Алаш партиясы багдарламасынын жобасы
Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi
Тарих кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Қазақстанға кеңес билігінің орнауы және оның ерекшеліктері.
Сынақ кітапшасының нөмірі 1641001
Пән: Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Мамандығы: 5В030100 - Юриспруденция
2017
Мазмұны
Кіріспе
1 1917 жылғы Қазан революциясы кезеңіндегі Қазақстан. Екінші Бүкілқазақ съезі және Алашорданың құрылуы
2 Алаш партиясы багдарламасынын жобасы
3 Торғай облысындағы күрес
Қорытынды
Пайдаланылған дереккөздер
Кіріспе
Қазақстанда кеңес өкіметі орнауының ерекшелігі. Азаматтық қарсы тұру Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылғы 26 қазанда Петроградта өткен Кеңестердің Бүкілресейлік II съезінде большевиктер барлық делегаттың үштен екі бөлігіне жетпейтініне, яғни -- 390 адам болғанына қарамастан, 690 делегаттың төрттен үш бөлігіне жуығы билік Кеңестердің қолына берілсін деушілер жағында болды; Бүкіл билік демократияға берілсін деген әсер-меньшевиктерге дауыстың 15%-ы тиді, 7%-ы Коалиция ұранын қолдады.[1].Дәл осының өзі большевиктердің көсемі В.И. Ленинге жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестерінің басым көпшілігі съезге қатысты, шаруа Кеңестерінен делегаттар келді, ОАК-нің (Кеңестердің Орталық Атқару Комитеті) бұрынғы құрамы өкілеттігін аяқтады деп атап көрсетуіне мүмкіндік берді, яғни оның пікірі бойынша жұмысшы, солдат және шаруалардың басым көпшілігінін еркі айқын білдірілді, сондай-ақ жұмысшылар мен гарнизонный жеңіске жеткізген күресі Кеңестердің II съезінде билікті өз қолына алуға негіз болды.
Съезд лениндік ұсыныс бойынша барлық билік жергілікті жерлерде жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Кеңестеріне өтеді деген шешім шығарды. Қазақстан тәрізді Ресейде қоныстанған барлық ұлттарға болашақта дамуы бағытын өзі анықтауға шынайы құқық беріледі ұраны ұлттық өңірлер үшін аса маңызды болды.[2].
Съездің Бейбітшілік және Жер туралы қабылдаған декреттері аштық пен шаруашылық күйзелістен қалжыраған халықтың басым көпшілігінің жаңа биілікті бірден қолдап шығуын қамтамасыз етті.

Керенский үкіметі құлап, оны қорғап қалуға орталықтан да, жергілікті жерлерден де ең болмаса бірнеше полк әскер табыла қоймады, мұның өзі Уақытша үкіметтің құлау сәтіне жеткенін дәлелдеп берді. Бірақ бұл Кеңес үкіметіне балама билік мүлде жойылды дегенді білдіре қоймады. Керісінше, Кеңестердің II съезінің қорытындыларын мойындамайтын, Ресейдегі заңды үкіметті озбырлықпен басып алу деп, Қазан қарулы көтерілісін айыптайтын бұрынғы биліктің жергілікті органдары, ұлттық-демократиялық ұйымдар, кейбір өңірлердегі қазақ әскерлерінің басшылығы түрінде әлі де сақталып қалды. Бұл күштердің қай-қайсысының да мақсаттары мен міндеттері әр түрлі болғанымен, оларды Кеңес өкіметіне және оның бағдарламалық идеяларына қарсы бірігуге алып келді. Сол себепті, басқа да өңірлердегі сияқты, Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату, отандық тарихнамада 70 жылдан астам уақыт айтылып келгеніндей, бірден салтанатты шеру бола қоймады. Шын мәнінде 1917 жылғы қазанның аяғы -- Петроградта қарулы көтерілістің басты қорытындылары өлкеге белгілі бола бастағанынан бастап, 1918жылғы наурыздың басына -- Верный (Алматы) қаласында большевиктер жеңіске жеткенге дейінгі кезеңде Қазақстанда 1918 жылы жаздың басында кең көлемдегі Азамат соғысы басталады деп күтілген еді. Кеңестерге қарулы қарсылық көрсетуші басты күштер қазақ әскерлерінің басшылары, кадеттер мен әсерлердің, халықшыл социалистер мен меньшевиктердің жергілікті ұйымдарының жетекшілері саналды. Алаш партиясының көсемдері тұтастай алғанда осы күштерді қолдап келді, дегенмен 1917 жылғы қазанның аяғы мен 1918 жылғы наурыз аралығында (Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату кезінде) олардың позициясы тактикалық жағынан елеулі өзгеріске ұшырады. Казан революциясынан көп бұрын-ақ қазақтың ұлттық-демократиялық қозғалысының көсемдері өз бағдарламалық көзқарастарын Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы жайлы өз бағдарламалық көзқарастарын кеңінен насихаттаған болатын, ал қарулы күрес Петроградта жеңіске жеткеннен кейін-ақ 1917 жылы 21 қарашада Қазақ газетінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдос Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдулхамид Жүндібаев және Ғазымбек Бірімжановтар құрастырған Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Бағдарлама жобасында он тарау бар. Олардың әрқайсысына тақырыпша қойылған.
2 Алаш партиясы багдарламасынын жобасы
Мемлекет қалпы: Ресей демократиялық, федеративтік республика болу. (Демократия мағынасы - мемлекетті жұрт билеу. Федерация мағынасы - құрдас мемлекеттер бірлесуі. Федеративтік республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Әрқайсысы өз тізгінің өзі алып жүреді.) Үкімет басында Учредительное собрание мен Г.Дума қалауынша кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер Учредительное собрание мен Г. Дума алдында жауапты болу.
Депутаттар тегіс, тең, төте һәм құпия сайлаумен болады. Сайлау хұқында қан, дін, еркек-әйел талғаусыз болу. Законды жалғыз ғана Г. Дума шығару һәм Г. Дума үкімет үстінен қарап, ісін тексеру, запрос (сұрау) жасау хұқы да Г. Думала болу. Мемлекет салығы Г. Думасыз салынбау.
* Жергілікті бостандық
Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Ресей Республикасының федерациялық бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе болу, реті келмесе, бірден-ақ өз алдына жеке болу. Қайткенде де осы күнгі земстволықты қабыл алу. Алаш партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет етерге көңілді адамдар болуына жаһид қылады. Земстволардың управаларында, милицияларында таза қызметші боларлық адамдардың атын халық қалауына салады. Алаш партиясы әділдікке жанашарларға жолдас, жәбірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұрт тарақи ету жағына бастайды.
* Негізгі хұқық
Ресей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға -- еркіншілік; үкімет қызметшілері иесінен рұқсатсыз ешкім табалдырығын аттамаушылық; законсыз жолмен ешкімді үкімет адамдары ұстамаушылық; сот сұрамай, билік айтылмай тұтқын қылмаушылық; қылмысты болған адам судья бар жерде 24 сағат ішінде, судьясыз жерде бір жетіден қалмай судьяға тапсырылып, жабылса, судья үкімімен жабылу. Кісі хатын ашқанға -- айып, оқығанға жаза болу.
* Дін ісі
Дін ісі мемлекет ісінен айырулы болу. Дін біткенге тең хұқық. Дін жаюға [3]. ерік. Кіру-шығу жағына бостандық. Муфтилік қазақта өз алдына болу. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істес моллада болу, жесір дауы сотта қаралу.
* Билік һәм сот
Әр жұрттың билік пен соты тұрмыс ыңғайына қарай болу. Би һәм судья жергілікті жұрттың тілін білу. Аралас жерде соттың тергеу-тексеруі һәм үкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылу. Би һәм судья орнынан тергеусіз түспеу. Билік һәм сот жүзінде жұрт біткен тең болу; Кұдайдан соңғы күшті би һәм судья болып, кім де болса, олардың үкіміне мойынсұну. Айтылған үкім тез орнына келу. Зор жазалы қылмыстар присяжный сотпен қаралу. Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болу. Присяжныйлар қазақтан алыну. Қырдағы ауыл, болыс ішіндегі билік пен сот жұрт ұйғарған ереже жолымен атқарылу.
* Ел қорғау
Ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмау. Әскерлік жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету: әскер табына бөлгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқару.
* Салық
Салық әл-ауқат, табысқа қарай байға байша, кедейге кедейше әділ жолмен таратылу.
* Жұмысшылар
Жұмысшылар закон панасында болу. (Қазақ жерінде завод-фабрика аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. Алаш партиясы жұмысшылар турасында социал-демократтардың меньшевик табының программасын жақтайды.)
* Ғылым-білім үйрету
Оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық һәм ақысыз болу; жұртқа жалпы оқу жайылу. Бастауыш мектептерде ана тілінде оқу; қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашу; оқу жолы өз алды автономия түрінде болу; үкімет оқу ісіне кіріспеу; мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылу; ел ішінде кітапханалар ашылу.
* Жер мәселесі
Учредительное собрание негізгі закон жасағанда жер сыбағасы алдымен жергілікті жұртқа берілсін деу; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орналасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеу; бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайту; қазаққа тиетін жер сыбағасын жергілікті комитеттер кесу; сыбаға өлшеу -- норма жердің топырағымен шаруалық түріне қарай жасалу; сыбағадан артылған жер земство қолында болу; артық тұрған жерден ел өскенде ауық-ауық сыбаға кесіліп берілу; Түркістанда жермен бірге су сыбағасы да кесілу; жерді қазақ үй басына иеленбей, ауыл-аймақ, туысқан табына меншіктеп алу; өзара әділдік жолмен пайдалану.
Жер законінде жер сату деген болмау, әркім өзі пайдалану. Пайдасынан артық жер сатылмай, земствоға алыну. Жердің кені, астынғы байлығы қазынанікі болып, билігі земство қолында болу. Аса зор ағаш, зор өзендер мемлекеттікі болып, аз ағаш һәм қол байлықтары земство мүлкіне саналу.
Жоба жасаушылар: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдулхамид Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов.
Атап айтылғандай, бағдарламаның жобасы Құрылтай жиналысының сайлауында Алаш партиясының үлкен жетістіктерге жетуін қамтамасыз етті.
Бірақ сайлау қорытындылары мен жетістіктер Алаш партиясына іс жүзінде еш нәрсе берген жоқ және оның жақтастарына өлкеде ешқандай нақты билік тимеді. Бұл Құрылтай жиналысының сайлауы В.И. Ленин бастаған большевиктер үкіметін құруға, сапалы жаңа саяси жағдай орнықтыруға мүмкіндік берген Петроградтағы Қазан қарулы көтерілісі жеңген кезде өткендігімен түсіндіріледі. Ол Кеңес өкіметін жақтаушылар мен оның қарсыластарының арасындағы күрестің өрши түскендігімен сипатталады. Кеңестер билігін мойындамаған Алаш партиясы большевиктердің қарсыластары жағында болып шықты. Бұрынғы аумақтық-мемлекеттік билік құрылымының ерекшелігінен Қазақстан мен Орта Азия көлемінде большевиктерге қарсы күреске басшылық жасап отыратын бірынғай орталық болмады. Оған қоса большевиктерге қарсылардың өз ішінде елде демократиялық қоғам орнату үшін күрес жүргізудің бағдары, тактикасы мен стратегиясы жөнінде бірыңғай ортақ көзқарасы жоқ еді. Іс-кимылды үйлестіре жүргізуді тіпті қазақ әскерлері басшыларының өздері де қажет деп таппады. Мысалы, Орал қазақтары Орынбор қазақтарынан бейтарап өзінше әрекет етті.
Соңғысы Оңтүстік Шығыс қазақ әскерлерінің одағында болғанымен, Сібір және Жетісулықтармен нақты байланыс орнатпады.
Алаш партиясы басшыларының арасында да Кеңес үкіметіне қарсы күрес идеясы мен тактикасы бірден қалыптаса қойған жоқ. Алаш қозғалысының өлкелік көсемдері қалыптасқан саяси жағдайды өздерінің таным-білігі тұрғысынан бағалады. Алаштың оңтүстік қанатының басшылары Мұхамеджан Тынышбаев пен Мұстафа Шоқай Шура-ислами партиясы басшылығының бүкіл Түркістан көлемінде большевизмге қарсылықкүресін басқару жөніндегі ұсынысын қабылдады. М. Тынышбаев 1917 жылы қарашаның аяғында кенестік тарихнамада Қоқан автономиясы ретінде белгілі болған Қоқан қаласында өткен IV Төтенше өлкелік мұсылмандар съезінде құрылған Түркістан автономиясының премьер-министрі болып тағайындалды. М. Шоқай алғашында Түркістан автономиясы үкіметі сыртқы істер министрі (Түркістан автономиясы Уақытша үкіметі сыртқы қатынастар бөлімінің бастығы) қызметін атқарды.
Шамамен сол тұста Г.Н. Потанин басқаратын Сібір облыстық думасының - сібірлік автономистер үкіметінің құрамына Алаш партиясы орталық басшылығының өкілі А. Ермеков кіреді. Құрамына Қазақстанның оңтүстік облыстары - Жетісу мен Сырдария енген Түркістан өлкесінде жағдай мүлде шиеленісіп кетті.
Жоғарыда айтылып кеткендей, 1917 жылы 26-29 қарашада Қоқанда өткен IV Төтенше өлкелік мұсылмандар съезі Түркістан (Қоқан) автономиясы - Мұхтариаттың құрылғанын жариялады.[4]. Съезде сөйлеген Мұстафа Шоқай былай деп атап көрсетті: Орталықта болып жатқан жағдайлар шет аймақтарды ұлттық төңкерісті (1917 жылғы Ақпан төңкерісін айтып отыр. - авт.) өздерінің қорғап қалуына мәжбүрлеп отыр. Большевиктердің Қазан қан төгісін бастан өткізген Ресей мен Түркістан өз тағдырларын өздері шешуі керек.[5].
Автономиялық Түркістан Уақытша үкіметінің торағасы М. Тынышбаев болды дедік. М.Тынышбаевтың үкімет төрағасы болып тағайындалуына оның Ресей Уақытша үкіметінің Түркістандық комитеті мүшесі ретінде өлкедегі белгілі тұлға екендігі себеп болды, бұл оқиғадан басшылықтың заңды әрі өз жалғасын тапқандығы байқалды. Төраға ретіндегі М. Тынышбаевтың аз уақыт тәжірибесі оған үкімет басшысы қызметін атқару тиімді емес екеніне көзін жеткізді. Белгілі мөлшердегі үкіметтің нақты тірегі болмады; автономияны қолдаушылар арасында үлкен келіспеушіліктер туындады. Автономияны қорғап қалуға қарулы жасақты басқаратын, бұрын қылмысты болған Кұрбашы Иргашты тартудың саяси жағдайды өзгертіп жіберуге алып келгенін аңғарды. М. Тынышбаевтың Түркістан автономиясының басшылық қызметінен бас тартуының негізгі себептерінің бірі Мұхтариатты өлкеде құрылған басқа үкімет - Түркістанның большевиктік солшыл әсерлерден тұратын Халық комиссариатының қыспаққа алуы болды, ол Жетісудағы Уақытша үкіметтің комиссары О. А. Шкапскийді [6]. орнынан түсіріп, қамауға алу туралы бұйрық берді. Іс жүзінде бұл Жетісудағы Уақытша үкіметтің комиссары болған М. Тынышбаевты да кез келген сәтте қамауға алу туралы бұйрық шығуы мүмкін екендігін аңғартты. М. Тынышбаев отставкаға шығып, Жетісуға кеткен соң премьердің орнына келген М. Шоқай билігі Қоқан мен уезд көлемінде ғана шектеліп қалған үкіметті аз ғана уақыт басқарды. Оның кабинетінің бірден-бір нақты күші болып Иргаштың адамдары қалды. Орынбор қазақтарының көмегіне деген үміт ақталмады. Істің аяғы Кеңестік басшылар Түркістан (Қоқан) автономиясының Уақытша үкіметіне ультиматум жариялауға дейін барды және көп кешікпей, 1918 жылы ақпанның басында Қызыл гвардияның отрядтары автономияның аздаған күшін тас-талқан етті, автономия басшыларының бір бөлігі атылды, қалғандары қамауға алынды, Мұстафа Шоқай кашып құтылды.[7].
М. Тынышбаевтың Жетісуға кетуі, Түркістан (Қоқан) автономиясының күйреуі, М. Шоқайдың эмиграцияға кетуге мәжбүр болуы шын мәнінде Алаш партиясы оң қанатының ыдырауына алып келді. Жетісудағы Алаш ұйымының белсенділері Ибрагим Жайнақов, Отыншы Әлжанов, Төлебай Дүйсебаев және басқалар большевиктерді мойындамады, оған қарсы шықты.
Түркістандағы Алаштың оңтүстік қанатының көсемдері Кеңес өкіметіне қолынан келгенше үш-ақ ай белсенді қарсылык көрсетті. Алаштың Сібір облыстық думасы көлеміндегі сібірлік автономистерімен одағы аз уақытка созылды. Алаш қайраткерлері Сібірлік автономистер үкіметінің құрамында Сібір көлемінде қазақтың аумақтық және ұлттық федералдық автономия құру принципін байқап көруді ойластырған еді.
Алаш партиясының көсемдері Петроградта қарулы күштердің жеңгені туралы хабарды ести салысымен Қазақстанда билік Кеңестердің қолына өтіп кетпеуі үшін нақты қадамдар жасай бастады. Қазақ газетінің 1917 жылғы 26 қарашадағы, яғни Қазан революциясының келесі күнгі нөмірінде өз оқырмандарына былай деп үндеу тастады: Ресей күйзелісті бастан кешіріп отыр, бір аяғы жерде болса, екінші аяғы -- көрде. Ертең не боларын ешкім де білмейді... Біреулер тірі қалу үшін жанталасса, басқалары бұл бүліктен қалай шығамыз деп бас қатырады. Біз, қазақтар, оған қарап тыныш отыра алмаймыз. Мұндай қарбалас кезеңде заң жүрмейді, бізді ешкім де қорғамайды. Сол себепті біз, біріншіден, өлмей тірі қалу үшін, екіншіден, байлықтарымызды талан-таражға түсірмеу үшін, үшіншіден, бұл бүліншіліктен іргемізді аулақ салу үшін өз күшімізге ғана сүйенуге тиіспіз. Ол үшін ешкім де өз білімі мен күшін аяп қалмауға тиіс. Бұл қиын жағдайдан шығу жолын іздестіру үшін Алаш партиясының басшылығы II Бүкілқазақ съезін шақыруды ұйғарды. Съезді өткізу мәселесі бойынша құрамына Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Досжанов және Е. Омаровтар кірген комиссия құрылды. Осы комиссияның шешімі бойынша съезге әрбір уезден екі ақсақалдан және Қыр өлкесінің облыстық қазақ комитеттерінен екі мүшеден шақырылды. Олардан басқа қазақ қоғамы аса құрмет тұтатын 30 адамға шақыру жіберілді, олар: Омар Қарашев, Қайырша Ахметжанов, Ғабдолла Ешмұхамедов, Ахметжан мен Қожахмет Оразаевтар, Шәкәрім Құдайбердиев, Халел Досмұхамедов, Мұстафа Шоқай, Жаһанша Досмұхамедов, Бақтыгерей Құлманов, Шәңгерей Бөкеев, Есенқұл Машанов, Мұхаметжан Тынышбаев және т.б. Сондай-ақ Ұран, Сарыарқа Бірлік туы, Тіршілік және басқа газеттер өкілдеріне де шақырулар жіберілді. Съезд Орынборда 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында өтті. Оған қатысқан ташкенттік журналист былай деп нақты атап көрсетті: Съезге қазақтың он облысынан - Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Ферғана, Сырдария, Каспий бойы және Астрахан губерниясындағы Бөкей Ордасынан 80-ге жуық делегат қатысып отыр. Олардың басым көпшілігі орысша жақсы сөйлейді. Көбінің жоғары және орта білімі бар, еуропаша киінген.[8].
Съезд президумына Бактыгерей Құлманов (төраға), Элихан Бөкейханов, Халел Досмұхамедов, Әзімхан Кенесарин, Омар Қарашев (төрағаның серік-орынбасары) және құрамына Дәулетше Күсепқалиев, Міржақып Дулатов, Сейітқазым Қадырбаев кірген секретариат сайланды. Съездің күн тәртібінде Петроградтағы большевиктердің ұйымдастыруымен өткен Қазан қарулы көтерілісінің жеңісінен кейін елде қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдайға байланысты қазақ қоғамының әр түрлі топтары өкілдерінің басын біріктіру рөлін атқаратын, Алаш партиясының бағдарламасынан туындайтын 10 пункттен тұратын мәселе қаралды. Съезд саяси тұрғыдан тез өзгеріп жатқан жағдайдағы партия тактикасының әр түрлі аспектісін талқыға салды, бұл тұста ол қазақ автономиясын құру мәселесіне, оның үкіметінің қалыптасуына, халықты қорғауға ерекше назар аударды.
Съезд қазақ автономиясы мен халық милициясын құру туралы жасаған Халел Ғаббасовтың баяндамасын зер сала тындап, жан-жақты талқылады. Осы және басқа да маңызды мәселелерді талқылау мен шешім қабылдау кездерінде Ә. Бөкейханов, X. Досмұхамедов, М. Шоқай, Ж. Досмұхамедов және басқа да делегаттар мен съезд қонақтары зор белсенділік танытты. Съезд Қазақ (Алаш) автономиясын құру туралы шешім қабылдап, оның құрамына Бөкей Ордасы, Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстары, сондай-ақ Каспий сырты облысындағы, Алтай губерниясындағы қазақтар мекендеген аудандар енгізілді. Съезд делегаттары Уақытша үкімет құлағаннан кейін қалалар мен селоларда, қырда қазақтардың этнос ретінде өмір сүруіне зор қауіп төндіретін анархияның өсуі күннен-күнге күшейе түсіп отырғанын атап көрсетті. Осыдан келіп съезд халықты аман сақтап қалу мақсатында.
Уақытша халық кеңесінің тиянақты билігін құруға қаулы қабылдап, оны Алашорда (Алаш автономиясының үкіметі) деп атады да, Алашордаға қазақтар тұратын жерлердегі барлық атқарушы билікті өз қолына алуын тапсырды.[9].
Уақытша халықтық кеңес - Алашорда (Алаш автономиясының үкіметі) 25 адамнан тұруға тиіс болды. Съезде үкіметтің 15 мүшесі сайланды, ал 10 орын Қазақстанда тұратын орыс және басқа ұлттардың өкілдеріне қалдырылды. Алашорда мүшелігіне Уәлихан Танашев (Бөкей Ордасы), Халел Досмұхамедов ([[Орал облысы\\), Айдархан Тұрлыбаев (Ақмола облысы), Ахмет Бірімжанов (Торғай облысы), Халел Ғаббасов (Семей облысы), Садық Аманжолов (Жетісу облысы), Мұстафа Шоқай (Сырдария облысы) сайланған болатын. Облыстардың сыртында Алашорданың құрамына съездің шешімімен Әлихан Бөкейханов, Жанша Досмұхамедов, Әлімхан Ермеков, Мұхаметжан Тынышбаев, Бақтыгерей Құлманов, Жақып Ақбаев, Базарбай Мәметов, Отыншы Әлжановтар енгізілді.
Үкімет басшысы баламалық негізде сайланды. Бұл лауазымға үш қайраткердің кандидатурасы ұсынылды, олар: Әлихан Бөкейханов, Бақтыгерей Құлманов және Айдархан Тұрлыбаев. Жасырын дауыс беру нәтижесінде Ә. Бөкейханов 40 дауыс, А. Тұрлыбаев - 20, Б. Құлманов - 19 дауыс алды. Көп дауыс алған Ә. Бөкейханов Қазақ (Алаш) автономиясы үкіметінің төрағасы болып сайланды. Съезд қазақ милициясын құру жоспарын жасады. Оның әрбір облыстағы саны, уездер бойынша оларды оқытып-үйрету мен жабдықтау мәселелері қарастырылды. Милицияның қарумен қамтамасыз етілуі салықтан түскен қаржы негізінде орталық әкімшілік арқылы іске асырылатын болды. Офицерлер дайындауда атаман Дутов басқаратын Орынбор ақ гвардияшыларымен жасалатын одақ бойынша орынборлық қазақ әскерінің тәжірибесі мен көмегі пайдаланылатын болып шешілді. Бұл одақтың негізінен сөз жүзінде қалып, ешбір нәтиже бермеуі Алашорданың жағдайын қиындата түсті.
Съезд құжатгарының ішіндегі ең маныздысы қазақ автономиясын құру жөніндегі шешім болып табылды. Съезд делегаттары автономияға ұлттық-аумактық мемлекеттік құрылым ретінде анықтама беруде бірауыздылық танытты, адайда автономияны ресми жариялау уақыты туралы мәселеде біраз келіспеушіліктер туындады. Бұл мәселе бойынша пікірталас бірнеше күнге созылды. Келіспеушіліктің түп негізінде өлкедегі орыс тұрғындарының ұстанымы мен сол кезде Түркістан өлкесінің құрамына кірген оңтүстік өңірдегі (Сырдария мен Жетісу облыстары) қазақтардың ұстанымын айқындау қажеттігі жатты. II Бүкілқазақ съезін шақырудың белсенді бастамашылары мен оған қатысушылардың бірі Халел Ғаббасов былай деп айтып өтеді. Съезде автономияны жариялау мерзімі туралы аса маңызды мәселе бойынша екі көзқарас орын алды. Әлихан Бөкейханов басқарған осы көзқарастың бірі автономияны жариялауды орыс шаруаларының еркіндігі айқындалып болғанға дейін кідірте тұру жағында болды. Бұл көзқарасты мен де қолдадым. Досмұхамедов (Жанша. - К.Н.) басқарған екінші жақтың көзқарасы автономияны тез арада жариялау керек деді. Соңғы көзқарас иелерінін дәлелі шын мәнінде кереғар сипатта болды, ол осымен бір мезетте муфтиатты ұйымдастыру қажеттігін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz