Қазіргі заманғы шет тілі мұғалімі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

SILK WAY INTERNATIONAL UNIVERSITY

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қазіргі заманғы шет тілі мұғалімі

Орындаған:Алипбай Жәмиля

Қабылдаған:Ләйла Байназарова

Шымкент 2020ж

Қазіргі заманғы шет тілі мұғалімі

Қандай да бір мамандық өзіңше қызықты да, күрделі. Ал, осы мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандықтың бірі - мұғалім мамандығы. Мұғалім мамандығы киелі де көне мамандықтың бірі. Адамзатты ежелден ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе-жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл қиынның-қиыны. Себебі, әр адам-қайталанбас жеке тұлға.

Бүгінгі мұғалімнің мақсаты бәсекеге қабілетті өмір сүре алатын білімді, жаңадан танымы бар, білімге деген қызығушылық деңгейі жоғары, экономика деңгейіне шыға білетін ұрпақты тәрбиелеу қажет. Иә, бұл кез-келген мұғалім қолынан келе бермейтін қасиет. Тек қажырлы да, өз жұмысын жақсы көретін, өз оқушыларын биік шыңға жетелегісі келетін ұстаздың қолынан келеді. Кейде, "мен шаршадым, мына дәптер, мына қағаз" сөздерін өз құлағымен естігенде, көңілім түсіп, мынадай мұғалімнен не болады, деп ойлап жатасын. Төзімділік - адам бойындағы жақсы қасиеттерінің бірі. Төзімді болғанда ғана жақсы бір нәтижелерге жеттуге, нақты дұрыс шешем қабылдауға болады.

Қазіргі білім беру үрдісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағдар алынған. Сондықтан әр ұстаз жан-жақты, әлеуметтік және кәсіби белсенді тұлға қалыптастыру үшін балалардың танымдық, коммуникативті және тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен түрлерін белсенді қолдануды талап етеді.

Әр адамның мақсаты бар, өскелең ұрпаққа бүгінгі күні тиімді білім беріп, оларды өз Отанның ұлдары мен қыздары бола алатындай етіп тәрбиелеу, ал бұл мақсаты орындауда мен жаңа әдістерді танып, жинақтауда еңбек ету ұстаздардың мойынында.

Жаһандық әлемде қарым-қатынастың басым бөлігі ағылшын тілінде жүргізіледі. Барлығымыз білетіндей қазіргі таңда ағылшын тілі әлемдік тілге айналды және басқа тілдермен бірге жақсы қарым қатынас жасауға мүдделі. Ағылшын тілін үйретуде, әсіресе мектеп оқушыларын оқытуда олардың барлық зейінін тілге бұру маңызды рөл атқарады. 21-ші ғасырдың оқушыларының қажеттіліктері 20-шы ғасырдың оқушыларынан қатты ерекшеленеді. 21-ші ғасырдың сыныбында мұғалімдер оқытудың үйлестірушілері және нәтижелі сынып ортасын құрушылар болып табылады, ондай ортада оқушылар өздеріне күнделікті немесе болашақта қажет болуы мүмкін дағдыларды дамыта алады.

Браун мен Х. Дуглас (2007) “Мұғалімдер оқыту процесінде көп рөл атқара алады және бұл оқуды жеңілдетеді. Олардың өз рөлдерін тиімді орындау қабілеті олардың өз оқушыларымен қарым-қатынас орнатуына және, әрине, олардың білім мен дағдыларының деңгейіне байланысты болады” деген. Ағылшын тілі мұғалімдерінің сыныптағы ең танымал рөлдерінің кейбірін атап өтейік.

  1. Бақылаушы: оқушылардың іс әрекетін, сөйлеуін және олардың қалай сөйлейтінін мұғалім толық бақылауда ұстайды. Мұғалім бұл рөлді ағылшын тілін жаңадан үйрете бастағанда және оны үйретуде сөздің дыбысталуы мен оны қайталауда нақты тиімді әдістер қолдану керек болғанда атқарады. Бұндай сабақта мұғалім басты назарда болады. Мұғалім тілді оқытуда өзінің білімі мен тәжірибесі арқылы оқушыларды шабыттандыра алуы мүмкін, бірақ бұл оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту үшін жеткіліксіз.
  2. Суфлер немесе сыбырлаушы: мұғалім оқушыларды сабаққа белсенді қатысуға ынталандырады және оларға тілді үйренудің тиімді жолдарын ұсынады. Оқушылар кейде сөйлеу барысында сөзден шатасып немесе айтар сөздерін ұмытады сондай жағдайларда мұғалім сыбырлаушы рөлінде оқушыларға демеу беріп, көтермелеуі мүмкін. Оқушылар кейде қалай әрекет ету керектігін білмей, өз өзіне сенімсіз болады, сол кезде мұғалім әрқашан қолдау мақсатында кеңестер айта алады.
  3. Ресурс: мұғалім-бұл қажет болған жағдайда көмек ұсынуға немесе қарым қатынас жасау кезінде оқушыларға білмей тұрған жерін жеткізуге дайын жүретін ресурстық орталық іспетті. Мұғалім оқушыларға қажет болған кез келген уақытта қасынан табылуы керек. Ресурс орталығы ретінде мұғалім оқушыларды қол жетімді ресурстарды мысалға, интернетті пайдалануға бағыттай алады, алайда оқушыларды қасықпен тамақтандырған сиякты дайын нәрсеге үйретудің қажеті жоқ, себебі мұның кері жағы болуы мүмкін.
  4. Бағалаушы: мұғалім бұл рөлді оқушылардың тапсырманы қаншалықты жақсы орындағанын байқау үшін атқарады. Ол үшін кері байланыс және түзету жұмыстарын ұйымдастырады. Оқушыларды бағалаудың көптеген тәсілдері бар. Бағалаушының рөлі мұғалімдерге оқушыларды түзету мүмкіндігін береді. Алайда, оқушыларға баға қоюда оған түсіністікпен қарамай, қолдау білдірілмесе, онда ол оқушының өзін-өзі бағалауына кері әсер етіп, мақсатты түрде тілді үйренуде сенімділігін жоғалтуы мүмкін.
  5. Ұйымдастырушы: мұғалім атқаратын ең күрделі және маңызды рөл. Көптеген іс-әрекеттердің табысты болуы оның жақсы ұйымдастырылуы мен оқушылардың не істеу керектігін дәл білетіндігіне байланысты. Бұл рөлді атқаруда нақты нұсқау беру - іс-әрекеттерді ұйымдастыру секілді өте маңызды. Бұл рөл мұғалімге сөйлеу, оқу іс әрекеттеріне немесе ойынға оқушылармен бірге қатысуға мүмкіндік береді. Мұғалім, сондай-ақ жүргізілген іс әрекетке кері байланыс береді.
  6. Қатысушы: бұл рөлде мұғалім сабақ барысында тапсырмалар орындауға, ойынға қатысады және бұл сынып атмосферасын жақсартуға септігін тигізеді. Бірақ осы рөлді атқару барысында мұғалімнің басымдылық (доминанттық) таныту қауіпі бар. Ал егер мұғалім өзі шетке шығып, өзіне көп назар аудартпай іс әрекетке қатысса, мұғалім сыныпты жандандыра алады және бұл оқушылармен өзара әрекеттесудің тамаша тәсілі болуы мүмкін.
  7. Жетекші: оқушылар өзіндік жұмыс жасағанда немесе жобалық жұмысқа қатысқан кезде мұғалім жаттықтырушы ретінде әрекет етеді. Мұғалім оқушыларға кеңес мен ұсыныстар береді, оларға негізгі ойды (идеяларды) анықтауға көмектеседі. Бұл рөл оқушыға ерекше көңіл бөлудің тамаша жолы болуы мүмкін. Бұл сондай-ақ мұғалімге оқушыға ағылшын тілін үйретуді оның нақты қажеттіліктеріне қарай бейімдеуге мүмкіндік береді. Алайда, бұл оқушыны бір мұғалімге тәуелді болуына және бір ғана әдіске немесе бір ғана оқыту стиліне үйреніп қалуына әкелуі мүмкін.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХІ ғасырда шет тілі мұғалімінің рөлі
Шет тілін оқытудың маңыздылығы
Жаңа заманның шет тілі мұғалімі
Болашақ педагогтардың шет тілінен шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың тиімділігі
Пәнді шет тілі арқылы зерделеу
Кіріктірлген оқыту бағдарламасы
Үштілділік бұл - заман талабы
ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫНЫҢ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ӘДІСТЕРІН ПРАКТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Шет тілдеріне оқытудың инновациялық әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz