Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру жолдары
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министірлігі
Қостанай гуманитарлық колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Балабақшадағы дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары және құралдары
Орындаған: 4МдТ- 7 тобының студенті
Мамандық:0101000
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Ертас А.Б.
Жетекшісі:Жайлибаева Ж.А.
Қостанай 2017-жыл
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-5 бет
1 Дене тәрбиесі, Дене мәдениеті ұғымдарының теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6 бет
1.1 Мектеп жасына дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-10бет
1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесін беру мақсаты және міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11- 17бет
2 Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18бет
2.1 Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары мен әдіс-тәсілдері және құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18-23бет
2.2 Ересек топтағы дене тәрбиесін ұйымдастырудағы тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануды зерттеу жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24-32бет
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33-34 бет
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35-36бет
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37-39бет
Кіріспе
Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан - 2030 бағдарламасында, ҚР Білім туралы Заңында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан. Бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі - мектепке дейінгі жастағы балалардың денсаулығын сақтау, нығайту, интеллектуалдық жеке басының дамуын қамтамасыз ету, олардың эмоциялық көңіл күй жағдайын көтеруге қамқорлық жасау. Оның ішінде мектеп жасына дейінгі баланың барлық жағынан дамуына негіз болатын денсаулығын сақтау, нығайту.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен қатар бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту, олардың дене және психикалық денсаулығын сақтап, нығайтуды жүзеге асырады, - делінген. Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 5.5.1. - бөлімінің Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесін жетілдіру деп аталуы да мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесіне Үкіметіміздің зор көңіл бөліп отырғандығының айғағы.Қазақстандағы мектепке дейінгі ғылымның дамуы туралы айтқанда бір атап өтерлігі, 1924 жылы Орынборда тұңғыш рет ғылыми-педагогикалық жинақ "Mектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу жөніндегі нұсқау" жарыққа шықты. Мектепке дейінгі тәрбие мәселелеріне байланысты журналист Нәзипа Құлжанованың "Mектептен бұрынғы тәрбие", "Aна мен бала тәрбиесі" атты еңбектері мектепке дейінгі тәрбиенің алтын қорына қосылды. Ағартушы-ғалымдар:А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтардың мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу жөніндегі педагогикалық ой-пікірлері басшылыққа алынды. 1945 жылы мектепке дейінгі мекемелер алдындағы теориялық және тәжірибелік міндеттер анықталды. 1947 жылы республикалық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылып, ғалымдар, балалар жазушылары, балабақша меңгерушілері, тәрбиешілер мен әдіскерлері қатысты. 1950 ж. Қазақ КСР Оқу министрлігінің ЬLАлтынсарин атындағы Педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институты құрылып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде зор үлес қосты. Бүгінгі таңда педагог ғалымдар: A.B. Андросова, Б.Арзанбаева, Б.Б.Баймұратова, C.Г.Бәтібаева, Н.Баримбеков, Ә.C.Әмірова, Г.X.Дүкенбаева, З.Д.Еденбаева, А.К.Меңжанова, Г.Ж.Меңлібекова, Т.А.Макеева, Қ.M.Меңдаяқова, Г.Метербаева, Т.А.Левченко, A.E.Манкеш, M.T.Тұрыскелдина, Ж.А.Исмайлова, Т.Иманбеков, Ф.H.Жұмабекова, C.H. Жиенбаева, О.Жұмадиллаева, M.C. Сәтімбекова, А.Ж.Салиева, Ш.Сапарбаева, Н.Сайлауова, F.З.Таубаева, X.T.Шерязданова, А.А.Нурахунова, т.б. мектепке дейінгі тәрбиенің әртүрлі салалары бойынша зерттеу жүргізіп, тәлім-тәрбиенің мазмұнын, әдістерін талдаған. Аталған ғалымдар еңбектерін оқып зерделеу арқылы мектепке дейінгі тәрбиенің даму, қалыптасу бағыт-бағдарын айқындауға болады.
Ұлы ғалым, философ Әбу Насыр Әл - Фараби: Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі -деген екен. Сонымен баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын арқылы байқалады, сондықтан оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев Ойын ойнап, ән салмай , өсер бала бола ма? - деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.
Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы пікірлер айтылып, зерттеліп жүрген еңбектер өте көп. Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж. Ж. Руссо мен И. Г. Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К. Д. Ушинский мен П. Ф. Лесгафт, тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы В. А. Сухомлинский ,
С. П. Шацкий және Н. К. Крупская өз пікірлерін білдірген. Педагогикалық үрдісті жетілдіру ойынның алар орны жөнінде қазақстандық ғалым Н. Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс-әрекет және өмірі деп дәлелденген. Н.Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану-болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген. Себебі, ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттері мен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Ойын баланың барлық қабілетінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне көмектеседі.
Курсттық жұмыстың мақсаты: Балабақшадағы дене тәрбиесін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері мен құралдарының қолдану тиімділігін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
oo Осы тақырып бойынша пхсихологиялық-педагогикалық әдебиеттерді зерттеу;
oo Дене тәрбиесі, Дене мәдениеті ұғымдарының теориялық негіздерін зерттеу;
oo Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесін беру мақсаты және міндеттерін қарастыру;
oo Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру жолдарын зерттеу;
oo Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру әдіс-тәсілдері және құралдарын қарастыру.
Зерттеу объектісі: балабақшада дене тәрбиесін ұйымдастыру
Зерттеу пәні: балабақшадағы дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары және құралы
Зерттеу болжамы: балабақшада дене тәрбиесін ұйымдастыру барысында әр түрлі жұмыс формаларын қолданса тәрбие беру тиімділігі артады.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттер, баспа материалдары, жаңа педагогикалық технологиялар, қорытындылары.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Дене тәрбиесі, Дене мәдениеті ұғымдарының теориялық негіздері...
1.1 Мектеп жасына дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің маңызы
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы осыған сәйкес тәрбиелеу және оқыту процесінде баланың дамуын басқарудың жалпы заңдылықтарын танып біледі. Балалар дене тәрбиесінің теориясы әр жас шамалық кезеңнің ерекшеліктерін зерттей, ғылыми мәліметтер мен практикалық тәжірибені қорытып талдай отырып, дене тәрбиесі міндеттерін анықтайды, олардың мәнін, неғұрлым тиімді құралдары мен әдістерін, дене тәрбиесінің бүкіл процесін ұйымдастырудың мақсатқа сай формаларын ашып көрсетеді. Өз қимыл-қозғалысын жақсы меңгеретін дене жаттықтыруды сүйетін, айнала қоршаған ортадан өз бетімен бағдар таба білетін, мектепте оқуға және одан кейінгі жылдардағы белсенді шығармашылық қызметке қабілетті, дені сау, шымыр шыныққан, шат-шадыман баланы қалыптастыру - жан-жақты даму негізі ретіндегі дене тәрбиелеудің айрықша мәнін айқындайтын маңызды міндеті болып табылады. Балалар дене тәрбиесінің теориясы ғылыми зерттеулердің негізінде сәби жастағы және мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық - физиологиялық ерекшеліктерін: организмнің жұмысқа қабілеттілік мүмкіндіктерін, жүре пайда болатын қажеттіліктерін, көрнекілік-әрекеттік, көрнекілік-бейнелік және логикалық ойлау формаларын, іс-әрекеттің басым түрінің өзіндік еркешелігін ескеріп отырады. Осыған сәйкес балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесін ұйымдастырудың барлық формаларының мазмұнын құруға және оны іске асырудың тиімді педагогикалық жағдайларын жасауға бағыт береді. Балалар дене тәрбиесі теориясы баланың әр жас кезеңінің ықтимал мүмкіндіктерінің заңдылықтарын танып-біле және ескере отырып дене тәрбиесінің бүкіл тәрбиелік-білім беру кешені (қимыл - қозғалыс жасай білу және дағдылар, дене қасиеттері, кейбір қарапайым білім) ғылыми негізделген бағдарламаның талаптарын перспективалы қарастырады. Мұны игеру балалардың дене әзірлігін мектепке баруға қажетті деңгейде қамтамасыз етеді. Дене тәрбиесі жан-жақты тәрбие берудің маңызды бөлігі болуымен бірге өз процесінде ақыл - ой, адамгершілік, эстетикалық және еңбек т.б.тәрбиенің міндеттерін кешенді түрде жүзеге асырады. Балалардың дене тәрбиесін ұйымдастырудың барлық формаларында (сабақ, қозғалыс ойындары, балалардың өзіндік әрекеттері және т.б) тәрбиешінің назары ақылға сала ойлайтын, эмоциялы, өз жас шамасының мүмкіндігіне қарай саналы әрекет ететін, қозғалыс дағдыларын меңгеріп отыратын, айналаны бағдарлай білетін, өзіне берілген тапсырмалардың мәнін түсінетін, кездескен қиыншылықтарды жеңуді үйреніп отыратын, тәрбиешінің ыждағатты, тілектесті басшылығымен өз іс - әрекетінде шығармашылық ізденіске деген талпыныс көрсетіп отыратын бала тәрбиелеп шығуға бағытталады.
Балалар дене тәрбиесінің теориясы бала денесін тәрбиелеудің сан алуан жақтарын, әсіресе, оның қозғалыс дағдыларын қалыптастыруды қамтитын зерттеулер арқылы алынған жаңа білімдермен дамылсыз дамып, байып отырады. Балалар мекемелерінің жаппай практикасында тексеруден өткен зерттеу мәліметтері бүкіл тәрбиелік - білім беру процесінің алға басуына үлес қоса отырып, сыннан өтеді, бағдарламаларға, оқу құралдарына, оқулықтарға және балалармен жүргізетін практикалық жұмысқа ендіріледі. Сөйтіп мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы баланың даму заңдылықтарын танып біле, ең елеулі, прогресті нәрселердің бәрін бөліп көрсете, негіздей отырып, дене тәрбиесінің бүкіл жүйесін жетілдіруге көмегін тигізеді, кедергі келтіретін, жаттанды болған, қазіргі кездегі тәрбиелеу - білім беру міндеттеріне сәйкес емес нәрселердің бәрін бұлжытпай ауыстырып отырады және жоққа шығарады.Дене тәрбиесі - тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Бұл анықтама дене тәрбиесінің салыстырмалы түрде даралық ерекшелігін көрсетеді. Ол тәрбиенің басқа түрлері - адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек т.б. тәрбиелермен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесінде қоғамдық тәрбие мақсатынан туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады. Дене тәрбиесі ұғымын жалпы тәрбие деген кең ұғымның бір саласы деп ұққанымыз дұрыс. Дене тәрбиесі атауы педагогикалық процесс. Ол тәрбиелік және білімділік міндеттерді шешуге тиіс. Дене тәрбиесінің басқа тәрбиелерден айырмашылығын айтатын болсақ, біріншіден, бұл процесті дене сапаларын дамытумен бірге тиімді дағды (әдет) козғалыстарын қалыптастыру арқылы дене жұмыскерлігін арттыру деп ұғынамыз. Қорытып айтқанда, дене тәрбиесі дегеніміз ол адам бойындағы морфофункционалдық қасиеттерді дамытатын, білімін байытып, шеберлігін, қозғалыс дағдыларын арттыру негізінде еңбек көрсеткіштерін жақсарту мен бірге Отанымызды қорғауда жоғары жетістіктерге жетуге бағытталған педагогикалық процесс. Дене тәрбиесі ұғымының екі мағынасы болуы мүмкін. Біріншісі - дене жөніндегі білімділік, екіншісі - дене қасиеттерінің тәрбиесі.Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі - бала денесін жетілдірудің педагогикалық жүйесі.
Мектеп жасына дейінгі балаларға жан-жақты тәрбие беру жайындағы теорияның дамуына Н.К.Крупская баға жетпес үлес қосты. Н.К.Крупскаяның мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі туралы айтқандарының жаңа қоғамдық-саяси құрылыс жағдайындағы дене тәрбиесі туралы отандық ғылым, тамыры көп ғасырлық халықтық педагогикаға тереңдей сіңген өткен дәуір бай мұрасының әсерімен қалыптасты. XVII ғасырдың екінші жартысында-ақ сол кездің аса білімді адамдарының бірі - Епифаний Славинецкийдің балалардың дене тәрбиесі жөнінде озық ойлар айтқанын тарихи материалдар дәлелдейді. Ол Бала әдеттерінің азаматтылығы деп аталатын тамаша құжат жасап шыққан. Бұл кітапта балалар ойынына ерекше тарау арналады және оның тәрбиелік-білім берудегі үлкен мәні көрсетіледі. ХVІІ ғ.жартысында Епифаний Славинецкий "Балалар тәртібінің ережелері" атты белгілі педагогикалық кітапты құрастырған болатын-ды. Бұл еңбек қоғамдағы мінез-құлық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Негізінен балалар өздерін үйде, қонақта, басқа адамдармен қарым-қатынаста қалай ұстауы керектігі туралы ережелерге тоқталды.
Дене тәрбиесі - қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жан-жақты дамуды дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн тәртібіне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз.
Қазақстанда кезкелген азаматтың денсаулығын сақтау жолында қалаған спорт түрімен айналысуға, дене шынықтыруға жағдай жасалған. Үкіметіміз халықтың денсаулығын, дене тәрбиесін жақсарту мақсатында көптеген заң, бағдарламалар қабылдады. Атап айтсақ. Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы, Қазақстан Республикасындағы халықтың дене тәрбиесi даярлығының Президенттiк сынамалары туралы ережесі, Дене шынықтыру және спорт туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 490 Заңы, Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы т.т. (Қосымшада заң, бағдарлама мазмұны ұсынылған). Сонымен бірге құрсақтағы кезеңнен бастап ана мен бала денсаулығын қорғау мақсатында арнайы перинатальдық орталықтар болашақ ұрпақ үшін жұмыс жасауда.
Дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлудегі негізгі міндеттердің бірі- балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады. Мектепке дейінгі кезеңнен дене жаттығуларымен айналысу нәтижесінде спортқа қызығушылық қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады. Осы қажеттілікті ескере отырып, Қазақстан үкіметі білім беру саласының барлық буындарында, жалпы бұқараның спортпен айналысуына, дене қимылын дамытып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында барлық жағдайларды жасауда. Оның айғағы- барлық өлкелердегі спорт мектептері, стадиондар, спорттық-сауықтыру кешендері, спорт залдары, спорт алаңдары, т.т. Тәуелсіз Қазақстанның көк байрағын әлем төрінде желбіретіп жүрген олимпиада чемпиондарының, спортшыларымыздың жетістіктері соның дәлелі

1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесін беру мақсаты және міндеттері.
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі үнемі қоғамдық практикамен бірлікте дамып келеді. Ол ғылыми зерттеулерді пайдаланады, озат практика жетістіктерін таратады, өткеннің алдыңғы қатарлы тәжірибесін және қазіргі дүниежүзілік ғылымдағы игіліктің бәрін қолдап отырады. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі практиканы ғылыми негіздермен қаруландырады, сөйтіп оның одан әрі дамуына көмектеседі. Ол сондай-ақ практикаға жол ашуға, адамның күш-қуатын кемелдендіруде қандай құралдар және әдістер арқылы жақсы нәтижелерге жетуге болатындығын болжауға тиіс. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі педагогика институттарының мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығындағы оқу пәні ретінде мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі мәселелерін терең оқып-білуге көмектесетін негізгі мәселелерді ашып көрсетеді. Елімізде дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері Қазақстан Республикасының Ата Заңынан өрбиді, онда адамның жан-жақты дамуы жөніндегі ілім өзінің нақты бейнесін тапқан. Жеке адамның жарасымды дамуы қоғам құру шарттарының бірі ретінде қаралады. Дене тәрбиесінің мақсаты - өмірге, еңбекке, Отан қорғауға даярлау, дені сау, моралі таза, шығармашылық еңбекке жарамды адамдарды тәрбиелеп қалыптастыру. Бұл мақсат адамдардың дене тәрбиесін жүзеге асыратын барлық мекемелер мен ұйымдар үшін бірдей болады. Осы мақсат біздің еліміздің әрбір адамының және қоғамның мүддесін білдіреді. Бұл денені жетілдіру, дене мүшесінің кемістігі жоқ барлық қажеттілікті бойына жинақтаған тұлға туралы адамдардын ғасырлар бойы арманын бейнелеп, мектеп жасына дейінгі баланың болашақ құзыретті тұлға болып қалыптасуының алғышарттары болмақ. Дене тәрбиесінің аталып көрсетілген мақсатына сәйкес:
1. Сауықтыру міндеттері: денсаулықты нығайту, денені жан-жақты дамыту, ағзаны шынықтыру, адамдардың ұзақ өмірін қамтамасыз ету;
2. Білім беру міндеттері: қозғалыс дағдылары мен іскерлікті қалыптастыру, дене қасиеттерін (жылдамдық, ептілік, икемділік, күш, төзімділік т.б.) қалыптастыру, арнаулы білімді меңгеру, ұйымдастырушылық қабілеттерді бойға сіңіру;
3. Тәрбиелеу міндеттері: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және еңбек, т.б.тәрбиелерге ықпал ету сияқты міндеттерді шешу қарастырылады.
Бұл міндеттер дене тәрбиесімен айналысушылар құрамына байланысты, олардың жас ерекшеліктеріне, денсаулық жағдайына, дене дамуының деңгейіне, дене әзірлігіне, сондай-ақ кәсіптік ынта-ықыласына қарай нақтыланды. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі мазмұны дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің дамуын, қоғамда алатын орнын, ерешеліктерін, заңдылықтарын белгілеп, талдайды. Мектепке дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері құралдары, бағдарламалары, жас кезеңіндегі дене тәрбиесі, дене тәрбиесіне үйрету, тәрбиелеу, дамыту, қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, мектепке дейінгі дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларын, дене тәрбиесін жоспарлау және есепке алу, дене тәрбиесіне әдістемелік басшылық, отбасы, мектеппен сабақтастық мәселелерін қамтиды.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері. Дене тәрбиесі жүйесінің барлық буындарында бір мақсат - өмірге, еңбекке, Отан қорғауға даярлау жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі балалық шақ дене тәрбиесінің міндеттері жалпы мақсаттық бағытты сақтай отырып, жас ерекшеліктерін ескере нақтыланады. Мектепке дейінгі жаста дене тәрбиесінің сауықтыру, білім беру, тәрбиелік міндеттері жүзеге асырылады.
Сауықтыру міндеттері. Мектепке дейінгілер дене тәрбиесінің міндеттері-өмір қорғау және денсаулық нығайту балалардың организмін шынықтыру болып табылады. Жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға сай жұмыс істеуімен анықталады. Денсаулық нығайту міндеттері бала организімінің даму ерекшеліктерінен туа отырып, әр жүйе бойынша әлдеқайда нақты түрде анықталады: дұрыс және уақытылы сүйектенуге, омыртқа иілістерінің қалыптасуына, табан үзінділігінің дамуына, байланыс буындық аппараттың нығаюына көмектесетін, дене бөліктерінің дұрыс арақатыста дамуына, сүйектердің өсуі мен салмағын реттеуге себепші болып; бұлшық еттердің барлық топтарын кеуде, арқа, аяқ-қол, алақан, табан, мойын, ішкі органдар, оның ішінде жүрек, қан тамырлары, бұлшық еттерін дамыту, нашар дамыған иіп жазғыш бұлшық ет топтарына айрықша көңіл бөлу; қанның жүрекке қарай ағуының күшеюіне, оның жиырылу жиілігінің және тұтқиылдан өзгерген жүкке бейімделу қабілетін жақсарта жәрдемдесу; тыныс жолдары еттерін нығайту, кеуде клеткасының қозғалғыштығын дамыту, тыныс алудың тереңдеуіне ауаны үнемді жұмсауға, тыныс ырғағының тұрақталуына, өкпенің ауа сыйымдылығын арттыруға себепші болу, мұрын арқылы дем алуды үйрету; ішкі органдардың дұрыс қызмет етуіне көмектесу, теріні зақымданудан сақтау және оның дұрыс қызмет етуіне жәрдемдесу; қозу және тежелу процестерінің тең қалыптылығына, олардың қозғалмалығына, белсенді тежелістің дамуына, сондай-ақ қимыл-қозғалыстық анализатордың, сезім мүшелерінің жетілуіне себепші болу.
Білім беру міндеттері. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде білім беру міндеттерін шешудің де маңызы аз емес. Қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, денені түзеу ұстау, гигиена дағдыларын бойға сіңіру, дене тәрбиесі туралы білімді игеру. Жүйке (нерв) жүйесінің икемділігі арқасында балаларда қимыл-қозғалыс дағдылары басқалармен салыстырғанда оңай қалыптасады. Олардың көпшілігін балалар күнделікті өмірде пайдаланады. Қимыл-қозғалыс дағдылары қоршаған ортамен байланыс жасауды жеңілдетеді және оны танып білуге көмектеседі: мәселен, еңбектеуді үйренген бала оны қызықтыратын заттарға өзі жақындайды да олармен танысады, шаңғы, велосипед тебе білетін балалар қардың, желдің қасиеттерін оңай танып біледі, жүзу кезінде балалар судың қасиеттерімен танысады. Дене жаттығуларын дұрыс орындау бұлшық еттердің, буындардың, бунақтардың, сүйек жүйесінің жетілуіне тиімді әсер етеді. Мысалы қолды артқа сілтей құлаштап лақтыру әдісін дұрыс үйренген бала құлаш сілтеу мен лақтыруды кеуде, аяқ, қол қозғалысының үлкен амплитудасымен орындайды, бұл бұлшық еттер, буындар, бунақтардың тиісті топтарының жақсы жетілуіне жағдай жасайды. Қалыптасқан қимыл-қозғалыс дағдылары баланың күш үнемдеуіне мүмкіндік береді. Осының арқасында жаттығуды көп рет қайталауға және жүрек қан тамырлары, тыныс жүйелеріне әлдеқайда тиімді әсер жасауға, сондай-ақ дене қасиеттерін дамытуға мүмкіндік туады. Нық қалыптасқан қимыл-қозғалыс дағдыларын пайдалану қимыл-қозғалыс және ойын іс-әрекетінің күтпеген жерден туатын міндеттерін ойластыруға мүмкіндік береді. Мәселен, жүгірген бетте ұзындықтан дұрыс секіруді үйренген бала, мысалы, Жар астында қасқыр бар ойынын ойнап жүргенде қалай секіру керек екендігін жайын ойламай, қасқырдан қалай құтылу жағдайын ойластырады.
Жеті жасқа дейінгі қалыптасқан қимыл-қозғалыс дағдылары мектепте оларды одан әрі жетілдірудің іргетасын қалайды және алдағы уақытта спортта жақсы нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Көптеген атақты спортшылар (И.Тер-Овенесян, В.Брумль т.б) дене жаттықтырумен үзбей айналысуды балалық шақтан бастаған. Мектеп жасына дейінгі балаларда негізгі гимнастика жаттығуларын (сапта тұрып жаттығу, жалпы жетілу жаттығулары, негізгі қозғалыстар-жүру жүгіру, теңдік сақтау, өрмелеу, жер бауырлап қозғалу, асып түсу, лақтыру, секіру), спорт жаттығуларын (шаңғы тебу, коньки, велосипед тебу, жүзу) орындауды қалыптастыру қажет. Мұнымен бірге балаларды спорттық элементтері бар ойындарды ойнай білуге үйрету керек (теннис, бадминтон, городки, волейбол, баскетбол, хок-кей, футбол т.б.). Жас мөлшеріне қарай бөлінген топтар бойынша қалыптастырылатын қимыл-қозғалыс дағдыларының көлемі Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасында берілген. Балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастырумен қатар алғашқы күндерден бастап, дене қасиеттерін (ептілік, шапшаңдық, күш, төзімділік, тепе-теңдік сақтау т. б.) дамыту қажет. Мұндай қасиеттерді дамытуға мүмкіндік бар екенін сандық көрсеткіштер дәлелдейді. Мысалы, күштің, шашаңдық пен ептіліктің дамуымен бірге секіру биіктігі, ұзындыққа лақтыру алыстығы артады. Төзімділікті дамыту балаларға дене жаттығуларын шаршамай жасауға, ұзақ жол жүруге мүмкіндік туғызады. Лақтырғанда көздеген жерге тигізу, секіргенде діттеген жерге дәл түсу, жүргенде, жүгіргенде бағдар сақтау -- балалардың көзбен шамалау қабілетінің жақсы екендігін дәлелдейді. Дене қасиеттерін дамытпайынша бала аса қарапайым жаттығуларды да орындау, қимыл-қозғалысты тілейтін іс-әрекетің алуан түрлерін жетілдіре алмас еді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тұлғаны дұрыс ұстау дағдысына, яғни бала отырғанда, тік тұрғанда, жүргенде денені дұрыс қалыпта сақтай білуге тәрбиелеудің маңызы зор. Тұлға дұрыстығының барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға сай қызмет етуі үшін үлкен мәні бар. Бірақ тұлғаның дұрыстығы дер кезінде қалыптастырылуы тиіс дағды. Бұл жаста жеке және қоғамдық гигиенаның бастапқы дағдыларын бойға сіңірудің (дене жаттықтырудың алдында қол жуу, мұрын тазалау, дәрет сындыру, костюмді, аяқ киімді күту, ойыншықтарды, дене шынықтыру құралдарын, бөлмені таза ұстау т. б.) үлкен маңызы бар. Балалардың денсаулығы көбіне, осы дағдыларға, әдеттерге байланысты.
Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесіне байланысты қарапайым білімді хабарлаудың маңызы бар. Алған білім балаларға неғұрлым саналы түрде айналысуға және балабақша мен отбасында дене тәрбиесі құралдарын неғұрлым толық өз бетімен пайдалануға тұлғаның дұрыстығын, қозғалыс техникасы, қимыл-қозғалыстық ойындардың ережелері туралы мағұлматты, сондай-ақ жеке және қоғамдық гигиена туралы қарапайым білімі болуға мүмкіндік береді. Балалар дене мүшелерінің аттарын, қозғалыс бағыттарын, дене тәрбиесі жабдықтарының аттары мен атқаратын қызметін, оларды сақтау мен күту, киімді, аяқ киімді күту ережелерін білулері тиіс. Дене тәрбиесіне қатысты білімдер балалар өскен сайын кеңейе түседі.
Тәрбиелік міндеттер. Дене тәрбиесі процесінде кең ауқымды тәрбиелік міндеттерді шешудің маңызы үлкен. Балаларда күн сайын дене жаттықтырумен айналысуға деген қажеттілікті, әдетті қалыптастыру, балалар мекемелерінде, үйде осы жаттығулармен өз бетінше айналыса білуді дамыту, неғұрлым қарапайым жаттығуларды құрдастарымен және біршама кіші жастағы балалармен бірге өткізу қажет. Балаларда спортқа деген сүйіспеншілікті, оның нәтижелеріне, спортшылардың жетістіктеріне деген қызығушылықты тәрбиелеу керек.
Дене тәрбиесі процесінде адамгершілік, ақыл-ой, эстетика, еңбек т.б. тәрбиелерді жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер болады. Дене жаттығуларын орындаған кезде мінездің жақсы жақтарын және адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу үшін, сондай-ақ ерік-жігер қасиеттерінің көрініс беруі үшін жақсы жағдайлар жасалады. Ақыл-ой және дене тәрбиесі өзара тығыз байланысты. Дұрыс дене тәрбиесі жүйке жүйесінің, барлық органдар мен жүйелердің қалыпты қызметі үшін мейілінше қолайлы жағдай туғызады, мұның өзі жақсы қабылдауға және есте сақтауға көмектеседі. Сонымен бірге балаларда тек дене тәрбиесіне ғана қатысты емес, іс-әрекеттің басқа түрлерінен мінез-құлықтары, табиғат және қоғам өмірі құбылыстары жайлы алған білімдері де бекемдене түседі. Балалардың барлық психикалық процестері, сондай-ақ ойлау процестері дамиды. Балаларда алған білімдері мен дағдыларын белсенділік, дербестік, зейінділік, ептілік, тапқырлық көрсете отырып, қимыл-қозғалыс іс-әрекеттерінде шығармашылықпен пайдалана білуді тәрбиелеу қажет. Мектеп жасына дейінгі балаларда сергек, жайдарлы көңілді қамтамасыз ете отырып, жағымды эмоцияларды тәрбиелеу, сондай-ақ жағымсыз психикалық көңіл күйді тез жеңе білуді дамыту өте маңызды. Бұл жағымды эмоциялардың барлық органдармен организм жүйелері жұмысына жақсы әсер ететіндігімен, қимыл-қозғалыс дағдылары қалыптасуының шапшаңдығымен беріктігін қамтамасыз ететіндігімен де қажет. Дене тәрбиесі эстетикалық тәрбиені жүзеге асыруға жақсы жағдай жасайды. Дене жаттығуларын орындау процесінде қимыл-қозғалыстың, дене тұлғасының сұлулығын, әсемдігін, мәнерлігін, костюмдердің, дене шынықтыру жабдықтарының, айнала қоршаған бүкіл ортаның әдемілігін қабылдау, сезіну, түсіну және дұрыс бағалау қабілетін дамытуды қолдап отыру, эстетикалық жағынан лайықты мінез-құлыққа ұмтылысты, әрекеттердегі, сөздердегі, қылықтардағы дөрекілікке төзбеушілікті тәрбиелеу орынды. Дене тәрбиесі процесінде еңбек тәрбиесі жүзеге асырылады. -Еңбекке даярлаудың мәні мынада, балаларда қимыл-қозғалыс дағдыларын шапшаң меңгеру қабілеті дамиды және еңбекке қажетті дене қасиеттері тәрбиеленеді. Сонымен бірге балалар бөлмені, балабақша үлескісін жабдықтаумен, дене тәрбиесі құралдарын сабақтар кезінде орын-орнына қоюға және жинауға байланысты еңбек дағдыларын меңгереді. Балалар дене тәрбиесі жабдықтарын күтіп ұстау жөніндегі еңбек дағдыларын бойға сіңіреді: қабырғадағы сатылардың, орындықтардың, тақтайлардың, доптардың, таяқшалардың, шеңберлердің шаңын сүртеді, шаңғылардың қарын тазалайды, оларды май жағып, ысқылайды, орындарына қояды, конькилерді сүртіп жинастырады, шаналардың қарын сілкіп түсіреді, велосипедтің шаңын сүртеді. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің процесі осы айтылған міндеттердің бәрі бірдей шешілетіндей болып құрылуы тиіс.
2 Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру жолдары.
2.1 Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары мен әдіс-тәсілдері және құралдары
Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары балалардың сан алуан іс-әрекетінің тәрбие-білім беру комплексі болып табылады, Бұл іс-әрекеттің негізі баланың қимыл белсенділігінен құралады. Бұл формалардың жиынтығын балалардың толық дәрежеде денесін дамыту және денсаулығын нығайту үшін қажетті белгілі бір қимыл режимін құрайды.
Балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына мыналар жатады:
1) физкультура сабақтары;
2) физкультуралық-сауықтыру шаралары (ертеңгілік гимнастика, физкультминутка, дене жаттығуларымен ұштастырылған шынықтыру процедураллары);
3) балалардың дене тәрбиесіжөніндегі күнделікті жұмыс (қимыл - қозғалыс ойындары, серуендер, жекелеген балалармен және шағын топтармен дербес жұмыс істеу, дене жаттығуларының сан алуан түрлерімен өз беттерінше айналысу, мейрамдар).
Бұл формалардың барлығы бәрі дене тәрбиесінің жалпы міндеттеріне және баланың жан-жақты дамуына жауап бере отырып, өзара байланысты болады. Олардың әрбірінің өзіндік арнаулы міндеттері бар.Олар мектепке дейінгі мекеменің күн режиміндегі міндеттің орнын анықтайды.
Балабақшаның түрлі топтарындағы дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларының арақатынасы балалардың жасын және жеке басты-типологиялық ерекшелігін олардың дене дайындығы дәрежесін, сондай-ақ белгілі бір топтың және бүкіл мекеменің нақты жағдайын ескере отырып, тәрбие-білім беру міндетімен анықталады.
Сәби жастағы топтың балаларымен жұмыс істеудің негізгі формасы дене жаттықтыруларымен жеке айналысу болып табылады (қимыл-қозғалыс ойындары, гимнастика, массаж).
Ертеңгілік гимнастика және физкультура сабақтары кішкентайлардың бірінші кішкентайлар тобынан бастап барлық топтарда жүргізіледі, бірақ әрбір топта олар қозғалыссыз материал мен сабақ өткізу методикасын іріктеу жөнінен өзіндік ерекшелікке ие болады.
Балабақшаның ересектер тобында маңызы басым физкультминуткалар жақсы тынығу және балалардың жұмыс қабілетін қалпына келтіру сәті ретінде сабаққа және екі сабақтың аралығына енгізіледі.
Шынықтыратын процедуралар барлық топтарда пайдаланылады. Алайда бөлме ішіндегі, даладағы қимыл - қозғалдыс кезіндегі бірте - бірте температурасы төмендейтін таза ауа ваннасы көбінесе ересектер тобында қолданылады.
Балаларды таза ауадағы қимыл - қозғалыс ойындары және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz