Тақырыптың ғылыми көкейкестілігін негіздеу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Турсынбек Әйгерім

  1. Fылыми зерттеудің жалпы логикалык схемасын атаңыз.

Бұл сұрақ бойынша Ж. А. Аскарова, Л. Б. Иманқұлова "Кәсіби білім беру жуйесінде ғылыми зерттеу негіздері" кітабының 1. 3 Ғылыми педагогикалык зерттеудің логикалық құрылымы тараушасында, 22 бетте жазылған.

Мұнда, ғылыми зерттеудің жалпы логикалык схемасын былай көрсетеді:

  1. Таңдаған тақырыптың актуальдығын негіздеу;
  2. Туындаған қайшылықтар негізінде проблемаларды тұжырымдау (идея, концепция, түпкі ой) және зерттеу тақырыбы;
  3. Зерттеудің мақсатын қою;
  4. Зерттеу объектісін анықтау;
  5. Зерттеудің ғылыми болжамы мен нақты міндеттерін тұжырымдап бекіту;
  6. Зерттеу жүргізідің әдістерін (әдістемесін) және амалдарын таңдау.
  7. Зерттеу үдерісін сипаттау, мазмұндау;
  8. Зерттеу нәтижелерін анықтау;
  9. Қорытындыларды тұжырымдау.

Яғни, зерттеу жұмысын дайындау барысында осы көрсетілген логикалық схемаға сүйенсек, зерттеу жұмысымыз нақты, жинақы, маңызды болмақ.

  1. Ғылыми зерттеу міндеттерін шешудің алгоритміне кандай компоненттер кіреді?

Ғылыми зерттеуді шешу міндеттерін кітаптың 23 бетінен көре аламыз. Онда схемада «Педогогикалық зерттеудің түрлері» жіктелген. Алдымен авторлар зерттеудің алғашқы 4 түрін қарастырады:

  1. Ұзақтығына байланысты:қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді;
  2. Танымдық көзқарасына байланысты:суреттелетін, эксполоративті жаңа үрдісті ашатын (теориялар), эксплиативті, құбылысар мен себептерді түсіндіретін деп үшке бөлінеді;
  3. Мақсаты мен міндетіне қарай:жеке және кешенді болып;
  4. Үрдістегі атқаратын әрекетіне қарай:іргелі және қолданбалы болып бөлінеді.

Барлық зерттеулер, алға қойылған проблемасынан бастап, оның ұйғарылған нәтижелерінде тәуелді болады. Зерттеліп, зерттеу міндеттерінде көрсететіндердің барлығының шешілгеннен кейін нақты бір қасиеттердің, ерекшеліктердің, педогогигалық құбылыстардың бар екендігін білдіреді.

Жинақтау қорытындылары жасалады, мүмкін болған жағдайда, болашаққа ғылыми болжам айтылады. Зерттеулер қортындысынан шығатын, шешімін таппаған міндеттерін шешудің алгаритімі былай көрсетіледі:

  • Актуалды
  • Қайшылықтар
  • Проблема
  • Мақсат
  • Объект
  • Ғылыми болжам
  • Міндеттер
  • Ғылыми жаңашылдық
  • Теориялық және практикалық маңызы
  • Нәтижесі

Бұл үлгі курстық жобаларды, дипломдық жұмыстарды жазуда пайдалануы мүмкін.

Кез келген педагогикалық зерттеу жұмысының ғылыми аппараты болады. Оны әдіснамалық аппарат деп те атайды. Жұмыстың бұл бөлімі кіріспеде қарастырылады.

Ғылыми зерттеудің негізгі компоненттері: зерттеудің өзектілігі және мәселесі, тақырыбы, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, болжамы, зерттеу әдістері, теориялық маңыздылығы, практикалық мәні болып табылады.

Зерттеудің өзектілігі, көкейтестілігі - жауабын іздейтін ғылымдағы сұрақ немесе зерттеліп отырған құбылыстың белгісіз жағын құру. Дәл осы мәселені дәл осы уақытта зерттеу не үшін қажет деген сұраққа жауап береді.

Зерттеу тақырыбы - зерттеу мәселесі мен аспектілерінің анық, қысқа берілуі. Тақырып сол қоғамның объективті талаптарына, сұраныстарына жауап бере алатындай болуы керек. Нені зерттеумен айналысамыз деген сұраққа жауап береді.

Зерттеу объектісі - іздену аймағы. Оған педагогикалық жүйе, құбылыс, үдеріс (тәрбиелеу, білім беру, даму, жеке тұлғаны қалыптастыру, ұжым жатады) . Бұл зерттеуде не нәрсе қарастырылады, ғылыми таным үрдісі неге бағытталған деген сұраққа жауап береді.

Зерттеу пәні - объектінің ішін ізденудегі аспектісі, зерттеліп отырған құбылыстың таралу үдерісі, элементі, байланысы, қатынастарының жиынтығы. Тақырыппен сәйкес келіп, тұжырымдау бойынша соған ұқсас болып келеді.

Зерттеудің мақсаты - зерттеліп отырған мәселенің себеп-салдар байланыстарын және және заңдылықтарын айқындау, теориясы мен әдістемесін ұсыну. Қандай нәтижеге жетуді көздеймін, қорытынды не болады деген сұрақтар төңірегінде құрылады.

Зерттеу міндеттері - зерттеу мақсатының бөлшектенуі, зерттеу, анықтау, айқындау, қорытындылау, нақтылау, ұсыну, тәжірибелік жұмыста тексеру тұрғысында құрылады. Мақсатқа жету үшін не істеу керек деген сұраққа жауап береді.

Зерттеудің болжамы - педагогика ғылымындағы өзекті мәселенің теориялық және практикалық жағын талдау негізінде шешімін алдын ала болжау. Зерттеуші болжамында жаңаны алдын ала көре алатындай болуы керек. Зерттеу болжамы егер…, онда…, өйткені… деген ұғымдармен байланысып құрылады.

Жоғарыда аталған ғылыми жұмыстың компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста болуы қажет. Зерттеу аппараты дұрыс құрылмаған жағдайда, дұрыс ғылыми нәтиже алынбайды.

3. Зерттеудің көкейкестілігі дегенді қалай түсінесіз?

Кез келген ғылыми зерттеу жұмысының белгілі бір зерттеу мақсаты, көкейкестілігі болады. Алдымен тақырыптың көкейкесті болғаны маңызды.

Зерттеу жұмысын а) зерттелген тақырып іс жүзінде пайдаланудың қажеттелігіне сай болса; б) өазіргі кезде осы актуалды мәселелерді шешудің амалы табыла қоймағандықтан алынған нәтижелер ғылымда белгілі бір орын алса онда осындай ғылыми зерттеуді актуалды, көкейкесті деп есептеуге болады.

Зерттеудің өзектілігі, көкейтестілігі - жауабын іздейтін ғылымдағы сұрақ немесе зерттеліп отырған құбылыстың белгісіз жағын құру. Дәл осы мәселені дәл осы уақытта зерттеу не үшін қажет деген сұраққа жауап береді.

Ж. А. Аскарова, Л. Б. Иманқұлова "Кәсіби білім беру жуйесінде ғылыми зерттеу негіздері" кітабының 25 бетінде «Тақырыптың көкейкестілігі ғылыми-координациялық кеңестердің, кәсіби білім беру ұйымдардың т. б. шешімдердің зерттеу үрдісінде тексеріледі», - деп жазылған. Яғни, тақырып пен зерттеу көкейкестілігі басқа ғылыми жобалармен салыстырғанда аса маңызды екендігі көрінуі қажет.

Көкейкестіленген бағыттарын негіздеу:

Көкейкестіленген бағыттарын негіздеу

Зерттеу тақырыбының практикалық көкейкестілігін негіздеу: Зерттеу тақырыбының практикалық көкейкестілігін негіздеу
Тақырыптың ғылыми көкейкестілігін негіздеу:

Тақырыптың ғылыми көкейкестілігін негіздеу

Көкейкестіленген бағыттарын негіздеу:

Педагогоикалық үрдістегі нәтижелерді бағалау

Зерттеу тақырыбының практикалық көкейкестілігін негіздеу:

Педагогикалық үрдістің сапасын бағалау

Көкейкестіленген бағыттарын негіздеу:

Белгіленген проблеманың маңызы мен шешудің қажеттілігін көрсету

Зерттеу тақырыбының практикалық көкейкестілігін негіздеу:

Білімгерлердің тәрбиелілігі мен оқуындағы жойылуға тиісті кемшіліктерді көрсету

Тақырыптың ғылыми көкейкестілігін негіздеу:

Білімгерлердің тәрбиелілігі мен оқуын төмендететін педагогикалық үрдістегі кемшіліктерді көрсету

Ғылымда белгіленген проблеманың өңделу дәрежесін көрсету, зерттелген аспектілердің жеткіліксіздігін көрсету

Бұл кестеден зерттеу жұмыстарының көкейкестілігін қай бағытта негіздеу керегітігін көре аламыз.

  1. Зерттеудің проблемасы калай аныкталады?

Ғылыми зерттеу мәселесін анықтау, таңдау, талдау - өте маңызды және қиындау этап деуге болады. Себебі, бар ғылыми жоба зерттеудің проблемасына қатысты. Таңдалған проблеманың шешілуі - ғылыми жобаның сәтті шығуының кепілі десем де болады. Зерттеу проблемасы зерттеудің стратегиясын анықтайды, сондай-ақ жеке жағдайында ғылыми ізденістің бағытын көрсетеді. Проблема - бұл шешуді, зерттеуді қажет ететін күрделі сұрақ, міндет. Зерттеу проблемасы дәлелдеуді, анықтауды, ашуды қажет ететін ғылымдағы белгісіз нәрсені көрсететін категория. Ғылыми проблема - теорияға негізделген практикалық сауалдар мен теорияның тиісті сұрақтарына жауап беруден тұратын қайшылықтар.

Ғылыми зерттеу жұмысында проблеманы құру үшін, проблемалық сұрақтарды бірнеше кішігірім сұрақтарға бөлу қажеттілігін, сондай-ақ проблеманы құрайтын бұндай сұрақтарды топтастырып, оны шешудің бірізділігін анықтауды, зерттеудің қажеттілігіне және зерттеудің өз мүмкіндіктеріне орай зерттеу аймағын шектеуді, кейіннен зерттеу үшін таңдап алынған сала бойынша белгіліні белгісіздіктен бөліп алу керектігін кітап авторлары атап көрсетеді.

Зерттеу жұмысының проблемаларын бағалау үшін келесідей әрекеттерді орындау қажеттігін айтады:

  • Проблеманы шешуге қажетті барлық жағдайларды;
  • Әдістер мен амалдарды, құралдарды, әдістемелерді анықтау;
  • Қолда бар мүмкіндіктер мен алғы шарттарды тексеру;
  • Проблемалық дәрежесін анықтау, яғни сол проблеманы шешу үшін пайдалынылатын мәліметтерден белгілі мен белгісіздердің арақатынастарын білу;
  • Шешілген проблемалар ішінен шешілетін проблемаға ұқсастарын табу;
  • Бұл проблеманы басқа проблемалармен арасындағы гинетикалық байланысын, маңыздылығын, құндылығын тауып көрсету.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыбын таңдап алу өзектілігін анықтау мен негіздемесін жазу
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері
Педагогикалық зерттеулердің логикалық құрылымы, зерттеу тұжырымдамасы (проблемалық дәріс)
Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы
Зерттеу әдістері жиынтығын қолдану мәселелері
Педагогикалық зерттеулердің сипаттамалары
Ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдістемесі мен принциптері
БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Педагогикалық зерттеудің құрылымы мен логикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz