талаптарына жауап
беретін оқу бағдарламасының жалпы міндетті бөлігі) және вариативтік
компонент (оқушылар мектеп ұсынған арнаулы курстардан өздерінің қалауы және
таңдауы бойынша игерілетін оқу жоспарының вариативті бөлігі. Мұңда оқушының
өзіндік зерттеулік дағдыларын қалыптастыруға арналағн Зерттеу мәдениетінің
негіздері атты арнаулы курсы беріледі), жоғары сатыға (11-12) сыныптар
бейіндік компонент (таңдауы бойынша тереңдетіліп оқытылатын, өзінің мазмұны
мен жүйесі бойынша бейінді білім стандарттарына жауап беретін оқу
пәндерінің, модульдердің, курстардың жиынтығы) қосылады.
Лекция 3-4.
Тақырыбы:Тиімді оқыту және оқу тәсілдері.
Сабақтың мақсаты: Тиімді оқыту және оқу тәсілдерін меңгеру.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша тиімді оқыту және оқу
тәсілдері Мемлекет болашағының кепілі- жастарға білім мен тәрбие беру
мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұлы
ұстазы Ахмет Байтұрсынов: Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау
керек, -деген.
Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты-
білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл тұрғыда Елбасы
Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына
қосылуы туралы міндет қойғаны мәлім. Білім беру жүйесін жетілдіру осы
мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Болашақта өркениетті, дамыған
елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Елбасымыз Н.Ә.
Назарбаевтың Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
атты Жолдауында еліміз дамуының барлық Стратегиялық бағыттарын жүзеге
асыратын міндеттер қойылды. Республика болашағына бағдар беретін бұл
жолдауда XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және
денсаулығы мықты азаматтар- деген. Қазіргі таңда мұғалімдердің
педагогикалық тәжірбиесін арттыру мен жетілдіру барысында Жаңартылған
білім беру бағдарламасы бойынша тиімді оқыту және оқу тәсілдері
бағдарламасына біртіндеп көшіп, білім саласына жаңалық енгізілуде. Аталмыш
бағдарламада орта білім беру жүйесін әлемдік жоғары деңгейге жеткізетін
әдіс-тәсілдер берілген. Бағдарламадан мұғалімге арналған нұсқаулық
кітабынан көптеген ғалымдардың еңбегін қарастыра отырып, олардың қажетті
тұстарына тоқталып кететін болсақ, сабақ барысында ынтымақтастық
атмосферасын қалыптастыру құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда
маңызды рөл атқарады, оқушылар өздерінің бірлескен жұмыс істеу барысында өз
білімін топтағы балалармен бөлісуге дайын болады. Заман талабына сай білім
саласында оқыту мен оқу тәжірибелерінде үлкен өзгерістер болуда. Атап
айтатын болсақ, кез келген мұғалім ең алдымен дәстүрлі түрінде өткізу
стилінен арылып, оқытудағы жаңаша әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып ,
жұмыс жасауға дағдылануы қажет. Бұл бағдарламамен жұмыс жасауға кез-келген
мұғалім міндетті болып саналады. Себебі, келешек ұрпағымызды өзіндік
дәлелдерін жеткізе білетін, ынталы, сенімді, белсенді, сыни тұрғыдан ойлау
қабілеттері жоғары, өз көзқарастарын айта алатын тұлға етіп қалыптастыру
міндеттелген.
Жаңа технологиялардың арқасында оқушылардың белсенділігі артып, жан-
жақты көріне білді. Сыни тұрғыдан ойлай алатын оқушылар белсенді болады,
олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде
стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне
сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл
идеялар мен келешекке ашық болады. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі
күн талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болатынына көзім
жетті. Ол үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болу керек.
Оқушылардың сапалы білім алуы мұғалімдердің білімділік және кәсіби
шеберлігін қажет етеді. Үлгілі ұстаз ғана қабілетті, жан – жақты шәкірт
тәрбиелей алады деген пайымға тоқтадым. Тиімді оқыту бағдарламасы бойынша
сабақ жоспарлау мұғалімнің өз сабағының жоспарын мақсатты құруына, кәсіби
шеберлігін одан әрі жетілдіруіне септігін тигізеді. Бұл бағдарлама
оқушылардың бірігіп оқу қабілеттілігіне ықпал ететін бірнеше
компоненттерден тұрады. Әр пәннің өзінің жеке сөйлеу стилі бар, оны нақты
пәннің академиялық тілі деп атауға болады. Академиялық тіл пән мазмұнын
меңгеру, ойлау және осы пәнде қолданылатын ұғымдармен жұмыс істеу қабілетін
жақсартуға арналған басты құрал болып табылады. Академиялық тілді дамыту
тұрақты назар аударуды талап етеді. Оқушылардың академиялық тіл мен пән
мазмұнын толық игеруі үшін білім алу үдерісінде үнемі қолдау көрсетілуі
қажет. Компоненттер оқытушының қолдауы мен оқыту үшін жауапкершіліктен
басталады, оқытушының қолдауы оқушылар өздеріне оқу үшін көбірек
жауапкершілік сезінгеннен бастап біртіндеп күрделіден жеңілге қарай өтеді.
Тиімді оқыту бағдарламасының бірнеше компоненттері бар. Олар мыналар: сабақ
мақсатын белгілеу, модельдеу (үлгілеу), оқытуды басқару, бірлескен жұмыс
(топтық жұмыс) және өз бетімен орындалатын жұмыс. Сыныпта сабақ барысында
көп өзгерістерді байқауға болады. Оқушылар өз ойларын Блум таксономиясы
негізінде құрылған сұрақтарға толық жауап бере отырып, жаңа сабақты өз
беттерімен тез меңгере алады. Сабақтағы үнсіз оқушылар сөйлеп, сабаққа
қатысып отыратынын да байқауға болады. Жалпы, Тиімді оқыту мен оқу
бағдарламасы бойынша өткізілген сабақтарда оқушылардың сабақты қалай оқу
керектігін үйренуді меңгере отырып дағдыланды. Яғни метатанымдары пайда
болады. Өздері ой қорытып, нәтижеге жетуге ұмтылады. Топтық жұмыс арқылы
оқушы мен оқушы арасында, жұптық жұмысты пайдалану арқылы мақсатқа қол
жеткізе алады.
Тілдік мақсаттардың бірқатарын пән мазмұнына сай оқу мақсаты ретінде
қарастыруға болғанымен, мазмұн мен тілдің бөлінуі оқушылардың мазмұнға да,
тілге де баса назар аударуына көмектеседі. Репартёр әдісі Джигсо әдісі
Insert әдісі Эйлер шеңбері әдісі Ойлан- жұптас-бөліс әдісі
Сонымен қатар, Жаратылыстану пәндерін оқытуда мұғалімдер
төмендегідей педагогикалық тәсілдерді қолданады: Саралап оқыту
Құндылықтарға бағдарланған Тұлғаға бағдарланған әдістер.
Әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсіну (Vygotsky, 1978; Wood,
1998) осы Бағдарламада айтылған Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер негізінде
жатыр. Балалар өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланыстың
негізінде өз түсініктерін құратын белсенді білім алушылар болып табылады.
Диалог негізінде оқыту және оқу (Mercer, 1995; Alexander, 2008), метасана
немесе Қалай оқу керектігін үйрену (Flavell, 1976; Vygotsky, 1978) деген
атаулармен танымал педагогикалық тәсілдер әлеуметтік-сындарлылық
идеяларының қазіргі заманғы маңызды түсіндірмелері ретінде қолданылады.
Жеті модульдің барлығында қарастырылатын идеяларды оқыту мен оқудың жаңа
тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, біз жаңа әдістер ретінде
Диалог арқылы оқыту мен Қалай оқу керектігін үйренуді ғана
қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік-сындарлылық көзқарасымен тығыз
байланысты.
Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және
мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін
жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін көрсетеді. Қалай оқу
керектігін үйрену немесе метасана оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра
алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай
көмектесуге болатынын көрсетеді. 10 Сын тұрғысынан ойлауға үйрету Сын
тұрғысынан ойлау Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады:
оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сын тұрғысынан
ойлауын дамыту. Бағдарлама өзара байланысты бұл үдерістердің екеуін де
дамытуды көздейді. Оқушыларға қатысты сын тұрғысынан ойлау ақпарат пен
идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен
салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына
қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті
ретінде түсіндіріледі. Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауы өзінің жұмыс
тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сын
тұрғысынан бағалауды қамтиды. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау Оқудың
тиімді бағасын және оқыту үшін тиімді бағаны түсіну оқыту мен оқудағы
барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Балалар өздерінің түсініктерін
құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де,
оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу қажет, өйткені ол оқуда алға
қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін керек. Соңғы зерттеу жұмыстары
біздің ұғымымызда қалыптастырушы бағалау үдерісінің едәуір дамуына және оны
оқыту мен оқуды қолдау үшін пайдалану мүмкіндігіне ықпал етті. Аталған
Бағдарлама осы еңбектерде айтылған идеяларды, сондай-ақ осы идея негізінде
құрылған оқыту мен оқудың стратегияларын қарастырады. Мұғалімдер мен
балалар үшін олардың қай мақсаттарға жеткісі келетінін білу маңызды, ал ол
мақсатқа жету өлшемдерін түсінуді талап етеді. Сондықтан Бағдарлама сыни
бағалау тәсілдерін де қарастырады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес
оқыту және оқу Бұл модуль талантты және дарынды балаларды оқыту тақырыбымен
тығыз байланысты, себебі екі модуль де оқушылардың қажеттіліктерін
қанағаттандыруға бағытталған сараланған оқытуға қатысты болып отыр. Алайда
бұл модуль балалар дамуының оқудың қолжетімділігі дәрежесін анықтайтын
кезеңдеріне қатысты және де Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулімен
өзара байланысты. Мәселен, түрлі жастағы балаларда байқалатын метасана
деңгейі, балалардың жас шамасына бейімделген сындарлы диалогті ынталандыру
стратегиясы, әр жастағы балалар мүмкіндігіне сай беріледі. Сондай-ақ,
аталған модульдің өзге модульдермен, мысалы, Оқу үшін бағалау және оқуды
бағалау модулімен байланысы бар, атап айтқанда әртүрлі жаста өзін-өзі
бағалау үшін жауапкершілікті зерделеу тұрғысынан. Сонымен қатар
Қазақстанның жекелеген ауылдық өңірлерінде кездесетін жас шамасы әртүрлі
сыныптарда тиімді оқыту және оқу стратегияларын іске асыру жолдары да
қарастырылатын болады. Талантты және дарынды балаларды оқыту Қазақстанның
көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында
дамыту өте маңызды. Қазіргі уақытта білім беру саласында жоғары
жетістіктерді анықтайтын және ынталандыратын бірқатар өңірлік, ұлттық,
халықаралық сайыстар мен бағдарламалар жүргізіледі. Алайда мұндай сайыстық
құрылымдар талант пен қабілетті өрістетудің, барлық балалар әлеуетін
дамытудың жалғыз тәсілі болып табылмайтыны туралы пікірлер баршылық. Осы
Бағдарламаның аясында талантты және дарынды балаларды оқытуды дамыту үшін
анағұрлым инклюзивті тәсіл пайдаланылатын болады. 11 Талантты және дарынды
оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай
балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жатыр. Аталған тақырып
оқушылардың қажеттіліктерін түсінуге қатысты ой-пікірлерді, барлық
оқушыларды кеңінен оқытуға ықпал ететін оқу бағдарламаларын кеңейту және
барлық оқушылардың осындай қажеттіліктерін қанағаттандыратын оқыту мен
оқудың сараланған стратегияларын таңдау жөніндегі идеяларды қамтиды.
Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану Бағдарлама аяқталғанда мұғалімдер
сандық технологияларды және АКТ-ны сабақ беруде тиімді пайдалануды білетін
болады. Осылайша, олар жұмыс, демалыс және қарым-қатынас үшін АКТ-ны
сенімді және сын тұрғысынан пайдаланушыларға айналады. Осындай дағдылар
негізінде АКТ туралы білім жатыр, яғни: оларды ақпаратты алу, бағалау,
сақтау, өндіру, ұсыну, алмасу үшін қолдану және ол ақпаратты Интернет
желісінде бірлескен жұмысқа қатысу үшін жібере білу.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану (бұдан әрі –
АКТ). АКТ қолдану оқу бағдарламасын жүзеге асырудың, кең ауқымды дағдыларды
қалыптастыру мен дамытудың, оқу үдерісін дараландырудың қажетті шарты болып
табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі
оқушылардың оқу үдерісінде, бос уақытында және қарым-қатынас барысында
ақпараттық- коммуникациялық технологияларды сауатты және шығармашылықпен
қолдана білуін қамтамасыз етеді. Инновациялық оқыту нәтижелері оқушының өз
бетінше әрекет етуі арқылы білімді меңгеруіне ықпал етуі тиіс. Оқушының ой-
өрісін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық белсенлілігін
арттыруда, зерттеушілігі арқылы шығармашылық икемділігін дамытуда,
біліктілікке ұмтылуда, яғни тұлғаны жан-жақты дамытуды жүзеге асыруда оқу
үдерісіне инновациялық технолгияларды енгізу шешуші рөл атқарады, оң нәтиже
береді. Қорыта айтатын болсақ, осы жоғарыда айтылғандардың негізінде
сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу - оқушының өзін -
өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып, өз сұрағына өзі жауап
іздеп жан – жақты білім алуына көмектеседі. Әр уақытта бала білімін алға
қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып,
шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді
танытады. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан
қолда бар амалдарды тиімді пайдалана білу сіз бен біздің үлесімізде.
Лекция 5-6.
Тақырыбы:Оқу үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер
Сабақтың мақсаты: Оқу үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-
тәсілдерді үйрену.
Еліміздің ертеңі, көк туымызды биікке желбіретіп, тәуелсіздігімізді
шарықтата, егемендігіміздің еңсесін биік ұстай отырып, ұлтымызды болашаққа
бастар - келешек ұрпақ.Бүгінде қоғам мен заман дамуда. Соған байланысты
осы таңдағы қоғам алдындағы басты мәселе болып отырған – жас ұрпақтың
саналы тәрбие мен сапалы білім алуы. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев: Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырды адамзат дамуы
көшінен қалмай ілгерілеу күші - деген еді. Білім саласының дамуы көшінен
қалмай, ілгерілеу - басты мақсатымыз. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың
қолында, жас ұрпақты болашақ өмірге сеніммен аттандыру - ұстаздың қолында.
Ұстаз осы жолда аянбай еңбек етіп, тынбай ізденуі, оқытуға қажетті жаңа,
тиімді әдіс-тәсілдерді іріктеп, сұрыптап алуы шарт. Біздің елімізде білім
беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және
қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған.
• Білім беру мақсаты келесі негізгі кең ауқымды дағдыларға сүйенеді:
• Білімдерді функционалдық және шығармашылық қолдану;
• Сыни ойлау;
• Зерттеу жұмыстарын жүргізу;
• Ақпараттық-коммуникативтік дағдыларды пайдалану;
• Әртүрлі коммуникация тәсілдерін пайдалану;
• Топта және жеке жұмыс істеу ептілігі;
• Проблемаларды шешу және шешімдеп қабылдауға ие оқушы тұлғасының
үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін
құру.Білім берудің кешенді міндеттерін және мұғалімнің әртүрлі жағдайларда
жұмыс істейтіндігін ескерсек,тиімділік деген сөзге аса қатты мән беріледі.
Оқытудың тиімділігі білім алуы бойындағы құзыреттіліктердің қалыптасуынан
көрінеді.Білім берудің әлемдік озық тәжірибелеріне сүйеніп әзірленген
оқытуда мектеп түлегінен күтілетін нәтиже негізгі құзыреттіліктердің
қалыптасуымен айқындалады. Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-
жақты игеруінен көрінетін білім тәжірибесі. Қазіргі мемлекеттік жалпыға
міндетті жалпы орта білім беру стандартының мазмұны әр оқушының жеке
ерекшелігіне қарай білім нәтижесі түріндегі құзыреттер жиынтығын игеруге
бағдарланып белгіленген. Құзыреттілік деп өзін заман талабына сай оқушы да,
мұғалім де өзін-өзі өзгерте алу қабілеттілігі деуге болады. Бұл
өзгерістерді күнделікті оқу үрдісіндегі берілетін тапсырмалар мен
педагогикалық әдіс-тәсілдерден бастау керек. Педагогикалық әдіс-тәсілдер
былайша топтастырылады:
• Құндылықты-бағдарланған;
• Әрекетті;
• Тұлғалық-бағдарланған;
• Кіріктірмелі;
• Коммуникативті әдіс-тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламаларының құрылымы
мен мазмұнын құрудағы негізгі бағдарлар болып табылады.
Оқушылар барлық пәндерді оқу кезінде АКТ қолдану дағдыларын дамытады.
Ақпаратты іздеу және өңдеу барысында ұжымда идеялармен алмасады, өз
жұмыстарын бағалайды және жетілдіреді, түрлі жабдықтар мен қосымшалардың
кең ауқымын пайдаланады. АКТ оқушы білімінің, оларды тиімді қолдану бойынша
дағдыларының дамуына жәрдемдеседі.Оқу бағдарламаларында оқу мақсаттарының
жүйесі түрінде берілген күтілетін нәтижелер тұжырымдалған. Күнделікті білім
беру үдерісі оқу мақсаттарына жетуге және оқушыларға алынған білім мен
дағдыларды кез келген оқу және өмір жағдайында шығармашылық пайдалануға
дайындығын қалыптастыруға бағдарланған.Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану
барысында күтілетін нәтижелер: оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп,
оқушының өздігінен оқып түйінді мәселелерді іріктеп алуы, өзіне деген
сенімділігінің қалыптасуы, еркін, өзіндік дәлел-уәждерін жеткізе білуі,
оқуға деген қызығушылығының артуы, ынталы, сұрақ қойып, сұрақтарға жауап
бере алуы, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда
құзырлылық танытатын, ақпаратты қабылдап қолдануға, саралап, даралауға,
жүйелеуге дағдылануы қамтамасыз ету.
Оқыту әдіс тәсілдері:
Құндылықты-бағдарланған тәсіл–оқушының құндылықтар жүйесін
қалыптастырушы оқу-тәрбиелік үдерістің сәйкесінше формалары арқылы тұлғаның
өзін-өзі танытуы үшін алғышарттар құруды көздейді.
Орта білім беру құндылықтары: қазақстандық отансүйгіштік және
азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық,
ашықтық, өмір бойы білім алу.
Тұлғалық-бағдарланған тәсіл – педагогтің назарын оқушы тұлғасының
тұтастығына, оның тек ақыл-ойы, азаматтық жауапкершілік сезімінің ғана
емес, сондай-ақ эмоционалдық, эстетикалық, шығармашылық нышандары мен даму
мүмкіндіктерімен қоса рухани дамуы туралы қамқорлыққа шоғырландыруды
көздейді.
Жүйелік-әрекетті тәсіл – оқу-тәрбие үдерісінде оқушының өз бетінше
білі алуына бағытталып, осы мақсатта мұғалімнің тиімді іс-әрекеттің түрлі
формаларын қолдануын көздейді.
Коммуникативтік тәсіл – бірінші кезекте оқушылардың ауызша және
жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытуға, қарастырып отырған мәтін, қатысып
отырған әңгіме мазмұнын түсініп, туындаған жағдаятқа сәйкес тілді қолданып
үйренуге бағытталған.
Интегративтік тәсіл – оқу үдерісін жобалау және өткізу кезінде әртүрлі
оқу пәндерінің мазмұнын өзара кіріктіру есебінен оқушыда әлемнің тұтас
бейнесін қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Зерттеу тәсілі – зерттеушілік әрекет дағдыларын дамытуға, ғылыми таным
әдістерімен танысуға жәрдемдеседі, оқушыларда танымдық қызығушылық
қалыптастырады.
Интербелсенді әдіс. Интербелсенді әдіс – үйретуші мен үйренушілердің
өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай
жасайтын әдістер. Өзара әрекеттестік әдетте, белгілі бір мәселені шешу, ол
шешімнің тиімділігі. Біз оқытуды және білім беруді, егер сабақ барысында
мұғалім мен оқушы арасында өзара әрекеттестіктің жоғары деңгейіне қол
жеткізсе, интерактивті деп атаймыз. Ең бастысы, мұнда мәселені шешу
процесі жауапқа қарағанда маңызды екендігін түсіну қажет. Бұл интерактивті
әдістің мақсаты – тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз
бетінше табу дағдысын меңгерту екендігімен байланысты.Интерактивті негізде
оқу мақсаты – білу емес, үйрене білу:
• Өзіне деген сенімге тәрбиелейді;
• Шешендік өнерін жетілдіреді;
• Танымның мәнін түсінуге көмектеседі (яғни, кейде абсолютті шындық
болмайтынын);
• Сыни ойлау дағдыларын дамытады;
• Өз пікіріне деген құқығын түйсінуі артады.
Интербелсенді оқыту – әрекет арқылы оқыту, бұл ұстаным үлкен
нәтижелерге жеткізетін тиімді жүйе деп есептелінеді, себебі адам санасында
бірінші кезекте өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасаған істер қалады.
Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций былай деген екен: Маған айтып берсең
– ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң –
үйренемін!. Сондықтан, интербелсенді оқыту оқушылардың оқу үдерісіндегі
белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдарына тән тәсілдер ретінде
танылады.Интербелсенді әдісте оқушылар төмендегідей білім, білік, дағды,
машықтарға үйренеді:
• Терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;
• Өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;
• Ақпаратты өздігімен түсініп, жан-жақты талдап, таңдап алу;
• Өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;
• Пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;
• Шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу.Сол себепті интербелсенді
оқытуда оқушылар келесі әрекеттерді атқаруға дайын болу керек:
• Бірлескен жұмыс;
• Танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік
таныту.Интербелсенді әдістеменің жұмыс түрлері мен әрекеттері:
• Бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, ұжымдық);
• Рөлдік және іскерлік ойындар, пікірталастар;
• Ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, интернет,
құжаттар, мұражай т.б.);
• Презентациялар;
• Тренингтер;
• Интервью;
• Сауалнама және т.б.
Интерактивті әдістерді қолдануда кейбір ережелерді есте сақтау қажет:
Бірінші ереже. Жұмысқа балалар толығымен қатысуы керек.
Екінші ереже. Балаларды психологиялық тұрғыдан дайындау, сабақ
барысында сергіту сәті, балаларды белсенділігі үшін марапаттау, баланың
өзін-өзі көрсетуіне жол беру.
Үшінші ереже.Кабинет талапқа сай болуы қажет.
Төртінші ереже.Жұмыс орнына назар аудару қажет. Оқу орны ыңғайлы және
жайлы болуы қажет. Бала өз пікірін, көзқарасын білдіріп, дәлелдеп беруге
мүмкіндік жасалуы қажет.
Бесінші ереже. Оқу барысында процедураға және регламентке назар аудару
қажет. Мысалы, белгіленген уақыттан асып кетпеу, бөгде кісінің пікірін
сыйлау, сөзді бөлмеу, оның ар-ожданын сыйлау.
Алтыншы ереже. Оқушыларды проблема шешу барысында топқа бөлуге мұқият
қарау.
Интерактивтік әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды.
Дегенмен, әдістемелік амал қандай болса да, оқушылардың өздерінің өмірлік
тәжірибелерін білім берудің негізгі көзі ретінде саналады.Оқыту мен оқудың
бұл тәсілдері оқытудың сындарлы тәсілімен тығыз байланысты, себебі оқушылар
бірлесіп жұмыс істей отырып, пәндердің аралығындағы мәселелерді талқылайды,
зерттейді.
Лекция 7-8.
Тақырыбы:Критериалды бағалаудың қағидаттары.
Сабақтың мақсаты: Критериалды бағалаудың қағидаттарымен танысу.
Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістігін
бағалауды қазіргі тәжірибеге енгізудің негізін критериалды бағалау жүйесі
анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық
стандарттарға сәйкестігін және әр білім алушының оқудағы қажеттілігін
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан үшін ұсынылып отырған жаңа
критериалды бағалау жүйесі білім алушының дамуын, оның қызығушылығын және
оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады. Егер әр білім алушыға және оның
ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері
белгіленетін болса, бұған жетуге әбден болады. Анық құрастырылған бағалау
критерийлерінің көмегімен мұғалім де, білім алушы да:
• Білім алушы оқытудың қай сатысында?
• Олар білім алуда неге талпынады?
• Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек? екенін түсінеді.
Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты бағалау критерийлерінің
негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және
оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.
Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:
1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;
2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі
жетілдіріп отыруына жағдай жасау;
3. Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін
қалыптастыруға көмектесу;
4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз: – білім алушыларға олардың оқу сапасы
туралы; – мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы; – ата-аналарға
оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы; – басқару органдарына ұсынылған білім
беру қызметінің сапасы туралы ақпараттар ұсыну.
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ (ПРИНЦИПТЕРІ)
Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге) сәйкес
жүзеге асырылады:
• Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір
бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін
нәтижелермен тікелей байланысты.
• Шынайылық, сенімділік және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді
ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу
мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі
болады.
• Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды
ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын,
жауапкершілігін арттырады.
• Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін
дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс
болып табылады.
• Дамуға бағыттау. Бағалау нәтижелері білім алушылардың,
мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және
ынталандырады.
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны стандарттармен, үдерістермен,
бағалау құралдарымен, нәтижелерімен анықталады Критериалды бағалау
жүйесінің мазмұны төмендегідей нұсқаулықәдістемелік құжаттар арқылы
реттеледі:
• Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш,
орта, негізгі білім беру стандарты;
• Оқу бағдарламасы;
• Оқу жоспары;
• Жалпы бастауыш, орта, негізгі білім беру бағдарламаларын жүзеге
асыратын, білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін
критериалды бағалауды өткізу тәртібі;
• Бастауыш, орта, негізгі сынып мұғалімдеріне арналған критериалды
бағалау бойынша нұсқаулық;
• Критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне
арналған нұсқаулық;
• Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;
• Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар.
ҚР МЖМББС Білім беру аясында білім алушылардың дайындық деңгейлеріне
қойылған талаптар (күтілетін нәтижелер Б. Блум таксономиясына негізделген)
Пән бойынша оқу бағдарламалары Пән бойынша оқу мақсаттары мен күтілетін
нәтижелер Қалыптастырушы және жиынтық бағалау критерийлерге негізделген
Бағалау критерийлері – білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға
негіз болатын белгі. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар Кері байланыс күнделікті
тәжірибе Балдар әр бөлім және тоқсанды аяқтау бойынша Ойлау дағдыларының
деңгейлері әр бөлім және тоқсанды аяқтау бойынша Бағалау оқу жылын аяқтау
бойынша Ойлау дағдыларының деңгейлері: білу, түсіну, қолдану, талдау,
жинақтау, бағалау Сөйлеу әрекетінің түрлері: тыңдалым, айтылым, оқылым,
жазылым Бағалау стандарттары Бағалау үдерісі Бағалау құралдары Нәтижесі
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау
үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және жиынтық
бағалау Жиынтық бағалау өз кезегінде бөлімортақ тақырыптар бойынша жиынтық
бағалау, тоқсандық, орта білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалаудың
рәсімдерінен тұрады. Критериалды бағалау Қалыптастырушы бағалау Бөлімортақ
тақырыптар бойынша жиынтық бағалау Жиынтық бағалау Тоқсандық жиынтық
бағалау Білім беру деңгейлері бойынша қорытынды жиынтық бағалау.
Критериалды бағалаудың құрылымы Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың
түрлеріне, пән мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін. Қалыптастырушы бағалау
оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім
тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл
қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс
қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың
қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін
анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер
кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау
мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға ұсыну үшін оқу
бағдарламасындағы бөлімортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы
белгілі бір оқу кезеңі (тоқсантриместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі)
аяқталғанда өткізіледі. Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын
меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге мүмкіндік береді. Қалыптастырушы және
жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалімдер оқу үдерісін жоспарлау, рефлексия
жасау, өзінің оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін қолданады.
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында
критериалды бағалау жүйесінің маңызды басымдықтары
Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен
өлшенеді деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде айтқандай, еліміздің
әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру міндетін алға қойып отыр. Ел
экономикасының қарқынды дамуы білім беру жүйесіне тікелей байланысты
екендігін білеміз.
Дәстүрлі оқыту кезінде оқушының алған білімдері жаттанды түрде есте
сақталынып, кейбір жерде ұтымды пайдаланады, бірақ, мәні терең
меңгерілмегендіктен оқушылар оны өмірде тиімді пайдаланбайды. Ал қазіргі
дамыған қоғамда азаматтың тек қана білім алуы жеткіліксіз, ең маңыздысы —
сол алған білімін күнделікті өмірлік жағдаятта тиімді қолдана білуі қажет.
Сол себепті, қазір оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға
басымдық беріліп отыр.
Міне, сондықтан критериалды бағалау жүйесін енгізудің басты мақсаты:
• Мектепте оқыту сапасын қөтеру.
• Оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
Жаңартылған орта білім беруді енгізу барысында білім алушылардың оқу
жетістігін критериалды бағалау жүйесі арқылы бағалайды.
• Критериалдық бағалау жүйесінің дәстүрлі бағалау жүйесінен ерекшелігі
неде?деген сұрақ туындауы сөзсіз.
Дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе
сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Оқушыны тым көтермелеп немесе төмендетіп
алады. Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей күмәнмен қарайды,
сабаққа деген қызығушылығы төмендейді.Себебі: білім алуға деген
қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері
және мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыстың болмағандығынан . Егер
әр білім алушыға, оның ата-аналарына түсінікті анық, өлшемді бағалау
критерийлері берілсе, объективті бағалауға қол жеткізуге әбден болады.
Критерий деген – ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау
бойынша шешім қабылдау ережесі.Әр критерийдің дискрипторы болады, онда оқу
тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі.
Дискрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды.
Ал критериалдық бағалау – оқушылардың оқу-танымдық құзыретін
қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес
білім беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-
аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым
талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу
жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс..
Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған
үздік нәтижеге жету үшін не істеу керек екендігін түсіндірмейді; бұл ретте
егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және
бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің
нәтижесін жақсарту үшін ары қарай не істеу керек екендігін түсінуге
мүмкіндік береді.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады.
Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлану, анализ, синтез, бағалау, зерттеу
дағдылары, рефлексия, коммуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жеке жұмыс
жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары, мәліметті іздеу дағдылары,
тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар, жаңа технологияларды қолдану
дағдылары қолданылады.
Критериалды бағалаудың ерекшелігі неде?
Критериалды бағалау өзінің
• Анық, айқындылығымен;
• Жеке тұлға емес жұмысының бағалануымен;
• Бағаның әділдігімен
• Өзін бағалауға мүмкіндік берілуімен
• Кері байланыстың жүзеге асуымен
• Алдын ала ұсынылған бағалау шәкілімен ерекшеленеді.
Лекция9-10.
Тақырыбы:Қалыптастырушы бағалау үдерісі
Сабақтың мақсаты: Қалыптастырушы бағалау үдерісін меңгеру.
Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы кері
байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей әсер
ететін үдеріс болып табылады. Тиімді оқыту мақсатында білім алушылардың оқу
үдерісіндегі ілгерілеуін, ағымдағы түсінік деңгейін қадағалау қажет.
Қалыптастырушы бағалаудың міндеттері:
• оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау, білім алушыларға
ұсыну;
• білім алушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмектесетін
бірлескен (коллаборативті) оқытуға арналған орта құру;
• білім алушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы (конструктивті)
кері байланысты қамтамасыз ету;
• білім алушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде
қатыстыру;
• білім алушыларға өзінің оқуын құрушыларжасаушылар ретінде жағдай
жасау болып табылады.
Қалыптастырушы бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болуы тиіс, ол
қосымша жаттығу немесе тестілеу жұмысы ретінде қарастырылмайды. Оқу
бағдарламасындағы бөлімнің әрқайсысындағы оқу мақсаттары, күтілетін
нәтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын анықтайды.
Сонымен бірге қалыптастырушы бағалау үдерісі стандартталмайды, яғни әр
мұғалім өз бетінше қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесі арқылы анықтай
алады, оның нәтижесіне қатысты жауапкершілікті өз мойнына алады.
Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі
кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:
• қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;
• қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;
• қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;
• кері байланыс беру.
Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру.
Қалыптастырушы бағалау үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағы
барлық оқу мақсаттарын қамтуы тиіс. Мұғалімдерге көмек ретінде
қалыптастырушы бағалаудың тапсырмалар жинағы дайындалған, онда оқу
мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлері, дескрипторларымен бірге
тапсырмалар үлгілері берілген. Мұғалім қалыптастырушы бағалау үдерісінің
тиімділігін арттыру үшін жинақта берілген тапсырмаларды қолдануына болады.
Одан басқа мұғалімдерге қалыптастырушы бағалаудың құралдарын өз бетінше
дайындауға мүмкіндік беріледі.
Ол үшін жоспарлау кезеңінде мұғалімге:
• оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау
жасау;
• оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау
критерийлерін құрастыру;
• тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін
қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне
бөлу;
• бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;
• әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар
құрастыру ұсынылады.
Мұғалім оқу мәнмәтінін, өз білім алушыларының жеке ерекшеліктерін
ескере отырып, тапсырмаларды іріктеп алады немесе құрастырады. Әр
тапсырмаға дескрипторлар анықталады. Бағалау кезінде мұғалімнің шешімі анық
болу үшін тапсырмалардың дескрипторлары дәл, нақты болуы қажет. Бұдан басқа
дескрипторлар білім алушыға тапсырманы орындаудың қай кезеңінде қиындық
туғызғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушылар мен олардың ата-
аналарына сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруге жағдай жасайды.
Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру бойынша дағдыларды
жетілдіру үшін мұғалім:
• тапсырмаларды қолдана отырып, қалыптастырушы бағалауды қолдану
тәсілдерінің санын, сапасын арттыруы;
• кері байланыс берудің тиімді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz