Несие берушінің құқықтарындағы әмбебап құқықты мирасқорлық нәтижесінде
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ КАСПИЙ ӨҢІРІНІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ
Тіркеу нөмірі №___________ Бөлімі: Экономика және құқықтану
___________ 2020 жыл Мамандығы: 0201000 Құқықтану
Тобы: 71833
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Азаматтық құқық
Тақырыбы: Міндеттеменің ұғымы және тараптары
Орындаған: _________________________ Ә.Қ.Қанатқызы
Жетекші: _________________________ З.А.Дюсенова
Кафедра меңгерушісі: ___________________ Ш.С.Жусупова
Бөлім меңгерушісі: ______________________ Н.Х.Кабдирова
Атырау, 2020 ж
0201000 Құқықтану - 71833 тобы
Қанат Әсем Қанатқызы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1.МІНДЕТТЕМЕНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТАРАПТАРЫ
1.1 Міндеттеменің құқықтық ұғымы және түрлері 4
1.2 Міндеттеменің пайда болуының құқықтық негіздері 9
1.3Міндеттеме тараптары 11
2. Міндеттемелерді орындау
2.1 Міндеттемені орындау субьектілері және орындауға қатысты мәселелер 15
2.2Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету 18
3.МІНДЕТТЕМЕНІ БҰЗҒАНДЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Міндеттемені бұзғандығы үшін азаматтық құқықтық жауапкершіліктің ұғымы және негіздері 22
3.2 Міндеттемені тоқтатудың түсінігі және құқықтық реттелуі 23
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26
КІРІСПЕ
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының өзіндік мәні бар және қасиеті болғанымен, оларды міндеттемелер деп бөліп қарауға болмайды. Құқықтар мен бостандықтар міндеттермен өте тығыз байланысты. Азаматтар өздеріне жүктелген міндеттерді бұлжытпай орындағанда ғана құқықтары мен бостандықтарын толығынан жүзеге асыра алады. Сондықтан міндеттердің орындалуы жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ету үшін қажет. Қазақстан Республикасының Конституциясының 12 бабының 3 тармақшасында былай делінген: Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып міндеттер атқарады.
Ғ.И.Төлеуғалиев міндеттемелік құқықты былай тұжырымдайды: "Міндеттемелік қатынасты реттейтін азаматтық құқықтың қосалқы саласы болып табылатын, азаматтық-құқықтық нормалардың жиынтығы -- деп аталады" -- дейді.
Mенің курстық жұмысымның құрылымы 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде міндеттеменің ұғымы және түсінігі туралы айтатын боламын. Ал екінші және үшінші бөлімдерде міндеттемелерді орындау, міндеттемені бұзғандығы үшін жауапкершілік туралы тоқталамын.
. Міндеттеменің түрлерінің арасынлағы айырмашылықтарын көрсетіп, Курстық жұмысымның мақсаты: міндеттеме туралы жалпы ережелерді, міндеттемелік құқық жүйесінің, міндеттеме түрлерін, онығһң орындалу нысанын анықтап, қарастыру азаматтарға жеткізу.
Біз міндеттемелік құқықтың ұғымын, негіздерін және түрлерін міндеттеменің орындалуын оның бұзылғандығы үшін жауапкершіліктің жалпы мәселелерін және міндеттеменің тоқтатылуын қарастырамыз.

1.1 Міндеттеменің құқықтық ұғымы және түрлері
Міндеттеме ұғымының түбегейлі тұжырымдалған заңды негізі не? Біз оны қалай түсінеміз? Бұл туралы Азаматтық кодексінің 268- бабында: Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан аз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті, - деп атап көрсетеді. Демек, міндеттеме -- азаматтық құқықтық қатынастың бір түрі. Ал, талап етумен міндеттеме несие беруші мен борышқорғау өзара жауапкершілік жүктейтін екі жақты: құқықтық қатынасқа жатады. Екі жақты құқықтық қатынас: несие беруші тұрғысынан қарағанда -- талап ету (белсенді жағы), борышқор жағынан алып қарағанда -- міндеттемелік (бәсең жағы) болып есептеледі.
Заңгерлер: талап етуді Міндеттемелік құқық деп атайды. Бұл -- екі жақты құқықтық қатынас ақыр аяғына дейін жеткізілгенше құқылы деген сөз. Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар сияқты, міндеттеменің де өзіндік құрамдас бөліктері болады: олар -- субъект, мазмұн және объект.
Ал, енді міндеттеменің субъектілері кімдер? Бұл туралы азаматтық кодексін тағы да сол 268 -- бабында тайға таңба басқандай: Міндеттеменің субъектілері: борышқор мен несие беруші -- деп жазылған. Осы екі субъектіге нақтылы анықтама беретін болсақ, борышқор -- белгілі бір әрекетті жүзеге асыруға міндетті, немесе, тұратын жақ; несие беруші -- борышқордан мойнындағы міндеттемесін орындауды талап ететін жақ. Егер заң құжаттарында басқаша көрсетілмесе, бұлар -- азаматтар, заңды тұлғалар және мемлекеттің міндеттеме тараптары деген сияқты өзіндік атаулар мен нұсқаланады. Азаматтық кодекстің 269 -- бабына сәйкес, несие беруші немесе борышқор ретінде міндеттемеге бір мезгілге бірнеше адам ат салады. Мұның аты -- көп тұлғалармен жасалған міндеттеме. Мұндай жағдайда, Азаматтық кодексінің 286 -- 288 баптарында көрсетілгендей, үлесті ортақтасқан немесе субсидиялық (жәрдем берушілік) міндеттеме пайда болады. Бұл секілді міндеттемелермен, негізінен алғанда, бірнеше жеке тұлға өздерінің ортақ меншік құқығындағы мүлікті сатқанда, бірнеше жеке тұлға бірлесіп қарыз бергенде, бірнеше азамат кепілдеме жасағанда, бірнеше кісі басқа біреуге зиян келтіргенде және т.б. осыған ұқсас жағдайларда жолығамыз. Қайсысы болмасын, аталған жағдайлардың бәрінде де сол мәмілеге кіріскен адамдар немесе басқа біреуге бірлесіп зиян келтіргендер заңды түрде пайда болған міндеттемелік құқық қатынастарына түгелімен не борышқор, не болмаса, несие беруші ретінде қатысады.
Егер міндеттемеде бірнеше тұлға борышқор ретінде көрсетілген болса, міндеттемені орындау жауапкершілігі құжатқа сәйкес, үлесіне қарай немесе ортақ (бірлескен) болуы мүмкін. Үлестік міндеттеме борышқордың әрқайсысы тек өзі үшін жауап береді, ал несие берушілердің әрқайсысы борышқордан тек өзіне тиесілі ғана үлесті талап етуге құқылы. Міндеттеме өзінің үлесіне сәйкес қарызын өтеген борышқор үшін тоқтатылады да, өтемеген басқа борышқорлар күшін де қала береді. Несие берушілердің әрқайсысы, Азаматтық кодексін 287 -- бабына сәйкес, борышқорлардан міндеттемені толық атқаруды талап етуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы оны толық атқаруға міндетті. Осындай көп жақ қатысатын міндеттемені -- ортақтасқан міндеттеме деп атайды. Ортақтасқан міндеттеменің үш түрі болады:
1) Бір несие беруші мен бірнеше борышқорлар қатысқаны -- ортақтасқан міндеттеме;
2) Бір борышқор мен бірнеше несие берушілер қатысқаны -- ортақтасқан талап етуші;
3) Бірнеше несие берушілер мен бірнеше борышқорлар қатысқаны - аралас ортақтасу, - делінеді.
Несие беруші ортақтасқан міндетті барлық борышқорлардан да, жеке -- жеке алғанда олардың кез келгеннен де, сондай -- ақ, түгелдей де, бөлшектеп те борышты талап етуге құқылы. Ортақтас борышқорлардың біріне толық қанағаттанбаған несие беруші алымдарын олардың қалғандарынан талап етуге де құқығы бар. Ортақтас борышқорлар міндеттеме толық орындалғанға дейін міндетті болып қала береді. Борышқорлардың бірінің ортақтас міндетті толық орындауы қалғандарын несие беруші алдындағы міндеттерінен босатады. Талаптар ортақ болған жағдайда ортақтас несие берушілердің кез келгені борышқорларға толық көлемінде талап қоюға құқылы. Ортақтас несие берушілердің біреуіне міндеттемені толық орындау борышқорды өзге несие берушілерге оны орындаудан босатады. Ортақтасқан міндет болған ретте борышқордың несие берушінің талаптарына қарсы басқа борышқорлардың осы борышқор қатыспайтын несие берушіге осыдай қатынастарына негізделген қарсылық білдіруге құқығы жоқ. Талаптар ортақ болған жағдайда борышқордың ортақтас несие берушілердің беруінің талабына қарсы осы несие беруші қатыспайтын борышқордың басқа ортақтас несие берушімен осындай қатынастарына негізделген қарсылық білдіруіне құқығы жоқ. Азаматтық кодекстің 288 -- бабына сәйкес негізгі борышқор несие берушінің міндеттемені орындау туралы талабын қанағаттандырмаған жағдайда бұл талап орындалмаған бөлігінде басқа борышқорға (субсидиялық борышқорға) мәлімдеуі мүмкін екендігі заң құжаттарында немесе несие беруші мен борышқордың арасындағы міндеттеме ережелерінде көзделуі мүмкін.
Сонымен субсидиялық міндеттеме дегенді түсіндіре кетелік, яғни борышқор өзінің алған негізгі міндеттемесіне орай атқаруға тиісті әрекетін мезгілінде орындай алмаса, міндеттемені басқа борышқорға жүктейді. Мысалы, субсидиялық міндеттемеде заңды тұлға құрылтайшысының (меншік иесінің) жауапкершілігі қарастырылады, мүлігінің жетімсіздігіне банкротқа ұшыраған ондай заңды тұлғаның ауыртпалығын негізі қоғам өзіне көтеріп алады. Міндеттеме жүзеге асуы кезінде оның субъектілерінің құрамында өзгерістер болуы мүмкін. Яғни құқықтық қатынасқа бұрынғы несие берушінің орнына жаңа қатысушы келе алады, сондай-ақ бұрынғы борышқордың орнын кейінгі басады. Бұл жағдай жалпы құқық қабылдаушылық (әмбебап) негізінде жүзеге асады. Мысалы, заңды тұлғаны қайта құрғанда, мүлік мұрагерлікпен ауысқанда мұндай мәселе көрініс береді. Құқық қабылдау кезінде бұрынғы тұлғаның барлық құқықтары мен міндеттері кейінгісіне ауысады, сондықтан да сондай құқықтарының бірінен нақты міндеттемесі де кіреді. Заң міндеттемедегі тұлғаны ауыстыруға жеке құқық қабылдаушылық жағдайында рұқсат береді, яғни белгілі бір адамнан екіншісіне қандай да бір міндет еткен кезде беретін тұлғаның басқа қалған мүлкі сақталады. Міндеттемедегі тұлғаның ауысуы мұндай жағдайда арнайы мәміле негізінде жүзеге асырылады, бұл талап етуді беру шарттары мен борыштың ауысуы деп аталады.
Талап етуді басқа адамға берген несие беруші оған талап ету құқықтарын куәландыратын құжаттарды беруге және талапты жүзеге асыру үшін маңызы бар мәліметтерді хабарлауға міндетті. Борышқор міндеттеме жөніндегі құқықтардың жаңа несие берушіге ауысқаны туралы хабарды алар кезіңде бастапқы несие берушіге қоймақшы болған қарсылықтарын жаңа несие берушінің талаптарына қарсы қоюға құқылы. Азаматтық кодекстің 344 бабына сәйкес, міндеттеме жөніңде несие берушінің құқықтары заң құжаттары және соларда көрсетілген мынадай жағдайлардың болуы негізінде:
1. Несие берушінің құқықтарындағы әмбебап құқықты мирасқорлық нәтижесінде;
2. Заң құжаттарында мұндай ауысу мүмкіндігі көзделсе, несие беруші құқықтарының басқаға ауысуы туралы сот шешімі бойынша;
3. Міндеттемені оның кепіл болушысы, тапсырушы немесе осы міндеттеме бойынша борышқор болып табылмайтын кепілге зат берушінің орындауы нәтижесінде;
4. Сақтандырушы сақтандыратын жағдайдың басталуына жауапты борышқорға несие берушінің құқықтарын алып берген кезде;
5. Заң құжаттарында көзделген өзге жағдайларда басқа адамға ауысады.
Азаматтық кодекстің 268 бабына сәйкес міндеттеменің объектілері мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға байланысты келеді (немесе белгілі бір әрекет жасауды тартынуды айтуға болады). Міндеттеменің пәні ретінде әрекет зандық мүддені білдіреді немес міндеттеме құқық аясында өзіндік маңызға ие болады. Сөйтіп, міндеттеменің негізінде заттық, айрықша немесе өзіңдік құқық жатуы тиіс. Міндеттеменің мазмұнын оған қатысушы несие беруші мен борышқордың субъективтік құқықтары мен міндеттері құрайды. Мысалы, мүлікті жалға алудың міндеттемелік құқық қатынасында жалға алушы жалға берушіден мүлкін әкеліп беруді талап ететін субъективті құқыққа ие екендігі көрсетіледі. Сондай-ақ берушіге мүлкін пайдаланғаны үшін белгілі бір мөлшерде ақысын төлеуге міндетті. Жалға беруші жалға алушыға мүлкін пайдалануға міндеттеледі. Әрі жалға алушыдан мүлікті пайдаланғаны үшін ақысын төлеуді талап ете алады, бұл оның субъективті құқығы болып табылады. Сонымен міндеттеменің мазмұны қатысушылардың құқығы арқылы, сондай ақ міндеті арқылы айқындала алады. Борышқордың міндеті әдетте белгілі бір әрекетті жасауға келіп тіреледі. (мүлікті беру, ақша төлеу, жұмысты орындау және т.б.). Азаматтық кодекстің 238 бабында көрсетілген тізімнен соны көруге болады. Борышқордың міндеті басқа әрекетті жүзеге асырудан да білінеді. Мысалы, несие берушінің тапсырмасымен шарт жасайды. Кейбір міндеттемеге сәйкес несие беруші борышқордан белгілі бір әрекеттерге бармауын талап ете алады. Айталық, мүлікті қорғайтын адамнан сол мүлікті пайдаланбауын талап етуге құқылы. Мүлікті жалға алушы (борышқор) оны басқа біреуте жалға бермеуге міндеттеледі. Кейде міндеттемелік құқыққа мүліктік емес сипаттағы әрекеттер де жатады. Мысалы, театр драмалық шығарманың авторымен жасаған шартқа сәйкес жарнамада автордың аты-жөнін көрсетеді. Мұндай мүліктік емес құқық пен міндет мүліктік әрекетке байланысты болатын міндеттеме мазмұнында қосалқы рол атқарады.
Міндеттемелер айқындалған, факультативтік және баламалық мазмұнмен ерекшеленеді. Айқындалған мазмұндағы міндеттемеде борышқордың жасайтын әрекеттерінің сипаты біржақты бекітіледі. Мұндай әрекеттерді басқасымен ауыстыру әр жақтың келісімімен ғана мүмкін болады, әйтпесе міндеттемені борышқордың бұзғаны деп бағаланады. Несие беруші атқаруға тиісті нәрсенің бұрмалануымен келісе алмайды, нәтижесінде міндетін бұрмалағаны үшін санкция қолданылады.
Факультативтік мазмұнындағы міндеттемеде борышқордың белгілі бір әрекеттерді жасау міндеті бекітіледі, ал мұның өзі мүмкін болмаған жағдайда басқа әрекет қолға алынады. Мысалы, мердігерге жиһаз жасауға материал бөлінсе оны дайындауды міндеттейді, егер әлгі материалдар жоқ болса, онда ғимараттың қабырғасына құрастырмалы нәрсені жасауды тапсырады. Факультативтік міндеттеменің бір ерекшелігі бастапқы ойға алған нәрсе жүзеге аспаса, әрекет тоқтатылмайды, қайта жаңа мазмұндағы іс жалғасын табады. Демек міндеттеменің тек мазмұнына ғана өзгеріс енгізіледі.
Балама мазмұндағы міндеттемеде борышқордың екі немесе одан да көп әрекеттерді тең дәрежеде жүзеге асыру мүмкіндігі белгіленеді. Балама міндеттеме уәкілетті тұлғаның қай әрекет таңдауына тәуелді келеді, яғни таңдап алынған нұсқа міндеттеменің нақты мазмұнына айналады.
1.2 Міндеттеменің пайда болуының құқықтық негіздері
Өзге де құқықтық қатынастар тәрізді міндеттеменің пайда болу негіздері белгілі бір заңдық фактілерге байланысты және сол негізден көрінеді, мұның өзі Азаматтық кодекстің 7 -- бабында көрініс тапқан. Азаматтық кодекстің 271 -- бабы осы кодекстің 7 -- бабында көрсетілген тұжырымға сүйене отырып, міндеттемелердің қалай пайда болатынын айқындай түседі. Яғни міндеттеменің пайда болу негіздері шарттан, зиян келтіруде немесе өзге де негіздерден пайда болады.
Азаматтық кодекстің 7 -- бабы әртүрлі құқықтық қатынастарының мүмкіндік болу негіздерін тізбелеп келтірген. Жоғарыда көрсетілген негіздерден басқа да міндеттемемен байланысты бірқатар негіздер бар. Бұл ең алдымен, әкімшілік құжаттары, әрине, біз бұл арада Азаматтық құқықтық қатынасқа қатыстысын айтып отырмыз. Әкімшілік құжатының заңды күші бағынышты органға міндетті түрде өкімнің жүргізетіндігінен көрінеді. Сондықтан да барлық жағдай да әкімшілік құжат органдар, яғни құжатты шығарушы, атқарушы, оның орындалуын бақылаушы органдар және т.б. арасында әкімшілік құқықтық қатынастарды туғызады. Сонымен бірге ол адресаттар арасында Азаматтық міндеттемені де дүниеге әкелді.
Алайда, мұндай жағдайлар салыстырмалы түрде сирек кездеседі, кәдімгі жоспарлы тапсырманы (немесе басқалай әкімшілік құжат) күрделі заңдық құрамның бір бөлшегі десе болады. Міндеттеменің пайда болу негізінде шарт әкімшілік құжатқа келіп қосылады.
Міндеттеменің пайда болу негізіне құқыққа қайшы нақты әрекеттер де жатады. Бұған -- біреудің мүлкін қасақана не кездей соқ иелену, залал келтіру арқылы өзгенің заңмен қорғалатын мүддесін бұзуды мысал етіп алуға болады. Міндеттеме азаматтық кодекстің 271 -- бабында қарастырылған негіздерде де пайда болуы мүмкін.
Міндеттеме өзінің мазмұнына, объектілерінің салалы ерекшеліктеріне және субъектілерінің сипатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Жағымды мазмұндағы міндеттеме, жағымсыз мазмұндағы міндеттеме.
2. Біржақты және өзара ортақ міндеттеме;
3. Борышқор әрекетін нақты айқындайтын міндеттеме және балама міндеттеме;
4. Қатаң түрдегі жеке сипаттағы міндеттеме (Бұл міндеттеме субъект ретіндегі жеке сипаттылық міндеттеменің пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқталуына әсер етпейді);
5. Басты және тәуелді міндеттемелер;
6. Шартқа негізделген міндеттемелер, шарттан тыс міндеттеме және бір жақты еркін құжат түрлеріндегі міндеттеме.
Міндеттемеде әдетте несие беруші борышқордан белгілі бір әрекетті атқаруды талап етеді. Мысалы, мынадай затты қайтару, мынадай ақшаны беру және т.б. Бірақта мазмұны талап ету құқығы болып табылатын міндеттеме де кездеседі, оған тиісті міндеттемеге сәйкес бір немесе бірнеше әрекет таңдалынады. Бұл әрекеттердің бірін аяқтау міндеттемені атқаруды білдіреді. Мұндай міндеттеме балама деп аталады.
Міндеттемелердің бір тобын жеке сипаттағы міндеттемелер құрайды. Оған борышқор мен несие берушінің жеке басына қатысты міндеттемелер жатады. (мысалы, мүсіншінің міндеттемесі тапсырыс шартынан келіп шығады). Мұндай міндеттемеде борышқордың немесе несие берушінің қайтыс болуымен байланысты тоқтатылады. Міндеттеменің туындауына орай оларды шарты, шарттан тыс деп те, сондай -- ақ бір жақты еркін құжат міндеттемесі деп те бөледі. Міндеттеменің шартты тобы өте көп кездеседі (сату -- сатып алу тасымалдау, сақтандыру және т.б.).
Шарттан тыс міндеттеме әр жақтың келісімі бойынша пайда, болмайды, керісінше азаматтық құқықтық кез -- келген субъектісінің мүлкіне жасалған зиян нәтижесінде кездеседі. Сондай - ақ негізсіз баю салдарының туындайтын міндеттемелер, яғни басқаның мүлкін не жинағандарын заңсыз сатып алу және жинау, мәмлемен белгіленген негіздерсіз иелену жағдайында да көрінеді. Бұл жайында Е. Баянов былай айтады: "Міндеттеменің пайда болуы азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкіне және олардың өздеріне зиян келтіру салдарынан туындауы да мүмкін Азаматтың құқық теориясында мұндай міндеттемелерді шартсыз міндеттемелер деп те атайды".
1.3 Міндеттеме тараптары
Міндеттемелік құқықтың субъектілер тізімі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 269 бабында көрсетілген. Заңнаманың белгілеуі бойынша, Міндеттеменің тараптары болып несие беруші мен борышкер болып табылады. Осы баптың 1 тармағында көрсетілгендей, несие беруші мен борышкер ретінде бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады. Несие беруші мен борышкермен қатар міндеттемеге үшінші жақтың қатысуы да жіберіледі. Үшінші жақ ретінде міндеттеме тараптарының біреуіне міндеттемелер немесе өзге де құқық қатынастары арқылы байланысты жақтар қатысады. Міндеттеме үшінші жақ міндеттер туғызбайды. Заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде міндеттеме үшінші жақтар үшін міндеттеменің бір немесе екі тарапына да қатысты құқықтар туғызуы мүмкін. (ҚР АК 27 бап)
Несие беруші ортақтасқан міндетті барлық борышқорлардан да, жеке-жеке алғанда олардың кез келгенінен де сондай-ақ түгелдей де, бөлшектеп те борышты талап етуге құқылы. Ортақтас борышқорлардың біріне қанағаттанбаған несие беруші алымдарын олардың қалғандарынан талап етуге де құқығы бар. Ортақтас борышқорлар міндеттеме толық орындалғанға дейін міндетті болып қала береді.
Борышқорлардың бірінің ортақтас міндетті толық орындалуы қалғандарын несие беруші алдындағы міндеттерінен босатады. Талаптар ортақ болған жағдайда ортақтас несие берушілердің кез келгені борышқорларға толық көлемінде талап қоюға құқылы. Ортақтас несие берушілердің біреуіне міндеттемені толық орындау борышқорды өзге несие берушілерге оны орындаудан босатады. Ортақтасқан міндет болған ретте борышқордың несие берушінің талаптарына қарсы басқа борышқорлардың осы борышқор қатыспайтын несие берушіге осындай қатынастарына негізделген қарсылық білдіруге құқығы жоқ.
Талаптар ортақ болған жағдайда борышқордың ортақтас несие берушілердің біреуінің талабына қарсы осы несие беруші қатыспайтын борышқордың басқа ортақтас несие берушімен осындай қатынастарына негізделген қарсылық білдіруіне құқығы жоқ.
Азаматтық кодекстің 288-бабына сәйкес негізгі борышқор несие берушінің міндеттемені орындау туралы талабын қанағаттандырмаған жағдайда бұл талап орындалмаған бөлігінде басқа борышқорға (субсидиялық борышқорға) мәлімдеуі мүмкін екендігі заң құжаттарында немесе несие беруші мен борышқордың арасындағы міндеттеме ережелерінде көзделуі мүмкін.
Сонымен субсидиялық міндеттеме дегенді түсіндіре кетелік, яғни борышқор өзінің алған негізі міндеттемесіне орай атқаруға тиісті әрекетін мезгілінде орындай алмаса, міндеттемені басқа борышқорға жүктеді. Мысалы, субсидиялық міндеттеме заңды құрылтайшысының (меншік иесінің) жауапкершілігі қарастырылады, мүлігінің жетімсіздігіне банкротқа ұшыраған ондай заңды тұлғаның ауыртпалығын негізгі қоғам көтеріп алады.
Міндеттеме жүзеге асуы кезінде оның субъектілерінің құрамында өзгерістер болуы мүмкін. Яғни құқықтық қатынасқа бұрынғы несие берушінің орнына жаңа қатысушы келе алады, сондай-ақ бұрынғы борышқордың орнын кейінгісі басады. Бұл жағдай жалпы құқық қабылдаушылық (әмбебап) негізінде жүзеге асады. Мысалы, заңды тұлғаны қайта құрғанда, мүлік мұрагерлікпен ауысқанда мұндай мәселе көрініс береді. Құқық қабылдау кезінде бұрынғы тұлғаның барлық құқықтары мен міндеттері кейінгісіне ауысады, сондықтан да сондай құқықтарының біріне нақты міндеттемесі де кіреді.
Несие берушіге талап етуді басқа адамға беруіне жол беріледі. Несие берушілер арасында борышқорға талап ету құқығы келісім шарт арқылы жүзеге асады. Мысалы, қарыз беруші өзі бір жаққа ұзақ уақытқа кеткенде інісіне қарыз алушыдан алған қарызды қайтаруды талап ету құқығын қалдыратын. Талап етуді біреуге (мұны цессия деп атайды) басқа шарттар сияқты жасалады, оның күші, тәртібі және т.б. белгіленеді. Сонымен бірге талап етуді беруді жүзеге асыру тәртібіне қатысты арнайы ереже болады. Несие берушінің жеке басына қатысты талап қоюы цессияның аясына кірмейді. Несие берушінің жеке басымен тығыз байланысты құқықтардың, атап айтқанда, алимент жөніндегі және азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру жөніндегі талаптардың басқа адамға ауысуына жол берілмейді
Азаматтық кодекстің 344-бабына сәйкес, міндеттеме жөніндегі несие берушінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz