Шаруашылық субъектлерінің қаржысы


Қаржы
Мазмүны
Тақырып 7 Мемлекеттік қаржының жалпы сипаттамасы.
Мемлекеттік кірістер мен шығындар . . .
Кіріспе
«Қаржы» пәні міндетті кәсіптік пән болып табылады.
«Қаржы» курсы базалық оқу пәні болып табылады, онда экономика ғылымдарының маңызды құраушыларының бірі - қаржы туралы ғылымның ерекшеліктері зерттеледі. Қаржы курсында ұйымдастырудың негізгі теориялық формалары, тәжірибеде қолданылуы сияқты қаржының негізгі аспектлері көрсетілген. Қаржыны әртүрлі көзқарас тұрғысынан қарастыру студенттерге осы экономикалық категория мәнін, оның ұдайы өндіру процесі мен қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ролін түсінуге мүмкіндік береді. Қаржыны игерудің маңызды жағы оған кіретін субкатегорияларды (кіріс, салықтар, шығындар, бюджет, мемелекеттік несие, сақтандыру, резервтер), жүйелерді, түсініктерді, функционалдық жүйелерді (қаржылық жоспарлау және болжау, бақылау, құқықтық қамтамасыз ету, қаржылық нарық) анықтау, топтау және топтастыру болып табылады.
Курста қаржының негізгі аспектілері берілген: теориялық негіздері, ұйымдастыру нысандары, практикалық қолданымы. Қаржыны әр түрлі тұрғылардан қарастыру студенттерге бұл экономикалық категорияның мәнін, ұдайы өндірістік үдерістер мен қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының рөлі мен маңызын игеруге мүмкіндік береді.
Курста логикалық дәйектілік түрде қаржының табиғаты, функциялары, оның басқа экономикалық категориялармен өзара іс-әрекеті мен шаруашылық өмірде көріну ерекшеліктері қаралады. Сонымен қатар, қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың нысандары мен әдістері арқылы іс-әрекет механизмі, қалыптасатып отырған рыноктық экономиканы реттеуде қаржыны пайдалану мүмкіндіктері көрсетілген. Қаржыны зерделеудің маңызды жағы оған кіретін қосалқы категорияларды, жұйелерді, ұғымдарды, басқа экономикалық және әлеуметтік жүйелерде олардың іс-әрекеті мен өзара байланысының қағидаттарын анықтау, топтастыру және сыныптау болып табылады. Бұған келесілер кіріктіріледі: табыстар, салықтар, қорлар, шығыстар, резервтер, мемлекеттік бюджет, мемлекеттік кредит, мемлекеттік борыш, сақтандыру, функциялық жүйелер-қаржылық жоспарлау мен болжау, қаржылық қатынастарды құқықтық қамтамасыз ету, қаржы рыногы. Курста түрлі шарруашылық жүргізуші субъектілердің бастапқы буындарында және сыртқы экономикалық байланыстар сферасында, қаржының іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігіне айтарлықтай орын берілген.
Курсты зерделеу экономика мен қаржыларда рыноктық негіздерді қолдану жөнінде қолданыстағы шаруашылық практиканы белсенді қолдануды қажет етеді. Сондықтан рыноктық қатынастардың дамуының жинақталған тәжірибесін және олардың қаржыға әсерін талдай және қорытындылай отырып, рыноктық экономиканың дамуының болып жатқан үдерістеріне үнемі көңіл бөліп отыру қажет. Бұл үшін курсты игеру кезінде студенттердің жеке-дара жұмысы, олардың курстық жұмыстар дайындауы, студенттік конференциялар мен басқа ғылыми-практикалық іс-шараларға баяндамалар даярлап, қатысуы қарастырылған.
Әдістемелік нұсқаулар курстың оқу бағдарламасына және типтік оқу бағдарламаларына сәйкес құрылған.
Тақырып 1. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні мен ролі.
1. «Қаржы» түсінігі - құндық экономикалық категория.
2 Қаржының қызметтері.
3. Қаржы қызметтеріне экономистер көзқарастарының дамуы.
4. Қаржылық ресурстар: қаржылық ресурстар көздері, өсу факторлары.
Қаржы - бұл бөлу және қайта бөлу процестері арқылы қоғамдағы ақшалай қатынастардың айтарлықтай бөлігін қамтитын тарихи түрде қалыптасқан экономикалық категория. Экономикалық өмірде қаржы сыртынан қоғамдық өндіріске әртүрлі қатысушылардың ақшаларының қозғалысы түрінде көрінеді және қолма-қол ақшасыз немесе ақшалай есеп айырысу және төлем түрінде ақша сомасын қоғамдық өндірістің бір иесінен екіншісіне беруді білдіреді.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы «Республика туралы 6 кітап» деген деген жұмыс бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге жазып қоюға болады.
Қаржы туралы жұмыстың («Афин республикасының кірістері туралы») алғагқы авторлары Ксенофонт (б. э. д. 430-365 жж. ) болды.
Аристотельдің (б. э. д. 384-322 жж. ) қаржы саласындағы көзқарасы оның «Афиннің мемлекеттік құрылысы» атты жұмысында баяндалған.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Қаржы «financia» латын тілінен аударғанда қолма-қол ақша, кіріс деген мағынаны, кең мағынада алғанда, ақша-қаражаттары, ақшалай айналым деген мағына береді. Ақша қаржының болуының міндетті шарты болып табылады. Сондықтан көбінесе «қаржы» түсінігін «ақша» түсінгімен ауыстырып түсінеді. Бірақ бұл екеуі әртүрлі, бірақ өзара байланысты түсініктер. Қаржы мазмұны бойынша да, орындайтын қызметтері бойынша да ақшадан айтарлықтай бөлек болып келеді.
Ақша-бұл ерекше тауар. Тауар ретіндегі ақшаның ерекшелігі-ол барлығына ортақ эквивалент, оның көмегімен тауар өндіруші жұмсаған еңбек шығындары өлшенеді. Ақшаның негізгі бағыты оның бес қызметі арқылы көрінеді. Олар: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, жинақтау құралы, дүниежүзілік ақша.
Қоғамдық қатынастар иерархиясында ақшалай қатынастар экономикалық қатынастарға жатады, ал экономикалық қатынастар өз кезегінде қоғамдық қатынасар жүйесінің айқындаушы бөлігі - өндірістік қатынастарға кіреді. Бұдан қаржылық қатынастарды базистік әрі негізгі қатынастар болып табылатынын өндірістік қатынастардың бір бөлігі деуге болады.
Нарықтық экономика мемлекеттің экономикадағы рөлінің күшейуін нақтылы шарттастырады және сондықтан да маңызды дамулар мемлекеттердің экономикаға кірісуі бойынша шығындарға ие, экономикаға, көмір, газ және де өнеркәсіптің басқа да салаларына, ауыл шаруашылығын қолдауға, экономикадағы мемлекеттік сектордың ұлғайтуға (әсіресе, дағдарыс кезеңінде) күрделі мемлекеттік салымдар өсті (ғылыми-техникалық прогресске шығындар, әлемдік нарықта отандық өндірушілерге қатысты протекционизм) сарапшы фирмаларға, сарапшы сыйақыларға ұсынымдар) .
Кәсіпорын қызметін ұйымдастырудың акционерлік нысаны нарықтық экономикасы дамыған елдерде кең ауқымға ие. Бұл акцияларды шығару - ақша жинақтарын өндірістік инвестицияларға тасымалдауға мүмкіндік беретін капиталды мобилизациялаудың мықты формаларының бірі болып табылуымен тығыз байланысты. Акцияларсыз, облигацияларсыз, банк несиелерінсіз және қаржы нарығының басқа да элементтерісіз корпорациялар өзін-өзі қаржыландыруда болуы керек еді, бұл болса олардың өсімін жылдам шектейтін еді. Сондықтан дамыған шет елдерде қаржы қатынастарының маңызды сферасы жеке ұлттық трансұлттық операциялардың қаржылары болып табылады, өйткені өздерінің ұйымдастырушылық құрылымы бойынша корпорациялар акционерлік қоғамдарға тән.
Қаржы - мемлекеттің және оның ақша ресурстарына қажеттілігінің да-муына байланысты жүйелі тауар-ақша айналымы жағдайында туындайтын ақша-қаражаттары қорын құру және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды көрсететін экономикалық категория. Тарихи тұрғыдан қаржы мемлекеттің экономикалық құрылысымен байланысты көрінетіндігі дәлелденген. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы ірі ақша ресурстарын шоғырландырады, ал ол қоғамның қажеттілігімен дәлелденген.
Қаржы - бұл жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) мен ұлттық табысты (ҰТ) бөлу мен қайта бөлудің экономикалық құралы , ақша-қаражаттары қорының қалыптасуы мен пайдаланылуын бақылайтын қару. Қаржының негізгі бағыты - мемлекет пен кәсіпорынның ақша-қаражаттарына қажеттілігін қамтамасыз ету үшін ақшалай кірістер мен қорлар құру, сондай-ақ, қаржылық ресурстардың жұмсалуын бақылау.
Қаржылық қатынастарға бюджетке салық және басқадай төлемдерді төлеу бойынша, бюджеттен кәсіпорындардың кейбір шығындарын қаржыландыру бойынша мемлекет пен кәсіпорындар арасында; бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті және ерікті төлемдер салған кезде мемлекет пен азаматтар арасында; орталықтандырылған қорлар құрған кезде кәсіпорындар мен жоғарғы органдар арасында; бюджеттен тыс қорларға сақтандыру жарналарын салған кезде кәсіпорындар мен сол қорлар арасында; несие алған, несие үшін пайыз төлеген, банк шоттарында ақша-қаражаттарын сақтаған кезде кәсіпорындар мен банктер арасында; сақтандыру жарналарын төлеп, сақтандыратын жағдай туын-даған кезде сақтандыру қорынан өтеген кезде кәсіпорын және сақтандыру ұйымдары арасында; еңбек ақы қорынан жалақы төлеген кезде кәсіпорындар мен жұмыскерлер арасында; туарлық-метариалдық құндылық сатып алғаны үшін есеп айырысқан кезде, дайын өнім сатқанда және қызмет көрсеткендегі өндірістік және коммерциялық қызмет процесінде кәсіпорындар мен ұйымдар арасында туындайтын ақшалай қатынастар жатады.
Ақша-қаражаттарының қозғалысымен байланысты мемлекет, кәсіпорын, салалар, аймақтар мен жеке азаматтар арасындағы экономикалық қатынастар жиынтығы қаржылық қатынастарды құрайды. Сонымен, қаржы -ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу негізінде ақша-қаражаттары қорларын құру және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастар жүйесі.
Орталықтандырылған қаржылар ретінде мемлекеттік бюджет жүйелері мен дұрыс бюджеттен тыс қорларда аккумуляцияланатын мемлекеттің ақша қаражаттарының қорларын қолданумен және қалыптастырумен байланысты экономикалық қарым-қатынастар, ал деорталықтандырылған қаржылар ретінде - кәсіпорындардың ақша қорларының айналым шеңберін орталайтын ақша қатынастары түсіндіріледі.
Қаржы - ақша қатынастарының үздіксіз бөлшегі, сондықтан олардың рөлі мен мәні ақша қатынастарының экономикалық қатынастарда алатын орнына байланысты.
Қаржының пайда болу себебі - мемлекет пен әртүрлі субъектлердің өз қызметтерін қамтамасыз ететін ресурстарға қажеттілігі.
Қаржыға қатысты фунуция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын, мәннің іс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялары кескінінің айрықшалықты әдістерін білдіреді. Фунцияда категорияның арналымы қамтып көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады.
Қаржы - ішкі жалпы өнімді бөлу мен өайта бөлудің экономикалық инструменті, ақша қорларының жасалуын және пайдалануын бақылау құралы. Сондықтан қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және ролі оның орындайтын функцияларынан айқын көрінеді.
Қаржының қызметтері: бөлу және бақылау.
Бөлу қызметі қаржының қоғамдық бағытын, яғни қоғамдық өндірістің әрбір мүшесін (субъектіні де, мемлекетті де) қажет қаржылық ресурстармен қамтама-сыз етуді, сондай-ақ, ақша ағымдарын мақсатты бағыты бойынша жұмсауды анықтауды жүзеге асырады. Бұл қызметтің шаруашылық ішінде, сала арасында және территория арасындағы бөлу деген түрлері бар.
Бақылау қызметі қаржының бөлу қызметінен туындаған және ақша қор-лары және олардң мақсатты түрде жұмсалуы бойынша жиынтық қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлуге бақылау жасау кезінде көрінеді.
Қаржының бөлу және бақылау қызметтері қаржылық механизм арқылы жүзеге асырылады. Қаржылық механизм - мемлекеттегі қаржылық қатынастар формалары; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша-қаражат-тары қорын қалыптастыру және пайдалану тәртібі (ережесі) ; қаржылық жоспар-лау әдістері; қаржыны басқару формалары; қаржылық заңдылық сияқты қаржы-лық қатынастарды басқару тәсілдерінің жиынтығы.
Қаржы пайда, баға, жалақы, несие, сақтандыру сияқты басқадай экономи-калық категориялармен өзара әрекеттеседі. Аталған категориялардың барлығы бөлу және басқадай өндірістік қатынастар жүйесінде ерекше орын алады, өз қызметтерін қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлудің бір-ыңғай процесінде көрсетеді. Ақша-қаражаттарының мақсатты қорлары қаржы-лық қатынастардың негізі болып табылады. Оларды қалыптастыру көздері мен қорлар халық шаруашылығының сәйкес звеноларының қаржылық ресурстары болып табылады.
Қаржылық ресурстар дегеніміз жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс-ты бөлген және қайта бөлген кезде мемлекет, кәсіпорындар, бірлестіктер қа-лыптастыратын ақшалай жинақтар мен ақшалай қорлар. Қаржылық ресурстарда пайда түріндегі таза табыс, қосылған құн салығы, акциздер, кеден төлемдері, әлеуметтік қажеттілікке төленетін төлемдер мен амортизациялық төлемдер не-гізгі орын иеленеді. Қаржылық ресурстар мемлекеттің қаржылық қуатының ма-ңызды көрсеткіші болып табылады. Ол неғұрлым көп болса, соғұрлым тиімді болып саналады. Сонымен қатар ұдайы өндірістің эффектілігін көтеру және экономикалық өсу қарқынын арттыру мәселесін шешу қаржылық ресурстарды эффективті пайдалануға тәуелді (Сурет 1) .
Жанама салықтар (ҚҚС, акциздер,
басқалары)
Сурет 1 - Қаржылық ресурстар құрамы
Сондай-ақ, мемлекеттік несие жолымен тартылған қаражаттар мемлекеттің қаржылық ресурстар көздері болып табылады. Қаржылық ресурстардың негізгі көздері - ақшалай жинақтар, пайда, ҚҚС, акциздер, сыртқы экономикалық қызметтен түсетін кірістер. Қаржылық ресурстардың өсім факторлары : қоғамдық еңбек өнімділігін арттыру, қоғамдық өнімді материалдық шығындарды өтеу қорына және өндірілген ҰТ бөлу пропорциясы.
Қаржы экономикалық категория сияқты басқа да экономикалық категориялармен тығыз байланысты. Осы байланыстан мысал келтірейік.
Қаржы және несие экономикалық категория сияқты өзара тығыз байланысты. Таза түрінде банктік несиені толтыратын несие, мемлекетке байланысты емес. Оның өндірушілік үрдістегі рөлі - бұл кіріс пен шығыс арасындағы уақытша тоқталуын жабатын, өндірісті модернизациялау қажеттілігін жабатын әдіс және т. б. Алайда, несие - бұл жетіспеушілікті, бюджетті және бюджеттік кассалық тоқталуды жабудың маңызды нышаны (кезекті кірістердің түсуіне банктік қызметтердің қажет болуы) .
Егер өз кегінде бюджеттік қаражаттар коммерциялық банктер есебінде сақталса, бұл банктер үшін маңызды ссудалық қайнар көз болып табылады. Несиенің мүмкіндігі мемлекеттің маңызды өкілі болып табылатын Ұлттық банктің саясатымен байланысты (міндетті қор, қаржыландыру инвестициясы) . Несие қаржыландырудан өзінің қайтарымдылығымен және ақылылығымен ерекшеленеді, ал қаржы - бұл құнның біржақты және ақысыз тегін қозғалысы. Сол уақытта, екі жағдайда да бұл ақша қаражаттарының қозғалысы болып табылады. Несие де, қаржы да ақша қатынастарының аясына кірмейді.
Баға экономикалық категория ретінде экономиканы жоспарлы реттеуде кірісті қалыптастырудың маңызды құралы болып қалыптасады. Нарықтық экономикада бағалар зейнетақыны, жәрдемақыны және минималды еңбекақыны есептегенде анықтаушы көрсеткіш болады. Егер мемлекет бағаны реттемесе, әлеуметтік төлемдерді түзетуге және минималды ақыны ұлғаутуға мәжбүр болады. Бағаларды мемлекет кедендік реттеуде және кедендік кірістерді алуда қолданады. Кедендік баждар сату бағасымен емес, нақты бағадан артатын нормативтік бағалармен алынуы мүмкін (ресейдің кейбір тауарларына кедендік баждармен мысал келтіру) . Сәйкесінше, бюджет кірістері өседі (ішкі нарықтағы бағалар да) . Ресурстар бағасының өсуі кәсіпкерлердің инвестициялық мүмкіндіктерінің қысқаруына әкеледі. Көптеген елдерде мемлекет әлеуметтік мәні бар маңызы тауарлар бағасын реттеуге талпынады.
Барлық аталған категориялар ақша сипатына, ақша табиғатына ие.
Салық - бұл заңға сәйкес мемлекетке қайтарымсыз беретін ақша. Сонымен қатар салық - бұл біздің кірісіміз бен еңбекақымыздың бір бөлігі. Өз кезегінде ақша шығаратын операциялар да мемлекет кірісінің қайнар көзі болып табылады.
Барлық аталған категорияларды олардың ақша табиғаты біріктіреді. Олар бір бірлерінен өз қызметтерімен және маңыздылығымен ерекшеленеді. Категорияларды белгілер жиынтығын қарастыру арқылы айыруға болады. Біз, мемлекеттік қаржыны қоғамдағы ақша қатынасы деп санаймыз. Сферадан тыс қаржыны бөлуге болмайды. Қаржы қайта бөлу сферасынан өткеннен кейін экономикалық категорияның басқа белгісіне ие болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Қаржыға толық түсініктеме беріңіз?
2. Қаржының негізгі қызметтерін атаңыз?
3. Қаржының пайда болу себебін атаңыз.
4. Қаржының қызметтеріне берген экономистердің көзқарастары?
5. Қаржылық ресурстаға не жатады?
Тақырып 2. Қаржылық жүйені ұйымдастыру
1. Қаржылық жүйенің мәні және жіктелуі.
2. Қаржылық жүйенің функционалдық белгісі бойынша құрылымы.
3. Қаржылық жүйені ұйымдастырудың негізгі қағидалары.
4. Қаржылық жүйені жетілдірудің бағыттары.
"Қаржылық жүйе" түсінігі сәйкес ақша-қаражаттары қорын құрып, пайда-лануға негіз болатын қатынастар жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын ұйымдарды қамтиды. Қаржылық жүйе үш бөлімнен құралады: қаржылық қатынастар жиынтығы, ақша-қаражаттары қорларының жиынтығы, басқарудың қаржылық аппараты.
Өзінің тарихи дамуында қаржы механизмі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек қана бір буынмен - мемлекеттік бюджеттен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буыны-мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржфлар құрады. Олар ақша қорларын құруға мүмкіндік береді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отыр.
Қаржылық жүйе интеграциялық типтегі жүйе болып табылады, оған кіре-тін элементтеррдің (ішкі жүйелердің) тығыз байланысын сипаттайды. Функционалдық ішкі жүйе ретінде мынадай көрсеткіштер қолданылады: салықтық, бюджеттік, қаржылық жоспарлар (болжамдар), сметалық қаржыландыру, т. б. қаржы жүйесін топтастырудың функционалдық белгісімен қатар қаржылық қа-тынастарға қатысатын, қаржы субъектлері белгілері бойынша төмендегідей топтастыру жүріледі: жалпы мемлекеттік қаржы, кәсіпорын, ұйым және мекеме қаржысы, халықтың (үй шаруашылығының) қаржысы.
Қаржылық жүйе - қаржылық қатынастарға басқару формасын беретін өзара байланысты сфералар, ақша-қаражаттар қорлары мен басқару аппаратының жиынтығы (Сурет 2) .
Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан - ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы екенін естен шығармаған жөн.
Қаржылық жүйенің кейбір құраушыларының орны мен ролі бірдей емес. Мемлекеттік бюджет - басты элемент, басқа жүйелер арасында алдыңғы қатарлы орын иеленеді. Материалдық өндіріс сферасының кәсіпорын қаржысы да қыржы негізін құрайды және қаржылық жүйенің бастапқы звеносы болып табылады, өйткені қоғамның қаржылық ресурстарының негізгі көзі - ҰТ материалдық өндірісте жасалады. Халық (үй шаруашылығының) қаржысы қаржы-лық жүйенің ерекше бөлімі болып табылады. Халық (азамат) өзінің ақша-қаражаттары арқылы жалпы мемлекеттік қаржы жүйесімен және мемлекеттік және басқа меншік формаларындағы өндірістік, өндірістік емес сфера кәсіпорындарымен байланысқа түседі Елдің біртұтас қаржы жүйесі - тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығы. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.
Қаржы жүйесі терминінің келтірілген анықтамасында қаржының мәндік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық үдерістегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы үлгісі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөліктен тұрады:
- қаржылық қатынастардың жиынтығы;
- ақша қорларының жиынтығы;
- басқарудың қаржы аппараты.
Қазақстан Ресаубликасында макро және микроэкономиканың қаржы жүйесінің құрамы қаржылық қатынастардың біршама дербес мына буындарынан тұрады:
- мемлекеттік бюджет жүйесі;
- арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
- мемлекеттік несие;
- жергілікті қаржы;
- шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы;
- халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржысы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz