Педагогика ғылымының қызметтері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 97 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА-ГУМАНИТАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

ПЕДАГОГИКА пәні бойынша
лекция сабақтарын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау

Шымкент 2019
Құрастырғандар: ________________магистр, аға оқытушы Алимова Қ.Ш.

Әдістемелік нұсқау №2 хаттама 30.06.2016ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бекітілген типтік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

Әдістемелік нұсқау Педагогика және психология кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітуге ұсынылған.

№__хаттама, _____2019ж.

Кафедра меңгерушісі ______________ п.ғ.к., доцент Арзымбетова Ш.Ж.

Әдістемелік нұсқау Педагогика-гуманитарлық факультетінің әдістемелік комиссиясы мәжілісінде қаралып, бекітілуге ұсынылған.

№__хаттама, _____2019ж.

Төрайымы: _________________ п.ғ.к. Абуова Б.Ж.

Пән туралы қысқаша сипаттама

Пәннің қысқаша сипаттамасы: Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, рухани өмiрiне жаңаша көзқарас білім беру жүйесiне де түбірлі өзгерістер енгізуді талап етуде. Қазақстан Республикасының бiлiм беру мен тәрбие саласындағы саясаты "Бiлiм беру заңы" мен "Бiлiм беру iсiндегi мемлекеттiк саясат", "Оқу орындарынының жаңа түрлерi туралы ереже" сияқты құжаттар мен соңғы жылдары оқу-тәрбие саласына қатысты қабылданған бірқатар тұжырымдамаларда айқын көрсетiлген. Бұл құжаттарда жеке тұлғаның еркiндiгi мен шығармашылығын қалыптастыру мақсаттары көзделген. Ол жеке тұлғаның өз бiлiмiн жетілдіріп, өзiн-өзi тәрбиелеудi өз еліміздің ішкі және сыртқы саясатымен, еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуындағы ірі өзгерістермен, қоғамның оқу-тәрбие орындарының алдына қойған әлеуметтік тапсырыстарымен байланыстыруын, жаңаша iс-қимыл жасауын талап етеді.
Бұл көпсалалы игi мiндеттердi жүзеге асыру үшiн, ұлағатты ұстаздың кәсіби шеберлікке, жоғары мәдениеттiлікке, шығармашылыққа негізделген еңбегi қажет. Мұғалім қоғамдық мәдениеттiң көш басында болып, жеке тұлғаның мәдениеттi тәрбиеленуiне басшылық жасап, өзiнiң мәдениетi, әлеуметтiк құқын көрсете бiлгенде ғана, ол қазiргi заманның талабына сай өз борышын ақтап, үлгiлi iске үлкен үлес қоса алады. Педагогикалық бiлiм жүйесiн қайта құру мәселесi педагогика ғылымының мәнiн, ролiн арттырып, iстi жаңаша бастауды талап етедi.
Педагогикалық бiлiм кез келген педагог-маманның кәсіби қызметінің арқау-өзегi болғандықтан, бұл ғылым негiзiн меңгерген мұғалiмнiң өзінің педагог-маман ретіндегі кәсіби даярлығы жан-жақты, толымды болуы тиiс. Ал Педагогика пәнi болашақ мұғалiмдердi маман ретiнде теориялық тұрғыдан даярлауда маңызды орын алады. Өйткенi, Педагогика курсы студенттердi болашақта iс жүзiнде өзiнiң кәсiби қызметiнде басшылыққа алатын оқыту мен тәрбие процесiнiң iргелi идеяларымен, заңдарымен, заңдылықтарымен, оқу-тәрбие процесiнiң әдiснамалық негiздерiмен, принциптерiмен, жетекшi педагогикалық теориялармен қаруландырады.
Пәннің мақсаты: орта білім беру жүйесінде педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық бағыттылығы мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.
Пәннің міндеттері:
1.Студенттерді болашақ мұғалімді даярлаудың негізі ретіндегі мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің мәні мен өзгешелігі және кәсіби-педагогикалық іс-әрекет теориясы туралы білімдермен қамтамасыз ету.
2.Болашақ мұғалімдерде өзіндік кәсіби іс-әрекет пен қазіргі заман мұғалімі бейнесін жүйелі байқау біліктілігін қалыптастыру.
3.Үздіксіз кәсіби білім алуға ұстанымын қалыптастыру.
4. Болашақ мұғалімдерде дүниетанымдық ұстанымын дамыту және теориялық білімдерін практикалық біліктіліктерге алмастыру қабілеттері ретінде түйінді құзыреттіліктер жиынтығын (зерттеушілік, дидактикалық, тәрбиелік, коммуникативтік, ақпараттық және т.б.) қалыптастыру.
5.Студенттерде өздігінен білім алу, инновациялық және шығармашылық ғылыми-зерттеу іс-әрекеттеріне дайындығын дамыту.
6.Болашақ мұғалімнің кәсіби-маңызды тұлғалық қасиеттерін (ізгілік, педагогикалық ойлау, коммуникативтік дағды, педагогикалық әдеп, толеранттылық және т.б.) дамыту.

Лекция тақырыптарының тізімі

1.Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық рөлі
1.Заманауи мәдениеттегі білім берудің орны мен рөлі
2.Қазіргі білім беру парадигмасы: нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы
3.Дүниежүзілік білім беру жүйесінің негізгі даму бағыттары
4.Қазіргі кездегі орта білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар

2.Қазақстандағы білім беру жүйесі
1.Білім беру жүйесі туралы түсінік
2.ҚР білім беру жүйесінің құрылымы

3.Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде
1.Педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
2.Педагогика - қазіргі адамтанудың саласы
3.Педагогиканың объектісі, пәні және қызметтері
4.Педагогиканың негізгі категориялары (тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық үдеріс), олардың өзара байланысы

4.Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері
1.Педагогика ғылымының әдіснамасы мен педагогтың әдіснамалық мәдениеті туралы түсінік
2.Педагогика әдіснамасының деңгейлері
3.Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәні мен мазмұны
4.Мұғалімнің зерттеушілік іс-әрекетінің әдістері
5.Нақты педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу әдістемесі

5.Жеке тұлға тәрбиенің объектісі, субъектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасуының факторы
1.Тұлға, адам, индивид, даралық ұғымдары және олардың арақатынасы
2.Тұлғаны дамыту, тәрбиелеу, қалыптастыру, әлеуметтендіру ұғымдарына және олардың арақатынасына сипаттама
3.Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін факторлар
4.Жеке тұлға дамуының жас ерекшелігі туралы түсінік, оның табиғи әлеуеті
5.Балалардың психофизиологиялық әркелкі дамуы (жас ерекшеліктер дағдарысы, дарынды балалар, акселерация)

6.Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мәні және құрылымы
1.Мұғалімнің іс-әрекет объектісі, педагогикалық үдеріс ұғымдары (П.Ф.Каптеров, Н.Д.Хмель, В.А.Сластенин және т.б.)
2.Педагогикалық үдерістің белгілері мен сапа-қасиеттері
3.ТПҮ компоненттерінің құрылымы мен сипаттамасы, қызметтері (білімділік, тәрбиелік, дамытушылық)
4.Қарама-қайшылық - педагогикалық үдерістің қозғаушы күші
5.Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы туралы білім - мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің негізі

7.Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
1.Тәрбиенің мақсаты - тұтас педагогикалық үдерістің жүйе түзуші факторы
2.Педагогикалық ойлар тарихындағы тәрбие мақсаты туралы мәселелер
3.Әлемдік және ұлттық мәдениет - тәрбие мақсатын анықтаудың әдіснамалық негізі

8.Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны
1.Тәрбие мазмұны ұғымы
2.Тәрбиенің мақсаты, міндеттері мен мазмұнының өзара байланысы
3.Тәрбиенің түрлері және оларға сипаттама
4.Ұлттық тәрбиелік әлеует
5. Әлеуметтену контекстіндегі тәрбие

9.Тәрбиенің құралдары мен формалары
1.Тәрбиенің құралдары, формалары, әдістері туралы түсінік, олардың өзара байланысы
2.Тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері
3.Тәрбиенің инновациялық, интерактивті әдістері және тәрбие технологиясы
4.Тәрбие құралдарын, формалары мен әдістерін анықтаудағы мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігі

10.Балалар ұжымы - тәрбиенің объектісі және субъектісі
1.Педагогика ғылымындағы ұжым ұғымы
2.Ұжым-тәрбиенің объектісі және субъектісі, ұжымның мәні
3.Ұжым теориясы мен практикасының қалыптасуы және дамуындағы А.С.Макаренконың рөлі
4.Тәрбиелеуші ұжым - оқушының тұлғалық әлеуметтенуінің факторы

11.Сынып жетекшісі - сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы
1.Сыныптың тәрбие жүйесі және оны басқару туралы ұғым
2. Сынып жетекші жұмысының мақсаты мен міндеттері
3. Сынып жетекші мен оқушылар ата-анасының ынтымақтастығы
4. Сынып жетекшісінің кәсіби құзыреттілігі

12.Отбасы тәрбиесінің негіздері
1.Отбасы - бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және белсенді субъектісі
2.Отбасында педагогикалық үдерісті ұйымдастыру
3.Отбасындағы тәрбиенің этникалық ерекшеліктері
4.Отбасы мен педагогикалық ұжым жұмысындағы сынып жетекшісінің рөлі

13.Оқыту үдерісінің маңызы
1.Дидактика - оқыту және білім беру теориясы
2.Дидактиканың негізгі категориялары
3.Оқытудың психологиялық негіздері
4.Қазіргі мектептегі электронды оқыту жүйесі
5.Дидактикалық құзыреттілік - мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігінің құрылымдық компоненті

14.Қазіргі мектептегі білім беру мазмұнының ғылыми негіздері
1.Білім мазмұны - тұтас педагогикалық үдерістің компоненті
2.Білім мазмұнының негізгі компоненттері
3.Білім мазмұнын анықтайтын нормативті құжаттарға сипаттама
4.12 жылдық мектепте білім мазмұнын пәнаралық байланыс негізінде интеграциялау

15.Оқыту формалары, әдістері мен құралдары ТПҮ-нің қозғаушы механизмі ретінде
1.ТПҮ-тің оқыту құралдары - іс-әрекет түрлері
2. Оқыту формалары мен әдістері, құралдары туралы түсінік,олардың өзара байланысы
3.Қазіргі заманғы мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың формалары
4. Сыныптан тыс оқу жұмысының формалары

16.Сабақ - оқытудың негізгі формасы
1. Сабақ - тұтас жүйе, оның компоненттері мен міндеттері
2.Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар
3.Сабақта оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың топтық, дербес, фронтальды формалары
4.Сабақты ұйымдастырудың дәстүрлі емес формалары
5.Сабақты талдау және өзіндік талдау - басқару объектісінің сапасы туралы жаңа білімді алу әдісі

17.Оқыту әдістері
1.Оқытудың әдістері мен әдістемелік тәсілдері
2.Оқыту әдістерінің дидактикалық, психологиялық және технологиялық аспектілері
3.Оқыту әдістерінің көптүрлілігі
4.Оқытудың инновациялық, интербелсенді әдістері

18.Оқытудағы диагностика және бақылау
1.Диагностика, бақылау, бағалау, оқушылардың оқу жетістіктерін есепке алу ұғымдарының мәні
2.Үлгерім - оқушылардың оқу жетістігінің сипаттамасы
3.Оқу іс-әрекетінің нәтижесін бақылау және бағалау қызметтері: ынталандыру, дамыту, білімдік, үйретушілік, бақылаушылық, тәрбиелік
4.Оқушылардың оқу жетістігін бақылау мен бағалаудың қазіргі заманғы формалары. Тесттік және рейтингтік бақылау

19.Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі оқыту технологиялары
1.Педагогикалық технология туралы түсінік
2. Әдістеме, технология, оқыту технологиясы, педагогикалық технология ұғымдарының арақатынасы
3.Қазіргі педагогикалық технологияларды әр түрлі тұрғыдан жіктеу
4. Педагогикалық технологиялардың түрлері

20.Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару
1.Педагогикалық менеджмент ұғымы
2.Басқарудың мәні және оның негізгі қызметтері
3.Мектептегі педагогикалық үдерісті басқарудағы алқалық ұйымның қызметтері (педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес)
4.Мұғалімдерді аттестациялау - олардың кәсіби шеберлігінің шынайы деңгейін айқындайтын құрал

Әдебиеттер тізімі:
1.Негізгі әдебиеттер
1.Педагогика. 2015. Әлқожаева. Н.С.
2.Педагогика. 2016. Дүйсенбаев. А.Қ.
3.Педагогика. 2014. Усманов.Ә.Ә. Сәрсенбаева.М.Б.
4.Дидактика. 2013. Әмірова.Ә.С.
5.Педагогиканың философиясы және әдіснамасы. 2016. Таубаева.Ш.Т.
6.Педагогика. 2014. Каракулов. К.Н.
7.Педагогика. 2015. Дүйсенбаев. А.Қ.
8.Педагогиканың ғылыми-зерттеу әдістері. 2015. Асанов.Ж., Әбдіхалық.Н
9.Педагогикалық ғылыми зерттеу теориясы мен әдістемесі. 2016. Жиенбаева. С.Н.
10.Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістері.2015. Жұмабекова.Ф.Н., Нұрғазиева.Н.М.
11.Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері. 2014.Жұмабекова Ф.Н., Нұрғазиева Н.М.

Қосымша әдебиеттер:

1.Педагогикалық мамандыққа кіріспе. 2014. Жұмабекова.Ф.Н.
2.Педагог мамандығына кіріспе. 2017. Бұлақбаева.М.К.
3.Педагогика тарихы. 2016. Меңдаяхова. Қ.Тайтелиева.Л.Р.
4.Кәсіби педагогика.2012. Дүйсембінова.Р.Қ.
5.Педагогикалық жүйетану негіздері.2015. Мұханбетжанова.Ә.
6.Арнайы педагогика 2016. Заркенова.Л.С., Омарова.Н.Н., Ильясова.Б.И.
7.Педагогика тарихы бойынша атлас. 2012. Коркина.В.И., Әбідина. С.К.
8.Арнайы педагогика және психология негіздері. 2016. Мадалиева.З.Б., Әрінова.Б.А.
9.Арнайы педагогика. 2016. Дүйсенбаев.А.Қ., Балтымова. М.Р
10.Педагогиканың қысқаша тарихы. 2013. Артемьев.А.И.
11.Жоғары мектеп педагогикасы.2014. Шалғынбаева.Қ.Қ., Албытова.Н.П., Сламбекова.Т.С.
12.Жоғары мектеп педагогикасы.2016. Бұлақбаева.М.К.
13.Қазіргі замандағы педагогикалық техналогиялар.2014. Бөрібекова.Ф.Б. , Жанатбекова.Н.Ж.
14.Педагогикалық практикада студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру.2016. Балабаева.А.И.
15.Педагогикалық ғылыми зерттеу теориясы мен әдістемесі. 2016. Жиенбаева.С.Н.
16.Пәнаралық байланыс негізінде студенттердің эстетикалық талғамын дамытудың педагогикалық шарттары.2016. Дарменова.Р.А.
17.ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялылардың педагогикалық ой - пікірлері.2016.Байменова.Б.С
18.Педагогикалық сөздік. 2016. Ыбыраимжанов.Қ.Т., Қоянбаева.Г.Р

3.Интернет көздері
1.http:www.pedagogik.mgou.ru
2.http:www.myweb.ru
3.http:www.ehoo.ru
4.http:www.bigmax.ru

Лекция№1
Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық рөлі
Лекция жоспары:
1.Заманауи мәдениеттегі білім берудің орны мен рөлі
2.Қазіргі білім беру парадигмасы: нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы
3.Дүниежүзілік білім беру жүйесінің негізгі даму бағыттары
4.Қазіргі кездегі орта білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар

Лекция мәтіні:
1.Заманауи мәдениеттегі білім берудің орны мен рөлі
XXI ғасырда кәсіби еңбектің интеллектуализациялау тенденциясы белгіленіп, университеттік білім берудің маңыздылығы көтерілді. Өйткені қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық құрылымдағы, іскерлік, экономикалық, әлеуметтік қатынастары жүйесінде қоғам болашақ маманды дайындаудың сапасына жоғары талап қоюда. Осыған орай жаңаша ойлайтын маманды қалыптастыруға бағытталған университеттік дайындаудың жаңа парадигмасы өзекті болып келеді де, яғни қоғамның осы кездегі қалыптасуының талаптарына жауап беретіндей жоғары оқу орындарындағы білім беру студент тұлғасы дамуының жоғарғы деңгейін жеткілікті түрде қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Қоғамның жаңа типін құру барысында, жаңа құндылықтар жүйесіне бағытталған, білім берудің негізгі мақсаты жоғары шығармашылық мүмкіншілігі бар болашақ маман тұлғасын қалыптастыру болып табылады. Бұл сонымен бірге педагогикалық кадрларды дайындаудың проблемасын одан әрі өзекті етеді. Біздің қоғамымызда адамдық қатынастардың жалпы гуманизациясының, жаңа ұрпақтың рухани қалыптасуының, білім берудің түбегейлі жаңаруының бағдарламаларының жүзеге асуы көп жағдайда мұғалім тұлғасымен байланысты болатыны баршамызға мәлім. Соның ішінде педагогикалық іс-әрекетте тұлғалық фактор жетекші болады, өйткені адам-адам жүйесінде әсер етудің эффектісі әсер етудің өзіндік мүмкіншілігі бар адамды жетілдірудің деңгейімен анықталады. Қазіргі кездегі педагог егер жоғары оқу орнында оқыту үрдісі барысында онда үнемі өзін-өзі дамыту қажеттілігі қалыптасқан болса алдына қойылған міндеттерді іске асырады. Сондықтан да, классикалық университеттік білім беру жағдайларында болашақ педагогикалық кадрларының кәсіби өзін-өзі дамытуды қалыптастыру проблемасына ерекше назар аударылады.
Әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған білім берудің жаңа жүйесінің қалыптасу процесі білім беру парадигмасының ауысуымен сипатталады: дәстүрлі субъект-объектіліктен гуманистікке, тұлғаға бағытталған субъект-субъекттілікке. Осыған байланысты айтатынымыз, ХХ ғасыр соңынан бастап білім беру жүйесі білім берудің гуманистік парадигмасына сәйкес дамиды. Онда маңызды құндылығы болып адамның тұлғасы қарастырылады, яғни оның барлық потенциалды мүмкіншілігін дамыту болып табылады. Осы тұрғысынан қазіргі маманның білім беру сферасында үздіксіз білім алуға, шығармашылық тұрғысынан өзін-өзі жетілдіруге дайындығын айтамыз.
Сондықтан да болашақ маманның өзін-өзі дамытуын зерттеу жұмысы адам дамуының негізгі философиялық, психологиялық, педагогикалық теорияларын талдауды айқындайды. Зерттеудің екінші маңызды жағы - белгілі бір методологиялық ұстаным мен тұлғаның өзін-өзі дамытудың зерттеу әдістемесін таңдау. Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың проблемасы үш тұрғыдан қарастырылуы керек, оларда оның мағынасы ашылуы тиіс: философиялық, психологиялық, педагогикалық. Философиялық зерттеулерде осы проблема адамды дамыту тұрғысынан қарастырылады. Психологиялық зерттеулерде тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамыту тұрғысынан зерттеленеді. Педагогикалық зерттеулерде болашақ маманның кәсіби дамуы тұрғысынан қаралады. Философиялық, психологиялық, педагогикалық зерттеулерде қарастырудың келесі бір негізі - болашақ маман-педагог адам ретінде, тұлға ретінде, маман ретінде кәсіби өзін-өзі дамытудың субъектісі ретінде болуы.
2.Қазіргі білім беру парадигмасы: нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы
Философиялық, педагогикалық және психологиялық ғылымда адам тұлғасының қалыптасу проблемасы бойынша білім қоры жинақталған. Оларға философтардың жасаған адамның гуманистік тұжырымдамасы жатады. М.М.Бахтин, В.С.Библер, Н.А. Бердяев, Л.В.Коновалова, О.Н.Крутова, М.К.Мамардашвили, А.Г.Шварцман, т.б. пікірінше адам тұлғасының ерекшелігі, өзгешелігі мен өзіндік құндылығы ерекшеленеді, адамның рухани дамуы, өзінің өмірлік орнын айқындау мен экзистенционалдық таңдауға дайындығы анықталады. Ресей педагогикасы мен психологиясында адамның мәні адам өз өміршендігінің субъектісі ретінде және өзін-өзі дамытатын шығармашыл тұлғаның субъектісі ретінде қарастырылады: Б.Г.Ананьевтің, А.Г.Асмоловтың, Л.С.Выготскийдің, О.С.Газманның, Э.В.Ильенкованың, Н.Б.Крылованың, Л.Н.Куликованың, А.Н.Леонтьевтің, В.Н.Мясищевтің, С.Л. Рубинштейннің, В.И.Слободчикованың және т.б. еңбектерінен көруге болады.
Қазақстандық зерттеушілердің еңбектерінде білім беру сферасында тұлғаның этномәдениеттік қызығушылықтарын іске асыру туралы Л.Гумилев, Н.Джандильдин қарастырған. Келесі қазақстандық ғалымдардың еңбектерінің үлкен маңыздылығы бар. Оларда, нақты айтқанда, казақ халқының педагогикалық-психологиялық ойларының пайда болуы мен дамуы туралы зиялы тұлғалардың ерекшеліктерін зерттеумен байланыстырып сөз етіледі. Адам тұлғасының дамуына қазақ халық педагогикасының әсері туралы ғылыми-педагогикалық негіздерін Сәдуақас Қалиев қарастырған, тұлғаға әсер етудің эстетикалық тәрбиенің заңдылықтары мен ерекшеліктерін С.Ұзақбаева, Ә.Табылды зерттеген. Оқушы жастардың тұлға ретінде қалыптасып, дамуына қазақ халқының көркем мәдениетінің даму рөлі туралы М.Балтабаев зерттеген. Бірақ өкінішке орай, білім берудің қалыптасқан жүйесі, директивті педагогиканың теориялық көзқарасы мен әдістерінің жүйесі ретінде қаралады. Оның психологиялық мазмұнында оқушы-студент туралы пассивті, тәуелді және өзін-өзі басқаруға, өзін-өзі ұйымдастыруға және өзін-өзі дамытуға қабілетсіз деп түсінік беріледі, яғни осындай тұлға болашақта маман ретінде қоғамның әлеуметтік тапсырыстарын орындай алмайды.
Философияда тұлға әлеуметтік және биологиялық сипаттамалары бар адам ретінде анықталады. Әр адам, тұлға бола тұра, бір жағынан, жеке болады, екінші жағынан - әлеуметтенген болады, яғни әлеуметтік маңызы бар қасиеттерімен сипатталады. Әлеуметтік сипаттамалар маңызды болып анықталады: дәл солар өмірдегі жетістікті анықтайды. Кезкелген адамның әлеуметтік түрі болады. Тұлғаның түрі қоғамның түрімен анықталады.
Психологтар үшін тұлға - психиканың сапасы, ол адамның қоғамда дамуының нәтижесі ретінде анықталады. Тұлға психикалық ұйымдастыру түрлері иерархиясының жоғары ерекше деңгейі ретінде, өмір мен іс-әрекет субъектісі ретінде, қоршаған ортаны және өзін-өзі өзгертетін адам ретінде, индивидтің бір әлеуметтік қасиеті ретінде, әлеуметтік байланыстар мен қатынастарды дамытудың және болмысының жеке формасы ретінде қарастырылады.
Педагогиканы тұлғаның өз қасиеттерінің, процестерінің, жағдайларының, өзінің психикалық мүмкіншіліктерінің реттеушісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Одан басқа, тұлға ұғымы басқарудың, өзін-өзі басқарудың, өз қабілеттерін, қажеттіліктерін, сезімдерін реттеудің тұлғалық деңгейі туралы көзқарастарды кіріктіреді.
Осыған орай әрі қарай қарастыруды талап ететін негіздемелері ретінде келесі тұжырымдамаларды айтамыз: педагогикалық процестің тұтастығы, адам мәдениеті мен адамгершілігінің қайта жаңаруы ретіндегі тәрбиенің тұтастығы, аксиологиялық көзқарас. Оларды тұлғаға-бағдарлаушылық білім берудің ғылыми негіздерін өндіріп, біріктіреді. Оның мәні - болашақ маман тұлғасының өзін-өзі дамытуына және әлеуметтенуіне бағытталған, индивидтің тұлғалық қызметтерін дамытуға бағытталған педагогикалық жүйенің бағдарлануында. Біздің көзқарасымыз бойынша, тұлғаға-бағдарлаушылық көзқарасы оқыту процесі барысында әр студенттің тұлғасы дамуы үшін ыңғайлы білім беру ортасын жасауға бағытталған.
Өзін тұлға ретінде қабылдайтын болашақ маман қоршаған адамдарды қабылдауға деген өзіндегі мүмкіншілігін ашады (әріптестерін, балаларды, оқушыларды және т.б.), оларды өзіндей көреді және олардың жеке ерекшелігін сыйлайды. Педагогикалық жәня психологиялық білім берудің негізгі міндеті - оқушыларды өздігінен ойлауға, проблемаларын шешуге, яғни тұлғалық өсуін қамтамасыз ету үшін өз қасиеттерін қолдануға үйрететін педагог-психологты тәрбиелеу.
Білім берудегі тұлғаға-бағдарлаушылық көзқарас маман тұлғасының шығармашылық дамуы мен тәрбиесін қамтамасыз ететін ең тиімді формаларының, әдістерінің және тәсілдерінің іздестіру аспектісінде орындалатын оның субъектілерінің тұлғалық қызметтерін дамыту мен толық көрініс беру үшін жағдайлар жасаудан тұрады. Студенттердің тұлғаға-бағдарлаушылық дамудың міндеті бірқатар еңбектерде негізделеді (В.В.Сериковтің, А.В.Петровскийдің, А.К.Маркованың және т.б.). Педагогты дайындау олармен алдағы педагогикалық жұмыстың субъект іс-әрекеті барысында қалыптасатын тұлғалық-бағдарлаушылық мән-мағыналардың және субъект іс-әрекетімен айқындалатын күрделі үрдісі ретінде қарастырылады.
Тұлғаға бағытталған көзқарастың білім беруге деген мақсаты сырттай берілген қасиеттерді қалыптастыру деп қаралмайды, оның негізгі мәні тұлғалық мүмкіншілікті ашу және демеу, тұлғаның рухани және моральдық мүмкіншіліктерін анықтау, оларды өзін-өзі дамытуға кіріктіру деп түсінеміз. Сондықтан да педагогикалық және психологиялық тұрғысынан болашақ маманның өзін-өзі дамыту іс-әрекеті мен оның өзіндік санасының ерекшеліктерін тұлғаның кіріктірілген компоненті ретінде зерттеу маңызды болады.

3.Дүниежүзілік білім беру жүйесінің негізгі даму бағыттары
Білім беру ісінде қазіргі кезеңде үлкен өзгерістер жүруде:
:: Білім беру жүйесінің жаңа ұлттық моделін құрастыру;
:: Білім беру ісін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;
:: Халықаралық білім беру жүйесіне интеграциялану;
::Білім беруді ақпараттандыру, компьютерлендіру, технологияландырыу
және т.б. іс-шаралар мемлекет тарапынан көтеріліп жасалуда.
Педагог деп бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын қызметкерлерді атаймыз.
Педагогикалық мамандық бұл білім алу барысында пайда болатын білім, іскерлік, дағыдылардың жиынтығымен сипатталатын және кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуге бағыталған белгілі бір біліктілікке ие болатын педагогикалық кәсіби топтың іс-әрекетінің бір түрі.
Педагогикалық мамандықтың негізгі мақсаты - қоғамдық мақсаттарды түсіну және өз тәрбиеленушілерін осы мақсаттарға жетуіне жағдай жасап, бағыттау.
Мұғалім мамандығының негізгі ерекшеліктері:
- гуманистік сипаты;
- ұжымдық сипаты;
- адаптивтік (бейімдеуші) сипаты;
- шығармашылық сипаты;
- қарым-қатынас жүйесінде болуы;
- мұғалім тұлғасының үлгі, өнегелік сипаты және т.б.
Мұғалім мамандығы табиғаты жағынан гуманистік (адамгершіліктік) сипатқа ие мамандықтардың бір түрі. Оқыту барысында мұғалім адаптивті (бейімдеу) және гуманистік мақсаттарды жүзеге асырады. Адаптивтік мақсаты ол оқушыны, тәрбиеленушіні үйретумен, социомәдениеттік жағдайлардың нақты талаптарына дайындайды, бейімдейді. Педагог өзінің тәрбиеленушісін белгілі бір әлеуемттік жағдайларға дайындап, қоғамның қойып отырған талаптарына үйретеді. Ал гуманистік мақсаты оқушының жеке тұлғасын дамытып, шығармашылық дербестігін шыңдауға мүмкіндік жасау. Мұғалім мамандығы бір уақытта жеке тұлғаны қалыптастырушы, әрі оны басқарушы мамандық болып табылады. Оның басты мақстатарының бірі жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту болғандықтан ол адамның инттелектуалдық, эмоциональдық, физикалық дамуын басқарып, оның рухани әлемінің негізін қалыптастыру.
Мұғалім мамандығының бір ерекшелігі ол адам-адам жүйесінде жұмыс жасауы. Бірақта ол осы жүйеде жұмыс жасайтын басқа мамандықтармен салыстырғанда оның еңбегінің нәтижесіне тек бір өзі ғана ықпал етпеуімен ерекшеленеді. Яғни, жеке тұлғаның қалыптасуына мұғалім, отбасы, орта және т.б. әсер етеді. Сондықтан мұғалім мамандығы ұжымдық бастау алады.
Мұғалім мамандығы шығармашылық сипатқа ие мамандықтардың бірі. Мұғалім үнемі ізденіс, шығармашылық үстінде болуы тиіс. Шығармашылық педагогикалық іс-әрекеттің ұйымдастырлуы мен оның мазмұнын тиімді құрастыруға ықпал етеді. Мұғалім шығармашылығы педагогикалық міндеттерді тиімді шешуіне мүмкіндік жасайды.
Мұғалім мамандығы қарым-қатынас жүйесінде болуымен ерекшеленеді. Басқа мамандықтарға қарағанда мұғалім мамандығы қарым-қатынас жасау іскерлігін жоғары деңгейде игеруді талап етеді. Қарым-қатынас арқылы мұғалім тұлғаға ықпал етіп, оның тәрбиелі болуы мен білімінің қалыптасуына жағдай жасайды. Қарым-қатынас, яғни сөз мұғалім еңбегінің басты қаруы.
Мұғалім тұлғасы үлгі, өнегелік сипатқа да ие. Мұғалім өзінің тек беретін білімі мен тәжірибесі арқылы ғана тұлға қалыптасыру процесіне әсер етпейді, сонымен бірге оның жеке басының өзі оқушы тұлғасына ықпал жасайды. Сондықтан мұғалім әрқашанда бала алдында адамгершілігі мол, тәрбиелі, адам жанын түсінетін, терең білімді еліктеу үлгісі болуы керек. Мұғалім мектептен тыс уақыттарда өзінің сөзі мен ісі бір жерден шығып жатуына назар аударуы керек.
Педагогикалық мамандықтың негізгі мәні оның іс-әрекетіне байланысты болып табылады. Мұғалімдер әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрін атқарады, яғни адамзат жинақтаған мәдениет пен тәжірибені аға ұрпақтан жас ұрпаққа беруге бағытталады, оларды қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік рөлдерді меңгеруге дайындайды.

4.Қазіргі кездегі орта білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар.
Үздіксіз білім беру жүйесінің ең негізгі буыны Қазақстан Республикасы Конституациясының 30-бабына сәйкес барлық азаматтар үшін міндетті болып саналатын орта білім жүйесінде елеулі өзгерістер бар. Бұрынғы үлгідегі кәсіптік-техникалық білім саласы арнаулы орта білім ретінде енгізілді. Осыған орай колледждерге түсу базасы өзгертілді. Егер осы уақытқа дейін қолданылып келген білім үлгісі бойынша колледждерге тек 11-сынып бітіргендер ғана түсе алатын болса, енді жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбын бітіргендер қабылданатын болады. Колледжге қабылданған 11-сынып бітіргендердің оқу мерзімі олардың жалпы білім беретін немесе кәсіптік мектептердегі алған білімдеріне сәйкес қысқартылады.
Жалпы бұл деңгей жаңа үлгіде үш сатыдан: бастауыш мектеп (1-4-сыныптар), негізгі мектеп (5-9-сыныптар) және орта мектеп (10-11сыныптар) сатыларынан тұрады.
Әлем мектептерінің құрылымына зер салсақ, міндетті оқу көлемі әр елде әр түрлі. Міндетті білім Англия, Швеция, АҚШ, Жапония секілді елдерде тоғыз жылдық орталау мектеп, Эстонияда он жылдық, Венгрия, Румыния, Чехияда сегіз жылдық болып саналады. Ал, Ресейде 8 немесе 9 жылдық орталау мектеп бітіру міндеттелген. Жалпы білім беретін орта мектеп аталған елдердің бәрінде 12 жылдық болып құрылған. Тек Ресейде үш жылдық бастауыш мектепке негізделген он жылдық мектептермен қатар төрт жылдық бастауыш мектеп бітірген оқушылар 11 жылдық немесе 12 жылдық мектепті тәмамдайды.
Жаңадан қабылданған білім беру жүйесінің тұжырымдамасында 1997 жылғы қабылданған Лиссабон конвенциясы бойынша әлемдік білім кеңістігіне интеграциялануды, дипломдарымыз бен аттестаттарымызды мойындау үшін, отандық білім жүйесі білім берудің ұзақтығы факторын орындауы керек, демек жаңа білім мен ақпаратты алу жағдайында интеллектуалдық мүмкіндіктерді дамытуда 12 жылдық орта білім беруге кезеңмен көшуді іске асыру қажеттілігін ерекше күн тәртібіне қойып отыр. 12 жылдық оқытуға көшу:
- жоғары сыныптарда оқыту үрдісін мамандықтарға бағыттау арқылы шәкірттердің дара қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасауға мүмкіншілік береді;
- шәкірттердің даралық қажеттіліктерін, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды ескере отырып, оқу бағдарламаларын тиімді ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды;
- Лиссабон конвенцияларының ұсыныстарына сәйкес халықаралық деңгейде оқытудың және білімдік бағдарламалардың ұзақтығы бойынша университетке дейінгі білім беруді салыстыруды қамтамасыз етеді;
- сонымен қатар Қазақстандық қоғамның дамуы ерекшелігін, оның ішінде жастарды қалыптастырудың білімдік, тұлғалық тұрғыдан жоғары қарқынын, өз тарихы, мәдениеті, менталитеті мен білімдік базасын, 12 жылдық оқытудың балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтену үрдістеріне әсерін ескеруді қажет етеді.
Қазіргі кезде отандық 4+5+2 құрылымы қолданылады, оның жоғары деңгейінде мамандыққа саралау, даралау жеткіліксіз іске асады, шын мәнінде оның өте аз тиімділігінің көрсеткіші болып табылады.
Болашақта төмендегідей құрылымға өту жоспарланған:
Базалық орта білім беру - 10 жыл;
Мамандыққа оқыту - 2 жыл, 3 бағыт бойынша:
техникалық;
ғылыми - жаратылыстану;
әлеуметтік- гуманитарлық.
Ұсынылып отырған деңгейлер және орта білім берудің мазмұны 12 жылдық білім беруге жеңіл де, ешқандай қиындық көрмей өтуге, оған бейімделуге мүмкіншілік жасайды. Осындай құрылым мен мазмұн қазіргі жағдайға сәйкес келеді және ЮНЕСКО-ның ұсыныстарын іске асыруға бағытталған.
Жалпы білім беретін мекемелер негізінен мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер болып табылады, сонымен қатар жаңа тұрпатты оқу орындары гимназиялардан лицейлерден тұрады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Педагогика. 2015. Әлқожаева. Н.С.
2.Педагогика. 2016. Дүйсенбаев. А.Қ.
3.Педагогика. 2014. Усманов.Ә.Ә. Сәрсенбаева.М.Б.
4.Дидактика. 2013. Әмірова.Ә.С.
5.Педагогиканың философиясы және әдіснамасы. 2016. Таубаева.Ш.Т.
6.Педагогика. 2015. Дүйсенбаев. А.Қ.
7.Педагогика. 2014. Каракулов. К.Н.

Лекция№2
Қазақстандағы білім беру жүйесі

Лекция жоспары:
1.Білім беру жүйесі туралы түсінік
2.ҚР білім беру жүйесінің құрылымы

Лекция мәтіні:
1.Білім беру жүйесі туралы түсінік
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуында жетекшi рөл атқарады, сондай-ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогы К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 8-бабында Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында айқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі - рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы білікті адамға бағытталған білімнен мәдениет адамына бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық-коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық-дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін үнемі оқып-үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты - мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну - қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда құзырлылық ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова Құзырлылық ұғымы - соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.
Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы компетенсбелгілі сала бойынша жан-жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева ... өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын - құзырлылықтар деп атаймыз деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы .
Латын тіліндегі компетенссөзін ғалым К.Құдайбергенова Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез-құлқын , ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет деп жазса, Б.Тұрғанбаева Құзырлылыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады. Өйткені,құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың өздерін ұйымдастыру - басты мақсаты деп көрсетеді.
2.ҚР білім беру жүйесінің құрылымы
Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби - тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.
1.Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.
2.Әлеуметтік құзыреттілік- кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.
3.Білім беру құзыреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның негііздерін қолдана білу қабілеті.
Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін -өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Студенттер оқытушы қауымнан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы: жедел шешім қабылдаушы:ерекше ұйымдастырушылық қабілетті: нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы - бұл қазіргі заманның талабы.Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім - қазіргі студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың , интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.
Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады:
* бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б);
* мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);
* оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);
* коммуникативтік құзіреттілік ( адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);
* ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);
* әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);
* тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).
Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан- жақты болуы талап етіледі.Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана студент құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан- жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарына қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Педагогика. 2015. Әлқожаева. Н.С.
2.Педагогика. 2016. Дүйсенбаев. А.Қ.
3.Педагогика. 2014. Усманов.Ә.Ә. Сәрсенбаева.М.Б.

Лекция№3
Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде

Лекция жоспары:
1.Педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы.
2.Педагогика - қазіргі адамтанудың саласы.
3.Педагогиканың объектісі, пәні және қызметтері.
4.Педагогиканың негізгі категориялары (тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық үдеріс), олардың өзара байланысы.

Лекция мәтіні:
1.Педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы.
Қандай да болмасын ғылым салаларының дамуы қоғамның өмірлік мұқтаждығынан, талабынан туады. Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туған. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады. Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті.Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер әртедегі шығыс елдерінің (Мысыр, Вавилония, Унді, Қытай) философиялық жүйесінде дамып, кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады.Ежелгі дуние философиясы ертедегі шығыс елдерінің қорытып жиыстырған білім мұрасын дамытқан еді. Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және әрекшелігі сияқты педагогикалық мәселелерді қарастырады. Феодалдық қоғамда (орта ғасырда) тәрбиеге деген көзқарас мүлдем өзгәрді. Әрте дүние педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерінің қатар дамуы көзқарасының орнына "о дүниелік өмірге" дайындауды ұсынған пікірлер қалыптасты.
ХУ-ХУI ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын сынады. Адамның жеке басының тәрбиесін оның дамуы ойшылдарды толғандырды, мәдениет пен педагогикалық бағыт "гуманизм" деп аталды (Ф.Рабле, Т.Мор, Т.Кампанелла).
Гуманистер жаңа дәуір үшін жаңа адам қажеттігін дәлелдеді.
Феодализмнен капитализмге өту деуірінде дін шығармауындағы ғылымдар дамып, жеке бөлініп шыға бастайды.Осы кезде педагогика да өз алдына ғылым ретінде бөлініп шықты. Сол ғасырда педагогиканың жеке ғылым ретінде мәртебесі чех халқының ұлы педагогы Ян Коменскийдің (1592-1670) "Ұлы дидактика" еңбегімен беки түсті.
Батыс Еуропада ағылшын философы Джон Локк (1632-1704) "Тәрбие туралы ойлар" деген еңбегінде тәрбиенің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика пәні, міндеттері, негізгі ұғымдары
Педагогиканың адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орны
Педагогика ғылымының салалары мен міндеттері
Педагогика ғылымы туралы
Педагогика пәнінің мақсаты,нысаны жəне қызметтері
Педагогика ғылымы туралы түсініктеме
Қазақстан Республикасының педагогика ғылымының дамуы
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
Педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Ежелгі Грециядағы білім беру ісінің дамуы
Пәндер