ДИАЛОГТІК ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

І БӨЛІМ. ТИІМДІ ОҚЫТУ: ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
0.1. Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер ... ... ... ... .
0.2. Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс - тәсілдердің тиімділігі ... ... ... ...

ІІ БӨЛІМ. ДИАЛОГТІК ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
2.1. Диалог арқылы оқытудың маңызы, диалогтік оқытудың әдіс - тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Диалогтік оқытудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Бүгінгі таңда басты мәселе болып отырған - жас ұрпақтың сапалы білім алуы. Білімді, сауатты адамдар - бұл ХХІ ғасырды адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші дегенінің өзі - үлкен көрегендіктің белгісі. Білім саласының дамуы көшінен қалмай ілгерілеу басты мақсатымыз. Сол көшке ілесе алмасақ- бізге сын. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазіргі заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын еліміз бірінші орынға қойып отыр. Білім беру мен білім алудағы атқарылатын қарқынды жұмыс ұстаздарың еншісінде екені айтпаса да белгілі. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің Бала - балқытылған алтын деген қанатты сөз бірден ойға түседі. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі.
Сондықтан баланың бойында жақсы қасиеттердің болуына, олардың жан- жақты дамуын, рухани бай тұлға қалыптастыра білуіміз керек. Оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы бойында өзіне деген сенімділік пен жауапкершіліктерді дамыту болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: оқушыларды жан-жақты ойлануына, сөйлеу мен тіл мәдениетін қалыптастыруға, өз ойларын еркін жеткізуге баулу, тіл байлықтарын, сөздік қорларын арттыру. Нәтижеге бағытталған оқытудың заманауи нысандары мен әдістерін қолдана отырып, сапалы білімге қол жеткізу және шығармашылыққа баулу, дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
-Оқытудың әрбір кезеңінің жылжуда болуын қамтамасыз ету;
-Тиімді әдістерді тәжірибеге енгізу үшін шығармашылықпен жұмыс істеу;
-Көшбасшылығымды барлық қырынан дамыту.

Зерттеу объектісі: № мектеп-лицейінің сынып оқушылары.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс барысы кіріспеден, 2 бөлімнен, жалпы қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Күтілетін нәтиже: Балалар белсенді білім алушылар болып табылады. Диалог арқылы оқыту мен Қалай оқу керектігін үйрену , себебі олар әлеуметтік сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. (МАН - 12б) Оқушылар қалай оқу керек екендігін түсінеді. Сонымен қатар бұрын алған білімдерін ой елегінен өткізе отырып, сабақта алған білімдерімен салыстыра алады, жүйелейді, қорытынды жасауға дағдыланады.Олардың өз бетімен жұмыс істеу қабілеті артады. Сабақ барысында бір-бірімен ой-пікір бөлісуді, айтқан пікірлерімен санаса білуді, ақылдасуды, санасуды, келісімге келе отырып, түсінбегенін мұғалімнен емес сыныптастарынан, достарынан көмек алуды үйренеді.Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілеті дамып, шығармашылыққа, ізденуге бағытталған тапсырмаларды орындауда қолданатын креативті тәсілдерді шеше білуге машықтанады

І БӨЛІМ. ТИІМДІ ОҚЫТУ: ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

0.1. Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Білімді, сауатты адамдар - бұл ХХІ ғасырды адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші дегенінің өзі - үлкен көрегендіктің белгісі. Білім саласының дамуы көшінен қалмай ілгерілеу басты мақсатымыз. Сол көшке ілесе алмасақ- бізге сын. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев

XXI ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану процесіне көшуде.Осы процессті жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор роль атқарады.Жаңа заман талабына сай жаңашыл мұғалімдерге сапалы және инновациялық технологияларды меңгерту.Білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жылдан жылға күрделі және өзекті мәселеге айналуда.Оқыту барысында озық,тиімді технологиялар тәжірибеге енгізілуде.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ,өз мақсатымызға жете алмаймыз.Барлығы мектептен басталады , -деген болатын. Ал қазақтың заңгер жазушысы Мұхтар Әуезов былай деген екен Халық пен халықты теңеретін-білім деп айтқандай,білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу-біздің мақсатымыз.Сондықтанда жаңа жаңалықтардан қалмай жаңалық жаршысы болуымыз керек.Бұл мақсаттарға жету үшін мұғалімнің ізденісі,жаңа тәжірибе ,жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды. Бұл баяндамада жаңа форматтағы біліктілікті арттыру курсынан алған жеті модульді сабақ үрдісінде үйлестіре пайдаланудың кейбір жолдары, практикада қолданылуы туралы ой қозғалған. Бұл модульдерді сабақта мұғалім ұтымды пайдалана білсе, оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыстануға үйренетіндігі, сонымен бірге оқушы мен мұғалім арасында ынтымақтастық орнап, сабақтың тиімділігі арта түсетіндігі атап көрсетілген.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі - тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез - құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді. Кембридж оқу бағдарламасының мақсаты -- Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру және Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін үйрену.Басты міндеті -- қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу, сындарлы ойлауға бағыттау.
Бағдарлама жеті модульден тұрады:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Осы 7 модуль бойынша сабақтарды қызғылықты етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына байланысты инновациялық технологияны қолдану қажет. Бағдарлама оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой-пікірін жеткізе білетін ынталы сенімді болуды қалыптастырады. Күнделікті сабақтарда сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыпастыру білімге құштарлықтарын, көңіл күйлерін жақсартуына оң әсерін береді. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, олар бір нәтижеге жету үшін топ ережелерін сақтауды үйренеді. Өз-өздерін реттеулері мен көшбасшылыққа ұмтылулары, дарындылары айқындала бастады.
Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдердің ішінде диалогтық оқыту тәсілі де тиімділігін көрсетеді. Ол ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туғызады. Бұл тәсілмен оқыту топпен әңгімелесу, сұхбаттасу, "миға шабуыл" логикалық сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асады. Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру -- бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау арқылы өзін-өзі таныған, ақыл-ойын жан-жақты дамытқан өзіндік "Мендік" пікірі қалыптасқан оқушы тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттер жүктейді.
Бұл модульдердің көпшілігін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, тереңіне үңіліп, олардың өзіндік философиясын түсініп көрмеппіз. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады. Біз қолданып отырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан , сындарлы оқыту негіздері қамтылған. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (СТО) бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Білім берудің кешенді міндеттерін және мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөзге аса мән беріп сол курста негізге алынған жеті модуль туралы қысқаша тоқталайын.
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөлін айшықтап көрсетіп береді.Мұғалімдер,өз кезегінде ,өзінің сабақ беруіне емес,оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс.Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек,соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай,оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады.

Диалог бойынша оқыту
Тапсырманы орындауда сыни тұрғыдан ойлануды үйренеді.
Зерттеушілік әңгіме барысында бір-бірінің идеяларын талқылайды,баға береді,бірлескен түсінік қалыптасады
Өз идеясын ортаға салып,басқалардың пікірін тыңдайтын болады.
Топтық тапсырмаларда постірді орындауға белсене қатысатын болады.
Таланты мен дарындылығын анықтауда берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындай алады.
Жоғарғы балл жинағандар арасында пресс-коонференция өткізгенде көшбасшы анықталады.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түпкір-түпкірінен жыйылған білім берушілердің бірлескен еңбегі,ал бағдарламаның негізі Ж.Пиаже,Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Болашақ ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде сындарлы оқыту және бағалау маңызды болып отыр.Бағалау формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық болып екіге бөлінеді.Бағалау - одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндіктерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады.

4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Оқушылар арасындағы дарынды және талантты балалар деген кімдер? деген сұрақ туындайтыны рас. Дарындылық мазмұны әр түрлі болып келедідеп жазады мұғалімдерге арналған нұсқаулықта Ренцулли мен Райс (1985) дарынды және талантты балалар күрделі қабілеттердің иелері,әрі олар адам қызыметінің кез келген құнды саласында өз қабілеттерін көрсетуге бейімдеген пікір білдіреді.Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді.
7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді. Олай болса, бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны негізделеді. Мектеп жұмысының бағдарламасына балаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіреді. Курста үйренген әдіс-тәсілдерді, жеті модуль бойынша алған жаңа білімімді өзімнің іс-тәжірибемде толығынан қолдандым.. Осы 7 модульді апарып сабақтарыма қолданған кезде сыныптағы көрініс, оқушылардың көзқарасымен оқу үрдісіне қатысты оын алған өзгерітерге тоқталғым келеді.
7-модулді сабағымда әр түрлі стратегияларға ықпалдастыра қолдану арқылы оқушылардың жеке, жұппен, топпен жұмыс жасауға деген белсенділігін, сабаққа көңілді қатысуын,қызығушылықтарын ояттым. Өйткені бірін-бірі оқыту арқылы ойлау қабілеттері дамиды. Әр оқушының жауабы тындалуы қажет, әр топ мәселе бойынша өз ойларын ортаға салуы маңызды.
Сабақта берілген тақырыпты алдымен жеке, содан кейін жұпта, ұжымда талқылатып жұмыс жасайды. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезініп, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әр топқа берілген тақырыпты жеке оқып, содан кейін өзге топқа реттік нөмірлер бойынша топталып, өз тақырыптарын түсіндіреді. Бұл есте сақтау, негізге алу, түсіндіруді арттырады, яғни жаңа ақпараттарымен бөліседі.Тақырыпты қаншалықты түсінгендерін флип чартқа түсіру арқылы жеткізеді.
Рефлексия кезеңінде оқушылар алған жаңа ақпараттарды, жаңа білімді реттейді өз пікірлерін дәлелдеп айтады..
7 модулді қолдана отырып, өзімнің де көптеген қызықты идеяларымды жүзеге асыру жөнінде белсенділігім арта түсті. Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз. Қазіргі заман мұғалімі заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде болатыны сөзсіз.
Қорытындылай келе, жеті модульді сапалы қолдана алсақ, оқушыларымыз сыни ойлай алатын, білімге құштар, алған білімдерін талдап, жинақтап, практикада қолдана алатын нағыз көшбасшы тәрбиелейтіндігіміз сөзсіз.

0.2. Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс - тәсілдердің тиімділігі

Бір сәт тоқтап жан-жағымызға көз жүгірте қарасақ, жаңа заман, жаңа талап, жаңа әлемді көре аламыз. Бүгінгі таңда қарқынды дамып келе жатқан әлем түрлі өзгерістерге толы. Ия, мынау ХХІ ғасыр - тың идея мен жаңа инновациялық технологиялардың ғасырына айналған кезең. Ендеше білім саласындағы болып жатқан тың өзгерістер ортасында жүрген ұстаздар қауымы сөзсіз түсіне біледі.
Қазіргі заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын еліміз бірінші орынға қойып отыр. Білім беру мен білім алудағы атқарылатын қарқынды жұмыс ұстаздардың еншісінде екені айтпаса да белгілі. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің Бала - балқытылған алтын деген қанатты сөз бірден ойға түседі. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі. Сондықтан баланың бойында жақсы қасиеттердің болуына, олардың жан-жақты дамуын, рухани бай тұлға қалыптастыра білуіміз керек. Оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы бойында өзіне деген сенімділік пен жауапкершіліктерді дамыту болып табылады.
Жаңартылған білім білім мазмұнының өзегі - жылдам дамып бара жатқан өзгермелі қоғамымызда өмір сүруге икемді, жеке басының, сонымен қатар қоғамның ыңғайына қарай өзін-өзі толыққанды жүзеге асыруға дайын,мектеп қабырғасында алған білімін өмірмен байланыстырып қолдана алатын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып отыр.
Қазақстандағы оқу жүйесіндегі басты жаңалық - мұғалімдердің жаңаша форматта білімін жетілдіруі болып отыр. Бұл -өркениет үрдісі. Ал қазіргі өркениетке ілесетін адам өмір бойы білімге ұмтылуы тиіс. Мұғалімдік тәжірибемдегі ендігі мақсат - оқу мен оқыту процесінде түрлі кедергілерді жеңе отырып, осы алған білімімді саралап, зерделеп, одан әрі толықтырып, нәтижелі білім беруге бағытталған әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдарын іздестіру.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер жекелеген құбылыс немесе дағды емес. Осы іске тартылатын тетіктер мыналар: оқыту әдісін таңдау,жүйелі ойлауға үйрету,оқушының талантын зерттеу және анықтау, сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілікті дамыту болып табылады.
Осы жаңа тәсілдерді қолдануда диалогтік оқытудың маңызы және қалай оқу керектігін үйретуді басшылыққа алдым. Оқыту мен оқудағы оқушы мен мұғалімнің арасындағы байланыс ол диалог арқылы болары сөзсіз. Осы диалогтік оқыту сабақ барысында тиімді қолданылғанда оқушылар өз ойларын, көзқарастарын білдіріп, еркін сөйлеуіне, дамуына көмектеседі.
Ал қалай оқу керектігін үйретуде оқушы алған білімін есте сақтап, өз бетімен жан-жақты іздене отырып, жаңа білімді сыныптастарымен бірлесе отырып игеруге үйретеміз. Қалай оқу керектігін үйрету бұл оқушының өзін-өзі реттеу болып табылатыны анық. Бұл үдерісте оқушылар түсінеді, бақылайды, өздерін қадағалап қабілеттерін шыңдайды. Онда оқушының жас ерекшеліктерін де ескеруге тырыстым. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы өзін-өзі білім сатысының қай деңгейінде тұрғанын біле отырып, қатесін өзі түзетіп, білуге деген құштарлығын ояту болып саналады.
Сабақтағы ең маңыздысы қойылған дұрыс мақсат пен күтілетін нәтижелер. Дұрыс қойылған мақсат күтілетін нәтижелерге жету жолында нақты іс- әрекетке жетелейді. Бұған дейін дәстүрлі білім беру үдерісінде сабақ мақсаттарын шамадан тыс алатын едім. Ал ҚР педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың бағдарламасы аясында үшінші деңгей бағдарламасын аяқтағаннан кейін, білім алу кезінде смарт мақсат қоюдың маңызын түсіндім. Сондықтан сабақтарымды жоспарлауда мен үшін маңызды сабақ мақсатын нақты әрі қолжетімді етіп құру болды.
Кез келген сабақ өз мақсатына толық жету үшін оған белгілі бір әдіс- тәсілдерді таңдап, саралап қолдану керектігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сол себепті сабақтарымда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай түрлі әдіс-тәсілдерімді кеңінен қолдану арқылы, оқушыларымның өз бетімен білім алуға дағдыландыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздедім. Осы мақсатымды жүзеге асыру үшін, 7 модульді өз сабақтарыма кіріктіре отырып, жаңаша әдіс - тәсілдерді пайдалана бастадым. Жаңашыл, іздемпаз ұcтaздың мiндeтi - сынып оқушыларының бұрын білмеген басқа қырларынан танытуы мен ортақ белгісін табуға мүмкіндік туғызатын ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сондықтан өз сабақтарымда сапалы білім беру мақсатында қолданған бірнеше әдіс-тәсілдердің тиімділігі жөнінде ой бөліспекпін.
Әрбір сабағымды өткен сабақта игерілген мақсатқа байланысты Ширатуға бұрынғы білімін еске түсіретіндей Кір жуғыш машина, Ішкі және сыртқы шеңбер, Кіріс және шығыс билеттері, Сұрақтарды қағып ал, Сен маған,мен саған , Құпия қапшық әдістерінен бастағанда оқушылар ойнап жүріп өткен білімдерін қайталай отырып жаңа сабақ арасында көпір арқылы еніп кеткенін байқамай да қалады.Сонымен қатар оқушылардың сұрақ қою дағдылары қалыптасады.Ашық және жабық сұрақтардың айырмашылығын біледі.
Қазақ тілі,жаратылыстану,дүниетану пәндерінде Ойлар бұлты әдісінің жаңа тақырыпты бекіту , үй тапсырмасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетел тілі мұғалімі
Диалогтік оқыту технологиясы
Бастауыш сынып оқушыларының ауызша монолог және диалог арқылы қалыптастыру жолдары
Мұғалім мен оқушы қатынасы
Интерактивті құралдармен сабақ өткізу әдістемесі
Оқушыларды ағылшын тілінде тыңдап түсінуге үйрету
Қазақ тілі сабақтарында ережелерді ұғындырудың жолдары мен тәсілдері
Оқытудың инновациялық тәсілдерді пайдалану ерекшеліктері
Әңгіме дебат
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу деңгейін анықтау жұмыстары
Пәндер