Қант қызылшасы дақылының өсіру технологиясы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Агробиология факультеті
Өсімдік қорғау және карантин кафедрасы

Семестрлік жұмыс

Тақырыбы: Қазақстанның оңтүстік- шығысында қант қызылша егісінде кездесетін зиянды нематодалар, кенелер, кеміргіштердің биологиясы, таралуы, зияндылығы және олармен күресу шаралары

Орындаған: Нұрмахагқызы. А
Қабылдаған: Алимкулова. М

Алматы 2021 ж

Жоспар
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.1.Тақырып бойынша қысқаша әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Қазақстанн.ың оңтүстік шығысының табиғи - климаттық жағдайы.9
2. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.1. Қант қызылшасы дақылының өсіру технологиясы ... ... ... ... ... ..1 1
2.2. Қант қызылшасы дақылында кездесетін зиянды нематодалар, кенелер, кеміргіштердің таралуы, биологиясы, зияндылығы ... ... ... ... .15
2.3. Қант қызылшасы дақылында кездесетін зиянды нематодалар, кенелер, кеміргіштермен кешенді күресу шаралары ... ... ... ... ... ... ... .23
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
4. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27



1. Кіріспе
Қант қызылшасы - Жетісу жерінің төл дақылы. Республика бойынша өндірілетін тәтті түбірдің едәуір көлемі біздің облысқа тиесілі. Бұл ретте елімізде тәтті түбір ең алғаш рет Талдықорған өңірінде өсірілгенін айта кету керек. Қант қызылшасының өнімділігі ең алдымен тұқымға байланысты. Бүгінгі таңда Жетісу жерінде 13 сұрып сынау орталығы жұмыс істейді. Талдықорған сорт сынау орталығында Ауантаж, Роксана, Крокодил, Рис сияқты гектарына 700-800 центнерден өнім беретін қант қызылшасының сұрпы сынақтан өтуде. Шетелдік тәжірибенің өнімі саналғанымен, дәл осы сұрып Жетісу жеріне бейімделіп жатыр.
Семестрлік жұмысты жазудағы мақсат қант қызылшасы дақылына зиян келтіретін нематода, кенелердің және кеміргіштердің зияндылығымен, биологиясымен, олардың таралу аймағымен және оларға қарсы жүргізілетін күрес шараларымен танысу.
Қант қызылшасы (Beta vulgarіs)-алабота тұқымдасы, қызылша туысына жататын екі жылдық бағалы техникалық дақыл. Басқа тамыр жемістілер сияқты,бірінші жылы қант қызылшасының түбірі жуандап өседі,ал екінші жылы дән беретін гүлді сабақтары пайда болады. Қант қызылшасының тамыр жүйесі негізгі түбірден және тереңдеп кететін көптеген қоректендіргіш тамыршалардан тұрады. Қызылшаның тамыр жүйесі 3 метрге дейінгі тереңдікке бойлап, көлденеңінен 70-100 сантиметрге дейін жайылып кетеді. Алғашқы нағыз қос жапырақ пайда болған кезде ортаңғы тамыр 30-35 сантиметрге дейін, ал бесінші қос жапырақ пайда болған кезде 90-95 сантиметрге дейін бойлай түседі. Тамырдың өсуі қорекке және сумен қамтамасыз етілу жағдайына,сол сияқты қант қызылшасы сортының ерекшелігіне байланысты. Қызылша желдің және бөжектердің көмегімен тоғыспалы түрде тозаңданады. Қызылшаның гүлдері бірнешеуден жиналып,шоғырланып тұрған гүл тәріздес болады. Қант қызылшасының жапырақтарының сыртқы пішіні жүрек тәріздес,айнала жиектері бір тегіс немесе ирек келеді. Жапырақ сабақ пен алақаннан тұрады. Онда көптеген дем алатын тыныстық саңылаулар болады. Сол арқылы жапырақ ауадан көмірқышқыл газын алып тыныстайды, суды буландырады және ауаға оттегін бөліп шығарады. Мол және сапалы өнім алуда қант қызылшасы жапырақтарының маңызы өте зор. Жапырақтар ауадан көмірқышқыл газын алып,алғаш рет қант құрайды. Қанттар - қызылшаның түбірінде жиналады, олар әр түрлі энергетикалық құбылыстардың өтуі үшін аса қажет. Қант қызылшасы және оның сапасының жақсы болуы ауа райына, топырақ жағдайларына және қолданылған агротехникалық шараларға тікелей байланысты. Қант қызылшасының өсу кезеңі - 160-180 күн. Қызылша тұқымы бөрту кезеңінен бастап суды мейлінше көп керек етеді.
Қант қызылшасы-құнарлы мал азықтық дақыл. Оның пәлегін (жапырағы мен сабағын) зауытта өңдегеннен кейінгі қалған қалдықтардан сірне, сығынды мал азығы даярланады. Қант қызылшасының түсімінің 40%-ы пәлегінің үлесіне тиеді. Қант қызылшасының сығындысында 15% құрғақ заттар, 3% клетчатка, 0,7% күл, 0,1% май және 1,2% протеин болады. Осы сығындының 100 кг-ында 80 мал азықтық өлшем және 3,6 кг қорытылғыш протеин бар. Қант қызылшасы тамақ өнеркәсібінде қант алу үшін пайдаланылады, өйткені оның тамыр жемісінде 17 - 19%-дай қант болады. Қант қызылшасы - жылу сүйгіш өсімдік. Қант қызылшасының тұқымы қант зауыттарында дайындалады. Мұнда тазаланған тұқым 2 фракцияға (3,5 - 4,5 мм және 4,5 - 5,5 мм) бөлінеді. Негізінен тұқым себуді топырақтың 10 см тереңдіктегі температурасы 5,6°С жылынғанда бастайды. Бұл кезең көбінесе наурыздың 3-онкүндігі мен сәуірдің 1-жартысына сәйкес келеді. Органикалық заттарға бай, құнарлы қара топырақта жақсы өседі. Оған топырақтың қышқылдау немесе бейтарап болғаны дұрыс (рН 6,5 - 7,5). Қазақстанның суғармалы жерлерінде негізінен қатар аралығы 60 см кең қатарлы себу әдісі қолданылады. Қазақстанда қант қызылшасы Жамбыл, Алматы облыстарының суғармалы жерлерінде өсіріледі. 1991 жылдан Қазақстанда қант қызылшасының бір тұқымды жаңа сорттары аудандастырылып, себілді. Қант қызылшасын бір танапта ұзақ жылдар бойы ауыстырмай сепкенде, оның зиянкес жұмыр құрты мен тамыр биті көбейеді. Сондықтан қант қызылшасын түрлі аурулар мен зиянкестерден қорғауда, оның өнімділігін арттырып, қанттылығын көтеруде ауыспалы егістің маңызы зор. Мал азықтық қант қызылшасының (Beta vulgarіs z. v. crassa) құрамында көмірсулар, витаминдер, тұздар, азотсыз экстракты заттар бар. Сондықтан ол жоғары сапалы және жұғымды мал азықтық дақыл. Бұл қызылша Қазақстанның барлық облыстарында өсіріледі.

1.1. Тақырып бойынша қысқаша әдебиетке шолу
Әлемдік ауыл шаруашылығы саласында Беларусь елінің тәжірибесі озық. Бұл елдің қант қызылшасын өсірудегі тәжірибесін дүниежүзі меңгеруге құлшынып жүр. Мысалы осыдан 10 жыл бұрын қант қызылшасы себілген суармалы жердің гектарнан 250 центнер өнім алатын беларусьтар бүгінгі таңда суарылмайтын жердің гектарынан 600 центнер өнім жинап жүр. Ал суармалы жерден 800 центнер қант қызылшасын өндіріп жатыр. Олардың тәжірибесін үйрену отандық шаруалар үшін ауадай қажет, - дейді мемлекеттік сұрып сынау инспекциясы Алматы облыстық филиалының директоры Әбдіқадыр Наубаева. Қазіргі кезде облыстағы тұқым шаруашылықтары шет мемлекеттердің ғалымдарымен байланыс жасап, тұқымның жаңа сұрпын өндіре бастады. Алайда бұл жерде бір кілтипан бар. Үкімет тауар өндірушілерге қолдау көрсетеді, ал тұқым өндірушілерге назар аудармайды. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының тұқым шаруашылығы бөлімінің басшысы Аманбек Қасымов: Жүгері, күнбағыс сияқты тәтті түбірден өзге дақылдардың 1га жеріне кететін шығыны Үкімет тарапынан субсидияланады. Қант қызылшасының тұқымы өте нәзік, ерекше күтіп-баптауды қажет етсе де, оған демеу қаржы қарастырылмайды. Бұл - күн тәртібінде тұрған маңызды мәселе, - деді. Жергілікті тұқымның өнімділігі жақсы, дегенменен жыл қорытындысында қызылша еккен 470 шаруашылықтың басым бөлігі жоспарларын орындай алмады. Оған күзде жыртылмаған сүдігер мен көктемде айдалған құрғақ топыраққа егілген тұқымның шықпай қалуы себеп болды. Ал майбұршақ егіліп, құнары кеткен алқапқа себілген қызылша қурап қалды. Былай етуге болмайтындығы туралы бір емес, бірнеше рет айтылды. Әлі де айтылады. Ауыспалы егістік жүйесі бойынша, бұл дақыл 2 жыл жоңышқадан, бір жыл күздік бидайдан соң егіледі. Сонан соң арамшөпке қарсы дуал голд, зеллек, лонтрелл сынды химиялық шаралар іске асырылады. Ол өнімділікті 96-98%-ға арттырады. Біз аммиак селитрасы, аммофос, калий тұзы сияқты минералды тыңайтқыштарды пайдаланамыз. Ал Хильниченко и К шаруа қожалығы органикалық көң қолданады. Нақты нәтижеге келетін болсақ, өнімді жинау кезінде әр гектардың тығыздығы 75-80 мың түбірді құрайды. Әр түбірдің орташа салмағы 1,0-1,5 келі болады. Нәтижесінде биологиялық өнім гектарына 800-900 центнерді құрайды. Ал майбұршақ егілген жерге қызылша егу - пайдаға емес, шығынға бастайтын іс, - деді Штурбс рус Германия селекциялық компаниясының сарапшысы Петр Красножонов. Қант қызылшасы минералды тыңайтқыштарды жоғары мөлшерде қажет ететіндігімен ерекшеленеді. Осыған орай сала мамандары Ақсу ауданы Жансүгіров ауылдық округіне қарасты Алтынарық, Көкөзек ауылдары мен Қаракөз, Ойтоған ауылдық округінің қызылша алқабына тексеріс жүргізіпті. Бұл өңір сұр топырақты болғандықтан әр гектардан 350-450 центнер өнім алу үшін тұқымды 90-120 келі азот, 90 - 110 келі фосфор, 90-120 келі көлемінде минералды тыңайтқышпен қоректендіру керек. Мамандар қоректік заттардың ішінде азот өте төмен, фосфор орташа, калий тыңайтқышы жоғары екенін анықтапты. Минералды тыңайтқышты алқапқа 4-5 жылда бір рет сеуіп отыру қажет. Қызылша өзіне қажетті қоректік затты өніп шыққан кезден бастап, жиналғанға дейін пайдаланады. Бірақ қызылшаның өсуі мен дамуы кезеңінде оларды қажетсінуі бірдей болмайды. Бұл дақыл үш кезеңде өсіп-жетіледі. Біріншісі, тұқым себуден бастап шілденің ортасына дейін. Бұл кезде оның сабақ жапырақтары жетіледі. Осы сәтте оны азот тыңайтқышымен қоректендіру керек. Екіншісі, шілде мен тамыздың ортасы, бұл кезде өнімнің тамыры өсіп, салмағы артады. Өсімдікте қант жинау үрдісі жүреді. Осыған байланысты фосфор, калий тыңайтқыштарын топырақ құрамына қарай дұрыс пайдалану қажет. Фосфор, калий тыңайтқыштары өнім тамырының артуына және қанттылығының көбеюіне әсер етеді, - дейді Жетісу ӘКК ҰК АҚ агротехнология жөніндегі кеңесшісі, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты Әбілқайыр Бексұлтанов. Тыңайтқышпен қатар суландыру жүйесі де тәтті түбірдің тағдырына әсер етеді. Осы тұста биыл Алматы облысында ирригациялық жүйелерді қалпына келтіруге дүниежүзілік қаржы институттарынан 18,6 млрд теңге инвестиция тартылғанын және Ақсу, Алакөл, Ескелді және Көксу аудандарында қосымша 35,4 мың га жер айналымға қосылатынын айта кеткен жөн. Бұл бағыттағы жұмыста ақсулықтар көш бастап тұр. Өткен жылы суландыру жүйесінің әлеуетін көтеруге тиісті 98 каналдың нақты жағдайы анықталып, Қазсушар ММ-не өткізілді. Биыл ілкі жоба арқылы Ислам Даму Банкі арқылы бөлінген 5 млрд. 100 млн. теңгемен осы бағыттағы жұмыстарды қолға алмақпыз. Нәтижесінде 744,8 шақырым аумақтағы игерілмей жатқан жерге су жеткізіліп, ел игіліне асады, - деп мәлімдеді Ақсу ауданының әкімі Әділбек Далбағаев. Ал Алакөл ауданындағы 1239,8 шақырымға созылып жатқан су жүйесін бір жылда реттеу мүмкін емес. Жобаға қыруар қаржы кететіндіктен, алакөлдіктер бұл міндетті кезең-кезеңімен орындауды жоспарлап отыр. Біз осыған дейін аудан бюжетінен 160,4 млн теңге қаржы бөліп, 360,2 шақырым су жүйесінің жобалық-сметалық құжатын дайындадық. Биыл Ислам Даму Банкі арқылы бөлінген 7,2 млрд теңге қаржы осы мақсаттағы жұмысты атқаратын болады. Нәтижесінде 10300 га жер айналымға еніп, ауданның суармалы егістік көлемі 40,4 мың га ұлғаяды, - деді аудан әкімі. Шет елде ауыл шаруашылық дақылдарын тамшылатып суару технологиясы қолданылады. Жаңа технология жамылғы пленканы пайдаланумен ерекшеленеді. Мұндай әдіс арамшөп пен өсімдік ауруының, зиянкестердің азаюына ықпал етеді. Ал су өсімдіктің тамырына тамшылап жетеді. Тамшылатып суару тәсілі бойынша Қытай елінде, Жаркент қаласы маңындағы шекарадан 45 шақырым жерде 1 млн га жерге өнім егілген. Мұнда егін егетін жер арнайы тегістеуді қажет етпейді. Қыратты төбелер өз қалпында қала береді. Өсімдікке қажет қоректік зат сумен араласып барады. Біздің ғылыми-зерттеу жұмысымыздың қортындысына сәйкес, 2013-2014 жылдары тәтті түбірдің әр гектарына 648 цга, тамшылатып суару бойынша 785-1037 цга, пленканы қолданғанда 1052-1345 цга өнім алынды, - дейді Ресейдің Агролинг серіктестігінің менеджері Игорь Стрелюк. Яғни тамшылатып суару кезінде топырақ екінші рет тұзданбайды және минералды тыңайтқыштардың шайылып кетуіне жол берілмейді. Бұл тамшылатып суару кезінде су өсімдіктің тамырына тура жетеді деген сөз. Сәйкесінше пленка астында жатқан өсімдік қалыпты жағдайда өсіп жетіледі. Қант қызылшасының өсуі мен дамуы үш кезеңге бөлінеді. Үш кезеңдегі жұмыс топырақтың агрохимиялық қасиеттері негізінде суды тамшылатып берудің пайдалы екенін көрсетіп отыр. Дақылды тамшылатып суаруда өсімдікке қажет су бұрынғы технологияға қарағанда 1,5-2 есеге аз пайдаланылады, - дейді ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты Керімқұл Қонысбеков. Қызылша қабылдау жұмысы кезінде Көксу-Шекер қант зауытына айтарлықтай салмақ түсті. Тіпті алыс ауылдар қант қызылшасын уақытында өткізе алмай, күздің суығына ұрынып, біраз алқап қар астында қалып қойды. Биыл қант қызылшасының егістік алқабын 9 мың га ұлғайтып, 300 мың тоннадан астам өнім жинап, 30 мың тонна қант өндіру жоспарланып отыр. Өткен жылғы қызылша қабылдаудағы қиындықтарды болдырмау үшін биыл екі жинау алаңы салынады. Біреуі - Сарқан ауданының Қойлық ауылында, екіншісі - Ақсу қант зауытының жанында. Мұны өнім жинауға дейін іске қосуымыз керек. Онсыз қантты жоспардағыдай көлемде өндіре алмаймыз, - деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов. Аймақта қант қызылшасы өндірісіне қатысты мәселе күн тәртібінен түскен емес. Күні кеше Алматы облысы әкімдігі мен Энергосмост консорциумы арасында Ақсу қант зауытын іске қосу туралы келісімге қол қойылды. Құжатты облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров пен Энергосмост консорциумының даму жөніндегі директоры Сәкен Мұратов ресми рәсімдеді. Мен құрылысшы едім, қазір қызылша өсірудің маманы болдым. Зауытты іске қосуға барлық күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз. Оған біздің мүмкіндігіміз жетеді. Тек инвесторлармен бірлесе еңбек ету керек, - деді осы шарада облыс әкімі Амандық Баталов. Ал Энергосмост консорциумының даму жөніндегі директоры Сәкен Мұратов жоспар бойынша Ақсу қант зауыты жыл соңында іске қосылуы мүмкін екенін жеткізді. Қыркүйектің соңы, қазанның басында шикізат қабылдана бастайды. Жалпы, биыл 80-100 мың тонна қант қызылшасын өңдеуді көздеп отырмыз, - деді Сәкен Мұратов. Оның сөзінше, Ақсу қант зауытын жаңғырту жобасына биыл 8 млрд теңге жұмсалады. Зауыт іске қосылғаннан кейін оны шикізатпен қамтамасыз ету қажет. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров: Жетісу жеріне биыл егілетін 9 мың гектар қант қызылшасынан ойдағыдай өнім алу үшін Алакөл, Ақсу аудандары мен Қапшағай қаласында сервистік-дайындау орталықтарын құруға, қант қызылшасының шетелдік тұқымын сатып алуға облыс бюджетінен 1,4 млрд. теңге бөлінді. Өткен жылы қант қызылшасының әр тоннасы 17 мың теңгеден сатылды. Бұл баға биыл өспесе, төмендемейді, - деді. Ал облыс әкімі Амандық Баталов импортты азайтатын күн жақындап келе жатқанын тілге тиек етіп, ойын Ақсу қант зауытында жасалған деген жазуы бар алғашқы өнім біз үшін үлкен қуаныш болады, - деген сөзбен қорытты.

1.2. Қазақстанның оңтүстік шығысының табиғи - климаттық жағдайы
Қазақстан оңтүстік шығыс аумағы жер бедері негізінен жазық (орташа биіктігі 200 - 500 м). Солтүстігінде тасты-сазды Бетпақдала шөлінің оңтүстік-батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу өзенінің төменгі ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі орналасқан. Облыстың орталық бөлігін Қаратау жотасы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай екіге бөліп жатыр. Оның ең биік жері - Бессаз (Мыңжылқы) тауы (2176 м). Қаратаудың оңтүстік-шығысында Боралдай (1400 - 1600 м) жотасы орналасқан. Облыс жерінің оңтүстік-шығысын Батыс Тянь-Шань-ның сілемдері (Өгем жотасы), Қаржантау (2800 - 2900 м), Қазығұрт тауы (1700 м), Талас Алатауының батыс сілемдері - Кіші Ақсу (2577 м), Алатау (3137 м) таулары қамтиды. Облыстың ең биік жері - Сайрам шыңы (4299 м). Оңтүстік-батысында Қызылқұм құмы, Қарақтау тауы (388 м), оңтүстігінде Шардара даласы, Ызақұдық құмы, Қауынбай молда (321 м), Белтау (592 м) жоталары, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр.
Геологиялық құрылымы негізінен кембрийлік, девондық, тас көмірлік жыныстардан (тақтатас, құмтас, әктас), таулы бөлігі төменгі палеозойлық жыныстардан (құмтас, гранит, конгломерат, жоталар аралығындағы ойыстар девонның қызыл түсті шөгінділеріне толған) түзілген. Жер қойнауынан полиметалл, қоңыр көмір, темір, уран кентастары, фосфорит, вермикулит, тальк, барит, гипс, отқа төзімді саз, әктас, гранит, мәрмәр, кварц, т.б. кен байлықтары барланған. Қаратауда Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай қорғасын-мырыш кеніштері 20 ғасырдың 40- 40-жылдарынан жұмыс істейді. Республикада уран кентастарының қоры жағынан бірінші орын, фосфорит және темір кентасының қоры жағынан үшінші орын алады.
Климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде - 7 - 9°С, оңт-нде - 2 - 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 - 29°С. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 - 150 мм, тау алдында 300 - 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм.
Өзендері облыс аумағында біркелкі таралмаған. Оңтүстік Қазақстан облысы жерінің оңтүстігінен солтүстік-батысына қарай Сырдария өзені ағып өтеді. Сырдарияға Арыс (378 км), Келес (241 км), Құркелес (98 км) өзендері құяды. Халқы тығыз орналасқан оңтүстік-шығысында Арыс өзенінің салалары: Бадам, Сайрамсу, Ақсу, Жабағылы, Машат, Дауылбаба, Боралдай өзендерінің шаруашылық маңызы зор. Қаратау жотасынан басталатын Бөген, Шаян, Арыстанды, Шылбыр, Байылдыр, Көксарай, т.б. өзендер облыс орталығын сумен қамтамасыз етеді. Шу өз-нің төм. ағысында суы аз, тек көктемде қар еріген кезде ғана суы молайып, Созақ ауданының шаруашылықтарын суландырады. Шардара (ауданы 400 км², су көлемі 5200 млн м³), Бөген (су көлемі 377 млн м³), Бадам (су көлемі 61,5 млн м³), т.б. бөгендер салынған. Арыс өзенінен Арыс - Түркістан, Өзбекстан жеріндегі Сырдариядан Достық (бұрынғы Киров атындағы), Шардара ауданында Қызылқұм магистралды каналдары тартылған. Облыс көлдері негізінен таяз және тұзды, көктемде суға толып, жазда құрғап, сорға айналады. Ірі көлдері: Ақжайқын (48,2 км²), Қызылкөл (17,5 км²), одан басқа Қалдыкөл, Шүйнеккөл, Тұздықдүме, т.б. ұсақ көлдер бар. Жер асты суының қоры мол.
Жазық бөлігінде топырақ жамылғысын сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмды, құмдақты топырақ құрайды. Тау етегінде шалғындық, таудың қызыл қоңыр топырағы таралған. Негізінен шөл белдеміне тән өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Сексеуіл, жүзгін, жусан, күйреуік, бұйырғын, ши, жантақ, еркекшөп; Сырдария, Шу өзенінің аңғарларында жиде, жыңғыл, тал; тау етегінде бетегелі-жусанды дала, тауларында жеміс ағаштары, арша, альпілік шалғын өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, елік, арқар, таутеке, жабайы шошқа, қоңыр аю, барыс, сусар, борсық, шөлді аймақтарда бауырымен жорғалаушылардың түрлері тіршілік етеді. Құстардан ұлар, кекілік, бүркіт, шіл, торғайдың көптеген түрлері мекендейді. Табиғи өсімдіктерді, жануарлар дүниесін сақтап қалу үшін Төле би, Түлкібас аудандары аумағында мемлекеттік Ақсу-Жабағылы қорығы (1926) ұйымдастырылған.

2. Негізгі бөлім
2.1. Қант қызылшасы дақылының өсіру технологиясы
Қант қызылшасы топырақты өте талғағыш келеді,сондықтан ауыспалы егіске оған ең қажетті орын тағайындау керек. Қызылшаны бір жерге үнемі қайталап себу зиянды жәндіктер мен аурулардың егістік жерге таралуына себепші болады. Демек, зиянды жәндіктерге және ауруларға қарсы күрес жүргізу үшін бір жерге бір дақылды қатарынан бірнеше жыл қайталап егу зиянды, онан соң ұқсас дақылдарды қатар екпей олардың аралығына басқа дақылды себу керек.
Ауыспалы егістегі орны және жақсы алғы дақылдары. Қант қызылшасын бәрінен бұрын жақсы өңделген, тыңайтылған ерте екпе сүрі жерден кейін орналастырған дұрыс. Егер күздіктер таза сүрі жерге себілген болса, онда ол танапты бірінші кезекте қант қызылшасына пайдалану қажет.
Ылғал жеткілікті аймақтарда қант қызылшасына, әдетте таза сүрі жерден кейін себілген күздіктер жақсы алғы дақыл болады. Бұршақ дақылдарынан кейін себілсе де, қант қызылшасы жақсы өнім береді.
Суармалы жерлерде қант қызылшасының тамаша алғы дақылы жоңышқадан және сүрлемдік жүгеріден кейін себілген күздіктер болып есептелінеді. Бұл жерлерде сүрлемдік жүгері, картоп және көкөніс дақылдары да жаман алғы дақыл болмайды. Қант қызылшасынан кейін жаздық дәнді және бұршақты дақылдар жақсы өнім береді.
Топырақ өңдеу жүйесі. Қантқызылша танабы тереңге жыртылуы тиіс, өйткені өсімдік қуатты тамыр жүйесін қалыптастыруы және микробиологиялық үрдістердің белсенді жүруі, ылғал мен қоректік заттар қорының жиналуы топырақты өңдеуге тікелей байланысты.
Қант қызылшасы танабының топырағын өңдеу - негізгі (сүдігер) және тұқым себер алды өңдеулерден тұрады. Сүдігер жырту алғы дақылдар мен топырақ климат жағдайларына байланысты. Ол негізінен танапты арамшөптерден тазартуға және топырақта ылғал мен қоректік заттар жинауға бағытталуы тиіс.
Топырақты негізгі өңдеу - аңызды сыдыра жыртқыштармен өңдеу және терең сүдігер жыртудан тұрады. Сыдыра өңдеуді 10-12 см тереңдікке дискілі немесе түренді сыдыра жыртқыштармен, сүдігер жыртуды - мүмкіндігінше ерте, 30-32 см тереңдікке шолақ түренді соқамен атқарады.
Тұқымды себу алдындағы өңдеу - сүйреткісі бар тісті тырмамен тырмалау және 5-6 см тереңдікке себу алдындағы қопсыту мен тырмалаудан тұрады.
Тыңайтқыштар жүйесі. Қант қызылшасы егісіне тыңайтқыштар қолданудың негізі, өсімдікке қажетті қоректік заттардың басым бөлігі оның өсіп-дамуының қарқынды кезеңінде берілуі керек. Сондықтан қант қызылшасы танаптарында органикалық және минералдық тыңайтқыштарды күзде сүдігерді тартарда береді, ал минералдық тыңайтқыштардың қалған бөлігін тұқыммен бірге және үстеме қоректендіреді.
Қант қызылшасы топырақтан қоректік заттарды басқа дақылдарға қарағанда көп пайдаланады, сондықтан оның егісін өте құнарлы топырақтарға орналастырады. 300 ц тамыржеміс өніміне қызылша дақылы топырақтан гектарына 150-200 кг азот, 45-80 кг фосфор, 180-240 кг калий сіңіреді, демек бұл дақыл көп тыңайтқыш бергенді қажет етеді. Тыңайтқыштарды бірнеше мерзімде қолданады: негізгі өңдеуде, тұқым себуде және өсіп, даму кезеңінде - үстеп қоректендіруде.Негізгі өңдеуде органикалық және минералдық тыңайтқыштар пайдаланылады. Органикалық тыңайтқыштарды алғы дақылдар немесе жергілікті жердің жағдайына қарай, қант қызылшасына арнап күзде (гектарына 10-30 т көң) береді. Минералдық тыңайтқыштарды топырақ климат жағдайларына байланысты гектарына: азот 40-90 кг, фосфорды - 30-90, ал калийді 45 -100 кг шамасында береді.Әрине, тыңайтқыштар түрлері мен мөлшері топырақ картограммасына сәйкес бағдарламаланған өнімге есептелініп енгізіледі. Тыңайтқыштардың қант қызылшасына қатарға берудегі қажет мөлшері: азот пен калий - 10-15 кг, ал фосфор 15-20 кг. Топырағы сортаң жерлерге тек қана азот пен фосфор тыңайтқыштарын берген тиімді.
Тыңайтқыштармен үстеп қоректендіруді бірнеше рет жүргізеді, үстеп қоректендіру қатараралықтарды өңдеумен бірге беріледі. Қант қызылшасын үстеп қоректендіруде минералдық тыңайтқыштармен бірге микроэлементтері де енгізіледі.
Суармалы жерлерде үстеп қоректендіруді суарудың алдында жүргізеді.
Тұқымды себуге дайындау және себу. Егістік материалы ретінде қант қызылшасының өңірде себуге рұқсат етілген сорттары мен будандары пайдаланылады. Олар өздерінің егістік сапа көрсеткіштері бойынша стандарт талаптарына сәйкес болу керек. Қант ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қант қызылшасын тыңайту
Қант қызылшасы жылу сүйгіш өсімдік
Алматы облысы Сарқан ауданының табиғи-климаттық жағдайы
Ноқат дақылының биологиясы
Қант қызылшасын өсіру технологиясы
Экологияның техникалық дақылдарға (қант қызылшасы, қартоп) тигізетін әсері
Диффузиялық шырынды тазарту
Ноқат дақылының биологиясы және морфологиялық сипаттамасы
«өркен» шаруа қожалығы. картоп өсіру
«Өркен» шаруа қожалығы. Картоп өсіру агротехнологиясы
Пәндер