Математикалық есептерді шығаруды оқытудыңмәселелері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 147 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ

Ғ. МҰРАТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСАЙ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

«Математика және физика» кафедрасы

« Мектеп математика курс негіздері »

ӘДІСТЕМЕЛІК ЖИНАҚ

Дайындаған: Н. Е. Ажибеков

ЖЕТІСАЙ - 2021

Әдістемелік құрал

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық - техникалық колледжінің «Математика және физика » кафедрасында талқыланып, оқу - әдістемелік кеңесінде бекітілді.

№ хаттама

«___» 2021ж

Пікір жазған:

Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық - техникалық колледжінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары педагогика ғылымының кандидаты: Баймаханова Л. А.

Дайындаған:

«Математика және физика » кафедрасының оқытушысы: Ажибеков. Н. Е

Әдістемелік құрал орта кәсіптік білім беретін оқу орындарының жас мамандары мен студенттеріне арналған

Алғы сөз

Пән бойынша оқу-әдістемелік кешен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты негізінде жасалды. 050109 «Математика» мамандығы студенттері үшін «Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі» пәнінен ұсынылып отырған оқу-әдістемелік кешен болашақ математика пәнінен сабақ беретін мұғалімдерді нақты білімдермен, практикалық дағдылармен қаруландырып, студенттердің педагогикалық ой-өрісінің дамуына көмектеседі. Болашақ мұғалімнің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыра білу әдістемелері мен түрлерін меңгеруіне, оқушымен педагогикалық жұмыстағы қарым-қатынастардың әр түрлі талаптарын меңгеруге, оқушылардың математикалық ойлауын дамытудың әр түрлі әдістерін, әсіресе, есептер шеше білудің әдістерін, теоремалар дәлелдеуге қойылатын әдістемелік талаптарды меңгеруі, сабақ өтуге қажетті әдістер мен тәсілдерді ұйымдастыра білуге үйретеді. Сонымен бірге орта арнаулы оқу орындары мен гимназия, физика-математикалық мектептерде, 12-жылдық мектептерде математиканы оқыту әдісі мен ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстырып, пәннің педагогикамен, психологиямен, философиямен және т. б. байланыстарды үйрету мақсатын көздейді. ОӘК мазмұнында оқылатын дәріс сабақтарының жоспары мен практикалық сабақ тақырыптары, оқытушы жетекшілігімен студенттің жасайтын өздік жұмыс(ОСӨЖ) және студенттің өздік жұмыс тақырыптары мен тапсырмаларды орындау түрлері кетірілген. Курстың негізгі міндеті: сабақ өткізудің практикалық дағдысына ие болу, өтілетін сабақты жоспарлай білу, стандартты және стандартты емес есептерді шеше білу, үй тапсырмасын тексеру, өтілген сабақты талдау сабақ жоспарын жазу әдістемелерін меңгеру. Сабақтан тыс жұмыстарды жүргізу және оқу процесінің қазіргі заманғы әдістері мен технологиясымен байланыстыра білу.

2

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

3
КІРІСПЕ . . .:

1 МЕКТЕП МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУДЫ

ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚНЕГІЗДЕРІ . . .

3:

10

КІРІСПЕ . . .:

1. 1 Математиканы оқыту процесіндегі есептердің рөлі мен функциясы . . .

3:

10

КІРІСПЕ . . .:

1. классификациясы . . .

3:

19

КІРІСПЕ . . .:

1. 3 Математикалық есептерді шығаруды оқытудың мәселелері . . .

3:

30

КІРІСПЕ . . .:

Біріншібөлім бойынша тұжырым . . .

3:

48

КІРІСПЕ . . .:

2 МАТЕМАТИКАДАН ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС . . .

3:

49

КІРІСПЕ . . .:

2. 1 Мектепте математикадан есептерді шығаруды оқытуды ұйымдастыру

3:

49

КІРІСПЕ . . .:

2. 2 Алгебра курсында мәтінді және стандартты емес есептерді шығаруды

оқытудың әдістемесі . . .

3:

65

КІРІСПЕ . . .:

2. 3 Математикадан есептерді шығаруды оқыту бойынша педагогикалық эксперимент . . .

Екінші бөлім бойынша тұжырым . . .

3:

108

115

КІРІСПЕ . . .:

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

3:

116

КІРІСПЕ . . .:

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРТІЗІМІ . . .

3:

118

КІРІСПЕ . . .:

ҚОСЫМШАЛАР . . .

3:

124

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Елбасымыз Н. Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында « . . . бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және заманауи өндірісте жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуы тиіс. Сондай-ақ, балаларымыздың, жалпы барлық ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» деп тұжырымдады. Ендеше, еліміз сенім артып отырған бүгінгі оқушы, ертеңгі студент, яғни мамандар заман талабына сай, терең білімді, пайым-парасаты мол, өрелі жастар болуы керек[1] .

Қазіргі заман талабына сай еліміздің білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттары Қазақстан Республикасында Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты міндет - білім беру сапасын көтеру және және ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Сондықтан оқыту әдістемесін жетілдіру және оқушыларды даярлау тиімділігін одан әрі көтеру қажеттілігі анық мәселе [2] .

Математикалық білім беру үздіксіз білім беру жүйесінің бір бөлігі және қазіргі қоғамда адамның зияткерлік қабілетінің дамуын қамтамасыз етуде маңыздылығы жоғары. Ал, орта білім беру жүйесінде математиканы оқыту оқушылардың танымдық қабілеттері мен логикалық ойлауын дамытумен ерекше орын алады.

Қазақстан Республикасы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес

«Математика» пәнінен оқу бағдарламаларында оқытудың мақсаты:

« . . . практикалық іс-әрекетте пайдалануға, сабақтас пәндерді оқып үйренуге, білім алуды жалғастыруға қажетті нақты математикалық білімді меңгерту және оқушылардың логикалық ойлауын, дәлелдеулер жасай білу, есептерді шығару біліктері мен дағдыларын дамыту, математикалық сауаттылығын қалыптастыру», - деп анықталған[3] .

Математиканы оқытуда есептерді шығару маңызды рөл атқарады. Оқытудың түпкілікті мақсаты оқушылардың белгілі бір есептер жүйесін шығарудың әдістері мен тәсілдерін меңгеруі және мектеп математика курсындағы ұғымдар мен әдістерді игеруі болады. Математикалық есептерді шығаруды оқытудың дұрыс ұйымдастырылған әдістемесі оқушылардың ойлауы мен математикалық мәдениетін дамытуға, сондай-ақ математиканың практикалық қолдану білігі мен дағдыларын қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді.

Дегенмен, математикадан пәндік білімге негізделген дәстүрлі оқыту жүйесі теорияны оқытуға баса назар аударылып, есептер шығаруды оқыту төмен деңгейде жүзеге асыратыны белгілі. Нәтижесінде, оқушыларалған

математикалық білімін тиімді қолдану қабілеттері мен есептерді шығару біліктерінің жеткіліксіз мөлшерде екенін байқауға болады. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны болатын ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері мектеп түлектерінің математикадан есептерді шығару біліктері мен дағдыларының әлі де болса төмен деңгейде екенін көрсетіп отыр. Осыған орай, оқушылардың математикадан ойлау қабілеті мен сауаттылығын дамытудың бірден бір негізгі құралы есептер және оларды шығаруды оқыту әдістемесі болып табылатыны айқын.

Зерттеудің тақырыбын таңдау орта мектеп оқушыларына математикалық есептерді шығаруды оқытып-үйретудің педагогикалық теориясы мен практикасын одан әрі дамытудың қажеттіліктерімен, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар мен нақты нәтижелері арасындағы қарама- қайшылықтардың болуымен, сондай-ақ жаңартылған білім беру мазмұны бойынша есептерді шығаруды оқытудың әдістемелік негіздерінің жеткіліксіз әзірленуімен негізделеді.

Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының математикалық білімдерін қалыптастыру мен дамыту бойынша көптеген диссертациялық зерттеулер жүргізілген. Сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу процесінде есептерді қолданудың әртүрлі аспектілері (қырлары) қарастырылған.

Есептердің мәні, олардың оқу процесіндегі маңыздылығы мен функциялары Д. Б. Богоявленский, Дж. Брунер, В. В. Давыдов, К. Дункер, А. В. Запорожец, В. П. Зинченко, А. Н. Леонтьев, А. М. Матюшкина, Н. А. Менчинская, Л. Рубинштейн және т. б. психологтардың зерттеулерінде қарастырылған.

Есептерді шығаруды оқытудың әдістемесін жетілдіру, математиканы оқытудағы есептердің ролі мен орнын анықтау және қолдану мәселелері И. Б. Бекбоев, Д. В. Клименченко, Ю. М. Колягин, Д. Пойа, Л. М. Фридман, В. И. Крупич, П. М. Эрдниев, Б. П. Есипов, И. Я. Лернер, А. В. Усованың еңбектерінде орын алған.

Қазақстанда математикалық білім беруді дамытумен оқушылардың ойлау іс-әрекетін жандандыру және математиканы оқыту әдістемесінің теориялық негізі болатын есептерді шығаруды оқытудың мәселелері белгілі ғалым- әдіскерлер А. Е. Әбілқасымова, Б. Б. Баймұханов, М. Е. Есмұхан, Ә. К. Қағазбаева, А. М. Мүбараков, Л. У. Жадраева, Е. Ж. Смағұлов, Л. Т. Искакованың және т. б. еңбектерінде қарастырылған [4-17] .

Математика мұғалімдерінің жұмыстарының іс-тәжірибелеріне талдау жасау оқушылардың есеп шығару процесі оларды есептерді шығаруға үйрету құралы болмайтынын көрсетті. Көп жағдайда оқушылар мен мұғалімдердің ең басты назары есепте берілген сұраққа жауап табуға бағытталады. Осылайша оқушыларды есептің шешімін іздеуге оқытудың келесідей маңызды сұрақтары ескерусіз қалады: есепті шығару жолын өздігінен қалай іздестіруге болады, ол үшін не істеу керек, есептердің шешімін іздестірудің қандай жолдары мен әдістерібар?

Аталған ғылыми еңбектер мен зерттеулерді талдай келе, бүгінгі күні осы сұрақтарға өз деңгейінде жауап берілмегеніне, заман талабына сәйкес оқушылардың есептерді шығару біліктілігін қалыптастыратын оқу іс- әрекеттерін ұйымдастыру әдістері мен тәсілдері әлі де болса шешімін табу қажеттігіне көз жеткіздік.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, орта мектепте білім беру процесінде математикалық есептерді шығаруды оқытудың әдістемелік негіздерінің жеткіліксіз әзірленуі мен оқушылардың математикадан есептерді, оның ішінде стандартты емес және қиындығы жоғары есептерді шығару білігін меңгерудің қажеттілігі арасындағы белгілі дәрежедегі объективті қарама- қайшылықтардың бар болуы біздің зерттеу жұмысымыздың көкейкестілігін айқындайды. Ал, оқушыларға математикалық есептерді, оның ішінде стандартты емес және қиындығы жоғары есептерді шығаруды оқытудың заманауи әдістемелерін әзірлеудің қажеттілігі біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Орта мектепте математикалық есептерді шығаруды оқытудың әдістемелік негіздері» деп алуымызға себеп болды.

Жоғарыда тұжырымдалған қарама-қайшылықтар орта мектепте оқушыларды математикалық есептерді шығаруды оқытудың теориялық- әдістемелік негіздемесі ретінде зерттеу мәселесін анықтады.

Зерттеудің мақсаты: орта мектепте математиканы оқыту процесінде есептерді шығаруды оқытудың әдістемелік негіздерін жасау және оны тәжірибе жүзінде іске асыру.

Зерттеу нысаны: орта мектепте математиканы оқыту процесі.

Зерттеу пәні: негізгі мектеп оқушыларын математикалық есептерді шығаруды оқыту әдістемесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер орта мектепте математика сабағында оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері мен математикалық есептерді шығаруды оқытудың әдістемесі заман талаптарына сәйкес жүйелі түрде жасалса, онда оқушылардың математика курсынан танымдылығы ғана емес, математикалық есептерді шығару білігінің қалыптасу деңгейі және математиканы оқып білуге деген қызығушылығы мен саналылығы, білімді меңгеру сапасы артады.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты, пәні және болжамы зерттеудің келесі міндеттерін шешуге мүмкіндікберді:

  • математиканы оқыту процесінде оқушылардың ойлау қабілетін дамыту құралы ретінде есептердің рөлі мен маңыздылығын, функцияларын, классификациясын, есептерді шығаруды оқытудың әдістемелік негіздерін айқындау;
  • оқушыларды математикалық есептерді шығаруға оқытуды ұйымдастырудың әдістемесінжасау;
  • алгебра курсында мәтінді және стандартты емес есептерді шығаруды оқыту әдістемесінжасау;
  • орта мектепте математикалық есептерді шығаруды оқыту әдістемесінің тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру және оны оқу процесінеенгізу.
Зерттеудің әдістері:
  • математикадан есептерді шығаруды оқытуға бағытталған ғылыми- теориялық мәселелерге, философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік және математикалық әдебиеттерге, сонымен қатар жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, математика пәнінен оқу бағдарламаларына, оқулықтарға, оқу құралдарына және оқу-әдістемелік кешендеріне теориялық талдаужасау;
  • зерттеудің болжамын тексеру үшін педагогикалық эксперимент жүргізу және олардың нәтижелерінөңдеу;
  • зерттеудің нәтижелерін әдістемелік семинарларда, ғылыми- практикалық .

Зерттеудің әдіснамалық негіздері: П. Я. Гальпериннің ақыл-ой қызметін қалыптастыру теориясы, жеке тұлғаның дамуындағы теория мен практиканың диалектикалық өзара байланысы туралы қазіргі ғылымның қағидасы; оқу процесін ұйымдастырудағы тұлғаға бағытталған теориясы; оқушылардың оқу іс-әрекетін қалыптастыру теориясы; математикадан есептер шығаруды оқыту мәселелері бойынша белгілі ғалым-педагогтардың, әдіскерлердің (А. Е. Әбілқасымова, Г. А. Балл, Г. П. Бевз, А. М. Пышкало, З. А. Скопец, А. А. Столяр, Ю. М. Колягин, В. И. Крупич, Д. Пойа, Р. С. Черкасов, П. М. Эрдниев, Л. М. Фридман, И. Б. Бекбоев, Б. Б. Баймұханов, Ә. К. Қағазбаева, Л. Т. Искакова, Е. Ж. Смағұлов және т. б. ) жұмыстары.

Зерттеудің теориялық негіздері : зерттеу мәселелері бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік және математикалық еңбектер; орта мектепте математикалық есептерді шығаруды оқытудың әдіснамалық негіздері.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы; Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, оқу бағдарламалары, оқулық, оқу-әдістемелік кешендері, математиканы оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік еңбектер.

Зерттеу кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2014-2015ж. ж. ) психологиялық-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттермен танысу, эмпирикалық материалдарды жинақтау жүргізілді, қолданыстағы оқу-әдістемелік әдебиеттерге, заңнамалық және бағдарламалық құжаттарға талдау жасалды, орта мектепте оқушыларға математикадан есептерді шығаруды оқытудың тәжірибесінде қалыптасқан қарама-қайшылықтар айқындалды; болжамның нұсқасы тұжырымдалды; зерттеудің ұғымдық апараты қалыптасты және жүйеленді. Дидактикалық материалдар жасалынды, сонымен қатар математикадан есептерді шығаруда білік пен дағдыны қалыптастыру құралы болатын есептер жүйесі жасалынды.

Екінші кезеңде (2015-2016ж. ж. ) теориялық және эмпирикалық мәліметтер жүйеленіп және сыни тұрғыда талдаулар жүргізілді, тұжырымдамалық , болжамынақтыланды; оқушылардың

математикадан есептерді шығару біліктігінің қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында диагностикалық жұмыстар жүргізілді; тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар іске асырылды және есептерді шығаруды оқытудың ұсынылған әдістемесі сынақтан өткізілді.

Үшінші кезеңде (2016-2017ж. ж. ) оқу эксперименттері іске асырылды және зерттеу барысында алынған эксперименттік және теориялық материалдар қорытындыланды, оларды оқу процесіне енгізу бойынша ұсынымдар жасалды, диссертациялық жұмысрәсімделді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
  1. Математиканы оқыту процесінде оқушылардың ойлау қабілетін дамыту мен жаңа ұғымдарды қалыптастыру құралы ретінде есептердің рөлі мен маңыздылығы, функциялары, классификациясы, «есеп», «есепті шығару» ұғымдарының мәнінақтыланды.
  2. Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға бағытталған деңгейлік есептер, оның ішінде стандартты емес есептер жүйесін құрастыру принциптері және оларды шығару тәсілдерінақтыланды.
  3. Математикалық есептерді шығаруды оқытуды ұйымдастырудың тәсілдері мен негізгі мектептің алгебра курсында мәтінді және стандартты емес есептерді шығаруды оқыту әдістемесіжасалды.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы тұтастық принцип негізінде алгебра курсы бойынша математикалық есептер және математиканы оқыту процесінде оқушылардың оқу іс-әрекетін қалыптастыруға бағытталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі жасалынуынан тұрады. Сонымен қатар, математикалық есептерді шығарудың тиімді тәсілдері ұсынылған.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: диссертацияда тұжырымдалған теориялық қағидалар және математиканы оқыту процесінде оқушыларды есептерді шығаруға оқыту мен оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды математика мұғалімдері өздерінің практикалық қызметтерінде оқушылардың білім, білік және дағдыларының сапасын арттыру үшін тиімді пайдалана алады. Зерттеу нәтижелерін орта мектепте және жоғары оқу орындарында болашақ математика мұғалімдерін даярлауда математиканы оқыту мазмұны мен әдістемесін жетілдіруде пайдалануғаболады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
  1. Орта мектепте математикалық есептерді шығаруды оқытудың теориялық негіздері және білім беру процесіндегі жүйелі-әрекеттік тәсіл негізінде тұжырымдалған «есеп», «есепті шығару» ұғымдарының сипаттамалары.
  2. Математикалық есептерді шығару біліктігін қалыптастыруға бағытталған оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың және деңгейлік есептер жүйесін құрастырудың .
  3. Орта мектеп оқушыларының математикалық білім деңгейін көтеруге ықпал ететін алгебра курсында мәтінді және стандартты емес есептерді шығаруды оқытудыңәдістемесі.

Зерттеу нәтижелері бойынша жарияланымдар. Диссертациялық жұмыстың мазмұны бойынша жарияланған еңбектердің жалпы саны - 15, оның ішінде ҚР білім және ғылым саласын бақылау комитеті тізіміндегі басылымдарда - 3, халықаралық ғылыми конференциялар жинағында - 5, республикалық ғылыми конференциялар жинағы мен журналында - 2, Scopus базасына енген журналдарда - 1, Ресейдің ғылыми журналында - 1, оқу құралы

- 3.

Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен математикадан оқу бағдарламасы бойынша қазақ, орыс, ұйғыр және өзбек тілдерінде жалпы білім беретін мектептерге арналған

«Алгебра: Есептер жинағы» оқу құралдарын (Алматы: Мектеп, 2017. - 36 б. ) әзірледік және олармен республиканың негізгі мектеп оқушылары білім алуда. Сонымен қатар «Методические основы обучения решению математических задач в школе» оқу құралын (Алматы: Мектеп, 2017. - 252 б. ) әзірледік. Ол мектеп мұғалімдеріне, жоғары оқу орнының математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушыларына, біліктілік арттыру институттарының мамандарына, PhD докторанттар, магистранттар мен студенттерге арналған.

Диссертациялық жұмыстың қағидалары мен нәтижелері халықаралық конференцияларда: «Мектепте және жоғары оқу орындарында математиканы, физиканы және информатиканы оқытуды жетілдіру мәселелері» (Алматы, 2014 жыл), «Актуальные проблемы преподавания математики в школе и педвузе» (Мәскеу, 2015 жыл), «Радиациялық-термиялық құбылыстар және инновациялық технологиялар» (Алматы, 2015 жыл), «Актуальные проблемы обучения математике в школе и вузе в свете идей Л. С. Выготского» (Мәскеу, 2016 жыл),

«Механика жүйелерін және физикалық процестерді математикалық модельдеу» (Алматы, 2015 жыл), «Актуальные научные исследования в современном мире» (Переяслав-Хмельницкий, 2017 жыл), сонымен қатар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Математика, физика және информатика институтының математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының мәжілістерінде талқыланды.

Диссертация құрылымы және көлемі. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі негізделді, зерттеудің мақсаты, міндеттері, нысаны, әдіснамалық және теориялық негіздері мен болжамы анықталды, ғылыми жаңалығы, зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы, жүргізілген жұмыстың кезеңдері мен әдістері, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар, сынақтан өткізу мәліметтері мен зерттеу нәтижелері бойынша жарияланымдар тұжырымдалды.

Бірінші «Мектеп математикалық есептерін шығаруды оқытудың теориялық негіздері» бөлімінде «есеп», «есепті шығару» ұғымдарының мәні, математиканы оқыту процесіндегі есептердің рөлі мен функциясы, классификациясы айқындалды, математикалық есептерді шығару біліктігін қалыптастыруға бағытталған деңгейлік есептер жүйесін құрастыру принциптері, есептерді шығару әдістерінегізделді.

Екінші «Математикадан есептерді шығаруды оқытудың әдістемесі бойынша тәжірибелік жұмыс» бөлімінде математикалық есептерді шығаруды оқыту бойынша оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері мен негізгі мектептің алгебра курсында мәтінді және стандартты емес есептерді шығаруды оқыту әдістемесі берілді. Эксперименттік зерттеу жұмысының нәтижелері жинақталды, талдау жасалынды және қорытындыланды.

Қорытындыда зерттеу барысында алынған ғылыми-педагогикалық нәтижелердің маңыздылығы сипатталып, негізгі теориялық және тәжірибелік қорытындылары, әдістемелік ұсынымдар тұжырымдалған, зерттеу мәселесінің одан әрі келешегі айқындалған.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі зерттеу барысында талданған философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік және арнаулы әдебиеттер қамтылған.

Қосымшада зерттеу барысында қолданылған материалдар келтірілген.

МЕКТЕП МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚНЕГІЗДЕРІ
  1. Математиканы оқыту процесіндегі есептердің рөліменфункциясыБілім беру жүйесінің қазіргі даму кезеңінде есептің математиканы оқытудағы рөлі біріншіден, олардың оқу нәтижесінбереді, оқушылардыңқандайда бір есептерді шығара алуы болып табылады; екіншіден, оқытудыңмақсатына жету оқушыларды математикадан есептерді шығаруға үйрету арқылыжүзегеасады; үшіншіден, бірқатартақырыптарды(мысалы, сызықты, ) . Демек, нәтижесі, құралы және пәні болып табылады. Оқушылардың қандайда бір есепті шығару іс-әрекеті оның байланысты. Математикалық есептерді оқушылардың математикадан білім, білік және дағдыларының

жоғары деңгейде қалыптасуына әсер етеді.

Осылайша, есеп әрбір оқушының ойының шыңдалуының негізгі құралы болып табылады. Сондықтан, математиканы оқыту барысында есептер әртүрлі функциялар атқарады. Математикалық оқу есептері оқушылардың мектеп математика курсындағы, сонымен қатар жалпы теорияның ұғымдары мен әдістерін меңгерудің ең тиімді және таптырмас құралы болады. Есептер оқушылардың ойлауын дамытуда және тәрбиелеуде, сонымен қатар, математиканы практикада қолданудың білігі мен дағдысын қалыптастыруда үлкен рөлге ие [4] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есепті жазбаша шығару
Математикалық есептерді шығаруды оқытудың мәселелері
Есеп шешудің әдістемесі.
Бастауыш сыныпта теңдеуді оқытудың әдістемесі
Есепті ұйғарым әдісімен шығару
Таным әдістеріндегі талдау мен синтезді есептер шығаруда қолдану
Математикалық есеп және оқушының танымдық белсенділігін дамыту
Бастауыш мектеп математикасын оқыту мәні менерекшеліктері
Бастауыш сыныптың оқу практикалық мазмұнды есептерін шығару біліктерін қалыптастыру
Математика пәннің оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz