Мағжан Жұмабаевтың Педагогика оқулығының қазақ педагогикасындағы орнын анықтау
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
І. ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ДАМУЫ
1.1. Қазақстандағы педагогикалық теорияның даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2. М. Жұмабаевтың педагогикалық ұлттық тәлім тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІ. М. ЖҰМАБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ПЕДАГОГИКАМЕН ҮНДЕСТІГІ
2.1. М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. М. Жұмабаевтың бастауыш мектеп педагогикасын дамытуға әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3. Мағжанның тәрбиелік идеялары - тәуелсіз ел мектебінің негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа қоғам жағдайындағы міндеттерінің бірі ұлттық құндылықтарымызды жаңаша зерделеп, оның озық тұстарын бүгінгі күн қажеттілігіне пайдалану әсіресе, еліміздің тарихи шежіресінде өзіндік қолтаңбаларын қалдырған, ұлттық мәдениетті және ғылымды дамытуға өз үлестерін қосқан дара тұлғалардың қоғамдық қызметтері мен шығармашылық мұраларын зерттеу нысанасына айналдыру өте өзекті болып отыр. Өйткені, тарихи-педагогикалық мұралар туралы білімді жетілдірмеу, білім беру жүйесіндегі маңызды мемлекеттік проблемалардың тиімді шешімін табуда қиындық туындатады.
Бұл жөнінде еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Тарих толқынында атты еңбегінде: Келешек ұрпақ өз кезегінде, жаңа басталған тарихымыздың ең бір күрделі кезеңінде тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуына қазақ зиялыларының мейілінше игі үлес қосқанын дұрыс бағалауға тиіс, өйткені олар біздің ең жаңа тарихымыздың мәйегі іспеттес, кіндік тұлғалары, - дейді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мағжанның тәрбиелік идеялары мен педагогика ғылымына қосқан үлесін қарастыру. Зерттеу тақырыбының обьектісі: Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық, тәрбиелік көзқарастарын жан-жақты талдап, білу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Қазіргі мектептердегі Мағжаннын пеагогикасының орнын анықтау;
- Мағжан Жұмабаевтың Педагогика оқулығының қазақ педагогикасындағы орнын анықтау;
- М.Жұмабаев педагогикасының бастауыш мектеп педагогикасын дамытуға әсерін қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс барысы кіріспеден, екі бөлімнен, жалпы қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Күтілетін нәтиже: Елімізде біраз үрдісті даму жолына түсіп жатқан шағында рухани өмірімізде күні өткен Кеңес үкіметі тұсындағы білім мен ғылымның дамуына сыңаржақты теріс пікірлер айтылып жатқаны белгілі. Алайда, қоғамдық өміріміздің қай саласы болмасын, ұрпақтар сабақтастығына жүгінетіні белгілі. Олай болса, біз ғасырға жуық тарихымыздағы елдің елдігін паш еткен есімдерді естен шығармауымыз керек.Ұрпақтар сабақтастығы арқылы қазақ педагогикасына үлесін қосқан ғалымдарды құрметтеу біздің міндетіміз.

0.1. Қазақстандағы педагогикалық теорияның даму кезеңдері
Қандай да болмасын ғылым салаларының дамуы қоғамның өмірлік мұқтаждығынан, талабынан туады. Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туған. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады. Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті.
Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер әртедегі шығыс елдерінің (Мысыр, Вавилония, Унді, Қытай) философиялық жүйесінде дамып, кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады.
Қазақ елінің даму тарихы заңдылықтарымен байланыстыра отырып, Қазақстандағы педагогикалық ойлар дамуын шартты түрде үш кезеңге бөліп қарастыруға болады:
I кезең -- VI-ХV ғасырлар аралығы, педагогикалык ойл ар дамуының бастапқы кезеңі;
II кезең -- XV ғасырдың алғашқы жартысынан XX ғасырдың басына дейін;
III кезең -- XX ғасырдың басынан (1917 жылдарынан) бүгінгі күнге (егеменді ел болғанға) дейінгі аралық.
Алғашқы кезеңнің ерекшелігі халықтың бала тәрбиесіне, адамның жетіліп, қалыптасуына қатысты ойлары өсиет, пікір, тұжырымдар ретінде ескерткіштерде, таңбалы тастарда ойылып қалдырылып отырған. Бұл үлгілер Орхон-Енисей немесе ежелгі түрік рун жазбаларын қолдану арқылы сақталып отырған.
Мұндай қүндылықтардың біріне Күлтегіннің жорыкшыл ағасы Білге қағанға қойылған ескерткіші жатады. Бүл ескерткіштегі жазулар мэні жалпы алғанда иісі түрік баласына өз қағаныиан, өз бектерінен, өз отанынан ажырамау кажеттігін, бөлінгенді бөрі алады, егер бірігіп, біртүтас, тату болсаң өз отаныңда, үйіңде камсыз, қайғысыз, бақытты өмір сүресің деген ойды береді.
Осы кезеңдегі мағыналы ескерткіштердің тағы біреу інің иесі -- дала ойшылы қобызшы Қорқыт ата болып табылады. Сондай-ақ екінші бір данышпан түлға -- ІХ-Х ғасырларда бірқатар психологиялык-педагогикалық көзқарастар жүйесімен белгілі болған Әбу Насыр эл-Фараби бабамыз. Оның көзкарастары Мемлекеттік кайраткерлердің афоризмдері, Бақытқа барар жолды көрсету, Азаматтық саясат, Риторика, Поэзия өнері туралы, Музыка туралы үлкен кітап атты трактаттарында қалдырылған.
Педагогикалық ойлардың калыптасуының II кезеңі XV ғасыр-дың бірінші жартысындағы қазақ хандығының пайда болуымен байланыстырылады. Бүл кезеңнің (XX ғасырдың басына дейінгі) бір ерекшелігі -- адам тэрбиесіне, өмір сүру жағдайларын ұйымдастыруға қатысты ойлар көбінесе ойшылдар, ағартушылар жэне ақын-жырау, жыршылар шығармаларында жинақталып беріліи отырған. Ақпамбет, Шалкиіз, Сүйінбай жыраулар шығармаларымен қатар, Шоқан Уэлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Қүнанбаев, Шәкәрім Қүдайбердіүлы, Жамбыл Жабаев еңбектерінде адам тәрбиесінің барлық аспектілеріне қатысты ойлар айтылған. Қазак халқының педагогикалық ойларының жаңа бір белең алған кезі -- III кезең, ол 1917 жылдан бастап еліміздің егемендік алған уақытына дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезеңде қазақтың халықтык педагогикасында ерекше маңызды құбылыстар байқалды.
Қазақстанда педагогика ғылымы XX ғасырдық екінші жартысынан бері тез қарқынмен дамыды.
Қазақстанда ағартушылық идеяны көтергендердің бірі -Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865). Ағартушы-ғалым қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізде құрып, оқу білімінің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, туған халқының алдықғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін ақсады. Діни бағыттағы медреселер мен ел билеуіні әкімдер, тілмаштар дайындайтын мектептердің мақсатын сынай келіп, жалпы білім беретін мектептердің ашылуын көздеді "Тек ақиқат білім ғана адамға күдік тұғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді', - деді Шоқан.
Қазақтық аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзкарастарынан айқын көрінеді. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ, балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу құралдарын жазуға, тәлімгер-ұстаз дайындауға, оларға ғылыми әдістемелік басшылық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ халкының қоғамдық өміріндегі саяси-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып, жазуға жұмсады Ы.Алтынсарин қазақ жастарының мамандық алуына жол ашты.
Торғайда - қөленер, Қостанайда - ауыл шаруашылығы училищелері, Ырғызда - қазақ қыздарына арнап мектеп-интірнат ашылуына зор ықпал жасады.
Қазақ халкының ұлы ойшыл ақыны Абай Қунанбайұлыңың (1845-1904) поэтикалық шығармалары мен "Гадлия" сөздері педагогикалық ой-пікірлерге толы. Табиғаттық санадан тыс, тәуелсіз өмір суруі, өмір ақиқатының туйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдегі еместігі, ғылымның ақылмен, жан құмарымен алынатындығы оның көрінісі. Ақынның педагогикалық көзкарасының қоғамдық қатынастар тұрғысындағы пікірлері, жастарды халқының әдеп-ғұрпы, салт-санасы, дәстурінен тәлім-тәрбие алуға шақыруы дүниежузілік педагогика классиктерінің ой-пікірлерімен үндеседі.
Ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) мол педагогикалық мұра калдырды. А. Байтұрсынов бүкіл саналы өмірін қазақ, қоғамында білім-ғылымының дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып, кемелденуіне бағыштайды. Ол ауыл мектебінде, семинарияларда бала оқытты, оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру саласында көп ізденді.
А. Байтұрсынов "Қазақ" газетіндегі (1914 ж) "Мектеп керектері' деген мақаласында: "Ең әуелі мектепке керек - білімді, педагогика, методикадан хабарлар оқыта білетін мұғалім. Екінші - оқыту ісіне керек құралдардық қолайлы әм сайлы болуы. Үшінші - мектепке керегі белгіленген бағдарлама. Әр іс көңілдегідегі болып шығуы үшін оның үлгісі, я мезгілді өлшеуіші болуы керек. Үлгісіз я өлшеусіз істелген іс - ол я артық, я кем шықпақшы", - деп оқытудық дидактикалық принциптерін ғылыми тұрғыда белгілеп берді.
А.Байтұрсынов ұсынған жаңа әліпби 1913 жылдардан бастап мусылман медреселері мен орыс-қазақ мектептерінде қолданыла бастады. Қоғам алдына ол қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын, оқу ана тілінде жүргізілсін деген талаптарды бастауіны болды.
Міржакып Дұлатов (1885-1935) Ы. Алтынсариннің ұстаздық идеяларын әрі қарай дамытып, А.Байтұрсынов сияқты оқу-тәрбие мәселелерін ғылыми түрғыдан қараған, шәкірттәрдің жаңа бағдарламалар арқылы білім алуына, мұғалімдердің ғылыми дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуне әрекше мән берген педагогтардың бірі.
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) педагогика, психология саласында құнды ғылыми-зерттеу еңбектерімен қатар, бірнеше оқулықтар, оқу құралдарының авторы болған ірі тұлғалардың бірі. "Тәрбиеге жетекші" атты еңбегінде (1924 ж.) педагогиканың дидактика саласын ғылыми негіздеген.
Қазан төңкерісінен кейін тәлім-тәрбие ғылымына тәрең үңілгендердің бірі - Мағжан Жумабаев (1893-1938). Оның "Педагогика" атты еңбегі соң кезеңдегі ана тілімізде жазылып, ғылыми әлемді елең еткізген туынды болды.
Қазақ педагогика ғылымының тұңғыш профессоры Шәрапи Әлжановтың (1901-1938) тәлім-тәрбие саласында әр түрлі тақырыптың төңірегінде жазған жиырмадан астам еңбегі жарық, көрді. Ол "Ес және есте сақтау меселелері', "Ой мәселелері", "Дағдылану мәселелері' атты еңбегінде (1936 ж.) шәкірт психологиясының жас және дара ерекшеліктері жайлы соз қозғайды, сол салада жүргізгілген сараптамалық зерттеулердің нетижесін оқырман назарына ұсынады.
Қазақтық белгілі педагогы Әбдіхамит Сембаевтың (1905-1989) қаламынан сексеннен астам қомақты ғылыми-педагогикалық еңбектер шықты. "Қазақстанда Советтік мектептің даму тарихы" (1962 ж.) атты монографиялық еңбегінде мектептердің көптеп ашылуын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардық жасалу жолдарын, мұғалім кадрларын даярлау ісіндегі қол жеткен табыстарды нақтылы дәректермен ғылыми тұрғыда дәлелдеді.
Сұлтанбек Қожахметов (1910-1945) дидактика меселелерімен жан-жақты айналысқан педагогтардың бірі өзінің "Педагогика мәселелері' (1940 ж.), - деген атпен шыққан кітабында шәкірт меңгеретін білімнің саналылығы мен жинақтылығының өлшемдәрі баланың өз бетімен оқу дағдысын қалыптастыру, оқушының эстетикалық (сұлулық) талғамдарын дамытып қа-лыптастыру, оның алған білімі мен дағдысын, іскерлігін бағалай білудің ғылыми негіздерін қарастырады.
Қартбай Бержанов (1924-1976) - педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Педагогика ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалым-ұстаз.
0.2. М. Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастағы ұлттық тәлім тәрбиесі
Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы - мұғалімі.
Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын-мұғалімдердікі
Мағжан Жұмабаев
Барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт - өмір қажеттігі. Кейін тәрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл атқара бастады. Себебі әр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан ұрпаққа берген тәрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі. Осыдан тәрбие тәжірбиесін топтастыру және қорытындылау, арнайы оқу-тәрбие мекемелерін ұйымдастырып жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады.
Ежелгі заманғы Қытай, Үндістан,Египет, Греция тәрізді дамыған елдерде тәрбие жүйесі бір арнаға келтірілді. Алғашқы педагогикалық тұжырымдар сол ғылыми аумақта дүниеге келді.
Барлық заманда адам баласының рухани дамуына және тән-дене дамуында шешуші рөлді халық педагогикасы атқарып келген.
Алғашқы адам тәрбиесіне және тұлға қалыптастыруға байланысты идеялар мен тұжырымдар ежелгі грек ойшылдары Сократ, Платон, Аристотель, Тертуллиана еңбектерінде жарияланған.
Орыс педагогикасын әлемдік деңгейге көтерген ұлы педагог Константин Дмитриевич Ушинскийдің балалар мен мұғалімдерге арналған кітаптары орыс педагогикасының алтын қорына айналды.
Қазақ халқында да осындай оқу- ағарту ісінде еңбек еткен ұлы тұлғаларда болды. Соның бірі де алаштың маңдайына біткен азаматы, өз заманың қайталанбас бір турар тұлғасы,халқының патриоты, этнопедагогиканың негізін салушы ақын- Мағжан Жұмабаев еді.
М. Жұмабаев өзінің қамшының сабындай қысқа өмірінде нағыз поэзия биігіне самғаған,оның асқар асуларынан өлшеусіз нәр алған біртуар зиялы қайраткер бола білген. Мағжан алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған жоқ.Мағжан жүректің қобызын шерте білген ақын.
Мағжан не жазса да сырлы көркем сәнді жазды. Мағжан - елдің патриоты, қазақ баласы.
Мағжан тұңғыш педагогикалық оқулықтар жазып қалдырған. Ол жазған Бастауыш мектепте ана тілі1925, Сауатты бол 1926, Педагогика 1922 атты оқулықтары педагогика және әдістеме ғылымдарына қосқан үлесі болып табылады. Бастауыш мектепте ана тілі еңбегінде ол төрт жылдық бастауыш мектептің әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін жүргізілетін жаттығулар, қалыптастырулар дағдылар жүйесін жасап ұсынды. Мағжан Жұмабаев ана тілінің мектептің дәл төрінен орын ала алмай жатқанын, мектебімізде ана тілі әлі дұрыс негізге құрылмағанын айта келіп, Осы күнгі мектеп баласы ана тіліне өзінің тілі емес, мұғалімнің тілі-деп қарайды. Мектептің міндеті - бір жақтан хат таныту болса, екінші жақтан баланы дұрыс сөйлетуге үйрету. Балаға дұрыс тәрбие беру үшін оны әдебиетпен таныстыру және баланы түсініп, ұғып оқуға үйрету керектігін айтқан.
Мағжанның жоғарыда аталған Педагогика атты ғылыми еңбегі он бес бөлімнен тұрады. Мағжан өзінің осы педагогикасын он төрт ірі бөлімнен құрып, әр бөлімінде педагогика ғылымын жан - жақты саралап, болашақ ұрпақ тәрбиесін беруде таптырмас көмекші құрал ретінде қалдырған.
Мағжан Жұмабаевтың педагогикасының мақсаты: 1. Ақыл тәрбиесі, 2 Құлық тәрбиесі. 3. Сұлулық тәрбиесі. 4. Дене тәрбиесі.
Ағартушы еңбегі төрт бағытта жүргізілді. Оқу, жазуға үйрету, емлеге дағдыландыру, жазбаша сөзді өркендету, баланың ұғымына лайық ауызша және жазбаша әдебиет түрлерімен таныстыру, ұғып дағдыландыру.Автор осы тәрбиенің төрт түрін тәпіштеп түсіндіре келіп, былай дейді: Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгіл болғаны. Бала берік денелі болса, түзік ойлайтын, дұрыс шешетін , дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп,жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы ... Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын...-деу арқылы М. Жұмабаев тәрбие мақсатын айқындап берген.
Мағжан Жұмабаев өзінің мәдениет, сұлулық, ізгілік туралы ойларын Құлық сезімдері деген бөлімде одан әрі дамыта түседі.Ол қазақ халқына басқа халықтың жақсысын үйрен, сөйтіп көтеріл дейді. Басқа халықты, жалпы адамзатты сүйе біл деген өсиет айтады. Адам шын ізгі адам боламын десе, халық ісі, халыққа пайдасы жолында құрбан бола білсін,- дейді. Ол қазақ халқын өнер - білімге тек өзінің педагогикалық еңбектерімен шақырған жоқ.Ең алдымен өзінің өлеңдерінде халықты сауаттылққа, оқу оқып, білім алуға үндеді.
Педагогика пәнін ол 5-ке бөліп қарастырды: 1. Жалпы педагогика. Адамның дене һәм жан күштерін тәрбие қылу жолдарын көрсетеді. 2. Дидактика. Оқытудың негізгі жолдарын көрсетеді.3. Методика . Оқытудың негізгі жолдарына негіздеп, белгілі бір пәнді қалай оқыту керек екендігін үйрететін пән қазақ тілінің методикасы деп аталады. 4. Мектепті басқару.Бұл пән мектеп қалай салынуға, қалай басқарылуға тиісті, сынақтарға шәкірттерді қалай бөлу керек, оқу уақытын қалай белгілеу керек. Осындай мектеп құрлысы жолдарын көрсетеді.5. Педагогика тарихы . Түрлі заманды түрлі тәрбиеге адамзат қалай қараған, қандай жолдармен жүрген, тәрбие дүниесінде қандай білімпаздар өткен, олар қандай жаңа жолдар тапқан. Педагогика тарихы осыларды баяндайды.
Мағжанның Педагогика оқулығын оқи отырып мынандай ой түйіндейміз: ғылым ұлттық болмысымыз бен сана - сезімге жақын этнопедагогика, психология принциптерін негізге ала отырып жазған. Аталған еңбекті сараптай келе өткен ғасырдың 20 - шы жылдарда педагогикалық - психологиялық тракттата айтылған ойлар бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізді дамытуда , әсіресе ұлттық байлығымызды пайдаланып, оны қажетімізге жаратауға таптырылмас мұра болып отыр. Ұлы М. Жұмабаевтың еңбектеріндегі ұстаздық - тәлімгерілік идеялары біз үшін өте құнды дүние.Өз өлеңдерінде қазақ арасындағы әр түрлі келеңсіз мінез-құлықты,әрекетсіздік пен жалқаулықты, сауатсыздықты сынайды. Елін білім алуға, өнер үйренуге шақырады.Мағжанның ағартушылық сарындағы өлеңдерінің арасында ел мен жер тағдырына алаңдаушылық жатады. Ақын туған елін сүйді, туған жерінің әрбір пұшпағын жүрегіне жақын тұтты. Ол :
Басқа жұрт аспан - көкке асып жатыр,
Кілтін өнер-білім ашып жатыр ,-дей келіп, қазақ арасында мұндай ұмтылыстың әлі де жоқ екеніне өзегі өртенді.Мағжанның азаматтық парасатынан туындаған арман-мақсаттары бұдан әлдеқайда биік.Туған халқы туралы айтқанд, оның кешегі өткен жолын еске алады,оны бүгінгі жағдайымен салыстырады.Оныменде шектелмей,ақын жалпы түріктік идея көтереді.Түрік тектес халықтардың бәрінің болашағынан үміт күтеді,жалпы Шығысты пір тұтады.
Автордың туған халқының тәлім - тәрбиелік бай мұрасын игеру жөніндегі бағыт-бағдары да құптарлық. Ұлт тәрбиесі-деп жазды ол,-баяғыдан бері сыналып келе жатқан тастақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесі мен таныс болуға тиіс. Сол ұлт тәрбиесі мен тәрбие қылуға міндетті деген.
Мағжан орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинскийше, педагоиканың жан сырын терең зерттейтін психология ғылымы мен байланыстыра қарастырып,қазақтың халық педагогикасын ғылыми тұрғыда зерделеп, болашақ ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне қажетті құнды дүниелер қалдырып кеткен.
Қазақстан бүгінгі демократиясы дамыған , өркениетті елдер қатарынан бағыт ұстап отыр.Еліміздің Президенті ұсынған Қазақстан -2030 жолдауында еліміздің болашағы жастар, бүгінгі мектеп оқушылары . Бүгіннен бастап олардың бойына ұлттық рухты сіңіре отырып, Отанымызға шынайы патриоттарын, мәдениетті, білімді, парасатты, бауырмал, ізгі ниетті адал азаматтарын тәрбиелеп шығу қоғамның басты парызы. Мағжан педагогикасы қазіргі заман білім беруінің кілті, негізі. Жаңа ғасыр мектебін қалыптастыру үлкен ойлылықпен,іскерлікпен шешілетін мәселе. Тәуелсіз ел мектебін құруда Мағжанның тәрбиелік идеяларын қолдағанымыз жөн.

2.1. М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары
Мағжан Жұмабаев өзінің қысқа өмірінде нағыз поэзия биігінe самғаған, оның асқар асуларынан өлшеусіз нәр алған біртуар, әмбебап зиялы қайраткер болды. Сонымен бipre оның тәлім-тәрбие ғылымының теориялык, жағына төңкерістен кейін тұңғыш терең үңілушілердің бірі болуы Мағжан дарынының тағы бір қырын көрсетеді. Осы тұрғыдан, Мағжан 1922 жылы "Педагогика" атты (Ташкент, Орынбор) ғылыми еңбек жазды. Сол кездегі көрнекті қазак, зиялыларының бipi - белгілі ғалым-педагог, публицист М.Жолдыбаев осы кітаптың беташарына былай деп жазыпты: Заманға дәл жаңа кітап шыққанша малданып, одан кейін оқып, салыстыра қарап, бұрыңғы жазғандардың адасқан жерін тауып отыруға Мағжан педагогикасы іздесе таптырмайтын пайдалы тарихи материал.... Өз кітабы жөнінде автор былай дейді: Бұл кітап 2-3 жыл бұрын қысқа уақыттың мұғалімдер курсында оқытылған дерістерден түзілген еді. Бұл күнге дейін басылып шығып, жарық көре алмады. Біз бұдан кітаптың басылуы оған оңай болмағанын, көпшілік талқысына түсіп, тәжірибелі мұғалімдердің сынынан өткен еңбек екенін байқаймыз.
Мағжан Жұмабаев тағы да былай деді: Тәрбие ғалымдарының пікірлерін таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым... Бізде бұрын пән тілі болмағандықтан, түрлі терминдерге таңдап тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тиді. Қалайда, курстарда оқыған мұғалімдердің жәрдемімен таза орысшадан қазақшаға айналдырылды. Ал енді жаһан тілі (интернационалдық терминдер - С.Қ.) болып кеткен сөздерді қазақшаға аударам деп азаптануды тиіс таппадым. Автор өз еңбегін төрт аяғын тең басқан дүние демейді. Сөйтіп тұрса да, бұл еңбектің ғылыми әлемді елең еткізген керемет туынды екені хақ.
Оқу құралының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Оның пікірінше, тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесі, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесі. Әрине, тәрбиенің бұдан басқа да бірнеше түрлері бар, ол мұның басты-бастыларын ғана айтқысы келген болуы керек. Автор олардың бір-бірімен табиғи тамырластығын тәптіштеп түсіндіре келіп, былай дейді: Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егер ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz