Балалар психологиясына теледидардың әсері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

ТАҚЫРЫБЫ: ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАР ТЕЛЕХАБАРЛАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЕЛЕХАБАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ МАЗМҰНЫ

1. 1 Балалар психологиясына теледидардың әсері

1. 2 Қазіргі заманғы баланың өміріндегі теледидардың рөлі

1. 3 Телехабарламалардың тәрбиелік мәні

ІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «BALAPAN» ТЕЛЕАРНАСЫ

2. 1 «BALAPAN» телеарнасы туралы мәлімет

2. 2 «BALAPAN» телеарнасының балаларға пайдасы

ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТЕЛЕХАБАРЛАМАЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ

3. 1 Жалпы телехабарламалар және оны жетілдіру жолдары

ҚОРТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда теледидардың маңызы зор болып табылады. Жаңалық, кино, мультфильм, шоу, сериал бәрі бәрі теледидар арқылы жүргізіледі. Оның зияны да пайдасы да көп. Әсіресе, кішкентай балаларға зияны көп болып табылады. Алайда, кішкентай балалардың теледидардан алатын пайдалары да бар. Міне, біз осы курстық жұмыста сол жайлы қозғап өтеміз.

Балалар телешоулары заманауи теледидарлық мазмұнның маңызды бөлігін алады, сонымен қатар, қазіргі заманғы хабар тарату желісінде балалар аудиториясына бағытталған теледидар арналары бар. Шын мәнінде, қазіргі әлемдегі теледидарлық бағдарламалардың едәуір бөлігі балалардың жас ерекшеліктеріне бағытталған, алайда олардың барлығы жас ерекшеліктерін ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманғы баланың қажеттіліктерін ескереді, ойын-сауықтан басқа, олар педагогикалық аспект.

Теледидарды дамыту тәжірибесінде тұрақты хабар тарату басталғаннан бері бағдарламалар көрермендер жасына қарай қалыптасады және балалар бағдарламалары ойын-сауық және білім беру мазмұнының маңызды бөлігі ретінде анықталды. Сонымен бірге ХХ ғасырдың 50-ші жылдарында әр түрлі жастағы балаларға бағытталған әр түрлі жастағы мазмұн қалыптасты.

Қазіргі кезең бойынша теледидардағы балалардың мазмұны әр түрлі және балалар бағдарламаларының тақырыбы балалар аудиториясының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Сонымен қатар, балалар бағдарламаларының маңызды құрамдас бөлігі - бұл олардың санасында тек дискриминация ғана емес, сонымен қатар баланы тәрбиелеуге, әлеуметтендіруге бағытталған маңызды тәрбиелік аспектісі болғандықтан да, олардың санасына әсер ету практикасы болып табылады. Осыдан келіп, телекөрсетілім арқылы жас көрерменмен диалог анықталады.

Бірінші теледидардың не екеніне тоқталып өтелік.

Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады. Теледидардың негізгі ерекшелігі бейне мен сүйемелдеуші дыбыс радиосигналдарын бір уақытта күшейту және түрлендіруезі теледидар әдетте супергетеродинді сұлба бойынша құрастырылады. Оның нұсқалары сүйемелдеуші дыбыс сигналдарын күшейту және бөлу әдістері бойынша бөлінеді. 20 ғасырдың соңында ертеден қолданылып келген кинескопты теледидарлардың орнын сұйық кристалды, плазмалы теледидарлар басты. Сұйық кристалды теледидарлар кескін айқындылығының, сапасының жоғарылығы бойынша қолданыстағы теледидарлардың ең озық түрі болып саналады. [1]

Франциялық балалар психологы профессор Марсель Руфо: «Теледидар кереметтей қылмыс мектебі. Теледидар электрлік тыныштандырғыш болуы себепті, үнемі теледидар алдынан шықпайтын балаларда есірткі және тыныштандырғыш дәрі тәуелділігін жеңілдететіні анықталды. Теледидарды шамадан тым артық көретін балалардың тамақ жемей, ұйықтау қиындығы, жаман түс көру, сабақ оқуға немқұрайлық, қиялшаң өмір сүру, теледидардағы кейіпкерлерге еліктеу, тұйық болу, әлеуметтік қарым-қатынастарда сәтсіздік секілді келеңсіздіктерге тап болып жатқандығы көрінуде» дейді.

Соңғы жылдары жасалып жатқан ғылыми зерттеулер нәтижесінде теледидардың ми функцияларына зиянды әсер ететіндігі анықталуда. Бұл зерттеулерден шығарылған нәтиже миымыз үшін теледидар көрумен, дуалға қарап отырудың айтарлықтай айырмашылығы болмауында. Бұл нәтиже бір қарағанда қисынға сай келмейтіндей көрінеді, алайда теледидар алдында миымыз автопилот режиміне еніп кетеді екен. Мұны бір тұтам азықты шайнамастан жұтып жібергенмен тең десе болады. Едәуір мөлшердегі ақпараттар талқыланбай, өңделмей миға тола береді. Бір сценарийге, шытырман оқиғаға ден қойылса да нәтиже осындай. Ми теледидар көре бастағаннан 60 секундтан кейін белсенділігін жоғалтады. Теледидардың бұл қасиеті ең көп жарнамашылар тарапынан қолданылуда. Жарнама көрсетіліміндегі ескертулер тез өзгеретіні соншалық, миымыз бұл жылдам өзгерісті ұстап қалу үшін бүкіл зейінін экранға бағыттайды. Ми гипнозға түскендей белсенділігін жоғалтып, жарнамасы жасалған өнімге талап қалыптастырылған болады.

Байқаған болсаңыздар көгілдір экранға жарнама шыққан кезде балалар тып-тыныш отыра қалып көреді. Өйткені ми есірткі алғандай болып, автопилот режиміне өтеді. Аналар осыны пайдаланып жарнамасы бар каналдарды таңдап, қойып жатады. Бірақ осы арқылы баланың миын қажетсіз көріністермен толтырып жатқандығы және оның зейінінің жетілуіне болымсыз тұрғыда әсер етіп жатқандығынан хабары болмайды.

Кейбір ата-аналар баланы тыныштандыру үшін теледидардың алдына отырғызады. Әлі сөйлеу білмейтін, көп уақытын теледидар басында өткізуге дағдыланған баланың ми функцияларында ақау болмасына кім кепіл? Баламен көп уақыт өткізудің орнына, олардың мазасыздығынан құтылу секілді әртүрлі сылтаулармен жасалып жатқан мұндай қателіктің зардабын балаларға тарттыру дұрыс емес.

Теледидарда әртүрлі жас талғамдарына сай көрсетілімдер жетіп артылатыны баршаға мәлім. Сол себепті бір сәтте басқа басқа каналдарды көргісі келетін отбасы мүшелері арасында талас-тартыс болары да сөзсіз. Мұндай келеңсіздікті отбасылар әр бөлмеге бір теледидар қою арқылы шешуде. Бір-бірінен бөлек бөлмелерде күн кешетін отбасыларда өскен бала махаббат пен қарым-қатынастан махрұм түрде өмір сүруі мүмкін. Ата-аналар арасында кейде шаршағандарын желеу етіп бүкіл кешті теледидар көріп өткізетіндері бар. Осындай сәтте бөлмесінде сабақ оқып жатқан баланың басқа отбасы мүшелері теледидар алдында отырғанда дәрістеріне толығымен зейін аударуы қиын болады. Мұндай жағдайда өсіп жатқан баланың сабағының бәсеңдегеніне өзіміз кінәлі екенімізді көбіміз аңғара бермейміз. Мұндай тақырыпта баламызға жақсы үлгі болу, қажет кезде теледидарды сөндіріп, онымен уақыт өткізу, сабағын бірге қадағалау орынды болады.

Менің курстық жұмысым үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда мен жалпы телехабарламалардың балаларға деген зияны мен пайдасын атап өтемін. Бұл тарау жалпы теориялық бөлім болып табылады. Ал екінші тарауда мен «BALAPAN» телеарнасын мысалға ала отырып, оған жалпы мәлімет жазып және оның балаларға деген пайдасын атап өттім.

Ал үшінші тарауда мен жалпы телехабарламаларды әрі қарай жетілдіру жолдырына тоқталып өттім. Үшінші тарау біткеннен кейін мен жалпы курстық жұмысты қортындылап, пайдаланылған әдебиеттер тізімін жазып өттім.

І. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЕЛЕХАБАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ МАЗМҰНЫ

  1. Балалар психологиясына теледидардың әсері

Бүгінгі күні әр отбасының құрметті де сыйлы қонағы секілді төрінен орын алып, сол үйдің айырылмас бір бөлшегіне айналған бір зат бар. Ол зат - бүкіл халықтың рухын оятып, дүр сілкіндіре алатын немесе оның миын улап, санасын азғындатып, түбіне жете де алатын қасиеті бар. Құдды адамның екі иығында отырған періште мен шайтан секілді оны жақсылыққа да, жамандыққа да бейімдей алады. Оның үйімізде тұрғанына көңіл аударып, жиі байқай бермесек те, бірақ соның ішкі жан дүниемізге тигізген әсерін мойындаймыз. Соған қарап әлемде болып жатқан оқиғалардан хабардар боламыз, керектіні үйреніміз, ондағы кейіпкерлерге қарап бой түзейміз, кейде тұңғиық ойларға шомып, алысқа қол созып, армандарға берілеміз. Әйтеуір, оның құрсаулаған торына қалай тұтылып жатқанымызды өзіміз де сезбей қаламыз. Кейде жанымызға шуақ шашып, жер бетіндегі барша қазынадан қымбат тұратын асылға айналатын, кейде атом бомбасынан да қауіпті құралға айналатын бұл құрылғы еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін бәрімізге белгілі теледидар еді.

Әрине, теледидардың өзі ештеңе емес екені анық. Тек онда болып жатқан бағдарламалар мен фильмдер маңызды. Бүгінде әлемнің қайда бара жатқанын аядай теледидардан үйде отырып-ақ болжай алатын дәрежеге жеттік. Біздің ертеңіміз бен болашағымыз саналған жас ұрпақты да осы қара жәшіктің тәрбиелеп жатқаны тағы рас. Әлемдік саясат пен әлеуметтік мәселелер, мәдениет пен өнер, спорт пен жарыстар барлығы дерлік осы қара жәшіктің ішінде жүріп жатқандай күй кешетініміз шындық.

Теледидардың пайдалы не зиянды екенін одан шығатын зиянды энергиялар мен сәулелерден іздегеніміз дұрыс-ақ. Бірақ оның басты пайдасы мен зияны онда көресетіліп жатқан телеөнімдермен тікелей байланысты. Әсіресе, теледидардың бала тәрбиесіндегі маңызы зор. «Ана тілі» газетінде жарияланған Анар Дүйсенбайқызының «Мультфильмдердің бала тәрбиесіне әсері қандай?» атты мақаласындағы: «Американдық зерттеушілер теледидар көрермендерінің басым бөлігі балалар мен жасөспірімдер екенін дәделдеген. Олардың пікіріне назар аударсақ, әр бала шамамен өз уақытының 30 пайызын экран алдында өткізеді екен. Осыған орай, зерттеушілер баланың мектепке барғанша 5 мың сағат, мектеп бітіргенге дейін 19 мың сағат теледидар алдында отыратынын да дәлелдеген. Сонымен қатар, шамамен балаларымыз күніне 17 өлім, 37 мейірімсіздікке толы көріністерді көреді екен. Осыдан-ақ өз балаңыздың дүниетанымы мен жүйке жүйесінің қалыптасуына теледидардың қаншалықты әсер етіп жатқанын аңғаруға болады. Бүлдіршіндердің теледидардан көріп тамашалайтын туындылардың басым бөлігін мультфильмдер құрап отыр…

Қай-қайсымыздың болмасын үйіміздегі балаларымыздың бірі үстілеріне жамылғы жамылып, «Черный плащ» бо­лып зыр жүгіріп, айғайлап жатса, бірі «Ниндзя-Черепаха» болып, қылышын сумаңдатып жатады, енді бірі «Супермен» болып, алқымыңнан алады, тағы бірі «Өрмекші адам» болып тыным таппайды. Мұның себебі де жоқ емес. Өйткені олардың сана-сезімін, бүтін психологиясын не адам бейнесіндегі емес, не құбыжық емес қалыптағы бейнелер жау­лап алған. Ал оған тосқауыл боларлық дең­гейдегі ұлттық өнімдеріміз жоқтың қасы.

Жаһандану үдерісі белең алған шақта Батыстан келіп жатқан анимациялық фильмдер жас ұрпағымыздың санасын улауда. Қайсыбір шетелдік мультфильмді қарасаңыз да балаларды қызықтыру үшін барлық жағдайды ойластырған. Тіпті, балалар түгілі ересектердің өзін еріксіз баурап алады. Осыдан барып сана-сезімі, өзіндік ұстанымы әлі қалыптасып үлгермеген балалардың мінез-құлқында өзгерістер пайда болады. Күндіз-түні жағымсыз әсердегі фильмдер мен ағыл-тегіл төгілген қанды көріп, содан тәрбие алып өскен ұрпақ не болмақ?», - деген сөздерге біздің де алып-қосарымыз жоқ. Тек, келісеміз.

Баланы тек мульфильм ғана қызықтырмайды. Кейде атыс-шабыс кинолар мен балаларға арналмаған бағдарламаларды көргісі келетіні жасырын емес. Ал оның зиянын айтып жатпасақта, нәтижесін барлығымыз сезіп отырмыз.

Бүгінде қазақ телевизиясы негізінен у мен шудың, хайп пен шоудың ордасына айналды. Экран бетін бір өзі бар «мамандықты» меңгеріп, «ғұлама» болғысы келіп жүрген әрі өздерін «жұлдыз» атандырған шоумендер жаулап алғаны өтірік емес. Әрине, нағыз өнерпаздар жоқ емес. Бірақ танымал болып жүргендердің дені өнердің иісі мұрнына бармайтын, тек фонограмманы серік еткен пысықайлар екеніне дау жоқ. Осыларды үлгі тұтқан бүлдіршіндер де ғылым қуып, білім іздегеннен гөрі, айғай аттан салып, елге танылып, «жұлдыз» болуды көксеп жатса таң қалудың реті жоқ. Өйткені, қара жәшіктің тәрбиесі солай. Тіптен ел алдында боқтасу, жұлысу, шешіну танымал болудың төте жолы болып қалғандай.

Бүгінгі қазақ телевизиясы үш түрлі дағдарысқа ұшыраған. Біріншіден, шоу мен хайп қуалау. Рейтинг қуалаймыз деп ұятсыздық пен арсыздыққа жарнама жасап жатқанын, әрине, біледі. Бірақ, осыны тікелей танылу мен рейтингін көтерудің төте жолы санайды. Нәтижесі «ұялмаған өлеңші боладының» кері. Сосын барлық қоғам мүшелері дарынды ұстаз, білікті дәрігер, атақты ғалым, яки қарапайым еңбек адамы болудан гөрі экраннан түспейтін «жұлдыз» болуға талпынады. Қай каналды қойсаң да астарлы ой мен мағыналы әңгіме емес, мәнсіз әуен мен дарақы күлкі басым. Соның нәтижесінде қазақ қоғамының саясаты да, ғылым мен білімі де шоуға айналып кеткенін күнде көріп жүрміз.

Екіншіден, көшірме көп. Яғни авторлық немесе қазақ қоғамының иісі шығып тұратын бағдарламалар өте аз. Есесіне, экранды АҚШ та, Еуропа да, Ресейде қойылып, бүгінде тізесі шыққан бағдарламалар жаулап алған. Әрине, пайдалы, интеллектуалды бағдарламалар болса оның орны бөлек. Көбінесе түкке пайдасы жоқ шоулар. Сосын ешқашан бітпейтін үндінің жылауық сериалдары мен сағызша созылған түріктің «махаббат» хикаялары. Ал отандық телехикаялардың жасандылығы басым екенін онсыз да білеміз. Сондықтан шетел телехикаяларымен бәсекелес бола алмайды.

Үшіншіден, танымдық бағдарлама-лардың өте аздығы. Тіптен, жоқтың қасы десек те болады. Бала түгілі ересектердің де интеллектуалдық өресін көтеретін ғылыми, танымдық бағдарламалардың көп болуы баршамыз үшін керекті нәрсе. Өзіміз атаған АҚШ пен Еуропаны былай қойғанда, көршіміз Ресейдің өзінде тек танымдық бағдарламаларға арналған бірнеше телеарна жұмыс істейді. Біздің көшіргіш телеарналар осыған келгенде неге көшіріп алудан «ұялып» қалатыны тағы да түсініксіз.

Күні кеше Елбасының тікелей тапсырмасымен Ақпарат және байланыс министрлігі құрылған болатын. Аталған министрлік телеарналардағы бейберекет телеөнімдерге қарсы қандай шаралар қолданып жатқанын алда көре жатармыз. Коммерциялық, жекеменшік арналарды былай қойғанда, ең алдымен бюджеттен тікелей қаржы алып, мемлекеттік саясатты жүргізіп отырған телеарналарды бақылауда ұстау өте маңызды. Әйтпесе, бірер жылда пұтқа табынатын ұрпақтың өсіп шығуы да ғажап емес. Одан кейін: «Ұрпаққа кім үлгі боп жүр?!» деп сұрақ қоюдың өзі кеш боп қалады.

Психология мамандары мультфильмдердің балаларға тигізетін әсерін былай мәлімдейді:
Мультфильмдер балалардың көңілдерін көтерумен қатар олардың фантазиясын да дамытады. Олар балалар әлемінде тек көңіл көтеруші ғана емес, сонымен қатар балаларды тәрбиелеуші болып табылады. Бірақ бұл позитивті әсерлердің барлығы кей жағдайда негатив әсерге айналып, балаларға кері әсерін тигізуі де мүмкін.

Зерттеулерге жүгіне отырып, 2-5 жас аралығындағы балалардың көрген оқиғаларына, іс-әрекеттеріне еліктеу қабілеті бар екендігін аңғарамыз. Көрген нәрсесіне еліктеп, көрген нәрсесінен сабақ алатын балалардың өмірінде мультфильмдердің алатын орны ерекше.

Мультфильмдердің 6-11 жас аралығындағы балаларға тигізетін әсері жоғарыда айтылғандағыдан да күштірек болады. Өйткені бұл жас аралығындағы балаларда сену және көргенін бағалау сияқты қабілеттері жетіледі. Осыларды ескере отырып мультфильмдердің бұл жастағы балалар үшін тигізетін ықпалының зор екендігін байқаймыз.
Ал 12-17 жас аралығындағы балалардың логика және ойлау қабілеттері жетіліп қалыптасады. Сол үшін де бұл жастағы балаларға мультфильм анағұрлым әсер ете қоймайды.

Ұрыс-соғыс тақырыбындағы мультфильмдерді көп көретін балалардың өзге балаларға қарағанда көп жанжал шығаратын, ашушаң, қыңыр, сабырсыз, қырсық екендігі байқалады.

Бұдан туатын нәтиже мыналар:

1. Бұл балалар басқалардың қайғы-қасіреттеріне көп мән бере бермейді.
2. Шын өмірде айналасында болып тұратын ұрыс-керістен жеткілікті дәрежеде мазасызданбайды.
3. Айналасындағылармен ұрсысуға, оларды ренжітуге басқаларға қарағанда бір табан жақын тұрады.

Әсіресе 12 жасқа дейінгі балалар шындық пен қиялды ажырата алмау проблемасына душар болуы мүмкін. Мультфильмдерде көрген - биіктен секіру, ұшу сияқты іс-әрекеттерді шын өмірде де сынап көруі мүмкін. Осылайша бала өз өмірін қауіп-қатерге тігеді.
Мұның алдын-алу:

Балалардың қандай тақырыпта мультфильм көріп жүргендерін қадағалап отыру керек. Оларды мультфильмнен де басқа нәрсеге баулу керек. Мультфильмдердің балалар өмірінде маңызды рөл алуына жол бермеу керек.

  1. Қазіргі заманғы баланың өміріндегі теледидардың рөлі

Теледидар - бұл қозғалмалы бейнені қашықтыққа жіберуге арналған телекоммуникациялық технология. Көп жағдайда дыбыс суретпен бірге беріледі. Күнделікті өмірде бұл термин теледидарлық бағдарламаларды шығарумен және таратумен айналысатын ұйымдарды жалпылама түрде белгілеу үшін де қолданылады. 20 ғасырдың екінші жартысынан бастап теледидар ойын-сауық, білім беру, жаңалықтар мен жарнаманың ең ықпалды құралына айналды.

Бейнемагнитофон және оптикалық бейне дискілер сияқты хабарларды сақтау технологиялары кинематографиялық өнімдердің қол жетімділігін арттырып, фильмдерді кинотеатрлардан ғана емес, үй теледидарларынан да көруге мүмкіндік берді. 2013 жылға қарай әлемдегі үй шаруашылықтарының 79% -ында кем дегенде бір теледидар болды [1] . 1950-ші жылдардан бастап теледидар қоғамдық пікірді қалыптастыруда шешуші рөл атқарып, бұл орынды Интернетке 2010 жылдардың ортасында ғана бере бастады. Бизнес пен саясаттағы технологияның рөлі орасан зор, оны БҰҰ атап өткендей, жыл сайын 21 қарашада атап өтілетін Дүниежүзілік телевизия күні - ұмытылмас күн құрды.

Теледидар - бұл үлкен күш. Бұл біздің интеллектуалдық деңгейімізді көтереді, бізге ең жақсы актерлердің ойынын көруге, соңғы жаңалықтарды естуге және саяси пікірталастардың куәсі болуға мүмкіндік береді. Теледидар бізге бірегей білім беру мүмкіндіктерін ұсынады және жұмыс күнінен кейін демалуға көмектеседі. Теледидар бағдарламаларының үлкен таңдауы бар, сондықтан біз әрқашан өзімізге ұнайтын нәрсені таңдай аламыз. Теледидар бүкіл әлемді біздің қонақ бөлмемізге әкеледі. Біз басқа елдер, әдет-ғұрыптар, қолөнер, пікірлер мен мәселелер туралы көбірек біле аламыз. Кез-келген адам өзіне ұнайтын бағдарламаны таңдай алады: болып жатқан оқиғалардың хроникасы, деректі фильмдер, спорттық-танымдық бағдарламалар, көркем фильмдер, спектакльдер, көркем бағдарламалар, жаңалықтар, эстрадалық шоулар және басқалары. Көрермен қай бағдарламаның ең қызықты, құнды, ақпараттылығы немесе күлкілі екенін, ал қай бағдарламаны көруге болатынын анықтайды.

Біздің өмірімізді теледидарсыз елестету мүмкін емес деп ойлаймын. Бұл қазіргі әлемде кеңінен қолданылады, өйткені бұл жаңалықтар мен ақпаратты таратудың ең жылдам құралы. Бұл біздің қоғам өмірін бейнелеуде де маңызды рөл атқарады.

Теледидар шынымен де үлкен күш. Бұл біздің интеллектімізді байытады, ең жақсы актерлер мен спектакльдерді көруге, соңғы жаңалықтарды естуге, саяси пікірталастарды тыңдауға мүмкіндік береді. Теледидар білім алуға керемет мүмкіндіктер береді және бір күндік жұмыстан кейін демалуға көмектеседі. Бағдарламалар өте көп, сондықтан біз көргіміз келетін нәрсені таңдай аламыз. Теледидар әлемді біздің қонақ бөлмемізге кіргізеді. Біз басқа елдер, әдет-ғұрыптар, кәсіптер және пікірлер туралы көбірек біле аламыз. Әр адам өзіне ұнайтын бағдарламаны таңдайды: қазіргі оқиғалар, деректі фильмдер, спорттық және танымдық бағдарламалар, фильмдер, спектакльдер, өнер, жаңалықтар, эстрадалық шоулар және басқалары. Сіз әрқашан қандай бағдарлама ең қызықты, құнды, ақпараттандыратын немесе көңілді болатынын шешесіз және көруге тұрарлық.

Алайда, кейбір адамдар теледидар көру уақытты ысыраптау деп санайды. Сонымен қатар, бұл тез тамақтану, ұйқының болмауы және көзге күш түсіру арқылы денсаулықтың нашарлауына әкеледі. Олар достары мен туыстарына барудың орнына теледидар экранына жабысып отыру дұрыс емес деп санайды. Олар, әсіресе, теледидарды өзінің бос уақытын өткізетін кітап оқуды ұмытып кеткен балаларды аяйды.

Кейбіреулер теледидарлар біздің өмірімізде өте маңызды рөл атқарады десе, басқалары онымен келіспейді. Сіз бұл мәселе туралы не ойлайсыз?

Теледидар - ең үлкен ғылыми жаңалықтардың бірі дейді. Қазіргі кезде адамдар теледидардың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы көп айтады. Кейбіреулер теледидар жақсы дейді. Бірақ басқалары оны жаман деп санайды. Кім дұрыс?

Мен болсам, бұрынғы көзқарасты қолдаймын. Енді мен оны дәлелдеуге тырысамын.

Біріншіден, теледидарлар бізге әртүрлі нәрселер туралы хабарлайды. Біз бүкіл әлемдегі болып жатқан оқиғалар туралы білеміз.

Екіншіден, теледидардың тәрбиелік рөлі туралы айтуға болмайды. Оның көмегімен, мысалы, біз әртүрлі шетел тілдерін немесе басқа пәндерді біле аламыз.

Үшіншіден, теледидар бізді қуантады, ауыр жұмыс күнінен кейін теледидар алдында демалу өте жағымды.

Кейбір отбасыларда бала отыруға үйрене салысымен оны экран алдына отырады. Экран баланың басты «тәрбиешісіне» айналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан арналарындағы балалар бағдарламалары
Теледидардың бала психологиясына әсері
2015 —2020 жылдары БАҚ-да бала тәрбиесінің көрініс табуы
Заманауи мультфильмдердің мектеп жасына дейінгі балалардың психикасына тигізетін әсері
Туркияда жарнаманың балалар психологиясына әсері
Ұлт және құндылық
Бағдарламаларды жас ерекшеліктеріне байланысты қабылдау психологиясы
МЕДИАБІЛІМДІ АРТТЫРУДАҒЫ КІТАПТЫҢ РӨЛІ
Қазақ тележурналистикасындағы ұлттық тәрбие насихаты
Шетел телеарналарында балалар хабарының берілуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz