Қазақстандық патриотизмнің қалыптасу тарихы мен даму жолдары
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ...
І БӨЛІМ. ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ
1. Патриоттық тәрбие берудегі өткен тарихымыздың алар
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. Қазақстандық патриотизмнің қалыптасу тарихы мен даму
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ БӨЛІМ. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПАТРИОТТЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ
ПЕДАГОГИГАЛЫҚ НЕГІЗДЕУЛЕРІ МЕН ШАРТТАРЫ
2.1. Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің
педагогикалық
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .
2.2. Патриоттық тәрбие берудің педагогикалық
негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
ТӘЖІРИБЕЛІК
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Жаһандану заманындағы патриоттық тәрбие дұрыс
бағытта ұйымдастырылуы тиіс. Ол үшін педагогтің өзі саяси сауатты, ұлттық
санасы қалыптасқан өз елінің патриоты болуы тиіс. Сонда ғана өскелең
ұрпақты сапалы біліммен сусындатып, саналы тәрбие беруге қабілетті болмақ.
Патриотизм (грек тілінен аударғанда – отандас, патриот – атамекен) –
Отанға деген махаббатпен, жеке мүддені ел мүддесіне бағындырумен
мазмұндалатын өнегелі және саяси қағида, әлеуметтік сезім.
Патриотизм өз еліне және азаматтығына, тіліне, дәстүріне тиесілігін
сезінетін ерекше құбылысы. Патриртизм ұғымын Отанға деген жүректі тулатар
қатынаспен байланысты, бірақ патриотизмнің ішкі мәні туралы ойы әр адамда
әр түрлі. Сол себепті адамдардың бірі өздерін патриотпын деп ойласа,
екіншілер олай ойламайды. Қазақстан өзін егеменді мемлекет деп
жариялағаннан бері патриотизм сұрағы Елбасын үнемі толғандыруда. Еліміздің
Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Қазақстан жолы – 2050: Бір
мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты осы жылғы Жолдауында Қазақ елі өткен
22 жылда қыруар іс тындырды. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін
қалыптастырдық. Әрбір отандасымыздың жүрегіне қз еліне деген шексіз
мақтаныш сезімін орнықтырдық. Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына
сеніммен қарайды деп атап көрсетті. Қазіргі жастардың бойында ұлттық сана
қалыптастыру мәселесі өзекті мәселелердің бірі. Осы бағытта мемлекет
тарапынан көптеген жұмыстар жасалуда. Ю.Бромлейдің Ұлттық сана – – адамның
өзінің осы ұлттың өкілі екендігін, ұлт мүддесі мен құндылықтарын және басқа
ұлттарға көзқарасын сезініп, түсіну, бір сөзбен өзінің кешенді ұлттық
ұғымын қалыптастыру деген сөздерінде үлкен ой жатыр. Патриотизм дегеніміз
- Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының
қоғамдық–мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал
мемлекетті нығайту дегеніміз-жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын
айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның
өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді .
Осыған байланысты сабақ берудің ең негізгі мақсаттарына төмендегілер
кіреді. Бірінші – танымдық, екінші – тәрбиелік, үшінші – дамытушылық. Осы
мақсаттарды орындау үшін, өз тәжірибемізде тарих және әдебиет сабақтарында
оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық
қабілетін дамыту, ізденіс жұмыстары мен алған білімдерін іс жүзінде
пайдалана білуге үйрету бағытында жұмыс жүргізіп келеміз.
Ерте заманда қазақтың тілінде “патриотизм” деген сөз болмаған. Бұл
ұғым Қазан төңкерісінен кейін сөз қорымызға енді.
Патриотизмнің негізгі мағынасы әр азаматтың ұлтын, Отанын сүюден
туындайды. “Патриотизм” - гректің сөзі. Оның қазақшасы-жерлес, отандас
дегенді білдіреді, яғни Отанын, ұлтын сүю, оны жаудан қорғау.
Қазақтар ежелден басқа халықтардай Отанын, ұлтын сүйген. Батырларымыз
бастаған қазақ халқы Отанын, жерін, ұлтын жаудан қорғаған.
Қандай бір халық болмасын отанын, елін, жерін сүймейтіні жоқ. Соның
ішінде қазақ халқы да жалпы шығыс, оның ішінде түркі тілді халықтардай
отанын, жерін, суын, табиғатын сүюге жастарды тәрбиелеу көне заманнан
өзімен бірге дамып келеді.
Бірақ кешегі кеңес заманында таза ұлттық патриоттық тәрбиені жалпы
кеңестік патриоттық-интернационалдық тәрбиемен алмастырды.
Біз интернационалдық (ұлтаралық татулық) тәрбиені жоққа шығармаймыз.
Қазақстан жағдайында тәрбиенің бұл саласы бүгінде де қажет. Бірақ
патриоттық осы тәрбиенің түпқазығы болуы тиіс.
Қазiргi кезде республикамыздың егемендiгi мен бейбiтшiлiгiн сақтауда
тұлғаның патриоттық құндылықтарын дамыту арқылы Қазақстандық патриотизмді
қалыптастыруға үлкен мән берiлiп отырғандығы Қазақстан Республикасы
Конституциясында, Қазақстан Республикасы “Бiлiм туралы“ Заңында, Қазақстан
Республикасы Мемлекеттiк “Бiлiм“ бағдарламасында, Қазақстан Республикасы
Президентiнiң республика халқына жолдауларында, Қазақстан Республикасы
тарихи сананы қалыптастыру, Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім
беру тұжырымдамаларында, “Адам құқықтарының жалпыға бiрдей
декларациясында“, “Бала құқығы туралы декларацияда“ және үкiметтiң
құжаттарында, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен ағымдағы басылым беттерiнде
айқын аңғарылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк “Бiлiм” бағдарламасында тәрбие
жүйесiн жетiлдiруге байланысты алдына қойған негiзгi мақсаты -
“қазақстандық патриотизм, азаматтық, iзгiлiк және жалпыадамзаттық
құндылықтар идеяларының негiзiнде тәрбиеленушiнiң жеке тұлға ретiндегi
сапалық қасиетiн қалыптастыру” – деп бүгiнгi ХХI жаһандану ғасырында ұлттық
мәдениет пен өркениеттi өзара кiрiктiре отырып, жеке тұлға қалыптастыру
көзделiп отыр. [1, 23]
Зерттеудің мақсаты: Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп
оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеуді теориялық-әдiснамалық тұрғыда
негiздеп, ғылыми-әдiстемемен қамтамасыз ету.
Зерттеу пәні: жаһандану заманындағы патриоттық тәрбиеде жастардың
патриоттық сезімін, өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыруда олардың
әлеуметтік проблемаларын қарастыру.
Зерттеу жұмысының болжамы: Егер рухани дамыған бәсекеге қабілетті
тұлғаны дамыту патриоттық тәрбиені қалыптастыру негізінде және оны
патриоттық құндылықтарды оқушыларға игерту арқылы жүзеге асып, ал
патриоттық тәрбиені дамытудың қайнар көздері сан алуан екендігіне біз
ғылыми – педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында көз жеткізсек, онда
ұлттық тәрбиені дұрыс насихаттап, жан-жақты дамыған өз елінің жанашыр
патриотын тәрбиелей аламыз.
Зерттеудің міндеттері:
- Патриоттық тәрбие берудегі өткен тарихымыздың алар орнын айқындау;
- Патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негізін қарастыру;
- Қазақстандық патриотизмнің даму жолдары қарастырып, жас ұрпақ
бойындағы ұлтжандылықты қалыптастыру;
- Тұлғаның патриоттық құндылығын қалыптастырудың нәтижесін айқындау;
І БӨЛІМ. ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ
1. Патриоттық тәрбие берудегі өткен тарихымыздың алар орны
Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет
үлгілерін көреміз. Еліміздің дербес, толыққанды ел, егеменді мемлекет
болуы, халқымыздың ертеден бергі еркіндік үшін, туған жері – Отаны үшін
күресінің жемісі. Бүгінгі таңдағы еліміздің әлемдік өркениет шеңберінде өз
орны мен статусын алуға ұмтылысы заңды құбылыс. Өйткені, әр елдің, халықтың
өзіндік болмысына тән мақсат – мұраты бар. Мұрат – алға жетелейтін,
болашақтан қол бұлғап шақыратын, халықтың арманы, мақсаты. Ал мақсат немесе
мұрат – ол, болашақта қол жеткізуге жетелейтін қоғамдық-рухани сананың
көрсеткіші - идеал. Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін,
Білгеқаған, Тоныкөктен бастап жерін, елін, тілін, ділін қорғаудағы өшпес
ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі
халқына тән негізгі ырымдар. Халқымыздың бойындағы отансүйгіштік
құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да
қарауға болады. Бұған дәлел көне түркі заманынан бастау алған патриоттық
құндылық Күлтегін жазбаларында былай деп суреттеледі: “Елтеріс қағанның
алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді”
– деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патриотизм сезімдері
бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден-ақ туындап, дамып келе жатқан
қасиет деуге болатындығын көрсетеді. Күлтегін жазбасында тағы да мынадай
жыр жолдарын кездестіруге болады:
Кедей халықты бай қылдым,
Аз халықты көп қылдым...
Түркі иелігінен
айырылған халықты
Ата-баба мекеніне орнатты...
– делінген.
Жазбадан патриотизмнің – халықты көбейтіп, байыту үшін еңбек ету, ата-
баба мекеніне ие болып отыру жолында жан аямау, діл бірлігін қорғау
екендігін аңғарамыз. Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей
патшалығының зеңбірегіне жалаң қылышпен қарсы шабуға жетелеген де осы
Отанына деген сүйіспеншіліктің, патриотизмнің қуатты күші.
Туған жерге деген ыстық сезім, атамекенге деген құрмет пен қадір қасиет
тұтуды Ұлы дала ойшылдары Қорқыт Ата, әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд
Қашқари, т.б. айтқан болатын.
Ықылым заманнан бізге жеткен “Қорқыт Ата кітабында” тәлімдік мәні
күшті, қанатты сөздер мен ұстаздық ұлағаттар көптеп кездеседі. Мысалы:
“Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білмеген қорқаққа қылыш сермеп,
күшіңді сарп етпе. Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп
түседі. Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана
құрсағында шырланып тумағаны жақсы. Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған
балаға ешкім жетпейді. Өтірік өрге баспайды, өтірікші болғаннан жарық
көріп, өмір сүрмеген көп артық” – деген екен. Бұл өсиет сөздерден ақыл-
парасат, өтірік айтпау, атаның атын былғамау туралы ойлар мен шығарманың өн
бойынан ұлы даланың байтақтығын, әдемілігін көреміз, бұл әр түріктің
бойында осы далада туғаны үшін мақтаныш сезімін тудырса керек.
Әл-Фараби өзінің “Азаматтық саясат”, “Поэзия өнері туралы”, “Бақытқа
жол сілтеу”, “Риторика”, “Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері” атты
трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелермен бірге көркемдік, сұлулық,
мейірбандық, білім категорияларының бетін ашып, олардың негізгісін дәлелдеп
берген.
Ақын-жыраулар халыққа өнегелі сөздерімен ықпал етіп, оларды іргелі ел,
берекелі жұрт болуға шақырды. Жыраулар жаугершілік заманда хандар мен
бектердің ақылгөй кеңесшісі болып, жорықтарға бірге аттанды, ру тайпаларға
басшылық етті, сұрапыл қанды майдан көріністерін жырға қосты, ерлікті
мадақтады, шейіт болған батырларды жоқтап, ел қайғысын бөлісті.
Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі халықтың береке бірлігін, Отанға
адалдығын сақтау, намысты қолдан бермеу, өз Отанын жаудан аянбай қорғау –
ат жалын тартып мінуге жарайтын қазақ баласының қасиетті борышы екендігін
Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Шал ақынның өлең-жырларынан көре аламыз.
Бұқар жырау:
Ер жігітке жарасар
Қолына алған найзасы,
Би жігітке жарасар
Халқына тиген пайдасы – деген екен.
Ал Ақтамберді жырау болса:
Жауға шықтым ту байлап,
Шепті бұздым айғайлап.
Дұшпаннан көрген қорлыққа,
Жалынды жүрек қан қайнап
Ел-жұртыңды қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап – деген жыр жолдарымен халықты батырлыққа,
батылдыққа шақырған.
Қазақтың айбынды ақындарының бірі Махамбет Өтемісұлы қазақ шаруаларын
бостандық үшін күреске шақырып, қара халықты бақытқа жеткізуді армандап
өткен. Ол өзінің үзеңгілес серігі Исатай мен халықтың ерлігін, олардың
адамгершілік қасиеттерін жыр етті.
Өз халқына, ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев шығармаларынан да көруге болады.
Қазақ тарихын зерделеу барысында олардың табиғаты, әлеуметтік
жағдайына, тұрмыс-тіршілігіне байланысты патриот халық екенін айқын
аңғаруға болады. Бұны қазақтың тұңғыш ғалымдарының бірі Ш.Уәлиханов жақсы
зерттеген және өзінің патриоттық сезімін: “Менің патриоттық сезімім ірбіт
сандығындай (матрешка сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде
тағы бір сандық) мен ең алдымен өз отбасымды, туған-туыстарымды
қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртым, руластарымды, одан соң
халқымды, одан соң Сібір орыстары, Ресей жұртын қадірлеймін”, – деген екен.
Бұл тұжырымнан патриотизм отбасынан бастау алып әулет, тумаластарға деген
сүйіспеншіліктен барып халыққа деген махаббат және сол кездегі алдыңғы
қатарлы елдердің бірі Ресейді атап көрсетуі де патриотизмнің халықаралық
мәдени қатынастардың да негізі екенін көрсетеді.
Қазақта ең алғаш қазақ балалары үшін халық мұрасына, салт-дәстүріне,
ерлік, адамгершілік тәрбиесіне негіздей отырып, оқулық жазған Ы.Алтынсарин
болды. Ол көшпенді елдің баласына ғылым-білім, өнер үйретуді армандады.
Абай Құнанбаевтың еңбектерін зерделеп қарайтын болсақ, жастарды ерлік
рухта, патриотизмге баулып, намысын, ар-ожданын, адамгершілік қасиеттерін
тудыратын жыр жолдарын кездестіреміз. Оның “Адамзаттың бәрін сүй бауырым
деп” деген сөзі, барша жұртшылықты жауласу, күш көрсету дегенді білместен,
тек тату-тәтті өмір сүруге шақырады.
Қарап отырсақ, қай кезде болмасын халық игілігі үшін еңбек еткен
ағартушылардың, ақын-жыраулардың барлығының мақсат-мүддесі қазақ халқын тек
бірлікке, ынтымаққа шақыру, ешкіммен жауласпау, оқу білімге уағыздау,
адамгершілікті, адал шыншыл болуға, өз Отанын сүюге, отаншылдық,
отансүйгіштік қасиеттерді әр адамның бойына дарытуға ұмтылған. Бұл бүгінде
Қазақстанның, Елбасымыз Н.Назарбаевтың “әр этностың ұлттық сезімін сыйлап,
бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау” деген бағытымен үндесіп жатыр.
Осы тұрғыдан, Қазақстан халқының мұраты: еркін халық болу; өзгелермен
терезесі тең мемлекет болу; өз ішінде береке-бірлік пен ынтымақ орнаған
халық болу. Бұл мұратты жүзеге асырудың негізгі шарты – әрбір Қазақстан
азаматының қатардағы қоғам мүшесі деңгейінен мемлекеттің саналы әрі
белсенді азаматы әрі өз Отанының, халқының нағыз патриоты дәрежесіне
көтерілуі.
Отансүйгіштік - азаматтық санамен қалыптасатын қасиет. Азаматтық сана
– біліммен қаруланған, аға ұрпақтың қалдырған мәдени-тәлім мұраларынан
сусындаған, туған жері мен елінің рухани-материалдық, мәдени құндылықтарын
бойына сіңіре білген, ақыл мен парасаттылығы жетілген, жеке мүдде мен
болашақ үшін жауапкершілікті өткен мен келешек үрпақ алдындағы парызбен
ұштастыра білетін, ұлтжанды саналы азаматы болуды талап ететін құбылыс.
Қазақстан Республикасы этномәдени білім беру тұжырымдамасында Бізге
қажетті - жаны да, қаны да қазақы халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-
дәстүрін бойына ана сүтімен бірге сіңірген, егеменді елінің еңсесін
көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу - деп атап
көрсеткендей, еліміздің елдігі мен бірлігін сақтайтын ұрпақ тәрбиелеу,
білім берудің барлық салаларының алдындағы негізгі міндеттердің бірі.
М.Қозыбаев “Жауды шаптым ту байлап” атты еңбегінде қазақ халқының
басынан өткен ұлт-азаттық қозғалысын, Отан қорғау тарихы, оның кезеңдерін,
халқымыздың ел басқарған көсемдерін, қол бастаған батырларын, олардың
ерліктерін жыр еткен шешен-жырауларын сөз етеді. Тәуелсіздік үшін болған
ата-бабаларымыздың қанды жорықтары, дабылды, дауылды азаттық күрес жолдары,
ел бостандығы, бірлік жолы, ұлтжандылық, ұлттық сананы негізгі арқау етіп
алған. Жұмыстың “Ұлт-азаттық қозғалысының белестері” атты бөлімінде,
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстарын 7 кезеңге бөліп, оның себеп-
салдарын көрсеткен:
І кезең. Қазақ халқының құрамына кірген тайпалардың Ібір-Сібір жұртын
жаулап алуға қарсы азаттық қозғалысы.
ІІ кезең. Қоқан-Хиуа хандықтарына қарсы ұлт-азаттық қозғалыс. Бұл ұлт-
азаттық қозғалыс үш жүзді одан әрі қабыстырды, кіріктірді, біріктірді,
ұлттық дәрежеге көтерді.
ІІІ кезең. Ресейге қосылу кезеңі, бодандыққа қарсы ұлт-азаттық
қозғалыс.
ІV кезең. Отарлау саясатына қарсы Сырым Датұлы, Исатай Тайманов,
Махамбет Өтемісұлдарының басқаруымен болған шаруалар көтерілісі.
V кезең. Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.
VІ кезең. ХІХ ғ. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
VІІ кезең. 1917 жылғы Ақпан және Қазан революциясы.
Міне, осылай 1590-1990 ж.ж. арасындағы Ресей, одан қалды кеңестік
империя кезіндегі қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы осындай асулардан
өтті. Бір сөзбен айтқанда, қазақ халқы өзінің ата-баба тарихына
сүйіспеншілікпен қарауға құқықты. Өйткені, біздің ата-бабаларымыз бір сәт
құлдыққа бас сұғып, өзінің отар ел болған болмысына ризашылық білдіріп,
отырып қалған емес. Олар арының тазалығын ту қылып, азаттық жолын қалады.
Ата-баба салты – тарихымыздың үлесі халқымыздың баға жетпес мұрасы. [7, 32]
Қазақтың белгілі ақыны Мұхтар Шахановтың “Төрт ана” деген өлеңінде
былай деген:
“Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала,
Әр адамда өз анасынан басқа жебеп жебеп жүрер, демеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері-түп қазығы айбыны,
Туған тілі сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт-санасы тірегі,
Қадымына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті, болса да,
Төрт анаға өңін жалғай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған?
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Еш қашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана –тағдырыңның тынысы.
Төрт ана үшін болған күрес-күрестердің ұлысы.
Төрт ана тек қазақ ұлтында емес, ол барлық қазақстандықтарда болуы
тиіс. Себебі Қазақстанда түрып жатқан халықтар ежелден осы өлкені
мекендеген. Олардың тарихы, салт-дәстүрі, мекен-жайы, ана тілі бар.
Сонымен қорыта айтарымыз, қазақстандық патриотизм-бүкіл
қазақстандықтарға тән. Себебі ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт-дәстүр,
ортақ қазақтың тілі. Басқа ұлт өкілдері қазақтың тілін білуі тиіс.
1.2. Қазақстандық патриотизмнің қалыптасу тарихы мен даму жолдары
Қазақстандық патриотизм, қазақстандық интернационализммен, яғни
қазақстандық отансүйгіштік қазақстандық ұлтаралық татулықпен байланысты
деген ұғымды білдіреді. Оның түбінде ұлттық және мемлекеттік идеология
жатыр. Біз осының бәрін қатар алып жүруіміз керек. Ұлттық идеология
дегеніміз-қазақстанда тұрып жатқан әр ұлттың мәдениеті, салт-дәстүрі, тілі,
діні, тарихынан туындайтын көзқарас. Бірақ қазақтың ұлттық идеологиясы
осының көшбастаушы болуы тиіс. Оған негізінен қазақ азаматтары атсалысуы,
көш бастауы керек. Ал мемлекеттік идеологиямыз-ол қазақстанда тұрып жатқан
халықтардың мүддесінен туындаған мемлекет саясаты. Дәлірек айтсақ
“Идеология (идея және логия)-таптар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін
білдіретін қоғамдық сана, саяси, праволық, философиялық, моральдық,
эстетикалық және діни көзқарастар мен теориялық идеялардың жиынтығы”
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстанның
болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде”, “Тарих толқынында” деген
еңбектерінде идеялық мәселелерге топтасудың керек екенін айтып, бірігуге
шақырып, бұл міндетті жүзеге асыруда білім берудің, отбасы, еңбек ұжымы
сияқты дәстүрлі институттардың маңызды роль атқаратынын, олардың ықпалы
ерекше тиімді болатынын баса айта отырып, “Біздің тағы бір аса маңызды
идеологиялық міндеттеріміз-Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, әрбір
азаматтың өзін-өзі айқын билеу. Олай болса, осы міндетті орындау жолында
тәрбие мәселесін қолға алып, ұрпақтарды аздырмай-тоздырмай қазіргі сауда-
сатықтың, алдау-арбаудың ықпалына жібермей, етегіне сүйретпей еліміздің
болашақ өркениетті дамуын алға бастыртатын адамдарын тәрбиелеуіміз керек”,-
Президент.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың “Тарих толқынында” деген еңбегінде негізінен
түркі тектес халықтардың, оның ішінде түркі мәдениетіне, қазақ топрағында
түрлі діндердің болғанын айтқан. Бұл еңбек қазақстандық ұлттық, ұларалық
татулықтың, қазақстандық патритизмнің темірқазығы іспеттес.
Қазақстан жолы – Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса
күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы, тәуелсіз
жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді.
Бұл - Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау жөніндегі
жұмыс, қазіргі қолданыстағы ел Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай-газ
ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және
табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек. Жекелеген тарауларда
жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу үрдісі әңгімеленеді, елорданы
Астанаға көшіру және Қазақстан азаматының тұңғыш ғарышқа ұшуы айтылады.
Кітап Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. Автор
бұл кітаптың Қазақстан көшбасшыларының жаңа буыны үшін қолдан түсірмейтін
құралға айналар деп сенеді. [9, 1]
Бүгінгі күні ата-бабалар, одан кейінгі ұрпақтардың салып кеткен жолымен
жүріп, сол жолды ары дамыту, өмір жаңалығын ескеру, ескімен жаңаны
ұштастыру Қазақстан халқының міндеті.
Елдің тәуелсіздігі көп нәрсеге ой салдырады. Мұнда тарихи сананы ояту,
жоғалғанын өзіне қайтару, өрлеу дәуіріне жол ашу деген мағына, сондықтан
қазақстандық патриоттық тәрбие деген ұғым тек қана айтыла салатын дерексіз
ұғым емес, ол ең алдымен нақты, өз ұлтына, сонда тұрып жатқан халықтарға
берілген, адал еңбек ете алатын, жалпы халықтық, әлеуметтік мәдениетті
түсініп, білетін соның нұсқаларын өз халқының қажетіне жарата алатын,
басқалары түсіне білетін нағыз адам сүйгіштік, қазақстандық патриоттық
рұхтағы белсенді адамдарды тәрбиелеу үшін керек.
Таза біржақты ұлттық тәрбие-ұлтаралық аразға соқтыруы мүмкін. Әсіресе
патриоттық тәрбиеде бұл ерекше білінеді. Әрине, ұлттық тәрбиені әркім
әртүрлі түсінеді. Кейбіреулер “ұлттық нақыштар сол күйінде болса екен”
десе, ал кейбіреулер “ұллтық тәрбие қазіргі өмірмен байланысты болса екен”,
дейді. Шындығында ескінің жаңамен қауышып жатқаны өміршең келеді.
Қазақстандық патриотизмді еліміздің әрбір азаматтарының санасына сіңіру
кезек күттірмейтін мәселе. Біздің зерттеуіміздің негізінде жалпы халықтық
патриотизм, халықтық модернизация процесінде белсенді араласуы секілді
интегративті қазақстандық патриотизм көрінеді (сурет 1).
Сурет 1 – Қазақстандық патриотизмнің мәні
“Ұлттық тағылым деген ұғым әр халықтың ғасырларға ұласып жатқан тәрбие
үлгісі, бала тәрбиесіне қолданылатын әдіс-тәсілі, үлгі-өнегесі, сондықтан
да ұлттық тәрбие деген сөздің мағынасы әлдеқайда кең”. Себебі ол бүкіл
ұлтқа тән қасиеттердің бәрін қамтиды. Оған әлеуметтік, тұрмыстық,
шарауашылықтық, салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүрлер, тағы басқа ұғымдар
кіреді. Жалпы ұлттық тәрбие арқылы жастарды, кейінгі буынды патриотизмге,
ұлтаралық татулыққа баулуымыз керек.
Бүгінгі Егеменді Қазақстанның жағдайында патриотизм, ұлтаралық татулық
жаңа мағынаға ие болып отыр. Себебі Қазақстанды Отаным деп білетін әрбір
Қазақстан азаматы Қазақстанды сүйіп, соның азаматы болу, Қазақстанды
қорғау, Қазақстанның дамуына, өркендеуіне өз үлесін қосу міндетті. Мұны,
әсіресе, қазақ ұлт өкілдерінен басқа ұлт өкілдері жақсы ұғынуы тиіс.
Қазақстанның патриоты қандай болу керек екенін белгілесек, онда оның
ерекшеліктері мынада:
1. Қазақстанда 130 – дан астам ұлт өкілдері тұрады. Көп ұлтты мемлекет.
Барлығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне ерекше құрметпен
қарайды, шын ниетімен қадірлейді. Қазақстан азаматының Конститутциялық
құқығын сақтайды. Әрбір ұлттың Қазақстанды ортақ үйіміз деп санай білуі.
2. Қазақстанда тұратын барлық халықтар ұлтына қарамай Отанды қорғауға
дайын болуы. Қазақстан халықтары ассамблеясында қабылданған барлық
шешімдердің іске асуына өз септігін тигізуі.
3. Бұл әрбір азаматтың тек өзінің конституциялық борышын өтеуі ғана
емес, сонымен бірге оның жеке басының қалыптасуы және тәрбиелеу мектебінің
қалыптасуына ықпал етуі.
4. Қазақстан халықтарын ұлы державалық патриоттық сезімге ұмтылғызу
мақсатында қазақстандық ғажайыпқа сендіру, оны мақтаныш еткізу.
5. Қазақстан Республикасының азаматының Отанын қорғауға деген оң
көзқарасын қалыптастырып, Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің әскер
қатарында болатынына ұлттық патриоттық мақтаныш сезімін тудыру.
6. Қазақстан Республиканың әскери доктринасына сай Қазақстан халқының
мүддесін көздеуде патриоттық сезімдерін ояту.
Әрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері –
рухани және адами қасиеттер, құлықтылық (моральдық нормалар) үлгілері бар.
Сондықтан да әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие-ұлттық тұрғыдағы тәрбие
үлгісі болып табылады. ¤йткені, мұнда тәрбиенің негізін замандар бойы
қалыптасып келген асыл рухани құндылықтар және биік ізеттілік пен
құлықтылық тұрғысындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жататын, адамның адамдық
қасиетін нығайтып әрі асылдандыра түсетін, халықтың даналық өмір–салтынан
туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидалар құрайды. Ұлттық тәрбие –
адам өмірінің алтын арқауы. Ұлттық тәрбие жалпы –адамзаттық рухани
құндылықтарды жоққа шығармайды, қайта солармен үндесіп жатады. Бұлар бір-
бірін байытып, құнарландырып отырады. ¦лттық тәрбиеден тереңдеп нәр алған
адам – рухани бай адам. Ондай адам жалпы адамзаттық тұрғыдан мәдени және
рухани құндылықтарды бойына тезірек сіңіреді, сөйтіп, толық әрі кәміл адам
дәрежесіне тезірек жетеді. ¦лттық менталитет – тұнып тұрған рухани қазына.
Халықтың тілі мен мәдениеті болсын, салт-дәстүрі мен наным-сенімі болсын –
мұның бәрі де әрбір халық үшін асыл да қымбатты рухани дүниелер. Әсіресе,
наным-сенімнің әрбір халықтың өмірінде алатын орны өзгеше.
Осы мәселеге байланысты қазақ азаматтарына келетін болсақ, олар
қазақстандық патриотизм, ұлтаралық татулықтың көш бастаушысы болуы тиіс.
Солай болмақ та.
Қазақстандық патриотизмнің негізі-ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-
ғұрып, аңыз, ертегілер, жырлар, кешегі кеңестік ортақ дәуір, Ұлы Отан
соғысындағы түрлі ұлт өкілдері-қазақстандық батырлардың ерліктері туралы
тарихи деректер болып табылады.
Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтың әдіснамасы Қазақстан
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тарихи еңбектері.
Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтыққа тәрбиелеудің жолдары
мен құралдары-ол түрлі іс-шаралар, тәрбие сағаттары, гуманитарлық пәндердің
мазмұны.
Ұрпақ тәрбиесі қашаннан өз мәнін биік ұстайды. Сондықтан қай
заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән
берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, келешек ұрпаққа оқу-
білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Ұлттың бүгіні де,
болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Толық жетіліп қалыптасқан ұлттың
сана- қабілетінде, түсінік- талғамында, мінез- құлқында, өзіне тән
ерекшелік менталитеті болатынын ғылым дәлелдеген.
Патриоттық тәрбие берудің басты бағыты- Қазақстан Республикасының жаңа
Конституциясы мен еліміздің мемлекеттік нышандарын: Әнұранын, Туын,
Елтаңбасын оқушыларға үйрету және орындату мәселелері. Еліміздің
Конституциясын бұлжытпай орындау, мемлекеттік нышандарға құрметпен қарап
орындау, құқықтық- саяси және этикалық әдет- ғұрып мәдениетін тәрбие беруді
оқушы бойына сіңіруді қалыптастырады.
Мектепте оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негізгі міндеттері
төмендегілер болуы тиіс:
- Қазақстан Республикасының Коституциясын, мемлекеттік рәміздерін
(Елтаңба, Әнұран, Туы) құрметтеуге тәрбиелеу;
- Жас ұрпақты қазақстандық патриотизм мен интернационализм рухында
тәрбиелеу;
- Адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу, туған жерге, Отанға
деген сүйіспеншілік пен халықтар достығын құрметтеуге тәрбиелеу
- Оқушылар бойында мінез- құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру
және олардың өздерінің де бір біріне, отбасына, басқа адамдарға,
мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен
ережелерін дарыту.
- Мемлекетіміздің ұлттық тілін, мәдениетін, салт- дәстүрін білу;
- Өз өлкесінің мәдени құндылықтарын, тарихын, оның дамуына үлес қосқан
адамдардың өмірі мен қызметін білу;
- Мектепте өз өлкесінің (облыс, аудан, ауыл , мектеп) тарихын насихатау
мақсатында мұражай жұмыстарын жандандыру.
- Оқушылар арасында мемлекет пен заңдарға зор құрметпен қарау сезімдерін
қалыптастыру;
- Мемлекет пен құқық жайлы білімдерді меңгерту.
- Құқық білімінің алғашқы негіздеріне сай мектеп Жарғысына, оқушылардың
мінез –құлық ережелерін енгізу;
- Құқықтық жаппай оқуды оқу – тәрбие үрдісіне енгізу;
- Оқушылардың мінез- құлықтарымен жүріс – тұрыстарын заң талабына сай
қалыптастырып, адамгершілікті әдет – ғұрыпқа тәрбиелеу
- Азаматтық белсенділігін қалыптастырып, заңды және тәртіпті бұзушылыққа
қарсы күресу.
- Оқушылардың өзін- өзі тәрбилеуіне басшылық жасау .
Әр мектепте оқушыларға азаматтық және әлеуметтік
жауапкершілікті арттыраттыратын, патриоттық тәрбие беретін іс- шаралар
жоспарлы түрде болуы тиіс .
Сонымен қатар оқушылармен тәуелсіз еліміздің жаңа Конституциясы мен
мемлекеттік нышандарын оқыту кезеңдерінде адамдардың құқықтарға заңды түрде
баянды ету, өз елінің толыққанды азаматы азаматы екендігін, олардың алған
құқықтық білімдерін қолдану тұрақты өмірлік принциппен идеялық- сенім
бағытында тәрбиелеу- мектеп мұғалімдерінің басты міндеті.
Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің бастапқы қадамы — ол оқушылардың
мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін ояту болып табылады. Әр елдің
тәуелсіз ел, мемлекет екенін білдіретін ең басты үш белгісі бар. Олар:
Елтаңба, Туы және Әнұраны. Өз еліне ғана тән мұндай белгілері жоқ мемлекет
дербес, тәуелсіз бола алмайды. Осы мемлекеттік белгілер Қазақстан
Республикасы тәуелсіз деп жарияланысымен көп ұзамай 1992 жылы қабылданды.
Мемлекеттік белгілерде Республикамыздағы ел- жұрттың, алдымен тұрғын
халықтың төл тарихының ұшқындары мен мемлекеттің, барлық халықтың мүддесіне
сай келетін бейбітшілікке деген ұмтылысы бейнеленген. Сонымен қатар әлемдік
өркениетке қол созған ақ пейіліміз аңғарылған.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының негізі- шаңырақ.
Шаңырақ- мемлекеттің түп- негізі- отбасының бейнесі. Шаңырақ- Күн шеңбері.
Айналған Күн шеңберінің қозғалыстағы суреті тәріздес. Шаңырақ- киіз үйдің
күмбезі көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар-
дала дүлділі, ер- азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске
деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың,
тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар-
қазақ поэзиясында кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып
жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа
құштарлықтың кейпі. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол-
өлмес өмірдің бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату- тәтті өмір сүретін
Қазақстан халқының өсіп- өркендеуін, раухани байлығын, сан сырлы, алуан
қырлы бет- бейнесін паш етеді. Бес бұрыш жұлдыз елтаңбаның тәжі іспетті.
Әрбір адамның жол нұсқайтын жұлдызы бар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы — Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздерінің бірі. Мемлекеттік ту көгілдір түсті тік бұрышты
кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран
баейнеленген. Ағаш сабы бекітілген тұста- ұлттық оюлармен кестелен-ген тік
жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою- өрнек- алтын түсті. Тудың ені
ұзындығының жартысына тең. Тудың түсі аспан тәріздес көк түсті болып
келеді. Көк түсті құрметтеу халқымыздың көне тарихынан белгілі. Тілімізде
көгеру, көктеу, көк шықты деген сөздер мен сөз тіркестері бар. Олар
өмір сүру, жаңарып- жасару, гүлдену, мақсатқа, мұратқа жету дегенді
білдіреді. Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс
деп есептеген. Тудан қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран
сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған. Бұлармен қатар,
тудан қазақтың ою- өрнегін байқаймыз. Мұның өзі Тудың ерекшелігін- қазақ
елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді. Осының бәрі жаңа даму
жолына түскен тәуелсіз Қазақстанның оның халықтарының барлық жағынан
гүлденіп, өркендеп, мақсатқа жетуіне көк түсті Ел Туы сәттілік тілеп
тұрғандай сезімге бөлейді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны — Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің белгісі. Әнұран- тек
салтанатты музыка мен сөз ғана емес, бұл ерекше музыка және дана сөз.
Әнұран сөздері мен әні айтушыны жігерлендіріп, өз Отанына деген мақтаныш
сезімін ұялатады. Әнұранда қазақ халқының ерлігі, даңқы, намысы, еліміздің
кеңдігі, бірлігі, достығы туралы айтылған.
Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінің 2006- 2011
жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасында Қазақстан
Республикасының мемлекеттік нышандарын зерделеуге ерекше мән берілуі тиіс
екені айтылған.
К.Д.Ушинский айтқандай, Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін ол халықтық
болуы тиіс- дейді, яғни әрбір ұлттың өзіндік дәстүрін, салтын сақтап, сол
рухта тәрбиелеуге баса назар аудару қажеттігін ескерткен. Сондықтан да осы
айтылғанды ескере отырып жас ұрпақты Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет
етуге, елжандылық пен ерлікке тәрбиелеу- біздің басты міндетіміз болмақ. Әр
оқушы бойына намыс, ар, сүйіспеншілік сезімдерін ұялатып, туған жер
табиғаты, ана тілі, салт- дәстүрі, тарихи ата- бабаларымыздың ерлігі-
Отанға деген сезімнің шынайы қайнар көзі екеніне өз іс- әрекеттеріміз, іс-
шараларымыз арқылы көз жеткізуіміз қажет.

педагогикалық шарттары
Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық, саяси
–идеологиялық даму барысында азаматтарға патриоттық тәрбие беру
үкіметіміздің жаңа стратегиялық бағдарламасының басым бағытттарының бірі
болып отыр. Оның дәлелі Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.
Назарбаевтың бүкіл мемлекетімізді, бүкіл қазақстандықтарды өмірдің барлық
салаларында нақты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz