Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытудың негізгі мақсаты тіл дамыту негізінде білім қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Үштілділік -- заман талабы
Жоспар:

І. Кіріспе бөлім

Үштұғырлы тіл туралы..

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Мектепке дейінгі мекемелерде үш тілді білім берудің тиімділігі. .

2.2 Үш тілде тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізудің әдіс-тәсілдері.

ІІІ. Қорытынды бөлім

3.1Үштілділік бұл заман талабы.

ІV. Пайланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Мемлекеттік тіл мәртебесі қазақ тіліне берілгенімен, орыс тілі тең дәрежеде деп есептелді. Соңғы жылдарға дейін қолданыстағы тілдерге келгенде оның басымдылығы байқалуда. Мемлекеттік мекемелерде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында да іс-қағаздар орыс тілінде жүргізілгені белгілі. Қазір де орыс тілінде іс жүргізіп жүрген мемлекеттік мекемелер бар.

Орыс тілі көптеген жылдар бойы мемлекеттік тілмен салыстырғанда басым қолданыста жүріп келді. Халықтың 90% орыс тілін жетік меңгерген. Қазақ тілінің жайы өзгеше. Осыған орай мемлекеттік тілдің қызметін арттыру үшін түрлі бағдарламалар, жобалалар қабылдана бастады. Солардың бірі - Үштілділік мемлекеттік бағдарламасы. Бастауын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев салып берген бұл бағдарлама қазақ тіліне үлкен басымдылық беріп отыр. 2011 жылдан бастап мықтап қолға алынған жоба бүгінгі күні өз жұмысын бастап кетті әрі оң нәтиже беріп келе жатыр.

Орыс тілін білу - тарихи артықшылығымыз. Орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымындары мен араласатын орталарын кеңейтіп жатыр.

Ағылшын тілін меңгеру - жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол - жаһанданудың кепілі.

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Еліміздің тәуелсіздігінің нышаны. Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде, яғни қазақ тілі - болашақтың тілі.

Үштұғырлы тіл туралы идеясын мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария еткен болатын. Ал 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты халыққа жолдауында Тілдердің үштұғырлылығы атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынған-ды. Қазақстан халқының рухани дамуымен қатар, бұл идея ішкі саясатымыздың жеке бағыты болып белгіленленетінін айтты. Идеяның негізі мынадай болатын: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі -- мемлекеттік тіл, орыс тілі -- ұлт-аралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі -- жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Басқаша айтқанда, үштұғырлы тіл идеясын мынадай әрі қарапайым, әрі түсінікті формуламен көрсетуге болады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.

Шет тілінің сапалы білімі - уақыт талабы, адамның қарым - қатынаста әрі өз ойын жеткізуде тіл білуі, оның еркін және де білімділігінің жоғары деңгейде екендігін көрсетеді

2.1 Мектепке дейінгі мекемелерде үштілді білім берудің тиімділігі.

Үштілді меңгертудің басты мақсаты тіл үйренушілердің коммуникативтік құзырлығын қалыптастыру болып табылады.

Тіл - қандай тілде сөйлемесін адам үшін құдірет,байлық,халық мәдениеті, тарихы. Тіл үйрену арқылы адам өзге ұлттың мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын танып біледі.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемесі үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан да Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мақсаты баланың жеке ерекшеліктерін, қабілетін, дарыны мен талантын ашуға және жан-жақты дамытуға бағытталған.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешімді бірлесе отырып қабылдауға тиіспіз, баланың орыс ағылшын тілдерін, интернет тілін жетік меңгеруі -- ең бастысы қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады -деп атап көрсеткен бағыты негізінде мектепке дейінгі ұйымда үш тілді қатар оқыту қолға алынды.

Мектепке дейінгі балалар жасында шет тілін үйрену қатынас құзыреттілігіне негіз қалау болып табылады. Дәл осы жаста, яғни 3 - 6 жас аралығында баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы болады, сонымен қатар олардың қабілеттіліктері дамып, айқындала түседі. Мұғалімнің ағылшын және орыс тілі оқу іс -- әрекеттерінде, тәрбиешілерде тілдің қарым - қатынас тәжірибесінде болуға құптарлық түрткінің қалыптасуына мүмкіндік береді. Бала тілдерді неғұрлым ерте бастан меңгере бастаса, соғұрлым өзінің ана тілімен тең түрде қабылдаулары жеңіл болады, себебі әрдайым шет тілдеріндегі сөздерді өз ана тілімен салыстыра отырып жүргізеді.

Мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тілді үйренумен қатар шет тілдерін үйренулеріне барлық жағдай жасалынып отыр. Мектепке дейінгі мекемелерде үштілділікті үйрету кіші топтан басталады. Тілді дамыту жүйесі кешенді жүргізіледі, сондықтан баланың санасында адамзат тілдерінің әр алуандығы туралы түсінікті және оларға деген құрмет сезімін дұрыс қалыптастыру керек.

Мектепке дейінгі білім беруге үштілділікті енгізу, мұның арқасында, тілдерді меңгерудің логикалық жүйесін жасай аламыз. Яғни, балабақшада шет тілмен танысса, мектептерде оның негізін меңгеріп, жоғарғы оқу орындарында мамандықтарына сәйкес кәсіптік тілді оқитын болады.

2.2 Үш тілде білім берудің негізгі бағыттары және тиімді әдістері.

Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытудың негізгі мақсаты тіл дамыту негізінде білім қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету. Баланы үштілді мәдениетке баулудың мақсаты : тілді дұрыс меңгерту, ауызекі сөйлей білуді үйрету. Мамандардың ұсынылған педагогикалық іс-тәжірибесінде үш тілді балаға үйретуді балабақшадан бастау бірізділік пен арнайы жүйе бойынша оқу іс-әрекетті ұйымдастыру үшін төмендегідей бағыттар қамтылған:

-- Баланың сөздік қорын кеңейте тілін дамыту;

-- Жаңа сөздердің мағыналарын жетік түсіну;

-- Синонимдер мен антонимдерді қолдана білу;

-- Сөз тіркесі , сөйлемдерді дұрыс қолдану;

-- Сөзді байланыстырып сөйлеуге үйрету;

-- Диалог түрінде сөйлей білу.

Балалар бақшасында шет тілін игеріп, тілдік қатынасқа түсудің маңызды түрі - ауызша сөйлеу тіліне үйрету. Ал толық түрде жазбаша тілдік қатынасқа түсу, яғни айтылған ойды тез түсіну, тез жауап қату біртіндеп мектепте бастауыштық және орта білімдік сатыларда, тіпті баланың бүкіл өмірінде дамытылады.

Шет тілін оқытуда балалардың өзіндік ерекшеліктері болады. Ол балалардың өздерінің жасындағы психофизиологиялық дамуында негізделеді. Психологтардың пайымдауы бойынша, мектепке дейінгі ұйым балаларының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаға сипаттама
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін сабақ барысында дамыту
Ағылшын және орыс тілдерін оқыту әдістемесі
Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайын теориялық тұрғыдан негіздеу
Мектепке оқуға дайындықтың психологиялық негізі
Бала сезімін дамыту орталығы
Мектепке дейінгі мекеме жағдайында балаларды мектепке даярлау (қарапайым математика материалдары негізінде)
Зиятында ауытқуы бар балалар
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелердің өткені мен бүгінінің өзекті мәселелері
Сюжеттік-рөлдік ойынның мектеп жасына дейінгі баланың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
Пәндер