Көркем еңбек сабақтарында оқушыларды шығармашылыққа бейімдеу түрлері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер 4

Анықтамалар 5

Белгілеулер мен қысқартулар 6

Кіріспе 7

  1. Оқушыларды шығармашылыққа бейімдеудің теориялық негізі 12Шығармашылық ұғымына жалпы сипаттама 12Қазақ және басқа ұлттардың көркем өнер түрлері 20Көркем еңбек сабақтарында оқушыларды шығармашылыққа бейімдеу түрлері 28
  2. «Қыз жасау» өнер туындысын дайындау технологиясы 32Қазақ халқының құрақтық өнеріне шолу 32Мата материалдарды шебер құрастыру тәсілдері 39«Қыз жасау» жастық дайындау және әшекейленуіне технологиялық

карта 43

  1. 6-сыныпта «Дизайн және технология» бөлімі бойынша сабақтарды ұйымдастыру 48«Дизайн және технология» бөлімінің тақырыптық жоспары 48«Сәндік-қолданбалы өнер элементтері негізінде көркем қолөнер технологиясы. «Тігін бұйымдарын модельдеу» бөлімінің тақырыптық жоспары 51Жастық тігу, оны сәндеу»» тақырыбының сабақ жоспары 57

Қорытынды 64

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 67

Қосымша А 70

Нормативтік сілтемелер

Берілген дипломдық жобада келесі құжаттарға сілтемелер қолданылған:

  1. Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы.
  2. Қазақтан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандарты, Астана, 2006 жыл.
  3. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы.
  4. Әдістемелік нұсқау хат, Астана, 2018-2019 оқу жылына арналған.
  5. Білім беру бағдарламасы, Астана 2018-2019 оқу жылы, жаңартылған мазмұны.
  6. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
  7. Елбасы Н. Ә Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы, Егемен Қазақстан, 2017ж.

Анықтамалар

Берілген дипломдық жобада келесі анықтамалар бар :

Әдістеме - оқу үдерісінде пайдаланатын әдістер жиынтығы және білім беру ұстанымдарын зерттеу саласы.

Білім беру бағдарламасы -білім мазмұнының өзгешелігін және білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшелігін сипаттайтын білім беретін мекеменің нормативтік-басқарушылық құжаты.

Оқыту әдістері - білім берудің мақсатына жетуге бағытталған оқытушы мен оқушының белгілі бір тәртіпте жүзеге асырылатын іс-әрекет қарым - қатынастарының бірлігі мен үйлесімділік тәсілдері.

Оқу пәні - оқу үдерісінде оқып білу үшін белгілі бір ғылымдар, техникалар, өнерлер, өндірістік қызметтер саласынан іріктеп алынған білімдер, іскерліктер мен машықтар жүйесі.

Қыз жасау - тұрмысқа аттандырып жатқан қыз баласының дүниесін дайындау

Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.

Іс-әрекет - әлемді және өз-өзін саналы түрде өзгертетін процесте адамның немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті.

Сабақ - оқыту процесін ұйымдастыру формасы.

Белгілеулер мен қысқартулар

Д. Ә. - дидактикалық әдіс

О. Ә - оқушылар әрекеті

Ж. Т. - жұмыс түрі

т. б. - тағы да басқалар

Кіріспе

Бүгінгі бөбек - ертеңгі азамат - қоғам иесі. Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне - өзі сенімді, интелектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат - саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақ - қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін жан - жақты жетілген, ақыл - парасаты мол, мәдени, ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруіне білім сапасы жоғары, денсаулығы мықты, еліміздің әл-ауқаты үшін қызмет жасайтын жастарға үлкен сенім білдіріп отырғаны бәрімізге мәлім. Олай болса, білім деңгейі мен шығармашылық қабілеті жоғары шәкірттерді тәрбиелеу ұстаздар қауымына қарасты, мақсатымен міндетіне ұстаз жауапты екенін біз еш уақытта ұмытқан емеспіз . . . [1] .

Қазақстан Республикасының « Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілікпен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» [2] десе, Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта білім беру тұжырымдамасында «Білім беру құндылықтары мен мақсаттары, бір жағынан, жалпықазақстандық тілді ұлттық -тарихи және этикалық дәстүрлерді, екінші жағынан, өскелең ұрпақтың ой-өрісінің дамуына қарай бағдарланған сындық және этикалық өлшемдерге енетін жалпы мәдениетті ескере отырып, анықталады» деп атап көрсетілген [3] .

Қоғамдық дамудың қазіргі үрдісі өзінің іс-әрекетін тиімді жоспарлай алатын, танымдық қызметінде алынған білімді орынды пайдалана алатын түпкі нәтижеге жету үшін әр түрлі топтардағы адамдармен тиімді қарым-қатынасқа түсе білетін білімді ұрпақты оқыту - басты мәселесі болып отыр. Бәсекелестілікке қабілетті, мықты қарсыласына төтеп бере алатын, құзыретті, танымдылығы жоғары, саналы, сапалы білім алған оқушылар ғана болашақтың кілтін аша алады. Олай болса, «Бүгінгі бала - ертеңгі ел болашағы» деген даналыққа өз тәжірбиемнен алып, ұстаз үшін үзілмейтін қағиданы қолдар едім.

Елбасымыз Н. Ә Назарбаев біздің болашағымызды тереңнен толғай отырып «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар - біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені баршаға мәлім еді. Ол бір күнде біте қалатын жұмыс емес екені де белгілі. Өйткені бала-өмірдің жалғасы. Біздің атқарып жүрген жұмысымыз сол болашақ үшін, солар үшін тер төгіп келеміз. Соны болашақта жарқын ететін жас жеткіншектеріміз. Соларға үміт артып, мол сеніммен қараймыз. Болашағы үшін күресе алатын, өзіне - өзі сенімді, жігерлі, Отансүйгіш патриот тұлға -жас ұрпақ деп білемін. Сондықтан да жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз - баға жетпес биік тұлға деп өрбітіп келеміз.

Дәл осындай тұлғаларды, еліміздің болашақ азаматтары мен азаматшаларына білім беріп, тәрбиелеу - ұстаздардың ең басты міндеттері болып табылады.

Қоғам, ата-аналар мектепте оқытылатын басты пәндерді - математика, қазақ тілі, ағылшын тілі, тарих деп санап, дене тәрбиесі, сурет, еңбек сияқты сабақтарды маңызды де керек емес пәндер деп санайтыны - дұрыс емес. Себебі, адам өмірі еңбекпен тығыз байланысты екені мәлім.

Тарихқа шолу жасайтын болсақ, адамзаттың пайда болуы еңбекпен тығыз байланысты екенін еске түсіреміз. Мәселен, адамдарды адам еткен - еңбек. Еңбектене бастай, адам ойлай бастады. Яғни, еңбек ету процесі ойлау әрекетімен тағыз байланысты. Құрал-жабдықтарын жасап, егін еге бастаған адамдар уақыт өте келе шыныға бастады, олардың қол - аяқтары дами түсті. Осының бәрі адамдардың өмірі еңбексіз болмайтынының бір де бір дәлелі.

Мектеп оқушыларын негізінен еңбекке тәрбиелеу, қоғам игілігі үшін еңбек жасату, оқушылардың еңбекке деген көзқарастарын шығармашылық қатынаста тәрбиелеу - көркем еңбек сабағы мұғалімдерінің басты міндеттері болып табылады. Оқушылардың еңбекке ынтасын, сабаққа ықыласын арттыруда, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда орасан зор негіз болып табылады. Адамдардың ең бірінші өмірлік қажеттіліктері - еңбек екенін, сол арқылы өз бойындағы асыл қасиеттерінен өмірлік нәр алатындығын мектеп табалдырығын аттағаннан бастап дарыта білу керек. Мектеп оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, ең бастысы оқушыларды іздемпаздылыққа, еңбекқорлыққа баулитын еңбек тәлім - тәрбие де болып табылады. Оқушының бойында еңбек қабілеттері, дүниетанымдары кеңейе түсіп, олардың барлығын жинақтау қабілеттері, сауаттылықтары арта түсіп, еңбексүйгіштіктері дами түсіп адамгершілік қасиеттері қалыптасады және еңбек адамдары туралы түсініктері кеңейе түседі. Оқушылардың орындайтын жұмыстары қаншалықты қарапайым әрі оңай болғанымен еңбек жөніндегі тәжірибесі аз балаға оны орындап шығу қиынға соғады. Түрлі жұмыстарды жүйелі түрде орындай білуге оқушыларды дағдыландырсақ, іске төселдірсек олардың қандай істі болса да атқара алатындығына сенімдері арта түседі. Ондай кездерде оқушы бойында еңбекке деген құштарлықтары, сабаққа ынтасы, ықыласы да арта түседі.

Еңбекке тәрбиелеу тек қана еңбек сабақтарында ғана емес, басқа мектеп пәндерін оқытуда да тәрбиеленеді. Мәселен, қазақ әдебиеті сабағында әр бөлімнің соңында еңбек туралы мақал-мәтелдер оқытылады. Себебі, оқылған әр шығармалардың ішінде еңбек туралы айтылмауы мүмкін емес. «Еңбексіз өмір - сөнген көмір», «Еңбек түбі - береке» деп айтылған қазақтың мақалдары бекер емес.

Көркем еңбек - еңбектің бір түрі болып табылады. Еңбекке оқушыларды дайындаудағы бағыттың бірі көркем еңбектің түріне баулу болып табылады. Пәнді оқытудағы мақсат - мектептегі оқу - тәрбие процесінде оқушыларды қолөнерге баулуда болашақ мұғалімдерін қолөнердің педагогикалық мүмкіндіктерін пайдалануға даярлығын қалыптастырады.

Әсіресе қазақ халқымыз өнерге, қолөнерге аса жақын халықтардың бірі. Біз, яғни қазақ халқы, өзіміздің мәдениетімізді, дәстүрімізді, ата - бабалардан қалған мұраларды аса құрметтейміз. Ал көркем өнер туындылары болатын болса, дәл осы бізге дар ретінде қалған мұралардың бірі деп санаймыз.

Сондықтан, ұстаз, болашақ ұрпақты тәрбиелеп, білім беретін адамдар ретінде - осы мұраларды болашақ ұрпаққа үйретіп, көрсетіп, жасауды үйрететін адамдар. Қазіргі «жаңа заманда», яғни технологиялар, гаджеттер заманында, балалардың бүкіл зейіндері телефондар мен планшеттерде болғанымен, әсіресе еңбекке үйрету қиынға соғады. Жаңа ұрпақ балаларының бар ойы телефондарда ойын ойнау, басқа да нәрселермен араласу, осы себептен олардың өз тамырларынан алыстап бару мәселесі туады. Тіптен қыз балалардың қолында ине ұстай алмайтын халге жеттік. Осы мәселерді шешу үшін еңбек пәні мұғалімдердің басты міндеттері - балалардың зейіндерін сабаққа аудару үшін іздену, жаңа-әдістер қолдану, еңбексүйгіштікке, патриоттық сезімдерін оятып, өз ұлтының өнеріне, қолөнеріне деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелей, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Осы мәселелер, біздің дипломдық жұмысымыздың өзектілігін құрайды.

Жұмыстың мақсаты - көркем еңбек сабақтарында шығармашылық заттарды жасау арқылы, оқушылардың бойында шығармашылық қабілеттерін, қиял, ойлау әрекеттерін дамыту, еңбексүйгіштікке, қолөнерге деген сүйіспеншіліктеріне тәрбиелеу жолдарын құрастыру, шығармашылық заттарды, оның ішінде жастық жасау технологиясымен танысу.

Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді шешу керек:

  1. Психологиялық, ағартушылық және теориялық талдау жүргізу;
  2. Көркем еңбек сабағында сыныпта жасөспірім тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамыту үдерісін қадағалау;
  3. «Шығармашылық», «шығармашылық қабілеттер» санаттарын талдауды және көркем еңбек сабағында тиімді үйрету әдіс-тәсілдерін талдау;
  4. Орта жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың шығармашылық жұмыстары мен іс-әрекеттерінің мәнін ашу, құрылымын анықтау;
  5. Оқушыларды шығармашылық әрекетке даярлығын жетілдіруді педагогикалық-психологиялық тұрғыдан негіздеу;
  6. Орта жалпы білім беретін оқушылардың шығармашылық әрекеттерін жетілдіруге арналған әдестемелік ұсыныстар жасау.

Зерттеу объектісі : Жалпы орта білім беретін мектептегі 6 сынып оқушыларының көркем еңбек сабақтарындағы шығармашылық іс-әрекеттер.

Зерттеудің пәні : Жалпы орта білім беретін мектепте еңбек сабағындағы оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін жетілдіру үрдісі.

Жұмыстың ғылыми болжамы : Егер де жалпы орта білім беретін мектептерде еңбек сабағында оқушылардың қолөнерде шығармашылық іс-әрекеттері өз деңгейінде жетіліп, мәні ашылып, құрылымы анықталса, онда қарастырылып отырған шығармашылық іс-әрекетке даярлық, құдіреттілігі әлдеқайда тиімді жетілер еді.

Дипломдық зерттеудің теориялық қайнар көзі. Жұмысты Қазақстанда шығармашылық іс-әрекет мәселелерін Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова, Г. К. Ахметова, Б. А. Әбдікәрімов, Қ. Б. Жарықбаев, Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев, О. Саңғылбаев, Б. Айтмамбетова, М. М. Мұқанов, Г. Ж. Мендібаева, А. П. Сетешев, Ресейдің В. С. Библер, С. М. Бондаренко, Л. С. Высоцкий, В. А. Сухомлинский және басқа да ғалымдардың еңбектерінде көрініс табады. Бұл авторлардың негізгі еңбектерінде шығармашылық іс-әрекеттің құрылысы мазмұны мен мәнінің, мәселелері, мектептер мен жоғарғы оқу орындарындағы оқу-тәрбие жұмысында шығармашылық амалды жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері көрініс тапты. Сонымен қатар жұмыста қазақ және басқа халықтардың көркем өнер туындылары туралы жазған Ө. Жәнібек, Х. А. Арғынбаев, А. Марғұлан, Қ. Қасиманов, М. З. Мусаханова, С. А. Асанова, Н. Ж. Шаханова, А. Т. Толеубаев, А. А. Мекебаева, И. В. Захарова, Р. Д. Ходжаева, И. Д. Ковальченко, В. М. Фриче және т. б.

Дипломдық зерттеудің методологиялық негіздері. Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі ретінде Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру мектептерінде қолданылатын:

  1. «Қазақтан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандарты»; Астана, 2006 жыл;
  2. «Әдістемелік нұсқау хат», Астана, 2018-2019 оқу жылына арналған;
  3. «Білім беру бағдарламасы», «Технология» бөлімі;
  4. Технологияны оқыту әдістемелері, сонымен қатар әдістемелік журналдар, озат тәжіребелі мұғалімдердің мақақалары, жұмыстары алынды.

Жұмыстың теориялық маңызы. Осы жұмыстың ішінде шығармашылық қабілеттер, оны дамыту жолдары, сонымен қатар қолөнер туындылары туралы жазылған. Сондықтан осы жұмыстың мәтінін педагогика, психология салаларында, мектепте қолдануға болады.

Жұмыстың практикалық маңызы . Жұмыста біз материалды қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық заттарды жасау технологиясын көрсетіп, сабақ жоспарын құрастыру мен оны сабақта қолдану арқылы, оқушылардың көркем еңбек сабақтарында шығармашылық қабілеттерін қалай дамыту керектігін ұсынамыз.

Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлім, тоғыз бөлімшеден, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен құралады.

  1. Оқушыларды шығармашылыққа бейімдеудің теориялық негізі

1. 1 Шығармашылық ұғымына жалпы сипаттама

«Шығармашылық» сөзінің төркіні, этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте шығармашылық қайталанбайтын, тарихи-қоғамдық мәні бар жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекеті деп түсіндіріледі

[4] .

Шығармашылық іс-әрекет, өзіндік жұмыс істеу шеберлігі мен дағдылары өзінен-өзі пайда болмайды, ол мақсатты оқу қызметі мен шығармашылық, практикалық сипаттағы әр түрлі тапсырмаларды, дербес жұмыстарды орындау үрдісінде қалыптасады.

Бұл проблеманың кейбір қырлары көне замандардан бастау алған.

Оның маңыздылығы жөнінде көптеген қазақ ғұлама ағартушылары Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев т. б. өз еңбектерінде айтып өткен.

Шығармашылық іс-әрекет және тұлғаның тұрақты сапалық белгісі ретінде оқушының жан-жақты дамуына жағымды ықпал етеді, ақыл-ой және адамгершілік қуаты оның ерік-жігерін, ойлау, елестету қабілетін, эмоциясын білдіретін интеллектуалдық іс-әрекетінде көрініс береді [5] .

Сонымен қатар, шығармашылық іс-әрекет жеке тұлғаның тұрақты қасиетіне айнала отырып, оның танымдық мүмкіндіктерін және қоғамдық бағытын болмысқа деген көзқарасын қалыптастыратынын ескерсек, диплом жұмысының көкейтестілігі нақтылана түседі.

Соңғы жылдары «шығармашылық» сөзімен «жаңалықпен» қатар «бастамалылық», «белсенділік» ұғымдары астарласа қолданылып жүр.

Шығармашылық - өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс -әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән.

Шығармашылық туралы зерттеулердегі ойлар мен тұжырымдарды, негізге ала отырып, оны мына төмендегідей ерекшеліктермен сипатталатын адам іс-әрекеті деген қортынды жасауға болады:

  • шығармашылықты тудыратын қарама-қайшылықтың болуы.
  • әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы.
  • шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы.
  • шығармашыл тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы.
  • нәтиженің жаңалығы.

Шығармашылық деген қажеттілік - күрделі рухани қажеттілік. Әзірге ол барлық адамдарда бірдей деуге болмайды. Ал қоғамдағы жаңару үрдістері әр адамнан күнделікті шығармашылық қайтарымды талап етіп отыр.

Шығармашылық іс-әрекет - бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен айтқанда, тіршіліктің көзі. Қоғам құбылыстарында, жеке адамның, ақыл - санасында, іс-әрекетінде, ішкі жан дүниесінде шығармашылықтың табиғи үрдістері үздіксіз жүріп, белгілі бір жүйемен дамиды. Ішкі шығармашылық үрдістерін табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой- санасына, айналысатын сана байланысты [6] .

Оқушының шығармашылық іс - әрекетке деген құлшынысы оның өз даралығын, өз қабілеттерін іске асыруына жол ашады. Шығармашылықтың мәнін аша отырып оның «әрекет» ұйымымен тығыз байланысты екенін анықтауға болады.

Шығармашылық және іс- әрекет диалектикалық біртұтастықты құрайды. Іс -әрекет шығармашылықты тудырып, оны нақты болмыстыққа айналдырса, ал шығармашылық іс -әрекетті реттеуді, оның амалдарын, тиімділігін анықтайды.

Шығармашылық іс-әрекет арқылы шығармашылық қабілеттер қалыптасады, әрі қарай дамиды.

Яғни, шығармашылық - қайшылықтарды шешуге ынталанған, жеке тұлғаның нәтижеде адамзатқа мәні бар.

Шығармашылық үрдісті ғалымдар әр кезеңге бөліп қарастырады. Әр кезеңде баланың бойында әр түрлі сапалық қасиеттер қалыптасады. Алғашқы кезеңдерде шығармашылыққа деген сенімсіздік, күдік білінуі мүмкін [7] .

Ал келесі сәттерде біраз ойлану, іздену кезеңдерінде табандылық, танымдық, белсенділік секілді қасиеттер қалыптасып, еңбектің нәтиже берер тұсында оқушының көңіл күйі көтеріліп, жаға істерге жігерлене түседі. Әрине, шығармашылық жұмыстардың түріне мақсатына қарай бұл кезеңдер бір-бірімен астасып қабысып жатуы мүмкін.

Оларда қалыптасып, одан әрі дамып отыратын сапалардың бірі айқын көрініп, бірі уақытта көмескіленуі ықтимал. Жалпы әр оқушының бойындағы қайталанбайтын табиғи ерекше құбылыстар біріге жинақталып, керемет шығармашыл тұлға жасап шығарады.

Бұл қазіргі білім беру жүйесін ізгілендіру, яғни білімді гуманистік принциптегі бағытта дамыту идеясымен ұштасып жатыр.

- шығармашылық ізденістер, тапсырмалар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру;

- оқушылардың алған білімдерін, дағдыларын келешектегі өмірлерінде қолдана алуларына көздерін жеткізу;

- оқушылардың істейтін жұмысының мақсатын айқын түсінуі, жұмыста өз еркімен, қалауымен орындауы;

- мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі, жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын жеке тұлғаны қалыптастыру, өздігінен дамуға жағдай жасау, сондықтан оның өзіндік танымдық, шығармашылық іс - әрекеті белсенді болады.

Шығармашылық іс -әрекет мәселесі сан қырлы: оған философиялық - эстетикалық мәдениеттанымдық, әлеуметтік және психологиялық аспектілер кіреді. Ал оның өмір сүруінің өзегін табу үшін кешенді қатынас қажет. Педагогика жеке тұлғаның шығармашыл қорының жетілу көзқарасын, шығармашыл бастамалардың қалыптасу механизмдерін аудару әрекеттері барысында шығармашылықты қарастырады [8] .

Шығармашылық - оқушының танымдық іс - әрекетіне мотивациялық тұрғыда басшылық жасау нәтижесінде туындайды.

Оқушының шығармашылық іс-әрекетінің пайда болуы оның орындаған тапсырмасының нәтижесінен көрінеді. Оқушының шығармашылық дербестігі қалыптасқанда баланың бүкіл болмысы жаңа сипатқа ие болады.

Шығармашылық іс-әрекет әртүрлі сапада көрінуі мүмкін. Оның күрделі табиғатының өзі оның жеке адам дамуының түрткісі, қозғаушы күші екендігін көрсетеді [9] .

Шығармашылық іс-әрекеттің дамуы адамның өзін жеке тұлға ретінде сезінуі мен айналасына өзіндік көзқарасы болуына байланысты. Шығармашылық іс-әрекеттің дамуы денсаулығына, психикалық қызметінің дамуы, негізгі шарты - әлеуметтік даму жағдайы негіз болады.

Шығармашылықпен тұрақты және саналы айналысатын және өз мүмкіндігін жүзеге асыра алатын адам өмір талабына, өзгермелі еңбек шартына, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге тез бейімделеді.

Шығармашыл адам жаңашыл, ізденімпаз болады, өмірі қызық, мақсаттарын жүзеге асыру барысында өз жолын әзі ашып, кедергілерді жеңе алады, үздіксіз алға жылжып отырады.

Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруда:

- оқушылардың белсенділігінің болуы (ішкі және сыртқы) ;

- оның білім мен іскерлігі, яғни тәжірибесінің болуы;

- алған білімді белгісіз жағдайда тасымалдай алу мүмкіндігінің жоғары болуы талап етіледі.

Оқушылардың шығармашылық іс - әрекетінің қалыптасуын 1 суреттен көруге болады.

Сурет 1

1-сурет. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру

Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруда мына төмендегідей бағыттарын білуі керек:

- жеке тұлғаның психикалық әрекеттеріне басшылық жасау;

- оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру;

- оқушыларға жаңа білімнің қажеттілігін түсінуіне жол ашу;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын айқындау
Технология пәнінде оқушыларды шығармашылыққа баулу әдістемесі
Шығармашылық тапсырмалар бала белсенділігін арттырудың негізі
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың психологиялық ерекшелігі
Қазақ бастауыш мектебінде оқушыны еңбекке баулу пәнін оқыту барысында баланың еңбек дағдыларын арттыру
Дәстүрлі сабақ Шығармашылық сабақ
Көркем еңбек сабақтарында үйірме және шығармашылық жұмыстардың жасалу жолдары
Көркем еңбек сабақтарында оқушылардың визуалды өнерде қабілеттерін дамыту
Бейнелеу өнерінен үйірме жұмыстарында оқушыларды табиғатты бейнелеуге үйрету
Қазақ тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда дидактикалық материалдарды пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz