Сократтың еңбектері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Мәнжазба
Тақрыбы:Сократтың саяси көзқарастары

Студент: Имашева Аружан
Тексерген:Куспанова Айгерім
Мамандық: 6В04202 - құқықтану ЮР-13

2020-2021 жыл
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Сократ.Сократтың еңбектері
2.Сократтың саяси көзқарастары
III.Қортынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Сократ (б.з.д. 470 - б.з.д.399) -- Батыс философиясының негізін қалаушы ежелгі грек философы. Ол өз шәкірті Платон және Платонның шәкірті Аристотельмен (б.з.д.384 - б.з.д.320) бірге ежелгі гректің ең әйгілі "Үш данасы" деп қастерленген. Ол артына кітап жазып қалтырмаған, идеялары мен ғұмырбаянын шәкірттері (Әсіресе Платон) жазып қалтырған. Сондай-ақ замандасы Аристофанның (б.з.д.448- б.з.д.220) комедиясында ("Бұлт") да Сократ күлкілі адам ретінде кездеседі. Платон өз диалогтарында Сократты негізгі сұхбаттасушы еткен. Платон былай жазған: "Мен өз шығармаларымды ең ұлы дана -- Сократқа арнадым. Адамдар мені ұмытып кетуі мүмкін, бірақ менің шығармаларым арқылы Сократты ұмытпайтын болады.
Сократтың өмірі Перикл билік құрған Афина демократиясы дәуірімен тұспа-тұс келді. Бұл Грек өркениетінің барынша шарықтаған "алтын ғасыр" болатын.
Платонның айтуынша, Сократ Афиныдан жаяу адам 25 минутта жететін Ликабетт тауындағы бір деревняда б.д.д. 469 жылы туылды.Сократтың әкесінің аты Софрониск, шешесінің аты Фенарета болған, шешесі әйелдерді босандыратын кіндік шеше болған. Бет-әлпеті ұсқынсыз, бойы тапал адам ретінде сипатталса да, Сократ жасы өзінен көп кіші Ксантиппаға үйленген. Одан ол Лампрокл, Софрониск және Менексен деген үш ұл сүйген. Сократ өлім жазасына кесілгеннен кейін мүмкіндік бола тұра қашудан бас тартқан, сол үшін оның досы Критон сол балаңды неге ойламайсың деп жазғырды.
Сократтың нендей кәсіппен айналысып күн көргені белгісіз. Тимонның және кейінгі дерек көздерінің айтуынша Сократ әкесінен тас қалаушылық өнерін үйренген. Платонның бірнеше диалогтарында Сократтың әскери қызмет атқарғаны туралы айтылады. Сократ өзінің үш жорықтың кезінде: Потидея, Амфиполь және Делий жорықтарында әскерде болғанын айтады. Симпозиумда Алкивиад Сократтың Потидея және Делий шайқастарында көрсеткен ерлігін, Потидеяда Сократ өзін өлім аузынан аман алып қалғаны туралы айтады. Сократтың Делийдегі ерекше қызметі Лахет диалогында Лахет деген қолбасшы егжей-тегжейлі айтып береді. Апологияда Сократ өзінің соттағы көріп отырған қиындықтарын әскери қызметімен салыстырып, менің өлімнен қорқып өз пәлсапамнан бас тартуым жауынгердің өлімнен қорқып, шайқасты тастап қашуымен бірдей болар еді деп салыстырады.
Сократтың ешқашан ешқандай кәсіппен айналыспағанына меңзейтін деректер бар: Ксенофонттың Симпозиум деген шығармасында Сократ өзінің бар уақытын ең маңызды кәсіп немесе өнер деп қарастыратын нәрсеге, яғни пәлсапаны талқылауға бағыштайтынын айтады. Аристофан Бұлттар комедиясында Сократты тәлім бергені үшін ақы алады деп суреттесе, Платонның Апология және Симпозиум атты шығармаларында және Ксенофонттың шығармаларында Сократ өзінің берген тәлімі үшін ақша алғанын жоққа шығарады. Апологияда Сократ егер мен ақы алатын ұстаз болсам неге сонша кедеймін деген уәж айтады.
Сократ философия тарихында үлкен бұрылыс жасаған адам. Ол ғарышты зерттеуден адамды зерттеуге, адамның ішкі рухани шындығына үңілуге, себепті танудан мақсатты тануға бұрылуға әсер етті. Оның этика саласына жасаған үлесі айырықша. Өйткені ол "дүние-адам ақырғы есепте жақсылыққа талпынады, ендеше жақсылықтың тегі не екенін білу нағыз білім болмақ" деп есептеді. Кейінгі философтар Сократтық мысқыл және Сократтық әдіснама ұғымдарын тұрақты термин ретінде қолданады. Сократтық диалектика әдісі күні бүгінге дейін түрлі пікірталастарда жиі қолданылатыны белгілі. Оның мағынасы: түрлі-түрлі сұрақтар тек жауап алу үшін ғана емес, қатысып отырғандарға қарастырылып отырған мәселенің түп-тамырына үңілу үшін де қойылады. Сократ эпистемология және логика салаларына да батыс филсофиясына үлгі боларлық үлестер қосты.Философия бәрін зерттейді деген түсінік бар еді (философ грек тілінде даналыққа құштар деген мағына береді). Математика, ғылым, космология дегендер өз алдына жеке емес, философияның бөлімдері болатын. XVII ғасырда ғана Ньютон өзінің басты еңбегіне Жаратылыстану философиясының математикалық бастаулары деген ат берді. Тек бірнеше ғасырдан кейін философия метафизикалық сұрақтарды, яғни шешімі жоқ мәселелерді зерттеумен айналысатын ілім ретінде қарала бастады. Әлдеқалай философия бір сұрақтардың жауабын тауып жатса, сол сәттен ол философиядан бөлініп, математика, физика сияқты дербес пәндерге айнала бастады. Мұның ең соңғы мысалы ретінде психиатрияны айтуға болады. Ол көп сұрақтарға жауап бере алатынын мәлімдеді. Сөйтіп, өз алдына бөлек ғылымға айналды. (Бірақ шынтуайтында психиатрия ғылымның философиялық талаптарына сай емес. Ғылым эксперимент принципіне негізделеді. Ал психиатрияда мәселен паранойя немесе жарыместік психопатия түрлерін сипаттауға мүмкіндік беретін нақты критерийлер жоқ). Сократ заманында бұл салалар философияның бөлімдері болып саналатын. Ал афинылықтардың философтар жайлы пікірі қазіргі заман адамдарының психиатрларға деген көзқарасына ұқсайтын.
Сократ ғалым емес еді. Оның ғылыми бағыттан бас тартуына көрініп тұрған әлем - көзалдау деген Парменидтің ойлары ықпал етті деуге болады. Бұл идея Сократтың ізбасары Платонның философиясына да кері әсерін тигізбей қалмады. Бұл екеуінің заманында математика саласында біраз жаңалық ашылды. Бірақ оның өзі математика уақытқа қатыссыз, абстрактілі саналғандықтан еді.
Сәтін салғанда Аристотель басқа жолға түсті. Ол философияны қайтадан көрініп тұрған әлемді, айналаны зерттеуге бұрды. Бұл жағынан алғанда Аристотельді ғылымның негізін салушы деп санауға болады. Соның өзінде Сократ дамытқан ғылымға қарсы бағыт философияға көп зардабын тигізді. Және бірнеше ғасыр бойы ол осы бағыттың ықпалынан құтыла алмады.
Сократтың ғылымға қарсы позиция ұстанғандығы арқасында Ежелгі Грекияның ғұламалары, мысалы физикада Архимед, медицинада Гиппократ, геометрияда Ефклид философиядан тысқары жұмыс істеуді жөн санады. Олар Жердің домалақ екенін, Күнді айналатынын білді, тіпті Жердің шеңберін есептей білді және Жердің магнит өрісі бар екенінен хабардар болды. Алайда фактілерге негізделген бұл жаңалықтар бар даналықты өзіне сыйғызып отырған философиядан тыс жерде ашылды.Сократ жан өлмейді, ол мәңгі, өлімнен кейін біздің жанымыз басқа әлемде өмір сүреді деді. Ол мифтік құдайларға табынудан қашқақтады, алайда әйтеуір бір құдай бар деп сенді.
Сократқа дейінгі кезең натурфилософия деп аталды. Натурфилософия табиғатпен байланысты сұрақтарды зерттеді. Натурфилософия әлемдегі иерархияны құрастырумен айналысты. Аспан, жер, жұлдыздар қалай пайда болды деген мәселені зерттеді. Сократ та әлемді түсінгісі келді, бірақ ол басқаша мәнерде қарастырды. Ол құбылыстан құбылысқа өту арқылы емес, жалпыдан құбылысқа қарай беттеу арқылы ізденіс жүргізді. Мысалы: әдемі заттар көп, бірақ әдемілік ұғымын бір затпен ғана байланыстырып қоюға болмайды. Әдемі заттарға ортақ қасиет бар. Оларға тән жалпылықты идея, эйдос деп атауға болады. Эйдос, жалпы идея заттардың мазмұнын, мәнін көрсетеді. Жалпылық сезім арқылы емес, ақыл, ойлау арқылы табылатын болса, онда ол ой, ақыл сферасына жатады, міне осыдан идеализм бастау алған. Сократтың ашқан жаңалығы - жалпылық туралы пікір. Ондағы басты идея - (идея блага) жақсылық, ізгілік мүдде. Әр нәрсенің қажеттілігі осы идеямен анықталады. Сократ үшін этикалық мәселеден жоғарғы мәселе жоқ. Жақсы адамның мәні жақсылықты білгендігі және сол біліміне сәйкес іс-әрекет жасауында. Адамгершілік ақылмен байланыстырылады. Білім қайдан туады? Сократ осы сұраққа пікір таластан туады деп жауап береді: тәсіл, пікір алысу жаңа ой тудырады. ( тәсілдер: ирония, майевтика). Сократ диалектика тәсіліне көңіл бөледі.Сократтың философиясы ежелгі Афинының базар алаңында басталды. Оның бұзылған орнын Акропольдің төменгі жағынан қазір де табуға болады. Сократ өзгеше жақсы көретін жер афинылықтар оны-мұны заттарын әкеліп сататын Зевс Стоясы атты колоннада еді. Колонналардың іргетасы әлі де көрініп жатыр. Бұл Стояның солтүстік жағымен бүгінде Афины метросы өтеді де, ал төменіректе жайма базар қайнап жатады. Сол себепті ол жердегі қазіргі шу Сократтың кезінде де болған шығар десек, онша қателеспейміз. Енді осындай әр саудагер өз затын мақтап, жұртты шақырып жатқан даңғазаның ішінде философиялық әңгімесін айтып тұрған Сократты көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Дегенмен де Сократ айтқысы келген нәрселерді тыңдап, түсінген адамдар болыпты. Себебі, Дельфи оракулының сәуегейі бір кезде Сократты ең дана адам деп жариялап, сол кезде отызға жаңа келген Сократ Афиныны дүр сілкіндірген еді.
Алайда Сократ бұған таң қалды, сөйтті де шын пейілімен Мен өзімнің ештеңе білмейтіндігімді ғана білемін деген әйгілі сөзін айтты. Мұнымен тоқтамай, пифияның сөзінде бір мысқал болса да шындық бар-жоғын анықтау үшін Афинының данагөй аты шыққан басқа кісілеріне барып, олардың не білетінін сұрай бастады. Ал адамдардың көлгірлігін әшкерелеп, шатасқан жерін анықтау Сократтың сүйікті ісінің бірі болатын. Ол ештеңе білмейтін адам болып, адамдардың не білетінін сұрайтын. Анау білгенін айтып отырған кезде Сократ қазбалап сұрап, оның алжасып жүргенін ашып беретін. Оның Афины оқырасы атануы да осы себепті еді. Дегенмен, Сократтың сұрақ қою тәсілінде терең мәніс бар болатын. Ол пікірталас кезінде қарсы жақ сүйенетін негізгі принциптерді нақтылауға, осыдан барып екі тараптың позицияларын айқындауға ұмтылды. Яғни ол қарсыластың ойына негіз болып отырған негізгі түсініктерді анықтауды, жаңылыс кеткен тұсын ашуды және ең бастысы ондай пікірдің орнығуы неге апарып соғуы мүмкін екенін көрсетуді мақсат етті. Сонымен қатар Сократ қарсыластары айтып жүрген қисынсыз әңгімелерге де құлағын түре жүретін де, реті келгенде сол әбестіктері үшін оларды масқара етіп, жұрттың мазағына ұшыратып кететін. Сірә оның құйрығын ұстатпайтын жылтыр айлакерлігі қарсыластарының зығырданын қайнатса керек. Және сол кезде қалыптасып қалған нанымдарды жек көретін жастардың ішінен Сократты аса зеректігі мен ақылды тапқырлығы үшін ұстаз тұтып тәлім алғысы келетіндер көптеп шықты.
Софистика дегеніміз - бастапқы теорияны сақтап қалу үшін логика ережелерін субъективті түрде пайдалануды мүмкін етіп қарайтын аргументтердің көп түрінің жиынтығы. Бастапқы деп алынатын теория ақиқат деп қаралады және сынауға, қайта қарауға тиым салынған болады. Софистика әдісі көздегенге жету үшін, соны дәлелдеу үшін семантикалық және логикалық ережелерді пайдаланады. Софизм - бұл еркін таңдалынған ой толғау. Оның негізінде софист адамға о бастан қолайлы альтернативалар жатады. Софист осы альтернативалардың көмегімен кез-келген пікірді дәлелдеп шыға алады. Мысалы: бір афиналық әйел баласын үйреткен: "Қоғамдық істерге араласпа. Шындықты айтсаң, адамдарға ұнамайсың, ал өтірік айтсаң, құдайға ұнамайсың." Керісінше де дәлелдеп шығуға болады. Софистика адамның таным сферасында шексіз релятивизмді, салыстырмалылықты уағыздайды. Софистика біздің заманымыздан бұрын V-ІV ғасырларда дамыды. Өкілдері Протагор, Гипий, Антифонт. Протагор ақиқатты относительді деп қарастырды. "Адам барлық нәрсенің өлшемі" деген сөз Протагордан қалды. Софистиканың жақсы жағы сол: ол білім жүйесіндегі қайшылықтарды табуға жағдай жасайды. Ескі ілімнен бет-бұрыс жасау керек болған жағдайда софистиканың ролі қажет болды.
Софистердің негізгі сыншысы Сократ болды.Адамзаттың ,рухани тарихындағы ең қызықты және танымал тұлғалардың бірі - тірі кезінде оны барлық адамдардың ең ақылдысы ретінде білген.Сократ софистермен пікір таластырып,сонмен бірге олардың идеяларын қабылдап ,бастағаның дамытты.Сократ бірқатар софистердің моральдық және эпистемологиялық релятвизімі мен субъективизімін ,олардың этикалық принциптерден босатылған күшке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне грек ойшылдарының тәлім –тәрбиелік ой- пікірлері жайлы
Көне Грек философиясының ерекшеліктері
КӨНЕ ГРЕК ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ТӘЛІМ – ТӘРБИЕЛІК ОЙ - ПІКІРЛЕРІ
Сократ, Платон философиясы
Ежелгі Грекиядағы философия мен саяси ойлар
Антика философиясы
Антикалық философияның элиндік-римдік дәуірі
Сократқа дейінгі философия. Сократ философиясы
Антика философиясы туралы
Антик философиясы
Пәндер